Жаға үлгілерінің жасалу технологиясы


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Инженерлік - технологиялық факультеті
Тобы: ТК-703
Тақырыбы: Жаға үлгілерінің жасалу технологиясы
Орындаған: Советжанова Ж. Ә.
Тексерген: Куркембаева Н. К.
Семей қаласы 2018жыл
Жоспары:
- Кіріспе бөлім
- Негізгі бөлім
А. Жаға туралы жалпы түсінік
Ә. Жағаның түрлері
- Қорытынды бөлім
- Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жаға деп адамның мойын ойындысында орналасқан, иықты бұйымның бір бөлшегін атайды. Жаға мойынды жартылай және толығымен жауып тұрады . Кейде ол мойынды тіптен жауып тұрмауы мүмкін. Құрастыру ерекшелігіне байланысты жағалар әр түрлі болады . Жаға киімнің мойын және иық тігісіне жатады. Қазірғі киімдерде ол ажырамас бөлік емес, кейде мүлдем болмайды. Жаға үнемі сәнді тігісті жэне айқын пішінді болуы керек. Пішініне қарай жағаның сан алуан түрі болады және негізгі бес топқа бөлінеді:
1. Тік жағалар
2. Мойын оймасына тігілетін жағалар, мұндай жағаларға тік қайырма, жартылай қайырма, жайпақ жағалар жатады.
3. Ашык мойын оймасына орналастырған жағалар, бұл апаш немесе пиджак типті ашық қайырма жағалар.
4. Тұтас пішілген, шәлі ж\е матрос жағалар.
5. Жай және ашық мойьш оймасына тігілетін эр түрлі жағалар(қамыт жаға, фантази, жұмсақ қатпарлы жағалар) .
Пішініне байланысты жағалар әр түрлі болады . Жаға екі бөліктен тұрады: көрінетін жаға, қырынан және көрінбейтін жаға- тіктемесінен, араларынан бүру сызығы өтеді . Жағаны мойындыққа қосудың өзіндік ережесі бар . Оны мойындыққа қондырып, тігілген және негізгі бөлшекпен көбінесе алдыңғы боймен бірге пішілген (тұтас пішімді) деп екі топқа бөледі. Пішіміне қарай олар тік жаға (биіктігі 3, 5-4-5 см) тік қайырма жаға (биіктігі 2, 5-3, 5см ) жартылай тік жаға (биіктігі 0, 5 см) деп бөлінеді. Сол сияқты жағалар қырының еніне қарай да бөлінеді. Сол сияқты жағалар қырының еніне қарай да бөлінеді. (4 см -ден 24 см-ге дейін) сызба сызғанда қондырып тігу. Сызығы қаншалықты тұзу болса, жаға тіктемесі соншалықты биік болады . Мойындық ойындысына қарай жағалар : ашық мойындықты және жабық мойындықты деп бөлінеді.
Жекелеген жағаларды тәжірибе үстінде жасау үшін, жағаның кез келген түріне тән ерекшеліктеріне жалпылама тоқталып өткіземіз. Кей жағалардың ішкі, көрінбейтін бөлігі тік болып келеді де, сыртқы көрінетін бөлігі қайырма болып келеді. Көрінбейтін тік бөлігімен көрінетін қайырма бөлігі үйлесіп, жағаның негізгі пішінін күрайды. Көрсетілген бөліктер киілу барысында пайда болатын қайыру сызығымен бөлінеді. Егер бастапқы тік деп тік қайырма жағаға тән тегіс сызығын есептейтін болсақ жэне онымен қайырма және жартылай қайырма жағалардың тігіс сызығымен салыстыратын болсақ, тігіс сызығы тік болған сайын, оның көрінбейтін тік бөлігі үлкен бола түседі, мойынға жабыстырыла тігілген сайын - жаға тік болады. Тігіс сызығы дөңгеленіп, өз конфигурациясы жағынан мойын оймасының кесу сызығьша жақьгадайды да, тік жаға кішірейе түседі. Жағаның тігіс сызығы мойьш оймасы сызыгына толық сәйкес келгенде, тік жаға мүлде көрінбей қалады да, жаға жапсырма жағаға айналады. Тігіс сызықтары қажетті сипаттарға әр түрлі әдістермен қол жеткізіледі, ішкі бүкпелердің, жұмсақ бүрмелердің көмегімен пішу әдістері болуы мүмкін. Егер мата ылғал және жылуда өзгерстерге ұшырайтын болса, үтіктеуді пайдаланады. Жағаның тігіс сызығы оның негізгі пішінін анықтап көрсетеді. Ал жаға пішінінің сан алуандылығына оның көрінетін бөлігін әр қилы етіп безендіру арқылы қол жеткізуге болады. Жағаның тобы оның негізіне қарап анықталады. Білгілі бір жаға түрін жасау үшін, біріншіден, оның жағаның қай тобына жататынын анықтап алу керек. Содан соң пішіннің өзін бөлшектейді. Жағаның тігіс сызығының сипатын мойын омыртқасы тұсына көктейді. Жаға макетін жасауда қағазды да пайдалануға болады. Сосын оны тігіс сызығымен көктеп шығады. Бұл кезде жағаның мойынға жанасып тұру дәрежесін қадағалау керек.
Тік қайырма жаға. Классикалық тік қайрма жаға мойынға тығыз жанасып тұрады, ол ерлер көйлегінің жағасы сияқты болады. Жаға екі бөліктен тұрады: көрінетін және көрінбеитін. Галстук тағылтын тік қайырма жағаларда бұл бөліктер тең көрінетін бөлігі қайыру сызығында тік жағаны жауып қайырады. Жағаның тігіс сызығы тік немесе сәл иілген болуы мүмкін. Қайырма жағаның әр алуан нұсқасы бар. Кейде тік бөлігін жеке жасап алады; онда қайыру сызығы біріктіру тігісімен өтеді. Тік бөлігі жағаның кұрамында болуы мүмкін, мұндай кезде тігіс болмайды. Тік қайырма жағаны пішуді тік жағаның негізінде жасауға болады. Тік жағаның орта сызығын тік жағаның еніне теңдей етіп ұлғайту керек. Алынған нүктені (А) деп белгілейміз. Б нүктесін А нүктесімен біріктіру үшін еркін қыр сызығын жүргіземіз. Макетті манекенде тексеріп, пішінін нақтылайды, шеттерін әшекейлейді.
Жапсырма жағалар. Бұл жағалар иықта жатады және тік бөлігі жоқ, жайпак пішінді болады. Жапсырмалы жайпақ жағалар кішкентай және өте үлкен болуы мүмкін, оның шеттері алуан цішінді, үшкір, дөңгеленген, ұзартылған түрде болуы мүмкін. Ол мойын оймасында қабысуы мүмкін.
Жартылай қайырма жағалар. Жартылай қайырма жаға тік кайырма жағаға конструкциясы жағынан да, сыртқы түрі жағынан да ұқсас болады. Ерекшелігі сол оның көрінбейтін бөлігі қайырма жағаға қарағанда кішірек, сондықтан ол мойынға тым жақын жанаспайды. Жартылай қайырма жағаның макетін жапсырма жайпақ жағаның негізінде, оған үш бүкпе тусіру аркылы жасауға болады. Осы бүкпелердің көлеміне қарай жағаның жаңа пішіні пайда болады. Бүкпелер терен болған сайын, тігістің иілген сызығы қайырма жағаның тігіс сызығына ұқсап тегістеле түседі. Егер жаға сәл қайырылып тұруы қажет болса, бүкпелердің көлемі кішкентай болады.
Апаш пішінді жағалар. Бұл жаға кеудеше қайырмадарымен бірік тірілгендігімен ерекшеленеді. Егер кеудеше түймесі қабысып тұратын болса, қайырма кішілеу болып, жаға қысқа болады. Жаға әр түрлі болуы мүмкін. Жағаның пішіні сан алуан. Тік немесе жартылай қиғаш болады. Манекенге қабыса түймеленетін кеудешені бекітеді. Кеудешенің мойын оймасы сызығына жаға планкасын бекітеді. Планка енін еркін ойыстыра беруге болады, ал ұзындығы оның шетін әшекейлеуге байланысты болады. Олардың бір ғана қайырма сызығы болуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz