Страбонның шығармалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
І.Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Страбонның өмірбаяны.
2.Страбонның шығармалары.
3. Страбонның Кіші Азияны сипаттауы.
ІІІ Қортынды.
ІУ. Пайдаланған әдебиеттер.

Страбонның өмірбаяны.
Белгілі грек географы Страбон шамамен б.д.д. 6463 жылы дүниеге келіп, б.д. 2324 жылға таман қаза болған. Ол өмір сүрген кезеңде Рим империясы құрылды және эллиндік дәуірдің (Страбонның көз алдында б.д.д. 30 ж. соңғы эллиндік египеттегі Птоломейлер патшалығы құлаған еді) аяқталуы орын алған еді. Страбон грек тұрғындары басым болған ірі эллиндік орталық Понттағы Амасиден шыққан. Оның отбасы понтий патшаларында ірі қызметтерді иемденген болатын. Страбонның арғы атасы Митриад Евпатордың қолбасшысы (taktikos) болса, келесі бір туысы -- Коммагенде жоғарғы абыз қызметін атқарып, патшадан кейінгі екінші орындағы адам болған. Страбонның атасы римдіктер жағына шыққанымен, Лукулл уәде берген сый-сияпатқа ие болмады, себебі сенат Помпейдің қысымымен Лукуллдың Азиядағы жарлығын бекітпей қойды. Географтың отбасы римдік бағытты ұстана отырып, өздерінің дәулетін сақтап қалды және провинция мен Римнің өзіндегі ауқатты римдіктер арасында ықпалға ие болды. Әкесі болашақ географты ерте жасынан-ақ Меандрдағы Нисаға риторика мен грамматикадан Помпейдің ұлдарының тәрбиешісі және Посидонидің туысы Нисалық Аристодемнен дәріс тыңдауға жібереді. Жас кезінен бастап-ақ Страбон көптеген елдерді аралап, тыңғылықты түрде бақылау жүргізіп, байқағандарын көңілге түюмен болды. Ол, мысалы, Нисада, Катондық Команда, Таврдағы Пирана өзені шатқалын аралап, одан кейін Тралла, Гиераполь жэне Эфесте болды. Жасы толысқан шақта да Страбон Посидоний мен Полибий үлгісімен ұзақ саяхатқа шыққаны жайында зор мақтанышпен жазады.
Страбон өмірінің соңын қайда өткізгені белгісіз, біреулер Римде тұрды десе, қайбірі шығыста тұрған деседі. Страбон әбден қартайып, шамамен б.д. 2324 ж. қаза болды.
Страбонның шығармалары
Страбонның алғашқы шығармасы -- бізге келіп жетпеген Тарихи жазбалары, ол Полибийдің Тарихының жалғасы ретінде ойластырылған еді. Жазбалар Карфаген мен Коринфтің талқандалу оқиғаларынан басталып, Акциум түбіндегі шайқасқа (б.д.д. 31 ж.) дейінді қамтыған. Тарихи жазбалардың жалғасы География немесе Географиялық жазбалар, ол б.д.д. 7 ж. шамасында, автордың 70 жасқа келген шағында аяқталған. Страбонның еңбегі, сірә, автордың соңғы түзетулерінсіз, ол қаза болғаннан кейін жарық көрген. Өзінің Тарихи жазбаларын Страбон Географиясында пайдаланған, бірақ та кейбір ескертпелерінен байқалатыны -- оның қайталамауға тырысқандығы. Географияның ең алғашқы тізімдері X ғасырдан басталады, неғұрлым толық қолжазбасы -- Париж кодексі -1393 жылы жүзеге асты. Ал 1472 жылы Страбонның Географиясы Ватикан кітапханасының негізін қалаушы папа V Николайдың талап етуі бойынша латын тіліне аударылды. 15.16 жылы География грек тілінде тұңғыш рет басылып шықты. Оның орыс тіліндегі толық аудармасын Феодор Герасимович Мищенко жасады, ол 1879 жылы жарияланды. Страбонның Географиясы біздің дәуіріміздің 18 жылынан соң жазыла бастаған және толық дерлік сакталған. Ондағы материалдар былай бөлініп, рет-ретімен орналастырылған: I -- кіріспе; II -- Эратосфен пен Гиппарх туралы; III -- Иберия (Испания); IV -- Галлия; Британия және Альпы таулары; V-VІ -- Италия және Сицилия; VII -- Германия, Балқан және Скифия; VIII-Х -- Грекия және Крит; XI -- Кавказ, Закавказье, Боспор, Понт, Парфия, Гиркания және Каспий теңізіне таяу жатқан басқа да аймақтар; ХІІ-ХІV -- Кіші Азия; XV -- Персия және Үндістан; XVI -- Алдыңғы Азия елдері (Ассирия, Бабыл, Месопотамия, Сирия, Финикия, Иудея, Арабия); XVII- Мысыр, Эфиопия және Ливия. Страбон дереккөздері ретінде барынша алуан түрлі шығармаларды пайдаланды. Атап айтқанда, мұның өзі, ең алдымен мынадай географтар мен тарихшылардың еңбектері: массалиялық Пифейдің, кизиктік Евдокстің, эфестік Артемидордың мегалопольдік Полибийдің, киреналық Эратосфеннің, скепсистік Посидонийдің, Гиппархтың, Деметрийдің, милеттік Гекатейдің, біздің дәуірімізге дейінгі V ғасырдың тарихшылары Геродоттың, Гелланиктің, Фукидидтің, книдтік Ктесийдің; VI ғасырдың тарихшылары Эфордың, Мегасфеннің, Онесикриттің, Аристобулдың, Феопомптың; II ғасырдың тарихшысы Полибийдің және I ғасырдың тарихшысы әфестік Артемидордың еңбектері болатын. Страбон шығармаларының үштен біріне жуығы Гомердің Илиадасынан, әсіресе Одиссеясынан келтірілген деректерге негізделген, сондай-ақ Гесиод, Пиндар, Софокл, Еврипид, Каллимах сияқты ақындардың, Аристотель мен Платон сияқты философтардың шығармаларына сілтеме жасалып отырады. Жинаған материалдарды неғұрлым толық қамтып көрсетуге ұмтыламын деп, Страбон дереккөздеріне деген соншалықты дәлме-дәл мұқияттылық, тіпті қазымыр міншілдік танытуына қарамай, оларды сын көзімен саралау жағына келгенде едәуір кемшін түсіп жатты. Өзінің көптеген замандастары сияқты Каспий теңізін бұрынғысынша Мұхиттың бір шығанағы деп түсінді, Қиыр Шығыс пен Қытай, Орта Шыгыс пен Үндістан, Орта Азия, Орал мен Сібір туралы еш нәрсе де білген жоқ, ал Цейлон аралын әлде Ганг өзенінің, әлде Каспий теңізінің арғы бір жағында жатқан, ертегілерде ғана айтылатын ғажайып жер болар деп елестетті. Страбонның сөзіне қарағанда, Каспий теңізінің шығыс жағын ала жайлаған массагеттер туралы тарихшылар өздерінің зерттеу еңбектерінде дөлме-дәл әрі шындықңа қисыны келетін ешқандай да дерек қалдырған жоқ, ал парсылардың, мидиялықтар мен сириялықтардың ежелгі тарихы жазушылардың аңқаулығынан және түрлі аңыз әңгімелердің қызығына түсіп кетуге салынушылығынан бәлендей дұрыс мәліметтерге ие бола алмады (Арский: 63). Сондай-ақ, Қара теңіздің солтүстік жағындағы жерлер туралы деректер де үзік-үзік, бытыраңқы сипат алады. Варварлардың (скифтер мен сарматтардың) жерлері Страбонды оншалықты қызықтыра қойған жоқ. Дегенмен де оған гректердің Ольвия, Херсонес, Феодосия, Пантикапей, Фанагория, Танаис сияқты ежелгі отарлары жақсы таныс болды. Шамасы, М. И.Ростовцевтің атап көрсеткеніндей, Страбон Қара теңіздің солтүстік және шығыс жағалауларымен жеке өзі жақсы таныс болмаған сияқты, сондай-ақ оны сол бір алыс аймақтарға қызықтыра тарта түсетіндей еш нәрсе де бола ңойған жоң деп ойлауға да негіз бар еді
Страбонның мұрасы төңірегінде адам таң қаларлық мынадай бір жағдай болды. Оның Тарихи жазбалары халық арасында өте-мөте танымал еді. Олардан көптеген дәйексөздер алынатын. Тіпті, Плутарх, Иосйф Флавий, Тертуллиан сияқтылар да жиі пайдаланатын. Бірақ, солай бола тұрса да, ол шығарма тұтастай, толық түрінде сақталмаған. Страбонның Географиясын замандастары да, өзінен кейінгі жақын ұрпақтар да бағалай қойған жоқ. Оған Страбонның мәселеге Көбінесе суреттемелік тұрғыдан келуіне принципті түрде қарсы болған Птолемейде, энциклопедист Аға Плиний де назар аударған жоқ. Бірақ ол шығарма, соған қарамастан, толық көлемінде сақталған болып шықты, сөйтіп, уақыт өте келе өзгелердің назарын барған сайын көбірек аудара бастады. VI ғасырда византиялық Стефан өзінің Лексикон атты шығармасында ежелгі өзге гректердің еңбектерімен қатар Страбонның шығармаларынан да қыруар көп дәйексөздер келтіреді. Страбон шығармаларына сол заманның атақты тарихшысы кесариялық Прокопий де назар аударады. Ал XII ғасырда константинопольдік епископ Евстафий (Гомер дастандарының атақты түсіндірмещісі) Страбон туралы аса зор құрметпен пікір айтты. Византиялықтар тіпті Страбон хрестоматиясын -- Птолемейден алынған қосымша үзінділермен толықтырылған, қысқаша ғана География деп аталған еңбекті -- басып шығара бастады. Қайта өрлеу дәуірінде Страбон шығармаларымен еуропалықтар кеңінен танысуға кірісті. XV ғасырдың бірінші жартысында Италияда Географияның қолжазба нұсқалары пайда болды. Ол қолжазбалар гуманистердің назарын аударды. Олар көптеген ғасырлар бойы ғылыми беделі мызғымай келе жатқан ұлы Птолемейдің сол ежелгі заманның өзінде-ақ лайықты бәсекелесі болғанын таң-тамаша қалып байқады. Міне, соның нәтижесінде және тап осы шығармасының арқасында Страбон географияның атасы атанып, зор құрметке ие болды.
Географияда жеке елдерді сипаттау Ибериядан (Испания) басталады. Ежелгі географтарға қандай болмасын елдерді картасыз сипаттауға тура келген. Сипатталған елдің көрнекілік және қарапайым түсінігін беру үшін қандай бір геометриялық бейнелер мен дәл келетін нақты заттар, мысалы, Пелопоннестің қалпы -- платон жапырағына, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көне парсы деректері
XIX ғ. ғасырдағы антикалық тарихнама
ІІІ ғасырдың ақындары мен аға анналистері
Сақ тайпаларының орналасуы
Әлемнің кереметтері жайлы
Сақтардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы
Ежелгі Шығыс тарихы
Ежелгі Грекия мен Рим тарихнамасы
Сақтар (скифтер) массагеттер, дактар (дайлар) аримаспылар
Сақтар (скифтер)
Пәндер