Құқық бұзушылықтың құрамы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Құқықтық тәртіп субъектілердің дұрыс тәртібі, нормативтік актінің талабына сәйкес жұмыс жасау, іс-әрекетте қажеттілікке жол бермеу. Құқықтық тәртіптің құрылымы - қоғамның санасымен байланысты тұрғыда іс-әрекет жасап, қатынас арқылы өздерінің мүддеге-мақсатын іске асыру. Құқықтық тәртіптің ерекшелігі - бұл қарым-қатынас құқықтық норма арқылы өмірге келіп, мемлекеттің бақылауында болады. Егер қарым-қатынаста қателіктер кетсе, оны мемлекеттік оргондар түзетуге тиіс.
Сонымен құқықтық тәртіп дегеніміз - қоғамдағы қатынастардың жүйе-салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп, орындалуы. Сонымен құқықтық тәртіп дегеніміз - қоғамдағы қатынастардың жүйе-салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп, орындалуы.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Құқық бұзушылық ең алдымен неге қауіп төндіреді? Заңның қорғауына алынған өзге тұлғалардың мүддесіне. Дегенмен адамның барлық мүддесі заңмен қорғала бермейді, сондықтанда оған нұқсан келтіру әр уақытта да құқыққа қайшы болып саналмайды, тиісінше құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды. Мәселен, бәсекелестік, біреудің жеке экономикалық мүддесіне залал келтіруі мүмкін, бірақ бұл құқық бұзушылыққа жатпайды.
Курстық жұмыстың мақсаты: қоғамдық қатынастағы құқықтық тәртіптің жүзеге асырылуын, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларымен танысу.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі екі тараулар, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.

I. ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП, ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

І.1Құқықтық тәртіп ұғымы, оның негізгі түрлері мен себептері

Құқық бұзушылық - құқыққа сай емес тәртіптің негізгі түрі болып табылады (оның басқа түрі - объективтік құқыққа қарсытәртіп және соған құқықтық тәртіптің түрлерінің бірі, себебі, соған қатысты құқыққа сай емес тәртіп (құқыққа сайлықпен қатар) оның түрі ретінді көрінеді.
Құқық бұзушылыққа мынандай белгілер тән:
1) Құқық бұзушылық - бұл әр уақытта әрекет және тек әрекет, яғни әрекет, әрекетсіздік не вербальдық (сөз жүзіндегі ) тәртіп. Құқық бұзушылыққа ой, сендіру, берік ниеттен, егер олар сырттан көрінбесе. Адам заң үшін өзінің тәртібінсіз өмір сүрмейді, оған өз кезінде Гегель де көңіл аударған.
2) Құқық бұзушылық - бұл әрекет, ол қоғам үшін қауіпті, оған зиян келтіреді. Мұнда көңіл аударатын нәрсе, құқық бұзу мүмкін емес, нақтылы қоғамдық қатынастарға тиіспей. Құқық бұзушылық (бұл атауға қарсы әріпті талқылау) заң нормаларының өзіне зиян келтірмейді. Ондай жағдай зиянды, не болмаса нақтылы құқыққа қауіп ті және заңмен қорғалатын жекелеген қоғамдық қатынастардың ықыласына әсер етеді.
3) Құқық бұзушылық - бұл құқыққа қарсы әрекет, яғни ондай әрекетті жасауға құқықпен әртүрлі нысанда тыйым салынған (тікелкей тыйым салу, позитивті әрекет жасауға, әрекеттің жазалануын белгілеуге арналған заңды міндеттерді тапсыру). Құқыққа қарсылық дегеніміз - құқықтығы әрекеттің қоғамдық зияндылығын көрсету.
4) Құқық бұзушылық-бұл әртүрлі уақыттағы кінәлі әрекеттер: кінәсіз құқық бұзушылық жоқ. Кінә-бұл құқық бұзушылықтың өзінің әрекетіне ерекше психикалық қатынасы және оның нәтижесіне де қатысты.
Сонымен, құқық бұзушылық-қоғамға қауіпті құқыққа қарсы кінәлі әрекет. Құқық бұзушылық-қоғамға қауіптілік деңгейіне сай қылмыс (қылмыстық құқық бұзушылық) және теріс қылық. Теріс қылық, өз жағынан әкімшілік, азаматтық (азаматтық құқық бұзушылық) және тәртіптік болып бөлінеді. Сонымен қатар, процессуалдық құқықтық қатынастар тобын (процессуальдық құқық нормаларын бұзуда) бөлуге болады.[1;5-7бб]
Сонымен, құқықтық тәртіп дегеніміз - қоғамдағы қатынастардың жүйе-салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп, орындалуы.
Заңдылықтың, құқықтық тәртіптің кепілдіктері:
1. Материалдық кепілдік - егерде субъектілер өзара қателіктер жіберсе өздері келісімге келіп нормативтік актіні дұрыс орындауға тиіс.
2. Саяси кепілдік - қоғамның саяси тұрақтылығы заңдылыққа, тәртіпке көп әсер етеді. Қоғамдағы барлық бірлестіктер, одақтар, ұжымдар, саяси партиялар дұрыс, жақсы жұмыс жасауы көп әсер етеді.
3. Моральдық кепілдік - қоғамның инабаттылық, парасаттылық деңгейі жақсы болса заңдылық, тәртіп те жақсы болуға тиіс.
4. Заңды кепілдік - мемлекеттің заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын арнаулы органдарының рөлі, маңызды, әсері өте зор.
Қоғамдағы заңдылық, бостандық, құқықтық тәртіп, демократия бір-бірімен тығыз байланыста дамиды, бір-біріне зор әсер, ықпал жасайды.

І.2 Құқық бұзушылықтың құрамы

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйіп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған.
Осыдан келіп-құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық- қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл обьективтік құбылыс.
Сонымен құқықтық тәртіп дегеніміз - қоғамдағы қатынастардың жүйе-салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп, орындалуы. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек заң бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
Әрекет-бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.
Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесір келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезімне зиян келтіреді.
Құқық бұзушылықтың мәні - оны басқа жүріс-тұрыс ережелерін бөліп көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Ең алдымен барлық құқық бұзушылықтың мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлықтай залал кенлтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі. [2;15-20б]
Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгі-нышандар:
1.Құқық бұзушылық құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың іс-әрекеті, қылығы немесе әрекетсіздігі. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек, құқық бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы көрінбеген адамның ой-тұлғасы, сезімдері құқық бұзушылық болып табылмайды. Бірақ қандай да болмасын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатсуынсыз жасалмайды. Олар қашан да ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Бұл дегеніміз, ақыл-есі дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылыды.
2. Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп, қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық норманы бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау нәтижесінде құқықтық тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның құқықтарына, өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Зиянның көлемі, мөлшері түрлі болуы мүмкін.
Қоғамдық зиянды анықтаудың мынадай тәсілдері белгілі:
1.Заңдылықты бұзудың обьектісі адамдардың өміріне, денсаулығына, қоғамдағы негізгі қарым-қатынасқа зиян келтіруді анықтау.
2.Зиянның түрін, мөлшерін анықтау.
3.Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау.
4.Қылмысты жасаған адамның өзінен және іске тиісті материалды, фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру.
5. Құқық бұзушылық әрқашан да құқық нормаларының талаптарына қайшы келеді. Сондықтан да оның құқық нормалары мен реттеліп және қорғалатын қоғамдық қатынастарға қарсы бағытталғандықтан құқыққа қайшы әрекет деуге болады. Құқыққа келісті және ол рұқсат берген әрекет, ешқашан құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды.
6.Құқық бұзушылықтың құқық субьектісінің кінәлі әрекеті арқылы ғана жүзеге асады. Кінәлі деп танылуы үшін заңды бұзған адамның ақыл-есі дұрыс болуы керек. Есі дұрыс емес немесе әрекет қабілетілігі жоқ деп танылған адам (әрекет қабілеттілігінің жоқтығы соттың шешімі мен анықталады) құқық нормаларының талаптарын қалай бұзса да жауапқа тартылмайды, себебі, ол өз әрекетінің мәнін түсінбейді, одан басқаға зиян келетінін болжай алмайды. Кінәлі болу үшін адамның есі дұрыс және өрекет қабілеттілігі шектелмеген болуы шартты жағдай. Әрекет қабілеттілік деген өз еркімен саналы түрде іс-әрекет жасап, сол үшін жауап беру мүмкінділігінің болуы. Кінә - құқық бұзушының өзінің құқыққа қайшы әрекетіне қатысты психикалық қарым - қатынасы.
Кінәнің екі түрі белгілі:
1. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған қасақаналық. Егер адам өз іс - әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын - ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, әрекет тікелей ниетпен жасалған қасақаналық деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін алдын-ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналыы түрде жол берсе не бұған немқұрайлы қараса, әрекет жанама түрде жасалған деп саналады.
2. Абайсыздық. Ол менмендікпен және немқұрайлықпен жасалады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негізсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе бұл менменшілдік деп танылады. Мәселен, жүргізуші көлігінің техникалық ақаулықтарын біле отырып жолға шығады, жеңілтектікпен жол апатын болдырмаймын деп ойлайды, ал нәтижесінде жол апатына кезігеді. [3;21-24б]
Осы мақсатта заң ғылымында құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздікті құқық бұзушылық ретінде саралауға негіз болатын элементтердің жиынтығы, яғни құқық бұзушылықтың заңды құрамы болады: объективтік жағы, объект, субъективтік жағы, субъект.
1.Құқық бұзушылықтың объективтік жағының элементіне әрекет - әрекетсіздікпен келтіретін зиянның арасындағы себепті байланыс және келтірілген залал жатады. Заң теориясында себепті байланыс дегеніміз келтірілген зиянның басты және тікелей себебі құқыққа қайшы әрекет - әрекетсіздік болып табылатын, зиянды әрекет - әрекетсіздікпен пайда болған нәтиже арасындағы объективтік байланыс болып табылады. Мұнда зиян құқық бұзушылықтың теріс нәтижелерінің жиынтығы ретінде көрінеді. Қандай да бір игіліктің немесе құндылықтың жойылуы, оларды пайдалануға шек қою, азаматтардың бостандығына қол сұғу, олардың субъективті құқықтарын бұзу т.с.
Зиян материалдық, физикалық басқа да қасиеттерге ие болады, жеке мүддеге, сондай-ақ жалпы қоғамдық мүддеге де қауіп төндіреді. Іс-әрекеттің сипаты және одан келген зиян қоғамға қауіптіліктің деңгейін анықтап, құқық бұзушылықты басқа құқық тәртібін бұзудан айырудың объективтік негізін қалайды.
2. Объект - құқық нормалары қорғайтын бұзылған мүліктік немесе мүліктік емес игілік. Яғни, құқықпен реттеліп және қорғалатын қоғамдық қатынастар. Құқық бұзушылық өз іс-әрекетінде құқық тәртібіне қарсы бағытталып, қандайда бір зиян келтіреді.
Қоғамдық қатынастың, оның субъектілерінің құқықтары мен мүдделері көптүрлі болуына сәйкес нақтылы құқық бұзушылықтың объектілері де бірнеше болуы мүмкін.
3. Құқық бұзушылықтың субъективтік жағын адамның құқық бұзушылықты жасауға жол берген әлуметтік - психологиялық механизімін сипаттайтын, элементтерді құрайды. Субъективтік жағынан алып қарағанда барлық құқық бұзушылық, ең алдымен кінәнің болуымен байланысты болады. Бұл тұрғыдан қарағанда құқық бұзушылық - құқық бұзушының еркі және санасы арқылы жол берген кінәлі әрекет болып табылады.
4.Субъекті - әрекет қабілетілігі бар заңды бұзушы тұлға. Егерде субъект құқық бұзушылық кезінде өзге құқыққа сай жолды таңдау мүмкіндігіне ақыл - есінің кемділігі, жасының толмауы, физикалық немесе психикалық жетіспеушілігінің салдарынан жол берсе, әрекет-әрекетсіздік зиянды нәтижеге әкеліп соқса да құқық бұзушылық деп саналмайды. Құқыққа қарсы әркеттерді құқық бұзушылық деп тану үшін заң оның субъектісіне белгілі бір талаптар қояды.[4;22-28б]
Әрекет-әрекетсіздікті құқыққа қайшы деп тануға ықпал етуші субъекті фактор негіз болады.
Қылмыс қоғамға қауіпті және заңмен жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты әрекет-әрекетсіздік. Ол қоғамның қалыпты өмір немесе мемлекеттік құрылыс, шаруашылық жүйе, меншік және азаматтардың саяси, еңбектік, мүліктік және басқа да құқықтары. Қылмыстың заңды сипаты - оларға қылмыстық заңмен тыйым салу мен жазалау шараларын қолдану болып табылыды. Қылмысты заңда көрсетілген, қылмыстың барлық нысандық белгілерін иеленуші құқық бұзушылық өзінің жеңіл мәнділігіне байланысты қоғамға қауіпті болсамаса, қылмыс болып саналмайды.
Әкімшілік құқық бұзушылық - мемлекеттік басқару саласындағы қоғамдық қатынастарға зиян келтіретін әкімшілік, қаржылық, жер және басқа құқық салаларының нормаларымен реттелетін, әлуметтік әрекет-әрекетсіздік.
Мұндай құқық бұзушылықтар атқару және билік етудің қалыпты қызметіне кедергі келтіреді, жалпы қоғамдық тәртіпті бұзады ( жол ережесін бұзу, өндірістегі қауіпсіздік ережесін бұзу және т.б ),азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіреді.
Әкімшілік құқық бұзушылықтар тек объектілерінің жалпы сипаты және мемлекеттік басқарудың құқық тәртібіне қарсы бағытталмағандығымен ғана емес, жазалау сипатыда қолданылатын санкциялармен де ерекшеленеді. Мәселен ескерту, айыппұл, жүргізу куәлігін алып қою және т.б.
Тәртіптік құқық бұзушылық қызметтік қатынас саласында бағынушылық тәртібін бұзуға бағытталатын, әлуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол өндірістің қызметтік, әскери және оқу тәртібін бұзып, олардың алдында тұрған шаруашылық, әлуметтік - мәдени басқару, және де мақсаттар мен міндеттерді орындауға кедергі болады. Бұл үшін мынадай санкциялар қолданылуы мүмкін: ескерту, сөгіс, жұмыстан шығару, оқу орнынан шығару т.б.[6;29-34б]
Азаматтық құқық бұзушылық азаматтық құқық нормаларымен реттелетін мүліктік және онымен байланысты жекелеген қатынастарға зиян келтіретін, әлуметтік қауіпті әрекет-әрекетсіздік. Ол шарттық шартсыз деп екіге бөлінеді. Шартты - азаматтық құқықтың шартқа қатысушы субъектілердің әрекетінен туындаса, шартсыз азаматтық құқықтың нормаларының талаптарын сақтамау және орындамаумен байланысты болады.
Азаматтық құқық бұзушылық қылмыстық әрекеттерден айырмашылығы олардың заңды тізімі берілмеген. Яғни, азаматтық құқық бұзушылыққа тән ерекшелік оларға мүліктік және мүліктік емес санкциялармен тыйым салынуы болып табылады. Мұнда және бұзылған құқықтың қалпына келтірілуі көзге түседі: заңға қайшы келетін мәмілені өзгерту, келтірілген мүліктік зиянның орнын толтыру және т.б. құқықты қалпына келтіруші санкциялар азаматтық құқық бұзушылық келтірілген зиянды салдарын бағалау және азаматтар мен ұйымдардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруін көздейді.
Құқық бұзушылықтың себептері төңірегінде ежелден осы күнге дейін сан түрлі пікірлер айтылуда. Айтылған ойларды тұжырымдасақ адамдардың құқықтық нормаларды бұзылуына, ең алдымен әлеуметтік және биологиялық жағдалар әсер ететінін байқаймыз.
Әлеуметтік жағдайлар - отбасы, мектеп, қызмет істейтін ұжым, жалпы қоғамның өмірінің әсері. Бірақ бұлар әр адамға әртүрлі ықпал етеді. Тұрмысы ауыр, қиын жағдайда тәрбиеленіп, өмір сүретіндер де, сонымен біреуге уайымсыз, қиындықта өскендер де заңды бұзуы мүмкін. Бұл жағдайды бабаларымыз ежелден-ақ байқаған. Жаманнан жақсы туар, адам айтса нанғысыз, жақсыдан жаман туар, бір ауыз сөзге алғысыз - деген мақал айғағы болса керек.
Құқықбұзушылықтың субъективтік себебі бұл, мемлекеттік идеологияға, адами құндылықтар мен қоғамдық мүддеге қарама-қайшы құқықтық сананың төмен деңгейлігі.
Құқық бұзушылық қашанда жекелік сипатта болады. Жеке тұлғаның қабылдаған және оның қажеттілік мақсаты арқылы анықталатын құқыққа қайшы шешім, құқық бұзушылықтың тікелей себебі болып табылады. Бірақ құқық бұзушылық себебін белгілі бір әлеумттік құбылыс ретінде қарастыру жеткіліксіз.
Құқық бұзушылықтың себебі жеке адамның қажеттіліктері мен оны қанағаттандырудың әлеуметтік мүмкіндігінің арасындағы қайшылыққа деп түсіндіреді. Яғни бұл өз кезегінде қоғамдық жағдайдың сипатына тәуелді болады. Бұл дегеніміз қоғамдық қатынастар жүйесінде өндіріс, саясат, мәдениет, шаруашылық, тұтыну салаларында белгілі бір орынға ие болу. Ал қалыпты өмір сүру жағдайында бұлар бір-бірімен сәйкес келіп отыруы тиіс. Қоғамдық еңбек бөлінісі жүйесіндегі белгілі бір орынды иелену адамның кәсіпқойлық дәрежесін, білімін және мәдени мәртебелігін айқындайды.
Жеке адамның әлуметтік мәртебелерінің бір-біріне сәйкес келмеуі оны қоғамдық тәртіпті бұзуға итермелейді. Яғни саяси экономикалық үстемдікке әлеуметтік саладағы жағдайдың сәйкес келмеуі, жеке адамдардың білім мәртебесіне экономика, мәдениет саласында тиісті орынды қамтамасыз етпеген жағдайда, олар заңсыз әрекетке барады. Кейбір саяси қызметкер өзінің жағдайын мемлекеттегі рөлімен теңестіру үшін, билікті теріс мақсатта пайдаланады. Ең арысы жалданбалы жұмысшы да, сатқан жұмыс күшінің ақысы оның қоғамдық қажеттілігін өтемесе қолайсыз мүмкіндіктерді пайдалануға бет бұрады.[7;35-39б]
Жоғарыды айтылып өткен құқық бұзушылық тың негізгі себептерін тұжырымдай келе байқайтынымыз заңды мінез-құлық, құқықтық сана, құқықтық мәдениеттің бұл тұрғыда алатын орны ерекше.
Заңды мінез-құлық құқық нормаларының нұсқауларына сәйкес келетін жеке тұлғаның мінез-құлқы. Ол арқылы заң орындалады, жүзеге асырылады. Егер адамның мінез-құлықтары құқық нормаларының талаптарына сәйкес келсе, онда құқықтық тәртіп нығаяды.
Азаматтар құқық нормаларының талабын белсенділікпен немесе енжарлықпен орындайды. Соған сәйкес мінез-құлық екіге бөлінеді:
1) Белсенді заңды мінез-құлық лауазымды тұлғалардың, азаматтардың өз бастамасымен белгілі мақсатқа бейімделген заңды әрекеттері оның түрлері сан алуан.
2) Енжарлы мінез-құлықтың көрінісі де сан алуан. Азамат өзіне жүктеген міндеттерді салақтықпен сапалы орындамайды, өзінің құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруға енжарлықпен, немқұрайлықпен қарайды. Әрине мұндай мінез-құлық, құқық нормаларына қайшы келмесе де адамның ең алдымен өзіне зиян келеді, себебі адамның игілігі үшін берілетін заңды мүліктер іске аспай қалады. Мұндай мінез-құлықтан қоғам да ештеме ұстамайды. Демек, екі тарапта ұтылыста болады. Мұндайда енжар мінез-құлық басым болса мемлекетке зиян келеді. Азаттардың енжарлығын немқұрайлығын пайдаланып, теріс ниетті лауазымды тұлғалар мемлекет оргондарының қызметін халықтық бақылауынан тыс қоюға әрекет жасауы мүмкін.
Міне осындай енжарлықты белсенділікке айналдыру қажет. Оның негізгі шарты еңбекке баулу. Құқық нормаларын адал, ақ ниетпен іс жүзіне асырған азаматтарға көтермелеу шараларын белгілесе, ол нормалар белсенділікке негіз болары сөзсіз. [8;35-37б]

II. ЗАҢ АЛДЫНДАҒЫ ЖАУАПТЫЛЫҚТЫҢ МӘНІ

ІІ.1 Заңды жауапкершіліктің түсінігі, белгілері және қағидалары

Заңды жауапкершілік-жеке адам, қоғам, мемлекеттің мүддесін қорғайтын бірденбір жолы болып табылады. Ол құқықтық нормалардың бұзылуы нәтижесінде пайда болып, құқық бұзуға мемлекеттік күштеу шарасын қолдану нысанымен сипатталады. Құқық бұзушыға жауапкершіліктің белгілі бір шарасы көзделген құқықтық норманың санкциясын қолданудан тұрады.
Заңды жауапкершіліктің заңды негізі-құқық бұзушылық болып табылады. Егерде субъектінің іс-әрекеті құқық бұзушылықтың белгілеріне сәйкес келмесе онда ол заңды жауапкершілікке тартылмайды.
Заңды жауапкершілік тарихи құбылыс. Мәселен, қылмыстық құқықтың атышулы жазаларының түрлері мен олардың дамуы, тарихтың күрделі кезеңдерінің ерекшеліктерімен тікелей байланысты. Қылмыстың көпшілік белгісі танылмай тұрған кезде және ол жеке адаммен оның мүддесіне қауіп төндіру деп саналған уақытша жаза өзінің сытқы нысаны бойынша, құқық бұзушы келтірген зиянның орнын толтыру және өзіне жәбірленуші шеккен зиянды келтіруден тұрады.
Заңды жауапкершіліктін қай түрі болмасын ол ең алдымен құқық бұзушылыққа санкция ретінде, яғни құқықтық нормаларының талаптарын орындау үшін мемлекеттік күштеу ретінде көрінеді. Мемлекеттік күштеу мен заңды жауапкершілік кашанда екеуі байланысты болады. Заңды жауапкершіліктің бұл белгісі әр құқық саласында түрліше сипатталады. Айталық, азаматтық, шаруашылық, еңбектік заңдар міндеттемені ерікті түрде орындау мүмкіндігін қарастырады.
Заңды жауапкершілік тек қана құқықтық нормалар бұзылған кезде пайда болып қоймай, оларды қатаң сақтау арқылы да орындалады. Басқаша айтқанда құқық бұзушының заңды жауапкершілікті орындауы құқықтық нормалар бойынша бекітілген белгілі бір процесуалдық іс-жүргізу тәртібін бұзған кезде ғана мүмкін болмақ. Сонымен, заңды жауапкершіліктің белгілері мыналар болып табылады.
1. Мемлекеттік күштеу арқылы жүзеге асады.
2. Кінәлі белгілі бір шектеуге міндеттейді.
3. Тек қана жасалған құқық бұзушылықтың негізінде пайда болады.
Заңды жауапкершілік бір қатар қағидалардың негізінде жүзеге асырылады:
Кінәлі әрекет үшін ғана жауаптылық қағидасы. Бұл қағида, негізінен, заң шығарушыға арналады. Оның тек қоғамға зиянды құқықтық табиғаты мен қоғам құндылығына қайшы келетін әрекеттер ғана заңды жауапкершілікті бекітуін талап етеді. Егер де субъект құқық бұзушыға жол беру кезінде өз еркі болмаса, іс-әрекетінің нәтижесін болжай алмаса, болжауға тиісті болмаса, оның болуын тілемесе және өзін басқара алмаса, ол жауаптылыққа негіз бола алмайды.
Заңдылық қағидасы. Бұл қағида бойынша жауапкершілік құқықтық нормамен тыйым салынған әрекет және де тиісті норманың санкция шегінде пайда болады. Сонымен қатар барлық процесуалдық ережелер сақталынып отырып бекітілген құқық бұзушылық туралы факті нәтижесінде ғана пайда болған жауапкершілік заңда пайда болып табылады.
Әділет қағидасы. Ол өз мазмұны бойынша келесі талаптарды қояды:
- теріс қылық үшін қылмыстық жазалауға болмайды.
- адамның намысын түсіретін жазаны енгізуге жол берілмейді;
- жауапкершілікті бекітуші және оны күштеуші заңның кері күші болмайды;
- бір құқық бұзушылық үшін жауапкершілік тағайындалмайды;
- жауапкершіліктің деңгейі жасалған құқық бұзушылықтық ауырлығына сәйкес келуі тиіс;
- жауапкершілік бұзылған құқық пен келтірілген зиянның орнын толтыруы тиіс;
Мақсатқа сәкестілік қағидасы. Ол құқық бұзушыға қатысты алынған шараның заңды жауапкершіліктің мақсатына сәйкес келуін талап етеді:
- Құқық бұзушылықтың ауырлығына байланысты мемлекеттік күштеу шарасын іріктеу;
- Егер жазалау мақсаты орындалған жағдайда, жауапкершілікті жеңілдету немесе шартты, шартсыз түрде босату;
- Егер заңды жауапкершіліктің мақсаты онсыз да орындалуға жатса заңды жауапкершілікті өзге жауапкершілікпен ауыстыру.
Жауаптылық қағидасы:
- Бірде-бір құқық бұзушылық мемлекет үшін елеусіз қалмауға тиіс;
- Құқық бұзушы міндетті түрде заң алдында жауапты;
- Құқық қорғау органдардың қызметкерлерінің жоғары кәсіпқойлығы.
Заңды жауапкершіліктің өз уақытында орындалуы. Кері жағдайда ол өзінің мәнін жойып, құқық бұзушылық жасалған уақыттағы әлеуметтік жағдайға байланысты сәйкестілігін жояды.[10;40-43б]
Жалпы құқық теориясы тұрғысынан құқықтық реттеу механизімінде құқық бұзушылық жаңа қатынасты тудыртып өзгертіп, тоқтататын заңды себептің рөлін атқарады. Бұл жағдайда құқық бұзушымен мемлекет арасында әрекет жасалғаннан бастап қорғаушы құқық қатынасы орын алады. Бұл құқық қатынасының заңды мазмұны оның қатысушыларының субъективті құқықтары мен міндеттерін құрайды. Мемлекет құқық бұзушылық фактісін бекіткеннен кейін, кінәліге күштеу қолдануға құқылы. Бірақ, жасалған әрекет қылмыс, азаматтық құқық бұзушылық, әкімшілік немесе тәртіптік теріс қылық деп бағалайтын құқытық норманың санкциясы бойынша жүзеге асады. Құқық бұзушы ресми түрде кінәлі деп табылса жасадған әрекеті үшін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауаптылық негіздері
Қылмыстық теріс қылық үшін жауаптылық
Әкімшілік құқық бұзушылықтың ұғымы
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ ОБЪЕКТИВТІК ЖАҒЫНЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
Әкімшілік құқық бұзушылық
Құқық бұзушылық мәні, сипаты
Әкімшілік құқық бұзушылықтар
Әкімшілік құқық бұзушылық ұғымы
Әкімшілік жауаптылық туралы
Құқық бұзушылық және заңды жауапкершілік. құқыққа сай мінез-құлық
Пәндер