Топырақ ресурстарының техногенді және химиялық әсерлері


Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті
Студенттің өзіндік жұмысы
Мамандығы: Қоғамдық денсаулық сақтау
Кафедра: Экология және тұрақты даму
Курс: 1
Тақырыбы: Топырақ ресурстарының техногенді және химиялық әсерлері
Орындау түрі: Реферат
Орындаған: Сапарбаев Исламбек
Тобы: 105
Тексерген:
Оқытушының қолы:
Ақтөбе 2018ж
Жоспар:
Кіріспе:
Топырақ жайлы жалпы түсінік.
Негізгі бөлім:
Топырақтың ластануы.
Топырақ ресурстарының химиялық ластануы
Топырақ ресурстарының техногендік ластануы
Қорытыны.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Топырақ
Топырақ ресурстары жер бетіндегі тіршілікке қажетті ең маңызды алғы шарттардың бірі болып табылады. Алайда оның шын мәніндегі маңызы мен рөлін өз дәрежесінде бағалай алмай келеміз. Топырақ биосфераның компоненттерінің бірі ретінде адам, жануарлар мен өсімдіктер үшін биохимиялық орта болып саналады, ол энергетикалық симдылығы жоғары, топырақ биотасы мен адамдар арасындағы тікелей және жанама әсерлерді тепе - теңдікте сақтап түра алатын өздігінен тазару процестерінің механизмдерінің аса маңызды резерві болып табылады. Адамдарға азық - түлік пен жануарларға қоректі өндіру үшін қажетті жағыдай тек топырақ арқылы ғана жасалыныды.
Топырақтану ғылымының негізін салушылардың бірі В. В. Докучаев ХХ ғ басында топырақты өзіне тән өзара байланыстары, тіршілік ету заңдылықтары мен өзін - өзі реттеуге қаблиетті табиғи - тарихи дене деп қарастырады, топырақтың планетаның тарихы мен тау жыныстармен, климатымен, өсімдіктерімен, тығыз байланысты болатындығын атап көрсеткен.
Топырақ ешнәрсеге айрбастамайтын табиғи ресурс. Қазіргі таңда, ғылми әлі күнге дейін топырақтың орнын баса алатын жасанды материал таба алған жоқ. Өсімдіктерді топырақсыз өсірудің кез келген әдісі топырақтың рөлін дәл өз мәнінде орындай алмайды . сондықтан адамзат қоғамы алдында тұрған және әлі де маңызды болып қала беретін аса маңызды проблема топырақтың топырақ түзілу процесіндегі өздігінен қалпына келу сақтап қалуға барынша жағыдай жасау. Тақырыптың өзектілігіне қарай жұмыстың мақсаты айқындалды: топырақты ластау көздерін қарастырып сипаттау
Топырақтың қатты, сұйық, газ қүрамды және тірі организмдерде бөліктерден түрады. Олардың ара-қатынасы әр түрлі, топырақта ғана емес, тіпті бір топырақтың әр қабаттарында әр түрлі болады. Топырақтың жоғары қабатынан төмен қабатына қарай органикалық заттар мен тірі организмдер азая түседі, ал жыныстардьң түзілу қарқындылығы төмен қабатынан жоғарғы қабатына қарай арта түседі.
Ластану деп қандай да бір ортаға жаңа, оған тән емес физикалық, химиялық және биологиялық агенттерді әкелу немесе осы агенттердің табиғи ортадағы орташа көп жылдық деңгейін көтеруді айтады. Экологиялық көзқарас боынша бұл түсінікті екі тұрғыдан қарастыруға болады:
Топырақ техногенді ластану
Техногенді ластанған т о п ы р а қ т ы ң б и о л о г и я л ы қ белсенділігін зерттеу (Жергілікті жердің топырағы жайында ғылыми жұмыс) «Аманкелді ауданы әкімдігі білім беру бөлімінің Жалдама жалпы білім беретін орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Елжан Көркем (9-сынып оқушысы) Ғылыми бағыты: Жаратылыстану-математикалық (Биология) Ғылыми жетекші: Қабылда Нұрдана Нағашыбайқызы 2016-2017 оқу жылы Зерттеудің мақсаты. Техногенді ластанған топырақты зерттей отырып, олардың биологиялық белсенділігін анықтау. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің таралуына және топырақтың микробиологиялық белсенділігінің динамикасына салыстырмалы баға беру арқылы заңдылықтарын зерттеу. Жұмыстың міндеттері: -төменгі сатыдағы өсімдіктер популяциясының динамикасын маусым бойынша зерттеу; -төменгі сатыдағы өсімдіктердің техногенді ластануларға сезімталдығын анықтау; -қалдық сақтау орындарындағы төменгі сатыдағы өсімдіктердің топырақтың биологиялық белсенділігіне әсерін анықтау. Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмыстарында техногенді ластанған топырақтардағы төменгі сатыдағы өсімдіктердің биожиынтығының динамикасын, айлық тыныс алу белсенділігі көрсетілген. Төменгі сатыдағы өсімдіктердің популяциясын жеке-жеке топқа бөліп, оларды өзара салыстырып топырақтың биологиялық белсенділігінің динамикасын анықтаған . Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негізі. Бұл дипломдық жұмыстың зерттеу нәтижесінде техногенді ластанған топырақтарды топырақ түзілу процесінің бағытын және аймақтың экологиялық жағдайын болжауға мүмкіндік береді. Зерттеу объектісі: Топырақ, ластанған топырақ. Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу: Техногенді қалдықтармен ластанған жерде металдар жинақтап, осы жерде дифференциалау. Төменгі сатыдағы өсімдіктерге техногенді ластанулардың әртүрлі әсер етуі топырақ микроағзаларының ассоциациясының өзгеруіне және олардың қатысатын биохимиялық процестерінің өзгеруін бақылау. Зерттеу жұмысының құрылымы мен көлемі: Ғылыми жұмыс - кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен. Соңғы жылдардағы қоршаған ортаға зиян келтіретін техногенді процестердің нәтижесінде пайда болған қалдықтардың микроағзаларға әсерінің тұрақтылығын жоғарылататын және өсуіне жағдай жасайтын мәселелер кеңінен талқылануда. Бүкіләлемдік Денсаулық Сақтау Ұйымының мәліметі бойынша 80% аурудың түрі қоршаған ортаның ластануынан болатындығын және адам ағзасына улы заттардың 70% тағам арқылы келіп түсетінін дәлелдеп, адамзат үшін дабыл қағуда.
Техногенді қалдықтармен ластанған жерде металдар жинақталып, осы жерде дифференцияланады. Төменгі сатыдағы өсімдіктер топырақтың құрамындағы органикалық заттарды өсімдіктің сіңіруіне қолайлы жағдайына дейін жеткізеді. Олардың санының және белсенділігінің азаюы өсімдіктің қоректенуіне және топырақтың құнарлылығының азаюына әкеледі. Техногенді ластанулардың топыраққа әсер етуі барысында миграциялық қабілетінің әлсізденуіне және төменгі сатыдағы өсімдіктер белсенділігі мен таралуының жоғары болатын қарашірік қабатында жинақталуы микробиоценоздар үшін үлкен қауіп тудыруда.
Техногенді ластанған топырақты суспезия және штаммдармен өңдегенде топырақтың микрофлорасының саны мен биохимиялық белсенділігі жоғарылайды. Топырақтың ластану деңгейі жоғары болсада өңделген нұсқада, бақылауға қарағанда жалпы бактерия саны 7, 89%- 9, 21% жоғары болды. Бонитеттеу нәтижесі топырақтарды егіншілікке игергенде құнарлылығында мүмкін болатын өзгерістерді сандық бағалауға және топырақ құнарлығын сақтау мен көтеру арқасында ауылшаруашылығы дақылдарынан жоғары және тұрақты өнімдер алуға арналған шараларды құрастыруға негіз болмақ. Топырақ зерттеу кезінде оның басқа топырақтармен салыстырылғандағы өнім беру мүмкіндігінің қаншалықты айырмашылығы бар екендігі анықталады. Топырақ бонитетінің мақсаты - топырақтың құнарлылығын оның даму тарихымен байланыстырып, сол даму барысындағы табиғи және әлеуметтік өзгерістердің топырақтың құнарлылығына деген әсерін анықтау. Топырақ бонитеттеу үшін оның барлық қасиеттерін толығымен зерттеп, топырақтың құрамын, құрылымын, көпжылдық ауылшаруашылық дақылдарының бірнеше жылдық өнім беру мүмкіндігін қарастырып, зерттеп, зерделеу қажет.
Топырақтың химиялық ластануы - топырақта тірі организмдерге қауіп туғызатын химиялық заттектердің жиналуы. Топырақтың химиялық ластануының көздеріне өнеркәсіптік кәсіп орындардың шығарындылары, көлік, ауыл шаруашылығында қолданылатын шөп жойғылар мен минерал тыңайтқыштар жатады. Өнеркәсіптік кәсіп орындардың құбырлары арқылы атмосфераға шығарылатын ластағыштар жел арқылы 50 км өңірге таралады. Бірақ ластағыштардың негізгі массасы 8-10 км жердегі топыраққа түседі. Мұнай-химиялық завод кешендерінің төңірегіндегі аумақтар қатты ластанады. Көп жағдайда бұл жерлер ауыл шаруашылығына немесе бақ өсіруге пайдалануға жарамайды. 3 км-ге дейінгі қашықтыққа Топырақтың химиялық ластануы мұнай-химия кәсіп орындарының тұған-тұндырғыштары маңында көмірсутек бұларының тұнуынан болады. Түсті металл кендерін алу және байыту процестерінен де топырақ көп ластанады. Ауыр металдардан топырақтың химиялық ластануының зардабы тұрақты болып келеді. Соңғы кездері мұнайға байланысты ластану жиі кездеседі. Мұнаймен ластанған топыраққа лады. Мұнайдан топырақтың химиялық ластануының төменгі деңгейінде топыраққа микрофлора мен өсімдік дамуын реттейтін тыңайтқыш енгізу керек. Үлкен мөлшердегі және ұзак мерзімдік ластанудан топырақта қайтымсыз өзгерістер жүреді - топырақ асфальтқа ұқсас массаға айналады. Бұл кезде едәуір ластанған қабаттарды алып тастауға тұра келеді.
Экологиялық қиын жағдай Орталық Қазақстан жерлерін де қамтып отыр. Мұнда жердің техногенді бүлінуі, өнеркәсіптік қалдықтарымен ластану, ауыр металдардың жинақталуы, радиактивті элементтердің және ракета-ғарыштық қоқыстардың (Бетпақ дала) шоғырлануы тұрақты жағдайға айналған. Кейбір аймақтарда топырақтың тозуы, бүлінуі және шөлге айналуы Ертіс, Әмудария мен Сырдария өзендерінің су бассейнінің азаюы, Арал теңізінің тартылуымен тікелей байланысты болып отыр. Мәселен, Оңтүстік Қазақстанда Арал аймағының экологиясына байланысты 2 млн. га жер шөлейттеніп кеткен және Жаңадария өңіріндегі 3 мың га қара сексеуіл орманы біржола жойылу үстінде. Арал өңірі мен Сырдария өзенінің аңғары бойынша топырақтың химиялық улы заттармен және радионуклидпен ластануы жылдам жүруде
Қазақстанның барлық жер көлемі 2724, 9 мың км. Жер қорымыздың көлемі өте үлкен болғанымен оның сапасы соңғы жылдары күрт нашарлап отыр. Жерді дұрыс пайдаланбау салдарынан топырақ деградацияға ұшырап, құнарсыздану, шөлге айналу процестері күшейе түсуде. Соңғы мәліметтер бойынша Республика жерінің 180 млн. га жазық жерлер, 185 млн. га жайылым және 34 млн. га құнарлы жердің 180 млн. га жері жарамсыз жерлерге ұшырап, оның 30 млн. га топырақ эрозиясы 60 млн. га тұздану, 10 млн. га химиялық және радиактивті заттармен ластанған.
Республиканың 30 млн. га жерлерін өнеркәсіп, көлік, байланыс, елді мекендер алып жатыр. Солтүстік облыстарды тың игеру науқанына байланысты және бірегей бидай дақылын егу топырақ қарашірігінің 25-30%-ын жоғалтты. Батыс Қазақстан аймағында мұнай-газ өнеркәсібінің қарқындап дамуы 1000 га астам жерді қамтыса, топырақтың техногенді бүлінуі 2, 5 млн. га, ал тозған жайылым 3 млн. га жерді алып жатыр. Сол сияқты Азғыр мен Тайсойған сынақ полигондарының игілігіне 1, 4 млн. га жер бұйырған.
Топырақты негізгі ластаушыларға пестицидтер (улы химикаттар), минералды тыңайтқыштар, өндіріс қалдықтары, ластанған заттардың ауадағы газды-түтінді ұшқындары, мұнай және мұнай өнімдері және т. б. жатады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz