Әлеуметтік реформалар және білім беру жүйесіндегі өзгерістер


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Әлеуметтік реформалар және білім беру жүйесіндегі өзгерістер

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Әлеуметтiк реформаларды тереңдетудiң өңiрлiк аспектісi

2. Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесiн жетілдiру

3. Білім беру жүйесіндегі өзгерістер

4. Білім беру жүйесіндегі жаңаша бағыттардың теороиялық негіздері.

ІІІ. Қортынды

ІУ. Пайдаланған әдебиеттер

Кіріспе - қазір әлемде көптеген өзгерістер болып жатыр. Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге негізделген әлемдік дамудың негізгі үрдістері мыналар: қоғам дамуының қарқындылығы; ақпараттық қоғамға көшу; мәдениаралық өзара қатынас ауқымының кеңеюі; қоғамның демократиялануы; экономиканың қарқынды дамуы; бәсекелестіктің өсуі; адам капиталының мәнінің артуы.

Әлеуметтiк реформаларды тереңдетудiң өңiрлiк аспектісi.


Әлеуметтiк реформаларды тереңдету орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдар арасында әлеуметтік қамсыздандыру жүйесiн басқару функцияларын одан әрi оңтайландыруды және қайта бөлудi қажет етедi.
Бағдарламаны iске асыру барысындағы мiндеттер:
Орталық атқарушы органның міндеттерi әлеуметтiк қамсыздандырудың ұлттық саясатын қалыптастыру, аймақтарда ұсынылатын әлеуметтiк қызметтер көрсетудiң қол жетiмділік жағдайларын кезең-кезеңiмен теңестiру әдiстерiн әзiрлеу, аймақтардың әлеуметтiк даму бағдарламаларын әзiрлеу мен iске асыруға әдiснамалық көмек көрсету болып табылады;
жергілiктi атқарушы органдардың мiндеттерi - кеңiнен түсiндiру жұмыстарын жүргiзу және iс-шаралар жоспарлары мен әлеуметтік даму бағдарламаларын әзiрлеу, олар мыналарды қамтиды:
а) әлеуметтiк сақтандыруды дамыту бөлiгiнде - үш жақты аймақтық келiсiмдер негізiнде әлеуметтік қамсыздандырудың ерiктi және кәсiби схемаларын дамытуды ынталандыру жөнiнде шаралар қабылдау;
б) әлеуметтiк көмек көрсету бөлiгiнде - АӘК, тұрғын үй көмегi, сондай-ақ aз қамтылған отбасыларына 18 жасқа дейiнгi балалар жәрдемақысы жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын болады.
Көрсетiлетiн материалдық көмектiң атаулылығын күшейту үшiн әлеуметтiк картаны енгiзу және аз қамтылған отбасыларының дерекқорын жасау аяқталатын болады, бұл кедейлiк мониторингiнiң сапасын жоғарылатады, аз қамтылған отбасыларының жиынтық табысын нақты белгілеу, кедейлiктi жеңудiң белсендi әдiстерiн дамыту үшiн жағдайлар жасайды.
Бұл мiндеттердi жүзеге асыру ауылдық, аудандық және облыстық әкiмдiктердi тиiстi техникалық жарақтандырумен және мемлекеттің азаматтарына электронды қызмет көрсетудiң бiрыңғай жүйесi шеңберiнде аймақтарды ақпараттық қамтамасыз етудiң кiрiктiрілген жүйесiн құрумен қоса жүретiн болады;
в) мүгедектiктiң алдын алу бөлiгiнде мүгедектерге медициналық, әлеуметтiк және білім беру қызметтерiне қол жетiмдiгiн қамтамасыз eту және оларды оңалту жүйелерiн жетiлдiру
оңалтудың кешендi және облыстық бағдарламаларына қосымша оңалту қызметтерiне мүгедектердiң қол жетiмдiгiн қамтамасыз етуге және олардың тұрғылықты жерiне жақындатуға, әлеуметтік инфрақұрылым объектілерiне қол жетiмділiктi қамтамасыз етуге, оңалту және мүгедектердi еңбекке орналастыру мекемелерiнiң желiсiн дамыту жөнiндегi нақты шаралар әзiрленедi.
г) әлеуметтiк қызметтер көрсету бөлiгiнде қызметтерге мұқтаж халықтың жекелеген санаттары үшін әлеуметтiк қызметтердiң тұтастай жүйесiн кезең-кезеңiмен құру көзделедi;
д) еңбек қатынастарын дамыту және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бөлiгiнде жұмыспен қамтудың белсендi саясатын iске асыру жөнiндегi жұмыстар жалғастырылады: еңбек рыногы мониторингінің негiзiнде жаңа жұмыс орындарын құру, кәсiби даярлықты ұйымдастыру, еңбек рыногында нысаналы топтардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында кәсiби даярлау, қайта даярлау және қоғамдық жұмыстардың экономикалық тұрғыдан тиiмдi түрлерiн дамыту және пайдалану.

Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесiн жетілдiру.


Әлеуметтік реформаларды одан әрi тереңдету әлеуметтiк қамсыздандырудың үш деңгейлi жүйесiн құруды көздейдi:
бiрiншi деңгей (негізгi) - мемлекет кепілдiк беретін әлеуметтік жәрдемақылардың ең төменгi мөлшерi. Бұл халықтың әлеуметтiк осал жiктерiнiң барлық санатына еңбек еткен жылдары мен жалақыларына қарамастан, бiрдей әлеуметтiк қатер жағдайында, деңгейi бойынша ең төменгі төлемдер алуға тең құқықтарын iске асыруды қамтамасыз етедi;
екiншi деңгей (мiндеттi) - жұмыс iстейтiн (жұмыс iстеген) адамдарды мiндетті әлеуметтiк сақтандыру есебiнен жүзеге асырылатын әлеуметтiк төлемдер. Жұмыс берушiлердiң және/немесе қызметкерлердiң мiндетті сақтандыру жарналары мiндетті әлеуметтiк төлемдердiң көзi болып табылады. Бұл жағдайда, әлеуметтiк қамсыздандыру деңгейi әр адамның сақтандыру жүйесiне қатысуының ұзақтығы мен мөлшерiне байланысты;
үшiншi деңгей (қосымша) - әлеуметтік төлемдердiң ерiктi аударымдар есебiнен жүзеге асырылуын пайымдайды. Аударымдар бұл жағдайда, жеке, жинақтаушы, ерiктi және/немесе кәсіптiк болып табылады.

Білім беру жүйесіндегі өзгерістер

Қазақстанның білім жүйесіндегі өзгерістер Елімізде білім сапасын арттырып, болашақта еңбекқор мамандар дайындау мақсатында Білім және ғылым министрлігі үнемі білім жүйесіне жыл сайын өзгеріс енгізіп отырады. Олар төмендегідей: - Ғылымға кіріспе сабағының барысында оқушылар табиғатқа деген қызығушылықтарын арттырып, болашақ өмірде қажет болатын ерекше қасиеттерді қалыптастырады, - деп хабарлайды Білім және ғылым министрлігі мектепке дейінгі және орта білім департаменті директорының орынбасары Жанабай Абуов. 1. Бірінші сынып оқушылары өнер пәнін өтеді. Бұл пәннің аясында шенеуніктер өнер мен еңбекті селбестіре білді. Оқулық авторлары музыканы да кіргізгісі келген. Алайда педагог мамандар әзірге сурет салу мен өлең айтуды оқушыларға ауырлық түспейтіндей етіп өткізу тәсілін ойлап таппады. Жоспарға сәйкес жаңа пән 2016 жылдан бастап өтіледі. Екінші-үшінші сыныптарда «ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні өтіледі. Атауы ұзақ пән компьютерді пайдалануға дағдыландырып қана қоймай, ақпаратты қалай өңдеу керектігін де үйретеді. Информатикаға ұқсас пәнді оқушылар 2017-2018 жылдан бастап меңгере бастайды. Абуов мырза: - Бұл жерде баланы жастайынан сапалы ақпарат таңдауға үйретіп, артынша оны кесте, графика, диаграмма түрінде көрсету мәселесі сөз болып отыр, - деп анығырақ айтып кетті. 2. Дүние тану курсына тарих пен қоғамтануға қатысты материалдар қосылады 2016 жылдан кейін ұстаздар алты жасар оқушыларға маусымның ауысып отыруын ғана емес, маңызды тарихи оқиғалар мен қоғамның құрылымы туралы айтатын болады. Осылайша жас өрендер қоғамдық-гуманитарлық ғылымдарды меңгере бастайды. Бастауыш сыныптардың бағдарламасында айтарлықтай өзгерістер бар болғандықтан, орта буынның жайы белгілі. Оларда да мектеп бағдарламасы қиындайды. Бар мәселе бұл жасқа арналған мемлекеттік стандарттар әлі де өңделіп жатқандығында. Десе де кейбір жоспарлар белгілі болды. 3. Физика, химия, биология пәндері бесінші сыныптан бастап өтіледі Шамамен 2020 жылдан бастап бесінші сынып оқушылары қазір жетінші сыныптан бастап өтіліп жүрген пәндерді меңгере бастайды. Ұлттық білім академиясы орта білім институтының директоры Марьям Мұқатова: - Мұндай ұсыныс кездейсоқ түскен жоқ. Оқушылар жаратылыстану пәнін бір жыл оқып, физика, биология, химия пәндерін екі жылдан кейін ғана өте бастайды. Арадағы үзіліске бола оқушылар оқыған материалдарын ұмытып қалады. Мұндай болмасын деген ниетпен аталған пәндерді бесінші сыныптан бастап меңгеруді ұсындық. Жоғарғы сынып оқушыларында өзгерістер аз емес. Ол өзгерістер туралы көп айтылуда. Десе де әлі толық өңделіп үлгермеген. 4. «Жаһанды келешек», «жоба қызметі» атты пәндер өтіледі Ұлдар мен қыздарды аталған пән аясында не нәрсеге үйрететіндігі әзірге белгісіз. Алайда екі пәннің оқушыны ЖОО-ға дайындау мақсатында енгізілетіндігі анық. Өздігінше ойлауға, ғылыммен айналысуға, жинақтаған білімін тәжірибе жүзінде қолдануға үйретеді. 5. Міндетті пәндердің саны азайтылады Жоғарғы сынып оқушылары оқығысы келетін пәндерін өздері таңдау мүмкіндігіне ие болады. 6. Кей сабақ ағылшын тілінде жүргізіледі Шенеуніктердің айтуынша, оқушылар жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндерде көбірек «сайрайтын» болады. Мұнымен қатар, бірінші сыныптан бастап оқытылатын ағылшын тілі ерекше әдіспен өтіледі.

Білім беру жүйесіндегі жаңаша бағыттардың теороиялық негіздері .

Қай мемлекеттің де негізгі тірегі - асқақтаған күмбездер де, ғимараттар да, экономикалық жағдай да емес, білімді де білікті, іскер де, белсенді адамдар. "Біздің балаларымыз білімі жоғары жұмысшылар мен фермерлер, инженерлер, банкирлер және өнер қайраткерлері, мұғалімдер мен дәрігерлер, зауыттар мен биржалардың иелері болады (Қазақстан-2030 бағдарламасы) . Әрине, "келешектің иесі - жастар". "Жастар өзінің ата-анасынан гөрі заманына көбірек ұксас келеді. (И. С. Кони) . Сондықтан қоғам талабына сай, сол қоғамды көркейтетін, дамытатын жастар тәрбелеу ең маңызды мәселе екені даусыз. Қоғамның дамуына қарай ғылым мен техниканың деңгейі де, оны басқару жүйесі де өзгеріп отыратыны белгілі. Осыған орай маман қызметінің мазмұны жаңарып, жаңа мақсат, жаңа көзқарас, жаңа шешімдер мен жаңа мүмкіншіліктерді қажет етеді. Ондай мүмкіншілік тек білім арқылы келеді. Білім - қоғамды әлеуметтік, мәдени-ғылыми прогреспен қамтамасыз ететін ғажайып құбылыс, адам үшін де, қоғам үшін де ең жоғары құндылық. Оның ең негізгі қызметі - адамның менталитетін, адамгершілігін, шығармашылық қабілетін қалыптастыру, дамыту. Осыған орай егеменді еліміз өзінің дамуының ең басты алғы шарты - білім беру жүйесінің білім ғасырындағы міндеті мен мазмұнын айқындап берді. Білім беру сатыларының сабақтастығын камтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі, оқу мен тәрбиенің бірлігі, білім беруді басқарудың демократиялық сипаты, білімнің, ғылымның және өндірістің интеграциялануы, ақпараттануы, оқушыларды кәсіптік бағдарлау, білім беруді саралау, ізгілендіру, гуманитарландыру және т. т. - білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының ғылым және ғылыми-техникалық саясат тұжырымдамасында да ғылымды демократияландыру, интеграциялау, инновациялық процестің білім, ғылым саласында кең өріс алуы да атап көрсетілген.

Білім жүйесін дамыту стратегиясының басты мақсаты - ұлттық білім моделін жасау. Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты - адамды қоғамның ең негізгі құндылығы ретінде тану, оның қоғамдағы орны мен рөліне, әлеуметтік жағдайына, психикалық даму ерекшелігіне мән беру, сол арқылы оның рухани жан-дүниесінің баюына, саяси көзқарасының, шығармашылық еркіндігі мен белсенділігінің, кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. Яғни, XXI ғасырдың маманы - жаратылыстану мен гуманитарлық ғылымдар бойынша ой-өрісі кең, жан-дүниесі бай, ұлттық менталитеті жоғары, кәсіби білікті маман, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санасатын, кез келген ситуациядан шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда белгілі бір рөл атқаратын, қайталанбайтын дара тұлға болуы тиіс. Ал мұндай мүмкіндіктің негізі - жоғары білімде. Өйткені жоғары білім - үздіксіз білім беру жүйесінің шешуші тетігі. Сондықтан білімгерді тек маман ретінде ғана қарамай, оны өз қоғамының азаматы, жеке тұлға, келешектің иесі, тірегі ретінде тану, соған мүмкіндік жасау қажет. Ұлттық үлгідегі жаңа парадигманың негізгі бір мәселесі - білімгерге іргелі де терең, тиянақты да жүйелі білім беру. Іргелі білім берудің міндеті - адамды ғылыми ойлауға, болмысты тану, оны қабылдаудың әдіс-тәсілдерін білуге, өзін-өзі дамытуға, өз бетімен білім алуға, ізденуге іштей қажеттілігін туғызу.

Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мен ізгілендіру мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.

Білім мазмұны жаңа үрдістік біліктермен, ақпаратты қабылдау қабілеттерінің дамуымен, ғылымдағы шығармашылық және нарық жағдайындағы білім беру бағдарламаларының нақтылануымен байи түсуде. Атап айтқанда:

• Есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;

• Білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;

• Оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына көшу.

Кез-келген елдің экономикалық қуаты, халқының өмір сүру деңгейінің жоғарлығы, дүние жүзілік қауымдастықтағы орны мен салмағы сол елдің технологиялық даму деңгейімен анықталмақ. Жалпы қоғам дамуы мен жаңа технологияны енгізу сапалығы осы елдегі білім беру ісінің жолға қойылғандығы мен осы саланы ақпараттандыру деңгейіне келіп тіреледі. Экономикалық күшті дамыған елдердің тәжірибесі экономика, ғылым және мәдениеттің қарқынды дамуының негізгі кілті екендігін көрсетіп отыр. Ендеше қазіргі заманның ақпараттық технологиясын игеру міндетіміз. Білім беру - аса күрделі әлеуметтік-экономикалық механизм. Оны реформалаудың мәселелері де сан қырлы. Қазіргі кездегі Республикамызда қолға алынған білім беру жүйесін реформалау ісі осы саланың экономикалық-ұйымдық, құқықтық, құрылымдық жақтарын түбегейлі өзгертуге бағытталған біртұтас кешенді шаралармен тығыз байланысты. Білім беру ісіндегі жаңа үрдістің мән-мағынасы, сипаты мен бағыт-бағдарын айқындаушы дәйекті факторлар:

• Қазақстан Республикасының тәуелсіз егеменді мемлекет болып қалыптасуы;

• экономиканың нарықтық моделін ұстанып, меншіктің түрлі пішімдерін дамыту;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1970-80-ж.ж. БАТЫС ЕУРОПАДАҒЫ БІЛІМ ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ РЕФОРМАЛАР ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Дарынды балаларға арналған мектептер
ҚР жоғарғы оқу орындарында қазіргі білім беру жүйесі
Экономикалық реформалардың демографиялық және әлеуметтік салдары
Білім: перспективтікке арналған стратегия
Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақстандық парламентаризмнің саяси- құқықтық институт ретінде қалыптасуы
Европалық білім кеңістігіндегі білім сапасын арттыру жұмыстарына салыстырмалы-педагогикалық талдау
Ресейдің жүргізген әлеуметтік-экономикалық реформалары
Сот құрылысы
Қазақстанда XIX ғ. 60-70 жылдарында жүргізілген әкімшілік реформалар және қазақ шаруаларының тағдыры
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz