Қорқыт ата жырларының тәрбиелік маңызы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ҚОРҚЫТ ATA ТАҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІНЕ СИПАТТАМА
1. 1 Қорқыт ата кітабының халықтық ұғымы . . . 7
1. 2 Қазақ аңыздарындағы Қорқыт бейнесінің танымдық рөлі . . . 13
2 ҚОРҚЫТ ATA ТАҒЫЛЫМЫН КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАР ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ
2. 1 Қорқыт тағылымдарындағы мәдени-тарих маңызы . . . 19
2. 2 Қорқыт туралы мифологиялық болжамдардың ұлттық этнопедагогикадағы рөлі . . . 25
2. 3 Қорқыт Ата мұралары туралы қазақ ағартушыларының ой-пікірлері . . . 34
3 ҚОРҚЫТ АТАНЫҢ ХАЛЫҚ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ РӨЛІ
3. 1 Халықтың бақытты өмірін аңсау Қорқыт тәлімінің
басты идеясы . . . 44
3. 2 Қорқыт Ата мұрасының халықтық маңызын талдау . . . 51
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 62
КІРІСПЕ
«Қазақ, халық боламын десең, бесігіңді сыйла».
М. Әуезов.
Дипломдық жұмыстың көкейтестілігі хақында.
Этнопедагогика - белгілі бір халықтың өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, тәрбиелік, мәдени мұрасы. Қазақтың халық педагогикасы (ауыз әдебиеті мен салт - дәстүрлері) педагогика ғылымының бір қайнар көзі ретінде ғасырлар бойы дүниетанымдық және тәрбие құралы болып қалыптасты да, ұлттық мәдени мұраға айналды. Ұлттық мәдениет пен халықтық білімді дамытуда педагогикалық (тәлім-тәрбиелік) ойлардың жазбаша түрде нұсқа болып қалуы - ұлттық тәлім-тәрбие ісіндегі негізгі бір алтын өзекті этнопедагогикалық арқау болып табылады. Сөйтіп, халықтың әдебиеті мен салт-дәстүрлері, ұлы адамдар жазып қалдырған ұлттық педагогикалық ойлар этнопедагогика ғылымының түзілуіне негіз болды.
Этнопедагогика ғылымы әр халықтың оқу, білім, тәлім-тәрбие т. б. мәдени болмысындағы ұлттық ерекшеліктерді көрсетеді. Әрбір ұлттың мәдениеті ана тілінде, төл әдебиеті мен ұлттық білім негізінде дамитыны белгілі. Мемлекеттік мәртебеге ие болған ұлттық тілімізде этнопедагогика ғылымын түзеп, оны пән ретінде сол мемлекеттік тілде жүргізудің өзі - халық санасын ұлттандырудың басты құралы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым миннистрлігі ұлттық мәдениетіміздің негізі болып табылатын қазақ этнопедагогикасын пән ретінде мектептерде оқыту жөнінде (1993-1998 жыл) мемлекеттік жарлықтар жариялады. Сондықтан да - егеменді ел мәдениетінің ұлттық белгісін айқындайтын абабалар тағлымдары екендігіне күмән жоқ. Біз кіші мектеп жасындағы оқушылардың дұрыс есеюіне қаншалықты ерте кіріссек, оның нәтижесі де жемірті болатынын тәірибе көрсетті.
Ұлағатты тағылымдар - азаматтық көзқарастың ұлттық және жалпы мәдениетінің қайнары. Сондықтан біз өзіміздің дипломдық жұмысымыздың тақырыбы етіп Қорқыт Ата өсиетіне арнадық.
«Қорқыт ата кітабын» зерттеуге қазақ ғалымдары да атсалысып келеді. Оған соңғы жылдар жазылған Р. Бердібаев, Х. Сүйіншәлиев, М. Жолдасбеков, Н. Келімбетов, С. Қасқабасов, Ш. Ибраев еңбектерін атауымызға болады.
Ал «Қорқыт ата кітабы» екінші қолжазба нұсқасы Ватикандағы (Италия) Аростолика кітапханасында сақталып келеді. Бұл қолжазба алты жардан құралған, ол: «Хикаят оғыз-наме Казанбек уа гайри» деп аталады. Мұны осы кітапханадан тауып, итальян тіліне тұңғыш рет аударған ғалым Эттория Росон болды.
«Қорқыт ата кітабының» Дрезден қаласында сақталған толық нұсқасын зерттеу, Еуропа тілдеріне аудару ісі XIX ғасырдың бірінші жартысында басталған еді.
1885 жылы немістің белгілі ориенталист ғалымы Р. Ф. Диц бұл шығарманың бір тарауын - сегізінші хикаясын неміс тіліне аударып, баспасөзде жариялады. 1859 жылы екінші бір неміс ғалымы Теодор Нельдеке осы нұсқаны неміс тіліне толық аударып шықпақ болды. Бірақ ол бұл істі аяғына дейін жеткізе алмады да, барлық материалдарын өзінің шәкірті В. В. Бартольдке тапсырды.
В. В. Бартольд бұл кітапты зерттеу, аудару ісімен ондаған жылдар боый айналысты. Сөйтіп, ол «Қорқыт ата кітабын» 1922 жылы орыс тіліне аударып шықты. Бірақ бұл аударма ғалымның көзі тірісінде жарық көрген жоқ. Бұл аударма 1962 жылы академик В. М. Жирмунский мен А. Н. Колоновтың редакциясымен басылып шықты.
Дрезден, Ватикан нұсқаларын негізге ала отырып, В. Бартольд басылымын Ә. Қоңыратбаев қазақ тіліне тәжімалап шыққан.
Қорқыт ата кітабы жайында К. Иностранцев, Ә. Диваев, А. Тумажкий, А. Кастанье, В. Бартольд, А. Н. Самойлович, А. Ю. Якубовский, т. б. ғалымдардың көптеген еңбектері бар. В. М. Жирмунский жырдың «Байбөрі баласы бәлісі Байрақ» туралы саласын «Алпамыс батыр» жырының басы дейді. Археология қоғамының хаттарының 1910 жылы XX томында К. Иностранцевтің «Қорқыттың тарихтағы және аңыздағы келбеті», В. Бартольдтың «Сұлтан Санжар және оғыздар» деген еңбектерінде бірқатар тарихи мағлұматтар келтірілген.
Оғыздардың қаһармандық эпосын әдеби, тарихи және тілдік тұрғыдан кешенді түрде зерттеген белгілі әзірбайжан ғалымы, көрнекті түрколог Х. Г. Көроғлы болды.
Стамбул университетінің профессоры Эргин Мухарям «Қорқыт ата кітабының» толық мәтінін латын әрпімен транскрипция жасап, бастырып шығарды. Бұл кітапқа қосымша ретінде шығарманың Дрезден және Ватикан қолжазба нұсқаларының факсимилесі де енгізді.
«Қорқыт ата кітабын» өзінің тарихилығы, сюжеті, образдарының саралығы суреттейтін өмір тұрғысы, салт-сана көрініс жағынан қазақтың батырлар жырларына өте жақын. Сондай-ақ «Қорқыт ата кітабында» исламнан бұрынғы мифология көріністері елеулі орын алды. Мысалы, «Аруз батырдың қойшысы мен пері қызынан Табакөз дәу туды. Аруыздың жау қолында өскен қыздын ұлы Бисат өлтіреді». Сол Бисатты жасында таудағы арыстан асырайды. Букаш батырдың өгізді' женуі. Д омрульдын Әзірейілмен соғысуы да мифологиялық желі. Бұл - өте ерте заманнан келе жатқан мифологиянын аңыздар. Бұл сарын «Оғызнамадан» бері келе жатқан Жетісу, Алтай, Қыпшақ. Оғыз тайпаларының патриархат дәуірінде туған жаңа тотемдері болатын (арыстан, айдаһар, т. б. ) . Букаш батыр тұсында сол төтем реалдық батыр пультіне айнала бастаған. Осы белгілеріне қарағанда бұл жыр батысқа емес, шығысқа тән сюжет дейміз. Жырдағы көшпелі өмір суреттері, ерлік аталар пульті ғана емес, шаманизм, поэтиканың өрнектері де қазақ ұғымына өте жақын.
З. Бартольд, В. Жирмунский, Х. Коргулы «Қорқыт ата кітабында» ертедегі көшпелі тайпалирға тән мифология, аңыз шежірелеріміз элементтері аралас жүр десе, осы белгілерге қарап, біз жырдың Кавказ немесе Сыр бойында туғаның ондағы анимизм, тотемизм, шаманизм сарандарына қарап анықтаймыз.
Бұл тарихи-әдеби мұра Сыр бойындағы оғыз-қыпшақ дәуірінде жырланып, ХҮ ғасырда Қафказ жерінде хатқа түскен. Оны ерте замандарда Үзандар жырлаған. Түрік лугатын жазған Фархант III ури бұл атауды қолына тамбур алып, өлен-жыр айтатын адам, оларды оғыздар «Үзам» деп атаған. Өздері көбіне «Оғызнама» жырлаған деп көрсетеді. Кейбір тарихи мағлұматтарға қарағанда, «Қорқыт ата кітабының» айтушысы Қорқыттын өзі, тек соны ханына оның немерелері жырлап беретін болған. Әрбір қиссаны аяқтаған соң, жырау: «Бұл жырды мәнін Қорқыт атам айтып, сөзін қүраған еді», деп отырады. Сол себепті жырға «Менім атам оғыз тайпасының ұлы тілінде жазылған кітабы» («Китап дадам Коркут гали лисан тайфа огузан») деген ат берілген.
«Қорқыт ата кітабы» бүкіл Орта Азиядағы түркі тілдес халықтарға, Кавказдағы әзірбайжан, Осман түріктеріне кеңінен жайылған сюжет. ХІҮ-ХҮ ғасырларда «Оғызнама», «Қорқыт ата кітабы» иран, араб тілдеріне де аударылған, академик В. Бартольд бұл сюжеттін Кавказ, Туркияға ортақтығын Шынғыс шабуылы кезіндегі селжуктердің батысқа қарай ығысып көшуінен болған құбылыс дейді. Ол кезде селжуктердін бір қанаты Кавказ, Иран жеріне дейін барса, екінші қанаты - ғұздар ( оғыздар) осы күнгі түрікмен жерінде қалған. Оғыз-қыпшақ руларының осы толқыны Қорқыт жырларын Кавказ, Анатолия түріктері арасына жеткізген.
Бұл жырды әзірбайжан халқы да иемденіп келеді. ХІҮ ғасырдағы сұлтан Баязит заманынан бері бұл сюжетті көбірек зерттеген елдердің бірі - Осман түріктері. Баязит сұлтанның Қорқытзада дейтін баласы болды. Өзі әнші, ақын әрі сауыққой болса керек. Осман түріктері Қорқыт жырларын соның есімімен байланысты айтатын көрінеді. Иностранцев пен Бартольд Осман түріктерінің мал бағудан қол үзе бастағанын ескеріп, бұл анықтаманы қабыл алмайды, «Қорқыт ата кітабында» Сыр бойында көшпелі түрік тайпалардың өмірі жырланады деп біледі.
Зерттеудің міндеттері.
- Қазақтың ұлттық тарихына ізі қалған тұлғалар тағылымдарын қазіргі тәрбиеде пайдалану жолдарын сипаттау;
- Қорқыт Ата тағылымдарын этнопедагогика іліміне енгізу арқылы тәрбие процесінің ұлттық нақышына баға беру мүмкіншіліктерін жасау;
- Ұлттық тәрбиенің педагогикалық ұстанымдарын қазіргі тәрбиенің негізгі көзі ретінде пайдалану жолдары.
Зерттеудің жетекші идеясы.
Кіші жастағы оқушыларға тәрбие беруде қазақтың тағылымдарын педагогикалық құрал ретінде пайдалану мүмкіншіліктерін оқу-тәрбие процестеріне енгізу.
Ұлттық тағылымдардың психологиялық педагогикалық тұрғыдан ғылыми негіздеу.
Зерттеудің мақсаты.
Қазіргі мектептегі ұлттық оқу-тәрбие процесінің теориялық және ғылыми-әдіснамалық жағынан негіздеу, оны тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар арқылы тексеріліп, әдістемелік ұсыныстар беру, арқылы зерттеуді жүйелеу қажеттілігі.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері.
Жеке тұлғаның даму тәрбиесі, оқушылардағы ақыл-ой мен танымының, іс-әрекеттің үйлесімдік теориясы және ұлттық өнегелерді оқу-тәрбие процесіне пайдаланудың жүйелі тұтастық амалдарын ғылыми зерделеу.
Теория мен практиканың диалектикалық бірлігі туралы, жүйелі-құрлымдық қатынас туралы философиялық және психологиялық-педагогикалық тұжырымдар жүйесін жасау тұжырымдары.
1 ҚОРҚЫТ ATA ТАҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МӘНІНЕ СИПАТТАМА
1. 1 Қорқыт ата кітабының халықтық ұғымы
Қорқыт атына байланысты ауызша жазбаша қыруар деректердің бас-аяғын жүйелеп, олардың мазмұнының бір ізге түсіруге әрекеттенер болсақ, ең алдымен ол кім, өз заманында қандай саяси және қоғамдық қызмет атқарады, тарихта болған нақтылы тұлғама, әлде қиялдан туған діни немесе көркем бейне ме дейтін сауалдар көкейде тұрары анық. Бұл сауалдардың түйіні берер қысқа тұжырымнан шешіле қоймайды. Ондай болатыны Қорқыт есіміне қатысты мәліметтердің қай-қайсысында да нақтылықтан гөрі аңыздық сипат басым. Түркі халықтарының эпсаналарына, аңыздарына, мифтеріне, бақсылық сарындарына, аталар сөзіне, өлең-жырларына, эпостарына бір сөзбен айтқанда фольклорлық жанрлардың көбіне арқау болған мұндай тұлға арғы-бергі тарихта некен-саяқ. Қалай болғанда да мұның астында қуатты бір құбылыстың болғаны анық.
Ғылымға белгілі болған барлық дерек көздеріне сүйенер болсақ, Қорқыт - сегіз қырлы, бір сырлы қасиеті мен қызметі жан-жақты тұлға. Ол - бақсы болашақты болжайтын көріпкел әулие, асқан күйші, емші, жырау (озан), ру мен тайпа кеңесшісі, дана қарт барлық қиындыққа қарсы түра білген ержүрек адам, тайпа кеңесшісі, елші, уәзір, сарай маңындағы беделді қызметкер, ислам дінінің жақтаушысы Қорқыт есімімен тікелей тіркесіп қолданылатын анықтамалар ата, әуеле, бақсы, дана сөздері. Бұлардан басқа сирек ұллырасатын пір, баба, ер сияқты эпитеттер де бар.
Шығыстан батысқа дейін ұлан-ғайыр жерге созылып жатқан қазіргі түркі халықтарының ауызша және жазбаша деректерінен орын алған бұл анықтамаларда қайшылық бар. Алдымен екі дінге тәңірлікке де, исламға да құлшылық еткен адамдарды көреміз. Ол аз болса, Қорқыт бір жағынан ру-тайпаның мүддесін қорғайтын адам, екінші жағынан жалпы біртұтас мемлекеттің саяси қайраткері. Бұл ұғымдарды бір кісінің бойшна үйлестіріп, тарихи бір мезгілде сыйдыру мүмкін емес.
Бірақ осы деректерді тарихи сатылары бойынша қоғамдық-әлеуметтік құбылыстармен, саяси өзгерістермен сабақтастыра отырып, нақтылы тарихи адамнаң өзін емес, ол туралы ел санасындағы ұғымды мезгілдік шекарасы бойынша созып қарайтын болсақ, онда белгілі бір пәтуаға келуімізге болады. Бұл түптеп келгенде, Қорқыт бейнесінің халық түсінігіндегі эволюциясы болып шығады.
Осы орайда, мына бір мәлімет аса қызықты. Аңыз бойынша Қорқыт өте ұзақ жасаған. Рашид Әл-Дин мен Әбілғазының айтуына қарағанда, оның жасы 295 жасқа келген. Мұның себебеі Қорқыттың өмірі мен қызметі әмбебап сипат алып, түрлі дәуірге, саяси-әлеуметтік оқиғаларға апарып телінгендіктен де оның жасын ұзартып көрсету орын алған болуы керек. Оның үстіне бұл жағдайға бақсылар ұзақ жасайды, олар іс жүзінде өлмейді деген түсінік те қосарлануы ықтимал.
Арғы-бергі шекарасы шартты осы үш ғасырға жуық уақыттың тұпқазығы, яғни Қорқыттың өмір сүрген дәуірі қай ғасырларға жатуы мүмкін?
Деректерге жүгінейік. «Қорқыт ата кітабының» кіріспе сөзінде (Қорқыттың нақыл сөздері) Қорқыт Мұхаммед пайғамбар заманында өмір сүрді деп көрсетіледі. Рашид Ад-Диннің «Жамиғат тауарихында» ол оғыз әмірлерінің оныншы үрпағы Қайы - Инал ханның замандасы. Бұл мәліметтерді Әбілғазы толығырақ келтіреді.
Әзірбайжан мен Кіші Азия жеріндегі Қорқытқа қатысты ғұмырнамалық дерек көздеріне және «Қорқыт ата кітабында» бұл тұлғаны сарай маңындағы кеңесшіге, уәзірге, ислам дінін жақтаушыға айналдыру басым екенін бірден аңғаруға болады. Осыған қарап, қорқыт заманы ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығы дегенге ойысу орын алып жүр. Алайда, бұл деоектерге сүйеніп, Қорқыттың өмір сүрген заманы және қоғамдық қызметі дәл омылар деп түсінбесек керек. Оны сарай кеңесшісінен һәм мұсылман әулиесіне айналдыру кейінгі дәуірдің қоспасы екені даусыз.
Әрине, Қорқытқа қатысты айтылатын мейлі ол ауызша аңыз-әңгіме болсын, мейлі ол мүлдем өзгертілген жазба мәдениеттер болсын, олардың тақыр жерге пайда болмағаны анық. Там-тұмдап болса да әрбір деректердің өз қисыны, табан тірер дәлелі бар. Оның өзегі қайсы, қиял болса да шындық деп қабылдаған ұғымдық астары қайсы, оны ажырату зерттеушілердің ісі. Дерек пен тарихи шындықтың арасындағы сәйкессіздік әрдайым жазып не айтып отырған адамның өткенді білмеуінен ғана пайда болмайды. Бұл арада өз дәуірінің саяси-әлеуметтік жағдайларын, қоғамдық тұғырын, тарихи тағлымын ескеріп, деректі икемдеп кәдеге асырудың да орын алатынын есте ұстау қажет.
Қорқыт есімінің мүлдем өшіп қалмай, исламдық түркі халықтарының арасында сақталып келуі осының айғағы. ХҮ ғ. Ә. Науаидің «Қорқыт жайлы түсіндіріп жатудың қажеті жоқ, оның есімі барлық түріктерге кеңінен танымал» - деуі де осындай жағдайға байланысты болса керек.
Асылында, Қорқыт ислам дінін қабылдап болған оғыздардың ішінде дүниеге келсе, осыдан кейін оны шамандық идеологиясының басты өкілі етіп көрсетудің ешбір қисыны болмас еді. Ал оғыздардың ежелгі мекені Қазақстан мен Орта Азияда Қорқыт бақсылардың пірі, алғашқы бақсы ретінде айтылатынын жұртшылық жақсы біледі.
Жалпы фольклордық дәстүрде бергі заманда өмір сүрген, болмаса ойдан шығарылған кейіпкерлерді мифтік түсініктерімен араластырып, іс-әрекетін заманы жағынан көнертіп көрсететің құбылыстар жиі кездесе береді. Бірақ, бұл идеологиялық тұлғаларға жүрмейтін заңдылық.
Ислам дініне берілген адамды қобыз тартырып, ажалға қарсы тұрғызу мүмкін емес, оған не Қорқыттың өзін, не болмаса ол жайында әңгіме шығарған халық исламды бергі заманда да қабыл алмағандықтан деуден басқа лаж жоқ. Бұл қисынсыз.
Сондықтан да Қорқыт оғыздар ислам дініне кіргенге дейін өмір сүрген адам деп айту дұрыс. Ал бұл IX ғасырдан бері болуы мүмкін емес. Сонда ғана Қорқытқа қатысты деректер жүйесін тауып, мән-мазмұны бойынша ретке келмек.
X ғасырдың кейін батысқа қарай қоныс аударған оғыздардың ислам дініне бір жола ден қойғандығы белгілі. Әрине, бұрынғы діни ұғымдарды есте сақтап қалған шағын топтың рулардың бұл кезде де болатындығы анық. Бірақ, мұндай шағын топ Қорқыт сияқты қуатты тұлғаны тарих аренасына шығарып, оны қыпшақ және оғыз тобындағы түріктерге түгел мойындата алмаған болар еді.
Демек Қорқыттың тарихи ортасын исламға әлі бас ұрмаған қалың оғыз бен қыпшақтардың арасынан іздеуіміз қажет. Бұл мерзім шамамен алғанда оғыздардың Оңтүстік және Батыс Қазақстан, Сырдарияның төңірегін мекендеген ҮІІІ-ІХ ғасырлар аралығына деп келеді.
Қорқыт заманын ықшамдай келіп бұл мерзімнің ішінен ҮІІІ ғасырға тоқталған жөн. Себебі Қорқыт туралы айтылатын деректердің дені, әсіресе ауызша аңыз-әңгімелер эпсаналар исламға деген наразылықты байқатады. Қорқыт маңдайға жазылған тағдырға мойынсынбай, өлімге қарсы күреседі, мәңгі өлмеудің жолын іздейді. Бірақ бәрібір ажал тырнағынан қашып құтыла алмайды.
Бұл - Қорқытқа дейін де болған әлемдік сюжет. Мәселе бұл жерде осы сюжеттің қайта жаңғыруында. Оған қозғау салған екі идеологияның, екі діннің бетпе-бет келген жағдайы керек. Тәңірлік ұғым мәңгілік ұғымды өмірді дәріптесе, ислам о дүниеге тірілу қиамет қайымнан кейін ғана болады деп уағыздайды. Адамның өлімі бар болғаны өмір сүрудің басқа бір түріне ауысу деп санайтын тәңірлік дінге қысым түсе бастаған тұста оның ең негізгі идеологиялық мүмкіндігі адамның шындап өлетіндігіне, өлгеннен кейін құдай қайта тірліткенше жоқ болатындығына қарсы күресуге бағытталады. Қорқыт тұлғасы осы идеологияның ең негізгі тұжырымдалған қозғаушы күшіне, басты мән - мазмұнына айналады. Оның барлық әрекеті адамның бір жола өлмейтіне өзгелердің көзін жеткізуі еді.
Бұл әрекеттің астарында көшпелілердің ғасырлар бойы сенген діни идеологиясы тұрды. Әруақтарға сену, олардың басқа дүниеде бізбен бірдей қатар өмір сүретіндігіне иланған көшпелілер бұл көзқараспен оңай қоштаса алмаған. ҮІІІ ғасырда ислам қанатын кен жайып, дүниені дүр сілкіндірген араб империясының іргелес елдерге, көшпелі әлемге ықпалы артқаны мен, байырғы дінің құндылықтары күнбе-күн тіршіліктен толық ығыстырылған жоқ еді. Мұның сипаты, әсіресе өтпелі кезен болып саналатын ҮІІІ-ІХ ғасырларда айрықша көрінеді. Тәңірлік дін Азия мен Қазақстан жеріне мыңдаған жылдық тарихының соңғы ұлы серпілісін дәл осы кезеңде бастап өткеріп жатты.
Осы орайда, атап өтерлік жайт тәңірлік сенімнен мұсылмандыққа ауысудың ортасында жалпы дін атаулына жоққа шығарған атеистік көзқарас тұрған жоқ. Мұнда бір дінді екінші бір дінмен алмастыру процесі жүріп жатты. Жалпы сенім атаулыны жоққа шығару, яғни атеистік көзқарас арқылы, бір діннің орнына екінші дінді қатарға қосу қисынсыз жағдай. Сондықтан да ойға қуат, бойға дәт беретін қастерлі ұғымдар біртіндеп алмастырылады.
Табиғатты аялап, әруақтарға сиыну сияқты тәңірлік діннің дүниетанымдық қағидаларға ұштастырылды. Бұны исламға ден қойған байырғы көшпенділердің тарихы күні бүгінгі дейін растап отыр. Әруаққа табынып, қысылғанда жәрдем сұрау, қазақ, қырғыз, түркімен, өзбек сияқты халақтар әлі ұмытпаған.
Жібек жолымен тек бұйымдар ғана емес, әртүрлі көркемдік стиль модалары да тек таратылатын болған, әрине егер олардың әлеуметтік заказы болса, олар белгілі этикалық мәдени ортадағы күнілгері әзірленген жерге тап бола қалса, кенінен тарап кетеді екен.
Орта ғасырдың бастапқы кезінде Азияда аса кен аймақтары мен елдердің бейнесі ретінде әлемнің төрт патшалығының концепсиясы етек алып жайлаған еді. Осынау «Әлем патшалығының» әр қайсысы замандастарының көз алдында өзіне ғана тән артықшылығымен дараланған. Суй әулеті (589-618 ж. ж) мен Таң әулеті (618-907 ж. ж) өкіметтерінің қаласында біріккен Қытай, Үнді билеушілерінің патшалықтары. «Тынық мұхиттан» бастап, қара теңізге дейінгі Түрік бірлестігі. Перция мен Византия сияқты мемлекеттер дүниенің төрт тұсында орналасқан әлемдік төрт монархияның негізі деп саналады: оңтүстіктегілдер патшасының империясы (Үндістан) батыста-бағалы тастар патшасы (Иран мен Византия), солтүстікте сәйгүліктер патшасы (Түрік қағанаты), шығыста-адамдар патшасы (Қытай) . Осы идея сосьш мұсылман авторларына да ауысып келеді.
Самарханд маңындағы Хушония қыстағы үйлерінің қабырғаларындағы суреттер осы концепцияның айқын көрінісі болады, онда бір Қытай императорлары. 2-ші қабырғаларында Түрік хандары, мен Үнді врахмандары, 3-де Парсы патшалары мен Рим императорлары бейнеленген еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz