Жүк құрылғылары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Темір жол біздің елімізде көліктің басты түрі, мемелекетке деген маңызы зор. Халықаралық байланыстың дамуына және халықтың, мәдениеттің жоғарлауына, халықттың өзара қатынасын кеңейтуге әсер етті. Темір жол әртүрлі инжинерлік құрылғылармен, техниканың құралдармен жабдықталған ең негізгісі темір жол жылжымалы құрамды, локомативті, вагондар шаруашылығы, құрылыс және құрылғы сигналдар электр жабдықтарына байланысты станция тораптары[1] .

Темір жол Қазақстандағы жүк тасымалының негізгі көлік түрі болып табылады.

Бекеттер темір жол транспортының басты элементі болып табылады. Онда парктер, жолаушылар және жүк құрылғылары, локомотив және вагон шаруашылығы, электрмен және сумен қамтамасыз ету құрылғылары, қоймалар, қызметтік-техникалық ғимараттар және т. б. құрылғылар бар.

Станция жолдары темір жол желісіндегі жолдардың 60% ұзындығын алады.

Станция деп - қабылдап-жөнелту, скрещение, пойыздарды обгондау, жүктерді тиеп-түсіру, жолаушыларға қызмет көрсету және де техникалық операцияларды (пойыздарды тарату-құру, тексеру, экипировкалау, жылжымалы құрамды жөндеу, т. б. ) орындауға қабілетті жеке пунктіні айтамыз[2] .

Теміржол желісінде аралық станциялар кеңінен тараған. Аралық станциялардың басты міндеті телімдердің өткізушілік қабілетін жоғарылату.

Олар скрещение жұмысы мен пойыздарды обгондау, жолаушыларды мінгізіп-түсіру, жүктер мен жолаушылардың қол жүктерін тиеп-түсіру, вагондарды құрама пойыздардан ағытып алу жұмыстары және кірме жолдарға қызмет көрсетуге арналған.

Аралық станцияларда техникалық операциялардан басқа, жүк және жолаушыларға қызмет көрсету операциялары жасалынады. Егерде станцияда жүк және жолаушыларға қызмет көрсету операциялары болмаса, онда ол разъезд және обгон пунктісі деп бөлінеді.

Аралық станцияларда негізінен мынандайоперациялар орындалады:

Жолаушылар және жүк пойыздарын тоқтаусыз өткізу;

Келген пойыздарды қабылдап-жөнелту, жолаушыларды мінгізіп-түсіру;

Жүктерді тиеп-түсіру және сақтау;

Жолаушылардың қол жүктерін тиеп-түсіру және сақтау;

Вагондарды құрама пойыздардан ағытып алу және вагондарды тіркеу, кейбір жағдайларда, жіберу маршрутын жасау;

Кірме жолдарға қызмет көрсету (вагондарды жіберу және тазалау жұмыстары) ;

Вагондардың салмағын өлшеу (кейбір станцияларда) .

Ойда орналасқан станцияларда қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін техникалық қажеттіліктері бойынша тоқтаған пойыздарда тежегіш жүйесін тексеру жұмыстары жүргізіледі.

Қауіпсіздікті қамтамасыз етуі және операциялардың орындалуы үшін аралық станцияларда әртүрлі техникалық құрылғылар болады:

Басты және қабылдап-жөнелту жолдарынан басқа, тиеп-түсіру және тартылым жолдары, керек жағдайларда, кірме жолмен қосылу және сақтандырғыш тупиктер, т. б. дамыған жолдар;

Платформалы жолаушылар ғимараты, қоймалар, площадкалар, тиеп-түсіру механизмі, бағыттама постысы, байланыс құрылғылары және СЦБ, жарықтандыру, сумен қамтамасыз ету (кей жағдайларда) .

Аралық станцияларды жаңа телімнің үлкен елді мекендерге және өнеркәсіпке жакын орныластырады. Қазіргі заманда автотранспорттың дамуын еске ала отырсақ, жергілікті жүк тасымалдау жұмыстарын аз көлемді аралық станцияларда жинастыру нәтижесінде тиеп-түсіру жұмысы механизмін тиімді пайдалану, құрама пойыздың телімде тұру уақытын азайту, вагонағыны мен жүктерді тасымалдауын тездетеді.

Қазіргі кезде аралық станциялардың жергілікті жүкағымына қызмет көрсетуі артып келеді. Елді мекендерді азық-түлікпен, минералды тыңайтқыштармен қамтамасыз ету үшін аралық станцияларды қоймалармен жабдықтайды.

Темір жол желісінде аралық станциялар бір-бірінен 15-20 км сайын орналасады[2] .

Рационалды даму мен станцияны қазіргі техникалық жабдықтау және жұмысты ұйымдастырудың негізгі талаптары жолаушылар және жүк тасымалының сәтті орындалуын қамтамасыз ету, вагонағымының көбеюі және жүктерді тасымалдау жылдамдығының артуы, тасымал қызметінің арзан болуы.

1-ТАРАУ. БЕКЕТТІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ПАЙДАЛАНУ СИПАТТАМАСЫ ЖӘНЕ ТАРТУ КҮШІНІҢ АЙМАҒЫ

1. 1. Бекеттің техникалық сипаттамасы

Маған берілген станция I категорилы қосжолды желіде орналасқан. Бекеттерге қызмет көрсететін тартым түрі - электровоз; ең қысқа қабылдап-жөнелту жолының пайдалы ұзындығы - 1250 м. Бекеттің оңтүстік-батыс жағында бидай даярлау зауытына қызмет көрсететін кірме жолы бар. Бекетте мынандай жолаушылар құрылғылары болады[3] :

ұзындығы 400 м болатын жолаушылар платформасы;

жолаушылар ғимараты.

Станцияның жүк алаңында болады:

шағын көлемді қосымша 2 жол;

ұзындығы 60 м болатын 2 жабық қойма;

ұзындығы 84 м болатын жабық платформа;

ұзындығы 110 м болатын алаңша.

Кірме жолдарға қызмет көрсету үшін 1 қосымша жол салынады.

Станциядағы рельс түрлері:

басты жолдарда - Р65;

тартым, тиеп-түсіру, сақтандырғыш тупиктер, таразылар;

ескі рельстар Р50-ден кем емес.

Станцияға жақын орналасқан аралықтар поездар қозғалысын реттейтін автоматты блоктау (АБ) құралдармен, бағыттама мен бағдаршамды басқаратын электрленген орталықпен (ЭО) жабдықталған.

Темір жол желісі белгілі бір бағытта телімдік және сұрыптау станцияларымен шектелетін жеке телімдерге бөлінеді. Телімдік бекеттердің негізгі қызметі - транзиттік жүктер мен жолаушы поездарын өңдеу. Бұл жұмыстар локомотивтер ауысымы кезінде немесе локомотивтік бригадалар ауысымында поездарды ағытпай жөндеуден өткізгенде жүктің дұрыс тиелуін және дұрыс орналастырып сақталуын тексеруге арналған коммерциялық бақылау кезінде орындалады.

Төлемдік бекеттер транзитті поездарды өңдеуден басқа тағы телімдік, құрама, сыртқа (шетелге) шығатын, тарататын және басқа да поездарды қабылдау, қайта құрастыру және жөнелту операцияларын орындайды.

Көршілес телімдік бекеттермен ара қашықтығы (телім ұзындығы) тартым түріне және поездардың локомотивпен қамтамасыз етілу тәсіліне тәуелді. Негізгі лепоның орналасу қашықтығы - 360-450 км, ал айналымды депоның орналасу қашықтығы - 180-250 км. Осы белгілеріне байланысты телімдік бекеттер негізгі деполы және айналымды деполы станциялар болып бөлінеді.

Негізгі депоның құрамы локотивтік паркінен, өндірістік-техникалық ғимараттан, құрылғылар мен жабдықтардан тұрады. Сонымен қатар оған депо штатына жататын локомотив бригадасы да кіреді. Негізгі деполар поездардың телімде қалыпты және апатты жұмыс істеуін қамтамасыз ететін техникалық қызмет түрлері мен локомотивтерді жөндеу жұмыстарының барлығын жасайды.

Айналымды депо - локотивтер паркінен, өндіріс-техникалық ғимараттан, құрылғылар мен жабдықтардан тұрады. Сонымен қатар, оған депо штатына жататын локомотив бригадасы да кіреді. Негізгі деполар поездардың құраамына кірмейді

Айналым пункттерінде және локомотивтерге техникалық қызмет көрсету пункттерінде техникалық бақылау жүргізіледі және локомотивтер жанғыш материалдармен, құнмен жабдықталады. Сондай-ақ сапар арасындағы локомотив бригадаларының демалысы қамтамасыз етіледі. Поездарды қабылдау, өңдеу және жөнелту операцияларын орындау үшін телімдік бекеттерде қабылдау-жөнелту парктері орналасады.

1. 2. Бекеттің пайдалану сипаттамасы

Станция деп жолдары және құрылғылары дамыған, пойыздарды қабылдап-жөнелту, скрещение және обгон, формирование және расформирование жұмыстарын, жолаушыларға қызмет көрсету, жүктер мен жолаушылар қолжүктерін тиеп-түсіру жұмыстарын ұйымдастыруға қабілетті жеке пунктіні айтамыз. Станциядан күніне 65 пойыз жұптары өтеді. Орындалатын жұмыстары бойыншы осы аралық станцияны I классқа жатқызамыз. Станцияда 2 басты, 4 қабылдап-жөнелту жолы бар болғандықтан, басты жолдармен тесіп өтетін пойыздарды рұқсат етілген максималды жылдамдық 120км/сағ-пен өткізе беріп, ал қабылдап-жөнелту жолдарында құрама пойыздармен маневр жұмыстарын жасай беруге мүмкіндік береді. Одан бөлек, 2 жол жүкті тиеп-түсіру үшін қолданылады. Ал 1 кірме жолмен мұнай базасына пойыздарды жібере беруге болады[4] . Осы аралық станцияның темір жол желісіндегі басты міндеті пойыздарды тоқтаусыз өткізу, скрещение, обгон, құрама пойыздармен маневр жұмыстарын жүргізу, жүк операциялары, жолаушыларды мінгізіп-түсіру, қолжүктерін тиеп-түсіру, почталық операцияларды ұйымдастыру.

Вагон ағындары деп - белгілі бір уақыт аралығында (әдетте тәулік ішінде) белгілі бір бағытта жүретін вагондар саны, ол тасымалдау жоспары бойынша айқындалады.

ІІ - ТАРАУ. БЕКЕТТІК СХЕМАСЫН ТАҢДАУ

2. 1. Бекеттің схемасы

Аралық бекеттің типін бекеттік алаңшының типтік ұзындығы мен қабылдап-жөнелту жолының пайдалы ұзындығына, станцияға жақындаулар еңісіне, желінің категориясына байланысты анықтайды. Темір жол желісінде мынандай негізгі аралық станциялардың сұлбасы қолданылады:

  • ығыспа жолды тип - қабылдап-жөнелту жолдарының кезектесіп орналасуы;
  • жартылай ығыспа жолды тип - жолдардың аралас орналасуы;
  • қатарлас жолды тип - жолдардың параллель орналасуы.

Бұл типтердің әрқайсысы жолаушылар және жүк құрылғыларының, қабылдап-жөнелту жолдарының өзара орналасуына байланысты ажыратылады[4] .

Мен маған берілген станцияның схемасымен, жолаушылар ғимараты және жүк құрылғыларының, қабылдап-жөнелту жолдарының өзара орналасуымен жақсылап таныстым. Қабылдап-жөнелту жолдары бір-біріне параллель орналасқан. Сонда, менің станциямның типі - қатарлас жолды станция.

Аралық станциядағы станциялық алаңшалардың минималды ұзындықтары мына кестеде көрсетілген.

Желінің категориясы
Станцияның типі
Қабылдап-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығына байланысты станциялық алаңшаның минималды ұзындығы
850
1050
1250
1550
Желінің категориясы: I
Станцияның типі: Ығыспа жолды
Қабылдап-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығына байланысты станциялық алаңшаның минималды ұзындығы: 2500
2900
3300
3700
Желінің категориясы: I
Станцияның типі: Жартылай ығыспа жолды
Қабылдап-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығына байланысты станциялық алаңшаның минималды ұзындығы: 2000
2200
2400
2600
Желінің категориясы: I
Станцияның типі: Қатарлас жолды
Қабылдап-жөнелту жолдарының пайдалы ұзындығына байланысты станциялық алаңшаның минималды ұзындығы: 1450
1650
1850
2050

Маған берілген станция қатарлас жолды және ең қысқа қабылдап-жөнелту жолының пайдалы ұзындығы - 1250 м болғандықтан, станциялық алаңшаның минималды ұзындығы 1850 м болады[2] .

Станцияның схемасын мына формулалармен бойынша анықтауға болады:

L пл = 2L пол + 800 м

L пл = L пол + 1150 м

L пл = L пол + 600 м

мұндағы, L пл - станцияның площадкасының минималды ұзындығы

L пол - ең қысқа қабылдап-жөнелту жолының ұзындығы

1850 = 2*1250 + 800

1850 ≤ 3300

Сонда, станция ығыспа жолды тип емес, құрылғылар станцияның площадкасына келмейді.

1850 = 1250 + 1150

1850 ˂ 2400

Сонда, станция жартылай ығыспа жолды тип те емес.

1850 = 1250 + 600

1850 = 1850 м

Осыдан келе, менің станциям қатарлас жолды станция болады.

Желінің (телімнің) белгілі бір техникалық жабдықталуы және қабылданған жүрісті ұйымдастыру жүйесі (график түрі) жағдайында бір тәулік ішінде осы желі (телім) арқылы өткізілетін белгіленген массадағы пойыздардың немесе пар пойыздардың ең көп саны теміржол желісінің (телімінің) өткізу қабілеті деп аталады.

Нақты өткізу қабілеті - әлде бір күрделі жұмыстар атқармай-ақ, қолда бар техникалық жабдықтар арқылы жүзеге асырылады.

Жобалық өткізу қабілеті - телімнің техникамен жарақтануын күшейту үшін белгіленген қайта құру және құрылыс жүргізу жұмыстарын жүзеге асырғанда орындалады.

Қажетті өткізу қабілеті - әрбір нақты бағытта мемлекеттің мүддесімен анықталатын резервті ескере отырып, берілген жүк және жолаушылар ағынын өткізе алатын телім болуға тиіс.

Бұдан әрi телiмнiң аралықтар арқылы өткiзу қабілетін есептеп шығару әдiстемесi баяндалады. Техникалық құрылғылардың өткiзу қабілетін басқа пәндер зерттейдi.

Телiм аралықтарының өткiзу қабілеті түрлiше болады, сондықтан телiмнiң аралықтар арқылы өткізу қабілетін анықтау үшiн алдын ала өткiзу қабілеті өте аз аралықты табу қажет, оны шектегіш аралық деп атайды, оның өткізу қабілетін есептеп шығарып, осы арқылы, тұтас алғанда, телiмнiң өткiзу қабілетін анықтау керек.

Аралықтың өткiзу қабілеті графиктiң түрiне және оның элементтерiнiң мөлшеріне, сондай-ақ бөлiм бекеттерiндегi жол тарамдарына байланысты. Аралықтардың өткiзу қабілетінің жалпы түрі:

мұндағы - жолдарды, түйiспе желiлердi және басқа құрылғыларды күнделiктi күтiп-баптауға арналған графиктегi технологиялық «толас кездің» ұзақтығы; - техникалық құралдардың сенiмдi жұмыс iстеуiн ескеретiн коэффициент; - график периоды; - график периодындағы пойыздар (пар пойыздар) саны[5] .

Темiржол желiлерiнiң әрбiр жүрiс бағытында тасымалдау қабілеті, жылына млн. т нетто, жүк пойыздары үшiн (жеделдетілген және құрама пойыздарды есептемегенде) барынша көп өткiзу қабілеті мен пойыздың массасына байланысты анықталады:

- пойыздардың бруттолық орташа массасы, пойыздың массасы мен жүк ағыны құрылымының белгiленген нормасына байланысты, т;

- пойыздың неттолық массасының бруттолық массасына қатынасы, вагондардың тегiне және жүк ағынының құрылымына байланысты;
- жеделдетiлген және құрама пойыздармен тасымалданатын жүк мөлшерi, жылына млн. т.

Жол балансына енген локомотивтер жолдың инвентарлы паркын құрайды. Жол ішінде локомотивтер деполар бойынша таратылады. Депо балансына енген локомотивтер инвентарлы депоның инвентарлы паркын құрайды. Инвентарлы паркттың әрбір локомотивіне техникалық паспорт құрастырылады, мұнда локомотивтің техникалық күйі, орындалған жөндеу және модернизация жұмыстары көрсетіледі. Техникалық паспорт тіркеу депосында сақталады және локомотивтердің инвентарлы паркын есептеудің негізгі құжаты болып табылады. Есеп физикалық өлшемдермен, ал моторлы вагондардың есебі секциялар санымен жүргізіледі[1] .

Локомотивтердің инвентарлы паркы жол (депо) қарамағындағы және жол (депо) қарамағындағы емес болып жіктеледі. Жол қарамағындағы парк пайдаланатын және пайдаланбайтын болып бөлінеді.

Жолдың (депоның) пайдаланбайтын паркы жөндеудің барлық түрінде, жоспарлы жөндеулер арасындағы модернизацияда, тұрған жөндеуді және инвентарлы паркттен шығаруды күтіп тұрған, жүру, тапсыру, қабылдау, қорға және резервке дайындау, сонымен қатар қор мен резервте тұрған локомотивтерден құралады.

2. 2. Жолаушылар ғимаратының орналасатын орнын таңдау

Жолаушы ғимаратының орналасатын орынын таңдағанда, станцияда жолаушыларға қызмет көрсетуді жақсарту жағына көп көңіл бөлу керек. Оның орналасуы елді мекеннің орналасқан жағы шешуші болады. Сондықтан, жолаушылардың ыңғайы үшін жолаушылар ғимараты (ПЗ) елді мекен жағынан орналастырған жөн.

Маған берілген ақпаратта елді мекен станцияның солтүстік жағында орналасқан. Сәйкесінше мен жолаушылар ғимаратын елді мекенге жақын орналастыруым керек. Сонда жолаушылар ғимаратын станцияның солтүстік жағында, №3-ші қабылдап-жөнелту жолында орналастырамын. Ал жолаушылар платформасын қабылдап-жөнелту жолына жақын, жолаушылар ғимаратының алдынан орналастырамын. Платформа түрі биік болғандықтан, жол осінен 1920 мм қашықтықта ораналасады.

Пайдаланатын парк жұмыстың барлық түрінде қолданылатын, техникалық оперциялар орындалатын, жұмысты күтіп тұрған локомотивтерден, сонымен қатар аялдау мөлшерінен аспайтын ТО-2 техникалық тексерісте тұрған локомотивтерден құралады[3] .

Локомотивтерді пайдаланатын парктен пайдаланбайтын парке және кері ауыстыру, белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Негізгі депоға тіркелген локомотивтер айналатын телімді - айналым телімі деп атайды. Айналым телімі ұзартылған болса, онда оны жабдықтау бойынша бекеттері, локомотивтердің айналым телімдерінің аралық бекеттері және локомотив бригадаларын ауыстыру бекеттері орналастырылады.

Локомотивтердің айналым телімі бір немесе бірнеше тартым өрістерінен құралуы мүмкін. Негізгі және айналым деполары орналасқан станциялар арасындағы телімді - тартым өрісі деп атайды. Тартым өрісі бір немесе бірнеше бригадалар жұмысының телімдерінен құралуы мүмкін. Мұндай әр телім локомотив бригадалары ауысатын бекеттер арасында орналастырылады. Мұндай бекеттер ретінде негізгі және айналым деполары орналасқан станциялар және бригадалар алмасатын бекеттер саналады[6] .

Жол балансына енген локомотивтер жолдың инвентарлы паркын құрайды. Жол ішінде локомотивтер деполар бойынша таратылады. Депо балансына енген локомотивтер инвентарлы депоның инвентарлы паркын құрайды. Инвентарлы паркттың әрбір локомотивіне техникалық паспорт құрастырылады, мұнда локомотивтің техникалық күйі, орындалған жөндеу және модернизация жұмыстары көрсетіледі. Техникалық паспорт тіркеу депосында сақталады және локомотивтердің инвентарлы паркын есептеудің негізгі құжаты болып табылады. Есеп физикалық өлшемдермен, ал моторлы вагондардың есебі секциялар санымен жүргізіледі.

Локомотивтердің инвентарлы паркы жол (депо) қарамағындағы және жол (депо) қарамағындағы емес болып жіктеледі. Жол қарамағындағы парк пайдаланатын және пайдаланбайтын болып бөлінеді.

Жолдың (депоның) пайдаланбайтын паркы жөндеудің барлық түрінде, жоспарлы жөндеулер арасындағы модернизацияда, тұрған жөндеуді және инвентарлы паркттен шығаруды күтіп тұрған, жүру, тапсыру, қабылдау, қорға және резервке дайындау, сонымен қатар қор мен резервте тұрған локомотивтерден құралады.

Пайдаланатын парк жұмыстың барлық түрінде қолданылатын, техникалық оперциялар орындалатын, жұмысты күтіп тұрған локомотивтерден, сонымен қатар аялдау мөлшерінен аспайтын ТО-2 техникалық тексерісте тұрған локомотивтерден құралады[7] .

Локомотивтерді пайдаланатын парктен пайдаланбайтын парке және кері ауыстыру, белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

Негізгі депоға тіркелген локомотивтер айналатын телімді - айналым телімі деп атайды. Айналым телімі ұзартылған болса, онда оны жабдықтау бойынша бекеттері, локомотивтердің айналым телімдерінің аралық бекеттері және локомотив бригадаларын ауыстыру бекеттері орналастырылады.

Локомотивтердің айналым телімі бір немесе бірнеше тартым өрістерінен құралуы мүмкін. Негізгі және айналым деполары орналасқан станциялар арасындағы телімді - тартым өрісі деп атайды. Тартым өрісі бір немесе бірнеше бригадалар жұмысының телімдерінен құралуы мүмкін. Мұндай әр телім локомотив бригадалары ауысатын бекеттер арасында орналастырылады. Мұндай бекеттер ретінде негізгі және айналым деполары орналасқан станциялар және бригадалар алмасатын бекеттер саналады.

2. 3. Жүк ауласының орналастын орынын таңдау. Станция сұлбасының тиімді нұсқасын анықтау

Аралық станцияларда жүк құрылғылары (ГУ) жолаушылар ғимараты жағынан және оған қарсы да орналасуы мүмкін. Жүк құрылғыларының даму ұзындығы мен ені жағынан шектеусіз. Алдыңғы уақытта станцияның жолдық дамуын үлкейту үшін жүк ауласының шығарып тұрақтату жолдырын қабылдап-жөнелту жолдарынан екі жоларалықтан кем емес қашықтықта, ал электрлендірілген телімде 11, 8 м кем емес қашықтықта орналастыру керек.

Жүк құрылғыларын орналастырмас бұрын алдымен переезд бен кірме жолдың орналасуын ескеру керек, және де тартылу жолының автокөлік жолымен қиылыспауын қамтамасыз ету керек. Жүк алаңшасы әрдайым тартылу жолынмен қиылысу керек. Станцияға кірме жолдардың жалғануы маневр жұмыстарын қиындатады, сондықтан кәсіпорындардың қоймаларын мүмкіндігінше станцияның бір ауданында орналастырып, ал кірме жолдарды жалпы қолданбалы жүк құрылғыларына қызмет көрсететін тартымдық жолға жалғаған дұрыс[8] .

Менің станциямда жүк құрылғыларының орналасу орны тапсырма бойынша берілмеген. Сол себепті мен оларды өзім, шарттарды ескере отырып, қолайлы жерге орналастырамын. Жолаушылар ғимараты жанынан орналастырайын десем, №3-ші қабылдап-жөнелту жолының пайдалы ұзындығы жолаушылар ғимарыты мен жүк құрылғыларын 1 жолға орналастыруға мүмкіндік бермейді. Жолаушылар ғимаратының жанына көлемі шағынырақ болғандықтан, электрлендірілген орталықты орналастырамын. Ал схемада жүк құрылғыларының орналасуына қолайлы орын деп мен №6-ші қабылдап-жөнелту жолын шештім. Сонда жүк құрылғыларын жолаушылар ғимаратына карсы орналасады. Және де №7, №8-ші қабылдап-жөнелту жолдары жүк құрылғыларының тағайындалған жолдары болады[7] .

Темір жол көлігіндегі көрсеткіштер екіге бөлінеді:

Сандық көрсеткіштер: жүкті тиеу, жүкті түсіру, түсіруден кейін бос вагондарды тапсыру, техникалық станциялардан жөнелтілетін вагондардың саны, жүк айналымы, вагон-км, пойыздарға локомотивтерді беру;

Сапалық көрсеткіштер: вагон айналымы, жүк және техникалық станцияларда вагондардың аялдау уақытының мөлшерлері, жүріс жылдамдығы, вагон және локомотивтердің орташа тәуліктік жүрісі, вагон рейсі, вагондардың бос жүрісі.

Локомотив шаруашылығы локомотивтерді жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге арналған. Оның құрамына локомо- тив ғимараттары, шеберханалар жэне жабдықтау құрылғылары кіреді. Локомотивтер жұмысын айналма сызбамен ұйымдастыруда локомотивтерді құммен, отынмен және майлау материалдарымен ағытпай жабдықтау үшін жабдықтау құрылғылары қабылдау-жөнелту паркінде орналасуы мүмкін.

Стансаның дамуына келешекте қиыншылық болмауы үшін ло- комотив шаруашылығының құрылғыларын жүк пойыздарын қабылдау-жөнелту паркіне жақын орналастырады. Локомотив шаруашылығының аумағындағы құрылғылардың орналасуының негізгі сызбасы келтіріген[6] .

Вагон шаруашылығы - вагондардың түзу күйін және пойыз құрамында қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету үшін стан- сада құрылады. Оған вагон депосы, вагондарға техникалық қызмет көрсету, вагондарға ағытып ағымды механикаландырған жөндеу, ва- гондарды тасымалдауға дайындау, вагондарға бақылау-техникалық қызмет көрсету қосындары және басқалар кіреді.

3. ҚҰРЫЛЫМНЫҢ ӨЛШЕМІН АНЫҚТАУ

3. 1. Жолдардың саны мен ұзындығы жолдардың пайдалы ұзындығының есебі. Жолдың үстіңгі құрылысы

Қабылдап-жөнелту жолдарының саны қозғалыс көлемі мен сипатына және станция мен тораптарды жобалауға байланысты болады. Оны мына кесте арқылы анықтауға болады:

Даражолды желі
Қосжолды желі
Даражолды желі: Қозғалыс көлемі 12 жұп пойызына дейін
Қосжолды желі: 13-тен 24 пойызға дейін
24 жұп пойыздан аса
-
Даражолды желі: 2 жол
Қосжолды желі: 2 жол
2-3 жол
2-3 жол

Маған берілген станция қосжолды желі және қозғалыс көлемі 65пойыз болғандықтан қабылдап-жөнелту жолы - 2-3.

Егер станция опоралық немесе кірме жолдары болса, және жолаушылар пойыздарын кең көлемде өткізетін болса, онда оған 1-2 жол қосылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АРАЛЫҚ СТАНЦИЯНЫҢ ТИПІН АНЫҚТАУ
Теміржол көлігі туралы
Темір жол көлігін техникалық пайдалану қағидалары
ТҮРЛІ КӨЛІКТЕР МЕН ҚҰРЫЛҒЫЛАРДАН ЖАРАҚАТТАНУДАН ҚОРҒАНУ
Станция сызбасын таңдау
Құрылғыларға техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Автоматты локомотивті сигнализациясы
Аралық станцияның жобалануы
Станция мен тартым ауданының техникалық – экономикалық сипаттамасы
Станса және кірме телімдерінің техникалық пайдалану мінездемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz