Кеуде қуысының зақымдалуында пайда болатын негізгі клиникалық синдромдар (Пневмоторакс)


Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
Хирургиялық пәндер кафедрасы
Реферат
Тақырыбы: Кеуде қуысының зақымдалуында пайда болатын негізгі клиникалық синдромдар (Пневмоторакс)
Орындаған: Абдихани Д. С.
Тобы: 310А ЖМ
Қабылдаған: Рамазанов Ж. А.
Шымкент 2018
Жоспар
- Кіріспе
- Негізгі бөлім:
- Пневмоторакс
- Жіктелуі
- Себептері
- Диагностикасы
- Алғашқы көмек
- Емдеу
- Қорытынды
- Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Плевра қуысы - өкпенің сыртқы бетінің және кеуде қуысының ішкі бетінің арасындағы кеңістік. Әдетте, бұл өте жұқа қуыстар, оларда сұйықтықтың аздаған мөлшері бар.
Пневмоторакс - өкпенің плевралық қуысында ауаның немесе газдың жиналуы (оттегі, көмір қышқыл газы) . Ауаның мұндай жиналуы өкпеге қысым түсіруге апарады, нәтижесінде ағза тыныс алған кезде қалыпты жағдайда болатындай кеңейе алмайды.
Пневмоторакс - бұл өкпе мен кеуде қабырғасының арасындағы плевра қуысында ауаның болуы. Бұл кезде өкпенің ішкі бөлігінен өкпе мен кеуде қуысы арасындағы кеңістікке ауаның өтуі орын алады, ол өкпенің немесе кеуде қабырғасының зақымдануы нәтижесінде пайда болады. Мұндай үрдіс өкпенің коллапсына (түсуіне) апаруы мүмкін.
Пневмоторакс түрлері
- Шектелген пневмоторакскезінде өкпенің 1\3 бөлігінен аз көлемі бүрісіп кішірейуі.
- Орташа пневмоторакс- өкпенің 1\3 -нен 1\2 бөлігіндей көлемі бүрісіп кішірейеді.
- Тұтас пневмоторакстаөкпе қалыпты көлемінің тек жартысындай ғана болады немесе толығымен бүрісіп кішірейіп қалады.
Жіктемесі
- Түрлеріне қарай
1. Ашық пневмоторакс.
2. Жабық пневмоторакс.
3. Күштемелі (клапанды) пневмоторакс.
- Шығу тегіне қарай
1. Біріншілік - өкпе ауруларының клиникалық көрінісінсіз. Жиі бойы ұзын, 20-40 жас шамасындағы ер адамдарда кездеседі. Темекі тарту 22 есе қауіп төндіреді.
2. Екіншілік - өкпе ауруларының фонында туындайды.
- Таралуына байланысты
1. Жайылған;
2. Жергілікті.
- Асқынудың бар-жоғына байланысты
1. Асқынбаған;
2. Асқынған (қан кету, плеврит, медиастинальді эмфизема) .
Себептері
Бұл жағдай адамның кеуде қуысына оқ немесе пышақ тигенде, қабырға зақымданғанда немесе хирургиялық араласу кезінде байқалады.
Өкпе коллапсының пайда болу қаупі өкпенің келесі ауруларында артады:
- Астма
- ХОБЛ (өкпенің созылмалы обструктивті ауруы)
- Муковисцидоз (тұқым қуалайтын ауру)
- Туберкулез
- Көкжөтел
Сирек жағдайда өкпенің ішінара коллапсы себепсіз өтеді. Бұл жағдайда плевраның және өкпенің тұтастығының кенеттен бұзылуы, ауаның өкпеден плевра қуысына өтуі байқалады. Бойы ұзын, арық адамдарда, сондай-ақ, темекі шегетін адамдарда өкпенің ішінара коллапсы жиірек кездеседі.
Қауіп-қатерлі факторлар
- өкпе туберкулезі;
- туа пайда болған поликистоз;
- бронхоэктаздық ауру;
- өкпенің іріңді аурулары;
- өкпенің созылмалы обструктивті ауруы;
- астматикалық статус;
- ЖИТС;
- қатерлі ісіктер;
- темекі шегу.
Симптомдары
- Аурудың жиі кездесетін симптомдары:
- Кеудедегі жіті ауырсыну, терең тыныс алғанда немесе жөтелгенде күшейеді
- Ентігу
- Таралған пневмоторакстың (өкпенің маңындағы үлкен бөлікті қамтитын пневмоторакс) күрделі симптомдары болады:
- Қандағы оттегінің жеткіліксіздігі салдарынан терінің көкшілденуі (цианоз)
- Кеуденің қысылу сезімі
- Шаршау
- Жүрек соғуының жиілеуі
- өкпенің ішінара коллапсы кезінде пайда болуы мүмкін басқа симптомдар:
- Мұрын ұшының кеңеюі
Жабық пневмоторакс
Бұл кезде плевралық қуыс сыртқы ортамен байланыспайды жəне жарақат кезіндегі өткен ауа көлемі көкірек экскурсиясында өзгермейді.
Ашық пневмоторакс
Бұл жағдайда плевралық қуыс сыртқы ортамен байланыста болады. Дем алу кезінде плевралық қуысқа ауа қосымша кіріп тұрады, ал дем шығару кезінде сол көлем қайта шығады. Ашық пневмоторакс кезінде плевралық қуысқа ауа жиналуы болмайды. Бұл жағдайда пародоксальды тыныс пайда болады дем алу кезінде жарақат болған жақтағы өкпе бүрісіп кішірейеді, ал дем шығарғанда керіледі. Мұндай кезде ауаның өкпеде маятник тəрізді жылжуы болады, дем алу кезінде жарақат болған жақтағы ауа сау өкпеге өтеді, ол дем шығарғанда қайтадан сау өкпеден жарақаттанған өкпеге өтеді. Плевраішілік қысымның өзгеріп көкірекортаның флотациялануын туындатады.
Клапаншалы пневмоторакс
А) Сыртқа дем шығару кезінде плевра қуысының сыртқы ортамен байланысуы азаяды жəне мүлдем тоқтайды, өйткені аралық қақпақша тəрізді жауып қалады. Əр дем алған сайын плевралық қуысқа ауа көбірек кіреді, ал дем шығарғанда аз шығады. Осыдан плевралық қуысқа ауа жинала береді. Əр дем алу актісінде өкпенің кернелуі артып көкірекорта қарама-қарсы жаққа қарай ығысады. Соның салдарынан сау өкпе қысылады. Үдемелі плевраішілік қысымнан ауа жұмсақ тінге өтіп теріастылық эмфизема дамиды.
Б) Ішкі қақпақша өкпелік тінде орналасады, плевралық қуыс сыртқы ортамен бронхылар арқылы байланысады. Əр дем алу актісінде ауа плевралық қуысқа өкпенің зақымданған бөлігінен енеді, ол дем шығару кезінде толығымен немесе жартылай плевралық қуыста қалып отырады. Ауаның плевраға жиналу механизмі сыртқы қақпақшалы пневмоторакстағыдай болады. Біртіндеп плевраішілік қысымның күшеюі соншалық, атмосфералық қысымнан да жоғары болып кернеулі пневмоторакс дамиды.
Диагностика
- Аускультациия кезінде (фонендоскоптың көмегімен өкпені тыңдау) пневмоторакс жағында тыныс алудың болмауы немесе әлсіреуі анықталады. Сондай-ақ, науқаста төмен артериалдық қысым байқалуы мүмкін.
- Артериялық қанның газдық құрамын талдау - қандағы газдың мөлшерін анықтау арқылы тыныс алу қызметін бағалаудың аса дәл әдісі (оттегіні, көмір қышқыл газын) . Пневмотораксқа шалдыққан адамдарда әдетте, оттегінің деңгейі төмен, ал көмірқышқыл газының деңгейі - жоғары.
- Кеуде қуысының рентгенографиясы. Зақымданған өкпенің суреті сау жаққа қарағанда ашық түсті және кішірек.
Алғашқы жәрдем
Пневмоторакс кезінде жедел жәрдем келгенге дейін кеуде қуысының ашық жарасына өтпейтін, герметикалық таңғышты тарту қажет. Ол үшін клеенканы, полиэтилен пленканы, қалың мақта-дәке таңғышты қолдануға болады.
Емдеу
- Шағын пневмоторакс кезінде оттегі және демалыс қажет болады.
- Күрделі жағдайда өкпе жеңіл жайылып, жазылуы үшін дәрігер пункция жасайды (өкпе маңайындағы ауаны жою үшін инемен тесу, бұғанаорта сызығымен 2-3 қабырға аралықта) .
- Науқаста өкпенің ауыр ішінара коллапсы байқалса, қабырға мен өкпе арасындағы аумаққа арнайы өкпе түтігі енгізіледі, ол артық ауаны шығарып, ағзаның жайылып, жазылуына мүмкіндік береді, бұл жағдайда ауруханаға жату қажет болады. Өкпе түтігін науқастың организмінде бірнеше жылға қалдыруға болады.
- Кейбір жағдайда пневмотораксты емдеу және аурудың қайталануының алдын алу үшін хирургиялық көмек қажет болады. Ауасы шығатын аумақты бітеу қажет, бұл жағдайда қуысты арнайы химиялық заттекпен толтырады, бұл тіннің тыртықтануын үдетеді. Бұл процедура плевродез аталады.
- Есінен танғанда, қан айналымы немесе тыныс тоқтағанда жүрек-өкпе реанимациясы жүргізіледі, бірақ тек алдын-ала плевральді декомпрессиясынан кейін.
- Гипоксияны коррекциялау - оксигенотерапия.
- Көкірек аралық эмфизема жылдам өршіген жағдайда, мойындырық ойығы аймағындағы платизма мен теріні көлденең тілік жасау керек (2 см шамасында), ретростернальді кеңістікке абайлап сұқ саусақты кіргізіп, дренаж қойып теріге бекіту керек;
- Ауырсыну синдромын басу - наркотикалық емес анальгетиктер: - *кеторолак 30 мг (1мл) тамыр ішіне баяу жəне бұлшық етке.
- Айқын ауру сезімінде наркотикалық анальгетиктер: - *морфин 1% 1 мл 0, 9% натрий хлориді ерітіндісімен араластырып тамыр ішіне 20 мл-ды 4-10 мл-дан (немесе 2-5 мг) бөліп, əрбір 5-15 мин сайын ауыру сезімі мен ентігу басылғанға дейін немесе жанама əсерлері (артериалды гипотензия, тыныстың тежелуі, құсу) пайда болғанға дейін енгізу керек.
- Күштемелі пневмоторакста плевральді пункция жасайды.
- Бронхоспазм дамыған жағдайда - сальбутамол 2, 5 мг небулайзер арқылы 5-10 мин ішінде жіберу керек.
- Гемодинамика көрсеткіштерін жəне қанның оттегімен сатурациясын бақылау, витальді қызметтерді сақтау.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz