Балаларды дауысқа еліктіру


Дидактикалық ойындар дегеніміз - балаларға белгілі бір білім беріп, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру мақсатын көздейтін іс - әрекет.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсаты көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты-бағдарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.
Ойынның міндеті баланың қызығушылыңын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.
Дидактикалық ойындар мазмұны қамтуы тиіс дүниелер:
1. Сыныптағы бағдарлама материалға, оны ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманы мәнін ашу керек.
2. Талсырмалардың біртіндеп күрделенуін қамтамасыз ету, акыл-ой іс- әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал ету қажет.
3. Ойындардағы тапсырмалардың әр түрлі тәсілмен орындауын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал өту керек.
4. Дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды бол
5. Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер карапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.
6. Дидактикалық ойындардың нәтижелері объективті тұрғыдан бағалануы тиіс. Дидактикалы ойындарды таңдауда біз оқытудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық-мотивациялық аспектіге сүйендік. Атап айтқанда, олар төмендегілер:
- оқушылардың жас ерекшеліктері, білім, іскерлік және дағдының көлемі, оқушылардың даму деңгейі мен психологиялық жай-куйі;
- оқып-үйренілетін материалдың сипаты мен мазмұны, сол сабақтың
мақсаты;
- нақты ойын жағдайындағы ерекшеліктері.
Қызықты грамматика - таңдау курсы. Бұл курс арқылы оқушылар негізгі пән Қазақ тілінде меңгерген білім, білік, дағдыларын жетілдіре түседі. Осы таңдау курсы арқылы оқушылардың білім деңгейі, дүниетанымы кеңейіп, дұрыс байланыстырып сөйлеуге үйренеді.
Бастауыш сынып оқушыларының арасында жиі болатын баяу қабылдау, зейінінің тұрақсыздығы, еске сақтаудың әртүрлілігі сондай-ақ логикалық ойлау қабілетімен танымдық қызметінің ерекшелігін есепке ала отырып, қызығушылығы төменжәне жоғары деңгейдегі оқушының қабілетін дамыту мақсатындақұрылған. Бастауыш сыныптыңқазақ тілін тереңдетіп оқытуға дайындау үшін тілдің дыбыстық қызметі мен ерекшелігін, лексикалық жүйесі мен грамматикалық құрылымын игерту үдерісі өз жалғасын табады.
Тілұстарту Жазбаша сөйлеу тілін дамыту, Дыбыс пен әріп, Сөз Сөйлем, Сөз таптары, Танымдық қабілетінширатудеген бөлімдер қайта қарастырылып, біртіндеп күрделендіріледі. Сонымен бірге оқушылардың меңгермей қалған материалдарын толықтырыптүзету қарастырылады. Қосымшаберілген жаттығулар мен тапсырамалар оқушылардың қазақ тілінен алған білімдерін бекіте түседі, қызығушылығын артырады.
Бағыты: гуманитарлық
Жаңашылдығы:
Білімді игеру қарқынын тездетеді, сапасын жақсартады, жаңа тапсырмаларды орындау кезінде өз бетінше жұмыс істеуге үйретеді, оқуға деген ынта-ықыласын оятады;
Өзектілігі: сөйлеу тіл мәдениеті жоғары, сауатты жаза алатын, өз ойын айқын жеткізе алатын, алған білімін іске асыратын, жеке тұлға қалыптастыру.
Мақсаты:Тіл қызметін жүйелі меңгеру үшін, грамматика бойынша білім -білік дағдыларын арттырып, іскерліктерін жетілдіру. Оқушылардың интеллектуалдық қабілеттерін арттыру.
Міндеттері:
-грамматиканы үйрену, орфография, пунктуация және тіл нормаларын меңгерту;
-толыққандыдамуына, табысты білім алуға және белсенді болуға ынталандыру;
-ережелер мензаңдылықтарды қолданыптұжырым жасайбілуге, ;
-оқушылардың қызығушылығын, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылықпен жұмыстауға баулу;
-оқушылардың ауызшажәне жазба тіл мәдениетін қалыптастырып, тіл байлығын жетілдіружәне сөйлеу шеберлігін дамыту.
Күтілетін нәтиже:
-грамматиканы үйреніп, орфография, пунктуация, тіл нормаларын меңгереді;
-толыққанды дамуына, табысты білімалуға және белсенді болуға ынталанады;
-ережелер мензаңдылықтарды қолданыптұжырым жасайбілуге, дәлелдеугедағдыланады;
-оқушылардың қызығушылығын, дүниетанымын, ой-өрісін кеңейтіп, шығармашылықпен жұмыстанады;
-оқушылардың ауызшажәне жазба тіл мәдениетін қалыптастырып, тіл байлығын жетілдіружәне сөйлеу шеберлігін дамиды.
Жиілігі: сағат саны - 34, аптасына 1 рет.
Пәнаралық байланыс: сауат ашу, әдебиеттік оқу, өзін-өзі тану, шешендік өнер.
Дидактикалық ойындар:
Заттық дидактикалық ойындар
Заттық
дидактикалық ойындарда ойыншықтар мен нақты заттар қолданылады. Олармен ойнап,
балалар салыстыруды үйренеді, заттардың ұқсастығы мен айырмашылығын белгілейді.
Бұл ойындардың құндылығы сонда, балалар олардың көмегімен заттардың
қасиеттерімен, олардың белгілерімен: түсі, көлемі, пішіні, сапасымен танысады.
Ойындарда салыстыруға, классификациялауға тапсырмаларды шешеді, тапсырмаларды
шешуде реттілікті белгілейді. Балалармен
заттық орта туралы жаңа білімді меңгеру шамасы бойынша ойындарда тапсырмалар күрделенеді:
балалар қандай да бір қасиетімен затты анықтауға жаттығады, дерексіз, логикалық
ойлауды дамыту үшін маңызды, заттарды осы қасиеті бойынша (түсі, пішіні,
сапасы, міндеті және т. б. ) біріктіреді.
Үстел үстінде ойналатын
дидактикалық ойындар
Үстел үстінде ойналатын
дидактикалық ойындар - балаларға арналған қызық сабақ. Түрлері бойынша олар
әртүрлі: сыңар суреттер, лото, домино. Ойындарды ойнаған кезде шешілетін
тапсырмалар да әртүрлі.
Суреттер сыңарын табу
ойындары. Мұндай ойындағы ең қарапайым тапсырма - алуан түрлі суреттерден
бірдей сыңарларын: түстері, үлгілері және т. б.
бірдейлерін табу. Содан соң тапсырма күрделенеді: бала суреттерді тек
қана сыртқы белгілерімен ғана емес, сонымен бірге мағынасы бойынша да
біріктіреді, мысалы: барлық суреттердің ішінен екі ұшақты табу. Суретте
бейнеленген ұшақтар, түсі, пішіні бойынша әртүрлі болуы мүмкін, бірақ оларды
ұқсатып заттардың бір түріне жатқызып, біріктіреді.
Сөздік ойындар
Сөздік ойындар ойнаушылардың сөздері мен әрекетінен
тұрады. Мұндай ойындарда балалар заттар туралы түсініктеріне сүйеніп, олар
туралы білімдерін тереңдетіп үйренеді. Балалар өздігінен түрлі ойлау
тапсырмаларын шешеді: олардың сипаттамалық қасиеттерін бөліп, заттарды
суреттейді; суреттеу бойынша табады; ұқсастық және айырмашылық белгілерін
табады; әртүрлі қасиеттері, белгілері бойынша заттарды топтайды. Бұл
дидактикалық ойындар барлық жастағы топтарда өткізіледі, әсіресе балаларды
мектепке дайындауға мүмкіндік беретін, мектепке дейінгі ересек жастағы
балаларды тәрбиелеу мен оқытуда ерекше маңызды: педагогты мұқият тыңдай білуді
дамытады, қойылған сұраққа жылдам жауап табады, өз ойын дәл және анық
тұжырымдайды, қойылған тапсырмаға сәйкес білімді қолданады.
Құстар фабрикасы
Мақсаты: Бір тыныс алғанда үш-төрт сөз айта білу.
Ойын барысы: Тәрбиеші 3-4 рет ойыншықтарды көрсетіп, олардың шығаратын даусын клтіреді, кеін ойыншықтарды алып қояды. «Балалар құстар фабрикасына барайық. Алдымыздан тауық шықты, ол бізбен қалай амандасады:ко-ко-ко. Әрі қарай барайық алдымыздан қаз шықты, ол қалай амандасады:га-га-га»Кейін тәрбиеші қалған ойыншықтарды көрсетеді, ал балалар дауыстайды.
Кім шапшаң?
Мақсаты:Есту қабілетін дамыту. Балаларды дауысқа еліктіру.
Ойын барысы: «Бақа аюдың үйіне секіріп келіп терезенің алдында тұрып бақылдайды бақ-бақ мен саған қонаққа келдім. Тышқан жүгіріп келіп пи-пи-пи тәтті иіс шығып жатыр. Қаз га-га-га дән шоқуға келдім. Сиыр мө-мө-мө сум ішуге келдім. Бір кезде аю үйден шығып р-р-р деп ырылдағанда, барлығы қашып кетеді. Қорқақтар неге қашып кеттіңдер мен сендерге қош келдіндер деп айтқым келді ғой! Кіріңіздер, төрлетіндер!»
Қауырсынды тауып ал!
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz