Шоқан Уәлихановтың этнографиялық зерттеулері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ШОҚАН УӘЛИХАНОВТЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ

Әр ұлттың тарихында үздік шығатын ғажайып таланттар болады.
Ғасырлар санап та, әйтеуір ұзақ сағындырып дүниеге келетін ондай
перзентін қазақ халқы біртуар деп атайды. Қазақ халқының ой дүниесінде аз
жасап, көп іс тындырған Шоқан Уәлиханов халқымыздың сондай біртуар
перзенттерінің бірі. Халқымыздың дара туған ұлы Шоқан Уәлиханов ХІХ
ғасырдың тұңғыш ғалымы, ғажап ақыл – ойшылы, зор талантты дүние жүзі
ғылымында өзіндік үлкен орны бар ірі тұлға. Барлық ғұмыры нысаналы,
тағдыры - мұхиттың дәмін білуге болатын тамшыдай еді. Жарқ ете қалған
бейнесі әлі де болса ұрпақпен үндесе бермек. Өз заманында жарқырап шыққан
ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұралары – тарих, этнография,
география, бейнелеу өнері, әдебиет, фольклор, нумизматика және археология
саласындағы еңбектері Азия халықтарының өмірін зерттеуде аса құнды
дүниелер болып есептеледі.
Дегенмен де, қазақ халқының ұлы ғалымы, ойшылы Шоқан Уәлиханов сынды
ардақты адамдардың мағыналы өмірі мен мазмұнды мұрасына қатысты көптеген
жайлардың жұмбақ сырлы мәлімсіз жақтары бар екендігі де дәлелді шындық.
Шоқан Уәлиханов – қазақ халқының тарихын, этнографиясын және
фольклорын ең алғаш кең зерттеген отандық ғалым.
Ғалымның көптеген шығыс, батыс халықтарының тілдерін білуі әр түрлі
қайнар көздерге сүйене отырып, көне жазбаларды, жылнамаларды салыстыра
зерттеуге, тарихи шындықты ашуға кең мүмкіндіктер туғызды. Шоқан өз ойларын
дәлелдеу үшін Орта Азия халықтарының тарихын көп зерттеген Абылғазының
Түрік шежіресі атты белгілі кітабына жүгінеді. Түрік шежіресін
толықтыра түсу мақсатында ол Қазақ шежіресі еңбегін жазады. Қазақтардың
көшпелі еркін тірлігі Азияда дүниеге келіп, дамығаны ... күмән туғызбаса
керек. Олай дейтін себебіміз – орыс жылнамалары біздің сөзімізді растайды
- деп баяндайды да, сол кездегі көптеген авторлардың еңбектеріне шолу
жасайды, олардың деректерін шежірелермен салыстырады.
Қазақтың әрбір ру басылары өз ру-тайпасының шежіресін: шыққан тегін,
елдің әдет-ғұрып заңдарын, ескі жарлықтарын, халықтың басынан өткен тарихи
жайларды көп жасаған ақсақалдардан ыждаһатпен үйреніп, өзінің шешендік
өнерін шыңдағанын, аңыз-әңгімелерде, мақал-мәтелдерде, маңызды оқиғаларға
қатысты ұлағатты асыл сөздерді ұзақ уақыт жаттайтынын билер сөзін халық
ұйып тыңдайтынын, ол нақты сөздер өмірдің бар саласын қамтитындай өсиет-
өнегеге, тәлім-тәрбиелік, ғибраттық мазмұнға толы болатынын ұлы ғалым
тебірене жазған. Зерттеуші тарихи аңыздарды тарихи деректердің жаңғырығы
деп білген. Оның танымдық мағлұматтарын ғылыми еңбектерінде шебер
пайдаланған. Ауызша айтылған тарихи толғаныстарды, жазба және археологиялық
мәліметтерді өзара салыстырып, ең сенімді дегенін кәдеге жаратқан.
Тарихи аңыздарда айтылған Шыңғысхан, Александр Македонский,.
Тоқтамыс, Әмір Темір сияқты адамдардың өмір сүрген дәуірлеріне барлау
жасаған ойшыл өз зерттеулерін Геродот жинаған тарихи аңыздармен салыстыра
қарайды. Профессор И.Н.Березинге хат деген еңбегінде ол Тоқтамыс, Орақ
мырза, Ер Көкше, Ер Қосай туралы аңыз-дастандарды, Көшім, Орысханға қатысты
аңыздарды жіліктеген, сөйтіп қазақ халқының арғы тарихына үңілген.
Шоқан көшпелі монғол және түрік тайпалары өздерінің отырықшы
ағайындарына қарағанда өте көп білетінін, бұлардың аңыздары ертеде пайда
болғанын дәлелдейді. Адамның ата-тегі туралы аңыздарды, шежіре деректерін,
қырғыздардың арғы анасы жөніндегі аңыз мәліметтерін 1246 жылы монғолдардың
Күйік ханына барып қайтқан Плано Карпинидің мағлұматтарымен салыстырады,
олардың түп-төркінің ұқсастығын көрсетеді.
Аңыздардың өте маңызды бөлімі шежіре жөніндегі аңыздар болып
табылады, - деп аңыздың бұл түрін Шоқан аса жоғары бағалаған. Ру тұрмысы
осы аңыздарға негізделген... Бұл жөніндегі аңыздардың маңызды болатын
себебін – олар бір халыққа жататын руларды және халықтың құрылуын
анықтайды. Қазақтардың, өзбектердің және ноғайлардың шежірелеріне қарағанда
олар Алтын орда мен Шағатай ордасы құлағаннан кейін, түріктер мен монғол
тұқымдарынан құралған одақ екендігі байқалады.
Ғалым өзінің Жоңғар очерктерінде халық аузындағы нақыл сөздерді
зерттеудің этнография үшін орасан зор маңызы бар екенін, халықтың тұрмысы
мен әдет-ғұрпын айқынырақ жазған: ескі нақыл сөздерге бай келу Солтүстік
Азия мен Орта Азияның көшпелі халықтарының ерекше бір қасиеті болып
табылады. Ондай нақыл сөздер: не ру ескерткіші ретінде, мәселен заң, ғұрып
аңыздары ретінде қариялар аузында қаиеттеліп сақталып отырады, не халық
жыры түрінде бір ұрпақтан екінші ұрпаққа белгілі жыршылар арқылы жеткізіліп
отырады.
Аңыздарда әр қырынан көрінетін, бүкіл түркі тектес халықтарға ортақ тарихи
тұлғалардың бірі, ұлы бабамыз Қорқыт Ата туралы Шоқан Уәлиханов қысқа
болғанымен мәнді, мағыналы мағлұматтар келтіреді. Әр халықтың жазба
мәдениеті, ауыз әдебиетінің үлгілері жайлы баяндағанда Қорқыт Атаның да
көптеген халықтарға танымал бейне екеніне тоқталады. Жоңғар очерктерінде
Қорқытқа байланысты ертегі, жырлар территориялық және тіл жағынан жақын
халықтардың әдеби, мәдени бірлігін нығайтуға септігін тигізетінін айтады.
1855—1856 жылы қыста Шоқан өз қызметін атқарумен бірге Қазақстан мен
Орта Азияның тарихы жөніндегі әр түрлі түпнұсқаларды зерттейді, қазақ
хандары мен сұлтандарының тегі, генеологиясы туралы кесте жасайды. Ұлы жүз
қазақтарынан жинаған мақал-мәтелдерін орыс тіліне аударады. Ұлы жүзді
басқарудың жаңа құрылымының жобасын жасауға көп күш және уақыт жұмсайды.
Ш.Ш. Уәлиханов 1857 жылы 1 ақпанда, орыстың көрнекті ғалымдары П.П.
Семенов-Тянь Шанский және Е.И. Лабанскийдің бастамасымен Орыс география
қоғамының толық мүшесі болып сайланды. Олар жазған кепілдемеде былай
делінген: ...Ыстық көлдің шығыс жағалауына саяхат жасап, онда қырғыз
даласы туралы бай географиялық, этнографиялық және тарихи материалдар
жинаған поручик... Шоқан Уәлиханов императорлық Орыс географиялық қоғамының
толық мүшесі болып сайлануын жөн көрдік.
Шоқанның нағыз болмыс-бітімін оның өзі жазған еңбектері айқын танытады.
Ғалымның туған жер тарихы, көне шежірелер, халық тағдыры, сахара
көшпенділерінің өткен дәуірдегі мәдениеті туралы зерттеулерін, баға
жеткісіз саяхатнамаларын оқып отырғанда сан-салалы білімді, кең танымға ие
зерделі жанға кезігеріңіз хақ. Шоқанның Ыстықкөл сапарының күнделігі,
Қытай империясының батыс өлкесі және Құлжа қаласы атты қолжазбалары,
Жоңғар очерктері, Қашқар сапары жайлы жазғандары жиырмадан жаңа ғана
асқан жігіттің қаншама үлкен істер атқарғандығын жарқырата ашатын, аса
бағалы еңбектер.
Шоқан этнограф ретінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ш.Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
Шоқан Уалихановтың қазақ тарихындағы орны
Шоқан Уалиханов Ұлы ғалым
Шоқан Уәлиханов және қазақ тарихы
Шоқан Уәлиханов Шығарма
Шоқанның еңбектері
Шоқан Уәлиханов подполковник
Ш. Уәлиханов көрнекті тұлға және ғалым
Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың өмірі мен қызметі
Қазақстан және орыс зиялылары
Пәндер