Дидактикалық ойының маңызы


Дидактикалық ойындар - сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қай түрі болса да, оқушыларды өзіне тартып әкететіні белгілі. Оқушылардың пәнге қызығуын шығармашылықпен ойлауын және білім сапасын арттыруда сабақта қолданылатын ойые элементтерінің рөлі зор. Ойые элементтерін пайдаланудың оқушылар білімін тиянақты етудегі зор мүмкіндігін ескере отырып, мен өз іс тәжірибемде бірнеше ойые түрлерін қолданамын. Сабақта ойын элементтерін қолдану оқушылардың жоғары көңіл күйін туғызады. Ал мұның өзі оқушының белсенділігін, дербес ойлануын, қызығуын арттырып, сабақты қабылдауға, барынша қолайлы ықпалын тигізеді. Ойынның қандай түрі болса да жалқау, енжар балалардың ынтасын арттырып, білімген қызықтырады.
Дидактикалық ойындар арнайы мақсаты көздейді және нақты міндетті атқарады. Ойынның мақсаты-бағдарламада анықталған білім, білік және дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және бекіту, қайталау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді.
Ойынның міндеті баланың қызығушылыңын туғызып, белсенділігін арттыратындай іріктеліп алынған нақты мазмұнымен анықталады.
Әдістемелік әдебиеттерде берілген және мұғалімдердің тәжірибесінде пайдаланып жүрген дидактикалық ойындар өте көп. Алайда олардың бәрі дерлік бүгінгі күннің талаптарынан туындап отырған білім мазмұнының өзгерістеріне, сондай-ақ оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес келе бермейді. Сондықтан мен белгілі ойын түрлерін сұрыптап, ой елегінен өткізе отырып, ғылыми тұрғыдан негізделген дидактикалық ойындар мен қызықты жаттығулар жүйесін пайдаланамын. Дидактикалық ойындарды шығармашылықпен түрлендіре отырып, оқушылардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез келген сәтінде оқыту әдісінің құрамды бөлігіне айналдырамын. Бірақ ойын процесі мен оқыту процесін бір-біріне етене ұластырып ұйымдастырған жөн. Оқушы ойын іс әрекеті үстінде қандай да білімді игеріп жатқанын, ал оқу процесінің өзінде қалай ойынға ұласып кеткенін аңғармай қалуы тиіс. Сонда ғана ойын және оқу іс-әрекеттері табиғи бірлікте болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Осы шарт орындалған жағдайда дидактикалық ойын шын мәнінде оқыту әдісі деңгейіне дейін көтеріледі.
Дидактикалық ойындардың тиімділігі олардың сабақтың әр кезеңдегі орны мен міндетін және мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практиикасын мұғалімнің жетік игеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдардың жиынтығын алдын-ала дайындап алуға, ойын процесіне оқушыларды белсенді қатыстыруға байланысты.
Сабақ материалына лайықталған ойынды алып, тек қана оқушының орындай алатын іс-әрекеттерімен шектелу жеткіліусіз. Мұнда ойынды ұйымдастырудың және басқарудың сипаты мен жолдары да жан-жақты ұйымдастырылуы керек.
Дидактикалық ойындар
Дидактикалық ойындарды оқыту үрдісінде кеңінен пайдалана отырып окытудың тиімділігін арттыруға болады. Ол оқушылардың сабаққа деген
ынтасын оятып, танымдылық белсенділігін арттыруға үлкен жол ашады.
Дидактикалық ойындарға материалды тандап алу кезінде біз мына жайттарды есепке алдық:
- ойындарды пайдалануға оқу материалы мазмұнының мүмкіндіктері;
- білім көлемі мен сипаты, оларды меңгерудің қолайлылы;
- ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдерін қалыптастырудың алғы шарттары.
Ал дидактикалық ойындардың мазмұны мыналарды қамтуы тиіс.
1. Сыныптағы бағдарлама материалға, оны ішінде нақты сабақтың мазмұнына сай болып, тапсырманы мәнін ашу керек.
2. Талсырмалардың біртіндеп күрделенуін қамтамасыз ету, акыл-ой іс- әрекетінің тәсілдерін меңгеруге ықпал ету қажет.
3. Ойындардағы тапсырмалардың әр түрлі тәсілмен орындауын қадағалау және оқытудың тәрбиелік ықпалын күшейтуге ықпал өту керек.
4. Дидактикалық ойындар нақты, қысқа, қызықты, тартымды бол
5. Дидактикалық ойындарда қолданылатын материалдар мен көрнекіліктер карапайым болып, олардың жасалуы мен дайындалуы тез әрі жеңіл болуы шарт.
6. Дидактикалық ойындардың нәтижелері объективті тұрғыдан бағалануы тиіс. Дидактикалы ойындарды таңдауда біз оқытудың білімдік, тәрбиелік және дамытушылық мақсаттарына жетуге бағытталған мазмұндық-мотивациялық аспектіге сүйендік. Атап айтқанда, олар төмендегілер:
- оқушылардың жас ерекшеліктері, білім, іскерлік және дағдының көлемі, оқушылардың даму деңгейі мен психологиялық жай-куйі;
- оқып-үйренілетін материалдың сипаты мен мазмұны, сол сабақтың
мақсаты;
- нақты ойын жағдайындағы ерекшеліктері.
Дидактикалық ойындар және оларды пайдалану.
- Тәуелсіз еліміздің білім беру жүйесінде болып жатқан оң өзгерістер қоғамның жас ұрпақ тәрбиесі үшін жауапкершілігі терең сезініп отырған бүгінгі таңда оқу-тәрбие үрдісінің тиімдідігін арттыру бағытында барлық мүмкіндіктер мен ресурстарды пайдадануды көздейді. Дегенмен, оқу-тәрбие үрдісінде барлық ресурстар толық қолданыс таппай келеді. Тәрбиенің осындай сирек қолданылатын құралдарының бірі-ойын.
- Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі
әрекеті- ойын десек, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен оқу (таным) әрекетін орындауға бейімделуі тиіс. Ол сабақ барысында пайдаланатын дидактикалық ойындар арқылы жүзеге
асырылады.
- Дидактикалық ойындар арнайы мақсатты көздейді және нақты міндеттерді шешеді.
Ойынны мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе
тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсендідігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады.
Дидактикалы ойындар - балалар үшін өзіне тән жүру барысы, мақсатты,
маңызы бар әрекет. Мұндай ойындарды ұйымдастыру қашанда төмендегідей екі мақсатты көздейді:
- танымдық, яғни балада тану, іздену әрекетін дамыту;
- тәрбиелік, яғни үлкендермен немесе өз тұрғыластарымен қарым-қатынас жасағанда қажетті негізгі дағдыларды, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Дидактикалық ойындарды құру мына негіздерге сүйенеді:
1. Балалардың іс-әрекетінде ойын түрлерімен оқуды байланыстыру және
біртіндеп қызықты, жеңіл ойындардан ойын тапсырмалар арқылы оқу-тәрбие мәселесіне көшу.
2. Ойынның шарты мен оқу міндеттерінің біртіндеп күрделенуі.
3. Берілген тапсырмаларды шешуде баланың ақыл-ой белсенділігінің күшеюі.
4. Оқу мен тәрбие мақсаттарының бірлігі.
Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:
1. Заттық дидактикалық ойындар дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.
2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар:"Лошо", "Домшю"және т. б.
3. Сөздік дидактикалық ойындар.
Дидактикалық ойынның маңызы мынада:
1) Дидактикалық ойын оқушылардың қоршаған дүние туралы түсінігін
кеңейтеді, оны бекітіп, нақтылай түседі.
2) Әрбір дидактикалық ойын оқушыны ойнай білуге баулып, сөздік қорын молайтады, ақыл-ой қызметін қалыптастырады.
3) Дидактикалық ойын адамгершілікке тәрбиелеу туралы болып табылады. Дидактикалы ойын ережелері балалардан ұстамдылықты, тәртіптілікті қажет етеді.
Дидактикалық ойының маңызы.
• Дидактикалық ойындар балалардың білімін кеңейту және бекіту мақсатындағы жоспарлы және мақсатты педагогикалық тәсіл.
• «Ойын ойнап, ән салмай өсер бала болар ма» дегендей, ойынның қай түріне болмасын зер салып, ой жүгіртіп қарар болсақ, одан мәнді де мағыналы істер туындап өрбитінін байқаймыз. Өйткені алдымен ненің болсын бастамасы жол бастар қайнар көзі болатыны белгілі, демек біз ойынды бар өнердің бастауы деп білеміз.
• Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды, ал еркіндік дегенміз-барлық дамудың баспалдағы. Сондай-ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның іздемпаздық, тапқырлық қабілетін оятады. Осы тұрғыда баланың байқағыштық, зерттеп салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың
заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай. Сонымен қатар сөздік қорын молайтуда дидактикалық ойындардың орны ерекше болып табылады.
Дидактикалық ойындардың түрлері өте көп. Соның ішінде қолданып жүрген ойындарды атап өтейік.
1. «Үш гүл» ойыны.
Әуеннің көңіл күйін ажыратып білу қабілетін дамытуға арналған дидактикалық ойын.
Ойын құралдары
Көрнекілік:картоннан жасалынған үш гүл (гүлдің ортасында көңілді, көңілсіз және ұйықтап жатқан «тұлғаның» суреті салынған), әуеннің үш көңіл күйін көрсетіп жатады.
1. Жәй әуен, Көңілсіз әуен, Көңілді әуен
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz