Іс машинасының құрылысы және қызметі


Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
Инженерлік - технологиялық факультеті
Тобы: ТК-703
Тақырыбы: Іс машинасының құрылысы және қызметі
Орындаған: Советжанова Ж. Ә.
Тексерген: Куркембаева Н. К.
Семей қаласы 2018жыл
Жоспары
- Кіріспе бөлім
- Негізгі бөлім
а. Тігін машиналары туралы жалпы түсінік
ә. Іс машиналарының құрылысы және қызметі
- Қорытынды бөлім
- Пайдаланылған әдебиеттер
Тігін машинасы - материалдарды тігу әдісімен қосуға және өңдеуге арналған техникалық құрылғы. Тігін машиналары тігін, трикотаж, аяқ киім және жеңіл өнеркәсіптің басқа салаларында, сондай-ақ тұрмыста қолданылады. Тігін машинасы жылдам, әрі оңай еңбек үшін және жұмыстың сапасын арттыруға қажет. Тігін машинасы қолмен жасаған жұмыстан 50есе жылдам жұмыс істейді. Киімдерді тігу үшін машинаның бірінші жобасын XV ғасырдың соңында Леонардо да Винчи ұсынды.
Жалпы қазір тігін машиналары 2 - ге бөлінеді :
- Өндірістік тігін машиналары.
- Тұрмыстық тігін машиналары.
Өндірістік тігін машиналары үлкен фабрикаларда пайдаланылады, олар 380v тогы арқылы жұмыс жасайды. Ал, тұрмыстық тігін машиналары үй шаруашылығында, шағын цехтарда пайдаланылады. Қазіргі заманда тігін машиналарының көптеген технологиясы автоматтандырылған түрлері бар. Мысалға қалталарды тігуге арналған, түйме тігуге, ілгекке т. б.
Киімдерді дайындау үшін:
- Шөрнекті тігісті тігін машиналарыБір инелік тура тігістіЕкі инелік тура тігістіЗиг-загЖеңге арналған
- Ілмек тігісті тігін машиналарыТура тігістіЖасырын тігістіШет тігісті
- АвтоматтарІлгекке арналғанТүймеге арналғанБекітуге арналғанҚалталарды тігуге арналған
- Кестеге арналған
- Қап тігуге арналған
- Тері тігуге арналған
- Кілемнің шетін тігуге арналған
- Аяқ киім тігуге арналған
Тігін машинасын жасау тарихы:
- XV - ғасыр - Леонардо да Винчи - тігін машинасының жобасын ұсынды.
- 1755 жыл - Карл Вайзенталь - бір жіпті тігін машинасын ойлап тапты.
- 1834 жылы - Уолтер Хант шөрнекті машина жасады
- 1844 - 1845 жылы - Элиос Хоу бір қалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды
- 1850 - 1851 жылы - Ален Уилсон мен Исаак Зингер қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі дүниеге әкелді
- 1870 жылы - АҚШ - та Исаак Зингер - “Зингер” фирмасын ашты.
- 1900 жылы - Ресейде Подольск қаласында “Зингер” зауытын ашты.
- 1917 жылы - Кеңес елінде Подольск қаласында тұңғыш механикалық зауыт іске қосылды. Машинаның сыртқы дизайндары жасалып, фирманың белгісін жазатын болды.
- 1850 - 1851 жылы - Ален Уилсон мен Исаак Зингер, қазіргі заманғы машина түрлерінің негізі.
Зингер тігін машинасының алғашқы түрі
Машиналық тігістер мен тігістердің сапасы олардың беріктігі, жіберілуі, жіптердің созылуы, тігіс ұзындығының біркелкілігі, өткізулердің болмауы бойынша бағаланады.
Осы жағдайларды қамтамасыз ету үшін:
- Бұйым түріне, материалға және операцияларды орындауға байланысты машина класын дұрыс таңдау.
- Материалға сәйкес иненің нөмірі мен жіптерді дұрыс таңдау.
- Инені, аяқтың қысымын дұрыс орнату.
- Жіптің тартылуын, тігістің ұзындығын реттеу.
Машина түрлері
Тұрмыстық тігін машинасы өзінің құрылымы, техникалық мүмкіндігі және сыртқы көрінісі бойынша түрліше болып келеді. Олар:
- Қол машинасы
- Аяқ машинасы
- Электр машинасы
Машина тігістерінің түрлері
Киімді дайындау кезінде әр түрлі жұмыстар атқарылады: қолмен, машинамен, ылғалды-жылулық.
Машина тігістері қолданылуына байланысты біріктіру, шет және әрлеуші тігіс болып бөлінеді.
Біріктіру тігісі
тігін бұйымының бөлшектерін біріктіру үшін қызмет етеді. Олар: сырып тігу, бастыра тігу, айыра тігу, жапсыра тігу, қосарлы және бүктемелі тігістер. Бұл тігістермен (бүктемелі тігістен басқасымен) таныссыңдар.
Біріктіру тігістері иық, бүйір қиықтарын, жеңдерді, иініш, қалта, қатпарларды біріктіру кезінде қолданылады. Біріккен тігістерде бұйым бөлшектері тігістің екі жағында жатады. Мысалы, сырып тігілген тігісті жатқыза жөне айыра үтіктеуге болады. Айыра үтіктелген тігіс екі жағынан тігіммен бекітілген болуы мүмкін, яғни айыра тігілген.
Бүктемелі тігіс
ақ жайма, жейде пішімді блузка, ерлер жейдесін тігу кезінде қолданылады.
Шет тігістері
жаға, мойындық, өңір, қолтық ойындысы шеттері сетінеп кетпеуі және әрлеу үшін қолданылады. Шеттік тігістерге: жабық қиықты бүгіп тігу, жөрмеу, шеттіктеу (жиектеу) тігістері жатады.
Жөрмелген тігіс
өңір шеттерін, жаға, қаттама, қалталарды өңдеу кезінде қолданылады. Өңдеу кезінде бөлшек шеттерін біріктіріп жөрмеуден кейін бұйым өңін айналдыру, сонан соң шеттік жасап айналдыра көктеу қажет.
Ашық қиықты бүгілген тігіс
өңірдің ішкі жиегін, мойындық әдібін, қолтық ойындысын, бұйымның етегі мен жеңнің шетін өңдеу кезінде қолданылады. Бұйым етегін және жең қиығын өңдеу кезінде қиықтарды алдын ала арнайы машинада торлайды.
Жабық қиықты бүгілген тігіс
жібек және мақта матадан тігілген көйлек, блузка, ұйықтағанда киетін көйлектің етегін және бұйым жеңінің жиегін өңдеу кезінде қолданылады.
Шеттіктеу тігісі
үш түрге бөлінеді: ашық қиықты, жабық қиықты және ызбамен жиектеу.
Қиықты қиғаш жиекпен ғана емес, негізгі және әрлеу матасынан көлденең жиекпен, сондай-ақ дайын ызбамен де жиектеуге бол
Тігін машинасымен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік ережелері :
- Жұмыс орнын ретке келтіру.
- Шашты жинап, жеңді қайыру.
- Машинада тіке, орындыққа толық жайғасып, денені жай ғана еңкейтіп, басты алға қарай иіп отыру керек.
- Жарық жұмыс орнына сол жақтан немесе алдынан түсуі керек.
- Тігін машинасын тікелей мұғалімнің жетекшілігімен іске қосу.
- Машина мен жұмыс орындаушының ара қашықтығы 20-30 см
- Аяқтар толығымен еденде немесе аяқ қойғышта (подставка) орнығуы керек.
- Машина үстінде артық заттар жатпау қажет.
- Машина тігісін бастарда бұйымда түйреуіштер немесе инелер болмауы тиіс.
- Жұмыс бастамай тұрып орналасуын тексеру (табанды реттегіш бұранда жақсы ұстап тұр ма, ине тесігіне тура келе ме) .
- Матаны қойып, табанды түсірмей тігін машинасын жүргізуге болмайды.
- Тігістерді ауыстырғанда инені жоғары көтеріп қою.
Тігін машинасының құрылысы:
- Мата жылжытқыш
- Үстіңгі жіпті реттегіш
- Жеңқап
- Жіп арбағышы
- Жіп төккіш
- Айналма дөңгелек (маховик)
- Тігіс ұзындығын реттегіш
- Кері жүргіш тетігі
- Тігіс адымын реттегіш
- Жеңқап тіреуі
- Табан
- Жіп бағыттағыш
- Жылжымалы пластина
- Шөрнек құрылысы
- Басу табаны
- Жіптартқыш
Тігін инесінің құрылысы
- Ине кіргізетін өзек
- Ине ұстағыш
- Ине
- Жіп
- Жіп бағыттағыш
- Тірек бұрандама
Қайықтың құрамы
- Орнатқыш саусақ
- Кертік
- Бұранда (винт)
- Қабы
- Пластиналық серіппе
- Ысырма (құлып)
Тігін машинасында жұмыс мүшелерінің атқаратын қызметтері:
Ине - тігін машинасының жұмыс мүшелерінің ең бастысы болып табылады. Ол тігілетін матаны тесіп, жоғарғы жіпті астына өткізіп ілмек құрады.
Шөлмек - иненің ілмегін іліп алып, кеңейтеді және қайықты айналдыр орап, жіптің айқасуын орындайды.
Жіп тартқыш - инеге және шөлмекке жоғарғы жіпті жіберіп, тепшімді тартып отыру.
Мата жылжытқыш - тігілетін матаның белгілі бір ұзындығымен жылжып қозғалуын қамтамасыз етеді.
Баспа табан - тігілетін матаны ине және мата жылжытқышқа басу арқылы тігістің түзу болуын қадағалайды.
Қазіргі заманғы тігін тігу машиналары (алғашқы 5) :
- «Bernina 880»тігін - тігу машинасы. Бұл дананың басты ерекшелігі: тігістер мен кестелердің комбинациясын жасау, тігістің бағытын 360 градусқа өзгерту, төменгі транспортерді автоматты түрде өшіру, сондай-ақ 550 символға әліпби.
- «Brother PC -420»тігін машинасы. Ұсынылған дана-үйде пайдалануға арналған ең жақсы модельдердің бірі. Айта кету керек, бұл үлгінің өте ықшам өлшемдері бар.

- «PFAFF Performance 5. 0»тігін машинасы. Ұсынылған модельдің басты ерекшеліктері: ілмектердің 12 түрін автоматты түрде орындау, тігу бойынша 300-ге жуық түрлі операцияларды жүзеге асыру мүмкіндігі, жолдарды дербес құру, сондай-ақ Интернет арқылы бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту болып табылады.
- «Singer 9960»тігін машинасы. Бұл дананың басты ерекшеліктері: басқару жеңілдігі және тігу бойынша 700-ден астам түрлі операцияларды жүргізу мүмкіндігі. Ұсынылған Үлгі бастауыш және өз ісін білетін кәсіпқойлар үшін де өте қолайлы.
Қорытынды
"Іс машинасының құрылысы және қызметі " тақырыбын зерттей отырып (тарихымен таныса отырып), келесідегідей қорытындылар жасай аламын:
1) алғашқы қол машинкалары екі жүз елу жыл бұрын пайда болды және заманауи механизмге ұқсас емес;
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz