Көркем образ және оның жасалу жолдары


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Көркем образ және оның жасалу жолдары

Образ деген сөз әдебиетте негізінен екі түрлі қолданылады. Бірінші, көркем сөз мағынасында, екінші, адам образы - тип мағынасында. Көркем сөз ұғымында - образға теңеу де, эпитет те, троп, фигуралардың түрлері де жатады. Кейде сөз образы немесе бейнелеу деп те айтамыз. Екінші адам образы - тип мағынасында болады. Бұрын образ деп тек ұнамды қаһармандарды атап жүрспе, кейінгі кездері көбіне образ пен типтің арасына шек қойылмайды.

Əдебиет туралы жалпы түсініктердің бəрінің құйылар арнасы, әдебиет туралы ғылымның ең басты жəне өзекті мəселесі - образ жəне образдылық.

Кең ауқымда алып қарасақ, көркем образ - өмірлік шындықты игеру мен қайтадан қорытып, жаңадан жасап шығарудың өнерге ғана тəн ерекше тəсілін сипаттайтын эстетикалық категория. Сонымен бірге көркем шығармада жасалған алуан құбылыстарды да, көбінесе кейіпкерлер мен əдеби қаһарманды «образ» деп атаймыз.

Негізінде образдың ерекшелігін екі мəселеге, яғни нақты шындық пен ойлау үрдісіне қатысты қарастыру дəстүрі қалыптасқан. Соған сəйкес, образдың обьективті-танымдық сипаттары екі түрлі жағдайға байланысты анықталады.

Образ көркемдік шындыққа тəн болғанымен, өмірлік негізінде жасалатындықтан, ақиқат өмірдегі кеңістік, уақыт, қоғам, заттар мен құбылыстардан алшақ кете алмайды. Сондай-ақ, образ ақиқат-болмыспен біте қайнасып кетуге де тиіс емес. Оның сыры - образдың өмір сүру ортасына қатысты. Нақтылай түсер болсақ, образ ақиқат өмірден

бастау алғанымен, көптеген шарттылықтар арқылы одан ажырап, көркем туындыдағы «қиялдан туған» əлемге көшеді.

В. Г. Белинский : «Ақын образбен ойлайды, ол шындықты дәлелдемейді, көзге елестетеді», - дейді. Образ - шығармашылық ой жемісі, тағы нақты ұғым. Сондықтан ойлау үрдісіне тəн сипаттарға образ дайын болады. Яғни образ тек қана ақиқатты суреттеп берумен шектелмейді. Өмір шындығын жинақтай отырып, жекелеген оқиғаларды, құбылыстарды бейнелей отырып, адам баласын толғандырып келе жатқан мəңгілік сауалдардың мəніне де үңіледі.

Адам образын жасау үшін жазушы не өткен өмірді, не өз кезіндегі бір адамды негізге алады да, соны басқалардан жекелеп, ерекше көзге түсерлік етіп көрсетуге тырысады. Ол үшін, ең алдымен көрнекті жайт - жеке адамға тән мінез. Әдеби мінез жайшылықтағы мінезлден анағұрлым терең, анағұрлым кең. Жазушылар жеке адамға тән мінездерді жасағанда адамның өмір жолдарын, іс-әрекеттерін баяндайды, сол арқылы оның мінезінің қалай қалыптасқанын елестетеді.

Қандай құбылысқа негізделсе де, образ ол құбылысты дерексіз, тиянақсыз əлденелерге бөлшектемей керісінше, оның тұтастығын, өзіндік бітімін сақтап қалады. Əдебиетте адам бейнесін жасаудың амалы алуан түрлі. Ол сөздегі суретпен ғана бітпейді, көркем бейне жасауға қажет өмірлік материалды жинақтаудан əдеби тұлғаны даралауға дейін барады.

Шындықты көркем жинақтау жайлы әртарап пікірлер бар. Жинақтау дегеннің өзі - əдеби тип жасау əрекеті. «Типтендіру деген суреткердің іс жүзінде өмір шындығын өз дүние танымы тұрғысынан белгілі бір уақытпен кеңістікке, əлеуметтік орта мен дəуірге сай талғап-тануы, таңдап іріктеуі жəне жинақтауы, сол арқылы өзі жасап отырған көркем бейнені сомдауы, тұлғаландыруы, даралуы болып табылады», - дейді академик З. Қабдолов.

