АЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ ИНТЕГРАЦИЯСЫ


ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ ИНТЕГРАЦИЯСЫ
Жоспар
КІРІСПЕ
1. ҚАЗАҚСТАН МЕН ТМД ЕЛДЕРІ АРАСЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР
1. 1. Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасы және еліміздің экономикасындағы модернизация мәселелері
1. 2. Тәуелсіз Қазақстан Еуразиялық экономикалық қауымдастығында және оның болашағы
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТМД ЕЛДЕРІМЕН МӘДЕНИ БАЙЛАНЫСЫ ЖӘНЕ ГУМАНИТАРЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ
2. 1. Қазақстан - Ресей мемлекетінің мәдени ынтымақтастығы
2. 2. Қазақстан - ТМД ның гуманитарлық кеңістігінде
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Республикасы 1991 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігін жариялап, барлық салалар бойынша халықаралық ынтымақтастықтың толыққанды субъектісіне айналды. Қазақстан экономикалық дамудың үлкен әлеуетіне ие (табиғи қазба байлықтары жоғары квалификациялы жұмыс күші т. т), Еуропа мен Азияның орталығында саяси және стратегиялық маңызды орын алып, халықаралық ынтымақтастықтың әртүрлі одақтары мен ұйымдарының мүшесі. Сондықтан да Қазақстан Республикасының шекаралас және дүниежүзі мемлекеттерімен халықаралық қатынасының Азия аймағы мен дүние жүзінде бейбітшілік пен тұрақтылықты және жалпы қауіпсіздікті қамтамасыз етуде зор маңызы бар.
Тақырыптың зерттелуі. ТМД-ның құрылуын және өмір сүруін тарихи көзқарас тұрғысынан қарастыру қажет. Достастық елдерінің экономикасы құрылымындағы және оны реформалау деңгейіндегі айырмашылықтар, әлеуметтік - экономикалық жағдайларындағы, геосаяси бағыттарындағы өзгешеліктер елдердің әлеуметтік-экономикалық және әскери-саяси өзара әрекеттерінің үлгісін анықтайды. Жалпы тақырыптың тарихнамасында салыстырмалы түрде алғанда 1992-2005 жылдарда ТМД елдері арасындағы байланыс мәселелерін зерттеуде ғалымдардың жиі назар аударған саласы экономикалық сала болып қала береді және бұл көбінесе Қазақстан мен Ресей арасында карастырылады.
Зерттеудің максаты мен міндеттері. Қазақстан Республикасының ТМД елдерімен қарым-қатынасындағы экономикалық, саяси, мәдени жағдайларын анықтау. Содай-ақ, қоғамның жаңаруы мен демократиялық қайта құруларды тиімді жүзеге асыру мақсатында жүргізген саяси-құкықтық, әлеуметтік-экономикалык, әскери-саяси және гуманитарлық салалардағы халықаралық өзара қарым-қатынастарының нақты-тарихи түрлерін, әдістері мен нәтижелерін қарастыру, осы үдерістегі Қазақстанның орны мен рөлін, қосқан үлесін анықтау, талдау және қорытындылау.
Осы мақсат жолында автор өзінің алдына мынандай міндеттер қояды:
- ТМД кеңістігіндегі Қазақстанның қарым-қатынастары мен интеграциялық үдерістердің тарихи алғышарттары мен жағдайларын қорытындылау;
- бұрынғы кеңестік республикалар арасындағы қарым-қатынас үдерісі қалыптасуының саяси-құқықтык механизмдері мен түрлеріне, ондағы Қазақстан Республикасының рөліне талдау жасау;
- Қазақстанның Орталық Азиядағы саяси, этникалық, діни және мәдени үдерістердегі рөлін аша отырып, оның интеграцияға және елдің жалпы дамуына әсерін анықтау;
- ТМД мемлекеттерінің халықаралық гуманитарлық ынтымақтастықтағы Қазақстан мен әртүрлі елдердің екіжақты мүдделерін анықтау;
1. 1 Қазақстанның ТМД елдерімен экономикалық қарым-қатынасы және еліміздің экономикасындағы модернизация мәселелері.
КСРО экономикасы жоғарғы интеграцияланған кешен ретінде дамып, Одақішілік еңбек бөлінісі өндіргіш күштердің дамуы тұрғысынан қарағанда тең дәрежеде болмаса да, жекелеген бөліктері бір-бірімен тығыз байланыста болды. КСРО құлағаннан кейін қалыптасқан қарым-қатынастардың үзілуі себебінен республикалар экономикасында дағдарыс басталды. Бұрынғы Одақтас республикалардың арасындағы шаруашылық байланыстар әкімшілік-бұйрықтық негізде құрылып, мемлекеттен қолдау тауып отырды. Сондықтан да нарыққа өту кезеңіндегі тұтас мемлекеттің қирауы салдарынан күрделі құрылымдық деформацияның орын алуы түсінікті де еді. ТМД-ның әрбір еліндегі либералды-нарықтық және дәйекті-орталықтандырылған экономикалық реформалардың бағыттары және олардың жүзеге асырылу қарқындарының әр түрлілігі маңызды рөл атқарды. ТМД кеңістігіндегі көп жақты ынтымақтастықтың дамуын қай кезде де ұлттық ерекшеліктерді және олардың өзара байланысқа деген мүдделілігін ескере бермейтін халықаралық қаржылық ұйымдар да күрделендіре түсті . Мұның өзі XX ғасырдың аяғында өзара сауда- саттық көлемінің тез төмендеуінен де көрініп, ТМД мүшелерінің ішкі сауда айналымының жиынтығы үштің бірінен төмен көрсеткішті көрсетті. Осылай Қазақстан мен ТМД елдері арасындағы өзара байланысты және өзара тәуелді маңызды экономикалық саласы ажырай бастады. Мысалы, Қазақстан мен Ресейдің мұнай-газ саласы іс-жүзінде даму жоспарларымен келіспестен толықтай дербес жағдайда дами бастады. Даму сипаты да стратегиясы мен нақты нәтижелер де әр түрлі болды. Қара металлургия және энергетика экономиканың басқа да салалары дезинтеграцияланып, КСРО-ның құлауы жаңа тэуелсіз мемлекеттердің алдына кең-байтақ Еуразия кеңістігінде саяси және экономикалық қатынастарды кең масштабта түбегейлі қайта құру міндетін қойды. Біріншіден, экономиканы синхронды түрде реформалау және жүргізіп жатқан қайта құруларды келісу міндеті тұрды. Сонымен қатар өндірістік, сауда-саттық басқа да байланыстар және ынтымақтастық үлгілерін қайта жасау қажет еді. 1990 жылдар ортасында маңызды ұсыныстар жасалынып, ТМД құру және оның аясын; экономикалық одақ құру туралы Келісім шарт (1993), Еркін сауда аймағын кұру туралы Келісім (1994), Төлем одағы (1994), сонымен қатар Белорус Қазақстан, Қырғызстан және Ресейдің Кеден одағы туралы келісімдер (1995), Ресей мен Белоруссияның білім беру туралы Келісім шарты (1996) жасалынды. Қазіргі таңда мемлекеттердің өте алшақ саяси және экономикалық мүдделеріне қарамастан болашақ мемлекетаралық қарым-қатынастардың бағыт-бағдары жасақталып жатыр. ҚР мен ТМД елдерінің экономикалық кеңістігіндегі шын мәніндегі интеграция - байланыстардың жаңа құрылымы және қатысушылар қүрамының анықталуы, өз елдерІ ішінде жэне мемлекеттер арасында өзара тиімді нарықтық қатынастарды дамыту негізінде жүзеге асырылады.
1. 2. Тәуелсіз Қазақстан Еуразиялық экономикалық қауымдастығында және оның болашағы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz