Өлең сөздің теориясы
I.Өлең сөздің теориясы
Өлең теориясы - әдебиет теориясының негізгі зерттеу нысандарының бірі. Қазіргі уақытта өлеңнің құрылымдық жүйесіндегі жемісті ізденістер ақындардың шеберлігі ретінде танылып, өлең құрылысы поэзиялық шығарманың ішкі болмысын ашуда үлкен маңызға ие болып келеді. Қазіргі өлеңдердің ырғақтық жүйесін зерттеуде бірқатар кандидаттық диссертациялар жазылып, докторлық жұмыстардың жекелеген тарауларында да талданды. Қазір поэзияның жекелеген даму кезеңдерін арқау етіп, талдау жасайтын ғылыми жұмыстар баршылық. Олардың жетістіктері - ғылыми жұмысқа негіз болған белгілі бір кезең ақындар өлеңдерінің құрылымдық жүйесіндегі жаңалықтар мен даму үрдістерін дөп басып, тани алғандығында. Ал олардың жұмыстарында кейбір сауал тудырған тұжырымдар жалпы қазақ поэзиясының шешімін күткен мәселелері болып табылады.
Өлең - шағын көлемді поэзиялық шығарма. Ырғағы мен ұйқасы қалыпқа түскен, шумағы мен бунағы белгілі тәртіпке бағынған нақысты сөздер тізбегі. Өлеңнің түрлері мен жанрлары әр алуан: ода, элегия, баллада, сонет, т.б. Кең мағынасында өлең қысқа көлемді поэзиялық туындылардың жалпы атауы болса, тар мағынада музыкалық өнер мен сөз өнеріне ортақ туынды, яғни ән өлеңі.
Қазақ ауыз әдебиетіндегі халық өлеңдері еңбек-кәсіпке орай (аңшылық, төрт түлік, наурыз өлеңдері), ескілікті наным-сенімге байланысты (бақсы сарыны, арбау), әдет-ғұрып негізіндегі (салт, үйлену, мұң-шер өдеңдері), қара өлең, тарихи өлең, айтыс өлеңдері болып бөлінді. Өлең сөздердің болмысы, жаратылысы аса күрделі, оған ишара, меңзеу, салыстыру, жұмбақтау, астарлау, бейнелеу, теңеу, ұқсату, т.б. тән. Лирика жанрында кең тарады, тақырыбы жағынан саяси, көңіл күйі, табиғат, махаббат және философиялық түрлерге жіктеледі.
Өлең құрылысы - өлең өлшемдерінің жасалу жүйесі, дыбыс үндестігі мен ырғағына тән ерекшеліктерді белгілейтін шарттар мен заңдылықтар. Өлең - жырдың күнделікті айтылатын жай сөз, қара сөздерден басты айырмасы олар мөлшерлі жеке жолдарға, яғни тармақтарға бөлінеді. Өлең тармағының құрылыс жүйесі әр халықтың поэзиясында өзінше қалыптасқан. Дүниежүзілік әдебиетте орын тепкен өлең құрылымы 4 түрге бөлінеді:
Метрикалық өлең жүйесі өлең ырғағында ұзын буын мен қысқа буынның кезектесіп келуіне негізделеді. Мысалы, ежелгі грек және рим поэзиясында кең орын алған ямб, хорей, т.б.
Силлабо-тоникалық өлең жүйесінде екпінсіз буын мен екпінді буындар кезектесіп келеді. Ол орыс, неміс, ағылшын халықтары поэзиясында кездеседі.
Тоникалық өлең жүйесі орыстың халық поэзиясында қолданылған. Оны жазба әдебиетте орнықтырған A.Маяковский болды. Мұнда ырғақ екпінді буындарға негізделеді, екпін түспейтін буындар есепке алынбайды. Кейбір қосарланып келетін сөздер болмаса, тармақтағы әр сөз бір екпінмен айтылып, дербес ырғақтық бөлшек құрайды. Мұның өзі өлеңді мәнерлеп, тақпақтап оқуға мүмкіндік береді.
Силлабикалық өлең жүйесі буын санының мөлшерін тұрақты сақтауға негізделген. Бұл өлең құрылысы француз, чех, итальян және барлық түркі тілдес халықтардың поэзиясында қолданылады. Бұл өлең құрылысының басты сипат-белгілерін қазақ өлеңдерінің құрылымынан анық аңғаруға болады. Құрылысының ұлттық сипат белгілері ұлт тілімен тамырлас. Қазақ өлеңі, алдымен буынға негізделіп, ырғақ пен тармақ та, ұйқас пен шумақ та буынға бағынады.
Өлең өлшемі - біркелкі ырғақ сақтау үшін қолданылатын өрнек. Өлең өлшемінің негізгі атаулары ежелгі грек поэзиясынан келген, көне грек, рим әдебиетінде бұл өлшемдер ұзын буын мен қысқа буынның кезектесуі арқылы жасалған. Араб, парсы, қазақ поэзиясындағы өлең өлшемі буын санын тұрақты мөлшерде сақтау арқылы жасалады. Мысалы, қазақ жыр үлгісінің тармақтары көбіне 7 не 8 буынды болып келеді, сондай-ақ 6 буынды өлшем де қолданылады. Ең көп тараған өлшемнің бірі - 11 буынды. Тармақта буын саны төрттен асса, ол ырғақтың құрылысы жағынан бірнеше бунаққа бөлінеді.
Өлең ұйқасы - тармақтың соңындағы бірнеше буынның келесі тармақтарға сәйкес буындармен үйлесуі. Ұйқас өлеңдегі әр тармақтың жігін айқындап, сөздің ырғағын күшейтуге себін тигізеді, әуезділігін арттырады. Ұйқас түрлерін ажыратқанда, алдымен, оның сапасы, яғни ұйқасқан сөздердің өзара үйлесімі еске алынады. Ұйқас өзара үйлескен тармақтардың кезектесу ретіне қарай сан түрлі болып келеді, ең көп кездесетін ұйқастар: егіз ұйқас (аабб), шалыс ұйқас немесе кезекті ұйқас (абаб), қаусырма ұйқас немесе орама ұйқас (абба). Соңғысы орыс поэзиясында жиі қолданылады, ал қазақ поэзиясында көп кездесетіні - қара өлең ұйқасы деп аталатын ақсақ ұйқас (ааба). Бұл 11 буынды өлең өлшемінде үнемі дерлік қолданылады. Қазақ поэзиясындағы жыр ұйқасы кейде шұбыртпалы ұйқас деп те аталады, ол бір ұйқасты ұзақ сақтап, бірнеше тармақтарды бірыңғай үйлестіруімен ерекшеленеді. Көбінше негізгі ұйқасқа (желілі ұйқас) қосымша, жанама ұйқас ілесіп, қосарланып отырады. Абай қолданған ұйқастың жаңаша түрлері: алты тармақты ұйқас (алты аяқ, аабввб) және "Сегіз аяқтың" ұйқасы (аабввбгг).
Өлең ырғағы - өлеңдегі белгілі ырғақты үлгі-өрнекті қолданудан туатын өлшемділік. Ол алдымен өлеңнің жеке жолдарға, яғни мөлшерлі тармақтарға бөлінуіне байланысты болады. Өлең тармақтарының көлемі әдетте тұрақты. Тармақтар көбіне белгілі мөлшерде топтасып, тұрақты шумақ өрнегін жасайды. 4 тармақты шумақ қай елдің поэзиясында болсын ең жиі қолданылатын үлгі, сондай-ақ 2, 6 тармақты, т.б. шумақтар да кездеседі. Шумақ көлемінде тармақтар әр түрлі тәртіппен өзара ұйқасады, ұйқас бірнеше тармақтың соңындағы сәйкес буындардың дыбыс үйлестігінен туады. Өлең ырғағы өлшемділіктен туса да, жеке сөйлемдердің интонация - синтаксистік құрылысының сан алуан болуына орай, өлең сөздің нақтылы айтылуындағы ырғақ үні үнемі құбылып, өзгеріп отырады. Өлең ырғағын байыту үшін сөзде бай мазмұн-мағына болуы керек, сонда интонация, дауыс толқыны түрленіп, жанданады, сөздің ырғақтылық-әуезділігі арта түседі.
Сөз өнері дамыған сайын қазақ өлеңінің құрылысы шыңдалып, кемелденіп, жаңа өлшем-өрнектермен толысып, байып келеді. Қазақ поэзиясының ырғақтық-интонация байлығын молынан игеріп, өлең өрнектерін байытып, дамытуға зор үлес қосқан Абай ақын болды. Ол жаңа өлшем, шумақ, ұйқас түрлерін орнықтыруда асқан өнерпаздық көрсетсе, бұрыннан көп тараған белгілі өлшем-өрнектерді керек жерінде өңдеп, түрлендіріп қолдану жағынан да соншалықты зор өнегелі іс атқарды. Әсіресе, соңғы кезде поэзияда ерікті өлең түрі қолданыс тапқан, мұндай өлеңдерде белгілі бір өлшем берік сақталмағанмен, қалыпты ырғақтық өрнектер еркін қолданылады. Қазақ өлеңінің құрылымын Ш.Уәлиханов, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, І.Жұмалиев, Е.Ысмайылов, С.Мұқанов, З.Ахметов, З.Қабдолов, т.б. ғалымдар зерттеді.
Қазақ өлеңінің құрылымдық жүйесі бүгінде қарқынды түрде дамып келе жатқаны дау туғызбайды. Мәселен, қазіргі өлеңнің бунағындағы буын сандары төрт буынмен шектелмей, енді алты, жеті, тіпті сегіз буынды бунақтардың пайда болуы, қазіргі өлеңдердің интонациялық ерекшеліктерінен туындайтын тармақаралық жіктен басқа өлеңнің эмоционалдық-экспрессивтік мазмұны талап ететін жіктердің көрінуі, өлеңдегі тыныс белгілер жүйесінің эмоционалдық, интонациялық маңызының артуы, жаңа ұйқас түрлерінің пайда болуы, буындар ассиметриясы сияқты құбылыстардың кең өріс алуы, дәстүрден тыс ырғақтық жүйе түрлерінің көбеюі сияқты мәселелер қазіргі өлеңдердің даму деңгейін көрсетеді.
Қазіргі қазақ өлеңіндегі кейбір тосын, жаңа ырғақтық-интонациялық сипаттардың орын алуын бүгінгі поэзиядағы мазмұндық-идеялық, тақырыптық ерекшеліктердің ықпалымен түсіндіруге болады. Қазіргі қазақ лирикасында интимдік сырлардың бірінші кезекке шығуын, сонымен қатар субьективті көңіл-күй мен ой-сезімнің поэзия тілінде тереңдікке, нәзіктікке жетіп, жалпылық, обьективті мәнге ие болуын қазақ өлеңіндегі бүгінгі түбегейлі мазмұндық-сапалық жаңару тенденциясына жатқызуға болады.
II. Шығармашылық әлемі және әдеби жанрлар мен олардың түрлері
Әдеби жанрлар, жанр дегеніміз - бұл әдеби тектің аясында бөлініп шығатын туындылар тобы. Олардың әрқайсы белгілі бір кешенді тұрақты қасиеттерге ие болып келеді. көптеген әдеби жанрлардың бастау көзі мен тамыр тегі фольклорда жатыр. Жаңадан туындаған өздік әдеби тәжірибеде жанрлар өзіндік бастаушылар мен жалғастырушылар іс-әрекетінің жиынтығының жемісі болып табылады. Осылайша, мысалға, романтизм дәуірінде лиро-эпикалық поэма қалдыптасты. Оның қалыптасып, кең қанат жаюына Дж.Байрон, А.С. Пушкин, М.Ю. Лермонтовтар қана емес, олардың беделді және аса ықпалды замандастары да жетекші рөл атқарды. Осы жанрды зерттеген В.М. Жирмунскийдің айтуынша, үлкен ақындардан шығармашылықтың тынысы туындап, кейін басқалар тарапынан екінші қатардағы дүниеге ұласатын әдеби дәстүр қалыптасып: Ұлы туындылардың индивидуалды нышан-белгілері жанрлық нышан-белгіге айналады. Жанрлар көріп отырғанымыздай индивидуалдықтан үстем түседі. Оларды мәдени-тарихи индивидуалдық деп атауға да болады.
Жанрлар (әдебиет тектеріне қарағанда) жүйелеу мен жіктеуге табандылықпен қарсылық жсап, асқан қиындықпен көндігеді. Бұның бәрі алдымен, олардың өте көптігімен байланысты: әр көркем мәдениеттің жанры төлтума болып келеді (Шығыс елдері әдебиетіндегі хокку, танка, ғазал). Оның үстіне жанрлар түрлі тарихи көлемге ие болып келеді. Біреулері сөз өнерінің бүкіл тарихы бойында тіршілк кешсе, (мысалға, Эзоптан С.В. Михалковқа дейін мәңгілкке өз өміршеңдігін танытып отырған мысал); басқалары болса, белгілі бір дәуірлерге ғана тән (мысалға, орта ғасырылық еуропа әдебиеті құрамындағы литургиялық драма тап осындай). Басқаша айтар болсақ, жанрлар не әмбебап, не тарихи локалды болып табылады.
Мысалы, элегия ең алдымен махаббат тақырыбына баса назар аударған жанрға айналды. Ал, жаңа уақытта (негізінен XVIII ғ. екінші жартысы мен XIX ғ. басында) элегиялық жанр Т.Грей мен В.Жуковскийдің арқасында қайғы мен зар, өкініш пен меланхолия арқылы анықталатын болды. Сонымен қатар, бұл кезде түп төркіні антикаға кететін элегиялық дәстүр де өз өмір сүруін жалғастырды. Тап осындай сипатқа өзге де жанрлық таңбаланушылықтар да ие (поэма, роман, сатира және т.б.).
Жанрлық белгілеушілір туындының түрлі қырын таңбалайды. Осылайша, трагедия сөзі драмалық туындының аталған тобының белгілі бір эмоционалды-мағыналық ауанға (пафосқа) жататын дәйектейді; хикаят сөзі әдебиеттің эпикалық тегіне жататын орта көлемді (романға қарағанда кіші, новелла мен әңгімеге қарағанда ірі) мәтін туралы сөз етеді; сонет ең алдымен, қатаң нақты бір көлемдегі (14 өлең) және арнайы ырғақтық жүйеге иелік етушілігімен сипатталатын лирикалық жанр болып табылады; ертегі сөзі, біріншіден, әңгімеленуші, және де екіншіден, қиялға белсенділік пен фантастиканың араласып келуін көрсетеді. Және осылайша ары қарай жалғаса береді.
Әдебиеттің жетекші жанры деп танылған роман соңғы екі-үш жүз жылдықтарда әдебиеттанушылар мен сыншылардың жіті назарын аудартуда. Ол сонымен қатар қаламгерлердің ой толғамдарының өзегіне де айналуда. Сонымен бірге, бұл жанр бүгінде де жұмбақ күйінде қалуда. Романдарда қоршаған ортадан қаһарманның шететілу жағдаяты, сайтани өзі еріктілік кеңінен айшықталып, болмысқа өгейлік, үйсіздік, тұрмыстық қаңғыбастық және рухани кезбелікке баса назар аударылады. Бірақ роман демонизм мен иронияның шеңберіне, адами тұтастықтың бөлшектенуіне, адамдардың әлемнен аулақтауына басы бүтін енбейді, қайта оған қарсы тұрады. XIX ғ. классикалық романистикасындағы (әрі батыстық, әрі отандық) қаһарманның тек өзіне ғана иек сүйеуі қосарлылықпен: бір жағынан адамға лайық дербестік, асқақтық, тартымдылық, елітушілік, басқа жағынан - адасушылық пен өмірлік жеңіліс табудың бастау көзі сипатында мәлім етілді. Оның үстіне романның көптеген қаһармандары өздерінің жалғыздығы мен аулақтануын еңсеру үшін өздерінің тағдыры әлеммен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz