Сигналдық молекулаларға жалпы сипаттама. Гормондар


“Астана Медициналық Университеті” АҚ
“Молекулярлық биология және медициналық генетика”кафедрасы
СӨЖ
Тақырыбы: Сигналдық молекулаларға жалпы сипаттама. Гормондар
Тексерген: Тулепбергенова С. А.
Орындаған: Орынбасар А. П.
Группа: 104ЖМ
Астана 2018
Жоспар :
І. Кіріспе . . .
ІІ. Негізгі бөлім . . .
2. 1. Сигналды молекулалар және оның түрлері . . .
2. 2. Эндокринология, гормондар . . .
2. 3. Гормондардың жіктелуі . . .
2. 4. Басты эндрокиндік бездер . . . . . .
2. 5. Жыныс гормондары . . . . . .
ІІІ. Қорытынды . . .
IV. Пайдаланған әдебиеттер
І. Кіріспе
Эндокриндік жүйе - ағзаның гуморальды реттелуінде маңызды рөл атқарады. Бұл жерде гуморальды реттелу дегеніміз - қанның құрамындағы гормондар және минералдық заттардың әсерлері арқылы организм қызметінің реттелуі. Ол ағзаның ішкі ортасына арнаулы биологиялық белсенді заттарды бөліп шығарады. Ішкі секреция бездері шығарған заттар гормон деп аталады.
Гормондар - ішкі секреция безінің қанға бөліп шығаратын және дененің түрлі әрекетін реттейтін биологиялық заттар.
Гормон арқылы зат алмасу, өсу, даму үрдістері реттеледі. Гормон көбеюге де әсерін тигізеді. Гормон деген терминді (грекше «hormon»-қоздырамын, қозғалтамын) 1904 жылы Бейлисс пен Старлинг енгізген. Бұрын гормондар ағзалар қызметін күшейтеді деп қана есептелген. Бірақ кейінгі зерттеулерге қарағанда, олай болмай шықты. Ағзалар қызметін бәсеңдетіп, тежейтін де гормондар бар екені мәлім. Мысалы, адреналин асқорыту аппаратының секторлық қозғалыс қызметін тежеп бәсеңдетеді. Сөйтсе де «гормон» деген атау ішкі сөлініс бездерінің атауы болып қалды. Барлық гормондардың биологиялық белсенділігі жоғары болады. Мысалы, тироксин 1:100 млн, адреналин 1:10 млн сұйытылғанда да әсер етеді, ал бір грамм инсулин 125000 қоянның қанындағы қант деңгейін төмен түсіре алады. Тирокальцитониннің 5 нанограмы қандағы Са деңгейін едәуір төмен түсіреді (1 нанограмм - 10-9 гжоғары) . Белоктық және пептидті гормондардың қабылдағыштары жасушаның цитоплазмалық мембранасында орналасқан. Бұл топтағы гормондар өз рецепторларымен қарым-қатынасқа түскенде аденилатциклаза ферментінің активтенуі жүреді.
Қызметі - зат алмасу қарқындылығын өзертеді; Ағзаның тіршілік ету ортасына бейімделушілігі арттырады. Өсу мен көбеюді реттейді. Физиологиялық үдерістерді күшейтеді немесе бәсеңдетеді. Жасуша нысан -гормон нысанада болатын нәруыз - рецептормен байланысады. Осы рецепторлар гормонның деңгейінің кішкене ғана ауытқуын сезіп, ішкі секреция бездеріне сигналдар жібереді, нәтижесінде олар өздерінің белсенділіктерін арттырады немесе бәсеңдетеді. Нәтижесінде гормонның мөлшері қалыпты жағдайға түседі.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Жасуша ерекше сигнал, жауабына молекулалық каскадтық механизмді жібереді, ол биохимиялық жауаптың интегративті жолы. Жасушадан тыс сигналдар химиялық және физикалық болып бөлінеді.
Химиялық сигналдар: аминоқышқылдар, ақуыздар, гормондар, нуклеотидтер, май қышқылдары және оның қосындылары, стероидтар (майға ұқсас қосындылар) және кішкентай органикалық емес молекулалар.
Физикалық сигналдар: жарық энергиясы, жылу, суық, қысым және т. б.
Барлық сигналдық молекулалар 3 классқа бөлінеді:
Гормондар. Ішкі секреция бездерінде синтезделеді, содан кейін қан ағымы арқылы барлық ағзаға жеткізіледі. Олар гидрофобты болуы мүмкін (стероидтар, қанықпаған май қышқылдарының қосындылары) және гидрофильді (пептидтер, ақуыздар, аминқышқылдарының қосындылары және т. б. ) .
Гистогормондар. Жеке жасушалармен синтезделеді және қан жүйесіне түспейді, тек қана локалді әсер етеді. Мысалы - өсу факторы.
Нейротрансмиттерлер. Әртүрлі құрылымы және қызметі бар.
2. 2. Эндокринология - бездер, олардың қызметі, және олардың сөлдерінің бөлінуінің қалыпты жағдайдан ауытқуларын туғызатын науқастар туралы ғылым.
«Гормон” термин 1905 ж Бейлис және Старлинг 12 елі ішектегі бөлінуші секретин гормонын зерттеу кезінде енгізілген. Алғаш 1849 ж Аддисон “кола ауруын” суреттеп жазғаннан басталады. Қазіргі кезде 60-қа жуық гормон бар.
Гормон, г рек тілінде «hormo»- қозу, қоздырылу, әсерлену немесе жаңалану деген мағынаны ұғындырады.
Гормондар деп ағзаның дамуы мен заттар алмасуының реттелуіне қатысатын және қан немесе лимфаға бөлінетін, безді клеткаларда түзілетін заттарды айтады.
Оларға тән қасиеттер :
1) әсер етудің дистанттылығы
2) биологиялық әсердің қатаң талғамдылығы
3) жоғары биологиялық белсенділік
Безден бөлінетін уыт- гормон :
- химиялық құрамы әртүрлі, болмашы мөлшерде-ақ
ағзаға айтарлықтай физиологиялық өзгеріс әкеледі;
- зат алмасу үрдісін жеделдетіп, өсу, көбею қарқынын үдетеді т. б. ;
- биологиялық белсенді, әрекетшіл;
2. 3. Гормондардың жіктелуі:
Гормондарды жіктеу түрлі критериилерге байланысты.
Химиялық құрылымы бойынша:
1. АМҚ туындылары: тирозин туындылары: адреналин, тироксин, дофамин, норадреналин, трийодтиронин
2. Белокты-пептидті гормондар:
-полипептидтер: глюкагон, кортикотропин, меланотропин, вазопрессин, окситоцин, пептидті гормондар
-жай белокты (протеиндер) : инсулин, соматотропин, пролактин, паратгормон, кальцитонин
-күрделі белокты (гликопротеидтер) : тиреотропин, фоллитропин, лютропин
-стероидты гормондар: кортикостероидтар (альдостерон, кортизол, кортикостерон), жыныс гормондары: андрогендер, прогестерон
3. Сигналдарды өткізу механизмі және рецепторлардың орналасуы бойынша, екі негізгі топқа бөлінеді:
а) стероидтар, йодтирониндер, кальцитриол. Бұлардың рецепторлары цитоплазма, ядрода орналасады
б) суда еритін гормондар - олар плазмалық мембранадағы рецепторлармен байланысады
4. Сигналдық табиғаты, жасушаішілік эффект бойынша.
5. Биоқызметтеріне қарай - АМҚ, липид, көмірсуды реттеушілер (инсулин, глюкагон, кортизол, адреналин) .
Су-тұз алмасуын реттеуші (вазопрессин, альдостерон) .
Са алмасуын реттеуші (паратгормон, кальцитриол, кальцитонин) .
Репродуктивті қызметті реттеушілер (эстрадиол, тестостерон, прогестерон) .
Тропты гормондар - либерин, статиндер гипоталамустын, гипофиздің кейбір гормондары басқа гормондардың синтезін де реттейді.
Физиологиялық әсер - қатаң спецификасы
Жоғары биоактивтілігі: гормондардың физиологиялық әсері аз дозада (10-6-10-10 моль\л) .
Әсер етудін дистальды сипаты: гормон түзілу жерінен әдетте нысана-жасуша алыс орналасады.
Генерализденген әсері (жайылынқы) .
Ағзаға гормонның физиологиялық әсерінің 4 типі белгілі: кинетикалық, орындаушы мүшенің белгілі әсерін тудыру, метаболиттік, морфогенетикалық, корригирлеуші.
Гормонның метаболиттік әсері түрлі жолдармен жүзеге асады. Оның ішінде ең маңыздысы:
- жоғары, төмен ферменттін активтілігін
- жасуша мембрана өткізгіштігінің активтілігін
- энергетикалық, биосинтетикалық реттеушілік
Гормонды эффектінің этаптары: синтезі, қанға өтуі, тасымалдау түрлері, гормонның әсер етуінің жасушалық механизмі.
2. 4. Басты эндрокиндік бездер
Басты эндрокиндік бездерге гипоталамус, гипофиз, эпифиз, бүйрек үсті бездері, қалқанша маңы бездері, ұйқы безі және жыныс бездері жатады. Олардың жалпы массасы 100 г аспайды
Ішкі сөлініс бездерінің гормондары
кортикостероидтер, минералокортикоидтер (альдостерон), глюкокортикоидтар (кортизон),
андрогендер, эстрогендер
Бүйрекүсті безінің
милы заты
Плацента (бала жолдасы)
Жатыр
Ішкі секреция бездерінің шығару өзегі болмайды. Сондықтан оларда пайда болған заттар қанға немесе лимфаға, ал кейде жұлын сұйығына бөлінеді. Бұл заттарды гормондар немесе инкреттер деп атайды. Гормондар- гректін гормойно- қозырамын деген сөзінен шыққан. Гормондар - ішкі секреция бездерінде пайда болатын, физиологиялық, химиялық белсенділігі бар заттар.
Эндокринология - гормондар туралы ғылым. Бездер, олардың қызметi, және олардың сөлдерiнiң бөлiнуiнiң қалыпты жағдайдан ауытқуларын туғызатын науқастар туралы ғылым. Гормон деген термин 1905 ж Бейлис және Старлинг деген ғалымдардың 12 елi iшектегi бөлiнушi секретин гормонын зерттеу кезiнде енгiзiлген. Нormao - грек тiлiнде “қоздырамын” деген мағынада. Өзiнше ғылым ретiнде 1849 жылы Аддисон “қола ауруын” суреттеп жазғаннан басталады. Бұл ауру кезiнде бүйрекүстi бездерi жұмысының бұзылуынан терiде ерекше түс пайда болатындығы байқалады.
1. Көмiрсу, май, ақуыздардың алмасуын реттеуге қатысатын гормондар (инсулин, глюкагон, адреналин, кортизол, тироксин т. б. ) .
6. Гормондардың синтезi жүретiн жерлердегi метаболизмдi реттеуге қатысатын гормондар (простогландиндер, гистамин, соматомедин, секретин гастрин т.
Гипофиз - мидың ішкі беткей бөлігінде орналасқан эндокриндік мүше. Ол үш бөліктен тұрады. Әр бөлік түрлі гормондар бөледі. Гипофиздік гормонның бөлінуі либеринднрдің көмегімен жылдамдаса, статиндермен баяулайды. Олар гипоталамуста синтезделеді. Либериндер порталды қан айналымы арқылы аденогипофиздің клеткаларына жеткізіледі. Аденогипофиздің клеткаларында осы пептидтік қарапайым гормондардың әсер етуі арқасында табиғаты ақуыздық немесе үлкен молекулалы пептид болатын гормондар (тропиндер ) бөлінеді. Осы тропиндер қан ағысы арқылы ішкі секреция бездерінің клеткаларына жеткізіп, бұл клеткалардан тікелей биологиялық әсер ететін гормондардың бөлінуін қамтамасыз етеді.
Гипоталамус - мидың бір бөлігі. Оның жүйке жасушасында ерекше химиялық заттар түзіледі. Ол заттар портальдық капиллярлар арқылы гипофизге барады да, сол жерде гормондар бөлінуін реттейді. Аденогипофиздің гормондарының синтезделуін реттейтін гипоталамус заттары 1960 ж ашылды (Р. Гиллемин мен Э. Шелли) . Алғаш олар рилизин-фактор және нейрогормондар деп аталады. Ал қазір либериндер және статиндер деп аталады. Нейрогормондарды бөліп алу, химиялық табиғаты мен құрылымын анықтау өте қиын.
Мысалы, Р. Гиллемин ғылыми тобы 1 мг таза тиреолиберин бөліп алу үшін 300 мың қойдың гипоталамусын өңдеген.
Ұйқы безі он екі елі ішектің шажырқайында , қарынға таяу орналасады. Сондықтан халық арасында шажырқай безі деп атайды.
Құрамында ас қорыту ферменттері: ұйқы безінде түзіледі де, түтікше арқылы он екі елі ішекке барады.
1869 ж. Лангерганс ұйқы безінің құрылымын сипаттап, бездің Лангерганс аралшығында екі түрлі жасуша типі - α- инсулин және β- глюкагон екі түрлі гормон бөледі.
Инсулиннің негізгі нысанасы бауыр, бұлшық ет және майлы ұлпа.
Инсулин негізінен көмірсудың алмасуына әсер етеді, жасуша мембранасы арқылы қанттардың өтуін, ең алдымен глюкозаның фосфорлануын арттырады.
Глюкагон инсулинге антогонист, ол бауырда фосфорилаза жұысын белсендіреді.
Фосфорилаза гликогеннің ыдырауына қатысады, қан құрамында глюкозаның концентрациясын арттырады.
Ұйқы безінің аралшықтарының болатындығын 1869 ж Лангерганс анықтаған. Екі аралшық екі түрлі гормон инсулин мен глюкоган бөлінеді. Инсулин А және В екі полипептидтік тізбектен тұрады. Олар бір- бірімен дисульфидтік байланыспен байланысқан.
Глюкогон - 29 амин қышқылы қалдығынан тұратын полипептидтік гормон. Ұйқы бездерінің А-жасушасындағы және ас қорыту жолдарының жасушаларын да бөлінеді.
Глюкагон инсулиннің антогонисі болып табылады, яғни қандағы глюкозаның мөлшерін арттырады, глюкозаның сүт қышқылына дейін ыдырауын тежейді, гликонеогенез үдерісі күшейеді, адреналинге қарағанда баяу әсер етеді, қанның қысымын өзгертпейді.
Адреналин мен глюкагонның бір-бірінен ерекшелігі: адреналин ағзаның сыртқы орта әсерінен тез жауап қайтаруын қамтамассыз етеді, глюкагон тамақ ішу мерзіміне тәуелді, ас қорыту біткеннен кейін, оның бөлінуі өсе бастайды.
Бүйрек үсті бездері қыртысты және милы қабаттан тұрады. Қыртысты қабат гормондарына: , жыныс гормондары жатады.
Кортизол, ағзаның метаболиттік және энергетикалық қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Адреналин - аденилатциклазды жүйе арқылы әсер етеді. Бүйрекүсті бездерінің милы қабатында синтезделіп бөлінеді. Адреналин және норадреналин тиреиодты гормондар сияқты тирозиннен синтезделеді.
Бүйрек үсті безі сыртқы қыртыс қабатынан және ішкі ми затынан тұрады . Сыртқы қыртыс гормондары - кортикостероидтар ағзаның экстремальды жағдайларға төтеп беруін қамтамасыз етеді: кортикостерон, кортизол және альдостерон.
Кортикостерон мен кортизол көмірсудың алмасуына қатысады.
Альдестерон көмірсудың алмасуына қатыспайды, ол электролиттердің және судың алмасыун ретейді.
Ми заты екі түрлі гормон бөледі: адреналин және норадреналин- катехоламиндер тобына жатады. Жүйке жүйесінің медиаторы.
Адреналин негізінен көмірсудың алмасуына және біршама ғана липидтердің алмасуына әсер етеді. Майдың ыдырауын активтендіреді, бос май қышқылдарының мөлшерін көбейтеді және май қышқылы түзілуін тежейді.
Адреналин жүректі жиі соқтырады, артериялық қан тамыры саңылауын кеңейтеді. Ал норадреналин қан тамырларына келетін нерв ұшына әсер ету арқылы қан қысымын арттырады, қан тамыры саңылауы тарылады
2. 5. Жыныс гормондары - негізінен аналық және аталық жыныс бездерінде синтезделеді, кейбіреулер плацента мен бүйрек үсті безінде түзіледі.
Аталық жыныс гормондары - андрогендер - Лейдинг клеткасында, ал сперматозоидтар - тұқым бездеріндегі тұқым жолдарында, аналық жыныс гормондары (эстрогендер мен гестогендік ) және жұмыртқа клеткалары жұмыртқа бездерінің фолликуллаларында түзіледі. Ер адамда ұрық безі(тестикула) түрінді, ал әйелде аналық без түрінде болады:онда жыныс клеткалары(сперматозоидтар мен аналық клеткалар) және жыныс гормондары жасалып шығады.
Сперматозоидтар мен аналық жасушалар қосылғанда болашақ жаңа ағза ұрықтанған клетка(зигота) түзіледі.
Жыныс гормондары екінші кезектегі жыныстық белгілердің қалыптасуын реттейді.
Аталық және аналық ағзасында зат алмасу ерекшелігін анықтайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz