Балық өнімдерін балықтардың бактериалдық ауруларына байланысты сараптау және санитариялық бағалау



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті

Эпизоотология, паразитология және ВСС
кафедрасы

Курстық жұмыс

Пәні: Құс, балық, ара және өсімдік өнімдерін ВСС
Тақырыбы: Балық өнімдерін балықтардың бактериалдық ауруларына байланысты
сараптау және санитариялық бағалау

Орындаған: ВС-41 топ студенті

Қайырболат Ә.С.

Тексерген: доцент м.а.

Баянтасова С.М.

Орал, 2018
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І. ӘДЕБИЕТКЕ
ШОЛУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .4
ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Балық ауруларына жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .6
2.2. Балықтардың бактериалдық
аурулары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
2.3. Балықтардың бактериалдық ауруларын алдын алу және жою бойынша
ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ..13
2.4. Балық және балық өнімдерін ветеринарлық-санитарлық сараптау және
сапасын санитарлық
бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
16
ІІІ.
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 17
ІV. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .19
.

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда балық шаруашылығында көптеген аурулар орын алуда. Кез-
келген балық шаруашылығы үшін қауіп пен экономикалық шығынды қатар алып
жүретін әртүрлі инфекциялық аурулар ветеринария саласының ең бірінші
маңызды мәселесі саналады.
Адам өмірінде балық және балық өнімдерінің тағамдық маңызы өте зор.
Себебі балық еті өзінің құндылығы жағынан сүт қоректілер етінен кеш емес,
кей жағдайларда басым түседі. Балық еті мал етінен қарағанда сіңімді,
жеңіл, асқазанда тез қортылғыш. Қазақстан үшін балықты кәсіптік аулауда
Каспий теңізінің маңызы зор. Бұл теңізде шортан, сазан, майшабақ және т.б.
балықтар бар. Каспий теңізі бекіре тұқымдасына бай. Онда ол ТМД елдерінің
барлық бекіре тәрізділерінің 70%-н астамы ауланады. Каспий теңізінің
балықтардың 97 түрі бар. Соның ішінде тұқы тәрізділер майшабақ, көксерке,
сазан және т.б. каспийдің ең маңызды кәсіби ауланатын балықтары болып;
құртпа, бекіре, Каспий арқан балығы, көксерке, сазан және т.б. табылады.
Ихтиопатология (грекше ichthys – балық, pathos – ауру, logos – ілім,
ғылым) – балықтардың ауруларын, олардың пайда болу себептері мен даму
заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Ихтиопатология ғылымына патологиялық анатомия жатады, ол мүшелер мен
ұлпалардың қалыпты жағдайының бұзылуын және патологиялық физиология, ауру
организмінің функциональдық өзгерісін зерттейді.
Ихтиопатология жалпы және жеке болып бөлінеді.
Жалпы ихтиопатология – барлық патологиялық процестердің заңдылықтарын
зерттейді, дамуы мен пайда болуын және таралуын қарастырады.
Жеке ихтиопатология ауруға ұшыраған әрбір мүшелердің және организм
жүйелерінің функциясын зерттейді. Сонымен қатар, экспериментальдық
ихтиопатологияда балықтарға жүргізілген тәжірбиенің нәтижесі қолданылады.
Балықтардың организмі суыққанды болғандықтан, жылы қандылардың
организмінен өзгеше, сондықтан олардың зерттеу тәсілдері де өзгеше.
Курстық жұмысымның мақсаты: Балық және балық өнімдерін ветеринарлық-
санитарлық сараптау және сапасын санитарлық бағалауды уйрену.
Курстық жұмысымның міндеттері:
➢ Аурудың пайда болу себептері мен шарттарын зерттеуді;
➢ Сауықтыру шаралары және індет ошағын жоюды;
➢ Балық және балық өнімдерін ветеринарлық-санитарлық сараптау және
сапасын санитарлық бағалауды білу.
І. ӘДЕБИЕТКЕ ШОЛУ

Аэромоноз, вибриоз, коринобактериоз, гемофилез, псевдомоноз,
туберкулез — бұл балық шаруашылығы қызметін жүзеге асыратын кәсіпорындарға
үлкен экономикалық зиян келтіретін балықтардың бактериялық ауруларының
тізімі. Осы аурулардың зұлымдығы су ортасы жағдайларында олармен күрес
жүргізудің күрделілігінде.
Сайдулдин Т.С. мәліметтерінде, аэромоноз балықтың терісі мен ішкі
мүшелерінің қанталап қабынуымен, қабыршақтарының сыдырылып, құрсақ
қуысына сұйықтар жиналып, кейде денесінде ойық жарақаттар пайда болуымен
сипатталатын ауру[1].
Осетров В.С. деректері бойынша тұқы балықтың тілмесі – тұқы, сазан
балықтардың және олардың будандарының жұқпалы ауруы. Тілмемен алабұға мен
қара балық сирек ауырады, ал амур балығымен кейбір басқа тұқы балықтар бұл
ауруға төзімдірек келеді. Балықтардың барлық жастағы түрлері ауруға бейім
келеді, бірақ екі және үш жастағылары тіпті бейімдірек болады. Ауру жіті,
жітілеу, созылмалы және жасырын түрде өтуі мүмкін. Тұқы балықтың тілмесі
көктемгі-жазғы кезеңде жиі білініп, күзге қарай ауру басылады және
созылмалы түрге көшеді[2].
Бакулов И.А. зерттеулері бойынша көлдегі індеттің шығу уақытын,
балықтардың түрлік және жастық құрамын, түрлер мен жас топтарының
қатынасын, олардың орналасу тығыздығын, қоздырғыштың көзі мен таралу
жолдарын, ауруға тән таралуы және өтуі, өткен жылдардағы балықтардың қырылу
себебін, ұрғашы балықтардан табын жинақтауды және келген балықтарды
орналастыруды (қайдан, қашан және қандай балықтар келді), бір көлден басқа
көлге балықтарды ауыстыруды, олардың табиғи суларда қозғалу жолдарын, су
жүйесін және оның қамтамасыз ету көзін диагноз қойғанда ескереді[3].
Сайдулдин, Т.С. бақылаулары бойынша албырт фурункулезі —
септицемиямен, балық денесінде кейін үзілетін және олардың қызғылт
жараларға айналатын сыздауықтардың түзілуімен, сондай-ақ ішкі органдардағы
өзгерістермен, патологиялық процестердің жылдам дамуымен және балықтардың
жаппай қырылуымен сипатталатын албырт балықтардың жұқпалы ауруы[4].
Бахтақтың сыздауық-шиқан ауруы бахтақ тұқымдас балықтардың үлкен жауы,
оларды жаппай қырып, шаруашылыққа үлкен зиян тигізеді. Балық бұлшық етінің
ішінде бастапқыда іріңді жара пайда болып, кейіннен ол жаралардың орнында
қызыл түсті түйнеме қалады, ішкі органдарында әр түрлі кеселдер
байқалады[5].
Конопаткин А.А. бекітеді теңіз балықтары туберкулезінің қарапайым
клиникалық нышандарын немесе белгілерін(симптомдарын) суреттеу мүмкін емес,
дегенмен ауру сипатталған түрлерінде қадағаланатын гистопатологиялық
өзгерістер арасында ұқсастық бар. Сырттай зақымдалған балық арық болып
көрінеді және көбіне терісі зақымдалады[6].
Карантиндегі су айдындарынан тасуға, сонымен қатар оларға балықтар
мен гидробионттарды әкелуге, кейбір жағдайда ветеринариялық органдардың
рұқсатымен карантиндегі шаруашылықтың қолайсыз тоғандарына байланысы
болмаған шаруашылықтың қолайлы тоғандарынан балықтарды, егерде олар
кейіннен карантинде міндетті түрде жыл бойы ұсталса, басқа шаруашылыққа
және су айдындарына тасуға болады[7].
Балық өсіруші шаруашылықтан балық ауруларына қойылған карантинді,
балықтардың ауруының соңғы тіркелгенінен бір жыл өткеннен кейін және
өндірістік тоғандардан алынған биологиялық сынамалардың жақсы нәтижелері
және жүргізілген ветеринариялық-санитариялық шаралар кешені өткізілгеннен
кейін алады[8].
Макаров В.А. зерттеулері бойынша бактериалдық аурумен залалданған
балықтың терісінің әр жерінде дараланған қызыл дақтар болса, бірақ
қабыршақтары үрпимеген, бұлшықеттері гидремияланбаған балықты еш шектеусіз
шығарады, ал теріде үлкен қызыл дақтар болса құрсақ қуысын басқан уақытта
анустан шырышты сұйықтықтар бөлінсе сынама балықты зертханаға жөнелтеді.
Зертханалық нәтиже теріс болған жағдайда термиялық өңдеуден кейін ондай
балықты жануарларға азық ретінде қолданады[9].
Фролов В.П.-ның айтуынша зертханалық зерттеу жүргізу қажеттілігі туған
жағдайда сынама алуды нормативтік және аккредитациялық зертханада немесе
ветеринариялық, медициналық, балық шаруашылығы профильдерінің орталықтарына
бағытталып, онда паразитарлық бөліктерінің көрсеткіштерін қауіпсіздік
талабы бойынша сынамаларды протокол зерттеуінің байланысына сәйкес химиялық
және сапалы балықты зерттейді[10].

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

2.1. Балық ауруларына жалпы сипаттама

Балықтардың ауруларының классификациясы этиолог иялық негізіне яғни
аурудың пайда болу себептеріне байланысты. Балықтардың  аурулары
екі топқа бөлінеді. Жұқпалы  және жұқпалы емес.
Жұқпалы ауруларды  вирустар, бактериялар, саңырауқұлақтар, балдырлар 
және паразиттік тіршілік ететін жануарлар қоздырады.
Жұқпалы емес аурулардың  қоздырғышы болмайды, ол сыртқы ортаның күрт
өзгеруі нәтижесінде (судың температурасының  өзгеруі, оттегінің аз немесе 
көп мөлшері, токсикалық улы)  заттарымен судың  ластануы және т.б.,
дұрыс емес қоректенудегі  зат алмасудлың бұзылуы, авитаминоз, травмалардың
және т.б. әсерінен болады.
Жұқпалы аурулар  инфекциялық және инвазиялық немесе паразитарлық
болады.
Инфекциялық аурулардың  қоздырғыштары вирустар, бактериялар,
саңырауқұлақтар, балдырлар. Инвазиялық аурулардың қоздырғыштары паразиттік
тіршілік ететін жануарлар: қарапайымдылар, гельминттер, шаянтәрізділер және
т.б. Соған байланысты мұндай ауруларды  протозойлық (латынша – “протозоа” –
қарапайым) гельминтозды (“гельминт” – паразиттік тіршілік ететін құрттар),
крустацеозды (крустацеа – шаянтәрізділер). Әрбір аурулар сыртқы
(клиникалық) әсерлерімен анықталады, ол өмір сүру барысында көрінеді.
Кейбір  клиникалық белгілер әрбір анықталған ауруға қарасты - 
синдром деп  аталады. Кейбір кезде сол бір  клиникалық белгілер әр
түрлі аурулар  туғызады. Мысалы: балықтардың демалуы  қиындаған кезде,
олардың желбезектері паразиттік инфузориялармен зақымдалған
(триходиналармен, хилодонеллалармен). Сыртқы клиникалық белгілерден басқа 
патологофизиологиялық және патологоанотомиялық  белгілері бар.
Патологофизиологиялық белгілер – организм мүшелерінің 
жұмысының бұзылуын қарастырады. Патологоанотомиялық  белгілер балықтарды
сойған кезде көруге болады.
Ауру процестері 3 кезеңге бөлінеді:
Бірінші кезең – латентті немесе  жасырын (инкубациялық) қоздырғыштың
денеге ену  кезінен аурудың клиникалық белгілеріне  дейін.
Екінші  кезең – клиникалық (аурудың басталуы), клиникалық
белгілердің басталу  кезеңі.
Клиникалық кезеңде  – аурдың белгілері айқын көрінеді. Олар
бірнеше айға дейін созылады.
Үшінші  кезең – аурудың аяқталуы. Ол жазылуымен аяқталады.
Балық аурулары, балық организмінде ауру қоздырғыштардың әсерінен
немесе тіршілік ортасының қолайсыз жағдайынан болады, зат алмасу,ас қорыту,
тыныс алу, т.б. тіршілік процестерінің қалыпты жағдайының бұзылуына
әкеледі. Балық аурулары жұқпалы және жұқпайтын болып бөлінеді. Жұқпайтын
Балық аурулары балықтардың тіршілік ортасының қолайсыз жағдайынан (оттек
немесе қоректік заттардың жетіспеуі, темп-раның жоғары болуы, пестицидтер
мөлшерінің көбеюінен судың улы заттармен ластануы, т.б.) туады. Балықтың
жұқпалы аурулары инфекциялық және инвазиялық аурулар тобына бөлінеді.
Инфекциялық аурулардың қоздырғыштары — вирустар, бактериялар,
саңырауқұлақтаржәне су өсімдіктері. Инвазиялық ауруларды паразит құрттар
(гельминтоз), шаянтәрізділер (крустацеоз) және қарапайымдар (протозоа)
тудырады. Жұқпалы ауруларға балықтардың вирус аурулары (қызамық, балық
торсылдағының қабынуы және т.б.), балықтың бактериялық кеселі (Aeromonas
punctata — су бактериясы тарататын Балық аурулары), саңырауқұлақтардан
болатын кеселдер (сапролегниз, т.б.) жатады. Сонымен қатар балықтың жұқпалы
кеселіне қарапайымдар (кокцидиялар, талшықты инфузория) тарататын тұқының
кокцидиоз энтериті,ихтиофтириоз; паразит құрттар тудыратын дактилогироз
(қоздырғышы Dactylogyrus vastator және Dactylogyrus extensus
құрттары),сангвиниколез (Sanguіnіcola іnermіs), диплостомоз (Dіplostomum
chromatophorum), ботриоцефалез (Bothrіocephalus acheіlognathі), лигулез
(Lіgula іntestіnalіs) аурулары жатады. Балықтың жұқпалы ауруларға
төзімділігі ауру қоздырғыштар түріне, олардан қорғану қабілеті мен тіршілік
жағдайына байланысты. Ауруға шалдыққан балықтар қоректенбейді, әлсіреп
қырылып қалады.Балық ауруларының қоздырғыштары таралмау үшін карантин
шаралары жүргізіледі.

2.2. Балықтардың бактериалдық аурулары

Аэромоноз (геморрагиялық септицемия, шемен, қызамық) - балықтың
терісі мен ішкі мүшелерінің қанталап қабынуымен, қабыршақтарының
сыдырылып, құрсақ қуысына сұйықтар жиналып, кейде денесінде ойық
жарақаттар пайда болуымен сипатталатын ауру.
Қоздырушысы – Aeromonas, оның ішінде Vibrionaceае тұқымына жататын
бактерия – ол қысқаша, соңы жұмырлау келген спор мен қауашақ түзбейтін,
грамтеріс қозғалмалы таяқша.
Эпизоотологиясы. Тұқы балық, сазан және бір жастан бастап
аталықтарына дейін олардың будандары ауруға шалдыққыш келеді. Ауру
балықтар, олардан бөлінетін өнімдер және өлекселер, сондай-ақ микроб
тасушы балықтар індет қоздырғышының көзі болып табылады. Су айдындарына
індет қоздырғышы сумен, ауру балықпен, суда жүзетін және балықпен
қоректенетін құстар арқылы, сонымен қатар балық аулайтын құрал-саймандар,
жабдықтар және ыдыстармен беріледі. Балық ауруды зақымданған тері мен
желбезек арқылы, сонымен қатар алиментарлық (ауыз арқылы) жолмен
жұқтырады. Көктем-жаз мезгілдерінде індет көбірек таралып, күзге қарай ол
басылып және ауру созылмалы ағын түрін қабылдайды.
Аурудың белгілері. Инкубациялық кезең 2-30 күн, ол жіті, жітілеу
және созылмалы түрде өтеді. Жіті барысының ең бастысы екі, үш жастағы
тұқыларының барлық тері қабатының немесе жекелеген аймақтарының
геморрагиялық қабынуымен, ішпердесінің өсуімен, жалпы сулануымен, көзі
шарасынан шығып және қабағының түксеюімен сипатталынады. Ауырған балықтар
2-4 жетінің ішінде өліп қалады. Ал жітілеу барысында ауырған балықтарда
бір мезгілде іш шемені, сулану, қабақтың түксеюі, көздің шарасынан шығуы
мен ойық жараның әртүрлі көлемде және кескінде білінуі байқалады. Жітілеу
ауру түрі 1,5-3 айға созылады. Созылмалы барысы балықтың терісі мен жүзу
жарғағында ашық ойық жара, сонымен қатар жазылған ойық жараның орнына
пайда болған көкшіл түстес жалғасқан тыртық пен қатпаршақ болуымен
білінеді. Ауру 1,5-2,5 айға созылып, балықтар жазылып шығады.
Диагнозы. Ауруды эпизоотологиялық, клиникалық және бактериологиялық
зерттеулеріне сүйене отыра анықтайды (өсін қоздырғышының уытты бөлінуін,
оның серологиялық иелігін айқындау үшін сау тұқылар мен ақ тышқандарға
биопроба жасау).
Тұқы балықтарының аэромонозын алдын-алу шаралары.
Балықтардың аэромонозын алдын-алуға қажетті шаралар:
1) шаруашылыққа балықтарды, тек жұқпалы аурулардан таза су
айдындарынан тасымалдап әкелу;
2) тұқымдық балықтарды (осы жылғы, бір жылдық, екі жылдық)
жергілікті балықтардан арнайы жеке бөлінген тоғандарға орналастыру;
3) аулау және көшіріп отырғызу кезінде балықтардың жарақат
алуына жол бермеу;
4) тоғандарда қатты өсімдіктердің көп өсуіне тосқауыл қою;
5) балық организмдерінің төзімділігін арттыруға бағытталған
кешендік шараларды (толыққұнарлы азықтандыру, бір қалыпты зоогигиеналық
жағдай жасау) жүргізу;
6) ихтиопатологиялық зерттеуді вегатациялық кезеңінің аулау
уақытында, ал ұдайы түрде тоқсан сайын бір рет жүргізіп отыру.
Тұқы балықтың тілмесі – тұқы, сазан балықтардың және олардың
будандарының жұқпалы ауруы. Тілмемен алабұға мен қара балық сирек ауырады,
ал амур балығымен кейбір басқа тұқы балықтар бұл ауруға төзімдірек келеді.
Балықтардың барлық жастағы түрлері ауруға бейім келеді, бірақ екі
және үш жастағылары тіпті бейімдірек болады.
Ауру жіті, жітілеу, созылмалы және жасырын түрде өтуі мүмкін.
Тұқы балықтың тілмесі көктемгі-жазғы кезеңде жиі білініп, күзге қарай
ауру басылады және созылмалы түрге көшеді.
Аурудың белгілері. Ауруға тән клиникалық белгілері болып терінің
кейбір участоктарындағы геморрагиялық қабыну немесе оның барлық жерінде
әртүрлі көлемдегі және конфигурациядағы қанталаған ошақтар, дененің
құрсақтық және жалпы сулануы, көздің шапыраштануы, барлық ішкі органдардағы
ет ұлпасының қанының құрамындағы судың көбеюіне, қабыршақтарының тікірейіп,
әртүрлі көлемде және түрде ақ немесе қызыл жолақты жаралардың пайда болуы
болып табылады. Кейде қалың еттердің өліеттенуі, омыртқа жотасының,
қабырғалардың сонымен бірге қусақ қуысындағы органдардың жалаңаштануына
әкеледі.
Эпизоотологиясы. Індеттің көздеріне ауру және ауырып жазылған
балықтар, тілмеден өлген балықтардың өлекселері мен олардың бөлінділері
жатады. Тілме ас қорыту жүйесімен, жарақатталған қабығы және желбезегі
арқылы жұғады. Ауру сау балықтармен ауру балықтар жанасқанда, ауру тараған
суларда және көлшіктердің батпақтарындағы тоғышар шаяндар мен сүліктер
шаққанда ауру жұғады.
Тілме ауруының инкубациялық кезеңі температуралық және басқа
жағдайларға байланысты 3 күннен 30 күнге дейін созылады.
Тілмемен ауырып жазылған балықтарда осы ауруға қарсы салыстырмалы
иммунитет пайда болады.
Балықтарды бағу мен азықтандыру шарттарының нашар жүргізілуі, олардың
тері қабықтарында және желбезек аппараттарында жарақаттардың болуы тілме
індетінің шығуына және аурудың ауыр өтуіне ықпал жасайды.
Әсіресе, әртүрлі жастағы аралас балықтарды, сонымен қатар сау
балықтарды тілмеден қолайсыз суларға орналастырғанда індеттің шығуы артады
және аурудың өту кезеңі ұзарады.
Диагноз. Диагнозды эпизоотологиялық, клиникалық және
патологоанатомиялық деректер негізінде қояды. Егер көрсетілген деректер
қорытынды диагноз қоюға жеткіліксіз болса, онда биологиялық сынама мен
бактериялық зерттеулер жүргізеді.
Көлдегі індеттің шығу уақытын, балықтардың түрлік және жастық
құрамын, түрлер мен жас топтарының қатынасын, олардың орналасу тығыздығын,
қоздырғыштың көзі мен таралу жолдарын, ауруға тән таралуы және өтуі, өткен
жылдардағы балықтардың қырылу себебін, ұрғашы балықтардан табын жинақтауды
және келген балықтарды орналастыруды (қайдан, қашан және қандай балықтар
келді), бір көлден басқа көлге балықтарды ауыстыруды, олардың табиғи
суларда қозғалу жолдарын, су жүйесін және оның қамтамасыз ету көзін диагноз
қойғанда ескереді.
Бахтақтың сыздауық-шиқан ауруы (фурункулезі). Бұл ауру бахтақ тұқымдас
балықтардың үлкен жауы, оларды жаппай қырып, шаруашылыққа үлкен зиян
тигізеді. Балық бұлшық етінің ішінде бастапқыда іріңді жара пайда болып,
кейіннен ол жаралардың орнында қызыл түсті түйнеме қалады, ішкі
органдарында әр түрлі кеселдер байқалады.
Ауру қоздырғышы – салмоницид бактериясы лай су мен батпақта өсіп
өнеді. Органикалық заттармен ластанған суларда бактериялар тез көбейеді.
Ал таза су ішінде ол 2-3 күнде өліп қалады.
Салмоницид бактериясы Грамм бойынша боялмайды, спорланбайды, жылжып-
қозғалмайтын жұмыр келген келте таяқша сияқты, ол желатинді сұйылтады,
көпіршіген газ шығады. Агардың үстінде түсі сұрғылт болар-болмас қатпар
пайда болады.
Бахтақ шиқаны негізінен көктем мен жаз айларында судың температурасы
тым жоғарылағанда өріс алып, кең тарайды, демек сол уақытта фурункулез
қоздырғышының көбеюіне жағдай туады.
Аурудың пайда болып, таралуының басты себебі мынада: ауырып жүрген
және ауырып жазылған немесе өлген балықтардың нәжісі мен несебі арқылы
қоздырғышы суға және балық азықтарына тарайды. Ауру басқа балықтарға
терісі мен желбезектері және ас қорыту аппараттары арқылы жұғады.
Балық ауруларына қарсы күрес жүргізудің тиімді жолдары – залалданған
уылдырық пен балықты және ол қоректенетін омыртқасыз жәндіктерді таза су
қоймаларына тасымалдау (апармау); ауру және сау балықтарды араластырмау;
балық аулайтын құрл-сайман, жабдықпен тірі балық таситын ыдыстарды басқа
ыдыстармен алмастырмау.
Албырттың обасы – бактериялық ауру. Оған шалдыққан балықтың терісі мен
жүзгіш қанаттарының аралығы өлі етке айналады.
Ауру қоздырғышы – бактериум сальмонис пестис – жұмыр, келте таяқша
сияқты. Микроскоппен қарағанда олар жылжып қозғалады, спораланбайды. Грам
бойынша боялмайды. Бактерия 15-20ºС жылылықта жақсы өсіп, жетіледі, бірақ
37ºС шамасында өліп қалады. Желатинді сұйылтады, сүтті ұйытады.
Эпизоотологиясы. Аурудың қоздырғышы албырт балықтарын зақымдайды,
балықтың басқа түрлеріне жұқпайды. Ауруды негізінен осылай ауырған балықтар
мен олардың өлекселері таратады.
Аурудың белгілері. Балықтың терісі мен қан тамырының аралығы өліетке
айналып, еті жалаңаштанып, түйнеме жара пайда болады. Бұл ауруға
дерматомикоз ауруы қосылады.
Диагнозы. Оның кликикалық белгілерін қарап шығады және эпизотологиялық
мәліметтерімен танысады. Оған қоса бактереологиялық әдістерді пайдалана
отырып аурудың нақты түрін анықтайды.
Санитарлық баға. Ауру балықты және олардың өлекселерін тиісті
заводқа жібереді.
Ақсаханың обасы. Обамен ауырған ақсахалардың әр жері қабынады. Аурудың
қоздырғышы әлі де толық анықталған жоқ. Ал оның сипатына қарай, жұқпалы
аурулардың қатарына жатқызады.
Эпизоотологиясы. Көбінесе бір жылдан асқан балықтар ауырады. Қыста
балық уылдырық шашқан және ол аяқталған кезде, яғни декабрь-апрель
айларының аралығында бұл ауру көбірек тарайды да, сонан соң бәсеңдейді.
Ауырып жазылған балықтардың организмінде иммунитет қалып қояды.
Аурудың белгілері. Балықтың еті қабынады, түсі күрең тартады. Оның өзі
жай көзге де көрінеді. Тері бүлініп пышақпен кескендей ұзынша жіңішке ашық
жара пайда болады. Мұндай жара балықтың арқасы мен бауырында аз болғанымен
бүйірінде көбейіп кетеді.
Диагнозы. Клиникалық әдіс қолданылады.
Сақтық шаралары. Балық ауруын жоюдың комплексті әдісін қолданады.
Әсіресе иммундалған балық тобын құруға баса көңіл бөледі. Басқа суларда
мекендеген сау ақсахаларды әкелуге болмайды.
Албырт фурункулезі — септицемиямен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Өсімдік, балық және ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау»
Балықтарды инфекциялық аурулар кезінде ветеринариялық-санитариялық сараптау және санитариялық бағалау алдын алу.
Балық өнімдерін, балықтың микоздық ауруларына байланысты ветеринариялық-санитариялық сараптау және санитариялық бағалау, алдын-алу және күресу шаралары
Ауруды тарататын ауру балықтар
КҮНДЕЛІК ПЕН ЕСЕПТІ РӘСІМДЕУ ТӘРТІБІ
Түркістан облысы ауыл шаруашылығы басқармасының Шардара аудандық ветеринарлық қызметі шаруа қожалығын жүргізу құқығындағы МКК мен танысу
Майы сарғыш түсті, жұмсақ
Балықтардың инфекциялық ауруларының ерекшелігі
Балық инфекциялық ауруларын қоздырушылардың ерекшеліктері
Ботулизм ауруы туралы толықтай мәліметтерді қамту
Пәндер