Мемлекеттің белгілері, функциясы, органдары және нысандары
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІҢ БЕЛГІЛЕРІ, ФУНКЦИЯСЫ, ОРГАНДАРЫ ЖӘНЕ НЫСАНДАРЫ
1.1 Мемлекет белгілері, функциясы және органдары 6
1.2 Мемлекетің басқару және құрылыс нысандары 9
1.3 Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас
мемлекет .17
І І БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ
2.1 Мемлекет генезисі: Негізгі концепциялар ... .21
2.2 Мемлекеттің пайда болу туралы негізгі теориялары ..23
ҚОРЫТЫНДЫ 31
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 33
ҚОСЫМША
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Адамдар біздің қоғамымыздың түпкілікті
өркендеуін құқықтық мемлекетпен, адам құқықтарымен, әділ соттылықпен,
құқықпен байланыстырады. Бірақ мемлекет қалай пайда болды? Осы қоғамдық
құбылыс, қазіргі таңдағы өркениеті қоғамдағы алмастырылмайтын осы
реттегіш қалай пайда болды, оның мәні неде? Бұл сұрақ көпшілікке қызық,
оның ішінде өзінің болашақтағы немесе қазіргі кәсібін заңгер деп
таңдағандарға аса маңызды болып табылады.
Бастапқы айта кететін жайт мемлекеттің мәні, құрылымы және
қалыптасуы туралы сұрақ бір-бірімен едәуір ажыратылатын екі сұраққа
бөлінеді: мемлекеттің пайда болуы және оның дамуы туралы сұрақтар осы
мәселені қамти алады. Мемлекеттің пайда болуы туралы сұрақтарға қоғамда
мемлекет деп аталатын құбылыстың қалыптасуы туралы сұрағы болып табылады.
Мемлекеттің дамуы туралы сұрақ - мемлекеттің қайта өрлеуі мен оның бүгін
көріп отырған нысандарға ие болуы қандай факторлардың әсерінен болғандығы
туралы сұрағы болып табылады. Мемлекеттің мәні және құрылымын білу үшін
міндетті түрде оның нысандары мен типологиясы зерттелуі қажет. Әрине,
соншама ауқымды тақырыпты бірден түпкілікті саралау қиынға соғады. Алайда
берілген курстық жұмысымда аталған сұрақтардың барлығын да құрастырғым
келеді.
Осы жұмыстың тақырыбы Мемлекеттің белгілері, функциясы, органдары
және нысандары болғандықтан, оны мемлекеттің қалыптасуы деп жалпылау
батылдығын мен өзіме осы кіріспеде алайын.
Мемлекеттің қалыптасуы туралы сұрақ аса күрделі және осы орайда
заңгерлер ортақ пікірге келген жоқ. Осы сұрақ бойынша, әр түрлі
жағдайларға және факторларға негізделген концепциялар мен көзқарастардың
алуан түрі әрекет етеді және әрекет еткен. Әр түрлі жағдайларға мыналарды
жатқызуға болады: нақты тарихи кезең, нақты құқықтық ілімнің туған
жеріндегі, яғни мемлекеттегі тарихи құқықтық ахуал. Ал, субъективті
белгілерге ілімнің негізін қалаушы заңгер - теоретиктің жеке ойы мен
қандай да бір әлеуметтік топқа жатуын келтіруге болады. Берілген жұмыста
түрлі кұқықтық мектептердің мемлекеттің қалыптасу тарихы туралы ілімдерді
баяндау қателік болар. Ғылыми емес концепцияларды (мысалы, мемлекеттің
құдайлық пайда болуы тәрізді) бірден ысырып тастап, табиғи құқық мектебі
(алғашқыда осы мектептің өкілі болған кейін бөлшектеніп, бірақ кейін өз
орнына концепция болған мектеп оқуына түзетулер енгізіп, бөлектенген
Рудольф Нерингтің ілімімен бірге), экономикалық материализм ілімі тәрізді
классикалық құқықтық мектептердің көзқарастарын келтіргім келеді.
Классикалық құқықтың мектептердің концепцияларына сүйене отырып, олардан
әлде бір нәрсені ұғып, ал кейбір жерлерімен келіспей бір мемлекеттің
мәні, нысандары және типтері туралы сұрақтарды қарастырамыз.
Мемлекеттің пайда болу мәселесін талқылағанда бірқатар әдеттегі
қайнар көздер зерттелді. Олардың негіздері болып мемлекет теориясы туралы
еңбектер табылады. Олардан қандай да бір құқық мектептерінің
көзқарастары, яғни теоретикалық материалдар алынды. Сөйте түра, қазіргі
таңдағы заңгерлердің де (мемлекет теориясының авторы С.С.Алексеев
тәрізді.), төңкеріске дейінгілердің де (ең алдымен Г.Р.Шерменевич,
мемлекеттің жалпы теориясы) кітаптары алынды. Мемлекет және құқықтың
тарихы туралы еңбектер (З.М.Черниловскийдің Мемлекет пен құқықтың жалпы
тарихы немесе О.А.Жидковтың редакторлығындағы Шетел мемлекеттерінің
мемлекет және құқық тарихы сияқты) мемлекет мәнін тарихи құқықтық
тұрғыдан қарастыруға мүмкіндік береді және фактілі оқиғалардың
кезектілігі мен мәселені түпкілікті ұсынуға көмектеседі; мемлекет тарихы
бойынша кітаптарды зерттемей, оның мәні мен пайда болуының заңды
ескерткіштері (ежелгі құқықтық нормалар - Ману Заңы, XII таблица заңдары
тәрізді ежелгі құқықтық нормалар мен Орыс Шындығы мен Слитік Шындық
сияқты аталмыш варварлық шындықтар кіретін орта ғасырдың заңды
ескерткіштері) туралы жалпы көріністі алу да қиынға соғады, ал онсыз
берілген жұмысты толыққанды жазу мүмкін емес.
Өкінішке орай, берілген әдебиеттердің аса шектеулі көлемі осы жаңа
және актуалды сұрақты терең саралауға, оның барлық мүмкін аспектілерін
қарастыруға мүмкіндік бермейді. Алайда менің ойымша бұл тақырыптың
негізгі аспектілерін қарастырып, оны мейлінше толық ашуға бөгет
жасамайды.

1.1 Мемлекет белгілері, функциясы және органдары
Мемлекет дегеніміз – жария өкіметтің пайда болуымен іс-әрекетінің
нәтижесі ретінде қалыптасатын қоғам өмірін ұйымдастырудың формасы және
оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайда өкіметтің күш-
қуатына сүйенетін басқару жүйесі.
1872 ж . неміс заңгері Р.Моль былай деп жазды: "Мемлекет – бұл
тұрақты, біріктірілген ағза, мұндайларды қондыру, болашақта жалпы
еркімен, басшылық ететін, жалпы күшпен іс - әрекетті қолдайтын және
келтіріп тұратын, халықтың берілген аумағында бар есептерді жәрдемдесіп
рұқсат ететін мақсаттарға жетуді белгілейді, әсіресе, жеке бөліктен
басталып және қоғамдықпен аяқталады, осы мақсаттар жеке өзіндік күшпен
қанағаттандырмағанша және олар жалпы нәрсенің қажеттілігін құрайды.
Мемлекеттің мәнін орыс заңгерлері де түсіндірген. Мысалы, Коркунов
мемлекеттің мәнін былай түсіндіреді: "Мемлекет – бұл қоғамдық бірлестік,
өз бетінше уәкілдік ететін, еркін адамдардың алдында билік етуді
мәжбүрлеуді мойындайды".
Трубецкой былай санайды, "халықтың бірлестігі – бұл мемлекет, өз
бетінше билік ететін және ерекше белгіленген аумағында". Мемлекет
территориялық принцип бойынша құрылатындықтан бұл термин кейде ел
ұғымының баламасы ретінде қолданылады.
Сондықтан мемлекет белгілі бір территория шеңберіне халықты ырықсыз
көндіру монополиясына ие, бүкіл қоғам атынан ішкі және сыртқы саясатты
жүргізіп отыру құқығына ие. Барлық жұртқа міндетті заңдармен ережелер
шығарудың құқығына ие, салық салып отыруына ие.
Мемлекеттің негізгі белгілері:
Мемлекет – саяси ұйым. Қоғамда көптеген саяси ұйымдар болуы мүмкін.
Меншігінің орнына жеке адамдардың меншігі пайда болып, меншіктің
айрықша түрі – жеке меншік қалыптасады. Жеке меншіктің пайда болуына
байланысты қоғам таптарға бөліне бастайды. Бір жағынан, құрал-жабдықтар,
өндірілген бұйымдар, мүлік-дәулет адамдардың бір тобының қолында
шоғырланады да, байлар пайда болады. Сөйтіп, рулық қауым өзіне тән
белгілерінен айырылып құлдырайды. Оның орнына жеке меншікке негізделген,
айырықша екі үлкен әлеуметтік топтан тұратын қоғам қалыптасады. Мұндай
жағдайда рулық қоғамдағы барлық ру мүшелерінің игілігін көздеп, еркін
білдіретін қауымдық билеу құрылымы өз міндетін, қызметін атқара алмайды.
Меншік иелерінің – байлардың айрықша мүдделері болғандықтан, басқару
мүшелерімен, кедей–жарлылармен қатар отырып, мәселелерді тең негізде
шешуге бармайды. Содан байлар мен кедейлердің арасында қайшылықтар пайда
бола бастайды. Қоғамдағы осындай түбегейлі экономикалық-әлеуметтік
өзгерістердің нәтижесінде қоғамды билеу, басқару жүйесі де өзгере
бастайды. Рулық биліктің орнын саяси билік, саяси құрылым баса бастайды.
Сөйтіп, қоғамның белгілі бір сатысында мемлекет пайда болады.
"Мемлекет"- латынның "қалыптты жағдай" - деген сөзінен шыққан.
Алғашқы кезде ол өкімет билігін иеленуші деген ұғымда айтылып, бірте-
бірте ол өкімет функциясы ретінде қаралды да мемлекеттік билік ұғымына
көшті. Бірақ мемлекетті ұғым ретінде қарамай, мемлекеттің құрылымдардың
уақыт пен кеңістікке қарай өзгеріп отыратынын, соған қарай ұғымның да
тұрақты болмайтынын ескеру керек. Мемлекет дүниеге келісімен ол әр түрлі
қоғамдық пікірлердің қалыптасуына негіз болды.
Мемлекет пен билік туралы қағидалар бірте-бірте мифологиялық ұғымнан
тазарып, біздің заманымыздан бұрынғы 5-6 ғасырларда ғылыми негізге ие
бола бастады. Бұл бағытта Қытай философы Конфуцийдің (б.э.д. 551-479ж.ж.)
ілімі, ғалымдар Лаоцзы (б.э. д, 479-400) мен Шань-Янның (б.э.д. 390-338
ж.ж.) идеялары маңызды роль атқарды. Мәселен Лаоцзы мемлекет пен билік
жүргізу шарттық негізде шыкқан деген идея ұсынды.[15;22б]
Бірақ мемлекет - ерекше, бүкіл қоғамды қамтып, негізінен, соның
атынан, қоғам үшін қызмет істейтін саяси ұйым.
Мемлекет қоғамның атынан қоғамның ішінде де, басқа мемлекеттермен
қатынастарда да қызмет атқарады. Сондықтан мемлекеттің қоғам өміріне
тікелей және жанамалай әсер ететін ерекше органдары және басқа саяси
ұйымдардан ажырататын белгілері бар. Оларға жататындар мыналар:
1. Мемлекеттік егемендік. Мемлекеттің негізгі белгілерінің бірі – ол
басқа мемлекеттерден тәуелсіз болады, оларға бағынышты емес.
Мемлекет өзінің ішкі және сыртқы саясатын өзі қалыптастырып, өз
еркімен жүзеге асырады. Былайша айтқанда, басқа мемлекеттерге
жалтақтамай, өзінің ішкі және сыртқы істерін өзі атқарады.
2. Билеуші органдар. Мемлекеттік билікті іске асырушы органдар мен
мекемелердің ерекше жүйесінің болуы. (сот, армия, полиция).
Мемлекеттің басты белгісінің бірі өкімет билігі бірлігінің болуы.
Сонда ғана ол дау туғанда қоғамдық топтардың қарсылығына қарамай ішкі
тыныштықты қамтамасыз ететін әрекет бағдарламасын іске асыра алады.
Сондықтан да мемлекетке неміс ғалымы М.Вебердің айтуы бойынша,
заңдылықпен күш көрсету монополиясы берілген. Демек, тек мемлекет қана
полиция (милиция), армия, атқарушы, әкімгершілік және сот органдары
арқылы күш көрсету, мәжбүр етуге құқықты санкцияға сүйенетін жария билік
жүргізу мемлекеттің басты белгісі. Дегенмен мәжбүр мемлекеттік билікті
қолданудың бірден-бір жолы емес.
Мемлекет органдарын, оларда істейтін қызметкерлерді қаржыландыратын
оның арнаулы материалдық қоры болады. Ол қорды жасау үшін мемлекет алым-
салық белгілейді және оны жинайды.
3. Мемлекетте қалыптасқан белгілі бір нормалар жүйесін нығайтатын
құқықтың болуы. Мемлекеттің барлық тұрғындары үшін міндетті болып
табылатын заңдар шығару құқығының болуы. Салықтар және тағы басқа алымдар
төлету құқығы. Азаматтық немесе елдің бодандығы. Егемендік-мемлекеттік
биліктің ел ішінде де, одан тыс жерлерде де үстемдігі мен тәуелсіздігі.
Құқықтық нормалардың жиынтығы мемлекеттің құқықтық жүйесін құрайды.
4. Мемлекеттің өзінің тұрағы, аумағы болады. Сол аумақта мемлекет
құрылады, өз қызметін атқарады, билік жүргізеді. Өз аумағының тұтастығын
мемлекет барлық күш-қуатымен сақтап, қорғауға тынымсыз әрекет жасайды.
Мемлекеттер арасындағы қайшылықтар, келіспеушіліктер, соғыстар көбінесе
осы жер, аумақ мәселесіне байланысты. Мемлекеттің аумағы басқаруды тиімді
жүзеге асыру үшін әкімшіліктерге бөлінеді. Халық әкімшілік-аумақтық
бөліктерге бөлініп тұрғандықтан олардың құқықтық жағдайы соған байланысты
болады. Мемлекеттің өмір сүруі өндірістік қатынастардың сипатына және
бірыңғай өндіріс тәсіліне байланысты. Диалектикалық байланысын өзара
тәуелсіздігін айқындамайынша, мемлекеттің шыққан тегін, оның бір тарихи
типке өту зандылығын түсіну мүмкін емес. Даму барысында мемлекет бірте-
бірте базистен біршама дербестік алады. [1]
Мемлекет түсінігіне - орын басты, анықтаушы, тұрақты және
заңдастырылған мәнінің мінездемесі кіреді. [22;26б]
1.2 Мемлекетің басқару және құрылыс нысандары
Конституциялық құқықта мемлекет нысанын жіктеудің өзіндік
ерекшеліктері бар. Ол мемлекеттік биліктің бөлінуі және тұтастығы осы
тұрғыдан қарағанда мемлекет нысанын поликратиялық (көп билікті)
монократиялық (жеке адам билігі) деп ажыратады.
Поликратиялық мемлекет нысаны – биліктің мемлекеттің әртүрлі
органдарының арасында бөлінуі (парламент – заң шығарушы, мемлекет басшысы
және үкімет-атқарушы, соттар – сот билігі) өзін-өзі тежеу мен тепе-теңдік
принциптерімен, аумақтың өзін-өзі басқару арқылы жүргізіледі.
Монократиялық мемлекет нысаны - белгілі бір органның немесе
лауазымды тұлғаның жеке билігімен сипатталады.
Мемлекет нысаны мынадай сұрақтарға жауап береді. Мемлекеттік билік
қандай принциптерге және қандай территориялық ерекшелікке байланысты
құрылған, мемлекеттің жоғары органдары қалай құрылады, олар өзара және
халықпен қандай байланыста жұмыс істейді, олар қандай әдістермен жүзеге
асырылады. [2]
Мемлекет нысаны дегеніміз – басқару нысанына және саяси
(мемлекеттік) режиміне сәйкес мемлекеттік биліктің ұйымдастырылуы,
мемлекет формасы сол мемлекеттің қалыптасуы мен дамуының нақты -тарихи
жағдайына байланысты болады, оған мемлекеттік тарихи типі мен мәні әсерін
тигізеді. Мысалы феодалдық типтегі мемлекетке басқарудың монархиялық
формасы сәйкес келді, ал буржуазиялыққа республикалық. Мемлекет формасы
көп жағдайда елдегі саяси күштерге байланысты дамиды. Мысалы:
буржуазиялық революциялар (Англиядағы) буржуазия мен феодалдық келісімге
келуіне әкелді, соның нәтижесінде конституциялық монархия пайда болды.
Мемлекет формасына мемлекеттің ұлттық құрамы, тарихи дәстүрлер,
мемлекеттің территориялық көлемі, басқа да факторларға әсер етуі мүмкін.
Мемлекет формасы мына мәселелерге жауап береді: мемлекеттік билік
қандай принципке сүйеніп, қандай территориялық негізге құралған,
мемлекеттің ең жоғарғы билік органдарының құрылысы, олардың арасындағы
және халықпен өзара байланыстылығы.
Мемлекет формасы ретінде мемлекеттік басқару формасына, мемлекеттік
құрылысына және саяси режимге байланысты мемлекеттік билік ұйымдарының
құрылуы түсіндіріледі.
Мемлекет формасы нақты тарихи қалыптасуы мен даму жағдайларына
байланысты.
Мемлекет формасы мемлекеттік ұлттық құрамы, тарихи дәстүрлері, елдік
теориялық көлемі және тағы басқа факторлар әсер ете алады. Мемлекет
басқару формасы мен саяси өкіметтің негізгі институттарының құрылысына
қарай да әр түрлі болады.
Мемлекеттің белгілері оның алғы шарттарындағы көріністерден тарихи
процестер барысында мемлекеттің нысанына айналады.
Мемлекеттік нысаны (формасы) дегеніміз адамдар арасындағы, адамдар
мен мемлекет арасындағы, мемлекет пен адамдар арасындағы оларды басқару
процесінде (саяси режим) өз ара саяси қарым-қатынасына айқындайтын
(басқару нысаны) және мемлекеттік әкімшілік аумақтық бөлінуін аймақтық
құрылым ұйымдастыра алатын мемлекеттік құрылымы болып табылады.
Басқару нысаны - жоғары мемлекеттік билікті ұйымдастырумен оны құру
тәртібі. Басқару нысанының сипаты түптеп келгенде қоғамның түріне
байланысты болады. Айырбастың экономикалық арқауларына қатысы жоқ және
орталықтандырылған мемлекеттік биліктің күшімен бірігуге мәжбүр қоғамда
басқарудың табиғи тұрпаты монархия болып табылады. Басқару нысаны жерге
феодалдық меншік жүйесінің иерархиясымен және монархтық меншікпен тұтасып
жатпаса ол деспоттық түрге ие болады. Ептің саяси жағынан тең субъектілер
меншік иелері арасындағы алмасуға негізделген қоғам үшін басқарудың
республикалық нысаны тән.
Басқарудың тарихи нақты қалыптасқан нысандарына байланысты мемлекет
теориясы басқаруды бірнеше түрге бөледі. Оның ішінде ең көп тарағаны
мемлекеттің нысаны билеушілердің санына қарай бөлу. Егер билік, бір
адамның қолында болса - монархия көп адамда болса - демократия, халықта
болса - демократия, немесе республика.
Басқару нысаны ретінде монархияның кейбір ерекшеліктері мынадай:
1) Бір адамның – монархтық (фараон, король, патша, император, ұлы
князь, шах, әмір т.б.) өмір бойы жоғары билікке ие болуы;
2) Жоғары бөліктің сабақтастығы мұрагерлерге берілу арқылы, шешіліп
отырады;
3) Монарх мемлекеттік өкілдікті өз құқық бойынша алады;
4) Монархтық мемлекет басшы ретінде заңды жауапкершілігінің
болмауы. Дегенмен, бұл белгілердің нақты жүзеге асырылмаған мысалдары да
көп. Византияда билік құрған 109 императордың 74-і өлтіріліп, олардың
орнына мұрагерлері отырылмаған. Рим легионерлері императорларды
тағайындап және алып тастап отырған. Тарихи даму барысында монархиялық
билікке де елеулі өзгерістер жасалды. Бірқатар елдерде король билігіне
конституция мен парламент арқылы шектеулер қойылады. [9;18б]
Монархияның екі түрі бар: шексіз (абсолюттік) монархияда монарх
мемлекеттегі жалғыз жоғары басқарушы орган болып табылады. Бұндай
жағдайда монарх заң шығару функциясын жүзеге асырады, атқарушы
органдардың қызметіне басшылық жасайды, сот билігіне бақылау жасайды.
Басқару нысаны ретінде Республиканың мынадай ерекшелік белгілері болады:
1) мемлекеттік органдардың белгілі бір мезгілге сайлануы;
2) мемлекеттік басшының белгілі бір мезгілге сайлануы;
3) мемлекеттік биліктің өз құқықтары бойынша емес, тәуелсіз халықтың
тапсыруы бойынша жүзеге асырылуы;
4) мемлекет басшысының заңды жауапкершілігі болуы;
Тарихи кезеңдерде республиканың бірнеше түрлері болған. Айталық,
буржуазиялық республика азаматтық қоғамды саяси ұйымдастыруға
қабілетті. Азаматтардың теңдігі олардың саяси жағынан біреуіне мүмкіндік
береді.
Қазіргі кездегі республикалық басқару үшке бөлінеді: парламенттік,
президенттік, аралас. Бұлардың бір-бірінен айырмашылығы: жоғары билік
органдарының парламент немесе президенттің қайсысы үкіметті құрайды және
оның жұмысына бағыт береді және қайсысының алдында үкімет жауапты,
парламенттің бе, әлде президенттің бе, осыған байланысты. Парламенттік
республикада, парламент тек қана заң шығарушы өкілетікке ие болып
қоймайды, сонымен қатар үкіметті отставкаға жіберу құқығына ие болады,
оған сенімсіздік білдіре алады. Үкімет парламент алдында өз қызметі үшін
жауапты. Бұндай жағдайда Президент тек қана мемлекет басшысы болып
есептеледі, үкімет басшысы бола алмайды. Президенттік республикада
Президент үкіметті құрайды, бақылау жасайды, үкімет президент алдында өз
қызметі үшін жауапты. Аралас президенттік - парламенттік республикада
парламентте Президентте Үкіметке қатар бақылау жасайды, үкіметке қатысты
екеуі де жауапты болады.
Тоталитарлық мемлекеттің басқару нысанының мынадай айырмашылығы бар.
1) Бүкіл мемлекетті басқаруды жеке роль атқаратын және саяси жүйенің
ядросы болып табылатын билік жүргізуші партияның болуы;
2) Партия көсемі мен мемлекет басшысының бір адам болуы;
3) Мемлекет басшысына диктаторлық әділдіктер берілуі;
4) Партиялық және мемлекеттік сайлаулардың формальды сипатқа ие
болуы;
5) Мемлекеттік және қоғамдық өмірдің барлық мәселелерін шешетін
партиялық және мемлекеттік бюрократияның ролінің артуы.
6) Партия және мемлекет басшысының заңды жауапкершілігінің болмауы.
Тоталитаризм өзіне қажетті, тиісті саяси режимдерді туғызады. Билік
бір орталықтан жүргізіледі, жергілікті жерлердің мүмкіндіктері мен
қажеттері ескеріле бермейді.
Қазақстан Республикасы унитарлы мемлекет болып табылады.
Мемлекет құрылымының екінші бір түрі - федерация. Федерация
құрамында екі немесе одан да көп мемлекеттер болады. Федеративтік
мемлекет күрделі мемлекет. Онда федералдық конституция, заң шығару,
басқару органы бар.
Дегенмен федерациялық мемлекеттің билігі оған кірген мемлекеттерден
өріс алады. Бұл әр түрлі формада көрінуі мүмкін. Кейде мемлекеттер
федерациясына кіретін үкімет одақ мемлекеттің ең жоғарғы билігін құруы
мүмкін, мысалы президент. Бірақ бұл екінші жағдайда да мемлекеттерге одақ
мемлекетінің билігін жүзеге асыруға қатысуға құқық берілген. Мысалы,
барлық республикалық одақ мемлекеттерінде палаталарының бірі федерация
мүшесінің өкілдігі ретінде қызмет етеді және де бұлардың кейбіреулерінде
федерация субъектілерінің теңдігі әрі мемлекет - мүшесіне, көбіне
федерацияға енетін, конституцияны өзгерткенде шешуші дауысы бар бөлек
мемлекеттерге депутаттарының санының теңдігін ұсынғанда көрінеді.
Бұл федеративтік құрылыстың үлкен және эмпирикалық түрлілігіне куә
болады. Бұлардың жартысы тарихи өзгеріп бірқатар федерацияларды унитарлық
мемлекетке айналу тенденциясында көрініс табады. 1989-1991 жылғы СССР
тәжірибе көрсеткендей федерацияны конфедерацияға қайта айналдыруға және
оның мүлдем толығымен бөлінуіне басқа тенденция мүмкін екендігі
көрсетеді.
Сондай-ақ, тәуелсіз мемлекеттердің бірігуі конфедерация деп аталады.
Конфедерация - тәуелсіз мемлекеттердің одағы. Бұндай одақ бір немесе
бірнеше саяси, экономикалық, әскери т.б. мақсаттарды көздеп құрылады.
(ТМД) конфедерация белгілері бар құрылым мемлекет конфедерациялық одаққа
кіре отырып, өзінің тәуелсіздігін толық сақтайды.
Мемлекет конфедерациялық одаққа өзінің тәуелсіздігін толығымен
сақтап, ішкі және сыртқы істердің барлығында дербес субъект бола береді.
Мұндай шарттарда конфедерация органдарын одақ мүшелеріне қатысты
императивтік билік болмайды және бұлармен кабылданатын шешімдер одаққа
енді кірген мемлекеттер үшін бұл шешімдер өзінің билік органдарымен
расталғаннан кейін ғана міндетті болады. Әдетте конфедерацияның бір
әскери заң шығарушы органдары, бір азаматтығы, бір салық, бюджет, ақша
бірлігінің жүйесі болмайды. Конфедерацияның маңызы бойынша шапқыншылық
немесе қорғаныс одағы болатын шатастырмау керек. Оларға қарағанда
конфедерация тиісті тұрақты болады және оның мемлекеттік заңды
сипаттамасымен және өз биліктерімен тек қана сыртқы істерде ғана жүзеге
асырылмайтын, басқарудың конфедералдық органдары бар.
Конфедерация мысалы 1776-1764 жылдардағы АҚШ, 1815-1867 жылға
дейінгі Германия, 1815 жылғы Швейцария, 1918 жылға дейінгі Австро-Венгрия
болады. Бірқатар мемлекет ісі жөніндегі мамандар федерация құрамына
кіретін мемлекеттердің толық тәуелсіздігі болмайды деп санайды. Оларға
федерация мемлекеттік билікті жүзеге асыруда азды-көпті қатынастарының
суверенитетіне кейбір эквиваленттерін ұсынады.
Бұл бөлімді қорыта келгенде, ондағы қарастырылған мәселелерді
толықтырғым келеді. Бұнда мен мемлекеттің басқару нысандары мен
мемлеккеттік құрылым нысандарын карастырдым. Сонымен, мемлеке нысандары
екіге бөлінеді: монархия және республика.
Республиканың өзі де 3-ке бөлінеді; біріншісі президенттік
республикаға - АҚШ, Мексика және 1976 жылдан бастап Португалия жатады.
Екіншісі – парламенттік республикаға Италияны жатқызуға болады.
Үшінші түрі аралас басқару нысанындағы республика болып 1958 жылдан
бастап Румыния, ал 1975 жылдан бастап Греция жатады.
Монархияларға келер болсақ, құлиеленушілік монархияға - Ежелгі Шығыс
мемлекеттерге (Египет, Вавилон, Ежелгі Қытай т.с.с.) болған деспоттық
және Рим империясындағы құлиеленушілік монархиялар жатады.
Ал феодалды монархия 3-ке бөлінеді: абсолютті, яғни бұнда билік
толығымен патшаның қолында, ал басқаруды қадағалау мен заң шығарушылық та
халықтың ешбір қатысуынсыз шенеуліктерді тағайындап, заңдарды шығарады.
Сословты - өкілдік монархия - бұнда Генералды штат Кортес, Земский,
собор тәрізді сословты мемлекет болды. Ерте феодалдық монархия – Франктік
мемлекет және Ежелгі Русьте болды.
Буржуазды монархия 2 ге бөлінеді: дуалистік яғни, басқарудың өтпелі
кезеңі, бұнда не монарх, не өкілеті орган толық билікке ие болған жоқ.
Шектеулі (парламенттік немесе конституциялық) монархияда – монархтың
билігі парламенттік мекемелермен шектеледі. Оның атынан атқарушы билікті
үкімет жүзеге асырады. (Ұлыбритания, Испания, Жапония).
Конституциялық монархияның өзінін 2 түрі болады: дуалистік және
парламенттік. Дуалистік монархия өтпелі кезеңде, яғни феодалдар толық
билік ете алмаған ал буржуазия билікті толығымен қолына шоғырландыра
алмаған уақытта пайда болды. Бұл монархияның белгілері мынадай:
1) Парламенттің қос палаталы құрылымының болуы. Төменгі палата
буржуазияның өкілі болып сайлану жолымен қалыптасды, ал жоғарғы палата
монарх пен феодалдар өкілдерін тағайындау жолымен қалыптасады.
2) Үкімет монархқа бағынады.
3) Монархтың парламент қабылдаған заңдарға вето қою құқығына ие.
Парламенттік монархия басқарудың таза буржуазиялық нысаны. Оның
қалыптасуы тарихи жағдайларға байланысты (дәстүрлер, түрлі
принциптердің саяси қайшылықтарының салдары т.с.с.). Бұнда монарх
патшалық етеді, бірақ басқармайды. Монарх парламенттік сайлауда жеңіп
шыққан партияның басшылығымен қалыптастырылған үкімет құрамын формальді
ғана бекітеді. Монархтың алдында не парламент, не үкімет жауапты емес.
Республикаларға келер болсақ олардың екі түрі бар: парламентарлы
және президенттік. Парламентарлы Республиканың белгілері:
1) Парламенттің жоғарылығы.
2) Үкімет парламенттік сайлауда жеңген партияның басшысымен
қалыптастырылады.
3) Үкімет мериялары өз қызметінде парламент алдында жауапты.
4) Үкімет парламентарийдің көпшілігінің қолдауына ие болғанда ғана әрекет
етеді.
5) Парламент барлық үкіметке немесе оның бір мериясіне сенімсіздік
вотумын жариялауы мүмкін. Бұл жағдайда олар отставкаға кетеді. [11;45б]

мемлекет
Қазақстан Республикасының жері тұтас бір бөлінбейді және оған қол
сұғуға болмайды делінген Қазақстан Республикасының Конституциясының
кіріспесінде Қазақстанның біртұтастығы - оның әкімшілік-аумақтық
бөлшектерден құралатындығы, автономияға бөлінбеуі.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 91-бабының 2-тармағында
конституцияда белгіленген мемлекеттің біртұтастығы және аумақтық
тұтастығы, атап көрсетілген. Біртұтас мемлекет ретінде Қазақстан
Республикасы өзіндік мемлекеттілігі жоқ әкімшілік аумақтық бірліктерден
тұратын біртұтас, саяси біртекті құрылым болып сипатталады. Қазақстан
біртұтас мемлекет ретінде бірыңғай азаматтылығының, бірыңғай мемлекет
аппарат құрылымының болуымен, әкімшілік-аумақтық құрылыстың иерархиялық
жүйесімен заңдылықтың бірыңғай жүйесімен, бірыңғай сот жүйесімен
сипатталады. [1;51б]
Қазақстан Республикасының біртұтастығының өзіндік мәні бар:
- оның саяси құқықтық мәні мемлекеттік тұтастығында, қандай да болсын
автономияға бөлінбеуінде;
- жоғарғы мемлекеттік органдардың бір ғана жүйесі құрылған: Жоғарғы
кеңес, Президент, Парламент, Жоғарғы сот;
- республиканың аумағы жергілікті әкімшіліктерге бөлінген оларда
құралатын жергілікті органдар ерекше саясат жүргізбей, мемлекеттік
билікті орталық органдардың қабылданған шешімдеріне сәйкес жүзеге
асырылады;
- көп ұлтты халықтың елі болғандықтан барлығының еркін дамуына қамқорлық
жасалады, ұлтына қарап азаматтардың құқығы мен бостандығын шектеуге тыйым
салынады, демек, ұлттардың теңдігін шектемейді;
- қазақ халқының өз ұлттық тұтастығын сезінуінде мемлекет органдарының
қызметін атқарғанда жүзге, руға бөлінбеуінде.
Қазақстан Республикасы біртұтас мемлекет ретінде мынадай
негізгі белгілермен сипатталады:
1. бірыңғай конституция;
2. мемлекеттік жоғарғы органдарының біртұтас жүйесі (Президент,
Парламент, Үкімет)
3. бірыңғай азаматтық;
4. біртұтас құқық жүйесі;
5. біртұтас сот жүйесі;
6. біртұтас мемлекеттің аумағы әкімшілік-аумақтық бірліктерге бөлінеді.
[3]
Бірыңғай басқару үшін бүкіл мемлекеттік аппаратты бірыңғайландыруды,
әкімшілік-аумақтық бірліктердегі жергілікті органдарға тікелей немесе
жанама бақылау жасуды көздейді. Қазақстан Республикасы конституциясы 2-
бабының 2-тармағында айтылғандай, Республиканың егемендігі оның бүкіл
аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және
бөлінбеуін қамтамасыз етеді.
Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы біртұтас
мемлекет. Бұл Қазақстан бүкіл халық сайлаған президент басшылық ететін
республика дегенді білдіреді. Президент мемлекет басшысы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz