Синэкология (бірлестіктер экологиясы)



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Синэкология (бірлестіктер экологиясы)
Синэкология (грек тілінен аударғанда syn - бірге) - әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар мен микроогранизм популяцияларының ассоцияларын (биоценоздар), олардың қалыптасу жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлімі. Жеке ғылыми бағыт ретінде синэкология 1910 жылы Халықаралық ботаникалық конгресте бөлініп шықты. Синэкология ұғымын ғылымға енгізген швейцар ботанигі К.Шретер болып есептеледі. Әр түрдің популяцияларының макрожүйелерге бірігуінен - бірлестіктер немесе биоценоздар түзіледі.
Биоценоз ( грек тілінен аударғанда bios - өмір, koinos - жалпы орган) - қоршаған ортаның бірдей жағдайында бірге тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдер популяцияларының жиынтығы. Биоценоз ұғымын 1877 жылы неміс зоологы К.Мебиус (1825-1908) ұсынды.
Ешқандай биоценоз қоршаған ортадан тәуелсіз, не одан тыс өздігінен дами алмайды. Нәтижесінде жеке бөліктерінің күрделі өзара әсерлері қалыптасқан, тірі және өлі компоненттерінің жиынтығынан тұратын белгілі бір комплекстер түзіледі.
Белгілі бір дәрежеде бір текті жағдайлармен сипатталатын, ағзалардың белгілі бір бірлестігімен (биоценоз) қоныстандырылған кеңістік - биотоп (грек тілінен аударғанда topos - орын) деп аталады. Егер биотопты биоценоз өмір сүретін орын ретінде сипаттасақ онда биоценозды белгілі бір нақты биотопқа тән, тарихи қалыптасқан ағзалар комплексі деуге болады.
Кез келген биоценоз биотоппен бірге, одан да жоғары деңгейдегі биологиялық жүйе - биогеоценозды түзеді. Биогеоценоз ұғымын 1940 жылы Н.Сукачев ұсынған. В.И.Сукачев (1880-1967) биогеоценозға мынадай анықтама берген. Жер бетінің белгілі бір бөлігінде табиғи жағдайлары біртекті бірлестіктер өзін құрайтын компоненттердің өзара әсерлесу ерекшеліктерімен, белгілі бір хат және энергия алмасуларымен, басқа да табиғи құбылыстарымен, ішкі қарама-қайшылықты біртұтастығымен сипатталатын, үнемі қозғалыста болатын жиынтыққа биогеоценоз ұғымы шет елдерде кеңінен таралған, 1935 жылы Тенсли ұсынған экожүйе ұғымына жақын. Ол ұзақ уақыттың адаптация нәтижесі. Биогеоценозды анықтаушы - фитоценоздар. Аграбиогеоценоз - жасанды фитоценоз негізінде жасалады.
Экожүйе дегеніміз - зат, энергия және ақпараттар алмасу нәтижесінде бірігуі ретінде тіршілік ететін кез келген өзара әрекеттесуші тірі ағзалар мен қоршаған орта жағдайларының жиынтығы. Кейбір ғалымдардың көзқарасы бойынша биогеоценоз ұғымынң мазмұны негізінен зерттеліп отырған микрожүйенің құрылымдық сипаттамасын берсе, ал экожүйе ұғымы ең алдымен оның функционалдық мәнін көрсетеді. Экожүйеге құмырсқа илеуі, орманның бір бөлігі, тұтас орман, космос кораблінің кабинасы, ландшафт және бүкіл биосфераның өзі мысал бола алады. Жалпы алғанда, биогеоценоз экожүйеге қатысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері
Бірлестік экологиясы–синэкология
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы ақпарат
Экологиялық қалыптасу тарихы мен кезеңдері
Бірлестіктер мен экожүйелердің экологиясы (синэкология)
Экологияның қалыптасу тарихы және кезеңдері туралы ақпарат
Экология ғылымы жайлы ақпарат
Экология ғылымы туралы ақпарат
Экология ғылымы туралы мәлімет
Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия туралы
Пәндер