Дәрілік заттарды рецептімен босатуға жатқызу қағидалары



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
Фармокология, фармакотерапия және клиникалық фармакология кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: Дәрілік заттарды тағайындау ережелерін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар. Рецепт формалары. Дәрілік нысандарды тағайындау ережесі.

Орындаған: Абдихани Д.С
Тобы: 310А ЖМ
Қабылдаған:

Шымкент 2018
Жоспар
1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім:
* Дәрілік заттарды тағайындау ережелерін реттейтін негізгі нормативтік құжаттар.
* Рецепт формалары.
* Дәрілік нысандарды тағайындау ережесі.
3. Қорытынды
4. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Дәрілік заттар - биологиялық технологияны немесе синтез әдістерін қолдану арқылы профилактика, диагностика, ауруды емдеу үшін қолданылатын қаннан, қан плазмасынан, сонымен қатар адамның органынан, жануар немесе өсімдік кездемелерден, микроорганизмдерден, минералдардан алынатын заттар. Алыну жолы әртүрлі, өз нәтижесін сәтті көрсетумен қатар, жағымсыз әсерлеру болуы мүмкін болғандықтан олардың босатылуы мен тағайындалуы қатаң бақылауға алынады.

Рецепт- дәрігердің фармацевтке немесе дәріханаға қағаз жүзіндегі дәрілерді белгілі бір түрде науқасқа дайындап берілуі, онда дәрінің мөлшері мен қабылдау тәсілдері көрсетілген, жазбаша нұсқауы мен жолдамасы. Рецепт өте маңызды арнайы медициналық және заңдық құжат.
Рецептура бланктерінің түрлері, олардың қолданылуы және есепке алынуы, сонымен қатар рецептураға қатысты басқада сұрақтарды 2008 жылы 21 мамыр айындағы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің № 289(Құрамында наркотикалық, психотропты және оның прекурсорлары жоқ дәрілерге рецепт жазу және оларды дәріханадан босату ережесі туралы ережесі бойынша) бұйрығында көрсетілген. Осы бұйрық бойынша рецептура бланктерінің екі түрі бар:
* дәрілерді толық құнына беретін (кәдімгі бланк),
* дәрілерді жеңілдікпен беретін (жеңілдік бланк).
Дәрілер тегін келесі жағдайларда жазылып, босатылады:
* Ұлы Отан соғысы мен интернационалист ардагерлері мен мүгедектеріне,
* 3 жасқа дейінгі балаларға, көп балалы отбасылық балаларға 14 жасқа дейін,
* экологиялық аймақта тұратын зейнеткерлер мен мүгедектерге береді.
Келесі аурулармен ауыратын науқастар дәрілерді тегін алады:
* қатерлі ісік пен қан аурулары,
* қант диабеті,
* психикалық аурулар (І-ІІ топтың мүгедектері),
* мерез, туберкулез, алапес, ИЖПС, АИВ-инфекциясы.
Наркотикалық және улы дәрілерді жазып беретін (ресми бланк) бланкты толтырған, соңында дәрігердің қолы, жеке мөрі мен мекеменің мөрі болуы керек. Содан кейін оны тиісті есеп журналға тіркеуі қажет.
Дәрі-дәрмектерді рецептте жазудың бірнеше түрлері бар:
1. Официнальды немесе ресми (латын тілінде officina - дәріхана) өндірісте шығарылатын, тұрақты құрамы бар, фармакопея мақалаларында келтірілген дәрілік заттар.
2. Магистральды (латын тілінде magister - оқытушы) дәрігердің нұсқауы бойынша жасалатын дәрілер.
Сонымен қатар, рецепттің жазылу мынандай болады:
1. Қарапайым, емдік әсері бар бір препарат жазылады.
2. Күрделі - емдік әсер бар бірнеше препараттар
3. Қысқартылған түр.
4. Кең түрдегі.
5. Мөлшерленген және мөлшерленбеген.
Дәрігердің жадынамасы
1. Алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектісінің шифры баспаханалық тәсілмен басылады немесе мөртабан қойылады.
2. Рецепт шарикті қаламмен латын тілінде, анық, түсінікті жазылады, түзетуге тыйым салынады.
3. Бір бланкіге жазылып берілуі мүмкін:
а) құрамында 8 - оксихинолиннің туындылары, улы заттар, гормондық стероидтер, клонидин, анаболикалық стероидтер, Тізімнің III, IY Кестелерінің есірткі, психотроптық заттары мен прекурсорлары бар бір дәрілік зат;
б) қалған дәрілік заттарға бір, екі дәрілік зат.
4. Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы көтерме және бөлшек саудада өткізу қағидаларында қабылданған рецептуралық қысқартуларға ғана рұқсат етіледі.
5. Қатты, сусымалы заттар грамда (0,001; 0,02; 0,3; 1,0), сұйық заттар - миллилитрде, грамдар мен тамшыларда жазылып беріледі.
6. Қолдану тәсілі мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жазылады
7. Ішке, Сыртқа, Белгілі және басқа да жалпы нұсқаулармен шектеуге рұқсат етілмейді.
8. Рецептіні толтырған кезде (ересекке арналған, балаға арналған) қажеттісінің астын сызу керек.
9. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында жазылып берілген рецептілер республиканың барлық аумағында:
а) құрамында 8 - оксихинолин туындылары, улы заттар, гормондық стероидтер, клонидин, анаболикалық стероидтер бар дәрілік заттар жазылып берілген күнінен бастап - 10 күннің ішінде;
б) тұрақты (ұзақ) емдеуді қажет ететін науқастарға (а) тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда) - үш айға дейін жарамды. Бұл ретте Арнайы тағайындалған деген жазудың және дәрілердің дәріханадан, дәріхана пунктінен босату мерзімдері (апта сайын немесе ай сайын) асты сызылып, рецептіні жазып берген дәрігердің қолымен және оның жеке мөрімен бекітіледі;
в) қалған рецептілер жазып берілген күнінен бастап бір айға дейін жарамды.
10. Дәрігердің қолы оның жеке мөрімен расталуы тиіс.
11. Алғашқы медициналық-санитариялық көмек объектісінің лауазымды тұлғасы және жеке медициналық практиканы жүзеге асыратын жеке тұлға құрамында психотроптық заттар бар дәрілік заттарды алуға арналған рецептіні өзінің қолымен және ұйымның мөрімен (жеке медициналық практиканы жүзеге асыратын жеке тұлғаның) мөрімен растайды.
12. Фельдшерлік-акушериялық пункттің меңгерушісі құрамында психотроптық заттар бар дәрілік заттарды алуға арналған рецептіні өзінің қолымен және фельдшерлік-акушериялық пункттің мөрімен растайды.
13. Ауылдық елді мекендердегі пункттерде, дәрігерлер болмаған жағдайда, рецептілер науқастарды амбулаториялық қабылдауды жүргізетін орта медициналық білімі бар қызметкер жазып береді.
14. Стационарлық жағдайда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсетуге арналған дәрілік заттарға рецептілерді жазуға рұқсат етілмейді.
15. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ұйымдарында тегін немесе жеңілдікпен босатылатын дәрілік заттар республиканың әкімшілік - аумақтық бірлік шегінде (аудан, қала, облыс), олар жазып берілген күнінен бастап 10 күн ішінде жарамды.
16. Тегін босатылатын рецептіні толтырған кезде қажеттісінің астын сызып немесе жеңілдікпен босатылатын рецептіні толтырған кезде қажеттісінің астын сызып және жеңілдіктердің пайызын көрсету керек.
Рецептің құрылысы. Рецепте рецептің жазылған күні (куні, айы, жылы); науқастың тегі, аты-жөні; дәрігердің тегі, аты-жөні көрсетіледі. Рецепте дәрігердің фармацевтке жазған үндеуі латын тілінде Rесре: (Rр.:), яғни Ал\ сөзімен басталып, дәрілік түрдің атауы, дәрілік заттың атауы мен оның мөлшері ілік септігінің жекеше түрінде (кейде табыс септігінде) жазылады. Егер науқастың жағдайы ауыр болса және тез арада дәрілік көмек керсету қажет болса, онда дәрігер рецептің жоғарғы оң бұрышына Сіtо!, (тез!) белгісін қояды. Мұндай рецептер бойынша дәрі-дәрмектер тез дайындалып, кезектен тыс босатылады. Жазылымның қысқартылған және толық түрі бар. Рецепте жазылымның қысқартылған түрінде бірінші дәрілік түрдің атауы, дәрілік заттың атауы, концентрациясы мен мөлшері көрсетіледі. Ал жазылымның толық түрінде дәрілік препараттың қүрамына кіретін дәрілік заттардың барлық ингредиенттердің атауы мен мөлшері көрсетіледі.
Дәрілік заттардың мөлшері ондық өлшеу жүйесіндегі цифрлармен грамда көрсетіледі:
# 1,0 - 1 грамм немесе 1000 мг
# 0,1-1 дециграмм немесе 100 мг
# 0,01 - 1 сантиграмм немесе 10 мг
# 0,001 - 1 миллиграмм
# 0,0001 - 1 дицимиллиграмм немесе 0,1 мг
# 0,00001 - 1 сантимиллиграмм немесе 0,01 мг
# 0,000001 - 1 микрограмм иемесе 0,001 мг
Дәрілерді қолдануға ыңғайлы болу үшін және шикі заттарға дұрыс қолайлы түрдің берілуімен, қалыптасқан ресми түрінде шығарылатын дәрілік түрлер болады. Сондықтан жалпы дәрілердің 5 түрі болады:
* Қатты дәрілік түрлер: ұнтақ, таблетка, драже, капсула және т.б.
* Жұмсақ дәрілік түрлер: май, паста, балауыз және т.б
* Сұйық дәрілік түрлер: ерітінді, эмульсия, суспензия, тұнба, қайнатпа, тұндырма, сығынды, микстура, экстракт, линимент және т.б.
* Егуге арналған дәрілік түрлер: ампула мен флакондарда шығарылатын сұйық және ұнтақ түріндегі дәрілер.
* Басқада дәрілік түрлер: баллондағы аэрозольды, көз қапшықтары және т.б.

Дәрілік заттарды рецептімен босатуға жатқызу қағидалары
1. Осы Дәрілік заттарды рецептімен босатуға жатқызу қағидалары дәрілік заттарды рецептімен босатуға жатқызу тәртібін айқындайды.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (бұдан әрі - мемлекеттік орган) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласындағы сараптама ұйымының (бұдан әрі - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәрілер технологиясының міндеттері
Фармацевтикалық кеңес беру
Дәрілік заттар
Ригла - XXI ғасырдың дәріханалық желісі
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕН БАСҚАРУ
Денсаулық сақтау саласындағы аккредиттеу
Жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдар
Сапаны бақылау әдістері
Мутациялық өзгергіштік және адамның тұқымқуалайтын аурулары. Фармакогенетика негіздері
Дайындалған дәрілік препараттарға дәріханаішілік бақылау жүргізу қағидалары
Пәндер