Нормативтік құқықтық актілердің түрлері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Курстық жұмыстың тақырыбы: Нормативтік құқықтық актілердің түрлері. Мемлекет және құқық теориясы - құқықтық жүйеге және мемлекеттің құрылысына тікелей әсер беретін, мемлекет және құқық туралы ілімдердің барлық саласында медотодологиялық (әдістемелік) маңызға ие фундаменталдық (базалық) ғылым. Оны терең меңгермей салалық құқықтық ғылымдарды, сондай-ақ басқарушылық профиліндегі пәндерді дұрыстап игеру мүмкін емес.
Курстық зерттеу тақырыбының өзектілігі.Мемлекет және құқық теориясын меңгеру бірнеше мақсаттарға жетуді көздейді: біріншіден, мемлекеттік-құқықтық құбылыстар жайлы жалпы теориялық білімдердің кешенін игеру; екіншіден, мемлекет пен құқықтың заңдылығын көрсететін негізгі категориялар туралы білу; үшіншіден, жалпы теориялық білімдердің маңызын белгілеу, бұл келешектегі тәжірибелік қызмет үшін қажет. Әрбір ғылымның өзінің пәні болады - ол адамның қандай да бір қызметінің аумағындағы зерттелетін заңдылықтың нақты бір шеңбері.
Курстық жұмыстың міндеті:
Мемлекет және құқық теориясының пәні ретінде келесілерді атауға болады:
1) Мемлекет пен құқықтың шығуының, дамуының және функциялануының жалпы заңдылықтары.
2) Мемлекет пен құқықтың әрекет етуінің мазмұны, түрлері, нысандары, функциялары, құрылымы және механизмі, құқықтық жүйесі.
3) Барлық заң ғылымдары үшін ортақ болатын негізгі мемлекеттік-құқықтық ұғымдар.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі: Қазақстан Республикасы Конституциясы.
Курстық жұмыстың көзделінген мақсаты - осы ғылымның нақты бір мемлекет пен құқықтың емес, жалпы мемлекеттілік пен құқықтың шығуын, дамуын және қызмет жасауын, яғни қайда орналасқанына қарамастан, олардың қандай да болсын қоғамның мемлекеті пен құқығына тән жалпы белгілерді игеретінін білдіреді. Мемлекет және құқық теориясы жалпыланған нысанда уақыттық және кеңістік сипаттарына қарамастан барлық мемлекеттер мен барлық құқықтық жүйелерді игереді. Сондықтан, онда мемлекет пен құқық туралы ғылыми ойлардың жеткен жетістіктері, әлеуметтік институттардың мәліметтері туралы барлық теориялық маңыздар топтастырылған.
Мемлекет және құқық теориясының пәнінің төл ерекшелігі мемлекет және құқық теориясы ұғымдар жүйесін тек өзі үшін ғана емес, сондай-ақ оның әліппесі, іргетасы ретінде барлық юриспруденция үшін талдап шығаратынында қорытындылады. Мұндай ұғымдарға құқықты, құқықтың қайнар көздерін, құқықтық актілерді, құқықтың институтын, саласын және сала тармақтарын, құқықтың жүйесін және заңшығарушылықтың жүйесін, құқықтық қатынастарды, құқықтың субъектісі мен объектісін, құқық қабілеттік және әрекет қабілеттілікті, құқықтық деректі, құқықшығармашылықты, заңшығарушылықты, құқықты қолдануды және талдауды, құқықтық коллизиялар мен ақаулықтарды, құқықтық тәжірибені және құқықбұзушылықты, заңдылық пен құқықтық тәртіпті, құқықтық құралдарды, субъективтік құқықтарды және құқықтық міндеттерді, тыйымдар мен тыйым салынбаған нәрселерді, құқықтық жауаптылықты және жазаны, құқықтық жеңілдіктерді және көтермелеулерді, құқықтық иммунитеттерді, құқықтық стимулдар мен шектеулерді, құқықтық реттеудің механизмін және құқықтық әсер етудің механизмін, құқықтық жағдайлар мен құқықтық режимдерді, құқықтық саясатты және құқықтық өмірді және т.б. жатқызуға болады.
Зерттеу жұмысының нысаны: Мемлекет және құқық теориясының пәнінің ерекшелігі мемлекет пен құқық өзара байланыста, бір бірін толықтырушы әлуметтік институттар ретінде зерттелетіндігі болып табылады. Осылайша, Мемлекет және құқық теориясы - бұл мемлекет пен құқықтың жалпы және өзіне тән заңдылықтарының пайда болуы, қызметінің дамуы туралы ғылым. Пәннің ерекшелігін есепке алғанда - бұл ғылым қоғамдық болып табылады, өйткені ол қоғамдық өмірдің белгілі бір саласы - мемлекет пен құқықты зерттейді.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден, негізгі бөлімнен(негізгі бөлім 4 тараудан) және қорытынды, қосымшалар мен пайдаланылған әдебиеттен тұрады.

І Құқы нормасы мен нормативтік актінің жалпы сипаттамсы
0.1. Құқық нормасы мен нормативтік акт баптарының ара қатынасы.

Құқық нормасы мен нормативтік акті бабы ұқсас емес ұғымдар, жиі жағдайда олар сәйкес келуі мүмкін. Құқық нормасы - гипотеза, диспозиция және санкциядан тұратын мінез-құлық ережесі, ал заңнама актісінің бабы - мемлекеттік ерікті білдіретін нысаны, құқық нормасын жүзеге асыру құралы.
Құқық нормасы құқық мазмұны ретінде, оның нысаны ретінде нормативтік актінің бабымен әр түрлі қатынастарға түседі;
oo құқық нормасы және нормативтік құқықтық актінің бабы сәйкес келуі мүмкін (басқаша айтқанда бір құқық нормасы - бір бабта ҚР ҚК 106 бабы);
oo нормативтік актінің бір бабында бірнеше құқық нормасы болуы мүмкін (ҚР Конституциясының 61 бабында 7 норма; ҚР ҚК 96 бабында 14 құқықтық норма бар);
oo құқық нормасының құрамдас бөлігін нормативтік актінің бірнеше баптарында сипаттау (ҚР ҚК 24 бабының 1 бөлімі және 96 баптың 1 бөлігі - адам өлтіруге дайындалу);
oo Құқық нормасының жіктелуі құқықтық реттеу жүйесіндегі заңдық норманың орнын және рөлін нақты анықтайды, оның тағайындалуын және табиғатын терең тануға мүмкіндік береді.
Құқықтық норманы келесі негізгі түрлерге бөледі:
1) функционалдық рөліне қарай: қоғамдық қатынасты құқықтық реттеу негізін, оның мақсатын, міндеттерін, шегін, бағытын анықтайтын бастаушы нормалар (бұл, мысалы, қағидаларды жариялайтын декларативті нормалар; нақты заңдық түсініктердің анықтамасын баяндайтын дефинитивтік нормалар және т.б. );
кез келген құқық салаларының жалпы бөліміне тән және құқық салаларына сәйкес институттарының басым бөлігіне немесе барлығына таралатын жалпы нормалар;
кез келген құқық саласының кейбір институттарына қатысты және оларға тән ерекшеліктерді және т.б. есепке ала отырып, қандай да бір біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін арнайы нормалар (олар жалпыны бөлшектейді, олардың жүзеге асырылу кеңістік шартын және уақытын түзейді, жеке тұлғаның мінез - құлқына құқықтық әсер ету тәсілі);
2) құқық нормалары құқықтық реттеу пәніне байланысты конституциялыќ, азаматтыќ, ќылмыстыќ, єкімшілік, экологиялыќ жєне т.б. болып бuлінеді.
3) қолдану аймағына байланысты нормалар жалпы, арнаулы және төтенше болып бөлінеді. Жалпы нормалар - барлық адамдармен заңдық ұйымдарды қамтитын анықтаушы қағидалық ережелерді бекітеді. Жалпы нормалармен қатар, өз әрекетін толық анықтаған адамдар тобына, органдарға, ұйымдарға арнаулы нормалар жұмыс жасайды, ал төтенше нормалар құқық субьектілерінің нақты түріне арналған, ерекше реттеуді қажет ететін жағдайларды көрсетеді.
4) құқық нормалары қоғамдық қатынастарға қатысушылардың әрекетіне әртүрлі әсер етеді. Бұл әрекетке міндеттей алады немесе белгілі бір әрекеттерді жасауға өкілеттілік береді ең болмаса әрекет жасауға тыйым салады немесе әрекет жасауды көтермелейді. Құқық нормалары нормада қалыптасқан тәртіпке байланысты міндеттеуші, өкілдік беруші, тыйым салушы және көтермелеуші нормалар деп бөлінеді.
5) құќыќ нормалары зањ нормалары және заңға бағынышты акт нормалары деп бөлінеді. Заң нормалары өздерінің заңдық күшіне байланысты өзге норма-лардың арасында басты маңызды орынға ие болады. Заңға бағынышты нормалар заң нормаларына бағынышты солардың негізінде және оларды жүзеге асыру үшін, заңдарды орындау үшін шығарылады.
6) нұсқау үлгілеріне байланысты құқықтық нормалар императивті, реко-мендательдік (ұсынушылық), диспозитивтік болуы мүмкін. Императивтік немесе қатаң нормалары қалыптасқан шарттар туғанда құқық субьектілерінңің әрекетін тікелей анықтайтын ережелерді бекітеді. Олар құқықтық қатынасқа түсушілердің еркі мен келісімімен өзгертіле немесе басқаша айырбастала алмайды.
7) рекомендательді нормалар құқық субьектілерінің белгілі бір әрекетті жасауының мақсаттылығы, қажеттілігі туралы рекомендациялар мен кеңестерді мазмұндайды. Диспозитивтік нормалар қоғамдық қатынастарға түсушілерге құқықтар мен міндеттер жиынтығын екі жақтық келісім арқылы анықтауға мүмкіндік береді, тек екі жақтың келісімі болмаған жағдайда ғана жұмыс жасайды, норманың күшіне енеді.
8) әрекет ету шегіне байланысты нормалар кеңістіктегі әрекетке байланысты жалпы және жергілікті, уақыт аралығындағы әрекетіне байланысты мерзімді және мерзімсіз, субьектілеріне байланысты жалпы арнаулы төтенше деп бөлінеді. Құқық нормаларының құрылысы бойынша реттеуші, дефинитивті, декларативті, өзге де нормалардың әрекетін реттейтін нормалар деп бөлуге болады.

І.ІІ. Құқықтың нысандары (қайнар көздері)
1.1.Құқық қайнар көздерінің түсінігі

Құқықтың қайнар көзі ұғымы көптеген ғасырлардан бері келе жатыр. Оны барлық елдердің құқықтанушылары жүздеген жылдар бойы талқылап, қолданып келеді. Теорияда құқықтың қайнар көзі көптеген ғасырлар бойы қолданылып жүр және бірнеше мағынаға ие:
oo материалдық мағынада - бұл мемлекеттік билікті анықтайтын қоғам өмірінің материалдық жағдайы;
oo формальді - заңдық мағынада - билік басында тұрған саяси күштің еркін заңға араластыру тәсілдерінің жиынтығы (заңдық прецедент, құқықтық әдет - ғұрып, нормативтік құқықтық акт);
oo таным қайнар көзі ретінде - қазіргі уақытқа жеткен түрлі тарихи құжаттар, діни көзқарастар.1
Құқықтың қайнар көзінің формальді - заңдық мағынасы біздің қызығушылығымызды тудыратын болады. Құқық адамдардың санасында нормативтік бекітулер ретінде қалыптасады, бірақ ол одан тыс көрініс тауып, бекітілуі қажет.
Құқық нысаны - заңдық нормалардың көрініс табуы мен бекітілуінің ішкі тәсілі. Құқықтың сипатталуы мен көрініс табу нысанын арнайы құқық термині құқықтың қайнар көзі деп атайды. Сондай - ақ құқық нысаны (қайнар көздері) мемлекеттік ерікті заңға енгізуімен байланысты мемлекеттік қызметтпен байланысты. Халықтың еркін қалыптастырудың екі жолы бар: құқық шығармашылық жолымен, яғни мемлекеттің және оның органдарының нормативтік құқықтық актілерді шығаруы және тағы бір жолы мемлекеттің бұрын қалыптасқан мінез құлық ережелерін санкциалауы, бекітуі.
Мемлекеттік ерікті енгізу тәсіліне байланысты құқықтың келесідегідей нысандары (қайнар көздерінің) ажыратылады: бұл
1. нормативті құқықтық акт
2. құқықтық әдет - ғұрып (санкциаланған)
3. сот прецеденті
4. нормативтік келісім шарт
Құқық нысанының (қайнар көздерінің)бұндай жіктелуін проф. Бабаев В.К., Алексеев С.С., Сапун В.А. ұстанады. Мәскеулік Мемлекет және құқық теориясы оқулығының авторы доцент Лубенченко құқықтың қайнар көзі ретінде келесілерді бөліп көрсетеді: заң, нормативтік актілер, әдет-ғұрып, сот тәжірибесі және соттық прецедент, заңдық ғылым. Біздің ойымызша бірінші көзқарас әлде қайда дұрысырақ болады.
Әрбір құқық нысанының (қайнар көзін) түсінігін қарастырайық.
Әдет - ғұрып - тарихи қалыптасқан және әдетке айналған мінез құлық ережесі. Құқықтық (санкцияланған) әдет - ғұрып, мемлекет заңдық күшті санкция берген, әдетке айналған, тарихи қалыптасқан мінез құлық ережесі ретінде көрініс табады. Санкциялау, яғни мемлекетпен бекіту. Құқықтық әдет - ғұрыпқа құлиеленушілік құрылыстағы феодальдік құқықтың ескеркішін жатқызуға болады: Қазақстанда Жеті Жарғы, Үндістанда Ману заңы, Германияда Солистік шындық, Ресейде Русская правда.
Сот прецеденті - келешекте ұқсас істерге үлгі болатын нақты сот ісі боынша шешім. Сот прецеденті шешім шығару кезінде заңнамада қажетті норма болмаған жағдайда ғана қолданылады. Бұдан шығатыны, прецедент кезінде құқық қолдану функциясын орындайтын органдар құқық шығармашылық органдарының функцияларын өздері иеленеді. Қазіргі уақытта прецедент англосаксондық құқық жүйесі орнаған елдерде - Англияда, Индияда, АҚШ - та қолданылады.
Нормативтік құқықтық акт - құқық нормасынан тұратын мемлекеттің құқықшығармашылық актісі. Бұл құқық нысаны (қайнар көздері) әлемінде негізгі қолданылатын, басқа қайнар көздердің алдында басымдылыққа иелердің бірі.
Құқықтың қайнар көздерінің арасында негізді орынды иеленетін нормативтік келісім шарттар - құқық нормасынан түратын екі жақты немесе көп жақты келісімдер. Нормативтік келісім шарттарға мемлекеттер және халықаралық ұйымдар арасындағы халықаралық - құқықтық ккелісім шарттарды жатқызуға болады. Мысалыға, ТМД елдерінің арасында бекітілген құқықтық көмек және азаматтық, отбасы, қылмыстық істер бойынша құқықтық қатынастар туралы Конвенция, азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы келісім шарт және т.б.Мемлекеттік ерікті (құқықшығармашылық немесе санкциялау жолымен) енгізу тәсіліне байланысты құқықтың келесідегідей нысандары (қайнар көздерінің) ажыратылады:
1. нормативті құқықтық акт
2. құқықтық әдет - ғұрып (санкциаланған)
3. сот прецеденті
4. нормативтік келісім шарт
Әдет - ғұрып - тарихи қалыптасқан және әдетке айналған мінез құлық ережесі. Құқықтық (санкцияланған) әдет - ғұрып, мемлекет заңдық күш, санкция берген, әдетке айналған, тарихи қалыптасқан мінез құлық ережесі ретінде көрініс табады. Санкциялау дегеніміз мемлекетпен бекіту деген сөз. Басқаша айтқанда, құқықтық әдет-ғұрып - мемлекеттен туындамайтын тек онымен танылатын құқықтың қайнар көзі. Құқықтық әдет - ғұрыпқа құлиеленушілік құрылыстағы феодальдік құқықтың ескерткішін жатқызуға болады: Қазақстанда Жеті Жарғы, Үндістанда Ману заңы, Германияда Солистік шындық, Ресейде Русская правда.
Сонымен құқықтық әдет - ғұрып құқықтың әлде қайда ежелгі нысаны, мемлекеттік мәжбүрлеумен бекіген, мемлекетпен санкцияланған, жалпыға міндетті болып жарияланған. В.Н. Хропанюктің1 пікірімен келісуге болады, қазіргі уақытта құқықтық әдет - ғұрып болып нормативтік актінің тиісті бабында оның мазмұнын көрсетпей сілтеме жасалатын әдет - ғұрып саналады. Егер оның мәтіндік сипаты құқықтық норманың мазмұнына қоса кіретін болса оны құқытық әдет - ғұрып деп санауға болмайды: онда әдет - ғұрып мәні бойынша басқа сипатқа ие болады және жаңа құқық нормасына айналады. Әдет - ғұрып бұдан бұрынғыдай әлеуметтік норманың түрі ретінде өзінің мәнін жоғалтпайды және сақтайды. Еш күмәнсіз барлық халықтардың әдет - ғұрыптарының жүйесінде қоғамның ұлттық және өнегелік қабатын көтермелейтін қоғамдық - пайдалы талаптар болғаны белгілі. Ондай әдет - ғұрыптар қоғамдық қатынастарды құқытық реттеуде үлесті орынға ие болған. ҚР азаматтық заңнамасының 3 бабының 4 тармақшасы бойынша құқықтық әдет - ғұрыптарды қолдануға жол берілген.
Құқық нысанының (қайнар көздерінің) келесідегідей дәстүрлі түрлері бар:
1. нормативті-құқықтық акт
2. құқықтық әдет - ғұрып (санкциаланған)
3. сот прецеденті
4.нормативтік келісім шарт
Сот прецеденті - келешекте ұқсас істерге үлгі болатын нақты сот ісі бойынша шешім. Сот прецеденті шешім шығару кезінде заңнамада қажетті норма болмаған жағдайда ғана қолданылады. Бұдан шығатыны, прецедент кезінде құқық қолдану функциясын орындайтын органдар құқық шығармашылық органдарының функцияларын өздері иеленеді. Қазіргі уақытта прецедент англосаксондық құқық жүйесі орнаған елдерде - Англияда, Индияда, АҚШ - та қолданылады.
Соттың барлық шешімдер мен үкімдер барлық өзге соттар үшін міндетті емес, ал тек, істің мәні, өзегі және соттың құқықтық позициясы сот прецедентінің мәні болып табылады. Сот прецедентін кез келген сот құрмайды, ережеге сай сот жүйесінің жоғарғы органы құрады. Мысалы, АҚШ - та әлдеқайда маңызды істерді қарастыратын Жоғарғы Сот. Сондай - ақ мысалы, АҚШ - та әйел мен ерлердің конституциялық теңдігін қамтамасыз етуде Ролинсон (1977ж.) ісі бойынша шығарылған сот прецеденті себеп болды. Бұл жерде әйел адамды абақты қадағалаушысы қызметіне қабылдамады - абақты басшысының пікірі бойынша бұл әйел осы жұмысқа дене бітімі бойынша (салмағы шамамен 54 кг, бойы - 160 см) сай келмеді. Аймақтық сот абақты басшысына, әйел адам тұтқындалғандардың тән тояттық сезімін қоздырып өзіне бағыттау мүмкіндігі бар деген себеппен әйелдің талап арызыннан бас тартады. Жоғарғы Сот Ролинсонның талап арызын қанағаттандырады және сот жалған пайымға беріліп қателік жасаған - егер тұтқындар тәртіп ережелерін бұзса және қадағалаушыларға шабуыл жасаса оларды жазалау керек деп көрсетеді. Осылайша әйелдердің құқығын кемсітуге болмайды.
Романо-германдық (континентальдық) құқықтық жүйеде, соның ішінде Қазақстан Республикасында, сот прецеденті құқық қайнар көзі ретінде танылмайды. Сот прецедентін құқықтың қайнар көзі деп танушылардың қарсыластары өз пікірлерін әдетте былайша сипаттайды, уақыт өткен сайын сот шешімдері көбейіп жиналып қалады және бұларды бақылап жіктеу қиын, сондықтан соттың адасуына әкеп соғады.
Дегенмен заң әдебиеттерінде басқа да көзқарастар орын алған. Қазіргі әлемде құқықтық жүйесінде тек қана сот прецеденті әрекет ететін мемлекеттер жоқ. АҚШ - та және Англияда да сот прецедентімен қатар заңдар әрект етеді. Тіпті англо-саксон құқықтық жүйесінде мынадай үрдіс байқалады, яғни статуттық құқықтың үлес салмағы ұлғайып келеді, ал романдық құқықтық жүйеде (Франция, Германия және т.б.) прецеденттік құқық салмағы ұлғаюда. (қараңыз.Венгеров А.Б. Теория государства и права: заңдық жоо-на арналған оқулық. - М., 1998, б. 420). Мемлекеттік ерікті енгізу тәсіліне қарай құқық нысанының (қайнар көздерінің) келесі түрлері бар:
1. нормативті-құқықтық акт
2. құқықтық әдет - ғұрып (санкциаланған)
3. сот прецеденті
4.нормативтік келісім шарт
Құқықтың қайнар көздерінің ішінде нормативтік келісім шарт - құқық нормасы баяндалған екі немесе көп жақты келісім ерекше орынға ие. Нормативті келісім шартқа мемлекет аралық және халықаралық ұйымдар аралық халықаралық шарттарды жатқызуға болады. Мысалы, ТМД елдері бекіткен азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек және құқықтық қатынастар туралы Конвенция, азаматтық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек туралы Қазақстан Республикасы мен Түркия Республикасы арасындағы келісім шарт және т.б.Құқықтың қайнар көзі тек нормативтік келісім шарт болып табылатынын ескеру қажет. Егер шарт - келісім қызметкер мен әкімшілік арасында жасалған болса онда көрсетілген жағдайда құқықтың қайнар көзі шарттың негізі болатын нормативтік құқықтық акт болады. Шарт бұндай жағдайда жеке акт деп аталады, ал нормативтік шартта құқықтың қайнар көзі ретінде әрқашан құқық нормалары болады.
ҚР Конституциясының 4 бабында бекітілген:
3 тарм. Республика бекіткен халықаралық шарттардың Республика заңдарынан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару, талап етілетін жағдайдан басқа реттерде, тікелей қолданылады.4 тарм. Барлық заңдар, Республика қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар жарияланады. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді реми түрде жариялау, оларды қолданудың міндетті шарты болып табылады.

0.2. Нормативтік - құқықтық акт: түсінігі және түрлері

Мемлекеттік ерікті енгізу тәсіліне қарай құқық нысанының (қайнар көздерінің) келесі түрлері бар:
1. нормативті-құқықтық акт
2. құқықтық әдет - ғұрып (санкциаланған)
3. сот прецеденті
4.нормативтік келісім шарт
Нормативтік- құқықтық акт - әлемнің барлық құқықтық жүйесінде басымдылық танытатын құқықтың қайнар көзі. Олармен біз әрқашан кездесеміз, олар бізбен барлық жағдайда бірге болады: жұмыста, демалыста, емделуде. Бұл Конституция, заңдар, нормативтік сипаттағы Президенттің дарлықтары және т.б. Нормативтік-құқықтық акт бірқатар даусыз қасиеттерге ие.1
1. Нормативтік акт жедел түрде шығарылып, өзінің кезкелген бөлігінде өзгеруі мүмкін, бұл әлеуметтік үрдістерге салыстырмалы шапшаң көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
2. Нормативтік актілер, ережеге сай, белгілі түрде жүйелендірілген, бұл қолдану және жүзеге асыру үшін қажетті құжатты тез арада іздестіруге мүмкіндік береді.
3. Нормативтік актілер құқық нормасының мазмұнын нақты бекітуге мүмкіндік береді, бұл бірыңғай саясатты жүргізуге, ерікті талқылауға және қолдануға жол бермеуге әкеп соқтырады.
4. Нормативтік актілер мемлекеттен қолдау табады, онымен қорғалады. Нормативтік акті талаптары бұзылған жағдайда бұзушылар заңның негізінде қудаланады және жазаланады.
Доцент Кулапов сондай-ақ нормативтік құқықтық актінің белгілерін бөліп көрсеткен1:
1. нормативтік акт мемлекеттің құзыретті органдар мен лауазымды тұлғалардың құқықшығармашылық қызметінің нәтижесі:
2. олар жалпыға міндетті мінез құлық ережесінен тұрады;
3. ондағы нұсқаулар мемлекеттік ерікті сипаттау болып табылады;
4. негізгі процессуалдық тәртіпте қабылданып, жүзеге асырылады;
5. қатаң анықталған құжаттық нысанға (заң, жарлық, қаулы) ие;
6. нақты өмірлік жағдайларды (олар персонифицирленбеген, субъектілердің анықталмаған санына бағытталады) емес, ұқсас, бұқаралық қатынастарды реттеуге бағытталған;
7. тұрақты не ұзақ уақытқа есептелген.
Нормативтік құқықтық актілер туралы Қазақстан Республикасының Заңының 1 бабында оның түсінігі бекітілген: нормативтік құқықтық акт - референдумда қабылданған не уәкілетті орган немесе мемлекеттің лауазымды адамы қабылдаған, құқықтық нормаларды белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, тоқтататын немесе тоқтата тұратын белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.
Құқықтың барлық қайнар көздері екі топқа жіктелуі мүмкін: нормативтік - құқықтық актілер (заңдар, жарлықтар, қаулылар, ережелер, шарттар) және нормативтік емес сипаттағы басқа құқықтың қайнар көздері (құқықтық әдет - ғұрыптар, сот прецеденттері және шешімдері). Аталмыш жағдайда нормативтілік заңдық актілерді шектеудің критериі ретінде болып және заңдық құжаттар құқық нормасынан, мемлекетпен бекітілген жалпы мінез құлық ережелерінен тұрады.
Нормативтік- құқықтық актілер:
* дифференцинделген, өйткені мемлекет механизмі, заңдық актілерді шығарумен жүзеге асырылатын, белгілі құқықшығармашылық құзіреттері мен маңызды көлемді басқа қызметтері бар тармақталған құрылым болып табылады;
* сатыланған, (мемлекет Конституциясы бас рөлде болғанда), не бұл жүйе түрлі ұлы заңдық актінің күші негізінде құрылады, оның нәтижесінде төменгі тұрған құқықтың қайнар көздері жоғары тұрғандарға қатысты тәуелді болады және оларға қайшы келмеуі керек. Көрсетілгендерден байқайтынымыз, кезкелген алдыңғы қатарлы мемлекеттерде құқықтың қайнар көздері реттелген, бірақ сонымен қатар олар қатаң жүйе құруы екіталай, әсіресе заңға бағынышты құқықшығармашылық актілері, құқықтық әдет ғұрыптар және прецеденттер. Бәрінен бұрын бұл белгілі бір құқықтық тәртіпті орнататын нормативтік және өзге заңдық актілердің жиынтығы.
Сонымен, нормативтік акт - бұл жалпыға міндетті заңдық нормалардан (мінез құлық ережесі) тұратын және мемлекеттің құзырлы органдарымен құрылған ресми құжат. Өз кезегінде нормативтік-құқықтық актілер мынандай түрлерге бөлінеді:
oo құқық теориясының көзқарасынан, заңдық күші бойынша заңдар және заңға бағынышты актілер. Нормативтік құқықтық актілер туралы Заңға сәйкес негізгі және туынды болып бөлінеді;
oo әрекет ету саласы бойынша;
Нормативтік актілер құқық жүйесінде өзара белгілі бір бағыныштылықта болады және сондықтан да бірдей емес заңдық күшке ие. Нормативтік актінің заңдық күші қандай орган қабылдағанына және бұл орган мемлекет механизмі жүйесінде қандай орын алатына байланысты. Мемлекеттік аппарат жүйесінде мемлекеттік органның орны жоғары болған сайын қабылданған нормативтік құқықтық актінің заңдық күшінің дәрежесі соншалықты жоғары болады. Нормативтік құқықтық актінің заңдық күшін басқа да нормативтік құқықтық актілердің мүмкіндігімен салыстырған кезде оның құқықтық мүмкіндігі ретінде түсінуге болады. Нормативтік құқықтық акт заңдық күші бойынша заңдар және заңға бағынышты актілер деп бөлінеді. Заң түсінігі Нормативтік құқықтық актілер туралы Қазақстан Республикасының Заңының 1 бабының 7 тарм. бекітілген. Құқық теориясында келесі анықтама берілген: заң - мемлекеттің және қоғамдық өмірдің әлде қайда маңызды саласын реттейтін және ерекше тәртіппен қабылданатын, жоғары заңдық күшке ие нормативтік- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нормативті құқықтық актілер: түсінігі мен түрлері
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ
Нормативтік құқықтық актілерді құқықтың қайнар көзі ретінде зерттеу
Құқық нысанының түсінігі
Құқықтың қайнар көздері. Нормативтi құқықтық актiлер.
Нормативтік - құқықтық актілер түсінігі
НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУДІҢ ЖАЛПЫ СИПАТЫ
Нормативтік шарттар
Президенттің нормативті жарлығы
Нормативтік - құқықтық акт
Пәндер