Уәлиханов Шоқан - Ғалымның қырғыз халқының айтулы мұрасы Манасты зерттеуі


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

I. Кіріспе бөлім:

1. Шоқан Уәлиханов - қазақ халқының біртуар перзенті.

II. Негізгі бөлім:

1. Ғалымның қырғыз халқының айтулы мұрасы «Манасты» зерттеуі.

III. Қорытынды бөлім:

1. Ш. Уәлиханов - қазақ фольклористикасының атасы.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

I . Әр ұлттың тарихында үздік шығатын ғажайып таланттар болады. Ғасырлар санап та, әйтеуір ұзақ сағындырып дүниеге келетін ондай перзентін қазақ халқы біртуар деп атайды. Қазақ халқының ой дүниесінде аз жасап, көп іс тындырған Шоқан Уәлиханов халқымыздың сондай біртуар перзенттерінің бірі[2, 74 бет] . Мен де бұл пікірмен толыққанды келісемін, неге десеңіз, небәрі 30 жыл ғұмырының өзінде артынан мол ғылыми мұра қалдырып, есімін мәңгіліккек жадымыздан өшпестей тірлік жасады. Мысалы, менің жасым 20-ға тақап қалған күннің өзінде, әлі балалық оймен жүріп, айтарлыұтай тындырған ісім саусақпен санарлық.

Халқымыздың дара туған ұлы Ш. Уәлиханов ХІХ ғасырдың тұңғыш ғалымы, ғажап ақыл - ойшылы, зор талантты дүние жүзі ғылымында өзіндік үлкен орны бар ірі тұлға. Барлық ғұмыры нысаналы, тағдыры - мұхиттың дәмін білуге болатын тамшыдай еді. Жарқ ете қалған бейнесі әлі де болса ұрпақпен үндесе бермек.

Өз заманында жарқырап шыққан ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұралары - тарих, этнография, география, бейнелеу өнері, әдебиет, фольклор, нумизматика және археология саласындағы еңбектері Азия халықтарының өмірін зерттеуде аса құнды дүниелер болып есептеледі.

Дегенмен де, қазақ халқының ұлы ғалымы, ойшылы Ш. Уәлиханов сынды ардақты адамдардың мағыналы өмірі мен мазмұнды мұрасына қатысты көптеген жайлардың жұмбақ сырлы мәлімсіз жақтары бар екендігі де дәлелді шындық.

Оның негізгі пікірлері мен ойлары фольклор жайлы айтылған. Ол кезде қазақтың жазба әдебиеті толық қалыптаса қоймаған еді. Шоқан өзге ұлттардың шығармаларын жинақтап, таразы талқысына салған. Сол арқылы қазақ фольклорын этнографиялық материалдарға жіктеп, оның түрлеріне анықтама берген. Бұл оның фольклористикаға қолданған тарихшылдық принципі болмақ. Сонымен қатар ол фольклорда халық тұрмысы ғана емес, ой-санасы, мұң-зары, келешектен күткен армандарының таңбасы болатынын айрықша атап көрсеткен [5, 22-23 бет] .

II . Шоқан Уәлиханов - қазақ халқының тарихын, этнографиясын және фольклорын ең алғаш кең зерттеген отандық ғалым. Яғни, оның фольклор саласында қалдырған ізі айтарлықтай, соның бірі «Манас» атты қырғыз жырының қыр-сырын ашу.

Төскейде малы, төсекте басы қосылған бауырлас қырғыз халқының әлемді тамсандырған «Манас» эпосы - тарих заманынан таулы Азия қыратында ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып жеткен қызықты жыр, қырғыз халқының айтулы мұрасы.

Бұл жырды алғаш рет қағаз бетіне түсіріп, оны әдеби дастанының белгілі бір кеніші еткен жас ғалым Шоқан Уәлиханов еді. Бірақ Шоқан жазып алған «Манас» жырының қырғызша мәтіні көп замандар ғылымға белгісіз болып жатты. «Манас» жырының Шоқан жазып алған нұсқасын табуға себепкер болған Шоқанның замандас досы, белгілі татар ғалымы Хұсаин Фаизхановтың Шоқанға жазған хаттары болған.

Жырдың мазмұндық, тілдік келбетіне терең бойлаған ғалым оның «тым ертеде пайда болғанын» алдымен атап өтеді. Бұдан кейін ол талдауын «бұл поэманың негізгі тақырыбы - ноғайлы елінің мырзасы Манас батырдың ерлік істерін баян ету. Бұл дастанда қырғыздардың өзі де және қазақтар да ноғайлылармен тату болып, көрші отырған екі ел болғанымен, әр қайсысы өз алдына дербес халық ретінде көрсетіледі» деп жалғастырады.

«Манас» сынды ересен көлемді әрі көркем жырдың ұлы желісін анықтап тексеруге, ондағы оқиғалар жүйесін, түрлі дәуірлердің «қабаттарын» аңғаруға көп уақыт керек. Эпостың бір бөлімінің өзін жыршылар бірнеше түнде айтып тауыса алмайтын болғаны да белгілі. Ендеше Шоқанның Қырғызстанда болған санаулы күндерінде осыншама орасан зор материалды меңгеріп алуы қайран қаларлық көрініс демеске болмайды. Осыған қарағанда ғалым «Манас» жырының мән-жайына тек бірер сапар кезінде ғана емес, басқа уақыттарда да қызыққан секілді. Ол жыршылармен ғана емес, ұқпа құлақ қариялармен де, шежірешілермен де көп кеңескенге ұқсайды. Соның арқасында «Манастың» бітіміне қатысты аса маңызды проблемалардың көбін Шоқан өз зертеулерінде қадап көрсете де алған. Дастанның бойында әрі ескі, әрі жаңа қабаттардың аралас келіп отыруын, жалпы алғанда, мұнда қырғыз халқының тарихи естелігі көрініс бергенін ғалым тамаша тұжырымдап береді. Эпикалық дәстүрі жағынан қырғыз жырлары қазақ, ноғай дастандармен өте тығыз байланысты, көп ретте бұл шығармаларда осы халықтардың бәріне ортақ қаһармандар араласып жүретініне Шоқан терең талдаулар жасайды, осы халықтардың көркемдік мұрасындағы ортақ желілер мен сарындарды сан рет ұғындырады. «Манас» сынды эпопеяның қадір-қасиетін ашардан бұрын эпос, аңыз табиғаты туралы салыстырулар жүргізеді.

Шоқанның «Манасқа» берген классикалық анықтамасы жырдың тұлғасын тереңдеп танудан туған нағыз ғылыми тұжырым болып есептеледі. «Алатау» қырғыздарының поэзиялық ең басты және жалғыз десе де болғандай данышпандық халық шығармасы «Манас» туралы дастан екені күмәнсіз. Бұл - бір кезеңге және бір адамның - Манас батырдың - төңірегіне топтастырылған барша халық ертегілерінің хикаялары мен аңыздарының, география, дін және салт-сана, әдет-ғұрып жөніндегі түсініктерінің энциклопедиялық жинағы. «Манас» - бүтін бір халықтың шығармасы, соның көп жылдық шығармашылығының жемісі, дала Илиадасы десе болғандай» дейді Шоқан. Жырдың генезисіне қатысты қазақ ғалымының болжамы өзгеше мәнді болып көрінеді. Ол «Манастың» оқиғалық сүйегі бұрын ел арасында ауызша қарасөз әңгіме түрінде айтылып келіп, кейінгі замандарда ғана жырға айналған болуы мүмкін деп есептейді. Жырдың құрылысына қосымшаларда осындай ретпен бірте-бірте енген даму заңдылықтары туралы ең алғашқы ғылыми күрделі ойлар болып табылады.

Шоқанның «Манас» жырының жеке тараулары, қаһармандары туралы мінездемелерінде де көңіл бөлерлік пікір мол. Әсіресе, ол жырдың бас қаһарманы - Манастың іс-әрекеттері мен жорықтарының сипатына басымырақ тоқталады, оның кейбір істеріне сын көзімен де қарайды. Бірақ олардың қай-қайсысы да, түптеп келгенде, ғалымның эпосқа берген жоғары бағасына қайшы келмейді[6, 62-64бет] .

Мысалы, қаһарманның сымбаты мен іс-әрекеті бірте-бірте үстемелене, сан қырлы толыға береді. Айтушы жыршының үстемелене, сан қырлы толыға береді. Айтушы жыршының қиялында оған тең келер нәрсе табылмайды. Мына көтеріңкі көрікті жолдар осыны дәлелдейді:

Алтын менен күмістің

Шіресінен біткендей.

Аспан менен жеріңнің

Тіресінен біткендей.

Айың менен күніңнің

Бір өзінен біткендей

Ай алдында дарияның

Тоқынынан біткендей.

Ауадағы бұлттың

Салқынынан біткендей.

Аспандағы ай, күннің

Жарқылынан біткендей. . (ІІ бөлім, 148)

Мұндай портреттік мінездеме әлем фольклорындағы сирек кездесетін ең тапқыр да биік бейнелеу қатарына қосылады.

Зерттеуші жыр қаһарманы Манастың жас кезінен батырлық көрсете бастағанын, жыл санап емес, күн санап өскенін, эпикалық туындыларға тән белгі деп қарайды, оның ерлік пен шайқасқа үйренулерін, жауларымен көп соғыстарын, жасынан әке ырқына қиғаш келіп, өз дегенін істетіп үйренгенін атап өтеді.

Ғалым «Манастың» бірнеше өзгешелігіне айрықша ден қояды:

  • Ең алдымен оны жырдың төгілген тілі, сөз, теңеу айшықтары, түйдек-түйдек сұлу кестелері қызықтырады. Халық мұрасынан елдің нағыз рухын көргісі келетін Шоқанға бұл тамаша құбылыс болып елестейді.
  • Екіншіден, бұл эпостағы жер атауларының қырғыз шындығына қайшылықсыз дәл келетініне мән береді. Түрлі халықтардың тарихи мекеніне дейін жырда анық көрсетілетініне зерттеуші таң қалады. Мәселен, ол қырғыздың, қазақтың, қалмақтың, ноғайлының көшіп-қонып жүрген жерлерінің атаулары жырда ақиқақатқа сай берілгенін жоғары бағалайды.
  • Мұны да Шоқанның негізгі ғылыми концепциясына - ауыз әдебиеті шығармаларынан өмір шындығын неғұрлым молырақ іздегісі, тапқысы келетін аңсарына - байланысты деп түсінуіміз керек.

Ақырында ғалым жырдың ең құнды қасиеті қатарында онда халықтың әдет-ғұрып, салт-санасының, наным-сенімінің мейлінше жан-жақты суреттелгенін, оның жаратылыс, тағдыр, болып өткен оқиғалар туралы түсінігінің кең сипатталғанын атайды. Тарихи шындықты өз заңдылығына сәйкес көркемдеп жинақтайтын эпостың тағы да бір қырына Шоқан назар аударады. Ол қандай аламантасыр, алмағайып қақтығыс, соқтығыстарды да, шапқыншылық тұстарында да қазақ, қырғыз және ноғайлының мақсаты бір туыс, тату елдер болып бейнеленіп отыратын. Көрші жатқан, төсекте басы, төскейде малы қосылған, құдандалы, тарихы да, тағдыры да ұқсас қазақ пен қырғыз халықтарының замандар бойындағы ынтымағы мен достығы қиын кездерде бір-біріне қол ұщын беруге даяр тұрған жақындығы эпоста да із қалдырғанын Ш. Уәлиханов айрықша маңызды құбылыс деп атап өтуді лайық көрген[6, 65 бет] .

«Жоңғария очерктері» деген аса әйгілі еңбегінде Ш. Уәлиханов «Манас» туралы талдауларын жалғастыра түседі. Бұл тұста зерттеуші жалпы жыр жанрының қырғыздарда, қазақтарда, көшпелі өзбектерде және ноғайларда ұқсастығына тоқталады. «Ноғай» деген атау Орта Азияның түркі тілінде сөйлейтін халықтарының ортақ есімі болғанына анықтық енгізеді. Осылардың бірінде айтылып келген аңыз, ертегі екіншілеріне оңай ауысып отыру заңдылығына мысалдар келтіреді. Бұл еңбегінде Шоқан «Манас» жырының жалғасы болып табылатын «Семетей» туралы да сөз қозғайды, оны «Қырғыз Одиссеясы» деп сипаттайды. Манас батырдың жырда берілген мінездемесін орысшаға сөзбе-сөз аударып таныстырады, оның Қараханның қызы Қаныкейге үйлену тарихын баян етеді. Жыр қаһарманы Манастың кейбір әрекеттерін құптамайтынын білдіре отырса да, зерттеуші эпостың жалпы тұлғасына қарап, батырдың ісі халық үшін қажетті болғанын мойындайды, оның әлсіздердің қорғаны болғанын, жауларымен соғысып, Жоңғария жерінде ерлік іздерін қалдырғанын айтады. Қырғыздар, Үрімші маңындағы Манас атты қаланы өз батырының есімінен шыққан деп сенетінін мәлімдейді[3, 137 бет] .

Бұдан кейін Шоқан «Манас» жырының ең әсем бөліктерінің бірі «Көкетай ханның асы» тарауын қысқаша мазмұндайды, мұны эпостық ғажайып эпизодтарының бірі деп бағалайды. Көкетайдың асы кезінде қалмақтардың астамшылық көрсеткеніне шыдай алмай қырғыз батырларының атой салғандықтары, ең мықты деген дұшпандары Жолай мен Қоңысбайдың осындай ұрыс кезінде өлтірілгені, ақырында жау қолынан Манастың да мерт болғаны жайында мағлұмат келтіреді.

III . Ғалымның көптеген шығыс, батыс халықтарының тілдерін білуі әр түрлі қайнар көздерге сүйене отырып, көне жазбаларды, жылнамаларды салыстыра зерттеуге, тарихи шындықты ашуға кең мүмкіндіктер туғызды. Шоқан өз ойларын дәлелдеу үшін Орта Азия халықтарының тарихын көп зерттеген Абылғазының «Түрік шежіресі» атты белгілі кітабына жүгінеді. «Түрік шежіресін» толықтыра түсу мақсатында ол «Қазақ шежіресі» еңбегін жазады. «Қазақтардың көшпелі еркін тірлігі Азияда дүниеге келіп, дамығаны . . . күмән туғызбаса керек. Олай дейтін себебіміз - орыс жылнамалары біздің сөзімізді растайды» - деп баяндайды да, сол кездегі көптеген авторлардың еңбектеріне шолу жасайды, олардың деректерін шежірелермен салыстырады.

Қазақтың әрбір ру басылары өз ру-тайпасының шежіресін: шыққан тегін, елдің әдет-ғұрып заңдарын, ескі жарлықтарын, халықтың басынан өткен тарихи жайларды көп жасаған ақсақалдардан ыждаһатпен үйреніп, өзінің шешендік өнерін шыңдағанын, аңыз-әңгімелерде, мақал-мәтелдерде, маңызды оқиғаларға қатысты ұлағатты асыл сөздерді ұзақ уақыт жаттайтынын билер сөзін халық ұйып тыңдайтынын, ол нақты сөздер өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет-өнегеге, тәлім-тәрбиелік, ғибраттық мазмұнға толы болатынын ұлы ғалым тебірене жазған. Зерттеуші тарихи аңыздарды тарихи деректердің жаңғырығы деп білген. Оның танымдық мағлұматтарын ғылыми еңбектерінде шебер пайдаланған. Ауызша айтылған тарихи толғаныстарды, жазба және археологиялық мәліметтерді өзара салыстырып, ең сенімді дегенін кәдеге жаратқан.

Шоқан көшпелі монғол және түрік тайпалары өздерінің отырықшы ағайындарына қарағанда өте көп білетінін, бұлардың аңыздары ертеде пайда болғанын дәлелдейді. Адамның ата-тегі туралы аңыздарды, шежіре деректерін, қырғыздардың арғы анасы жөніндегі аңыз мәліметтерін 1246 жылы монғолдардың Күйік ханына барып қайтқан Плано Карпинидің мағлұматтарымен салыстырады, олардың түп-төркінің ұқсастығын көрсетеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ әдебиеттануында “Манас” жырының зерттелу тарихы
Қазақ фольклортану ғылымындағы «Манас» жырының зерттелу тарихы
Шоқан Уәлиханов – фольклоршы
Қырғыз халқының Манас жыры (қазақ әдебиетінде зерттелуі)
Ш. Уәлихановтың атқарған қызметтері
Шоқанның "Манас" жыры
Халықтық эстетика Шоқан Ыбырай Абайдың эстетикалық көзқарастары
Шоқанның Құлжаға сапары ғылыми ерлікпен барабар
Ғалым еңбектерін қарастыру
Ш. Уәлихановтың Шығыс Түркістан халықтары туралы тарихи көзқарасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz