Прогресшіл ойшылдардың және ақын-жыраулардың өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі туралы ой-пікірлері (Қорқыт,Аль- Фараби,Ж. Баласағұни,М. Қашқари,Бұхар жырау,М. Дулати)


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-қоғамдық пәндер кафедрасы
Реферат
1-кредит
№7 Тақырыбы: Прогресшіл ойшылдардың және ақын-жыраулардың өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі туралы ой-пікірлері (Қорқыт, Аль-Фараби, Ж. Баласағұни, М. Қашқари, Бұхар жырау, М. Дулати)
Орындаған: Абдулла Т
Тобы: 402б МІҚ
Қабылдаған:Беккулова А. А.
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
- Прогресшіл ойшылдардың көзқарастары
- Ақын-жыраулардың өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі туралы ой-пікірлері
ІІІ Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
IX-X ғасырларда ұлы Түркi қағанаты бiрнеше мемлекеттерге (қарлұқ, Түркеш, Қарахан, Қыпшақ, Ұйғыр, Хазар, Қимақ т. б. ) бөлiнiп, Араб Халифаты империясының Орта Азия мен Қазақстан территорияларына үстемдiк жүргiзулерiне әкелiп соқты. Арабтар ислам дiнiн уағыздаумен бiрге ғылым мен бiлiм де әкелдi. Нәтижесiнде түркi халықтарының ұлы ғалымдары: Фараби, Фердоуси, Авиценна, Бируни, Низами, Науаи, Қашқари, Яссауи, Баласағұн және басқалары араб тiлi мен мәдениетiн меңгердi. Оның үлкен прогрессивтiк маңызы болды. Көптеген шаһарларда дiни медреселер ашылды, ғылым мен бiлiм деңгейi артты. Медреселер дiни iлiмдермен ғана шектелiп қалмай, арифметика, медицина, жақаннама (философия), дiнтану, астрология сияқты әлемдiк маңызы зор32 дәрiснама берудi басты мақсат еттi. Бұл жерде қазақ топырағындағы Отырар қаласында дүниеге келген, Шығыстың екiншi Аристотелi атанған ғұлама ғалым Әбу Насыр әл-Фарабидiң (870-950) еңбегiне ерекше болды. Ол математика, музыка, логика, философия, психлогия ғылымдарының негiзiн салды. Өмiр бойы ғылым жолына берiлiп өмiрiнiң көбiн Сирия, Дамаскiде өткiздi. Ол бiрнеше ұлттардың тiлiн бiлген, ғылым-бiлiм жолында бар өмiрiн сарп еткен ғалым. Адамгершiлiк, азаматтық жолды, ғылым-бiлiмдi мақсат тұтқан ғалым шетте жүрсе де атамекенiн бiр сәт естен шығармаған шынайы патриот азамат болды. Iзгiлiк, имандылық, адамгершiлiк қасиеттердi паш еткен Жүсiп Баласағұнидың “Құтты бiлiк”, Ахмет Жүинекидiң “Ақиқат сыйы”, Махмұт Қашқаридiң “Түркi сөздерiнiң түсiндiрмесi”, Қожа Ахмет Яссауидiң “Диуани хикмет” атты еңбектерiнiң ХI-ХII ғ. ғ этикалық- педагогикалық мән-мағынасының зор болғаны, бұл еңбектердiң он ғасыр өтсе де өзiнiң тағылымдық қадiр-қасиетiнiң бiр сәт төмендетпейтiнi сөзсiз.
Х-ХҮ ғ. ғ. аралығында Шығыстың екiншi Аристотелi атанған әл- Фараби атамыздан бастап, бiр топ ойшыл ғалымдар түркi топырағында өмiр сүрiп, ғылым-бiлiмдi өркендетуде өшпес iз қалдырған. Солардың iшiнде әл-Фарабидiң ұстаздық (ғалымдық) еңбегi ерекше. Оның жан мен тәннiң пайда болуы жайындағы трактамаларында өзiнен бұрынғы Платонның “Жан тәннен бұрын пайда болады деген пiкiрiн жоққа шығарып, жан мен тән бiрге дамиды, тәнсiз жан жоқ, жан тәннiң тiршiлiк қасиетi. Адамның тәнi де, жаны да өткiншi деп ой топшылайды. Ол өзiнiң “Жан туралы” деген еңбегiнде жанды өсiмдiктерде, жануарларда, адамда болады деп үшке бөле келiп, айналаны тану қуаты жануарлар мен адамға тән дейдi. Адамның айналаны тануы бес сезiм мүшесi арқылы iске асатынын, оның өзiн сыртқы және iшкi жан қуаты болып бөлiнiп, сыртқы жан қуаты жеткiзген мәлiметтердi ойда қорытып сыртқа шығару (ой) ми мен тiлдiң iсi дейдi. Адамның жануарлардан ерекшелiгiнiң өзi ойлай, сөйлей алуында деп қарайды. Ал “Қайырымды қала тұрғындарының көзқарасы туралы трактат” деген еңбегiндегi жан құбылыстарының әртүрлi көрiнiстерiне қысқаша сипаттама бередi. Ол тану процесiн екi кезеңге бөледi де, бiрiншiсiн126 сезiмдiк кезең деп атаса, танып бiлудiң негiзгi түйсiк-сезiмiнде, ол ойлау процесiн тұрғызуға түрткi болады деп қарайды. Ол iзгi қала тұрғындарының қажыр-қайратымен ерiк-жiгерiн - рухани қасиеттi қалыптастырудың негiзгi факторы дейдi. Ол батырлық, ерлiк iс-әрекеттер ерiк-жiгердiң жақсы сапасы болса, ал мейрiмсiздiк, қорқақтық, дүниеқорлық, нәпсiқұмарлық адам бойындағы ұнамсыз жан қасиеттерi деп қарайды. Ол адам жанының ерекшелiк қасиеттерiн санамалай келiп, адамның жануардан айырмашылығы саналы iс-әрекетiне байланысты. Адам қоғамнан тыс тiршiлiкте ете алмайды, сондықтан ол басқалармен қоғамда қарым- қатынасқа түсу арқылы әрекет етедi. Осы әрекеттесу кәсiптiк ерекшелiктердi туғызады, түрлi топқа, қоғамдастыққа бiрiгедi. Осы қарым-қатынас iзгiлiкке, қайырымдылыққа құрылуы керек дейдi. Адамдар қоғамда бақытты өмiр сүруi үшiн өзара көмектесетiн iзгi қоғам құруы керек дейдi. Ондағы адамдар бiр-бiрiмен ынтымақты байланыс жасауы тиiс дейдi. Iзгiлiктi адам бойына дарыту тәрбие, өнеге арқылы iске асырылады деп тәрбие мәселесiне басты орын бередi. Тәрбиеге көнбеген опасыздар мен жауыздарды күштеп көндiрiп, болмаса көзiн құрту керек дейдi. Халық байлығы адал еңбекпен жасалады. Еңбек тәрбиенiң басты құралы болуға тиiс деген қорытынды шығарады. Фараби еңбек бөлiсiне қарай қала тұрғындарын кедейлер, шәкiрттер, әкiмдер деп үшке бөледi де, дене еңбегi кедейлерге, ал ой еңбегi шәкiрттер мен әкiмдерге тиiстi деп қарап, бiлiм алу, ел басқару iсi де халыққа адал қызмет бiрiншi орында тұруға тиiс деп қарайды. Фараби ұлы ағартушы болғандықтан адамды тек оқу-бiлiм арқылы жақсартуға, жетiлдiруге болады. Оқу-бiлiм барша халыққа ортақ нәрсе деп қарайды. Ұлы ғұламаның шәкiрт пен ұстаздың ара қатынасы туралы ойлары да педагогикалық тактiге негiзделген. Ұстаздың ұстамды, бiр қалыпты болуы керек тейдi. Әл-Фараби адамды iзгiлiкке тәрбиелеп жетiлдiруде музыканың үлкен роль атқаратынына да басты көңiл бөлген. Ол музыка адамды iзгiлiкке тәрбиелеудiң басты құралы деп қарайды. Әл-Фарабидiң медицина саласындағы еңбектерiнде дәрiгерлердiң адам жанын дәрi-дәрмекпен де, сөз құдiретiмен де емдеп жазатыны туралы ой қозғайды. Бұл бүгiнгi тiлмен айтқанда психотерапия.
Жүсiп Баласағұни (ХI ғ. ) Түркi тектес халықтардың тәлiм- тәрбиелiк пiкiрлерiнiң iлкi бастауы - төп төркiнi болып табылатын рухани мұра “Құдатғу бiлiг” (Құтты бiлiк) атты еңбектiң авторы. Бұл - дидактикалық этикалық жанрда жазылған шығарма. Дастан 85127 тараудан, 6645 өлең жолынан тұрады. Шығармада оқиғаға қатысты төрт кейiпкер - төрт қасиет бар. Ол әдiлет, дәулет, парасат, қанағат. Осы төртеуiнiң арасындағы бақыт туралы сөздiң жартысы диалогқа құрылған. Дастан Қарахан мемлекетiн нығайту, оның даңқын зорайту мақсатында жазылған. Осы өлке кезiнде шаруашылығы шарықтап өскен, жазу, сызу өнерi дамыған, мәдениетi өркендеген, зиялы қауым көп шыққан ел болған. Баласағұн адам баласының қадiр-қасиетi - бiлiм мен ақылда. Бұл -адамның жетiлiп, кемелденуiнiң алғашқы жолы. Ғылым iздеу - мұсылманның бiр парызы деп қарайды. Ол бiлiм-ғылым тiл арқылы баииды дей келiп, бiлiм мен тәрбие берудi тiлдiң пайда зиянын сөз етедi. Көп сөйлеме, аз айт бiрер түйiрiн, Бiр сөзбен шеш түмен сөздiң түйiнiн деп ой қорытады. Ол iзгiлiк - адамзат үшiн ең қажеттi қасиет басшы iзгi болса, халқы да iзгi болады дейдi. Баласағұн бiлiм мен еңбекпен байлыққа қолың жетсе мақтан ба, асып таспа, адамдық ардан аттама дегендi өсиет етедi. Әдiлет жолын қу, шыншыл бол, сараңдық пен аш көздiктен аулақ бол дейдi. Ол тектiлiк туралы сөз қозғап ел билейтiн әкiмдердiң тектiлерден шығуын қуаттайды. Сондай-ақ ел билейтiн азамат намысшыл болуы керек. Ел намысын, ел пайдасын көбiрек ойлаған азамат халыққа қадiрлi болады дей келiп: Адам ба адам өз пайдасын күйттеген Адам нағыз - ел пайдасын дiттеген - деп ой қорытады.
Х-ХII ғасырларда Қазақстан жерiндегi мәдени орталықтың бiрi - Сыр бойы болды. Осы төңiректен А. Яссауи, Ахмет Иүгүнеки, Сүлеймен Бақырғани сынды ақындар шықты. Ахмет Яссауи - бiлiмпаз ғалым, ақын, дiндар-теолог, ойшыл, бүкiл түркi жұртының рухани атасы. Ол Сайрамда туып, Жiбек жолының бойына орналасқан Түркiстан қаласында тұрған. Оның “Диуани хикмет” атты дастаны бар. Яғни ол “Алланың ақ жолын баяндайтын кiтап” деген мағынаны бiлдiрген. Бүкiл Орта Азия елi оны құрмет тұтып “Мәдинада - Мұхаммед, Түркiстанда Қожа Ахмет” деп атаған. Қожа Ахмет жетi жасында Арыстан бабтан сабақ алып, дiн жолын қуды. Ол бүкiл өмiрiн исламды уағыздауға, шәкiрт тәрбиелеуге арнаған. Алпыс үш жасында жер астынан бiр кiсiлiк жертөле жасап “Мұхаммед пайғамбар жасынан астым. Ендiгi өмiр сүруiм күпiрлiк” деп қалған өмiрiн сол жеркепеде өткiзiп, осы еңбегiн жазып қалдырады. 128 Яссауидiң “Хикмет” кiтабында адамдарды адамдық жолға, iзгiлiкке шақырып құдайға құлшылық ету, күнәдан айырылуды уағыздайды. Ол уағыздаған бес нәрсе мыналар:
1. Алланың ақ жолын мойындамаудан қашық болу;
2. Менмен, тәкаппар болмау;
3. Арамдықтан аулақ болу;
4. Дүние-мүлiк үшiн арды сатпау;
5. Ерiншек болмай - еңбектi сүю.
Махмұд Қашқари орта ғасырдағы түркi тайпаларынан шыққан iрi ғалым, ауыз әдебиетiн жинаушы. Шамамен 1029-1039 ж. туған. Әкесi Барсмағанның әмiрi Бураханның немересi. Ол Ыссыкөл маңындағы Барсаған қаласында туып, Қашқарияда өскен. Қашқар Қытайдың Шыңжаң автономиялық ауданындағы қала. Бұл қалаға Ресей мемлекетiнiң тапсырмасымен ХIХ ғ. 50-жылдарында Ш. Уәлиханов барып, зерттеу жұмысын жүргiзген. М. Қашқари - араб, парсы мәдениетiн, араб грамматикасын жетiк бiлген. Оның “Түркi сөздерiнiң жинағы” атты еңбегi - этнографиялық мәлiметке бай, түркi тiлдерiне ортақ әдеби мұра. Онда жарияланған атаулар, жер-су аттарының қойылу тарихы, ауыз әдебиетiнiң үлгiлерi жинақталған. Онда 29 тайпаның аты аталады. Қазақ халқын құраған Қыпшақ, Оғыз, Шығыл т. б. ру-тайпалар кездеседi. Онда 6800 түркi сөзiне араб тiлiнде түсiнiктеме берiлген. 242 бәйiт өлең, 262 мақал- мәтел қазiргi қазақ тiлiнде ешбiр өзгерiссiз қолданылады.
Осы өңiрден шыққан тағы бiр ойшыл - Ахмет Иүгнеки (ХIIғ ) едi. Оның “Хибатул хикайқ” (Ақиқат сыйы) атты шығармасында iлiм- бiлiмдi игеру iсiнiң халық үшiн пайдасы, оның көзқарасының бұқаралық сипаты, гуманистiк ой-пiкiрi айқын сипатталады. Ол сол заманның адамдарының бойындағы ұнамды, ұнамсыз, моральдық- этикалық қасиеттердi атап қана қоймай, сонымен бiрге бiрсыпыра пайдалы кеңестерде ұсынады. Мысалы, “Егер билiкке қолың жетсе, мақтанба, асып-таспа”, “Бастық болсаң, жайсаң бол”, “Кәрiге де, жасқа да құрмет көрсет”, “Айтар лебiңдi алдымен ойланып ал) т. б. өсиетнамаларын айтады. Моңғол шапқыншылығымен Алтын орданың ыдырауына дейiнгi аралықты (ХIII-ХҮ ғ. ғ) түркi тiлдерiнде бiрнеше қолжазбалар жазылып, оларда тәлiм-тәрбиелiк сипаттағы кеңестер уағыздалады. Мәселен, Р. Хорезмидiң “Махаббатнамасында”, “Төзiмнен артық нәрсе жоқ”, “Ақыр түбi адалдық жеңедi”, “Адамның жүрегi тазалыққа талпынады” деген ой тұжырымдалса, сол заманда өмiр сүрген Сайф129 Сарай өзiнiң “Гүлстан” атты дастанында “Адамның артында алтынға толы ақ сандық қалғанша, iзгiлiкке толы жақсы ой қалғаны мақұл”, “Күншiлдiктiң көзiне дарының -мiнiң болып көрiнер”, Iшi тар құсадан арылмас, жаны жайсаңның әсте көңiлi тарылмас” деген секiлдi ғибрат сөздер уағыздалды. Дiни медiреселерде Шығыс халықтарына ортақ “Чөр кiтаб” атты тәлiмдiк-танымдық падагогикалық еңбек дүниеге келдi. Алтын Орда мемлекетi кезiнде пайда болған “Бабырнама” (“Бабыр дастаны) Хорезмидiң “Мұхаббатнамасы”, Сайф Сарайдың “Қырық бiр батыр жыры”, “Гүлстан”, Құтыптың “Хусурау -Шырын” сияқты туындылары сол кездегi жас ұрпақ тәрбиесiне оң ықпал тигiздi. Бұл шығармаларда ел қорғау мәселесi, махаббат, ар-ождан, адамгершiлiк қасиеттер марапатталды. Жастардың қайратты, арлы, намысқор, өнерлi болып өсуiн мақсат еттi.
Асанқайғының жыраулық дәстүрi мен философиясын жалғастырған Бұқар жырау (1693-1787) болды. Бұқар жыраудың бас тақырыбы: дүние көркi - адам, адам көркi - оның жасар игiлiгi, белдi қасиеттерi; дүние - бай мен жарлы-жақыбайға ортақ, алма-кезек, мұнда мәңгi байлық та, жарлық та, көптiк те, жалғыздық та жоқ. Адамның табиғатынан белсендi тұлға екендiгiне жырау айрықша мән бередi. “Адамзаттың баласы, атадан алтау тумас па? Атадан алтау туғанмен, iшiнде оның бiрi арыстан болмас па? Арыстанның барында жорғасы болса мiнiсiп, торқасы болса киiсiп, толғамалы қамшы алып, толағайда толғай дәурен сүрмес пе” - деген толғауы осы ойдың айғағындай. Абылай ханға арнаған: “Жұлдызың туды-ау оңыңнан, жан бiткен ерiп соңыңнан. Он сан Алаш баласын, аузыңа құдай қаратып. . ” - деген толғауында ханның мәртебесi, бiрiншiден, халықтың өзара бiрлiгiн сақтай бiлуiнде, екiншiден, халыққа өз саясатын қолдатқыза138 алатын ептiлiгiнде екенiн алға тартады. Осыдан: адамды адам ететiн - оның ортасы, нақты тәлiм-тәрбиесi деген ұстанымды бекем ұстайды. Нағыз ержетiп, азамат болу үшiн он бiр тiлектi орындауды ұсынады. Олар “Тiлек” толғауында былайша келтiрiледi:
1. Аллаға адал бол. Алла - сенiң бүкiл өмiрiң мен тыныс- тiршiлiгiңнiң негiзгi арнасы. Аллаға сыйынғанның адамдық дүниесi қай уақытта болмасын тоқайласады.
2. Пасық, залым адамның тiлiне ерiп азба. Қаскөйлерден ылғи сақтанып жүру қажет.
3. Қыз-келiншектер, әйелдер үстi-басын таза ұстап, жарасты киiмiн сәнiмен киiп, өзiн байыпты ұстай бiлуi жөн. Бүгiнгi қыз бала, жас келiн өзiнiң байыпты жүрыс-тұрысымен ертең көрегендi бәйбiше, зерделi әже боларлық рәсiммен iштесетiнiн ұмытпа.
4. Төсек тартып жатпағын. “Әуелгi байлық - денсаулық” екенiн жадыңнан шығарма, сол үшiн белсендi әрекеттен тайынба.
5. Мұсылмандықтың белгiсi - бес парызды ұмытпа, парызды өтеуде ұқыптылықты сақта.
6. Ардақтаған аяулың күннiң күнiнде бөтен бiреуге тегiннен-тегiн олжа болмасын, көршi күштiлердiң қол астына қарап қалмасын. (Бұл арада орыспен, қытайлықтармен бейбiтшiлiк саясатын ұштастыру жақтарын ескерткендей) .
7. “Желкiлдеген ту келiп, жер қайысқан қол келiп, сонан сасып тұрмалық” деп ел қорғау мәселелерiн алға тартады. Тағы бiр толғауда: “Батырлықтан не пайда, халқыңа қайран қылмаса, хандардан пайда жоқ, қарашаны жалмаса” деп ел мен жер қорғаудың өнегесiне мегзейдi.
8. Өз ұрпақтарын кездейсоқ, төтенше жағдайлардан сақтана бiлудi еске салады. Табиғаттың дүлей күштерiнен сақтанып, қамсыз жүрмеу де - имандылық нышаны.
9. “Төреңiз тақтан таймасын”. Елдiң бiрлiгi патшаның өз тағында нық отыруына да байланысты. Ел басқару елеулiлердiң үлесi, “қырық адамның жаны барлардың” тиесiсi. Хан бағдарламасын қолдау да - имандылық.
10. Бейбiт өмiр “тар құрсағын кеңейткен, тас емшегiн жiбiткен” аналардың беделiн көтередi, оларды аңыратып қалдырмайды. Ананы сүйiп ардақтау жеткiлiксiз, оны барынша құрметтеп, сыйлау - парыз. Ананы аңыратпау, ана алдындағы парыз бен қарызды өтеу де - имандылық.
11. Әйел-ананы қастерлеу - имандылық қасиеттiң негiзi. Жырау психологиялық тұжырымдар жасауға, жасқа тән мiнез ерекшелiктерiн топтауға машық. Шындықтың сынағынан өте бiлу де, қарттықты сыйлай бiлу де - үлкен құрмет, арлылардың асылдығы. Үлкендер мен асылдарды сыйлау - өмiр үшiн күрестiң бiр түрi, ел- жұртына деген сүйiспеншiлiктiң үлкен құрметi. Осындай тағлымы мол iс-әрекетте адамның сана-сезiмi дұрыс және тез дамиды. Отаны мен туған жерiн сүйе бiлген тез есейедi. Толғауы терең Бұқар жыраудың талғамы осыған тiреледi. Тарих сахнасында 3 мыңжылдық салты бар көшпендiлер өркениетiн тұлғалаған, ұрпақтарын үлгiге үйiрлеген - даланың қайраткерлерi, дiлмарлары, би шешендерi. Ел аузында “түгел сөздiң түп атасы” атанған Майқы биден бастап 200 ден артық дiлмарлар, одан да артық бек атаулары жатталынып қалған. Әрқайсысы ел-жұртының қуанышы мен қайғы-қасiретiн, ерлiгi мен ептiлiгiн еселеп жеткiзген, ел қамын ойлап, қазақ ұлысын құруға, халықтың әдет-ғұрып, салтын, жол-жоралғысын реттеуге, заңдастыруға үлкен ықпал еттi. Әдiл билiгi, тапқыр шешендiгi барлар “қалың елi қазағының” атынан сөйледi, көкейкестi ойларын “бiр кiсi емес, жалпақ жұртқа” арнады. Билердiң шешендiгi - сол халықтың даналығы мен ой-санасынан туындайтыны айғақ. Халықтың ой-санасы оның мәдениетiне, рухани мұрасына, табиғи болмысы мен ойлау машығына, өмiр сүру тәсiлi мен дiни наным-сенiмiне, күнделiктi тұрмыстағы әдет-ғұрып, рәсiм- салтына сүйенедi. Осы әр түрлi деңгей мен көрiнiстегi факторлар ой- сананы өзiнше ұйытқы етiп келдi. Қазақ билерi дүние мен әлемдi адамилық тұрғыдан түсiндi. Олар үшiн: - дүние мен адам, ғұмыр мен дүние, табиғат-ана бiртұтас мән; - адамсыз заман болмайтындығы ақиқат; - адамның өмiрдегi орны мен қызметiн жандандыру, әрлету қажеттiлiк. Руханияттың бiр өлшемi, қолдаушысы және қорғаушысы - билiк, басқару, әкiмшiлiк. Қазақтың ұлыс болып ұлғаюына, елдiгiн құрып орнығуына орай би-шешендердiң рухани дәстүрi қалыптасты, ықпалын арттырды. Билер дәстүрiнiң мақсаты - адамды тәрбиелеу, адамдыққа баулу, өнегелi азаматты қалыптастыру, адамға қажеттi iзгi қасиеттердi үлкен құндылық дәрежесiне көтеру. Бұл мәселелер тұлғалық пен елдiктiң тұтқасы. Би-шешендер сол тұтқаның ұстанымын айқындады және соған сүйендi. Онысы:
-Кiсiлiкке қайшы iске қарап тұрмау;
-Кiсiлiкке қайшы сөзге бас шұлғымау;
-Кiсiлiкке қайшы былыққа батпау;
-Кiсiлiк қасиеттi ақтау, құдiреттi баптау, - “кәмiл адам” тәрбиелеудiң тиегi мен пернесiн орнықтырды.
Осы ереже мен сұранысқа орай билердiң мәртебесi қалыптасты. Қандай iсте болмасын бидiң сөзiне артықшылық берiлдi. Би шешiм қабылдарда қиналып, билiк айтудан бас тартса, оған айып салынбады. Егер ол терiс билiк шығарса, онда ол қияметте, құдай алдында жауап бередi делiндi. Би кез келген адамға басу сөз айта алды. Куәлiкке құдайдан қорқатын, күнәсi жоқ, көпке қадiрлi адамдар шақырылды. Антын бұзып, iске нұқсан келтiрген немесе елге зиян келтiрген адамды абыройсыз деп, қоғамнан аластатылды. Бүкiл халықтың ынтымағын қолдаған олар ел арасында мұрты кертiлмес беделге ие болды. Олар ханды да, қараны да баянсыздықтан, қызбалықтан, жалғандықтан сақтады, дұшпандарын шындықтың шоғымен қақтады, кек пен кежiрдi, жайма мақтан мен мансапты төмендетпей, зәбiр-зардаптың отын басты, тұсаулады. Әр замандары адамдардың сапалық жақтарын саралай бiлдi, адам болмысының төрт түйiндерiн - ақылды, рухты, нәпсiнi, көңiлдi зерделедi. Даулы мәселелердi ушықтырмай, қауым мен ұрпақтың ниет, пиғылын күзеп түзедi, дүмшелiкке ұйықпады, рухани сырқаттан емдедi, рухани бұзылудан сақтады. Тiрлiктiң де, шындықтың да көзiн тапты, iстiң қанағаттанарлық шешiмiн табатындардың кезегiн бақты, жемiс-жетiктi рухани үстемдiкке тартты. Әкенiң iсiн балаға, ханның iсiн қараға түсiрмедi, бiрiн астам зорлыққа барғызбады, бiрiн азған ұрлыққа барғызбады. Ақ тұрып, адал жүргендi үйреттi. Бiреудiң талабымен емес, жүрегiнiң қалауымен халқын бiрлiкке, ерлiкке, еңбекке, оқуға, өнер-бiлiмге шақырды. Халқымыз уәж сөзге тоқтаған, бiр сөздiлiгiмен кiсiлiктi жақтаған. Сөз қадiрiн бiлген халқымыз тiптi қиын қыстау кезде: “Бас кеспек бар, тiл кеспек жоқ” деп туралыққа тоқтаған. Осы биiк талаптан ата-баба құндылықтарын меңгермеген зердесiздi “жетесiз” деп тұқырта салған. Рухани мұқтаждық өмiрге деген талаппен қатар мiнезге тамыр жайған. Нағыз билер - жарық дүниенiң жарасымдылығын аңсағандар. Олардың болмысына екi ерекшелiк ортақ:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz