Педагогикалық техника педагогикалық шеберлігінің элементі


Педагогикалық техника педагогикалық шеберлігінің элементі
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
І. Педагогикалық техника - педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі
1. 1. Педагогикалық технологияның мақсаты, салалары;
1. 2. Оқыту процесіндегі технологиялық процесс.
ІІ. Педагогикалық техника - педагогтың әрекетін ұйымдастыру формасы.
2. 1. Өзін-өзі билеудегі педагогтың шеберлігі.
2. 2. Педагогикалық шеберлік және педагогтың сырт келбеті.
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Білім жүйесі, ұрпақ тәрбиесі-баршаның ісі, әркімнің төл міндеті. Бұл талап-міндет бұрында де қымбат болған, бүгін де аса маңызды. Мұғалім жауапты тұлға болып есептеледі. . Тарих тағылымы, ұлт өнегесі осы. Мұғалім еңбегі басқа қызметтермен салыстырғанда, өзіндік ерекшелігі мол шығармашылықты сүйеді. Өйткені жеткіншек ұрпақты өмірге, еңбек пен әлеуметтік іс-әрекетіне дайындау- мұғалімдерді көп іздендіріп, ойландыратын жұмыстың ең басты түрі. Сол себепті мұғалім педагогикадағы орны және жаңа технологиялық педогоиканы пайдалану шебелігін талдау маңызды жұмыс болып саналады.
Зеттеу жұмысының міндеті мақсаты:
Мақсат бізге керекті түпкі нәтиже, нәтижені көріп "Мақсатқа жеттік пе?"-деген сұрақтарға жауап беру. Мұндай мақсатты педагогикада "диагностика арқылы анықталған мақсат" дейді. Диагностика арқылы оқушылардың білім, іскерлік, дағды деңгейлері және қабілеті анықталады, нәтижесінде оқушыға тағы да қандай білім, іскерлік, дағдылар беру керектігі жоспарланады.
Зеттеу жұмысының міндеті
- Педагогикалық технологияның мақсаты, салаларын талқылау;
- Оқыту процесіндегі технологиялық процесстың ерекшеліктерін ашу;
- Өзін-өзі билеудегі педагогтың шеберлігі қандай дәреже болу кеоектігін сипаттау;
- Педагогикалық шеберлік және педагогтың сырт келбетінің маңыздылығын көрсету;
Тақырыптың зерттелуі: Тақырыпты ашу және үйрену барысында Синицаның «Педагогтық әдеп және ұстаздық шеберлік», Шыныбекованың « Ұстаздық қызметтегі педагогикалық этика», Щетининның «Ұстаздық еткен жалықпас», Ж. Қобдикованың «Орта мектепте білім алуды технологияландыру», «Педагогикалық технология ұғымының мәні мен әдіснамалық сипаттамасы» атты зерттеу жұмыстары пайдаланылды.
І. Педагогикалық техника -педагогикалық шеберліктің құрамдас бөлігі
1. 1. Педагогикалық технологияның мақсаты, салалары;
Қазір педагогика теориясы елеулі өзгерістерге еніп, білім беру мазмұны жақсарып, жаңа көзқарастар пайда болуы мен білім беру құрылымында жаңа технологиялар өмірге келуде. Оқытудың жаңа технологияларын әр оқытушы өз тәжірибесінде пайдалануда. Қазір педагогикалық технология ұғымы іс-тәжірибеде жиірек қолданылып, қолданысқа енуде. Ең алдымен «педагогикалық технология» терминінің мағынасын түсініп, тереңінде не жатыр екенін аңғаруымыз керек. Ол үшін әлемдік педагогикалық тәжірибеде «техника», «технология», «оқыту технологиясы», «жаңа педагогикалық технологиялар» ұғымдарының түп төркінін ұғына білуіміз керек.
«Техника» терминінің екі мағынасы бар екені айқын:
- біріншісі - өндіріс құралдарының жиынтығы;
- екіншісі - бір істі орындағанда қолданылатын тәсілдер жинағы.
«Технология» термині түсіндірмелік сөздікте «қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы», сондықтан «технология» термині сол тәсілдер жүйесі деген мағынаны білдіреді. Педагогикалық технологиялар оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Жаңа оқыту технологиясы іс-әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырып, басты идеяны және нәтиже тиімділігін негізін құрап, жеке тұлғаның жетелеуіне, жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қалыптастыру - заман талабы. Мектепте жұмыс атқаратын әрбір мұғалімге заман талабына сай білім мен ізденіс қажет екені айқын көзделіп отыр. “Қазақстан Республикасының жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру тұжырымдамасында” жаңа қоғам мұғалімін “Рухани адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз, рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл тұлға, өзін-өзі дамытуға және өзін-өзі көрсетуге ұмтылыс, әдіснамалық қалыптасуының жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік, ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары маман” деп сипаттайды. Бұл маман дайындау үлгісінде оның тұлғалық сапалары мен қасиеттерін қалыптастырудың маңызын көрсетеді. Тұлғалық-бағдарлық бағытта білім беру нәтижесі білім, біліктілік және дағды жүйесіне, шығармашылық іс-әрекет тәжірибесіне және эмоционалды көңіл-күйді көрсете білуге, ерікті қарым-қатынасқа педагогикалық бейімделген тұлғаны қалыптастыру ретінде түсіндіріледі.
Педагогикалық көзқарас бойынша, «технология » ұғымы - дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа, ерекше үлгіде ұйымдастырылған «педагогикалық өндіріс» деген пікір өз уақытында педагог-ғалымдар тарапынан сынға алынғаны белгілі. Осы сыннан соң бірте-бірте «педагогикалық технологияны» оқыту үрдісінің құрамдас бөлігі ретінде сипаттап, оны дидактикалық үрдістер мен оқыту құралдарымен жабдықтауда жаңа ақпараттық технологияға негіздеу туралы мәселе қозғалады. Біздің ойымызша, инновациялық технологиялар оқытуды ізгілендіру, яғни оқу құралдарын оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетінде пайдалануға көмектеседі. Оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдаланудың шарттарының өзі мұғалімнің әрдайым ізденісте, өздігінен білім алудың жағдайын туғызады. Ол педагогикалық шарттарға: инновациялық ізденіс қажеттілігі; инновациялық әдіс-тәсілдер жайлы білім; инновациялық әдіс-тәсілдерінің тиімді жолдарын қарастыру; инновациялық әдістерді меңгеру; инновациялық әдіс-тәсілдерді пайдалану және білім беруді ұйымдастыру формалары; инновациялық әдіс-тәсілдерінін нәтижесінің болуы; инновациялық әдіс-тәсілдердің озық тәжірибелерін бекіту жатады. Инновациялық іс-әрекетті басшылыққа ала отырып, педагогикалық шеберліктің басқа құрауыштарының маңыздылығын жоққа шығармаймыз. Мұғалім педагогикалық процестің субьектісі ретінде өз жұмысын оқушылармен ынтымақтастыққа, іскерлік қарым-қатынас және оқушылар арасында тәрбиелік ықпалға негізделген ұжымшылдық қатынас қалыптастыруға бағыттауы керек.
Бұл педагогикалық бағытта оқытушы мен оқушының өзара ықпалы, өзара дамудың жоғарғы деңгейіне жетуде мәні зорболып табылады. Педа-гогикалық білім беруде оқыту мен тәрбиелеу технологиясына руханилық қосылмаса, онда күйреуге ұшырайды. Педагогикалық еңбек адамның мәдениетті жасау мен дамытуда өз үлесін қосуына тікелей байланысты болады. Білім беруде педагогикалық ағымды ұйымдастыратын мұғалім тұлғасының сипаты :
1. Өзінің пәнін терең білу
2. Пән әдістемесін білу
3. Баланың жас ерекшелік психологиясын білу
4. Озат тәжірибені талдап, жетістіктерін үйрену
5. Ұйымдастырушылық қабілет
6. . Жағымды мінез - құлық
7. Қарым - қатынасқа шебер
8. Әділетті
Әрбір мұғалім орта не жоғары дәрежелі педагогтық білім алумен қанағаттанып қоймай, ол тәрбие мен оқытудың тиімді жолдарын үнемі іздестіріп, өз жұмысында пайдаланып отыруы тиіс. Сонда ғана мұғалім кәсіби дамиды: ол жаңашыл, оқушыларға тәрбие мен білім берудің теориясы мен практикасын дамытудың қозғаушы күші және асқан шебері бола алады.
1. 2. Оқыту процесіндегі технологиялық процесс.
Педагогикада "технология" ұғымын қолданатын салалар
Бүгінде педагогикада технология ұғымы үш жерде қолданылуда:
• қазір кейбір әдебиеттерде әдістемені немесе оқытуды ұйымдастыру түрлерін технология дейді.
• нақты педагогикалық жүйені технология дейді. (В. В. Давыдов технологиясы, дамыта оқыту технологиялары, т. б. )
• қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс-тәсілдердің жиынтығы және жүйесі технология деп аталады.
Технология дегеніміз - өндірістік процесті және оның тәсілдерін ғылыми тұрғыдан суреттеу. Технологияны педагогикада қолдану шекарасы бар, себебі технологияның нақты мақсаты болады. Білім беруде мақсат қою мүмкін бе? "Білім - оқыту мен тәрбие" - деген анықтамаға сүйенсек, онда мүмкін емес. Оқыту мақсаты - оқушыны болашақтағы мамандығына керекті іс-әрекет тәсілдеріне үйрету.
Оқыту технологиясының ерекшеліктері:
• түрлі құралдар арқылы оқушылардың білім, іскерліктерін жиі тексеру.
• үлгермеушілерді анықтау және іріктеу.
• олармен қосымша жұмыстар өткізу, материалдарды қайталау. Осы жұмыстардан кейін оқушылардың білім, іскерліктерін тағы тексеру.
• оқушылардың жаңа материалды меңгермеу себептерін зерттеу және анықтау.
.
ІІ. Педагогикалық техника - педагогтың әрекетін ұйымдастыру формасы.
2. 1. Өзін-өзі билеудегі педагогтың шеберлігі.
Шебер-педагогтардың жетістіктеріне қарап отырып, олардың қолданған педагогикалық әсер ету құралдарының нақтылығын, түрлі практикалық міндеттерді дұрыс қоя білуде және шешуде шеберлігін көреміз. Нағыз шеберлік тәрбиешінің тұлғасына, оның тәрбие міндеттерін терең ұғынуына, оқу пәндерін, педагогика мен психологияны негізді білуімен байланыстырады. Сонымен қатар, бұнда арнайы білім мен тәрбиелік іскерліктердің (ұжыммен, жеке тұлғамен қарым-қатынас орнату іскерлігі, бақылау жүргізу, ұжымды ұйымдастыру, өз көңіл-күйін, дауысын, мимикасын, қимылын билеу іскерліктері) де орны ерекше. Бұл іскерліктерді әрбір педагог меңгеруі қажет. А. С. Макаренко «дауысты дұрыс орнатудың мәні тек әдемі ән айтып, әңгімелесуде емес, өз ойын, сезімдерін нақты, бұйыра, иландыра көрсете білуде. Бұның бәрі тәрбиелік техниканың мәселелері» деп бұндай оқытудың маңызын ерекше атап көрсеткен. «Педагогикалық техника» терминімен мұғалімнің оқушыға жеке әсер етудің түрлі құралдарын белгілеуге болады, дейді А. С. Макаренко. Оның құралдары: икемделу қабілеті, дауысты орнату, мимика, пантомимика, сөйлеу мәдениеті, ойынды түсіну қабілеті. «Педагогикалық техника» ұғымына екі компоненттер тобы енеді. Бірінші топ: педагогтың өзін-өзі, өзінің әрекетін билеу іскерліктері - өз денесін билеуі (мимика, пантомимика) ; эмоцияларын, көңіл-күйін басқаруы; әлеуметтік перцепция іскерлігі (бет-әлпетінен тану) ; сөйлеу техникасы (дем алу, дауыс, дикция) . Екінші топ компоненттері тәрбие үрдісінің технологиялық жақтарын ашады, тұлғаға, ұжымға ықпал ету іскерліктерімен байланысты. Олар мына элементтерден тұрады: педагогикалық қарым-қатынас техникасы, талап қою техникасы, тәртіп орнату техникасы, ертеңгі қуанышты ұйымдастыру техникасы, күн тәртібін ұйымдастыру техникасы, жазалау техникасы. Бірқатар педагогтар жүргізген зерттеулер нәтижесі көрсеткендей, жас педагогтардың педагогикалық техникасында кездесетін кемшіліктер баршылық. Олар: оқушымен ашық әңгіме құра білмеуі, оның ата-аналарымен қарым-қатынас орната алмауы, ашуын ұстай немес, керісінше, көрсете алмауы, өз-өзіне сенімсіздігін жоя алмауы. Практиканттар өздерінің алғашқы сабақтары жайында жазған шығармаларында өздерінің сөйлеу мәнері үшін мазасызданғандарын, балаларға шектен тыс жылы қарап қалмаудан қорыққандарын, тым тез сөйлегендерін, тым қатал болғандарын, тіпті кейбіреулері қорыққандарын, немесе тақтаның алдында көп жүгіріп, жанталасқандарын, қолдарын жиі сермегендерін, немесе тас мүсін секілді қатып қалғандарын, қолдарын қайда жіберетіндерін білмегенін жазған. Көптеген студенттерде денесін тік ұстай білмеуі, бүкірлік, басын салбыратып жүру, қолдарын дұрыс орналастыра білмеу жиі кездеседі. Дауысты меңгерудегі басты кемшіліктер - бір қалыптылық, сөздің сылбырлығы, мәнерлеп оқу дағдысының қалыптаспағандығы болып табылады. Сөздегі үзіліс және екпін қою ешқандай мән берілмей айтылады. Сөйлеуде жеке кемшіліктер де аз емес: солғын дикция, дауыстың қажетті қаттылығын орната білмеуі. Педагогтың әрдайым аудитория алдында сөйлеуі жас педагогтардың бойында сенімсіздік, қорқыныш сезімін тудырады. Мұғалімдердің, балалардың, ата-аналардың алдындағы іс-әрекет, яғни «көз алдында» әрекеті мұғалім ойының жүйелілігіне, дауыс аппаратының күйіне, өзін денелік сезінуіне, психикалық күйіне ерекше әсер етеді. Бұның бәрі болатын сабаққа, шараға психофизиологиялық жағынан алдын ала дайындалуды, қарым-қатынас барысында өзінің эмоционалдық күйін басқарудың іскерліктері мен дағдысының болуын талап етеді. Аутогендік жаттығулар (психикалық өзін-өзі реттеу) - ерекше психофизикалық жаттығу. Олар дем алу және артикуляциялық жаттығулармен бірге мұғалімнің педагогикалық даярлық жэүйесіне енгізілуі тиіс. Психикалық өзін-өзі реттеу - бұл кәсіби қажетті сапаларды қалыптастыру мақсатында релаксация (босаңсу) және өзін-өзі иландыру. Сабаққа, балалармен қарым-қатынасты ұйымдастыруға дайындық мұғалімнен шығармашылық өзін-өзі сезінуін тудыратын психологиялық күйге келтіруді қажет етеді. Бұл күйге көшу үшін сабақ материалынан, әдістемесінен тартымды ядроны іздеуге, тақырыпқа сәйкес эмоционалдық күйді қамтамасыз етуге болады.
2. 2. Педагогикалық шеберлік және педагогтың сырт келбеті.
Педагогикалық шеберлік - педагогтың кәсіби іс-әрекетінің ең жоғарғы деңгейі. Оның сыртқы бейнесін мұғалімнің түрлі педагогикалық міндеттерді дұрыс, шығармашылықпен шешуінен, оқу-тәрбие жұмысының мақсатына жетуде тиімді әдіс-тәсілдерді орынды қолдануынан көруге болады. Ал педагогикалық шеберліктің ішкі мәні - бұл педагогикалық міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін тұлғаның білімі, іскерлігі, дағдысы, психикалық процестері және жеке қасиеттері. Педагогикалық шеберліктің мәні «Педагогикалық энциклопедияда» былайша түсіндіріледі: « . . . бұл балаларды жақсы көретін және өз жұмысына бейімділігі бар педагогтардың қолы жетерлік әрдайым жетілдіруді қажет ететін жоғары дәржелі өнер. Өз ісінің шебері бола алатын педагог - бұл өз пәнін терең меңгерген, ғылымның нақты салаларынан және өнерден хабары бар, оқыту және тәрбиелеу әдістемесін толық деңгейде білетін, жалпы және, әсіресе, балалар психологиясын түсінетін жоғары дәрежелі маман. Осы анықтаманың мағынасына үңілетін болсақ, мынаны көруге болады: «педагогикалық шеберлік» ұғымының мазмұнына мыналар енеді: жалпы жоғары деңгейлі мәдениет, эрудиция; өз пәні бойынша кең ауқымды және терең білім; педагогикадан, жалпы, жас және педагогикалық психологиядан білімінің болуы; оларды оқу-тәрбие үрдісінде қолдану білу іскерлігі; оқыту мен тәрбиелеудің әдістемесін толық меңгеруі. Бұл негізінен, Н. В. Кузьминаның белгілеуінше, педагогтың қалай оқыту және тәрбиелеу керектігін білуден көрінеді. В. А. Сластенин педагогикалық шеберлікті тұлғаның кәсіптік бағытталуының жоғары формасы деп белгілейді. Ал кез-келген іс-әрекетте, оның пікірінше, шеберліктің көрсеткіші - бұл іс-әрекетте қажет болатын арнайы іскерліктер мен дағдыны меңгеру. Педагогикалық шеберліктің құрылымында өзара байланысқан элементтерді көрсетуге болады: гуманистік бағыттылық, кәсіптік білім, педагогикалық қабілеттер, педагогикалық техника. Аталған элементтер педагогикалық шеберлік жүйесінде өзара тығыз байланысты, оларға өз бетімен даму тән. Педагогикалық шеберліктің өз бетімен дамуының негізі - білім мен тұлғаның бағытталуы; оның нәтижелілігінің маңызды шарты - қабілеттер; тұтастықты қамтамасыз ететін құрал - педагогикалық техника аясындағы іскерліктер. Кәсіптік білім - бұл педагогикалық шеберліктің негізгі іргетасы. Кәсіптік білімнің мазмұнына пән бойынша ғылыми және практикалық білім, оның әдістемесі, педагогикалық және психологиялық білім енеді. Педагогтың жас, педагогикалық, жалпы психология және педагогикадан жинақтаған білімі жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеудің теориялық және практикалық сипаттағы күрделі мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешуге мүмкіндік береді, педагогты мектепте білім, іскерлік, дағдыны меңгерту үрдісінің заңдылықтарымен қаруландырады, оқу-тәрбие үрдісін әрі қарай жетілдіру үшін қажетті әдістерін анықтауға мүмкіндік береді. Психологиялық-педагогикалық эрудиция әрекетті, фактіні немесе құбылысты дәл психологиялық талдау негізінде ықпал жасаудың дұрыс таңдалуын қамтамасыз етеді. Педагогикалық қабілеттер - арнайы қабілеттер, педагогикалық шеберліктің меңгерілуі қабілеттерге бағынышты. Психологиялық-педагогикалық әдебиетте педагогикалық қабілеттердің мына түрлері белгіленген: дидактикалық - бұл оқушыларға материалды қол жетерлік деңгейде, қызықты, айқын және нақты түрде ұсыну іскерлігі. Дидактикалық қабілеттерге ие педагог оқушылардың ой белсенділігін арттырады, оқу-тәрбие үрдісіне тек ақлды ғана емес, сонымен қатар сезімге де әсер ететін жаңа, соны нәрселерді енгізуге дайын; ұйымдастырушылық қабілеттер оқушылардың түрлі іс-әрекетін ұйымдастыруға, ұжымды қалыптастыруға бағытталған. сонымен қатар, олар педагогтың өзінің әрекетін дұрыс ұйымдастыруды да қамтамасыз етеді. Ол педагогтың дәлдік, ұқыптылық, тәртіптілік, жауапкершілік сынды 22 қасиеттерімен қамтамасыз етіледі; коммуникативті - бұлар оқушылармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беретін қабілеттер; перцептивті - бұл баланың ішкі дүниесіне ену іскерлігі. Баланың психикалық күйін анықтауға бағытталған; суггестивті - бұл сендіру және иландыру қабілеті. Олар педагогтың беделімен, еріктік қасиеттерімен байланысты; ғылыми-танымдық (академиялық) - ғылымның белгілі бір саласы бойынша ақпаратты, білімді меңгеру қабілеті. Педагогикалық техниканың негіздерін меңгеру - қарым-қатынас технологиясын меңгерудің қажетті шарты. А. С. Макаренконың айтуынша, «Мен «мында кел» сөйлемін 15-20 түрлі дауыс реңімен айтуды, бет-әлпет, дене тұрпаты, дауыс көмегімен 20 түрлі ақпаратты беруді үйренген шақта ғана шебер атандым» дейді. Педагогикалық техниканың құрылымы: сөйлеу шеберлігі, мимика және пантомимика мәнерлілігі, өзінің психикалық күйін және эмоционалдық-шығармашылық күйін басқару іскерлігі, актерлік-режиссерлік қасиеттер. Тәрбиешінің сырт келбеті эстетикалық мәнге ие болуы тиіс. Өзінің сырт келбетіне селқос қарауға болмайды, сонымен бірге тым қатты көңіл бөлу де қажет емес. Педагогтың сырт келбеті оқушыларға ықпал жасаудың құралы, тәрбиешінің ішкі рухани дүниесінің бейнеленуі ретінде қолданылады. Тәрбиешінің эстетикалық мәнерлілігі оның бет-әлпетінің қаншалықты жылы шырайлылығынан, іс-әрекетінің жинақылығынан, ұстамдылығынан, орынды қимылдарынан, денесін тік ұстауынан, жүрісінен көрінеді. Оған мазасыздану, қимылдардың жасандылығы, солбырлық жараспайды. Сіздің сыныпқа қалай кіргеніңіз, қалай қарайтыныңыз, қалай амандасатыныңыз, отырғышты қозғау қимылыңыз, сынып ішіндегі жүріп-тұруыңыз, осы «ұсақтарды» барлығы да сіздің балаға ықпал жасаудың күші болып табылады. Сіздің барлық іс-әрекетіңізден, қимылыңыздан, көзқарасыңыздан балалар үлкен күш-жігерді, өзіне сенімділікті сезінуі тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz