Регенерация үдерісінің реттелуі
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
Патологиялық анатомия және гистология кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Регенерация
Орындаған: Абдихани Д.
Тобы: 310А ЖМ
Қабылдаған: Байназаров Д.
Шымкент 2018
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
*
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Регенерация (латынша: regeneration - жаңғыру) - тіннің жойылған құрылымдық элементтерінің қалпына келуі (орнының толтырылуы). Биологиялық мәні жағынан регенерация - эволюцияда қалыптасқан, барлық тірі жүйелерге тән бейімделулік үдеріс. Организмнің қандайда болмасын тіршілік әрекетін қамтамасыз ету үшін құрылыстық субстраттың шығыны мен оның орнын толтыру қажет. Сөйтіп, регенерацияда тірі материя өздігінен жаңара өнуі тіршілік әрекеттері өздігінен реттеліп, автоматизмді жүзеге асырады деген қағиданы растайды (Давыдовский И.В., 1969).
Құрылымының жаңғыруы әртүрлі, яғни молекулалық, ультрақұрылымдық (субжасушалық) жасушалық, тіннік және мүшелік деңгейлерде жүзеге асуы мүмкін. Бірақ қалпына келу деп әр уақытта арнайы қызметін атқара алатын құрылымдардың қалпына келуі аталады. Регенерация - құрылым мен ол атқаратын қызметтің қалпына келуі. Регенерацияның маңызы - гомеостаздың құрылымдық негізін қамтамасыз ету.
Құрылым мен қызмет жасуша мен жасушадағы гиперплазиялық үдерістер арқылы жүзеге асады. Осы тұрғыдан, регенерация жасушалық және жасушаішілік нысандарға бөлінеді. Регенерацияның жасушалық нысанында жасушалар митоздық және амитоздық жолмен көбейсе, органоидтық та органоидішілік те бола алатын, регенерацияның жасушаішілік нысанында ультрақұрылымдар (ядро, митохондрия, рибосома, табақша кешен, т.б.) мен оның компоненттері көбейіп (гиперплазия), көлемі ұлғаяды (гипертрофия). Жасушаішілік нысан барлық мүшелер мен тіндерге тән, сондықтан ол регенерацияның әмбебап нысаны болып табылады.
Дененің жамылғы қабаттары үнемі тұтастығын сақтау қажет болғандықтан, тері мен кілегейлік қабықшалардың эпителийінде регенерация көбінесе жасушалық нысанда жүзеге асады. Ал, мидың пирамидалық жасушалар қабатының, жүрек бұлшықеті жасушаларының арнаулы қызметі зақымын жасушалық нысанда қалпына келтіруге мүмкіндік бермейді, сондықтан олардың субстраттарының регенерациясы тек қана жасушаішілік нысанда жүреді.
Морфогенезі. Регенерациялық үдерістің морфогенезі екі фазадан - пролиферация және толысу (дифференцировка) фазаларынан өтеді. Бұл фазалар, әсіресе регенерацияның жасушалық нысанында айқын. Пролиферация фазасында жетілмеген, жас жасушалар көбейеді. Ол жасушалар камбийлік (лат.: cambium - алмасу, түлек), түпкі жасушалар немесе ізашар жасушалар деп аталады.
Әр тіннің өзіне тән камбийлік жасушалары бар, олар көбейгіштік деңгейімен, атқаратын қызметімен ерекшеленеді.
Ал, толысу фазасында жас жасушалар жетіліп, арнаулы құрылымы мен қызметі қалыптасады. Ультрақұрылымдардың гиперплазиясының толысуға ұласуы жасушаішілік регенерацияның негізгі даму механизмі болып табылады.
Регенерация үдерісінің реттелуі. Регенерацияны гуморальдық, иммунологиялық, жүйкелік және қызметтік механизмдер реттейді.
Гуморальдық механизмдер зақымдалған мүшелер мен тіндердің жасушаларында ғана (тінішілік және жасушаішілік ретегіштер) емес, басқа жерлерде де (гормондар, поэтиндер, медиаторлар, өсу факторлары, ж.б.) жүзеге асып жатады. Гуморальдық реттегіштерге жасушалардың бөлінуі мен ДНҚ түзілуін тежейтін кейлондар (грекше: chalaino - әлсірету) жатады; олардың тінге арнаулы әсері бар.
Иммунологиялық механизмдер лимфоциттер тасымалдайтын регенерацияялық ақпаратпен байланысты. Сондықтан, иммунологиялық гомеостаздың механизмдері құрылымдық гомеостазды қамтамасыз ететінін ескерген жөн.
Жүйкелік механизмдер жүйкелік трофикаға қатысты болса, қызметтік механизмдер регенерацияның мүшелер мен тіндердің қызметін үдету қажеттілігіне сәйкес жүзеге асуын қамтамсыз етеді.
Регенерациялық үдерістің даму барысына бірқатар жалпы ме нжергілікті факторлар әсер етеді. Жалпы факторларға жас шамасы, қоректену ерекшеліктері, зат алмасу мен қанжасам жүйелерінің ахуалы, ал жергілікті факторларға тіннің инервациялануы мен қан- және лимфаайналымының жағдайы, жасушалардың көбею белсенділігі, патологиялық үдерістің сипаты жатқызылады.
Классификациясы. Регенерацияның физиологиялық, репарациялық және патологиялық деп аталатын үш түрі бар.
Физиологиялық регенерация дегеніміз, организмнің қалыпты тіршілік барысындағы ұлпалар мен мүшелердің жаңаруы. Организмдегі көптеген клеткалар мен ұлпалар бұзылып және қайта құрылып тұрады. Ол процесс көптеген факторлармен байланысты: клеткалар мен ұлпалардың қызмет мерзімімен, мамандану дәрежесімен, бұзғыш факторлардың әрекетімен және т.б.
Клетканың белсенді қызметі оның құрылымының бұзылуымен және энергия ресурсының әлсіреуімен бірге жүреді. Егер дифференцировка нәтижесінде клетка биосинтетикалық аппаратын жартылай немесе толық жоғалтса, онда ол жойылып кетеді. Клеткалардың жойылуының тағы да бір себебі - сыртқы физикалық немесе химиялық агенттердің тікелей бұзу әрекеті, өзінің немесе басқа клетканың метаболизм өнімдерімен улануы.
Физиологиялық регенерация 2 деңгейде өтеді:
1. Молекулалық-субклеткалық биосинтетикалық аппараттың көмегімен клетканың ішкі элементтерінің қайта қалпына келуі. Бұл деңгейде нерв ұлпасы жаңарады. Себебі нерв ұлпасының клеткалары бөліне алмайды.
2. Пролиферативтік регенерация - клетка бөліну арқылы жүреді. Көптеген ұлпаларда (мысалы дәнекер, эпителиалды) арнайы камбиалды клеткалар және олардың пролиферация ошағы болады (эпидермистің базалды қабаты, сүйектің қызыл кемігі, ішектің крипталары). Аталған ұлпалар клеткаларының арнайы мамандану нәтижесінде биосинтетикалық аппараты жойылған. Сондықтан клетка өзінің бұзылған структураларын жөндей алмайды да соңында өледі. Мысалы эритроцит 24 ай, ішек эпителиясының клеткасы 2 тәулік өмір сүреді. Регенерация нәтижесінде камбиалды клеткалар бөлініп, маманданып тұрады. Омыртқалылар эволюциясы барысында ұлпалар қызметінің жоғарылауына байланысты физиологиялық регенерациясының белсенділігі де артады.
Репарациялық, яғни қалпына келтіру деп аталатын регенерация жасушалар мен тіндерді патологиялық үдеріс орын алады. Репарациялық регенерация толық және шала түрде дамуы мүмкін.
Толық регенерация, немесе реституция - ақаулы жердің жойылған тінге ұқсас тінмен қалпына келуі. Ол көбінесе жасушалық регенерация басым тіндерде орын алады. Мысалы, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz