Құқықтық реттеу механизмінің маңызы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ:ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІНІҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ
ПӘНІ: МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
МАМАНДЫҒЫ: 0201000 ҚҰҚЫҚТАНУ

Орындаған: Б.А.Ноғайбаев
Ғылыми жетекшісі: Ә.Қ.Компаева

Қорғауға жіберілді (жіберілмейді)
Экономикалық, әлеуметтік және құқықтық
пәндік бірлестігінің жетекшісі
_________________________ Г.С.Исатаева
қолы
________________________2018ж.

Ақтөбе 2018 жыл
С.Бәйішев атындығы Ақтөбе университетінің медициналық-әлеуметтік колледжі ЖШС-і

Мамандығы: 0201000 Құқықтану
Топ білім алушысы ___________________________________ ______________
(білім алушының аты-жөні)
Мемлекет және құқық теориясының негіздері пәні бойынша
___________________________________ _______________________________
(курстық жұмыстың тақырыбы)
___________________________________ _______________________________
тақырыбына жазған курстық жұмысына
Пікір
___________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _______________________________________

Бағасы___________________________________ _________________________
Курстық жұмыстың тапсырылған күні_______________________________ __
Пікір жазушы: Компаева Ә.Қ.____ _______________________________
(аты-жөні)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МЕХАНИЗІМІНІҢ ҰҒЫМЫ
1.1 Құқықтық реттеу механизмінің пәні және әдістері 4-6
1.2 Құқықтық реттеу механизімінің маңызы 6-11
ІІ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МЕХАНИЗІМІ ҚҰРЛЫМЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
2.1 Құқықтық реттеу механизмі құрылымының элементтері 12-19
2.2 Құқықтық реттеу механизімінің белгілері 19-24
ҚОРЫТЫНДЫ 25-26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 27
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы: Құқықтық реттеу механизмінің эле-менттері
Қоғамдық қатынастар өзінен-өзі тәртіп, заңдылық шеңберінде, құлықтылық және гуманистік талаптар негізінде біржүйелік мағанадағы азамат құндылықтары аясында реттелмейді. Қоғамдық қатынастардың өмір сүру формалары индивидтердің мінез-құлықтарына реттік сипат беру көптеген әлеуметтік нормалармен іс жүзіне асырылады, реттеледі.Атап айтқанда діни, әдет-ғұрып, дәстүрлік сияқты нормалар қоғамдық қатынастарды реттеуде үлкен рөл атқарады.
Курстық жұмыстың міндеті: жеке адамдардың саналық,тәрбиелік,ге-нетикалық және психологиялық ерекшеліктеріне байланысты олардың бәрінен бір мағанадағы, талаптағы мінез-құлықты талап ету мүмкін емес. Әртүрліліктің өзі қоғамдық қатынастарды дамытудың, жетілдірудің айқын көрінісі.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасында көптеген нормативтік-құққытық актілер қабылданып жатады. Осы қабылданған нормативтік-құқықтық актілер қаншалықты талапқа сай қабылданып, орындалатындығы өзектілігі болып табылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Құқықтық қатынастың түсінігі және оның негізгі белгілерін ашу, құқықтық қатынастың құрамдарын сипаттау, құқықтық реттеудің механизмінің түсінігі, мазмұнын көрсету, құқықтық реттеу механизмінің құрылымы, пәні мен әдісін ашу, құқықтық реттеу механизмінің сатыларын сипаттау және Қазақстан Республикасында құқықтық реттеудің тиімділігін арттыру жолдарын ұсыну.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, 2 негізгі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттерден, қосымшалардан тұрады.

І ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МЕХНИЗІМІНІҢ ҰҒЫМЫ
1.1 Құқықтық реттеу механизмінің пәні және әдістері

Қоғамдық қатынастарды тиімді реттеу әлеуметтік нормалардың сапынан ерекше орын алатын құқық нормаларына жүктелген.
Біріншіден, құқық нормалары қоғамдық қатынастардың барлық салаларына өзінің реттеу функциясымен әсер етеді.
Екіншіден, құқық нормалары реттеу қызметін қажет болған жағдайда мемлекеттің күш қолдану арқылы, мәжбүрлеу тетігін пайдаланады.
Үшіншіден, құқық нормалар реттеу,қолдану барысында индивидтер-дің қол сұғылған мүдделерін,бұзылған құқықтары мен бостандықтарын орнына келтіреді. Ал,басқа әлеуметтік нормалар ондай сипаттарданда.
Сондықтан да құқықтық реттеудің мәні де,мазмұны да,шеңбері де өте зор, мемлекеттің тиімді билік жүргізуіне кепілі.Қоғамдық қатынастар тиімді реттелген болса құқықтық шиеленістер тежеледі, биліктің беделі артады, әділеттілік идеясының салтанат құруы халық санасына біртіндеп ұялайды. Міне, сондықтан да құқықтық реттеу тетіктерін танып білу, оларды жан-жақты зерттеу және жетілдірудің жаңа идеясын ұсыну, құқықтық тәжірибеге енгізу бүгінгі күн мұраты. [1; 23-24бб.]
Құқықтық реттеу механизмі деп құқық нормалары реттейтін қоғамдық қатынастардың құқықтық құралдар арқылы жүйелі,тиімді және нәтижелі тәртіптелуін айтады. Қазіргі заң ғылымы тәжірибе мойындағандай, құқықтық қатынасты белгілі қоғамдық қатынастардан бөлек қарауға болмайды себебі, олар құқықтық нысанға айналады. Олар құқықтық нормалар негізінде пайда болып, адамдар қимылдарының ерекше нысандарына және қылықтарына айналады. Зандылық нысанмен қоғамдық қатынастардың нақты мазмұны - тұтас әлеуметтік құбылыс. Құқықтық қатынас бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас ,
Тұлғалардың мінез-құлқын анықтау арқылы құқық нормалары қоғамдық қатынастарды қажетті арнаға бағыттап, жолға салады, реттейді, жөндейді, ұйымдастырады, тұрақтандырады, бассыздықтан қорғайды. Әрбір сала, қоғамдық қатынастардың ерекше белгілі сапалы түрін объективті түрде, арнайы құқықтық реттеуді талап ететін құқық нормаларын біріктіреді.
Құқықтық нормаларды салаларға біріктіру объективтік күштердің себе-біне байланысты, құқықтық шығармашылықтағы органдардың көзқрастары-на тәуелсіз болады. Әртүрлі құқық саласы нормаларымен реттелетін қатынастар, бір - бірінен өздерінің мазмұндарына, белгілі мақсаттарына және міндеттеріне байланысты айырылады. Мысалы, әкімшілік құқығының нормалары, мемлекеттің атқару нормалары, мемлекттің атқару - иелік ету функцияларына байланысты қатынастарды реттесе, азаматтық құқық нормалары мемлекеттегі мүліктік қатынастар тәртібін реттейді. Бұл ретте, құқықтық реттеу қоғамдық қатынастарды заңды реттеудің жалпы бағыты, оның негізінде жатқан құқықтық реттеудің (рұқсат беру, міндеттеу, тиым салу) ерекшелігін көрсететін не болмаса көрсетілген әртүрлі жолдардың қабысу варианттары. Құқықтық реттеу әдісі сапалы жекеленген біржақты құқықтық қатынастарды реттеу заңды жолдармен құралдардың жиынтығның көмегімен іске асырылады. Құқықтық реттіліктің пәні дегеніміз - құқық нормаларымен реттелінетін біртектес қоғамдық қатынастардың сапалы оқшауланған бөлігі. Өйткені, заң нормаларының құқық салалары төңірегіне шоғырлануы объективтік себептерге (құқық шығармашылық органдарының көзқарастарын тәуелді емес) байланысты. Демек, бір құқық саланың екіншісінен ажыратылуының негізі осы салалардың қоғамдық қатынастарды реттеушілік пәнінде. Мұндай қатынастар, әрине, әрқилы болып келеді және де бұлардың бір - бірінен өзгешелігі олардың мақсатқа бағытталғандығынан, мазмұны мен нысандарынан байқалады. Айталық, мемлекеттік басқару процесінде билік жүргізу мен оған бағыну қатынастары пайда болады: азаматтар, лауазымды адамдар және органдар жоғарғы органдардың, лауазымды адамдардың заңды талабын орындаудалары тиіс. Оның әрқилы ерекшелігі мынадан көрінді: басқарушы лауазымды адам (орган) жоғарыда тұрады, ал орындаушылар төменде тұрады.
Құқық нормалары, қоғамдық қатынастарды реттеуге, адамның тәртібіне белсенді ықпал жасауға арналған. Құқықтың адам баласына тигізетін ықпалы, олардың санасымен еркіне байланысты іске асырылады. Құқықтық реттеудің арқасында адамдар құқық нормаларындағы көрсетілген ұйғарымдарды орындауға мүмкіндік алады. Олардың тәртіптері жөнделіп, қоғам дамуының талаптарына жалпы және мемлекеттің жекелеген азаматтарының мүдделеріне сай болады. [2; 45-46бб.]
1.2 Құқықтық реттеу механизмінің маңызы

Құқықтық реттеудің механизмі негізінде құқықтық норма, құқықтық қатынастар және құқық қолдану кесімдерінен қалыптасады.
Құқықтық норма туралы өткен тарауларда толыққанды дәрежеде мәліметтер берілді. Қосымша мағанада айтатын болсақ құқықтық норма субьектілердің өмірде, қоғамдық қатынастарда болашақта болатын, жасалатын іс-әрекеттерінің,мінез құлықтарының мемлекет бекіткен, формалды-айқын үлгісі. Құқықтық қатынасқа түскен субъект өзінің қимыл-әрекеттерімен құқық нормаларында бекітілген диспозицияға сай мінез-құлық танытуы тиіс.Мысалы,неке бұзылса, әкесі балаларына 18 жасқа толғанша алимент төлеуге міндетті. Ажырасу өте көп, бірақ құқықтық норма солардың бәрін сипаттамайды, тек үлгісін ғана бекітеді.
Құқықтық норма құқықтық реттеу тетіктерінің алғашқы клеткасы. Сондықтан жалпы құқықтық реттеудің тиімділігі құқық нормалардың тиімділігіне, ғылыми негізде көрегенділікпен қисындап мазмұндалуына тікелей байланысты. Қисынсыз, мәтіні түсініксіз,мазмұны өмір тәжірибесінен алшақ абстракциялық, каучук тәріздес илеуге илана беретін құқық нормалары құқтық реттеуге орасан зор нұқсан келтіреді, заңсыздық пен бассыздыққа тікелей жол ашады. Сондықтан құқық жасайтын мемлекеттік органдар нормативтік-құқықтық кесімдерді қабылдағанда оның нормаларын қалыптастырып,мәтінін жазғанда мың ойланып,мың толғанып ірі заңгер мамандардың сараптамаларынан өткізу қажет.Құқықтық реттеудегі тиімсіздік мемлекетке орны толмас материалдық нұқсан келтірумен қатар, адам факторына да өлшеусіз,орны толмас моральдық және материалдық зиянды зардаптар тудырады.
Құқықтық реттеудің маңызды тетіктерінің бірі құқықтық қатынастар. Өткен тақырыпта баяндалғандай құқықтық қатынастар құқық нормаларын іс жүзіне асырудың,пайдалнудың, қолданудың ең негізгі тетікиерінің бірі.
Құқықтық қатынастар субъектілердің құқықтары мен міндеттерін қалыптастырады, ол арқылы құқық нормалы тіріліп қоғамдық қатынастарды реттейді. Сонымен қатар кейбір ғалымдардың тұжырымдары бойынша (Я.Ф.Кечекьян, С.З.Зиманов, И.Сабо, В.С.Нерсесянц, Л.С.Явич, В.П.Казимирчук және басқалар) құқықтық қатынастар мен құқықтық сана құқық ұғымынң ажырамас бөлігі ретінде танылуы тиіс. Мысалы, белгілі заңгер-ғалым Имре Сабоның ойынша құқық құқықтық қатынастардың, құқық нормаларының және құқықтық сананың бірлігі және бұлардың құрамдас бөлігі ретінде біреуінің болмауы құқықтың ұғымын елеулі түрде кедейлендіреді. Әрине, құқықтың ұғымын тек ғана норма ретінде тану және құқықтық қатынастарға түскен субъектілердің мінез-құлықтарын байланысты, ұсақ - түйектік дәрежесінде тәртіп белгілеу құқықтық реттеу тетігінің деңгейңн түсіреді. Құқықтық реттеу тетіктерінің элементтеріне қолдану кесімдері жатады. Әлеуметтік тәжірибеде құқық қолдану кесімдері құқық нормаларын орындамаған жағдайда және нормаларда бекітілген талаптарды іс жүзіне асыру қажеттігі болғанда қолданылады.Мемлекеттік органдар құқық қолдану кесімдерін шығару арқылы құқықтық реттеу тетіктерініңтиімділігін арттырады, бұзылған, қол сұғылған мүдделер қалпына келтіріледі. Мемлекет және құқық теориясында құқық теориясында құқық қолдану кесімдеріне мынадай талаптар қойылады:
Құқық қолдану кесімдері нақты құқық нормаларына сүйеніп шығарылуы тиіс. Конституцияға, зандарға қайшыкелмеуі шарт. Құқық нормаға қарағанда да сипатқа ие,нақтылы субъектіге бағытталған. [3; 76-77бб.]
Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, қирайды, оның келешегі болмайды. Сондықтан да қоғамда тәртіп адамдардың мінез-құлқын, іс-әрекетін реттейтін қағидалардың әсерімен орнатылады. Қоғамдағы барлық қарым-қатынасты құқықтық реттеу өте күрделі; ол көп салалы, көп жүйелі процесс. Құқықтық басқарудың екі күрделі бағыты: құқықтың қоғамдағы қатынастарға тигізетін әсері, ықпалы және құқықтық реттеудің басқарудың ролі. Бұл екі процесті қосып айтқанда- қатынасты, құқықтық реттеудің, басқарудың механизмі деп атайды.
Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеу механизмі құрылымының элементтері: құқықтық норма, құқықтық қатынас және заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы акті.
-Құқықтық норма арқылы қоғамдағы заңдылықтың, тәртіптің талабы, мазмұны, шеңбері, мүдде-мақсаты анықталады; олардың орындалу бағыттары, жолдары тәсілдері көрсетіледі. Егер дұрыс орындалмаса, жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. [4; 55-57бб.]
-Құқықтық қатынас арқылы субьектілердің арабайланысын мүдде-мақсатын, құқық пен міндеттерін анықтап, актілер арқылы іске асырады; қатынастың басталуы мен аяқталуы көрсетіледі.
-Заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы актіде қатынастың толық орындалып, аяқталуы; мүдде-мақсаттаың екі жақты іске асуы; дұрыс орындалмаса себептері көрсетіледі, оны түзеу, орындау жолдары анықталады.
Осы үш элементтерге сәйкес қатынасты реттеу механизмі үш кезеңге бөлінеді: қатынастың басталуы, ол қатынасты реттеу үшін жаңа норманың өмірге келуі, субьектілердің құқытары мен міндеттерінің орындалуы.
Құқықтық реттеу механизмі - тек құқық нормаларымен белгіленген қоғамдық қатынастардың бір жағы ғана, оның арнайы көріну нысаны. Н.М. Коркунов айтқандай, ғылыми зеттеулер үшін ең маңыздысы, жалпы заңдылық нысанындағы бір жақты қатынастарды әр түрлі мазмұндарынан айыру. Сол мақсат үшін, заңгерлер ой күйінде, заңды қатынастарды құрайды, тек олар түгелімен, қалтарыссыз бір ғана құқық нормаларымен белгіленуі қажет. Құқықтық механизм жалпы құқықтық нормалардағы бағдарламаларды (обьективтік құқық) белгілі (субьективтік) құқыққа және қоғамдық қатынастарға қатынасушылардың міндетіне айналдыратын құрал болып табылады. Құқық обьективтік мәнінде құқық нормаларының жиынтығы, құқықтың мазмұнын, жекеленіп белгіленбеген субьектілер ортасының міндетін белгілейді. Онда құқық нормаларының аясындағы көп адамдарға қатынасы бар бағдарламалар бар. [5; 88-89бб.]
Құқық механизмі субьективтік жағынан алғанда, жекелеген құқық, ондағы жалпы заңды құқықтар және міндеттер белгілі адамдарға арналған, сондықтан оны құқықтық қатынас арасына көшіреді.
Құқықтық реттеу механизмі мемлекетпен қорғалатын жақтардың арасындағы пайда болатын, заңдылық құқыққа және міндеттілікке сай біріккен қоғамдық қатынастар. Құқықтық реттеу механизмі сыртқы еркіндіктің өлшемі, оның қатынасушыларына құқық нормалары арқылы беріледі.
Біріншіден, құқықтық реттеу механизмі құқық нормаларының негізінде құрылатын қоғамдық қатынастардың нысаны. Адамдар өздерінің өмір сүру процесінде бір-бірімен әр түрлі қатынастардың болады. Оларға еңбек, отбасы, мүліктік, достық, сүйіспеншілік қатынастар жатады және қоғамдық ұйымдарға мүше болуына байланысты қатынастарға жатқызуға болады. Дегенмен, өмірлік қатынастардың барлығы бірдей, құқық нормаларының көмегімен реттелмейтіндігін ескеруіміз қажет. Олардың көбісі моральдық, қоғамдық ұйымдардың ғұрып нормаларымен реттелетін қатынастар. Құқық механизмінде адамдардың жалпы заңды құқықтары мен міндеттері бекісе, құқықтың ұйғарымына сай адамдардың мүмкіндігі, не болмаса міндеттеріне айналған қоғамдық қатынастардың кейіптік үлгісі белгіленеді. Олар белгілі адамдармен құқықтың талаптарына сай орындалса іске асады, яғни құқықтық қатынастарға кірсе. Құқықтық механизмінің жақтары белгілі заңдылық құқықтарымен және міндеттерімен құқық нормаларында бекітілген жалпы нысанда қамтамасыз етіледі. Соған байланысты құқықтық қатынастар арқылы, құқықтық нормалардың талабы нақтылы түрде іске асырылады. [6; 76-78бб.]
Екіншіден, құқықтық реттеу механизмінің, қатынасушылары өзара заңды құқықтармен және міндеттермен қамтамасыз етілген. Егер, құқықтықмеханизмнің бір субьектісінің құқығы болса, екіншісіне заңды міндеттер жүктеледі. Мысалы, сатып алушы, сатушыдан сапалы затты беруді талап етуге құқығы бар. Осы ойды К. Маркс құқық міндетсіз болмайды , міндет те құқықсыз болмайды - деп тұжырымдаған.
Үшіншіден, құқықтық механизм сапалы ерікті сипатта болады. Жеке адамдардың еркінен тәуелсіз обьективті пайда болатын эканомикалық қатынастардан айырмашылығы, құқықтық қатынас әр уақытта жеке-ерікті сипатта болады. Сапалы - еріктегі құқықтық қатынастың мазмұны, бір-біріне аралас екі бағыттан тұрады. Бір жағынан, олар құқық нормаларының негізінде пайда болған сапалы еріктегі адамдардың қызметі (құқықтық творчестводағы органдар). Екінші жағынан, құқықтық қатынастардың субьектілері құықтық нормалармен белгіленген заңдылық құқықты және міндеттерді өздерінің ерікті, саналы қимылдарымен іске асырады.
Төртіншіден, құқықтық механизм мемлекет кепілдігіне алынады және қажет болған кездерде оның күшімен қорғалады. Мемлекет құқық нормаларын толық іске асыру үшін, қажетті экономикалық, әлеуметтік және басқа да жағдайларды жасайды. [7; 43-44бб.]

ІІ ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ МЕХАНИЗМІ ҚҰРЛЫМЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТТЕРІ ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
2.1 Құқықтық реттеу механизмі құрылымының элементтері

Қоғамдағы барлық қара-қатынасты құқықтық реттеу өте күрделі;ол көп салалы, көп жүйелі пройесс. Құқықтық басқарудың екі күрделі бағыты; құқықтың қоғамдағы қатынастарға тигізетін әсері, ықпалы және құқықтық реттеудің, басқарудың рөлі. Бұл екі процесті қосып айтқанда - қатынасты құқықтық реттеудің, басқарудың механизмі дейді.
Қоғамдағы қатынасты құқықтық реттеу механизмі құрылымының элементтері: құқықтық норма, құқықтық қатынас және заңды құқық пен міндеттің орындылу туралы акті.
Құқықтық норма арқылы қоғамдағы заңдылықтың, тәртіптің талабы, мазмұны, шеңбері, мүдде-мақсаты, тәсілдері көрсетіледі. Егер дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі.
1)Құқықтық қатынас арқылы субьектілердің ара-байланысын мүдде-мақсатын, құқық пен міндеттерін анықтап , біліп отырады. Ол мүдде-мақсаттарды қандай нормативтік актілер арқылы іске асырады; қатынастың басталуы мен аяқталуы көрсетіледі.
2)Заңды құқық пен міндеттің орындалуы туралы актіде-қатынастың толық орындалып, аяқталуы, мүдде-мақсаттың жан - жақты іске асуы; дұрыс орындалмаса - кім кінәлі себептері көрсетілед, оны түзеу, орындау жолдары анықталады.
Осы үш элементтерге сәкес қатынасты реттеу механизмі үш кезеңге бөлінеді: қатынастың басталуы, ол қатынасты реттеу үшін жаңа норманың өмірге келуі субьектілердің құқықтары менміндеттерінің орындалуы. [8; http:malimetter.kzҚұқықтық реттеу механизмі құрылымының элементтері.]
Қоғамдық қатынастықұқықтық реттеу механизмінің жақсы сапаы жұмыс атқару үшін субьектілердің рухани сана-сезімі, құқықтық білімі, мамандық тәжірибесі жоғары дәрежеде болуы қажет. Құқықтық сапасы да жақсы, халыққа түсінікті болуы керек.
Құқық шығармашылық процесі жақсы жүргізілсе, құқықтық нормалардың сапасы жақсы болады. Сапалы нормаларды түсіну де жеңіл, орындалуы да оңай. Сондықтан, осы сапалы прцестер құқықтық реттеу механизмінің жұмысын жқсартуға көп үлес қосады. Құқық қоғамда зор қызмет атқарады. Ол қоғам өмірінің барлық салаларына, және адамның өміріне өзіне тән әдістермен жағымды әсер етеді. Құқықтық қсаяси қызметі қоғамның барлық саласынан бақалады. Құқықтық экономикалық әлеуметтік, тәрбиелік, мәдени жұмыстарының әсері өте мол. Осыларға қоса құқық мемлекетті, қоғамды және азаматтардың заңды мүдделерін қорғау қызметін де жүзеге асырады. [9; 65-66бб.]
Заңи мінез-құқлық арқылы қоғам басқарылады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылады.
Заңи мінез-құлық дегеніміз- құқықық нормалардың нұсқауларына сәйкес келетін жек тұлғаның мінез-құлқы.
Құқықтың әлеуметтік мақсаты оның атқаратын қызметінен байқалады. Оның қызметі қоғамдық қатынастарға, адамдардың мінез-құлқына, іс-әрекеттеріне әсер етуге бағытталады. Құқықтың қызметінің мәні, біріншіден, қоғамдық қатынастарды баянды ету, тұрақтандыру; екіншіден, жеке адамның, қоғамның, мемлекет органының зиянды іс-әрекетіне тыйым салу; үшіншіден - мемлекет адамдардың құқықтары мен бостандықтарын паш етумен қатар, оларды қорғау жолдарын, әдістерін, мүмкіндіктерін жан-жақты қарастырады.
Құқықтық реттеу механизмнің сапасын жақсартуға құқықтық сана мен құқықтық мәдениеткөп үлес қосады. Құқықтық сана еліміздің азаматтарының жүзеге асырылыпжүрген заңдарға, оларды қолдануға, басқа да құқықтық құбылыстарға сана-сезімдердің, көзқарастарының, пікірлерінің, бағаларының жүйесі. [10; 41-43бб.]
Құқықтық мәдениет (кең мағынада) - нақты жүйесі мәдени іс-қимылы, әрекет жасау, оларды жүзеге асыру және мемлекет мемлекет органдарының, лауазым иелерінің іс-әректтері жөнінде адамдардың жалпы түсінігі мен пайымдаулары, Құқықтық мәдениет (тар мғынада) - тұлғалардың құқық туралы ой-пікірлері, сезімдері мен пайымдаулыры және де сапалы түрдегі қажеттіліктері. Осы қажеттіліктер тұлғаның құқыққа сай мінездерінен, жүріс-тұрыстарынан көрініс табады.
Әр дәуір, әр ұрпақ өз талап-талғамына сәйкес мәдениетті қажет етеді және сондай мәдениетті жасайды. Ендеше, біз бүгінгі жастарға тек бұранғыдүниені ғана орнында және тек сол дәстүрде, сол қалпында орында деп талап қоймауымыз керек. Жастарға - мәдени мұраны жақсы біл, меңгер және оны өз дәуіріңе сай етіп пайдалана біл, жетілдір, алға дамытдеп талап қоя білу қажет. Егер жас буын мәдени мұрамызды жетік білсе, оны шығармашылықпен пайдаланып, жаңа ұлттық мәдениет жасаса, қазақ халқының рухы да мәдениеті де зиянды жаһанданудың шылауында кетпесі анық.
Республикамыз егемендік алып, мемлекеттік тәелсіздігіміз өмір ақиқатына айналды, шамамыз келгенше оны жаңғырту және пайдалану күн тәртібіне қосылады. Өзіне ғана тән құқықтық ұғымы және танымы халқымыздың жанында.Енді өзінің осы бір ерекшелігін- ұлттық құқықтық мәдениетін - ескеруді және соған назар аударуды талап етуде.
Қазір Қазақстан Республикасының әлемдік қауымдасттағы орны өзгеше. Дербес мемлекет есебіндегі оның дүние жүзілік мемелекетаралық қатынастағы салмағы айрықша. Еліміздің осы жаңа орнын баянды етудің негізгі жолы, оның егемендігін нығайтып, тәуелсіздігін арттыра түсу, сөйтіп, бұл құндылықты халқымыздың мақсат-мүддесіне және игілігіне қызмет еткізу екендігі даусыз. [11; 87-88бб.]
Қазіргі таңдағы республика ғылымының даму бағыт-бағдары да осы айтылған жәйттерден туындайд. Заң ғылымын, оның ішінде дәстүрлі ұлттық, құқықтық мәдениетті зерттеуге арналған ізденістердің алдында да тың көкжиектер ашылуда. Оларға жаңа талаптар қойылуда, жаңа тұғырлар, көзқарастар айтылуда. Ұлттық сананың қайта түлеуі, соған сай ұлттық құқықтық сана-сезімнің де оянуы, билер институттарының жандануы айтылған ойыңызды қуаттай түседі.
Әдет-ғұрыпқа негізделген құқықтық жүйе мемлекет заңдарымен түзелген құқықтық жүйеден өзгеше құбылыс. Бұл өзгешелік әдет-ғұрып құқығының тарихи контексінде, әлеуметтік-саяси астарында,рухани бастауларында, принцип-қағидаларында, өмірнамалық құндылықтарында, адамға әсер ету ерекшеліктерінде, әдет құқығы өзінің мәні және мазмұны, сыртқы түр-сипаты, іс-қимылды реттеу және оған әсер ету мүмкіншіліктері, жалпы болмысы, яғни, қандай параметрлері тұрғысынан алса да адамзат мәдениеттің ерекше туындысы екендігіне шүбә келтірмейді. Сондықтан, бұл құқықтық жүйеге, оның тарихтағы орнына сай көзқарас, соған лайық зерттеу әдісі және ұғым-түсініктері қажет.
Құқықтың үш алтын тірегі бар: имандылық, өмірдің материалдық жағдайлары және мемлекет. Құқықтық түсінігі имандылыққа әдептілікке тіреледі. Құқық имандылық, негізінде пайда болады. Имандылықтың өзі де адамдар арасындағы қатынастардыреттейтін күш. Әрине, имандылықтың талаптары заң емес, тек адамгершілікке негізделеді. Имандылық тек тек арға, ұятқа арқа сүйенеді. Құқық, имандылықтан нәр алады, неғұрлым құқықтың нормалары имандылық шарттарына сәйкес келсе, соғұрлым олардың сапасы да, абыройы да жоғары болады. Имандылықтың ең күшті құралы - жұртшылықтың пікірі. [12; ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық реттеу механизмі
Құқықтық реттеу механизмнің жалпы түсінігі, элементтері
Құқықтық реттеу механизмінің түсінігі
Қаржы саясаты
Құқықты реттеу механизмінің түсінігі
ҚАРЖЫ САЯСАТЫ, ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ САЯСАТЫ МЕН ҚАРЖЫ МЕХАНИЗМІ
Құқықты реттеу механизмі. Құқықтық құрал: түсінігі және түрлері
Мемлекет - адамзат қоғамы дамуының маңызды кезеңдеріне тән саяси ұйым
Басқарудың экономикалық механизмінің түсінігі
Пәндер