Алаштықтардың мақсаты - қазақ халқын отарлық негізден азат ету, автономиялық ұлттық мемлекет құру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
XX ғасырдың бірінші жартысындағы Қазақстан

1. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісінің маңызы
XX ғасырдың басында патшалық Ресейдің Орта Азияның шығыс аудандары мен Қазақстанды отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. 1914 жылы патшалық ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші Дүниежүзілік Империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да аса ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктерімен жергілікті әкімдердің және байлардың зорлық-зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Жергілікті халықтан алынатын салық 3-4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен азығын соғысқа қажетті деп алу көбейді. Соғыс жылдары тек Түркістаннан майдандағы әскерге 38 мың шаршы метр киіз, 300 мың пұт ет, 70 мың жылқы күштеп алынып, майданға жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, байлардың шаруашылықтарында жалдап жұмыс істету күшейді.
Кәсіпорын иелерінің, жергілікті буржуазия мен феодалдардың зорлық-зомбылығы 1916 жылы 25 маусымда патша өкіметінің 19-43 жас аралығындағы бұратана халықты мемлекеттік қорғаныс жұмыстарына пайдалану тәртібі туралы ереже қабылдауына байланысты тіпті күшейе түсті. Бұл жарғы халықтың шыдамын тауысып, олардың отарлау езгісі мен орта ғасырлық қанауға қарсы көтерілуіне себеп болды. Жарлық бойынша, Түркістан мен Дала өлкесінен майданға окоп қазуға 400 мың, соның ішінде Қазақстанның далалық облыстарынан - 100 мыңнан астам, Жетісудан 87 мың адам алу көзделді. Қазақ жастарын, тіпті қарияларын қара тізімге қосты, ал бай-шонжарлардың балаларын түрлі амалдармен жібермеудің жолын тапты.
Халық осының барлығына төзе алмай, көтеріліске шықты. Бұл қозғалыс ұлт-азаттық сипатта болып, отаршылдыққа, патша өкіметі мен феодал-байларға қарсы бағытталды. Бұл арада айтып кететін жайт, қазақ зиялылары бұл көтерілісті қолдамады, қарулы қақтығыстың түкке апармайтындығын айтып өтті. Өйткені құр қол халық патшаның талай жыл үйретілген, мұздай қаруланған әскеріне төтеп бере алмай, қырғынғы ұшырайтынын сезді. Алайда, Қазақ газеті бетіне шығып жатқан: көтерілісті тоқтатайық деген үндеулер ашынған халықты тоқтатпады.
1916 жылы шілде, тамыз айларында қозғалыс бүкіл Қазақстанды қамтыды. Қозғаушы күші: қазақ шаруалары, қарапайым жұмысшылар, қолөнершілер, кедейлер. Көтерілістің басты орталықтары - Торғай мен Жетісу. Басшылары: Торғайда Әбдіғапар Жанбосынов, сардарбегісі Амангелді Иманов болса, Жетісуда Тоқащ Бокин басшылық етті.
Қозғалыстың жеңілу себептері:
Ұйымшылдықтың жоқтығында;
Шайқасушы тараптардың күштерінің теңсіздігі;
Үстем тап өкілдерінің тұрақсыздығы;
Патша өкіметінің қарулы отряд құрғаны да әсер етті.
К.Қасымұлы 1837-47 жылдар аралығында бастаған ұлт-азаттық көтерілісі бүкіл қазақ даласын қамтыды. 1916 жылғы көтеріліс те бүкілқазақтық сипатқа ие болып тұр. Сонымен қатар оған өзге де ұлт өкілдері атсалыса қатысты. Көтеріліс қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің өскендігін көрсетті. Мыңдаған көтерілісшілер патша билігіне қарулы куреске шықты. Отаршылдық езгіде олар ұлттық мүдделерінің ортақтығын тұңғыш рет ұғынды, белсенді саяси қызсетке құлшынып, өзін Ресей билігінің отаршылдық саясатына қарсы тұра алатындығын ұғынды. Қазақ деген ұлы еліміздің бостандығын алу, тұғырымызды биікке көтеру, сан ғасырларға созылған тәуелсіздік жайындағы арман-тілектердің орындалу жолындағы күрестің жалғасы болды. Сондықтан оның тарихтан алар орны ерекше және азаттық үшін болған қарсылық ретінде маңызы өте зор.

2. Қазақстанда кеңестер билігінің орнығуы
Кеңес өкiметi Қазақстан аумағында бiр кезеңде орнамады. Бұл көптеген объективтi жағдайларға байланысты болды. Барлық демократиялық ұйымдар мен жұмысшы, шаруа және солдат, қазақ және мұсылман депутаттары Кеңестерiнiң, социалистiк партиялардың, қала Думаларының 1917 жылы 15 - 22 қарашада Ташкентте өткен өлкелiк съезi Түркiстан өлкесiнде жаңа үкiмет - Түркiстан Халық Комиссарлары Кеңесi орнағанын атап көрсеттi. Түркiстан Халық Комиссарлары Кеңесiнiң 14 адамдық құрамы жарияланды. Алайда онда мұсылман халқының бірде-бір өкілі болған жоқ.
1917 жылдың қазанынан 1918 жылғы наурыздың басына дейiн Кеңес өкiметi байтақ Ресейге өз билiгiн орнатып үлгердi. Қазақ даласында Кеңес билiгi алдымен темiржол бойындағы қалаларда орнады. 1917 жылғы қазанда жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Перовск (Қызылорда) Кеңесi өкiмет билiгiн өз қолына алды.
Сол жылы қарашада билiк Әулиеата, Черняев қалаларында Кеңестiң қолына көштi. Орынборда атаман А. Дутов басқарған казактардың офицерлер корпусы, Ә. Бөкейханов басқарған Алашорда үкiметi, эсерлер мен меньшевиктер Кеңес өкiметiне қарсы бiрiктi.
1917 жылғы желтоқсанда Балтық теңiзшiлерi азық-түлiк отрядының қолдауымен Қостанайдың жұмысшылары мен солдаттары өкiмет билiгiн өз қолына алған болатын. 1918 жылғы қаңтарда болған Қостанай Кеңестер съезi бүкiл уезде Кеңес өкiметiн орнату туралы шешiм қабылдады. 1918 жылдың басында Ақтөбеде, Орынборда және Торғай уездерiнде Кеңес өкiметi орнады. Ақмола даласы мен Есiл бойындағы Атбасар, Қызылжар (Петропавл), Көкшетау қалаларында Кеңес өкiметi орнауына Батыс Сiбiрдiң Уақытша Революциялық Комитетi ықпал жасады. Батыс Сiбiр Кеңестерiнiң III съезi барлық жерде - Атбасар, Қызылжар және Көкшетауда өкiмет билiгiнiң Кеңестер қолына көшкенi туралы қаулы қабылдады. Ақмола ревкомы Уақытша үкiметтiң жергiлiктi органдары құлатылып, Кеңес өкiметi орнатылғанын хабарлады. Қызыл гвардия отрядының қолдауымен жұмысшы, шаруа және солдат депутаттарының Павлодар Кеңесi де 1918 жылдың қаңтарында өкiмет билiгiн өз қолына алды.
1918 жылғы ақпанның 16-сынан 17-сiне қараған түнi Семейде өкiмет билiгi жергiлiктi Кеңестiң қолына көштi, мұның өзi Өскеменде, Қарқаралыда, Зайсанда, Шығыс Қазақстанның өзге елдi мекендерi мен ауылдарында Кеңес өкiметiнiң орнатылуын қамтамасыз еттi.
1918 жылғы қаңтарда Оралда Кеңес өкiметi күшпен орнатылды. Казактардың офицерлер мен кулактардан тұратын әлеуеттi тобы, Жымпитыдағы Алашорда үкiметiнiң Батыс бөлiмшесi, Төменгi Едiлде жинақталған күштердiң қалған бөлiгi большевиктерге қарсы шықты. 1918 жылғы наурыз айында қалада жұмысшы, шаруа және солдат депутаттары Кеңестерiнiң облыстық съезi болып, онда Орал облысында өкiмет билiгiнiң облыстық Кеңес Атқару комитетiнiң қолына көшкенi, казактардың әскери үкiметi мен Алашорда үкiметiнiң таратылғаны туралы шешiм қабылданды. Алайда қарулы күштердiң болмауынан Орал Кеңесi бұл шешiмдi орындай алмады.
Наурыздың 28-iнен 29-ына қараған түнi контрреволюциялық күштер төңкерiс жасады. Атқару комитетiнiң 60-қа жуық мүшесi қамауға алынып, олардың көпшiлiгi ақ гвардияшылардың қолынан қаза тапты. Кеңес өкiметi Оралда Азамат соғысы жылдарында ғана бiржола орнатылды. Астрахан губерниясының құрамында болған Бөкей ордасында Кеңес өкiметi 1917 жылғы желтоқсанда жарияланған болатын. Жетiсуда таптық күштердiң тең еместiгiнен соғыс жағдайы туындады. 1918 жылғы наурыздың 2-ciнен 3-iне қараған түнде жұмысшылар, майдангер солдаттар және екiншi Жетiсу казак полкiнiң революциялық пиғылдағы жауынгерлерi көтерiлiс жасады. Көтерiлiсшiлер бекiнiстi, қару қоймасын басып алды, банктi, поштаны, телеграфты қолына қаратып, юнкерлер мен Алашорда милициясын қарусыздандырды. Верныйда Кеңес өкiметi жеңiске жеттi. 1918 жылғы наурыз айының iшiнде бүкiл Жетiсу облысында Кеңес өкiметi толық орнады.
Алашорда үкіметі
1917 жылдың желтоқсанында Орынборда өткен Жалпықазақ съезі Түркістан автономиясының басшысы М. Шоқайдың баяндамасын тыңдап, қазақ автономиясын құру туралы мәселелер қолға алынды.
Қазақ автономиясы жөніндегі съезд былай деді:
Тегі бір, мәдениеті, тарихы және тілі бір қырғыз(қазақ) халқы басым тұтас болып келетін аймақта ұлттық автономия құрылсын;
Қырғыз(қазақ) обылыстарының автономиясын Алаш деп атасын;
Алаш автономиясының барлық мекемелерінде барлық ұлттардан пропориялы түрде өкілдер болуға тиіс...
Алаш облыстарын жалпы күйреу мен анархиядан құтқару мақсатында 25 мүшеден тұратын Алашорда Уақытша Халық Кеңесі құрылып, оның орны қазақ-қырғыз арасында тұратын орыс және басқа ұлт өкілдеріне берілсін;
Алашорданың уақытша орналасатын қонысы болып Семей қаласы таңдалып алынсын. Қазақ(қырғыз) халқында бүкіл атқарушы өкімет билігін Алашорда дереу өз қолына алуға тиіс.
Делегаттардың көпшілігі жуық арада автономия жариялауды жақтап дауыс бердi. Бүкiлқазақтық Алашорда Кеңесiнiң мүшелерi арасынан балама негiзде Ә.Бөкейханов төраға болып сайланды. "Қазақ" газетiнде Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. Он бөлiмнен тұратын бұл құжатта партияның мемлекеттiк құрылыс, қорғаныс, дiн, ғылым мен ағарту саласындағы, аграрлық мәселе және т.б. жөнiндегi кең көлемдi бағдарламалары көрсетiлдi. Жобаның негiзгi бағдарламалық қағидалары Бүкiлқазақ съезiнiң шешiмдерiнен көрiнiс тапты. Сөйтiп, тарихтың бетбұрысты кезеңiнде Алаш партиясы сол кездiң нақты мүмкiндiктерiн ескере отырып, қазақ халқы дамуының балама жолын ұсынды.
Төңкерiстiң осы бiр тарихи қиын кезеңiнде билеушi партияға айналған большевиктер Алашордамен тiл табысу жолдарын қарастырмады. Әртүрлi саяси күштердiң билiк жолындағы тайталасы басталды. Петроградта болған Қазан төңкерiсi Қазақстан аумағында бұрын болмаған таптық қақтығыстарға алып келдi. Бұған қарамастан Ресейдiң халық бұқарасы, соның iшiнде қазақтар да, Бүкiлресейлiк құрылтай жиналысына үлкен үмiт артты. 1917 жылдыңқарашасы мен 1918 жылдың қаңтары аралығында өткен сайлау қазақ еңбекшiлерiнiң басым көпшiлiгi Алашорданың бағдарламалық талаптарын қолдайтынын көрсеттi. Жетiсу губерниясында Алаш партиясының блогы сайлаушылар дауысының 57,5%-ын алды. Олар Семей уезiнде (85,6%), Торғай, Орал губернияларында (75%) ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ мемелекетіндегі алғашқы ұйымдармен саяси партиялар
Алаш партиясы
Алаш партиясының саяси көзқарасы
Ақпан төңкерісі
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар, қоғамдық қозғалыстар мен ұйымдар
Адам мен саясат жөніндегі қазақ ойшылдарының топшылаулары
Алаш жайлы
Aлaш бaғдaрлaмaсы: өзектілігі мен тaрихнaмaсы
1917 – 1939 жылдардағы қазақ халқы
Қазақстанның өткені мен бүгіні (тарихи жағдайлар, наразылықтар)
Пәндер