Сеченов пен И. П. Павловтың психологиялық зерттеулері


Сеченов пен И. П. Павловтың психологиялық зерттеулері.
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
- И. П. Павловтың ойлаудың физологиялық негіздері.
- И. М. Сеченовтің еңбегі және психологияның дамуындағы ролі.
- И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың ерік туралы зерттеуі.
- Ми қыртысының рефлекстік қызметі.
Қортынды
Пайдаланған әдебиеттер
И. П. Павловтың ойлаудың физологиялық негіздері .
Ойлаудың физиологиялық негіздері И. П. Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі іліміне байланысты түсіндірілді. Ойлау - ми қабығының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, мұнда екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекше роль атқарады. Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстық барлық элементтері біріктіріледі. Мысалы, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл - анализ болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен құрастырсақ синтез болады. Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері айқындалады. Ойлау операциясының күрделі түрі - абстракция мен жалпылау. Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мысалы, квадрат, трапеция, паралеллограмм деген сөздерді “төрт бұрыш” деген сөзбен белгілесек, соңғысы абстракция болады. Абстракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау - абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Нақтылау абстракцияға қарағанда, ұғымды көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді. Жалпылау арқылы шындықтағы заттар мен құбылыстарды белгілі принцип бойынша орналастыруды жүйелеу дейді. Жүйелеудің жоғары түрі - классификация. Жүйелеу арқылы өсімдіктер дүниесін, химиялық элементтерді белгілі классификацияға келтіруге болады. Ойлау ой операциялармен қоса ой формаларын да тұдырады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі қасиеттері бейнеленеді. Ұғымдар арқылыадам танымының ұзақ процесінің нәтижесі қорытылады. Ұғымдар дара және жалпыболып бөлінеді. Мысалы, “Шымкент қаласы” дара ұғым болса, “кітап”, “адам” жалпы ұғым болады.
И. М. Сеченовтің еңбегі және Ресей психологиясының дамуындағы ролі
ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы психологиялық көзқарастар мәнді деңгейде психологиялық құбылыстар жайлы діни көзқарастарға қарсылықта болады. Сол кезендегі айқын жұмыстардың бірі И. М. Сеченовтың “Бас ми рефлекстері”(1863) атты еңбегі болды. Бұл жұмыс психофизиялогиялық, нейропсихологиялық, жоғары жүйке жүйесінің физиологиясының дамуына үлкен үлес қосты. Осы еңбегінде Сеченов рефлекторлық принципті адамның бас миы қызметіне, одан әрі барша психикалық іс-әрекетіне жая қолданды. Ол “адамның бүкіл саналы да санасыз (астарлы) өмірдегі әрекеттері өзінің туындауы жағынан рефлекстерге байланысты, немесе рефлекстік әдіс”, - деп жазған. Бұл психиканы объективті түсінудегі алғашқы қадам еді. Бас миы рефлекстерін шұқшия талдай отырып, Сеченов оның басты үш байланыс бірлігін анықтады: бастапқы бірлік жүйке қозуы процесінде миға берілетін сыртқы тітіркендіргіштер; ортаңғы бірлік мидағы қозу және тежелу процестері және солардың нәтижесінде психикалық қалыптардың (түйсік, ой, сезім, т. б. ) пайда болуы; ақырғы бірлік сыртқы қозғалыстар. Бұл тізбектегі ортаңғы бірліктің психикалық элементтері қалған екі шеткі (сыртқы тітіркендіргіштер мен жауапты әрекеттер бірліктерсіз жасамайды. Сондықтан да барша психикалық құбылыстар бүкіл рефлекторлық процестің бөлінбес құрамы. Сеченовтың рефлекс бірліктерінің ажыралмас байланысты жөніндегі тұжырымы психикалық іс-әрекетті ғылыми тұрғыдан түсінуде үлкен маңызға ие болды. Психикалық қызметті сыртқы ықпалдардан да, адам қылық- әрекеттерінен де бөліп қарауға болмайды. Психикалық құбылыс субъектінің жалғыз толғанысымен шектеліп қалмайды, егер олай болғанда, психикалық дүние (ой, ес, қиял т. б. ) нақты өмірлік маңызға ие болмас еді. Психикалық іс-әрекеттің рефлекторлық принципіне орай Сеченов - адам іс-әрекеті мен қылығы сыртқы әсерлердің себебінен туындайтыны жөнінде ғылыми психология үшін өте маңызды қорытынды жасады. Ол “Бастыпқыда қандай да әрекеттің себебі әрдайым тысқы сезімдік қозуда, онсыз ешқандай ой өрістеуі мүмкін емес”, - деп жазды. Сонымен бірге ғылым сыртқы жағдайлар әсерін үстірт түсінбеу қажеттігін ескерткен. Бұл арада әңгіме тек көрініп тұрған нақты тыс әсер жөнінде ғана емес, сыртқы жағдай әсерлері тобына адамның өткенде кезіккен әсерлері, барша өмір тәжиребесі қамтылды. Осылайша И. М. Сеченов рефлекстің миға байланысты бірлігін оның табиғи бастауынан (сезім мүшелеріне әсер) және ақырынан (жауап қозғалыс-қимылдар) бөліп, оқшаулау орынсыз екенін көрсетіп берді. И. М. Сеченов тек қана физиолог емес, сонымен бірге оның еңбектері қазіргі психологияның жаратылыс тану ғылыми негізін салды. Сеченов ерте жастық кезеңінен бастап психологияға әуес болды және С. Л. Рубинштейннің пікірінше, сол кезеңдегі ең ірі орыс психологтарының бірі болды. Сеченов-психолог тек қана психологияның зерттеу пәні-психикалық құбылыс екенін анықтайтын психологиялық концепцияны емес, сонымен бірге Ресейдегі эксперименталды психологиялық құрылуына үлкен әсер етті. Оның ғылыми іс-әрекетінің ең негізгі мәні, ол В. М. Бехтеров және И. П. Павловтың зерттеулеріне әсерін тигізді.
И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың ерік туралы зерттеуі
Еріксіз әрекеттердің физиологиялық негізі болып табылатын шартсыз байланыстар тізбегі -инстинкт әректі ырықсыз орындалады. Психологияның табиғи - ғылыми негіздерін қалаған И. М. Сеченов пен И. П. Павловтың ілімі ерікті әрекеттердің негізі мұндағы материалдық процестер, сыртқы әсер мен мидың уақытша байланыстары шартты рефлекстер деп түсіндіреді. И. М. Сеченов ерікті әрекеттердің физиологиялық механизімін зерттей отырып, адамның ассоциациялық рефлекстердің жиі қайталану жолымен өзінің қимылдарын жіктеп ажыратуға бейімделетіндігін және сол рефлекстер арқылы қимылдарын тоқтатын қабілетерді игеретіндігін дәлелдейді. Ал И. П. Павлов ерікті әрекеттердің механизімін жоғары жүйке қызметінің барлық заңдарына бағынатын, шартты ассоциациялық процесс деп анықтайды. И. М. Сеченов пен И. П. Павлов ерік қимылдарының белгілі бір себепке байланысты пайда болатындығын эксперименттік зерттеулермен дәлелдеді. И. М. Сеченов: «Кәдімгі ырықты деп аталатын барлық саналы қозғалыстарымызды бейнелеу мағынасында ұғыну керек». «Адамның кез келген қимылдарының алғашқы себебі одан тыс болады» деп еріктің сыртқы ортадан тәуелділігін және ол ми қызметінің нәтижесі екендігін көрсеткен болатын. И. М. Сеченов:«Ерікке тек жолақты бұлшық еттер бағынады, ал тегіс бұлшық еттер бағынбайды», себебі «жүректің құрлысы жолақты талшықтардан құралған және ерікке бағынбайды, және несеп қуықшасынан зәр айдайтын бұлшық ет тегіс талшықтарға жатады, содай-ақ оған бағынады. Мүмкін болатын басқа принципті қабыл алмаған И. М. Сеченов үшіншіне тоқтап, былай тұжырымдайды: «Ерікке тек санаға қандай да бір анық белгілер мен жіберілетін әрекет бағынуы мүмкін». Осы қағиданы түсіндіре және бекіте отырып, «Бұл көзқарас бойынша аяқ, қол, дене, бас, ауыз, көз және сол сияқтылар санаға анық түйсінулермен көрінетін түрлі жағдайлар айтылуы мүмкін: әрі қарай ерікке дауыс ырғағының бағыныштылығы, сол сияқты олардың жағдайы мен дауыс ырғағының түрлі сипатының сәйкес келуі, бір сөзбен айтқанда, сезім мүшесі арқылы жанама бақылауға жетпейтін, бірақ жанама айқын түйсіктермен ере жүретін барлық әректтер» деп жазды. И. М. Сеченов ерікті әрекет қалай қалыптасады деген сұрақ қояды. Ол оған байланысты мынадай «күрделі фактіге» назар аударады, яғни адамның қолымен, аяғымен, басымен, денесімен жасалатын ерікті қозғалыс реті қаңқамен де оның бұлшық еттерінің анатомиялық құрылуын анықтайтын мүмкін болатын қозғалыс ретімен салыстырмалы түрде қарастырады. Бұл фактіге жауап беру үшін И. М. Сеченов, ерікті қимыл-қозғалыс ретінде өмір шарттарының күші болып табылатын жаттығулар бөлінеді дегенге саяды. Баладағы ерікті қимылдың бүкіл жасалу жолы осыны дәлелдейді. И. П. Павлов және оның шәкірттері басқа анализатолар тәрізді қозғалыс анализаторлары да, яғни ерікті қозғалыстар да түрлі тітіркендіргіштерімен уақытша жүйке байланысына түсуге қабілетті екенін көрсетті. Адамның ерікті қозғалыстары ми қабығында бұрын пайда болған уақытша байланыстардың негізінде жасалады. Мұндай қозғалыстар үшін сөз ерекше тітіркендіргіш болып табылады, түрлі қозғалыстарды реттеп, басқарып, тежеп отыратын да осы сөздік сигналдар. Адамның көптеген қозғалыстары іштей сөйлеу арқылы да пайда болып отырады, мұндай сөздер түрлі қимыл-қозғалыстың басталу белгісі. Адам сөз арқылы нұсқау алады немесе бір тоқтамға келеді, алдына қойған мақсатына сәйкес қимыл-қозғалыстарды реттестіреді. Қозғалыс анализаторының жүйке клеткалары мидың орталық сайының алдыңғы жағына орналасқан. осы жерде пирамида формасындағы алып жүйке клекалары бар. Бұл жүйке талшықтары арқылы қаңқаның бұлшық еттерімен байланысып жатады. Қозғалыс анализаторларын құрайтын жүйке талшықтарын жол деп атайды. И. П. Павлов: «Еріктік қозғалыстың механизмі жоғары нерв қызметінің барлық заңына бағынатын шартты ассоциациятивтік процесс» деп ерікті мидың уақытша байланыстар принціпінің заңына орайлас түсіндіреді. И. П. Павлов ерікті - адам белсенділігіне байлау болатын кедергілерді жеңуде көрінетін әрекетшендік - «еркіндік инстинкті» деп те қарастырады. «Еркіндік инстинкті ретінде ерік аштық қауіп-қатерден де мәнділеу. Егер осы қасиеті болмаса, - деп жазды. И. П. Павлов, - жануар алдынан шыққан елеусіз-ақ кедергіден өте алмай, өлімге душар болар еді». Ал адам үшін кедергілер қатарына әрекетке матау болатын сыртқы әсерлер ғана емес, өз қызығулары мен қажеттіліктерін бақылауға алатын өзіндік сана мазмұнын да болуы мүмкін. Ойлау әрекетінің нейрофизиологиялық негіздерін алғашқы ашқан И. M. Сеченов. Оның айтуынша, ойлау- нәрселерді бір-бірімен салыстыратын мидың рефлекстік құбылыстарының анализдік-синтездік әрекетінің нәтижесі. Ойлау процесінің нейрофизиологиялық негізін іс-әрекеті түзетіндігі И. П. Павловтың нақтылы тәжірибелерімен дәлелденді.
Ми қыртысының рефлекстік қызметі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz