Перкуссия және аускультация әдістерінің тарихы
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Перкуссия және аускультация әдістерінің тарихы.
Орындаған: Абдихани Д.С.
Тобы: 310А ЖМ
Қабылдаған: Тасқынова М.А.
Шымкент 2018
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
* Перкуссия және аускультация әдістерінің тарихы
* Ішкі аурулар пропедевтикасындағы әдістер маңызы
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Науқасты тексеру әдістері -- белгілі бір ауруды танып білу үшін, аурудың әртүрлі белгілерін және ағзадағы өзгерістерін анықтау үшін қолданылатын клиникалық зерттеу әдістері.
Науқасты клиникалық тексеру әдістері:субъективті, объективті, зертханалық, аспаптық болып бөлінеді.
Науқасты объективті тексеру нәтижесінде алынған симптомдар диагнозды дұрыс қоюға өте маңызды. Объективті тексеру әдісі: қарау, сипап - сезу (пальпация), соққылау (перкуссия), тыңдаудан (аускультация) тұрады.
Перкуссия (латын тілінен per cutaneun - теріні ұру арқылы) әдісі Гиппократ заманында белгілі болғанымен, кеңінен қолданылмаған. Алғаш перкуссияның клиникалық зерттеудегі маңызына көңіл бөлген австриялық дәрігер Л. Ауэнбруггер (1722-1809) болатын. Оның латынша жазылған "Кеудедегі жасырын жатқан ауруларды адамның кеуде клеткасын соға отырып табуға болатын жаңа әдіс" трактаты 1761 жылы жарық көрген. Л. Ауэнбруггерді перкуссия әдісіне мына тарихи жағдай алып келген көрінеді. Оның әкесі мейрамхана иесі болған. Баласын шарабы бар бөшкелерден шарап альп келуге жұмсап отырған. Бөшкедегі шараптың көлемін анықтау үшін Леопольд бөшкелерді соғып қараған. Кейін, дәрігер болған шақта, осы әдіс оның есіне түсіп, оны өкпедегі жиналған су деңгейін анықтауда қолданған. Л. Ауэнбруггер сау өкпе мен өкпе эмпиемасы ауруы кезіндегі перкуторлық дыбыстарды салыстырған, "қолдың алақанын жазып, бір-бірімен бірікгіріп ұстаған саусақтарыңыздың басымен кеуде клеткасын жайлап, асықпай соғып қараған кезде, жүрек тондарының өзгеруі іштегі өзгерістер туралы мәлімет береді" деп жазған. Өкінішке орай ғалымның орасан маңызды еңбегі сол уақытта дұрыс бағаланбаған, елу жыл бойы клиникаларда қолданылмаған. Тек 1808 жылы, Л. Ауэнбруггердің дүниеден өтуіне аз ғана уақыт қалғанда, Наполеонның жеке дәрігері, француз клиницисі Корвизар оның еңбегін француз тіліне аударып, перкуссия әдісін жоғары бағалағаннан кейін клиникада кеңінен қолданыла бастаған. Корвизар перкуссияны тек қана өкпе ауруларын ғана емес, сонымен қатар жүрек дерттерін, аорта аневризмасын анықтау үшін пайдаланған. Ауэнбруггер ойлап тапқандай, саусақтарының басымен соғып перкуссиялау тікелей перкуссия деп аталады және ол осылай ұзақ уақыт қолданылып келді.
1827 жылы француз дәрігері Пиорри перкуссия әдісіне плессиметрді (рlеssо -- соғамын, metгоп -- өлшем) қолдануды ұсынған. Ол үшін кеудеге плессиметрді тығыз тақап қойып, үстінен саусақпен соғып отырған. Ауэнбруггер бойынша перкуссиялау кезінде кеуденің кең көлемінен мәлімет алынады, ал плессиметрдің көмегімен перкуссия жасаған кезде кеуденің аз көлемді шектелген бөлігінен, патологиялық үдерістердің орнын дәлірек анықтау мүмкіндігі туады.
Он төрт жыл өткен соң Винтрих (1841) арнайы перкуссиялық балға ойлап тауып, онымен плессиметрдің үстінен ұрып анықтауды қолдана бастаған. Жоғарыда айтылғандай, құрал-саймандардың көмегімен соғып қарау жанама перкуссия деп аталады. Кейінгі уақытта ғалымдар клиника жағдайында перкуссия әдісін одан әрі жетілдіруге тырысқан: әр түрлі аурулар кезіндегі перкуторлық мәліметтер салыстырылады, оның техникасы мен әдістемелерін жаңартады, плессиметр мен перкуссиялық балғаның әр түрлі пішіндері қарастырылып, түрлі материалдардан (ағаш, металл, піл сүйегі және т. б.) жасалады. Перкуссия әдісін дамытуға үлкен мән берілген себебі: рентген сәулелері ашылғанша ішкі ағзалардағы патологиялық өзгерістер тек қана физикалық, оның ішіңде, перкуссиялық әдістермен зерттелген болатын.
Кейін В. П. Образцов өзінің жаңа перкуссиялық әдісін ұсынады. Оны орындау үшін оң қолдың сұқ саусағын ортаңғы саусағының үстінен қайы-ра салып, зерттеу кезінде сұқ саусақты жылжыта түсіп, денеге соққы түсіреді. Образцов әдісі тікелей перкуссияға жатады және бұрынғы әдістерге қарағаңда дәлірек перкуторлық мәліметтерін алуға мүмкіндік береді.
Қазіргі кезде кеңінен тарағаны 1935 жылы Г. И. Сокольский ұсынған әдіс. Ол жанамалы перкуссиялық әдіске жатады, тек плессиметр мен балға қолданылмайды, соққы қол саусақтарымен жасалады. Әдетте сол қолдың ортаңғы саусағын денеге жанастырып (плессиметр ролінде), оң қолдың ортаңғы саусағымен (перкуссиялық балға ретінде) соғып отырады.
Бұл перкуссиялық әдістің артықшылығы: перкуторлық дыбысты құлағымызбен қабылдап қана қоймай, плессиметр-саусағымызбен қолдың астындағы айырмашылықтарды, ал балға саусақпен сол жердің серпімділігін сезіп отырамыз, сондықтан бұл әдіс пальпаторлық перкуссия деп те аталады. Бұл әдістің тағы бір артықшылығы -- ол құрал-жабдықтар іздемей-ақ, кез келген уақытта тексере беруге мүмкіндік туғызады.
Аурудың денесіне дәрігер саусағының соққысы тиген кездегі және соққы ауру денесіне қойылған қандай да бір затпен (плессиметрмен) ақырындап жүзеге асырылатын перкуссиялауды ажыратады. Науқастың денесіне қойылған плессиметр ретінде тығыз материал (металл, шыны) немесе дәрігердің екінші қолының саусағы қолданылады. Соққы арнайы перкуссиялық балғамен де жүзеге асырылады. Тікелей перкуссияның келесі кемшіліктері мынадай:
- жасалған соққы энергиясының көп бөлігі дененің жұмсақ қабатынан өтетіндігінен, перкуторлық дыбыс өте әлсіз шығады;
- кей жағдайда науқас жағымсыз әсер алады, тіпті, ауырсынады, сондықтан, саусаққа саусақ перкуссиясын жасаған дұрыс (кез келген денеге соққылар жасаған кезде кеуде бөлігі тербелмелі қозғалыста болады).
Перкуссияның негізіне физикалық құбылыстар жатады. Денені қарау кезінде оның тепе-теңдік күйі бұзылып, теңселмелі қозғалыстар жасай бастайды және олардың амплитудасымен, ұзақтығына қарай әр түрлі дыбыс толқындары түрінде тіркеуге болады. Қатты денеге соққы тиген кездегі теңселмелі қозғалыстар ауаға не басқа ортаға беріледі де, біздің құлағымызға дыбыс болып жетеді. Белгілі шарттар (дененің біркелкі құрамы, пішіні) орындалған кезде бұл денеде дұрыс тербелістер туындайды, оны таза тон деп атайды. Алайда, денеде басқа жағдайлар жиірек кездеседі: негізгі дұрыс тербелістермен қатар қосымша тербелістер де пайда болады; соңғысының жиілігі негізгі тербелістер жиілігіне бөлінеді; мұндай кездегі дыбыс музыкалык тон болып есептеледі. Қалыпты жағдайда ауалы ағзалардан (өкпе, асқазан-ішек жолдары, көмекей, ауыз қуысы) ашық дыбыс шықса, ауасы жоқ ағзалар мен тіндерден (жүрек, бауыр, талақ, бұлшық еттер, тері, май қабаты) жәй (тұйыкталған не тұйық) дыбыс естіледі. Перкуторлық дыбыстың ұзақтығы (тұйықталған немесе тұйық дыбыс). Перкуссия кезінде дыбыс күштілігінен басқа тағы бір мән беретін жағдай, ол оның дыбыс ұзақтығы. яғни тербелмелі дыбыс қозғалыстары тез өшіп, оның ұзақтығы азаяды. Осылайша өкпе тінінде тығыздалу ошағы пайда болғанда (өкпе туберкулезі, өкпе қабынуы, өкпе инфаркті) перкуторлық дыбыс тұйықталған және қысқа, ал, іш және плевра қуысында сұйықтық жиналған шақта бұл дыбыс тұйық және қысқа болады.
Перкуссия кезінде жоғарғы нәтижеге қол жеткізу үшін келесі ережелерді ұстанамыз:
- плессиметр ретінде сол қолдың сұқ саусағы немесе ортаңғы саусағын қолдану қажет;
- перкуторлы соққы оң қолдың ортаңғы саусағының соңғы фалангасының жұмсақ әсерінен плессиметриялық саусақтың бөліктері арасындағы буынның үстіңгі жағынан соғылады;
- плессиметриялы саусақты зақымдап алмас үшін соққы жасалатын саусақтың тырнағы қысқа болуы керек;
- плессиметриялы саусақ науқас денесіне алақанымен тығыз қойылуы керек, бірақ өте қатты емес (қатты қойылған жағдайда перкуторлық дыбыс тереңге емес, жан-жаққа жайылып кетуі мүмкін, бұл кері әсер береді);
- дәрігердің қолдары жылы әрі құрғақ болуы керек, ал бөлме жылы, тыныш болуы керек;
- перкуторлы соққы жеңіл әрі біркелкі дәрежеде болуы қажет. Ол үшін шынтақ, иық буындарын емес, білезік буынын ғана қозғалту керек.
Кеуде бөлігін перкуссиялаудың екі мақсаты бар: өкпе жасушасында патологиялық процестердің дамуы перкуторлық дыбыстың өзгерісінен анықталады (салыстырмалы перкуссия) және өкпе шекарасын анықтау үшін (топографиялық перкуссия) қолданылады.
Өкпенің салыстырмалы перкуссиясын жасағанда перкуторлы дыбыс қандай да бір симметриялық гетеролатералды бөліктеріндегі дыбыспен біркелкі болады. Перкуторлы дыбысты көрші бөлікте сол жағында салыстыру (гомолотеральді) тиімді емес, өйткені, біріншіден өкпенің көлемінің төмен кеңеюінен перкуторлы дыбыстың қасиеті қалыпты жағдайда да айырмашылығы болады, екіншіден, перкуторлы дыбыстың қасиетінің бір өкпеде өзгеруіне байланысты сол өкпенің көрші бөлігінде патологиялық өзгерістердің жоқтығы айқын емес. Плессиметр саусағы қатаң түрде қабырғалардың аралығына қойылады, себебі дауыс анық естілуі тиіс. Перкуссия жасағанда плессиметр саусағымыз тек бұғананың үстіне қойылмайды және өкпенің жүрек орналасқан шекарасына салыстырмалы перкусия жасалмайды. Жауырын аралығына және қолтық астындағы аймақтарына перкуссияны ыңғайлы жүргізу үшін науқас қолдарын айқастырып басының артқы бөлігіне немесе кеудесіне сәйкес етіп қояды.
Перкуторлы дыбыс терең жасалған сайын, дауысы анық естіледі. Әлсіз соққы көбінесе кеуде торына жасалынады. Күші орташа соққы 4-5 cм-ге дейін жетеді, ал қатты соққы 6-7 см, бұл дене тұрпаты нормостеникалық емделушілер үшін сай болып табылады. Салыстырмалы перкуссия жасар алдында емделушінің дене тұрпатын және бұлшық еттерінің даму дәрежесін, тері асты майларын қарап, перкуссияны соған лайықты тереңдікпен жасау керек.
Салыстырмалы перкуссия кеуде бөлігінің алдыңғы шекарасынан басталады. Біріншіден, плессиметр саусағымызды бұғана үсті шұңқырына, кейінірек бұғананың өзіне қойып (бұл кезде плессиметрдің жұмысын бұғана өзі атқарады), ал кейінірек қабырға аралығына өкпенің төменгі бөліктеріне дейін жасала береді. Салыстырмалы перкуссия жасау барысында, кеуде мен бұғана маңында ол сол жақта 4-ші қабырғаға дейін жасалады, себебі, жүрек орналасқан шекарадан перкуторлы дыбыстың өзгергені байқалады. Перкуссия оң жақта осы сызықтармен төмен қарай жасалып отырады. Кейін кеуденің артқы бөлігіне перкуссия жасалады. Ол кезде плессиметр саусақ жоғарғы жауырын кеңістігіне параллель, көлденең, ал жауырын аралықтарына вертикаль қойылады. Жауырын бұрышынан төмен саусақты қабырға аралықтарына көлденең қояды.
Адамның есту сезімі жақсы дамығандықтан, құлаққа жұмсақ дыбысты да жақсы естиді. Перкуторлы дыбыс симметриялы шекараларда бірдей болуы тиіс. Кеуде тұсының төрт бөлігінде тіпті, қалыпты жағдайларда да перкуторлы дыбыс әр түрлі естіледі. Перкуторлы дыбыс қысқа және бәсең естіледі:
- оң жақ өкпенің жоғарғы ұшында, себебі, оның көлемі сол жақ өкпенің ұшынан азырақ;
- сол жақта екінші және үшінші қабырға аралығында, өйткені, жүрек жақын орналасқан;
- оң жақ қолтық астында, бауырдың жақын орналасуына байланысты;
- өкпенің жоғарғы шекарасында төменгі шекараларымен салыстырғанда дыбыстың әр түрлі болуы, өкпедегі ауа көлеміне байланысты;
Перкуторлы дыбыстың тұйықталуы әр түрлі себептерден болады:
- Плевра қуысына сұйықтықтың жиналуынан, егер сұйықтықтың көлемі 6 см кем емес болса, онда перкуторлы дыбыс әлсіз болады. Жұқа қабатты сұйықтық қатты перкуссия жасағанда білінбеуі мүмкін, бірақ әлсіз перкуссия арқылы оңай анықталады.
- Өкпе тінінің тығыздалуы (пневмония, пневмосклероз, өкпенің қатерлі ісігі, толық компрессионды немесе обтурациялық ателектаз, өкпе ісінуі, өкпе қуысының қақырықпен толуы);
- Плевра жапырақшасының қалыңдауы плевритпен сырқаттанғаннан кейін байқалады.
Тимпаникалық перкуторлық дыбыс түрі анықталады:
- Өкпе эмфиземасында;
- Өкпе ателектазының алғашқы сатысында (перкуторлы дыбыстың өзгеруі екі қарама-қарсы әсер етуші факторларға байланысты: ауаның азаюымен өкпе ұлпаларының тығыздалуына, бұл перкуторлы дыбысты анық естіртпейді, және алвеолалардың қабырғаларының кернеуі азайғанда тимпаникалық дыбыстың пайда болуына).
- Бронхоэктазда (бронхтар кеңеюінің шектелуінде);
- Крупозды пневмонияның алғашқы сатысында: экссудат альвеолалар ішін толық толтырмай, олардың қабырғасына сіңуіне байланысты, олардың кернеуін төмендеткенде;
- Өкпе ісінуінің бастапқы сатысында;
- Пневмоторакста;
- Экссудат альвеолалар ішін толық толтырмағанда.
Пневмоторакста және ауа ұстайтын қуыстарда перкуторлық дыбыс металдық дыбыспен сипатталады, оның пайда болуынабірнеше шарттар қойылады: ауа ұстайтын қуыстың беткей орналасуы, көлемі үлкен, қабырғалары тегіс және қысқа ширыққан, үстіндегі тығыз орта ашық болуы керек. Металдық дыбысты анықтау үшін, металл заттарды қолдану арқылы, металл плессиметрдің үстінен перкуссиялаймыз.
Винтрих симптомы - ауасы бар қуыста тимпаникалық дыбыс естіледі, олнауқастың аузын ашқанда күшейеді, жапқанда бәсеңдейді. Осы симптомды анықтау үшін, белгілі бір бөлікті бінеше рет перкуссиялаймыз және науқастың аузын ашып, жабуын сұраймыз.
Фридрайх симптомы - тимпаникалық дыбыс ауасы бар қуыста тынысты ішке алғанда жоғарылап, шығарғанда төмендейді.
Герхардт симптомы - тимпаникалық перкуторлық дыбыс сопақша қуыстарда ауамен қатар сұйықтық болса, науқастың денесінің қалпына байланысты өзгереді.Көп ауа жиналғанда, сұйықтық қуыстың төменгі жағына жиналады. Перкуторлық дыбыстың жоғары болуы, қуыстың ішінде ауа жиналу диаметрінің аз толуына, ал төмен болуы осы диаметрдің көлемді болуына байланысты.
Жарты ай пішінді Траубе кеңістігі - сол жақ кеуде бөлігінің алдыңғы-төмен бетінде орналасқан тимпаникалық дыбыстың аймағы (асқазан қабының сол жақ қабырға доғасына проекциясы). Траубе кеңістігі оң жақта бауырдың сол жақ бөлігімен, жоғары жағында - сол жақ өкпенің төменгі шетімен, сол жақтан - көк бауырдың алдыңғы шетімен, төменінде - сол жақ қабырға доғасымен шектелген. Траубе кеңістігінің кеңеюі мен кішіреюінің диагностикалық маңызы бар. Бірінші жағдайда асқазандағы газ көпіршіктерінің көлемінің үлкеюі аэрофагия салдарынан туындаған (өңештің декомпенсацияланған стенозы) Траубе кеңістігінің кішіреюі асқазандағы газды көпіршіктердің кішіреюінің немесе сол жақ өкпенің плевра қуысында сұйықтықтың жиналуы нәтижесінде перкуторлық соққы асқазанның газды көпіршіктеріне жетпеуінен болуы мүмкін.
Перкуссия әдісімен әр түрлі мүшелердің шекарасын және оның көлемін анықтайды, көршілес жатқан мүшелерді бір-бірінен айыруға болады, ол мүшенің тығыздығына байланысты (біреуінің құрамында ауа кездеседі де, ал екіншісінде ауа болмайды). Мысалы: өкпе мен бауырдың, өкпе мен жүректің шекарасын нақты анықтауға болады, бірақ бауыр мен жүректің, болмаса асқазан мен ішектердің шекарасын анықтай алмаймыз. Топографиялық перкуссияның анық естілуі перкуторлық соққының күшіне байланысты. Перкуторлық соққы жасай отырып, мүшенің қандай тереңдікте орналасқанын анықталады (оң жақ өкпенің төменгі шеті бауырмен шектелген, яғни беткей орналасқан, жүректің оң жақ шеті өкпенің оң жақ тұсымен жабылған). Өкпе конус пішінді болғандықтан, кеуде клеткаларын жоғарыдан төмен қарай күшті перкуссиялау нәтижесінде перкуторлы дыбыстар кезекпен өзгереді: өкпелік ашық (өкпенің үстінде), салыстырмалы тұйықталған (өкпенің төменгі бөлігі бауырдың жоғары бөлігін жабады), абсолютті тұйық (өкпенің төменгі шекарасы, бауырдың үсті). Осы кезектесіп ауысатын перкуторлық дыбыстар үнемі естілмейді, сондықтан топографиялық перкуссияның дәлдігі төмендейді. Алайда әлсіз перкуссия жасағанда ауаның азғана көлемі тербелісте болады, сондықтан перкуторлы дыбыс бүкіл өкпенің тұсынан анық болып естіледі, тек қана өкпеден тыс абсолютті тұйық болады. Өкпенің топографикалық перкуссиясында әлсіз соққы қолданылады, плессиметр саусақты төмен қарай тұйық дыбыс пайда болғанша перкуссиялайды. Осы уақытта шымыр адамдарда перкуторлы соққы күшейеді, ал балаларда әлсірейді.
Адамның құлағы ашық дыбыстың тұйық дыбысқа ауысқанын ажырата алатындықтан, керісінше емес, сол бағыт бойынша перкуссиялайды.
Өкпенің жоғары шекарасының топографиялық перкуссиясын алдынан бастайды. Саусақты - бұғана үсті ойығына орнатамыз және ақырындап жоғары 1-2 см жылжытамыз, төс бұғанасындағы емізікше бұлшықетінің сыртқы жағынан тұйық дыбыс пайда болғанша перкуссиялаймыз. Перкуторлық дыбыс өзгергенде, саусақтың ашық дыбыс шыққан бетінен белгі қоямыз. Қалыпты жағдайда өкпе ұшы бұғанадан 3-4 см жоғары орналасқан. Содан кейін өкпе ұшын кеуденің артқы жағынан анықтау үшін плессиметр саусақты жауырынның жота өсіндісінен 3-4 см VII мойын омыртқасына қарай бағыттап, перкуссиялаймыз. Қалыпты жағдайда өкпе ұштарының бұл шекарасы VII мойын омыртқасының өсіндісіне тура келеді.
Перкуссия әдісімен әр түрлі мүшелердің шекарасын және оның көлемінанықтайды, көршілес жатқан мүшелерді бір-бірінен айыруға болады, ол мүшенің тығыздығына байланысты (біреуінің құрамында ауа кездеседі де, ал екіншісінде ауа болмайды). Мысалы: өкпе мен бауырдың, өкпе мен жүректің шекарасын нақты анықтауға болады, бірақ бауыр мен жүректің, болмаса асқазан мен ішектердің шекарасын анықтай алмаймыз. Топографиялық перкуссияның анық естілуі перкуторлық соққының күшіне байланысты. Перкуторлық соққы жасай отырып, мүшенің қандай тереңдікте орналасқанын анықталады (оң жақ өкпенің төменгі шеті бауырмен шектелген, яғни беткей орналасқан, жүректің оң жақ шеті өкпенің оң жақ тұсымен жабылған). Өкпе конус пішінді болғандықтан, кеуде клеткаларын жоғарыдан төмен қарай күшті перкуссиялау нәтижесінде перкуторлы дыбыстар кезекпен өзгереді: өкпелік ашық (өкпенің үстінде), салыстырмалы тұйықталған (өкпенің төменгі бөлігі бауырдың жоғары бөлігін жабады), абсолютті тұйық (өкпенің төменгі шекарасы, бауырдың үсті). Осы кезектесіп ауысатын перкуторлық дыбыстар үнемі естілмейді, сондықтан топографиялық перкуссияның дәлдігі төмендейді. Алайда әлсіз перкуссия жасағанда ауаның азғана көлемі тербелісте болады, сондықтан перкуторлы дыбыс бүкіл өкпенің тұсынан анық болып естіледі, тек қана өкпеден тыс абсолютті тұйық болады. Өкпенің топографикалық перкуссиясында әлсіз соққы қолданылады, плессиметр саусақты төмен қарай тұйық дыбыс пайда болғанша перкуссиялайды. Осы уақытта шымыр адамдарда перкуторлы соққы күшейеді, ал балаларда әлсірейді.

Кренинг кеңістігінің көлденең өлшемін анықтау үшін, плессиметр саусақты трапеция тәрізді бұлшық еттің ортасына перпендикулярлы орнатып, алдымен медиальды, одан кейін латеральді перкуссиялайды. Анықталған арақашықтықты сантиметрмен өлшейміз. Қалыпты жағдайда ол шамамен 4-8 cм құрайды.
Эмфизема кезінде өкпе ұшының көлемі үлкейіп, шекарасы жоғары қарай ығысады, Кренингалаңы кеңейеді. Өкпе ұшының тығыздалуы (пневмония, пневмосклероз, ісік) осы шекараларды төмен ығыстырып, Крениг кеңістігі кішірейеді.
Өкпенің төменгі шекарасының скелетотопиясы үшін анатомиялық бағдарларды қолданады (4-1 кесте). Перкуссия жасау әдеттегідей алдыңғы жақтан басталады. Плессиметр саусақты оң жақ екінші қабырғааралық төс маңы сызығы бойынша зерттелетін мүшеге қатаң параллель түрде төмен қарай тұйық дыбыс шыққанша перкуссиялаймыз. Осыған ұқсас тәсіл бойынша өкпенің төменгі шекаралары кестеде көрсетілген жол бойынша анықталады.
Өкпенің төменгі шекарасының төмен ығысуы өкпенің немесе онымен көршілес мүшелердің ауруларымен байланысты. Бұларға біріншіден, эмфизема, бронх демікпесі, пневмоторакс, созылмалы жүрек жетіспеушілігі, кіші қан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz