Мемлекеттің ішкі функциялары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Мемлекет түсінігі жоғары кәсіби білімі бар заңгерді дайындаудың жалпы жүйесіндегі мәнге ие. Біріншіден, бұл ғылым құқықтану және мемлекеттанудың бастапқы түсініктерімен, ережелерімен категорияларымен таныстырады, екіншіден, мемлекет және құқық теориясы әдістемелік ғылым болып табылады, онда заң ғылымдарындағы арнайы сұрақтарды шешу үшін фундаменталды болып табылатын, маңызды теориялық ережелер өнделеді; үшіншіден, ол құқықтануда салалық ғылымдар сұрақтарын зерттейтін интегративті ғылым ролінде шығады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мемлекет міндеттері мен функциялары мемлекет және кұқық теориясының ғылымында мәні зор. Әр бір тұлға мемлекеттің міндеттерін және де функцияларын ажырата білуі тиіс. Мемлекет функциялары ішкі және сыртқы қызметті жүзеге асырады.Сондықтан мемлекеттегі құқықтық тәртіпті орнату, адам мен азаматтардың құқықтарын қорғау, бейбіт тәртіпті сақтау басты өзекті мәселе.
Мысалы: мемлекет нысаны (формасы) деген ұғымды алып мемлекеттің әр түрлерін талдай бастасақ, онда "мемлекет нысаны (формасы) ұғымы өзінің құрамдас бөліктерінің "басқару тұрпаты" деген ұғыммен толықтана бастайды. Сонда мұндағы алғашқы ұғым "мемлекет нысаны (формасы)" талдау барысында кейін жаңа нақты белгімен, яғни ерекшелікпен толықтырылғанын байқаймыз.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мемлекеттің міндеттері мен функцияларымен танысу. Мемлекеттің міндеттері мен функцияларының маңыздылығын, оның белгілерін, мемлекет пен құқық теориясының шығу тарихымен танысу.
Дерек көздері: 2013 жылы Алматы баспасынан шыққан Д.А. Булгакованың Мемлекет және құқық теориясы оқулығын пайдаландым.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.
I ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ МІНДЕТТЕРІНІҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
І.1 Мемлекет міндеттерінің түсінігі

Мемлекет бұл ардайым басқару және мәжбүрлеу міндеттерін атқарып, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратын және дамуын қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің саяси аумақтық, егеменді ұйымы. Мемлекет-қоғамдық дамудың өнімі. Мемлекет тарихи дамушы құбылыс. Қоғам дамыған сайын, мемлекетте, оның мақсаты, міндетті, құрылымы мен қызметті өзгереді. Осыған сәйкес, мемлекет ұғымы қоғамдық өмірдегі орны және мақсаты туралы көзқарастар да өзгереді. Мемлекет ұғымы туралы мәселе мемлекет сияқты күрделі болып табылады.
Мемлекетті рулық құрылымдағы әлеуметтік биліктен ажырататын төмендегідей белгілері болады:
-Бұқаралық биліктің болуы. Міндетті түрде мемлекеттің басқару және мәжбүрлеу аппараты болуы тиіс, себебі, бұқаралық билік-бұл шенеуніктер, әскер, полиция, түрмемен басқа да мекемелер.
-Аумақтық бөлініс. Мемлекет өз аумағында өмір сүруші барлық адамдарды өз билігімен және қорғау арқылы бріктіреді.
-Салықтар жүйесі. Олар мемлекеттік аппараттың өмір сүруін қамтамасыз ету үшін қажет.
-Егемендік. Бұл мемлекетке тән өз аумағындағы үстемдік пен халықаралық қатынастардағы тәуелсіздік.
-Құқықтың болуы. Мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды, себебі, құқық мемлекеттік билікті заңдастырады.[1;3б]
Әртүрлі тарихи кезеңде ойшылдар мемлекет ұғымына анықтама беруге тырысты. Анықтама берген кезде, олар сол кезеңде болған және қандай да бір нақты мемлекеттің ерекшелігін білдіретін объективтік фактілерді қолданды. Мысалы, Аристотель мемлекетке келесідей анықтама көптеген рулар мен адамдардың бірігуі.
Ежелгі гректер мемлекетке келесідей анықтама берген, мемлекет-бұл азаматтардың барлық ақылы мен өнегейлік мүдделерінің шоғырлануы деп айтады.
Мемлекет - бұл белгілі бір қоғамдық тәртіпті сақтау үшін,, табиғи түрде пайда болған билеуші ұйым. Сонымен, ойшылдардың көбі мемлекетті әлеуметтік тұрғыда түсіндірді. Мемлекет туралы ілімде мемлекет ұғымына әлеуметтік тұрғыда ғана емес, сонымен қатар, заңи тұрғыда анықтама беруге тырысқан авторлар да бар. Маркстік-лениндік ғылым мемлекеттің анықтамасын оның таптық табиғаты тұрғысынан түсіндірді. В.И.Лениннің айтуы бойынша, мемлекет-бұл бір таптың екінші тапты езгіде ұстау машинкасы, бағынышты таптарды бір таптың қол астында бағынышта ұстау машинасы.
XIX ғасырдың ортасында заңи әдебиеттердің көбінде мемлекетке көзқарас таптық тұрғыдан түсіндірілді барлық қалған факторлар жоққа шығарылды.
М.С.Строгович пен С.А.Голунскийдің мемлекеттің мәні - ол арнайы мәжбүрлеу апппараттың көмегімен барлық қоғамға өз еркін күштеп беретін үстемдік тап, яғни мемлекет үстем таптың диктатурасы деп жазды.С.С.Алексеевтің редакциясымен шыққан Мемлекет және құқық теориясы атты еңбегінде мемлекетті келесідей түсіндірді, мемлекет-бұл арнайы күштеу аппараты бар және барлық елді тұрғындары үшін міндетті күші бар билікті жүргізетін экономикалық үстем таптың саяси билігінің ерекше ұйымы.
А.В.Малько мен Н.И.Матузовтың мемлекетке берген анықтамасы келесідей, мемлекет-бұл белгілі бір аумақ көлемінде нақты таптық, жалпы адамзаттық, діни, ұлттық және басқа да мүдделерді жүзеге асыратын саяси биліктің ұйымы.
В.Н.Храпонюк болса мемлекетті келесідей түсіндіреді, мемлекет-бұл белгілі бір аумақ көлемінде өз билігін тарататын және бұл үшін арнайы аппаратты бар барлығына міндеті нормативтік актілерді шығаратын, мемлекеттік егемендікке ие қоғамның саяси ұйымы.
Мемлекет-қоғам дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болған және нақты қоғамдағы саяси жүйедегі биліктің орталық институты болып табылатын саяси құрылым. Мемлекеттің пайда болуы туралы мәселе даулы болып табылды. Себебі, этнография және тарих ғылымдары оның пайда болуы туралы күннен-күнге жаңа мәліметтер беруде. Мемлекетті

І.2 Мемлекеттің атқаратын қызметі
Мемлекеттің қызметтері әртүрлі. Оларды ажырататын болсақ төмендегі түрлерге бөлінеді:
1. Онтологиялық қызметі. Мемлекет және құқық теориясы бұл қызметін атқаруда осы ғылым пәнінің теориялық негіздерін зерттейді. Мемлекет және құқықтың не екендігін, оның қалай пайда болғанын түсіндіріп береді. Сонымен бірге қазіргі замандағы мемлекеттің қырлары мен сырларын ашып, ол туралы түсініктеме жасайды.
2. Гносеологиялық қызметі, басқаша айтқанда түп-түқияндық қызметі. Бұл қызметті жүзеге асыру барысында, мемлекет және құқық теориясы аталып отырған пәнді танып білу үшін зерттеп, байыптауды жүзеге асырудың теориялық тәсілдерін даярлайды, ал мұның өзі түбінде құқықтық танымның дамуына жол ашады. [2;33-34б]
Заң ғылымының түп - тұқиянын білу нәтижесінде құқық, оның жүзеге асырылуы және барлық құқықтық құбылыстар танылады. Құқықгық болмысты талдау барысында құқықтық ұғымдар, түсініктер, құрылымдар қалыптасады да, олар құқықтық құбылыстарды одан ары танып-білудің құралдарына айналады. Құқықты тану үшін ерекше теориялық амал-тәсіл (концепция) қолданылады. Құқықтық бір мәселені зерттеп тану үшін бірнеше, өзара пікір таластыратын теориялық тәсілдер қолданылуы мүмкін. Осындай шығармашылық пікір таластыру нәтижесінде шындықты ашуға, ақиқатты айқындауға мүмкіндік туады. Мысалы, құқықтың қандай әлеуметтік құбылыс екеніне анықтама беру үшін оғаннормативтік, философиялық және қоғамтану тұрғысынан қарау қажет.
3. Методологиялық қызметі. Мемлекет және құқық теориясы іргелі ғылым болғандықтан, оның зерттейтін заты, яғни пәні де бар. Олай болса бұл ғылымның сол пәнді зерттеуге, соның барысында зерделеуге қажетті тәсілдері мен амалдарының жолдары да бар. Осылар арқылы заң ғылымдарындағы ұғымдар, санаттар, құбылыстар зерттелініп, талданып, ғылымда өздеріне тиісті орындарын алып жатады.
Заң ғылымының дүние тануы құқықтық құбылыстарды зерттеуге, пайда болу жолдарын анықгауға байланысты. Шынайы дүние танушылық - ғылыми ізденістің нәтижеге жетуінің шарты. Осы уақытқа дейін заң ғылымдары марксизм-ленинизмнің дүние тану тәсілін қолданып, басқа тәсілдерден бас тартқандықтан, құқықтың шын мәнін зерттеп білуге мүмкіндік болмады. Марксизм-ленинизм құқыққа тек қана таптық түрғыдан қарағандықтан, оның әлеуметтік мән-мағынасын толығынан, жан-жақты түсіңдіре алмады.
4. Идеалогиялық қызметі. Идеология ұғымына халықтың, қоғамның, оның белгілі бір әлеуметтік топтарының көзқарастары мен ұстанатын принциптерінің жүйесі жатады. Қайсы бір реттерде халықтың немесе ұлттың көпшілік бөлігіне арналған бірыңғай (жұмылдырушы) идеология орын алып жатады. Мысал ретінде бұрынғы КСР Одағын алуға болады. Мұнда тек қана бір марксистік-лениндік идеология орын алып келген болатын. Қазіргі күннің мысалдарын келтірер болсақ, онда АҚШ-ты айтар едік. АҚШ-та американдықтардың арманы дейтін ұғым бар. Әрбір американдық өзінің табыс табуға деген өз елінде бар мүмкіншіліктер жасалғандығына сенетіндік идеологиясы қоғамда орын алған.
Қоғамда идеологиялық бағыт-бағдардың болмауы немесе оның жойылып кетуі елде аласапыранмен, толқулардың басталуына, сөйтіп мемлекет аумағында заң бұзушылықтардың өсуіне, қылмыстардың өршуіне апаратыны өз еліміздің басынан кешіп отырғандығын мысал ретінде айтуға болады. Сондықтан да мемлекет жөне құқық теориясы қоғамда белгілі бір құқықтық жөне саяси мөдениетті қалыптастыруға бағытталған ақыл-кеңестер топтамасын ұсынып отырады.
Әрине мұндай ақыл-кеңестер мемлекеттің өзі жүргізіп отырған саясатына үйлес болуы, оған қайшы келмеуі тиіс. Мұндай құқықтық мақсаттар мен саясатты жүзеге асыруда мемлекет әрқилы құралдар мен әдістерді қолдануы мүмкін. Мысал үшін Идеологиялык бағдарлама ретінде қабылданған ҚР Президентінің "Қазақстан-2030" деген үндеуін атауға болады. Мұнан басқа құжаттан ҚР Президентінің жыл сайынғы жолдауын да жатқызуға болады.
5. Болжамдык, (прогностикалық) қызметі. Жоғарыда айтылғандай, мемлекет және құқық теориясының пәні - мемлекет пен құқықтың пайда болуы, қызмет бағыттарын атқаруы мен дамудың жалпы заңдылықтары және осылардың қоғамдық болмыс пен саяси жүйеде алатын орыны екендігі мәлім.
Мемлекет пен құқық теориясының пәніне жататыңдардың заңдылықтарын зерделей отырып бұл теория өзінің үғым-түсініктерінің әрі қарайғы даму барысын, мемлекеттік-құқықтық аяның өзгерістерге ұшырауын болжалдайды. Ал мұның езі өз кезегінде түзетуге келмейтін қателіктердің алдын алып, оларды болдырмауға мүмкіндіктер береді.
Ерекше атап айтатын жәйт, мемлекет және құқық теориясының барлық қызметтері бір-бірімен тығыз шиырлана өрілген болып келеді де олар бірін-бірі өзара толықтырып жатады. Сондықтан да бұлар мемлекет және құқық теориясы тағайынының толыққанды түсінігін тек жиынтық түрінде ғана бере алады.
Заң ғылымының қызметі құқықтың, құқықтық құбылыстардың дамуы, өзгеруі туралы болжау жасауға мүмкіндік береді. Ғылыми құқықтық болжалдың маңызы - қоғамдық қатынастарды дағдарыссыз, жұлқыныссыз, ырғақты реттеудің жол-жобаларын айқындауға мүмкіндік береді. Әрине, өтпелі кезенде қоғамдық қатынастарды ырғакты реттеу оңай емес, себебі кенеттен пайда болатын өзгерістерді алдын ала болжау өте қиын.
Сондықтан қабылданатын зандарда олқылықтар, кемшіліктер көп кездеседі. Осы жағдайды Қазакстанның құқықтық жүйесінің қалыптасу барысынан да байқаймыз. Неғұрлым қоғамдық қатынастарда тұрақтылық басым болса, соғүрлым олардың даму жолын алдын ала болжау да оңайырақ болып, құқық арқылы реттеудің жолы жеңілденеді.
6. Дағдылы ұйымдастырушылық қызметі. Қандай бір дамыған мемлекет болса да, ол ертелі-кеш шешімі қиын, әрі онысы тез арада табыла қоймайтын келелі мәселелерге тап болатыны тарихтан мәлім. Міне осындай жағдайларда дағдылы істер мен төжірибелерге жене теориялық жадығаттарға (материалдарға) сүйене отырып мемлекет және құқық теориясы ғылымы кездесіп отырған келелі мәселенің шешімін іздестіреді. Осындай ізденістер барысында аталған қиын мәселелерді шешудің жолдары анықталады. Осы анықталған жолдар - ақыл-кеңестер ретінде ұсынылып тығырықтан шығудың жолын айқындайды.[1;3б]
Мысалы, Қазакстан Республикасы сот реформасын 1995 жылдары бастаған кезде соттар тәуелсіздігін қамтамасыз ету мақсатымен халық заседательдері институтынан бас тартқан болатын. Ал казір сот жүйесінде туындаған қиындықтарға байланысты ҚР Конституциясының 75-і бабына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар арқылы соттардың өздерінің іс қарауларында сот әділдігін жүзеге асыруына мүмкіндік жасау үшін ант берген сот мүшелері (присяжные заседатели) институтын енгізді.
Әлем елдерінің соттар жүйесінде жинақталған іс-тәжірибелер мен өз мемлекетіміздің де сот жүйесінің іс-тәжірибелерін елеп-екшеудің нәтижесінде, елімізде соттар жүйесіне қойылып отырған талаптарға сай келетін, біздердегі жағдайларға ыңғайластырылған шешім қабылдауға мүмкіндік пайда болды.
Заң ғылымының нәтижесін іс жүзінде қолдану - құқық жасау және оны жүзеге асыру қызметін жетілдіру мәселесін шешу болып табылады. Бұл тәжірибелік ұсыныстар жасауға байланысты болып келеді.
Заң ғылымы теориялық мәселелерді зерттей отырып, құқықтық болмыстық заңдылықтарын анықтайды, соның нәтижесінде сапалы заңдар жасау ісі, мемлекет органдарының кызметін жетілдіру шаралары белгіленеді, ол жөнінде ұсыныстар жасалады. Әрине, мұндай ұсыныстар пайдалы, ұтымды әсер ету үшін ғылыми тұрғыдан шүбәсіз болуы керек. Сонымен қатар мемлекет органдары, лауазым иелері ондай ұсыныстарды пайдалануға әрекет жасаулары қажет.
7. Тәрбиелеу қызметі- өзіне тән әдістермен заңды құрмет тұтатын, заңға бағынатын азаматтарды қалыптастыру.Заң ғылымдары - құқықгың игілікті құбылыс екенін, әр азаматтың заңды мүддесін қорғайтын құрал екенін, оның өміріне қажетті жағдайлар жасайтын амал екенін дәлелдейді. Заңсыз іс-әрекеттердің қандай дағдарысқа апаратынын, адамды тығырыққа тірейтінін айқындайды. Сөйтіп, заңды сақтау, оны бұзбау әрбір азаматқа қажет екенін дәлелдеп, адамдардың құқықтық, санасын қалыптастыруға ықпал етеді. [3,16б]

II ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ФУНКЦИЯЛАРЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ
АСЫРЫЛУ ЖОЛДАРЫ

ІІ.1 Мемлекеттің ішкі функциялары

Мемлекеттің пайда болуы, оның мазмұны, типологиясы, нысаны, әкімшілік-аймақтар құрылысы, саяси, әкімшілік басқаруы - мемлекеттің статикалық көрінісі. Енді мемлекеттің динамикалық процесінің дамуына, жаңаруына, нығаюына, оның өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік міндеттерін қалай орындауына, қандай кызмет атқаруына назар аударайық. Осыларға толығырақ тоқтап, түсінуіміз керек. Міне осы мәселелердің бәрі бірігіп мемлекеттің функциясын құрады.
Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланды. Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып отырады. Қазіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап республикалар дүниежүзілік қауымдастықка бет бұрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде, мемлекеттің функциясын тек қоғамның таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс болмады. Себебі функцияның дамуына таптармен бірге халықтың рухани сана-сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор өсер етеді. Бұл дүниежүзілік саяси көзкарас. [3;369б]
Функция заң ғылымда мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде-мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген занды ұғым калыптасады.
Кеңестік дәуірді де, казіргі кезенде де мемлекетіің функциясын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұнын терең түсініп білу мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен бірге қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге көп үлес косуы. Функция мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді. Бүл объективтік процесс. Қазіргі заманда Казақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда. Негізгі бағыты - нарықты экономиканы кэлыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату.
Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-пікірлері бар. Солардың бірі - функция көп өзгеріске ұшырамайды деп, бірнеше түрлерін келтіреді: жалпы коғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; занды қабылдау, орындау, қорғау функциялары.
Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары - бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөліп қарастыруға болады: құқықтық және ұйымдастырушылық нысандар. Құқықтық нысандарға мыналар жатады:
а) құқық шығармашылық - бұл нормативтік актілерді дайындау мен шығаруға қатысты қызмет;
ә) құқық қолданушы - бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты қызмет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы әртүрлі мәселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс;
б) құқық қорғаушы - бұл адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға және заңды жауапкершілікке тартуға және тағы басқалармен байланысты қызмет.
Ұйымдастырушылық нысандарға жатады:
а) ұйымдастырушылық - реттеуші - бұл белгілі бір құрылымдардың құжаттар жобаларындайындаумен, сайлаулар жүргізумен тағы да басқа байланысты мемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы;
ә) ұйымдастырушылық - шаруашылық - бұл бухгалтерлік есеппен, статистикамен, қамтамасыз етумен тағы басқалармен байланысты жедел-техникалық және шаруашылық жұмыс;
б) ұйымдастырушылық - идеологиялық - бұл жаңадан қабылданған нормативтік актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен және тағы басқалармен байланысты мемлекеттің әртүрлі функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күнделікті тәрбие жұмысы.
Құқық шығармашылық - жаңа норманы өмірдің талабына қарай уақытында қабылдау. Онсыз мемлекеттің қызметіне нұқсан келуі мүмкін.
Құқықты іске асыру - бұл істі орындау мемлекеттің, Үкіметінің міндеті. Үкімет тиісті нормативтік акттерді кабылдау керек. Онда жауапты субъектілер, не істеу керегі, оның уақыты, материалдық негіздері толық көрсетілуі кажет. Бұл істі толық бақылауға алу керек. [4;78-79б]
Құқықты қорғау - бұл қызметті атқаратын органдар: сот, прокуратура, Ішкі істер Департаменті, тағы сол секілді құқық қорғау органдары. Олардың қызметінің бағыттары: заңдылықты, тәртіпті, адамдардың және заңды тұлғалардың бостандығы мен құқықтарын қорғау. Азаматтық, қылмыстық істерді уақытында қарап, кінәлі субъектілерді жауапқа тарту.
Нарықтық экономикада жүйенің шарттық байланыстың маңызы күшеюде. Сондықтан мемлекеттің шарттық қатынасты реттеп-басқару функциясы тиісті дәрежеде атқарылуы қажет.
Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін - мемлекеттік аппатарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең-сатылары: функция - орган - аппарат - мемлекет.
Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде - мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады. Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері:
қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны
және қатынастардың түрлері арқылы анықталады;
функция сарапталып, жіктеліп кешенді түрде жүргізіледі;
мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды;
мемлекеттің атқаратын қызметін мемлекеттік жұмыстарының
әдіс-тәсілінен айыра білуге болады.
Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке тұлғалар ерікті, ерексіз түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің құзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер де дұрыс орындалмаса, еріксіз түрде орындау қамтамасыз етіледі. Мемлекет функциясының орындалуының құқықтық және ұйымдастырушылық тәсілдері болады.
Құқықтық тәсіл өзі үшке бөлінеді: құқық шығармашылық, құқықты қолдану, құқықты қорғау. Ұйымдастырушылық тәсілдің түрлері: экономикалық (дотация, кредит, баға т.б.); саяси симпозиум, семинар, конференция, кеңес, мәжіліс өткізу, халыққа идеологиялық үндеу жасау, үгіт-насихат жүргізу.
Мемлекет билігінің жалпылама нормативтік актілері орындалу нысаны бірнеше түрге бөлінеді: экономикалық, саяси, идеологиялық, ұйымдастырушылық, халықаралық, мемлекетаралық тағы басқалары.
Мемлекеттік билікті орындау құқықтық нысандармен шектелмейді. Бұл іске мемлекеттің ұйымдастыру қызметі көп үлес қосады. Мемлекеттің ұйымдастыру қызметі заңға тәуелді іс-әрекет, әр мемлекеттік аппарат, әр мемлекеттік орган қоғамдағы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің атқаратын жұмысының негізгі бағыты мен әдістерін анықтайтын мемлекет функциясының ұғымын анықтау
Мемлекеттің функциясы
Мемлекет функциясының белгілері
Мемлекет функциясының ішкі функциясы
Мемлекет түсінігі, функциясы
Мемлекеттік функцияның түсінігі
МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Биліктің бөлінуі қағидасы
МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫ ТҮСІНІГІ
Мемлекеттің қызметтері
Пәндер