Мемлекет пен құқық арасындағы қатынас



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
С.БӘЙІШЕВ АТЫНДАҒЫ АҚТӨБЕ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК КОЛЛЕДЖІ

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

ТАҚЫРЫБЫ: МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚ, ОЛАРДЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ
ПӘНІ: МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ
МАМАНДЫҒЫ: 0201000 ҚҰҚЫҚТАНУ

Орындаған: Б. Е. Жеңісов
Ғылыми жетекшісі: Ә. Қ. Компаева

Қорғауға жіберілді (жіберілмейді)
Экономикалық, әлеуметтік және құқықтық
пәндік бірлестігінің жетекшісі
_________________________ Г. С. Исатаева
қолы
________________________2018ж.

Ақтөбе 2018 жыл
С.Бәйішев атындығы Ақтөбе университетінің медициналық-әлеуметтік колледжі ЖШС-і

Мамандығы: 0201000 Құқықтану
Топ білім алушысы ___________________________________ ______________
(білім алушының аты-жөні)
Мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша
___________________________________ _______________________________
(курстық жұмыстың тақырыбы)
___________________________________ _______________________________
тақырыбына жазған курстық жұмысына
Пікір
___________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ _________________________________________________ ________________________________________________________

Бағасы___________________________________ _________________________
Курстық жұмыстың тапсырылған күні_______________________________ __
Пікір жазушы: Компаева Ә. Қ.____ _______________________________
(аты-жөні)
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3-5
І ТАРАУ. МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚ, ОЛАРДЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ
1.1 Мемлекет пен құқық арасындағы қатынас 6-14
1.2 Тұлғаның құқықтық мәртебесі 14-16
ІІ ТАРАУ. АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ: ҰҒЫМЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
2.1 Азаматтық қоғам 17-20
2.2 Азаматтық қоғам және Қазақстандағы мемлекет 20-23
ҚОРЫТЫНДЫ 24-25
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 26
ҚОСЫМШАЛАР

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың тақырыбы: Мемлекет пен құқық, олардың арақа-тынасы. Мемлекет және құқық теориясы-экономика даму үшін, яғни содан шығып, және мемлекеттіліктің пайда болуы үшін ең бастапқы елеулісі еңбектің үш ірі бөлініске(жер шаруашылықтан мал шаруашылығы бөлінді, мал шаруашылықтан қол өнер бөлектенді, тек қана айырбаспен айналысатын адамдар тобы құрылды) бөлінуі. Осындай еңбек бөлінісі және осыған байланысты еңбек құралының жетілдірілуі оның өндірістік өсуіне түрткі болды. Артық өнімдер шыға бастауы жеке меншіктің пайда болуына әкеп соқтырды, осының нәтижесінде қоғам қанаушы және қаналушы деп бөлінетін, ауқатты және ауқатсыз класска бөлінді.
Курстық зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жеке меншік пайда болудың маңызды салдарына қоғамға сәйкеспейтін, әрі оның барлық мүшелерінің мүддесін білдірмейтін көпшілік билік бөлініп шығуы жатады. Билік рөлі бай адамдарға берілді, олар басқарушылар санатына айналды. Олар өздерінің экономикалық мүддесін қорғау үшін жаңа саяси құрылымы - мемлекетті құрады, яғни бәрінен бұрын ауқаттылардың еркіне қызмет ететін құрал(аспап).
Мемлекет бір таптың басқа тапты басқаруын сақтау мен қолдау мақсатында, сондай-ақ қоғамды тұтастай организм ретінде өмір сүруі мен қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында пайда болды.
Класстық күрестің шарттарына байланысты Ф. Энгельс рулық құрылыстың үйінділерінен мемлекеттің пайда болған үш негізгі - афиндік, римдік және ежелгі германдық нысандарын бөліп қарастырды.
Курстық жұмыстың міндеті:
Афиндер - бұл мемлекеттің пайда болуының ең таза, классикалық нысаны, ол тікелей рулық құрылыстың ішінде дамитын таптық қарама-қайшылықтардан туындайды. Бұл үрдісте этаптық маңызға Тезейдің, Солонның, Клисфеннің реформалары ие болды.
Римдік - мемлекеттің құрылыуының ерекшелігі бұл үрдістің плебейлердің римнің атақты тайпасымен - патрициялармен күресімен жеделдетілгендігі болды. Плебейлер жаулап алынған аумақтардың халқының бостандыққа ие адамдары болды, алайда рим тайпаларынан шетте болып, рим халқының бөлігі болмады. Жерге ие бола отырып, плебейлер салық төлеуге және әскери қызмет атқаруға тиісті болды, бірақ та қандай да бір лауазымға ие болуға құқықтары болмады, рим жерлерін қолдана алмады және оларға билік ете алмады. Негізгі революциялық күш ретіндегі плебейлердің патрицияларға қарсы күресі туысқандық қатынастардан тұратын, ежелгі қоғамдық құрылысқа қарсы күрес болды. Бұл күрестегі плебейлердің жеңісі ескі, топтық ұйымды құртып, аумақтық бөліске және мүліктік өзгешеліктерге негізделген мемлекеттік құрылысты туындатты.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізі: Қазақстан Республикасының Конституциясы.
Зерттеу жұмысының нысаны:Ежелгі германдық мемлекеттің пайда болуы, қандай да бір дәрежеде, герман тайпаларының Рим империясының батыс бөлігін жаулап алуымен байланысты. Сол уақытта рулық құрылысқа ие бұл тайпалар өздерінің ұйымдарының көмегімен римдік провинцияларды басқара алмады, себебі топтық ұйым билік етуге қалыптастырылмаған еді. Мәжбүрлеу мен күштеудің арнаулы аппараты қажет болды. Қарапайым әскери бастық нағыз монархқа, ал халықтың игілігі корольдің меншігіне айналды; рулық құрылыс органдары мемлекеттік органдар болып қайта құрылды.
Мемлекеттің пайда болуының ерекше жолы Шығыста туындады, онда өндірістің азиаттық тәсілі (Египет, Вавилон, Қытай, Үндістан және т.б.) нысаны көбірек таралды. Мемлекеттің пайда болуының мұндай жолы бұл қоғамдардағы көлемді әлеуметтік жұмыстарды жүргізудің қажеттілігімен байланысты (ирригациондық құрылыстарды салу мен эксплуатациялау, суармалы жер шаруашылығын ұйымдастыру және т.б.). Сондықтан бұл жерде рулық құрылыстың әлеуметтік-экономикалық құрылымдары - жер қауымы, ұжымдық жеке меншік және осы тапсырмалардың сипатына сәйкес келетін өзге де құрылымдар берік, мығым болды. Ежелгі Шығыста пайда болған алғашқы мемлекеттер таптыққа дейінгі болды, олар бір уақытта селолық қауымдарды қанаумен де, және оларды басқарумен, яғни өндірістің ұйымдастырушылар еді.
Сонымен қатар, бұл теорияда экономикалық детерменизммен және таптық қарама-қайшылықтармен көбірек айналысып, сонымен қатар бір уақытта ұлттық, діни, психологиялық, әскери-саяси және мемлекеттің пайда болу үрдісіне әсер ететін өзге де себептердің дұрыс бағаланбағаны көрініп тұр.
Курстық жұмыстың құрылымы: Жұмыс кіріспеден(кіріспе 2 тараудан), негізгі бөлімнен(негізгі бөлім 3 тараудан) және қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттен тұрады.

І ТАРАУ.МЕМЛЕКЕТ ПЕН ҚҰҚЫҚ, ОЛАРДЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ
0.1 Мемлекет пен құқық арасындағы қатынас

Мемлекет пен құқық арасындағы қатынас - бұл мемлекет пен құқық идеалары, ұғымдары арасындағы қатынас емес, нақты дүниеге қатынасты байланыс категориясы.
Мемлекет пен құқық бірін-бірі туғызбайды. Олардың екеуі де қоғамнан туындаған.
Олардың әрекеттері үнемі жанасып жатады. Мемлекет құқықты іске асыруға қатысады, құқықтық нормалар өз күшін мемлекетке де жүргізеді. Бұл заңдылық, өйткені құқық пен мемлекет бір органикалық тұтастықтың тараптары болып табылады. Мемлекет пен құқықтың ара қатанасы олардың бірлігімен, айырмашылығымен және өзара байланысымен сипатталады.
Мемлекет пен құқықтың бірлігі мынада:
-Олар бірге пайда болып, дамиды.
-Мәндері мен тұрпаттарын зерттеудің бірдей жолдары болады.
-Биліктің, басқарудың құралдары болып табылады.
-Жеке, топтық және қоғамдық мүдделерді үйлестіру, қамтамассыз етуге арналады.
-Бір базиске негізделіп, әлеуметтік - экономикалық, рухани және т.б. факторлармен анықталады.
Мемлекет пен құқық арасындағы айырмашылық:
-Мемлекет саяси биліктің айрықша ұйымы болса, құқық әлеуметтік реттеуші болып табылады.
-Егер мемлекет күшті білдірсе, құқық- ерікті білдіреді.
-Мемлекеттің бастапқы элементі мемлекеттік орган болса, құқықтікі- норма болып табылады.
-Олар қызметтері, нысандары және т.б. бойынша да сәйкеспейді.
Мемлекет пен құқықтың өзара байланысы:

бір жағынан, мемлекет құқықты қалыптастырып, өзгертіп, тоқтатады(құқық шығармашылығы), сол сияқты оны іске асырады, қорғайды(құқық қолдану);
-келесі жағынан, құқық, оның органдарының құзіретін белгілеп, мемлекеттік қызмет аппаратын реттей отырып, мемлекетке ықпал етеді.
Бұл мағынада құқықтың саяси негізі туралы емес, саясаттың құқықтық негізі туралы айтылады. Құқық саяси феномен емес. Тек мемлекеттің құқық шығармашылық қызметі мен оның нәтижелері- заңдар, мемлекеттік биліктің басқа да нормативтік актілері саясат болып табылады. Мемлекет пен құқықтың қайсысының бастапқы болуына байланысты олардың өзара қатынастарының екі негізгі типін теоретикалық бөліп қарастырады:
1)Мемлекеттің шешуші фактор ретінде құқықтан жоғары тұруы (антидемократиялық мемлекеттерге тән сипат);
2)Құқықтың шектеуші ретінде мемлекеттен жоғары тұруы (құқықтық мемлекеттерге тән қасиет).
Бірақ, мемлекет өз қызметінің көп бөлігін құқықтық нормаға жұмсағанымен ол өзгеру мүмкіндігінен айырылмайды, мүлдем байланысты жағдайда қалмаиды дегенді естен шығармау керек. Дегенмен, өзінің күйреуін қаламаса ол өз субъективтік қалауы бойынша құқықты шетке қалдыра алмайды. Сол себепті, мемлекет пен құқықтың өзара қатынасын тең тараптардың диалектикалық өзара байланысы ретінде қарстыру дұрыс деп саналады.
Адамдардың пайда болып, жер жүзінде өмір сүре бастағанына екі миллиондай жыл болды. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес адамдардың өздерінің дене құрылысы да, миы да, тәжірибесі де, пайдаланатын құралдары да дамып отырды. Соның нәтижесінде осыдан 40 мың жыл бұрын қазіргі типті адамдар (хомо сапиенс) қалыптасты. Адамдардың дене құрылысының өзгеруі тоқтап, оның орнына олардың қауымдық құрылысы, тәжірибесі басыда бәсең, кейін қарқынды түрде дами бастады. Бұл процесс бірте-бірте алғашқы қауымдық қоғамды өмірге әкелді. Қоғамның дамуы екі бағытта жүріп отырды: адамдардың өмірлік тәжірибесінің дамуы және соған сәйкес пайдаланатын құралдардың өзгеріп, прогрестің жаңаруы. Бірақ бұл процесс басында өте бәсең дамыды.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік дамуы екі кезеңге бөлінді:
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырыды. Бұл объективтік даму процестің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс -- б.з.д. 10-15 мыңжылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі өсіп, молайды. Қоғамдық еңбек төрт тарауға бөлінді: малшылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысын кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды.
Сонымен құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объектівтік заңдары:
-қосымша өнім пайда болуы ;
-жеке меншіктің қалыптасуы ;
-қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі.
Құқықтың дамуы - адам қоғамның дұрыс өмір сүруінің негізгі объективтік заңдылықтарының бірі, әлеуметтік нормалардың қалыптасып қоғамдағы қарым- қатынастарды реттеп, басқаруы. Әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалар) қоғамның даму процесіне бірте-бірте құқық нормаларға айналуы. Сондықтан құқықтық мемлекеттен аз да болса бұрын қалыптасты деуге болады. Алғашқы қоғамда мемлекеттік кезеңнің басталуын бері қарай құқықтық қарым-қатынастардың басым көпшілігін реттеп, басқаратын нормаға айналды. Қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді актілер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.
Құқық екі жолмен дамыды. Біріншісі мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моральдік-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңы, Мұсылман елдерінде Құран: екіншісі - жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп - басқару.
Таптық қоғамда, қанаушылық, әділетсіздік басым болған мемлекетте құқық- үстем таптың заңға айналдырған мүддесі болады. Бұл мүддені заңға айналдырушы және заңдардың орындалуын ұдайы қадағалап отырушы - үстем тап қолындағы мемлекеттік аппарат. Құқық үстем таптың мүдесін қорғаумен бірге қоғамдық мақсатты да реттеп- басқарып отырды.
Құқықтық таптың мәні, қоғамдағы ролі , мазмұны мен нысыны, сайып келгенде қоғамның экономикалық саяси, әлуметтіе сипатына және мәдени өсу дәрежесіне байланысты. Мысалы, К.Маркс Гот программасына сын еңбегінде: Құқық еш уақытта да экономикалық құрылыстан және қоғамның соған сәйкес мәдени дамуынан жоғары бола алмайды деген. Құқықтың нормалары қоғам дамуының саяси, әлеуметтік, мәдени және т.б. мұқтаждарына неғұрлым сай келсе, соғұрлым пайдасы әсер мол болмақ.
Сонымен құқық-мемлекет шығарған немесе бекіткен, мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етіліп отыратын жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалардың жиынтығы.
Мемлекеттік дамуы - мемлекет қоғамдық еңбек бөлінісінің, жеке меншіктің пайда болу нәтеже сінде алғшқы қауымдық құрлыс тапқа бөолінуінің туындысы. Мемлекет жария өкіметтің пайда болуы мен іс- әрекетінің нәтежесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі саларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш-қуатын сүйенетін басқару жүйесі .
Шығыс елдерінде (Иран, Индия, Қытай, Араб елдері ) мемлекеттің қалыпта-суы басым түрде қоғамдық меншікті қорғауға байланысты. Себебі бұл елдерде алғашқы қоғам ыдырауы кезінде күрделі құрлыстар болды: ірі су каналдарын жасау, суармалы ирригациялық жүиелер қалыптаптыру, құрғақшылықпен күрес Міне осы күрделі жұмыстарды жақсы жүргізу үшін қоғамдық мемлекеттік меншік қалыптасты. Сол меншіктің иелері: ченовник-тер, ру, тайпа басшылары, король, императорлар болды. Король - император-лар жердегі құдай дәрежесінде болды. Сөйтіп бұл елдерде көбінесе мемлекеттік деспотизм орнады. Бұл елдердің экономикасы, әлеуметтік жағдайы, демократия өте бәсең дамыды. Мемлееттік биліктің, қоғамдық меншіктің басында - абсолюттік манарх болды, одан төменгі - екінші дәрежедегі билік уәзір министрлердің қолында, одан төменгі билік - чиновниктерде болды. Осы биліктер - бәрі бірігіп қалың бұқараны қанауда болды. Қоғамдық меншікпен қатар, жеке меншік те дамыды.
Еуропалық елдерде мемлекеттің жеке меншіктің шапшаң, күрделі дамуы, қоғамның тапқа бөлінуі арқылы қалыптасты.
Афина мен Римде алғашқы қоғамның ыдырауы кезінде экономикалық күшті топтар мен таптар мемлекетті өз қолдарына алып, өз мүдде-мақсаттарын орындайтын мемлекеттік аппарат орнатты. Бұл мемлекеттер көбінесе демократиялық жүйедегі саяси бірлестік болып қалыптасты. Мұнда құлдардың саны жергілікті халықтан бірнеше есе көп болып, жаңа мемлекеттік басқару аппараты құрылды. Жергілікті халықтың арасында қайшылыққа жол бермеу саясаты қалыптасты. Республикада қатаң заңдылық, құқықтық тәртәп орналды.
Германияда мемлекеттің қалыптасуы басқаша болды. Мұнда құл иелену көп дамымады. Қалың бұқара байларға тәуелді болды, феодалдық қатынастар дами бастады. Рим империясының біраз жерін Германия өзіне қаратып, феодалдық мемлекеттің дамуын тездетті. Осы типті мемлекеттер Европаның бірнеше елдерінде, Ресейде, Ирландияда, Азияда, Орта Азия елдерінде қалыптасты.
Мемлекеттің алғашқы қоғамдағы биліктен айырмашылығы:
Халықты туысқандығына қарамай, территориясына сәйкес біріктіру. Билікті осы территорияда жүргізу.
Қоғамдағы басқаратын арнаулы аппараттың құрылуы. Бұл аппарат үстемдік таптың, топтың, мүдде-мақсатын орындау үшін қалыптасты.
Салық жүйесінің болуы. Арнаулы мемлекетті басқаратын аппаратта қызмет жасайтын адамдарды әлеуметтік қамтамасыз ету үшін салық қалыптасты.
Мемлекеттің пайда болуы, даму себептерінің ерекшеліктеріне;
Қоғамды бсқаруды, жақсарту, дамыту: қоғамның жұмысының көлемі де, шеңбері де молайып, кеңейіп ескі басқару аппараты тиісті дәрежеде жұмыс жасай алмады. Жаңа мемлекеттік аппарат қажет болды;
Қалың бұқараның, қаналушы таптың үстемдік тапқа, топқа қарсы іс-әрекетін әлсірету, жою үшін күшті мемлекеттік аппарат керек болды;
Қоғамдағы, экономиканың дамуы үшін, әлеуметтік жағдайды жақсарту үшін басқарушы аппараттың нығайту керек болды;
Қоғамның қорғанысын күшейту үшін, заңдылықты, құқықтық тәртіпті қатаң сақтау үшін мемлекет керек болды.
Қазақстан мемлекетінің тәуелсіздік алғаннан бері 20 жыл өтті. Тарихи ауқымын алғанда бұл - уақыт жиынтығы ғана, ал мұндай уақыттың ішінде, әлбетте, мемлекеттің дамудың сапалы жағынан жаңа үлгісін қалыптастыру біршама қиын.
Қазақстан Конституциясы (30.08.1995ж.) мемлекетіміздің беріктігін нығайта түсті, билік салалары арасындағы өкілет бөлісуді заңды түрде бекітті. Азаматтық қоғам институттары құрылды, адам құқығы сақталуының кепілдіктері бекітілді, бұқаралық ақпарат құралдары еркін жұмыс жасауда.
Экономика да өзгеріп жатыр. Жыл өткен сайын ұлттық рынок толыққанды бола түсуде. Мемлекеттің ішкі экономикалық кешені қалыптасты. Экономикалық құрылымдық қайта құруы жүріп жатыр. Қазақстан халықаралық рынокқа жан-жақты араласуда.
Қазақстан егемендігі алынды, тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасты және әлемдік қоғамдастықтың толық құқылы мүшесі, оның ажырамас бөлігі болып келеді. Еліміз БҰҰ-ның мүшесі болды. Қазіргі кезде ҚР әлемнің 117 мемлекетіне танылды, олардың 105-мен дипломатиялық қатынастар орнатылды. Мемлекетаралық және үкіметаралық 800-ден астам шарттар мен келісімдер жасалды.
Бұл кезең еліміз үшін мемлекеттік құрылыс мәселелерінің бірінші дәрежелі маңызы болды. Жаңа мемлекеттің іргелі негіздері қаланды, қоғамдық дамуды ретттеп және бағыттап отыруға қабілетті біртұтас мемлекеттілік билік қалыптасты. Қоғамның рухани өміріне, оның әлеуметтік көңіл-күйіне, ұлттық сананың түлеуіне байланысты салаларда да біршама күрделі жұмыстар атқарылды. Қазақстан зайырлы, демократиялық, құқықтық және әлемге ашық мемлекет құруда. Бұл принциптер біздің Конституциямызда баянды етілген.
Алдағы уақытта саяси реформаны іске асыратын бес басым бағаттары анықталды:
Мемлекеттік басқару жүйесін жаңалап жетілдіру. Мұндағы басым міндеттер - мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы құзыреттіліктің ара-жігін айқын ажырату, бюджетаралық қатынастар жүйесін жетілдіру.
Сайлау жүйесін одан әрі жетілдіре беру, оның жүргізу процесі бұрынғыдан да айқын әрі ашық болуы тиіс. Сайлаудың нәтижесін анықтау процесіне автоматты ақпараттық жүйені енгізу.
Саяси жүйені демократияландыру үшін азаматтық қоғам институттарын одан әрі нығайта беру. Үкіметтік емес ұйымдармен бірлесіп жұмыс жасау. Бұл туралы жаңа заң қабылдануға тиіс.
Бұқаралық ақпарат құралдарының қоғамымызды демократияландыру барысындағы рөлі мен орнын айқын көрсету Үкімет БАҚ рыногындағы бәсекелестік барысын айқын қадағалап отыруға, оның монополияға айналуына жол бермей, тежелеп отыруға тиіс.
Құқық қорғау мен сот органдарының қызметін жетілдіре беру мемлекеттік органдардың басты мәселелерінң бірі болуға тиіс. Алқа билер институтын кезеңдерде де, сондай-ақ сот сатыларында да оңайтылған және жеделдетілген рәсімдерін енгізу көрсетілген.
Қорыта айтқанда мемлекет пен құқық мыңдаған жылдар бойы бір-біріне біршама ұқсас заңдылықтармен дамыды деп айтуға болады. Сонымен қатар, құқық - қоғамның экономикалық үстіндегі қондырма. Яғни, құқық мемлекет пен қоғамның көптеген салаларында реттеуші механизм функциясына ие болады. Құқық нормалардың бүкіл қоғаммен орындалуын қамтамасыз ететін мемлекет болып табылады. Құқық мемлекеттік аппарат күшімен өз функцияларын атқарады.
Мемлекет алғашқы қауымда әлеуметтік шиеленістерді шешіп, қоғамды бір ретке келтіру үшін пайда болды. Мемлекет - қоғамды басқару органдар жүйесі арқылы көрініс тауып, ежелгі заманнан дами берді. Әдетте мемлекеттің дамуы құқықтың дамуымен сәйкес болады, өйткені халықтың өмірін реттегенде, тәртпті орнатқанда құқық маңызды рөл атқарады. Осылай мемлекет пен құқықтың дамуы бір-бірімен ұштасып, қазіргі заманға дейін жетті.
Мемлекет пен құқықтың маңызы зор. Қоғамның тұрақтылығы осы екі құбылыстың арқасында сақталып тұр. Адамдардың арасында келеңсіз жағдайлар мемлекет пен құқықтың араласуымен шешуге болады. Сондықтан, мемлекет пен құқық қоғамдағы көптеген мәселелерді шешіп, адамдарды біріктіру үшін пайда болды деп айтуға болады. Сәтті сауатты да, салауатты пайдалану - зиялылардың төл парызы мен борышы мемлекеттілікті дамыту екені хақ. Адамдардың рухани қажеттілікері, қоғамдағы тура қатынастар мен шиеленістер, белгілі қауымдық ережелерді уақыт өте құқықтық нормаларға айналдырды. Қоғамдағы сан қырлы тұлғалардың әрекетін реттеуде маңызды орынға ие болып, құқық нормалары әлі де мінсіз емес. Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланыста, онымен бірге дамиды: олардың бостандығын қалыптастырады, мінез-құлқына, іс-әрекетіне, тәртібіне, сана-сезіміне жан-жақты әсер етеді, мақсаттар мен мүдделердің іске асуына қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды.
1.2 Тұлғаның құқықтық мәртебесі
Құқықтық мәртебе - бұл субъектінің қоғамдағы заңды бекітілген жағдайы. Құқықтық мәртебе тұлғаның іс жүзіндегі (әлеуметтік) мәртебесін, оның қоғамдағы нақты жағдайын белгілейді. Бұл адамның Конституцияда баянды етілген мемлекеттегі рөлі мен орны.
Құқықтық мәртебе субъектілердің Конституция және заңдармен танылған құқықтыры мен міндеттерінің жиынтығы. Сол сияқты мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өз әлеуметтік рөлдерін атқаруда пайдаланатын өкілеттіктері.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 1 бабы мемлекеттің ең қымбат қазынасы адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары дей отырып мемлекеттің адам алдындағы жауапкершілігі қағидасына назар аударады. Тұлғаның құқықтық мәртебесі төмендегідей элементтерден тұрады:
1)құқықтар мен міндеттер;
2)заңды мүдделер;
3)құқық субъектілігі;
4)азаматтық;
5)заңды жауапкершілік;
6)құқықтық қағидалар және т.б.
Конституцияның II бөлімі адам мен азаматтың жеке, әлеуметтік- экономикалық және саяси құқықтары мен міндеттерін бекітеді. Адам құқығы- адамның мүдделерін қанағаттандыруға бағытталған, заңмен қорғалатын ықтимал мінез-құлық өлшемі. Тұлғаның бостандығы- бұл да адамның ешқандай да бөгеті жоқ құқығы. Адамның жеке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық қатынастың құрылымы
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ҰҒЫМЫ, ОЛАРДЫҢ БЕЛГІЛЕРІ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ МЕН АСПЕКТІЛЕРІ
ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Құқықтық қатынас - ерікті қатынас
Құқықтық қатынастардың субъектілері. ҚҰҚЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАРДЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
Құқықтық қатынастардың түрлері
Құқықтық қатынас түсінігі және оның элементтері
Құқықтық қатынастардың субъектілері
Пәндер