Типтендіру - мөлшерлі «сфераға» енетін, өлшеулі «формаға» көнетін əрекет емес, ақиқат өмірдегі кісілерден əдеби шығармадағы жанды бейнелер туғызудың аса қиын, күрделі жəне əрқашан тың, тынымсыз харакеті. Суреткер өзі жасаған көркем бейненің құны мен қасиетін қатаң қағидаға қарап белгілемейді, оның өмірдегі жанды дерегіне қарап бағалайды. Жазушыға тип жасау əрекетінің үстінде керкгі-типтілік туралы «қисын» емес, тірі мүсін - прототип.

Кейде оқырман күнделікті өмірдегі адам мен əдеби қаһарманды бірдей ұғым ретінде қабылдайтыны бар. Бұл жағдай əсіресе, əдеби бейненің өмірдегі прототипі болғанда ерекше байқалады. Алайда, прототип пен əдеби қаһарман бір ұғым емес. М. Əуезовтің «Абай жолы» романындағы Құнанбайды тарихтан белгілі Құнанбайдың таза көшірмесі деп түсінуге болмайды. Өйткені, əдеби бейнеде қаламгер концепциясы жинақталады да, соған орай көркем бейне жасалады. Сонымен бірге авторлық позицияға байланысты кейіпкер халықтық қаһарманға айналуы да, қаламгердің көркемдік жүйесіне байланысты да болады. Шындық құбылыстарды типтендіре жинақтау арқылы суреткер болашақ образдың немесе типтің жалпы бітімін, тұлғасын қалыптастыруымен қатар оның ішкі ерекшелігін ашып, мінезін даралайды. Əрбір əдеби тұлғаны өз ортасынан адам ретінде бөлек, оқшау танытып тұратын, оның тек өзіне ғана тəн, өзгелерде жоқ жəне қайталанбайтын психикалық ерекшеліктері болуы шарт. Суреткердің өмір шындығын жинақтау əрекеті əрқашан оның адам мінезін даралау əрекетімен ұласады.

Ең қарапайым мағынасында образ - суретті сөз. Демек, образды жасау, ашу барысында түрлі троп, фигура, айшықтау әдістерін пайдалануға болады. Мысалы,

Күлімсіреп аспан тұр,

Жерге ойлатып әр нені.

(Абай) .

Осы жолдарды оқығанда біздің маңымызда әдеттегі жансыз табиғат емес, әлдебір тіршілік тыныстап, көз алдымызға кәдімгідей қимыл, құбылыс елестеп кетеді. Аспан жай тұрған жоқ, езуін тартып, «күлімсіреп» тұр. Аспан күлімсіреп тұр дегенде, Абай, әрине, аспанның ашық, нұрлы екенін айтып тұр. Бірақ аспан ашық деген сөздің әсері аспан күлімсіреп тұр дегендей болмас еді. Өйткені, алдыңғысы қарапайым сөздер де, екіншісі - сөзбен алынған сурет. Бұл әрі нақты, әрі затты. Бұл ретте образ тіпті тар мағынасының өзінде әдеби тілдің жалпы сөйлеу тілімізден, сондай-ақ көркем әдебиеттің жалпы «әдебиет» атаулыдан айырмашылығын, артықшылығын қосып тұр.

Гималай - көктің кіндігі,

Гималай - жердің түндігі.

(І. Жансүгіров) .

Бұл - метафора жолымен жасалған сурет: екі нәрсе қатар қойылып, бір-біріне баланады, өзара сәле түсіреді, сол арқылы оқырманның көз алдына үшінші нәрсенің суреті жайылады. Образдылық осылай пайда болады.

Әдеби шығарма, оның ішінде өлең арқылы жасалған көркем бейне болмаса, мысалы, даланың селеуі, шеңгелі мен шиі дәл мындай тірлікке, әрекетке ие болмас еді:

Елсіз жер . . . еңіреген інгенде күй,

Селеулер жел оятқан билеген би.

Аулақта қорқақ қоян зор тыңдаған,

Тұқырып қала берген шеңгел мен ши.

(І. Жансүгіров) .

Жансыз табиғатқа жан бітірген ғаламат сурет! Кейіптеу арқылы жазушы оқырман санасында сөзбен сурет салып отыр.

Бір ескертетін нәрсе - суреттіліктің жөні осы екен деп, сөйлем ішін эпитетпен, теңеумен, метафорамен сықай беру - жөнсіз. Ол оқырманды жалықтырып жіберуі де әбден мүмкін.

Образдың түрлерін белгілеудің бірнеше (əдістік, тектік, тəсілдік) фактолары бар. Көркемдік əдіс тұрғысынан келгенде, образ екі түрлі: романтикалық образ, реалистік образ. Əдеби тек тарапынан келгенде, образ үш түрлі: эпикалық образ, лирикалық образ, драмалық образ. Ал, жалпы жасалу тəсілдеріне келетін болсақ, образ юморлық, сатиралық, фантастикалық, трагедиялық, комедиялық, қаһармандық, т. б. бейнелер деп

бірнеше тұрғыдан жіктеуге болады. Осылардың əрқайсысының өзіне тəн ерекшеліктері бар.

Əдебиеттегі көркемдік əдіс, негізінен екі түрлі: романтизм, реализм. Романтикалық образ - əдебиеттегі адам бейнесінің байырғы түрлерінің бірі. Бұл образдың алғашқы үлгілері баяғы көне дүние əдебиетінде, əсіресе мифте, немесе қай халықтың болса да ауыз əдебиетінде жатыр. Бұл образ өмірдегі болған немесе бар деректен гөрі өмірде əзірше жоқ, бірақ болатын дерекке негізделеді.

Романтикалық образ - қай жанрдың туындыларында болмасын, молынан кездесетін, образдың дəстүрлі, қалыптасқан түрі.

Реалистік образ - əдебиеттегі адам бейнесінің ең сымбатты, шынайы түрі. Реалис сөзінің латын тіліндегі мағынасы заттық деген ұғымды білдіреді. Сонымен қатар, «шындық шыншыл, шынайы, ақиқат» деген сияқты ұғымдарды да білдіреді. Демек, өнер түрлеріне қатысты қалыптасқан реалистік образ ұғымы өмірлік шындыққа негізделген, эстетикалық-тəрбиелік мəні зор, қоғамдық сипаты айқын, өз бойына жалпылық жəне

жалқылық белгілерді қатар дарытқан, сонымен бірге қоғамдық, көркемдік дамуға байланысты ұдайы өзгеру, жетілу үстінде көрінетін шыншыл бейне деген түсінікті білдіреді. Реалистік образ - нанымды образ:оның мінез-құлқы, іс-əрекеті, оны қоршаған орта, оның басынан өтетін оқиға - бəрі өлшеулі. Өйткені суреткер шыншыл образ жасау үстінде өзін шындық шеңберінен шығармайды.

Реалистік образ - типтік образ. Өнердегі шыншыл образ өмірдегі бір адамның ғана көтерілген жоқ, бірнеше адамнан жинақталып шыққан.

Əдеби тек тұрғысынан образдар эпикалық, лирикалық, драмалық болып үш топқа бөлінеді. Аталған образ түрлерінің қай-қайсы да адам болмысын жан-жақты танып, ашып көрсетуді мақсат етеді. Сол себепті, образ бойында бүкіл адам баласына ортақ тылсым ұбылыстардан бастап, өмірдің кейбір сəттері мен жеке адамға ғана тəн сезімдік шарпысуларға дейін қамтыла береді. Əдеби тектердің əрқайсына тəн ерекшеліктерге сəйкес, образ тұлғалауда қаламгерде сол тектерге тəн тəсілдерді пайдаланады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көркем бейненің танымдық және эстетикалық мәні
Көркем шығарма
Көркем әдебиеттегі образдылық пен көркем образ мәселелері.Әдеби туынды және оның мазмұны мен құрылымы. Әдебиеттің көркем шығарманың көркемдеу құралдары мен тілі. Өлең сөздің теориясы туралы ақпарат
Көркем образ
Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні жайлы мәлімет
Ағылшын тіліндегі эпитеттердің стилистикада алатын орны
Антропоцентризм және прагматизм –ХХғ.философиялық бағыттар
Көркем бейненің танымдық, эстетикалық мәні
ӘДЕБИЕТТАНУДЫҢ ЖАҢА БАҒЫТТАРЫ
Қалижан Бекхожин шығармаларындағы теңеудің танымдық сипатын лингвистикалық тұрғыдан ашу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz