Топырақ - өсімдік қорлары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары

І.Кіріспе
Табиғи қорлар
ІІ Негізгі бөлім
Таусылатын табиғи қорлар
Дүниежүзіндегі экологиялық апат
ІІІ Қорытынды
ІV Пайдаланылған әдебиеттері

КІРІСПЕ

Табиғи қорлар - табиғи ортаның, қоғамның материалдық және рухани мұқтажын қамтамасыз ету үшін, өндірісте пайдаланылатын бөлігі. Табиғи қорларды тиімді пайдалану және адамзатты өне бойын табиғи қормен қамтамасыз ету өте күрделі мәселелердің бірі болып отыр. Сондықтан табиғи қорларды сарқылтпау үшін қалпына келмейтін табиғат байлықтарын тиімді пайдалануға, шикізаттың, отынның, энергияның жаңа көздерін іздеуге барлық күш жұмылдыруда. Бұл шараларды іске асырудың маңызды жолдары басқа (арзан) шикізатты кеңінен қолдану және жан-жақты толық пайдалану. Осыған байланысты табиғи қорларды қорғаудың бүгінгі таңда дүниежүзілік маңызы бар проблемаға айналуы заңды мәселе. Табиғи қорларға зиянды әсер тигізетін литосфера, гидросфера, атмосфераның ластануымен ойдағыдай күресу көптеген елдермен бірлесе отырып, бұл күрделі мәселені шешуді талап етеді.
Қазақстандағы тектоникалық құрылымдардың ерекшелігі, геологиялық даму тарихының күрделілігі, аумағының кең көлемді болуы мүнда сан алуан табиғи қорларының шоғырлануына жағдай жасайды. Республика аумағынан табиғатта кездесетін пайдалы қазбалардың көптеген түрлері табылған, бұған қоса климаттық және минералдық, отын-энергетикалық т. б. қорлар жөнінен де республикамыз дүниежүзінде көрнекті орын алады. Жалпы Қазақстанда кездесетін табиғи қорларды мынадай топтарға бөлуге болады:
Қазақстанда бұл қор түрлерінен тас көмір, қоңыр көмір, мұнай, табиғи газ және жанғыш тақтатастар таралған. Тас көмір өндірілетін аудандары Екібастұз, Майкүбі, Қарағанды, Кендірлік, Таскөмірсай, Алакөл кен орындары. Осылардың ішінде маңыздырағы Қарағанды және Екібастұз алаптары. Мұнай мен газ қорлары Қазақтанның батысында шоғырланған. Бұлардың Маңғыстау түбегі мен Жемнің төменгі ағысындағы алқаптар игерілген. Барлық кен орындарында мұнайға қосымша табиғи газ өндіріледі. Ембі мұнайының сапасы жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындарда. Соңғы жылдары мұнда жаңа кен орындары барланып, игеріле бастады.
Қазақстан минералдық қорлардың түрлері мен қоры жөнінен теңдесі жоқ аймақ болып табылады: мұнда шын мәнінде Менделеев кестесіндегі элементтердің барлығы дерлік кездеседі. Солтүстік Қазақстанда әйгілі Соколов-Сарыбай, Қашар, Лисаков, Қоржынкөл кен орындары орналасқан. Сондай-ақ темір кені Алтайда (Шығыс Қазақстан), Қарсақпай, Қаражалда (Орталық Қазақстан) кездеседі.
Қазақстан полиметалл кендеріне де бай оның негізгі қорлары Кенді Алтайда, Сарыарқада, Оңтүстік Қазақстанда шоғырланған. Сирек және бағалы металл түрлерінің кен орындары бүкіл аумақта таралып орналасқан. Кен емес қазбалардан фосфориттер мен тұздардың, құрылыс материалдарының кен орындары негізінен Батыс және Оңтүстік Қазақстанда (Қаратау өңірінде) кездеседі. Фосфориттің қоры және сапасы жөнінен республикамыз дүние жүзіне әйгілі болып отыр.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Таусылатын табиғи қорлар
Адамзаттың соңғы екі жүз жылда ғылыми техникалық прогресс арқылы дамуынан қоршаған орта мен экожүйеге антропогендік әсері қазіргі кезде қатты сезіле бастады. Экожүйе бұзылды немесе тіптен жойылу алдында тұр. Глобалды экодинамиканың келесі әлеуметтік экологиялық мәселелерін талдап қарастыруға болады. Олар таза су, теңіздер мен мұхиттар, ауылшаруашылығы мен ормандар, атмосфера, қалдықтар, энергетика, транспорт, радиоактивті қалдықтар, жердің шөлге айналуы, биотүрлердің азаюы, табиғи апаттар, техногендік зіл-залалар. Әрқайсысының жағдайы мынандай мәселелерге алып келіп отыр:
Таза су- жоғары приоритеттік мәселе. Жалпы Жер шарын алып қарағанда су қоры өте көп. Мәселенің ең қиыны - су сапасы мен дамушы елдердегі су тапшылығы болып отыр.
Мұхиттар мен теңіздер - балықтар қорының азаюы мен теңізд ортасын қорғау мәселелері сақталып отыр. Алдыңғы қатардағы мәселеге мұхит жағалауындағы ластану жағдайы мен оған антропогендік әсерлердің ұлғаюы жатады. Теңіз бен мұхиттардың қорын пайдалану мен оны сақтау экономкалық сараптамадан өткізуді талап етуде.
Ауылшаруашылығы мен ормандар - азық-түлікпен қамтамасыз ету барлық елдерде біркелкі емес. Дамыған елдермен салыстырғанда дамуы елдердегі халық пайдаланатын азық калориясы төмен. Тағы бір мәселе ол ормандардың өртке жиі ұшырауы мен ағаштарды заңды және заңсыз кесудің үлкен дәрежеде жүргізілуі де болып отыр.
Энергетика - энергияны өндзіру қайта толмайтын қорларды жағы арқылы алынып келеді. Бірінші мәселе, осы қорлардың азаюы, екінші мәселе, қоршаған ортаға тигізіп отырған зияны.
Транспорт - соның әсерінен атмосфераға шығатын улы және зиянды заттар мөлшері артып отыр. Транспорт қолданатын жанар май да сапасы жақсармай отыр.
Атмосфера - ауаға шығарылып жатқан зиянды заттардың мөлшерін күрт азайту жолдаы.
Қалдықтар - өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен қатар муниципалдық қалдықтар да көп мөлшерде шығарылуда. Қалдықтар қауіпті, уландырғыш, радиоактивті және аралас болып бөлінеді.
Табиғи қорлардың классификациясы және онымен адамзатты қамтамасыз ету проблемасы. Табиғат қорлары сарқылмайтын және сарқылатын болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бірі - су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 23 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отырады. Ал экожүйелердің таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және калпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Сарқылатын қорларды адам баласының өте үқыпты түрде пайдалануы болашақ ұрпақтың қамын ойлағаны.
Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар - топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемі. Аталған қорларды барынша пайдалану, біржола жойып жіберуге апарады. Мысалы, адам баласының теріс іс-әрекеттінен жер бетіндегі аңдардың 106, құстардың 139 түрі біржола құрып кеткен. Тіптен, қазақ даласында тіршілік еткен жабайы түйе, құлан, жабайы жылқы, жолбарыстар бүгінде жоқ. Ал өсімдіктер мен жануарларды, топырақты ұзақ уақыт сақтап қалуға мүмкіндік бар. Ол үшін табиғат қорларын қорғаудың барлық шараларын қолдану керек. Топырақ қарашіріндісінің түзілуі өте үзақ -мыңдаған жылдарға созылады, ал оның бүлінуі әп-сәтте. Осыған орай адам баласы топырақтың құнарлығын сақтау үшін агротехникалық шараларды дұрыс қолданып, қосымша органикалық минералды тыңайтқыштар беріп отырады. Топырақтың тозуы көптеген антро-погендік факторларға байланысты. Соның негізгілері - топырақ эрозиясы, тозуы, шөлге айналу және ластану. Осының бәріне де адамның іс-әрекеті себепші.
3. Табиғатты тиімді пайдалану.Табиғатты қорғауды жүзеге асырудың негізгі бағыттары. Табиғат корғаудың негізгі бағыттарын білу әрбір азаматтың міндеті болып саналады. Олардың негізгілерін қарастырамыз.
1. Жекелеген өндіріс орындары мен өнеркәсіптерді, агроэкологиялық кешендерді игеруде казіргі заманғы ғылым мен техника жаңалықтарын пайдалану. Өндіріске аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны енгізу.
2. Экологиялық заңдардың орындалуын үнемі кадағалау.
3. Ірі құрылыстарды, өнеркәсіп кешендерін т.б. объектілерді салуда экологиялық сараптама жасау.
4. Табиғи биоценоздарды сақтап қалу үшін қорықтар, қорыққорлар, ұлттық саябақтар, табиғат ескерткіштері, т.б. ұйымдастыру.
5. Табиғат қорғау мәселелері бойынша халықаралық, мемлекеттік деңгейлерде ғылыми-практикалық конференциялар мен симпозиумдар ұйымдастыру.
6. Көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық әдеп пен мәдениетті қалыптастыру.
7. Табиғат корғау мәселелерін шешу жолдары, оның барысы туралы үнемі үгіт-насихат және ақпарат жүйесін ұйымдастыру.
8. Жоғарыда аталған шараларды жүзеге асыру әрбір азаматтың міндеті мен борышы болып саналады. Сонда ғана біз туған өлкеміздің табиғатын өз қалпында сақтап қалуға немесе қайта түлетуге үлес қоса аламыз.
Табиғи қорлардың классификациясы және онымен адамзатты қамтамасыз ету проблемасы. Табиғат қорлары сарқылмайтын және сарқылатын болып екіге бөлінеді. Сарқылмайтын қорлар адам баласына тәуелсіз болып келеді. Соның бірі - су. Жер шарындағы судың үлесі барлық жердің 23 алып жатыр. Сондықтан оның қоры үздіксіз айналымға түсіп, қалпына келіп отырады. Ал экожүйелердің таралуы уақыт пен кеңістікке қатысты салыстырмалы түрдегі айлағаны объектілер. Сарқылатын қорлар өз кезегінде қалпына келетін және калпына келмейтін деп жіктеледі. Мысалы, қазба байлықтар, мұнай, көмір қорлары қалпына келмейтін байлық көзіне жатады. Сарқылатын қорларды адам баласының өте үқыпты түрде пайдалануы болашақ ұрпақтың қамын ойлағаны.
Қалпына келетін қорлар да адамның ақыл-ойына тәуелді болады. Олар - топырақ, өсімдік пен жануарлар әлемі. Аталған қорларды барынша пайдалану, біржола жойып жіберуге апарады. Мысалы, адам баласының теріс іс-әрекеттінен жер бетіндегі аңдардың 106, құстардың 139 түрі біржола құрып кеткен. Тіптен, қазақ даласында тіршілік еткен жабайы түйе, құлан, жабайы жылқы, жолбарыстар бүгінде жоқ. Ал өсімдіктер мен жануарларды, топырақты ұзақ уақыт сақтап қалуға мүмкіндік бар. Ол үшін табиғат қорларын қорғаудың барлық шараларын қолдану керек. Топырақ қарашіріндісінің түзілуі өте үзақ -мыңдаған жылдарға созылады, ал оның бүлінуі әп-сәтте. Осыған орай адам баласы топырақтың құнарлығын сақтау үшін агротехникалық шараларды дұрыс қолданып, қосымша органикалық минералды тыңайтқыштар беріп отырады. Топырақтың тозуы көптеген антро-погендік факторларға байланысты. Соның негізгілері - топырақ эрозиясы, тозуы, шөлге айналу және ластану. Осының бәріне де адамның іс-әрекеті себепші.
Отын - энергетикалық қорлар.Қазақстанда бұл қор түрлерінен тас көмір,мұнай,қоңыр көмір,табиғи газ және жаңғыш тақтатастар таралған.Тас көмір өндірілетін аудандары - Екібастұз,Майкүбі,Қарағанды,Кендірл ік,Таскөмірсай,Алакөл кен орындары.Осылардың ішінде маңыздырағы - Қарағанды және Екібастз алаптары.Мұнай мен газ қорлары Қазақстанның батысында шоғырланған.Бұлардың Маңғыстау түбегі мен Жемнің төменгі ағысындағы алқаптар игерілген.Барлық кен орындарында мұнайға қосымша табиғи газ өндіріледі.Ембі мұнайының сапасы жөнінен дүние жүзінде алдыңғы орындарда.Соңғы жылдары мұнда жаңа кен орындары барланып,игеріле бастады.
Минералдық қорлар.Қазақстан минералдық қорлардың түрлері мен қоры жөнінен теңдесі жоқ аймақ болып табылады: мұнда шын мәнінде Менделеев кестесіндегі элементердің барлығы дерлік кездеседі.Темір кені негізінен Солтүстік Қазақстанда шоғырланған.Мұнда әйгілі Соколов-Сарыбай,Қашар ,Лисаков,Қоржынкөл кен орындары орналасқан.Сондай - ақ темір кені Алтайда (Шығыс Қазақстан), Қарсақпай,Қаражалда (Орталық Қазақстан) кездеседі.
Қазақстан полиметалл кендеріне де бай.Оның негізгі қорлары Кенді Алтайда,Сарыарқада,Оңтүстік Қазақстанда шрғырланған.Сирек және бағалы металл түрлерінің кен орындары бүкіл аумақта таралып орналасқан.Кен емес қазбалардан фосфориттер мен тұздардың,құрылыс материалдарының кен орындары негізінен Батыс және Оңтүстік Қазақстанда кездеседі.Фосфориттің қоры және сапасы жөнінен республикамыз дүние жүзіне әйгілі болып отыр.
Климаттық қорлар.Қазақстанның герграфиялық орнының ерекшеліктеріне байланысты климаттық қорлары мол.Өсіп -өну мерзімінің ұзақтығы,күн сәулесінің мол түсуі Қазақстанда,әсіресе оның оңтүстігінде көптеген жылу сүйгіш өсімдіктерді өсіруге мүмкіндік береді.Мол күн қуаты гелиоқондырғыларда қолдану мүмкіндіктері бар.Қазақстанда күн қуаты тұрғын үйлерді,жылыжайларды жылытуға жұмсалады.Республика жел қуатына бай.
Желді аудандарда (Шар,Жалғызтөбе,Жетісу қақпасы,Іле аңғары және т.б.) жел қуатын механикалық және электр қуатына айналдыруға болады.
Су қорлары.Қазақстанның су қорларына беткі сулардан (өзен,көл,мұздықтар) басқа жер асты суы мен минералды су көздері жатады.Қазақстанның климатыжағдайында өзен жүйесі онша жиі болмағандықтан,халық шаруашылығы үшін жер асты суы қорларын пайдаланудың үлкен маңызы бар.Мал шаруашылығын өркендету үшін шөлейт пен шөл зоналарында артезиан құдықтары пайдаланылады.Үлкен қалаларда , суға тапшы аудандардағы елді мекендерді сумен қамтамасыз ету көбіне жер асты суы есебінен болады.Қазақстан жер қойнауынан құрамында адам ағзасына қажетті тұздары бар минералды су көздері табылған.Мұнда Алмаарасан,Барлықарасан,Қапаларасан ,Жаркентарасан,Сарыағаш сияқты санаторий- курорттары осы арқылы емдеу орталықтарына айналған.
Топырақ - өсімдік қорлары.Республикадағы топырақ,өсімдік қорлары аумағының ауқымды болуына байланысты әркелкі таралған.Бұл қор түрлерінің ерекшелігі - олардың өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы үшін шикізат көзінің қызметін атқаруы,осыған байланысты адамның шаруашылық әрекетінің әсеріне көп ұшыраған.
Қазақстан құнарлы топырақ түрлеріне онша бай емес.Бірқатар аймақтарда топырақтың,ылғалдың,қоректік элементтердің жетіспеуінен немесе сортаңдану әсерінен ауыл шаруашылығында пайдаланылмайды.Сондықтан жарамсыз жерлерді өңдеуден өткізу немесе мелиорациялау арқылы шаруашылыққа пайдалану - алдағы міндет.
Өсімдік қорларын бірнеше топтарға бөлуге болады:орман қорлары,дәрілік өсімдіктер,мал азықтық өсімдіктер.Ормандар негізінен таулы аймақтарда шоғырланған.Қазақстандағы ормагды алқап 11 млн га-ды немесе 4 %- ды құрайды.
Дәрілік өсімдіктердің республикада 250 түрі бар.Олар фармацевтік өндірісі үшін қымбат болып есептеледі.Республиканың оңтүстік аймақтарында дүние жүзінде теңдесі жоқ аса құнды дермене өседі.
Адамдардың денсаулығына зиян әкелетін , аллергия тудыратын химиялық жасанды дәрә - дәрмектердің орнына табиғи өсімдіктерден жасалатын дәрілерді пайдаланудың мүмкіндігі зор.1997-2001 ж.ұсынылған мемлекеттік бағдарлама бойынша Қазақстан ғалымдары 20- дан астам фитопрепараттар мен әр түрлі фармакологиялық дәрілер шығармақ.Табиғи емдік қасиеттері мол өсімдіктерден біздің елімізде жасалатын дәрі - дәрмектер экологиялық жағынан таза,ал экономикалық тұрғыдан арзан.Соның қатарында қарағандылық ғалымдар жасаған қатерлі ісікке қарсы аллапинин препаратының,сол сияқты шырғанақ жемісінен алынған майдың емдік қасиеті өте зор.Жалбыз,жолжелкен,түйетікен,сарғ алдақ,қымыздық,жабайы сарымсақ сияқты өсімдіктердің әр түрлі емдік қасиеттері бар.Тобылғы мен аршаның кәсіптік маңызы зор.Тобылғыдан халқымыз ежелден - ақ бояу алған және қымыз ашытатын ыдыстарды ыстауға пайдаланған.Табиғи дәрілік өсімдіктер қазір адам әрекеті салдарынан сиреп,азаюда.Сондықтан дәрілік өсімдіктердің азайған түрін қалпына келтіре отырып,тиімді пайдаланып,оны қорғауға алу керек.
Жануарлар дүниесінің қорлары.Республика аумағында омыртқалы жануарлардың 835 түрі есепке алынған.Олардың ішінде сүтқоректілердің 178 түрі,құстардың 481,бауырымен жорғалаушылардың 48,балықтардың 150 түрі кездеседі.Омыртқасыз жәндіктердің бүгінгі күнге дейін анықталғаны ғана 80 мыңнан асады.Қазақстан аумағында,әсіресе таулы өлкелерде жабайы жануарлар көп ұшырасады.Мұнда терісі бағалы аңдар таралған.Бұған қоса Жайсан мен Алакөл маңына,таулы тайганаң қара түлкісі мен бұлғын жерсіндірілген.Сол сияқты республиканың өзен- көлдерінен барлығында дерлік терісі аса құнды америкалық ондатр жерсінділіп,аң шаруашылығының негізгі салаларының біріне айналып отыр.Олардың кәсіптік маңызы бар.Шөлейттер мен шөлді өңірлерде түлкі,қарсақ,ақбөкен,киік,қарақұйры қ кездеседі.Қорықтардың ұйымдастырылуына байланысты олардың санын реттеу дұрыс жолға қойылған.
Табиғи қорларды тиімді пайдалану. Қазақстандағы табиғи қорларды тиімді пайдалану республиканың даму болашағы үшін маңызы зор.Алайда аумақты игеруге қатаң табиғат жағдайларды кедергі келтіреді.Табиғи қорларды игеру мәселесі табиғатты қорғаудың түйінді мәселелерін де туғызды.Табиғи қорларды игерудегі жіберілген қателіктер табиғаттың қай қоры болмасын таусылмайды деген жаңсақ ұғымның үстем болуына байланысты болды.Осының салдарынан табиғаттағы тепе - теңдік бұзылды.Мұны су қорын пайдалану мысалынан айқын көруге болады.
Республика үшін су қорын тиімді пайдаланудың маңызы зор.Өйткені дамып келе жатқан өнеркәсіп пен суармалы егіншілік алқаптарының ұлғаюы суды көп қажет етеді.Еліміздегі қазір қалыптасқан экологиялық жағдайда өзен суының ластанып немесе құмға сіңіп,ысырап болып жатқаны белгілі.Су қорларының дұрыс пайдаланылмауы,адамның шаруашылық әрекеті нәтижесінде су режимінің өзгеруі өз кезегіндегі табиғаттың басқа компонентерінің өзгеруіне әкеп соқты.Оңтүстік Қазақстанның күріш егістіктерінде осындай қателіктер әсерінен топырақ құнарлы қабатынан айырылып,сортаңданды.Топырақтағы өзгерістер өсімдік жамылғысының түрлік құрамына,таралуына кері әсерін тигізді.Бұл тізбектегі өзгерістер тұтас бір аймақты экологиялық апат аймағына айналдырды.Сонымен тамиғат ерекшеліктерін ескермегендіктен,су қорларын халық шаруашылығына пайдалану мәселелерін әзірше дұрыс шешілмей отыр
Табиғатты тиімді пайдалану.Табиғатты қорғауды жүзеге асырудың негізгі бағыттары. Табиғат корғаудың негізгі бағыттарын білу әрбір азаматтың міндеті болып саналады. Олардың негізгілерін қарастырамыз.
1. Жекелеген өндіріс орындары мен өнеркәсіптерді, агроэкологиялық кешендерді игеруде казіргі заманғы ғылым мен техника жаңалықтарын пайдалану. Өндіріске аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны енгізу.
2. Экологиялық заңдардың орындалуын үнемі кадағалау.
3. Ірі құрылыстарды, өнеркәсіп кешендерін т.б. объектілерді салуда экологиялық сараптама жасау.
4. Табиғи биоценоздарды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат қорларының кешенді пайдалануы
Жергілікті өлкенің географиялық ерешеліктері
Минералдық қорлар
Табиғи қорлар
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы
Дәрілік өсімдікті дайындауды ұйымдастыру
Табиғи ресурстарды пайдалануды және қорғауды мемлекеттік қорғау
Табиғат қорларын қайталап пайдалану
Табиғат қорларын кешенді пайдалану
Кеңес кезеңіндегі Қазақстанның географиялық және геологиялық зерттелуі
Пәндер