Қазіргі қоғамдағы заңдылық және құқықтық тәртіп



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
С.Бәйшев атындағы Ақтөбе университетінің колледжі

Курстық жұмыс
Тақырыбы:
Қазіргі қоғамдағы заңдылық және құқықтық тәртіп

Орындаған: Қазығұлова Мөлдір
Тексерген: Ерназарова М. П

Ақтөбе 2016

ЖОСПАР

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 3

1. ТАРАУ. ҚАЗІРГІ ҚОҒАМДАҒЫ ЗАҢДЫЛЫҚ ТҮСІНІК ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ БЕЛГІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Құқықтық тәртіп ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10
1.2 Заңдылық, құқықтық мемлекеттегі қоғамдық өмір жағдайы ... ... ... ... 13

2.ТАРАУ. ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП МАҚСАТ РЕТІНДЕ ЖӘНЕ ҚОҒАМДЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ НӘТИЖЕСІ ... ... ... ... ... ... ... ... . 16
0.1 Қоғамдық заңдылық пен құқықтық тәртіп арақатынасы ... ... ... ... ... . 20
2.2 Заңдылықтың, құқықтық тәртіптің кепілдіктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 27

ҚОРТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31

Кіріспе

Заңдылық - қолданылып жүрген құқық нормаларын оның барлық субъектілерінің (мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың, азаматтардың, барлық жеке және заңды тұлғалардың) қатаң және бұлжытпай сақтауы. Жұмыс істеуі тұрғысынан алғанда заңдылық қызмет принципі ретінде, билікті жүзеге асыру әдісі ретінде, қоғамдық - саяси өмірдің режимі ретінде, түрлі құқық қатынастарына қатысушыларға қойылатын талаптар жүйесі ретінде қарастырылуы мүмкін.
Заңдылықтың негізі заңдар болып табылады, яғни заң шығарушы жоғарғы органдар қабылдаған нормативтік - құқықтық актілер, ең бастысы бүкілхалықтық референдумда қабылданған және ең жоғарғы күші бар Негізгі заң (Конституция) болып табылады. Сондықтан, заңдылықтың ең басты белгілерінің бірі - нормативтік - құқық жүйесіндегі заңдардың жоғарылығы, бұл заңдар және мемлекеттің өзге де актілері Қазақстан Республикасы Конституциясына қайшы келмеуі тиіс.
Заңдылықтың жалпы кепілдіктері қоғамның экономикалық бостандық және ондағы әл - ауқат деңгейі ( әлеуметтік - экономикалық кепілдіктері), мемлекеттің құрылыстың конституциялық негіздерінің мызғымастығы және саяси режим демократизмінің деңгейі (қоғамдық- саяси кепілдіктер); сөз және баспасөз бостандығын қоса алғанда, идеологиялық плюрализм, зайырлы мемлекет шеңберіндегі діни бостандық (идеологиялық кепілдіктер).
Бағамдық жұмыстың мақсаты заңдылық және құқықтық тәртіп қоғамда алатын орнын көрсету.

1. Қазіргі қоғамдағы заңдылық түсінік және оның негізгі белгілері

Заңдылық - бұл мемлекеттік - құқықтық шындықтың барлық элементтеріне еніп кететін құбылыс. Оның мәні - қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құқық нормаларын қатаң, дәлме - дәл және бұлтартпай орындалуын, әрі ауытқымай қолдануы. Әрине, заңдылық құқық нормаларына негізделінген. Олай дейтініміз құқық нормасы жоқ болса заңдылық та болмайды деген сөз. Бірақта, осындай қиын, күрделі, әрі көпқырлылы заңдылықты тек құқық нормаларымен ғана байланыстырып түсіну қиын. Өйткені, құқық нормаларын заңдылықтың элементтері ретінде қарау біздің ғылыми көзқарастырымызға сыйыспайды, ол тек заңдылықты тудыратын алдыңғы табалдырығы ғана. Оның мазмұнын толық түсіну үшін әрқилы жақтарына (аспектілеріне) назар аударуымыз қажет. Заң әдебиеттерінде айтылғандарды топтастырып, оның мынадай жақтарына көз жіберелік:
oo заңдарды сақтауды талап ету;
oo қоғамдық өмір режимі;
oo мемлекеттік органдар мен жеке тұлғаның қызмет принциптері.
Заңдарды сақтауды талап ету жағынан қарасақ, заңдылық - бұл ең басты талаптардың жиынтығы болып табылады. Біріншіден, бұл заңдарды оған бағытталған (қатысты) адамдардың дәлме - дәл және бұлтартпай орындау талабы. Екіншіден, заңдардың және басқа да нормативтік актілердің иерархиялығын сақтау талабы. Үшіншіден, заңдарды шығарған органдардан басқа ешкімнің де оны жоя ала алмайтындығы талап ету. Төртіншіден, құқық қолдану актліренің заңдарға және басқа нормативтік актілерге сәйкестігін талап ету.
Заңдылық қоғамдық өмірдің режимі ретінде мемлекет органдарының азаматтарымен өзара қарым - қатынасын анықтауға бағытталғандығынан байқалады, әрі оларың мінез - құлықтары (тәртібі) заңға негізделініп іске асырылады. Сондықтан заңдарды орындау міндеті екі жаққа бірдей болады, ал заң жауапкершілігі олардың әлеуметтік- таптық (топтық) жағдайына және билік дәрежесіне қарамастан заң алдында бірдей қылып теңестірген.
Демек, заңдылықтың негізі заңдар болып табылады, яғни заң шығарушы жоғарғы органдар қабылдаған нормативтік - құқықтық актілер, ең бастысы бүкілхалықтық референдумда қабылданған және ең жоғарғы күші бар Негізгі заң (Конституция) болып табылады. Сондықтан, заңдылықтың ең басты белгілерінің бірі - нормативтік - құқықтық жүйесіндегі заңдардың жоғарылығы, бұл заңдар және мемлекеттің өзге де актілері Қазақстан Республикасы Конституциясына қайшы келмеуі тиіс. Сонымен бірге халықаралық шарттарға сәйкес болуы тиіс, өйткені соңғысының алдыңғылардан басымдылығы болады әрі тікелей қолданылады (оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайлардан басқа реттерден).
Заңдылық режимі демократиялық саяси режимнің ажыратылмас бөлігі болып табылады, себебі мемлекет білігін іс жүзіне асыру әдістемелері заңға негізделген.
Заңның жоғарылылығына басқа да заңдылықтың белгілері бар, олар:
oo заңдылықтың біртұтастылығы
oo еліміздің бүткіл аумағында
Конституция және өзге заңдар қолданылады, ал жергілікті өкілді және басқару органдарының актілері тек өз аумақтары шегінде қолданыс табады, сөйтіп олар Конституцияға, әрі заңдарға келмеуі тиіс.
Заң алдында барлығының теңдігі - әрбір адам лауазымдық, мүліктік, әлеуметтік жағдайларына, ұлттық және діни көзқарастарына қарамастан заңмен бірдей қорғалады және барлығы да бірдей заңдарды сақтауға, орындауға, қадірлеуге міндетті.
-Құқық бұзғандығы үшін әркім де заң жауапкершілігінсіз қалмайды дген сөз кез келген құқықбұзушылық дер кезінде ашылуы, оған кінәлі адам міндетті түрде жауапқа тартылуы тиіс.
-Заңдылықты қажеттілікке қарсы қоюға жол берілмейтндігі - заңдарды сақтау қажеттілігіне арқа сүйеп, қандай да болмсын одан ауытқуға бомайтындығын білдіреді. Демек, сәл ғана болса, да заңдылықты бұзуды ақтауға болмайтындығы.
-Заңдылық пен мәдениеттің тығыз байланыстылығы.
Заңдылық режимі қоғамдағы жалпы, әсіресе, құқықтық мәдениеттің алыптастауға көмектеседі.Заңдылықты түсінуде заңдылықтың субъектісі мен объектісі жөніндегі ұғымдар басты роль атқарады.
Заңдылықтың субъектісі болып мемлекеттік органдар және олардың лауазымды адамдары, азаматтар және олардың қоғамдық ұйымдары табылады. Заң тұжырымдарын қатаң орындау талаптарын қоя алатындардың барлығы да заңдылықтың субъектісі болып саналады. Сондықтан, осындай субъектілердің қатарында мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарынан басқа да азаматтардың өздері де бар, өйткені бұлар бір - бірне талаптар қоя алады. Заңдылықтың объектісі болып субъктілердің қызметі (мінез-құлық) табылады.
Солай бола тұрса да заңдылықты қамтамасыз ететін кепілдіктер де қажет. Заңдылық кепілдігі дегеніміз құқық тұжырымдарын сақтауды және оны өмірге енгізуді қамтамасыз ететін құралдар мен жағдайлар. Оған:
1) әлеуметтік - экономикалық, яғни қоғамның экономикалық дамуының дәрежесі, оның тұрмыстық әл - ауқатының деңгейі, меншіктің әр түрлілік және т.б.;
2) саяси, яғни қоғамның демократиялық дәрежесі, қоғамның саяси жүйесінің тұрақтылығы, саяси әр алуандығы және т.с.с.;
3) мәдениеттік (идологиялық), яғни қоғамдағы адамгершілік тәрбиенің деңгейі, азаматтардың арсында заң білімінің тартылуы және т.б.:
4) арнаулы - заңдық, яғни құқықтық талаптарды бұзушылықты алдын алып ескерту және болдыртпау мақсатында қолданылып жүрген заңдарда көрсетілген құралдар. Бұған жататындар: заңдарды жетілдіру, бақылау, қадағалау шарттары қорғау шаралары, жауаптылық шаралары, т.б.
Сондықтан, заңдылықтың бірнеше анықтамасын беруге тура келеді:
1. Заңдылық - бұл құқық қатынастарына қатысушылардың құқықтық норманы дұрыс сақтауын, орындауын, пайдалануын және қолдануын айтамыз.
2. Заңдылық - бұл осыларды орындаудың принципі немесе талабы.
3. Заңдылық - бұл қоғамды басқарудағы мемлекеттік әдістемелік, әрине, бұл құқық тұжырымдарын жаппай орындауға негзделген.
4. Заңдылық - осындай орындауға нгізделген қоғам өмірінің режимі.
5. Заңдылық деп мемлекет аумағында қолданылып жүрген барлық нормативтік құқықтық актілерді бүкіл құқық субъектілердің дәлме - дәл, қатаң және бұлжытпай сақтауларын және орындауларын айтамыз.
Заңдылықтың жай- күйіне әр түрлі фактілер ықпал етеді, солардың ішінен мыналарды атауға болады:
1)тұлғаға қатысты факторлар, яғни құқыққа қатысты құқық білімінің деңгейі, құқықтық мінез-құлықтың (тәртіптің) мотиві, тұлғаның психологиялық қасиеті, және т.б.
2) ішкі ортаға қатысты факторлар, бұл дегеніміз елдің экономикалық жағдайы, әлеуметтік - саяси жағдайы, мемлекеттік органдардың қызметінің ұйымдастырылу жағдайы, заңдарды жетілдіру деңгейі, т.с.с.;
3) нақты өмірлік жағдайды анықтайтын факторлар, яғни мінез- құлық варианттарын (құқыққа сай және құқыққа қарсы) қалаған уақыттағы тұлғаның нақтылы жағдайларға түсуі.
Заңдылықты құқықтық тәртіптен ажыратуымыз керек. Егер заңдылық құқықтық нормаларға негізделсе, ал құқықтық тәртіп, әрине, заңдылыққа негізделген.
Заңдылықтың субъектілері болып қоғамдық қатынастардың барлық қатысушалары табылады, нақты айтқанда: мемлекет және оның органдары; қоғамды және басқа да ұйымдар; еңбек ұжымдары; лауазымды тұлғалар; азаматтар. Заңдылықтың объектісі болып заңды міндетті тұлғалардың жүріс-тұрысы, олардың санасы, еркі мен әрекеттері табылады.
Заңдылықтың қағидалары-бұл заңдылықтың мазмұнын ашатын негізгі идеялар, бастамалар. Оларға мыналар жатады:
1) заң үстемдігі-барлық нормативтік және жеке құқықтық актілердің заңға бағыныстылығын білдіреді;
2) заңдылықтың тұтастығы-нормативтік актілерді түсіну мен қолдану елдің бүкіл аумағында бірдей болуы тиіс дегенді білдіреді;
3) заңдылықтың мақсатқа сәйкестілігі-құқықшығармашылық және құқықты жүзеге асыру қызметінің қоғамның мақсаттары мен міндеттеріне жауап беретін ең дұрыс түрлерін қатаң түрде заңдардың шегінде таңдау қажеттігін, заңдылық пен мақсатқа сәйкестілікті қарама-қарсы қоюды болдырмауды білдіреді, яғни, мақсатқа сәйкестілікті себеп қылып заңды бұзуға жол берілмейді;
4) заңдылықтың шынайылығы- құқықтық ережелердің барлық қызмет түрлерінде іс жүзінде орындалуына жетуді және оларды кез келген түрде бұзу міндетті түрде жауапкершілікті көздейтінін білдіреді.
Заңдылық дегеніміз -- мемлекеттің конституциясын, парламенттің қабылдаған заңдарын, президенттің заң күші бар жарлықтарын қатаң бақылап, оларға нышан келтіруге жол бермеу. Заңға тәуелді актілерді бақылау заңдылыққа жатпайды. Заңдылықтың мазмұны үш элементтен құрылады.
1. Қоғамда әділ заң саясаты болу керек. Сол арқылы мемлекеттің заңдары бостандықты, тендікті, адамгершілікті, инабаттылықгы, парасаттылықты т.б. жақсылықты қорғау керек; мемлекет пен азаматтардың арақатынасын дұрыс басқару.
2. Конституцияның, заңның мазмұнын толық іске асыру, дұрыс орындау. "Сөз бен іс бір жерден" шығу керек.
3. Конституция мен заңды халықаралық құқықтың принциптерін қатаң қорғау, оларға нұқсан келтіруге жол бермеу.
Міне осы элементтер іс жүзінде бірігіп, қалыптасса, қоғамда заңдылық орнап, құқықтық мемлекет орнатуға мүмкіншілік болады.
Заңдылықты қорғау субъектілері: мемлекет, оның органдары, лауазымды тұлғалар, қоғамдық ұйымдар егерде заңды рұқсаты болса. Жеке тұлғалар-азаматтар заңдылықты қорғаудың субъектісі болмайды. Олар заңды бұзса, құқықтық тәртіпті бұзған болып саналады.
Заңдылық - дамыған елдердің саяси, мемлекеттік, экономикалық, әлеуметтік, мәдениеттік құрылысының негізі. Жақсы заңдылық қоғамның барлық саласына өзінің әсерін, ықпалын тигізеді. Заңдылықтың өзіне тән ерекшеліктері:
- заңдылық барлық қоғам көлемінде дамиды; оны орындау, дамыту барлық қоғамның жұмысы. Бұл жұмысты қамтамасыз ету мемлекеттің, бірлестіктердің, одақтардың, ұжымдардың, саяси партиялардың міндеті. Бақылау мемлекеттік органның жұмысы.
- заңдылық нормативтік актілермен тығыз байланыста дамиды. Олар бір-біріне зор әсер етіп отырады. Бірі жақсы дамыса екіншісі де жақсы дамиды, нашар дамыса, екеуінің де деңгейі төмен болады.
Сондықтан заңдылық мемлекетте бір-бірімен тығыз байланысты екі мәселені дұрыс дамытуды қалайды:
- заң шығаруды дамыту, нығайту, кемшілікке жол бермеу;
- заңды бұлжытпай, уақытында орындауды қамтамасыз ету. Заңдылықтың негізгі талабы:
- заңның үстемдігін қамтамасыз ету;
- заңды түсіну мен орындаудың бірлестігін қатаң, орындау;
- адам өз құқығын, өз бостандығын қорғаймын деп басқаның құқығына нұқсан келтірмеуге міндетті;
- заңдылыққа еш мәселені қарсы қоюға болмайды;
- құқықты бұзушылыққа қатаң күрес жүргізу.

1.1 Құқықтық тәртіп

Құқықтық тәртіптің жоғары дәрежеде болуы заңдылықтың деңгейіне байланысты. Заңдылық жақсы болса, тәртіп те, жақсы болады. Бұл екеуі бір-бірімен тығыз байланыста дамиды.
Азаматтарды тәрбиелеудің әр мемлекетте тиісті жүйелері болады, оның түрлері: саяси, құқықтық, моральдық, эстетикалық т.б. Бұлардың әрқайсысының өзіне тән ерекшеліктері болады. Бірақ бәрі бірігіп бір мүдде-мақсатты іске асыруға, орындауға үлес қосады. Мақсат - азаматтардың рухани сана-сезімін, психикасын, білімін, өмірлік тәжірибесін, тәртібін, адамгершілігін көтеріп жақсарту. Құқықтық нормалардың басым көпшілігі әдептілік нормалардан нәр алады, соларға арқа сүйейді. Неғұрлым құқықтық нормаларға әдептілік нормалар арқау болса, соғұрлым заңдардың әділеттік, адамгершілік мәні жоғары болады.
Осы жүйенің негізгі түрлерінің бірі - құқықтық тәрбиелеу. Бұл жұмыс екі бағытта жүргізіледі: бірінші бағыты -- азаматтарға құқықтық білім беру; екінші бағыты -- олардың құқықтық сана-сезімін жақсарту. Құқықтық тәрбиенің негізгі мақсаты:
- адамдардың қоғамдағы құқықтық жүйесін, оның мазмұнын жақсы біліп, жақсы түсінуін қамтамасыз ету;
- адамдардың заңға, құқықтық тәртіпке деген мінез-құлқын, іс-әрекетін жақсарту;
- адамдардың құқықтық нормаларды дұрыс қолдану, дұрыс орындау тәжірибесін жақсарту.
Құқықтық тәрбиелеу жүйесі үш элементтен тұрады:
1) субъект - мемлекеттік орган, лауазымды тұлғалар - тәрбие жұмысын жүргізетін;
2) объект -- адамдар;
3) құқықтық тәрбие көлемінде жүргізілетін арнаулы жұмыстар, іс-әрекеттер.
Құқықтық тәрбиені іске асыру, орындау механизмі төрт бөлімнен тұрады:
1) қоғамдық құқықтық сана;
2) құқықтық норма жүйесі;
3) құқықтық тәрбие жұмысының нысаны және әдіс-тәсілдері;
4) тәрбие жұмысымен қамтылған адамдардың құқықтық сана-сезімі.
Осы құқықтық тәрбиенің механизмі арқылы қоғамдағы заңдылықты, құқықтық тәртіпті дамытып, жақсартуға мүмкіншілік қалыптасады.
Құқықтық тәртіптің мазмұны - субъектілердің дұрыс тәртібі, нормативтік актінің талабына сәйкес жұмыс жасау, іс-әрекетте қателікке жол бермеу. Құқықтық тәртіптің құрылымы - қоғамның санасымен байланысты тұрғыда іс-әрекет жасап, қатынас арқылы өздерінің мүдде-мақсатын іске асыру. Құқықтық тәртіптің ерекшелігі - бұл қарым-қатынас құқықтық норма арқылы өмірге келіп, мемлекетгің бақылауында болады. Егерде қарым-қатынаста қателіктер кетсе, оны мемлекеттік орган түзетуге тиіс.
Әскери құқықтық тәртіптің өзіне тән ерекшеліктері болады: өздерінің жеке арнаулы заңдары, ережелері болады. Барлық қарым-қатынас сол заңдармен реттеліп, басқарылады. Жалпы саясатта ешқандай айырмашылық жоқ. Текреттеуде, басқаруда өзгешіліктер болады.
Сонымен, құқықтық тәртіп дегеніміз - қоғамдағы қатынастардың жүйе-салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп, орындалуы.
Құқықтық тәртіп - бұл заңдылыққа негізделіп, құқықпен реттелінген қоғамдық қатынастардың нақтылы жағдайы. Осыдан келіп, құқықтық тәртіп, дегеніміз- бұл заңдылықтың нәтижесі. Оның ерекшелігі мынада: ол, біріншіден, құқық нормаларында көрсетілген; екіншіден, құқық нормаларын іске асырғаннан кейін пайда болады; үшіншіден, мемлекеттің (күшімен) құралдарымен қамтамасыз етіледі; төртіншіден, азаматтардың өмірлік қызметі үшін қолайлы жағдайлар жасалынады; бесіншіден, заңдылықтың қорытындысы болып табылады.
Құқықтық тәртіп мемлекеттік қызметтің ең маңызды мақсаты, өйткені тұлғаның бостандық дәрежесі, олардың құқықтары мен бостандықтарының шындығы, сонымен бірге демократияның дамуы және жалпыадамдық құндылықтың салтанатты оған байланысты.
Құқықтық тәртіп- бұл субьектілердің құқықтық мінез-құлығымен сипатталатын қоғамдық қатынастар жүйесі; бұл әлеуметтік байланыстардың реттелу жағдайы, заңдылықтың шынайы қоғамдық қатынастарға айналуының нәтижесі.
Құқықтық тәртіптің ерекшелеіктері:
а)ол құқық нормаларында жоспарланған;
ә)осы нормаларды жүзеге асырудың нәтижесінде туындайды;
б) мемлекетпен қамтамасыз етіледі;
в)қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылуына жағдай жасайды;
г)заңдылықтың нәтижесі болып табылады.
Құқықтық тәртіп қоғамдық тәртіптің негізін қалайды. Осы екеуінің арасында айырмашылық құқықтық тәртіп құқық нормаларының талаптарын іске асыру кезінде пайда болса, ал қоғамдық тәртіп бүкіл әлеуметтік нормалар жүйелерінің құқық нормалары, адамгершілік нормалары, қоғамдық ұйымдардың нормалары, әдет - ғұрыптар, дәстүрлер іс - қимылдарының нәтижесі. Сондықтан қоғамдық тәртіптің ұғымы құқықтық тәртіп ұғымына қарағанда кең мағынада түсіндіріледі. Бұдан келіп туындайтын қортынды: кез келген құқықтық тәртіпті бұзушылық (құқықбұзушылық) сонымен бірге қоғамдық тәртіпті бұзушылық болып табылады. Бірақта құқықтық тәртіп бұзылмаса да, кейбір жағдайларда қоғамдық тәртіп бұзылуы мүмкін. Құқықтық тәртіп мемлекет тарапынан қорғалады, ал басқа әлеуметтік нормалардың (құқықтық емес), мысалы, дәстүр, мораль бұзылуы қоғамдық шараларды қолдауға (мемлекеттік ықпал етуден өзгеше) әкеп соқтырады. Мысалы, адамның әдепсіз қылықтары қоғамдық тәртіпті бұзуға әкелсе оған тек қоғамдық айыптау, сөгіс қолдануы мүмкін.
Сөйтіп, құқықтық тәртіп дегеніміз құқық субъектілерінің мемлекет аумағындағы қолданылып жүрген барлық құқық нормаларын сақтау мен орындауға негізделген қоғамдық қатынастардың ықшамдалған жай - күйі. Егер заңдылықтың нәтижесі құқықтық тәртіп болса, ал қоғамдық тәртіп- бұл тәртіптің нәтижесі.
Тәртіп дегеніміз қоғамдағы қалыптасқан құқық нормалары мен моральға, сонымен қатар қандай да болмасын ұйымдардың талабына сай келетін адамдардың нақтылы мінез - құлық тәртібі.
Тәртіп өз ұғымында мынадай түрлерді қамтиды:
1) мемлекеттік - бұл мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын талаптарды орындауға байланысты тәртіптің ерекше бір түрі;
2) еңбектік - бұл ұжымдағы нақты ішкі тәртіп ережелеріне бағынуға байланысты еңбек қатынастарына қатысушыларға қойылатын талаптар;
3) әскери - бұл әскери қызметшілердің жарғылардағы, бұйрықтардағы, т.б. ережелерді орындау.
Мемлекеттік тәртіптің өзге де түрлері бар, айталық, қаржылық, жоспар, шарттық, технологиялық, т.б.
Демек, тәртіп - бұл заңдылыққа қарағанда өте кең мағыналы ұғым, өйткені ол тек құқық нормаларын ғана емес, одан туындайтын, қосымша әлеуметтік мінез - құлық нормаларын сақтау, - деген сөз.

1.2 Заңдылық, құқықтық мемлекеттегі қоғамдық өмір жағдайы

Қоғамдық өмірдің тұрақты құбылысы ретінде, заңдылық өркениетті қоғамда пайда болады құрылды, оның заң алында шын теңдікті қамтамасыз ететін қабілетті болуы қажет. Ондай жағдайлар, көбірек базарлық экономикамен құрылады, себебі жеке меншік бостандығы барлығына бірдей мүмкіндік туғызады.
Материалдық игілік өндіру ортасында, өндірушілерді бірдей пайдалы жағдайға жетуді қамтамасыз ету - құқықтық мемлекеттің басты міндеті. Мүліктік теңсіздік заңдармен жасалмайды, тек әр адамның табиғи мүмкіндіктеріне байланысты болады. Сондықтан, әзірше қоғамда адамдардың теңсіздік жағдайы материалдық игілік өндіру аясында және рухани бағалықта орын алып отырғанына байланысты, олардың заң алдындағы теңдігін және заңдылық туралы айтуға болмайды.
Мемлекетпен шығарылған заңдарды сақтау талабы баяғыда, өте ерте кезде белгіленген. Римнің заңгерлері қайткен күнде заңдарды сақтау қажеттігін (заңдар қатаң, бірақ ол заң- деген). Рим құқығының жүйесі, мүліктік қатынастарды реттеу аясында заңдылықтың негізі (базасы) болды, кейіннен өркениетті нысанға бөлінеді, біртіндеп барлық қоғамдық қатынастарға қатынасушыларының заң алдындағы шын теңдігімен толтырлады. Формальды түрде, феодалдық қоғамдағы заңдылық туралы айтуға болады. Мысалы, бір ортаға біріккен феодалдық мемлекеттердің құрылу кезіндегі, орталық мемлекеттік биліктің өздері шығарған заңның орындалуы туралы талаптарын айтуға болады.
Заңдылық, адам баласы қоғамының үйлесімді қызметіне қажетті жағдай ретінде, анық күш ретінде кейінгі кезде белгілі болды. Қоғамдық қатынастар жаңа сапаға ие болады біртіндеп, салыстырмалы тәуелсіз және ерікті түрде материалдық игілікті өндірушілерге айналады. Сонымен, адал құқықтық заңдардың әрекетіне қажетті негіз құрылады олар бірдей деңгейде, барлық, соған қатынасқан қоғам мүшелерінің мүдделерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің түсінігі мен қағидалары
Заңдылықтың түсінігі және қағидалары
ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП АРАҚАТЫНАСЫ
Заңдылық құқықтық мемлекеттегі қоғам өмірінің жағдайы ретінде
Құқықтық тәртіп мақсат ретінде және қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу нәтижесі
Құқық және заңдылық, құқықтық тәртіп
Қоғамдық қатынастардың жағдайы құқық нормалардың талабына сәйкес болса - құқықтық тәртіп
Құқықтық нормалардың белгілері
Заңдылық пен құқықтық тәртіптің әлеуметтік маңызы
Зандылықпен кұқықтық тәртіптің кепілдіктері
Пәндер