Заң алдындағы жауаптылық және құқықтық санкциясы


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы : « Заң алдындағы жауаптылық және құқықтық санкциясы». Құқықтық тәртіп субъектілердің дұрыс тәртібі, нормативтік актінің талабына сәйкес жұмыс жасау, іс-әрекетте қажеттілікке жол бермеу.

Курстық жұмыстың міндеті: құқықтық тәртіптің құрылымы - қоғамның санасымен байланысты тұрғыда іс-әрекет жасап, қатынас арқылы өздерінің мүдде-мақсатын іске асыру. Құқықтық тәртіптің ерекшелігі - бұл қарым-қатынас құқықтық норма арқылы өмірге келіп, мемлекеттің бақылауында болады. Егер қарым-қатынаста қателіктер кетсе, оны мемлекеттік оргондар түзетуге тиіс.

Сонымен құқықтық тәртіп дегеніміз - қоғамдағы қатынастардың жүйе-салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп, орындалуы. Сонымен құқықтық тәртіп дегеніміз - қоғамдағы қатынастардың жүйе-салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп, орындалуы.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Құқық бұзушылық ең алдымен неге қауіп төндіреді? Заңның қорғауына алынған өзге тұлғалардың мүддесіне. Дегенмен адамның барлық мүддесі заңмен қорғала бермейді, сондықтанда оған нұқсан келтіру әр уақытта да құқыққа қайшы болып саналмайды, тиісінше құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды. Мәселен, бәсекелестік, біреудің жеке экономикалық мүддесіне залал келтіруі мүмкін, бірақ бұл құқық бұзушылыққа жатпайды. Яғни, құқық бұзушылықтың мәні мемлекет шығарған құқық нормаларына қайшы әрекеттермен байланысты болады. Барлық құқық бұзушылық қоғамға қауіптілігінің сипаты мен деңгейіне байланысты екі топқа бөлінеді: 1) Қылмыс, 2) Теріс қылық.

Курстық жұмыстың мақсаты: қоғамдық қатынастағы құқықтық тәртіптің жүзеге асырылуын, құқық бұзушылықтың алдын алу шараларымен танысу.

Қайнар көздері: 2013жылы Алматы баспасынан шыққан Д. А. Булгакованың «Мемлекет және құқық теориясы» оқулығын пайдаландым.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.


I-БӨЛІМ. Құқықтық тәртіп, құқық бұзушылық туралы жалпы түсінік

  1. Құқықтық тәртіп ұғымы, оның негізгі түрлері мен себептері

Құқық бұзушылық - құқыққа сай емес тәртіптің негізгі түрі болып табылады (оның басқа түрі - объективтік құқыққа қарсытәртіп және соған құқықтық тәртіптің түрлерінің бірі, себебі, соған қатысты құқыққа сай емес тәртіп (құқыққа сайлықпен қатар) оның түрі ретінді көрінеді.

Құқық бұзушылыққа мынандай белгілер тән:

1) Құқық бұзушылық - бұл әр уақытта әрекет және тек әрекет, яғни әрекет, әрекетсіздік не вербальдық (сөз жүзіндегі ) тәртіп. Құқық бұзушылыққа ой, сендіру, берік ниеттен, егер олар сырттан көрінбесе. Адам заң үшін өзінің тәртібінсіз өмір сүрмейді, оған өз кезінде Гегель де көңіл аударған.

2) Құқық бұзушылық - бұл әрекет, ол қоғам үшін қауіпті, оған зиян келтіреді. Мұнда көңіл аударатын нәрсе, құқық бұзу мүмкін емес, нақтылы қоғамдық қатынастарға тиіспей. Құқық бұзушылық (бұл атауға қарсы әріпті талқылау) заң нормаларының өзіне зиян келтірмейді. Ондай жағдай зиянды, не болмаса нақтылы құқыққа қауіп ті және заңмен қорғалатын жекелеген қоғамдық қатынастардың ықыласына әсер етеді.

Құқықты бұзғанда белгілі адамдар, олардың ұйымдары, ал құқық нормалары әрекетін жалғастыра береді және міндетті деп есептеледі.

3) Құқық бұзушылық - бұл құқыққа қарсы әрекет, яғни ондай әрекетті жасауға құқықпен әртүрлі нысанда тыйым салынған (тікелкей тыйым салу, позитивті әрекет жасауға, әрекеттің жазалануын белгілеуге арналған заңды міндеттерді тапсыру) . Құқыққа қарсылық дегеніміз - құқықтығы әрекеттің қоғамдық зияндылығын көрсету.

4) Құқық бұзушылық-бұл әртүрлі уақыттағы кінәлі әрекеттер: кінәсіз құқық бұзушылық жоқ. Кінә-бұл құқық бұзушылықтың өзінің әрекетіне ерекше психикалық қатынасы және оның нәтижесіне де қатысты.

Сонымен, құқық бұзушылық-қоғамға қауіпті құқыққа қарсы кінәлі әрекет. Құқық бұзушылық-қоғамға қауіптілік деңгейіне сай қылмыс (қылмыстық құқық бұзушылық) және теріс қылық. Теріс қылық, өз жағынан әкімшілік, азаматтық (азаматтық құқық бұзушылық) және тәртіптік болып бөлінеді. Сонымен қатар, процессуалдық құқықтық қатынастар тобын (процессуальдық құқық нормаларын бұзуда) бөлуге болады.

Әкімшілік құқық бұзушылықты екіге бөлуге болады:

А) Әкімшілік құқықтың шығатын позитивті заңды міндеттерді орындамау;

Ә) Кодекспен белгіленген әкімшілік құқық бұзушылықтағы әкімшілік құқықтың тыйым салынғандарын бұзу.

Олардың айырмашылығы сонда, біріншісі «таза» әкімшілік құқық бұзушылық, ал екіншісі өзінің табиғатына қарай қылмыстық құқық бұзушылыққа ұқсас және олардан айырмашылығы тек қоғамдық қауіпсіздігінің аздығында.

Құқықтық тәртіп жүйесінің негізгі түрлерінің бірі - құқықтық тәрбиелеу. Бұл жұмыс екі бағытта жүргізіледі: бірінші бағыты - құқықтық білім беру; екінші бағыты - олардың құқықтық сана - сезімін жақсарту. Құқықтық тәбиенің негізгі мақсаты:

- адамдардың қоғамдағы құқықтық жүйесін, оның мазмұнын жақсы біліп, жақсы түсінуін қамтамасыз ету;

- адамдардың заңға, құқықтық тәртіпке деген мінез-құлқын, іс-әрекетін жақсарту;

- адамдардың құқықтық нормаларды дұрыс қолдану, дұрыс орындау тәжірибесін жақсарту.

Құқықтық тәрбиелеу жүйесі үш элементтен тұрады:

1) субъект - мемлекеттік оргон, лауазымды тұлғалар - тәрбие жұмысын жүргізетін;

2) объект - адамдар;

3) құқықтық тәрбие көлемінде жүргізілетін арнаулы жұмыстар, іс-әрекет.

Құқықтық тәрбиені іске асыру, орындау механизімі төрт бөліктен тұрады:

1) қоғамдық құқықтық сана;

2) құқықтық норма жүйесі;

3) құқықтық тәрбие жұмысының нысаны және әдіс-тәсілдері;

4) тәрбие жұмысымен қамтылған адамдардың құқықтық сана-сезімі.

Міне осы құқықтық тәрбиенің механизімі арқылы қоғамдағы заңдылықты, құқықтық тәртіпті дамытып, жақсартуға мүмкіншілік қалыптастырады.

Құқықтық тәртіптің мазмұны - субъектілердің дұрыс тәртібі, нормативтік актінің талабына сәйкес жұмыс жасау, іс-әрекетте қажеттілікке жол бермеу. Құқықтық тәртіптің құрылымы - қоғамның санасымен байланысты тұрғыда іс-әрекет жасап, қатынас арқылы өздерінің мүддеге-мақсатын іске асыру. Құқықтық тәртіптің ерекшелігі - бұл қарым-қатынас құқықтық норма арқылы өмірге келіп, мемлекеттің бақылауында болады. Егер қарым-қатынаста қателіктер кетсе, оны мемлекеттік оргондар түзетуге тиіс.

Әскери құқықтық тәртіптің өзіне тән ерекшелігі болады: өздерінің жеке арнаулы заңдары, ережелері болады. Барлық қарым-қатынас сол заңдармен реттеліп, басқарылады. Жалпы саясатта ешқандай айырмашылық жоқ. Тек реттеуде, басқаруда өзгешеліктер болады.

Сонымен құқықтық тәртіп дегеніміз - қоғамдағы қатынастардың жүйе-салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп, орындалуы.

Заңдылықтың, құқықтық тәртіптің кепілдіктері:

1. Материалдық кепілдік - егерде субъектілер өзара қателіктер жіберсе өздері келісімге келіп нормативтік актіні дұрыс орындауға тиіс.

2. Саяси кепілдік - қоғамның саяси тұрақтылығы заңдылыққа, тәртіпке көп әсер етеді. Қоғамдағы барлық бірлестіктер, одақтар, ұжымдар, саяси партиялар дұрыс, жақсы жұмыс жасауы көп әсер етеді.

3. Моральдық кепілдік - қоғамның инабаттылық, парасаттылық деңгейі жақсы болса заңдылық, тәртіп те жақсы болуға тиіс.

4. Заңды кепілдік - мемлекеттің заңдылықты, тәртіпті бақылап отыратын арнаулы органдарының рөлі, маңызды, әсері өте зор.

Қоғамдағы заңдылық, бостандық, құқықтық тәртіп, демократия бір-бірімен тығыз байланыста дамиды, бір-біріне зор әсер, ықпал жасайды.

Әр мемлекетте қоғамдық тәртіп және құқықтық тәртіп болады. Қоғамдағы қабылданған барлық әлуметтік нормаларды мемлекеттік органдар, бірлестіктер, одақтар, ұйымдар, ұжымдар, азаматтар дұрыс, уақытында орындау - қоғамдық тәртіп. Қоғамдық қатынастардың жағдайы құқықтық нормалардың талабына сәйкес болса - құқықтық тәртіп. Екеуі бір-бірімен тығыз байланысты дамиды. Заңдылықпен құқықтық тәртіптің әлуметтік маңызы: 1) қоғамдық өмір бірқалыпты жақсы дамиды; 2) мемлекеттік, шаруашылық, қоғамдық ұйымдармен органдар жақсы жұмыс жасайды; 3) Барлық адамдардың құқығын, бостандығын, барлық ұйымдардың, ұжымдардың мүдде-мақсатын дұрыс орындап, дамытуға мүмкіншілік туады.

Заңдылық пен құқықтық тәртіпті жақсы дамыту әдіс-тәсілдері:

- құқықты бұлжытпау шраларының жүйесінің сапасын жақсарту;

- кінәға сәйкес заңды жауапкершіліктің түрін анықтау, әділетті жаза қолдану;

- еріксіз жауапкершілікті қолдануды дұрыс пайдалану;

- заңдылыққа, құқықтық тәртіпке мемлекеттік бақылауды әділетті жүргізу.

Сонымен құқықтық тәртіп - заңдылықтық дәйекті, нақтылы, толық орындалуы. Заңдылық - құқықтық тәртіптің мазмұны мен мақсаты, мұраты мен қағидалары. Заңдылық пен құқықтық тәртіп тығыз байланысты. Құқықтық тәртіп - заңдылықтың мазмұны мен мүдде-мақсаты. Осы екі ұғым бірлесіп орындалып жатады.

1. 2 Құқық бұзушылықтың құрамы

Қоғам әрқашан тәртіпке негізделіп, арқа сүйіп қалыптасып, тіршілік етеді. Қоғамда тәртіп болмаса, ол құлдырайды, яғни, келешегі болмайды. Мұны адамдар ежелден-ақ жақсы түсінген. Сондықтан да қоғамда тәртіп орнатудың жолдарын қарастырған. Дегенмен, керісінше қоғамдық тәртіпті бұзуға бейім азаматтар да аз болмаған.

Осыдан келіп-құқық бұзушылық орын ала бастады. Құқық бұзушылық- қоғам өміріне тән дерт. Адам баласы өмір сүрген ортада ол да әрқашан орын алады. Бұл обьективтік құбылыс.

Сонымен құқықтық тәртіп дегеніміз - қоғамдағы қатынастардың жүйе-салаларының нормативтік актілер арқылы дұрыс, жақсы, уақытында реттеліп, орындалуы. Олар ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Ақылы дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады. Демек заң бұзушылық қоғам мен жеке тұлғаларға зиян келтіретін және құқықтық нормаларға қарсы әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.

Әрекет-бұл құқық нормаларының іс-қимыл жасай отырып жүзеге асуы, ал әрекетсіздік құқық нормаларының талаптарын ешқандай іс-қимыл орындалмаса да бұзу арқылы орын алады.

Құқық бұзушылық құқықтық нормалар қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп қоғамның, жеке адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық тәртіпті бұзады. Құқықтық нормалардың талаптарын орындамау нәтижесінде тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесір келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның өміріне, денсаулығына, рухани сезімне зиян келтіреді.

Азамат өзіне жүктелген міндеттерді орындаса немесе құқықтары мен бостандықтарын пайдалана алса, мұндай іс-әрекет азаматқа да, қоғамға да пайдасын тигізетіні сөзсіз. Азаматтар заңда белгіленген міндеттерін бұлжытпай орындаса, қоғамда заңдылық орнап, құқықтық тәртіп сақталады. Азаматтар өз құқықтары мен бостандықтарын тиімді пайдалана алса қоғамның жан-жақты дамуына, адамдардың тұрмыстық жағдайларының жақсаруына, халық мәдениетінің өркендеуіне тиісті жағдай туады.

Құқық бұзушылықтың мәні - оны басқа жүріс-тұрыс ережелерін бөліп көрсететін, басты өзіне ғана тән ерекшеліктерінен тұрады. Ең алдымен барлық құқық бұзушылықтың мәні қоғамдық құрылыстың, қоғамдық қатынастар жүйесіне келтіретін қауіптілігі, зияндылығы. Яғни, тек бір ғана әрекеттің қоғамға қауіптілігі мен зияндылығы емес, оның таралуы қоғамдық қатынастарға айтарлықтай залал кенлтіретін адам әрекетінің белгілі бір түрі ескеріледі. Ал жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамдық өмірдің бекітілген тәртібін, олар қоғамда кең таралған жағдайда ғана қоғамдық тәртіптің қауіпіне айналады. Тиісінше, жекелеген әрекет-әрекетсіздік қоғамға қауіпті деп бағалануы мүмкін. Ол және өзі келтіретіндіктен емес, өзі тектес әрекет-әрекетсіздіктің көптеп орын алуына байланысты. Олар өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзады, сондықтан да құқық бұзушылықпен күресудің мемлекеттік ұйымдасқан қызметін қажет етеді.

Құқық бұзушылықты сипаттайтын белгі-нышандар:

1. Құқық бұзушылық құқықты, оның қағидаларын, құқық жүктеген міндеттерді бұзу, тыйым салынған әрекеттерді жасау. Яғни бұл адамдардың іс-әрекеті, қылығы немесе әрекетсіздігі. Адам өзінің іс-әрекеті, қылығы арқылы басқа адамдармен, қоғаммен, мемлекетпен қарым-қатынасқа түседі. Демек, құқық бұзушылық адамның мінез-құлқы арқылы байқалады. Мінез-құлқы, іс-әрекеті арқылы көрінбеген адамның ой-тұлғасы, сезімдері құқық бұзушылық болып табылмайды. Мәселен, адам өзінің ойын, сенімін күнделікке, таспаға жазып, суретке түсіруі мүмкін. Адамның ой желісі заңмен реттелмейді. Бірақ қандай да болмасын іс-әрекет, мінез-құлық, ойдың, сана-сезімнің қатсуынсыз жасалмайды. Олар қашан да ойдың елегінен өтіп, бақылауында болады. Бұл дегеніміз, ақыл-есі дұрыс адамның іс-әрекеті ерік пен ойдың арқасында жүзеге асырылады деген сөз. Яғни құқық бұзушылық саналы түрде жасалатын ерікті іс-әрекет немесе әрекетсіздік болып табылыды.

2. Құқық бұзушылық құқық нормалары қорғайтын мүддеге нұқсан келтіріп, қоғамның және адамның мүддесіне зиянын тигізеді, белгіленген құқықтық норманы бұзады. Құқық нормаларының талаптарын орындамау нәтижесінде құқықтық тәртіп бұзылады, қоғамдық қатынастарға кесел келеді, белгілі бір игілік, құнды зат жоғалады, адамның құқықтарына, өміріне, денсаулығына, рухани сезіміне зиян келтіреді. Зиянның көлемі, мөлшері түрлі болуы мүмкін.

Қоғамдық зиянды анықтаудың мынадай тәсілдері белгілі:

1. Заңдылықты бұзудың обьектісі адамдардың өміріне, денсаулығына, қоғамдағы негізгі қарым-қатынасқа зиян келтіруді анықтау.

2. Зиянның түрін, мөлшерін анықтау.

3. Қылмысты жасаған әдісін, уақытын, орнын анықтау.

4. Қылмысты жасаған адамның өзінен және іске тиісті материалды, фактілерді жинастыру, толық мінездеме беру.

Қалай болса да заң бұзушылық қоғам үшін зиянды іс-әрекет, өйткені жоғарыда айтылғандай жеке адамға (өміріне, денсаулығына, ар-намысына, бас бостандығына), мүлікке, қоғамдық тәртіпке нұқсан келеді. Кейбір жағдайда келтірілген зиянның орнын толтыру мүмкін болмайды. Мәселен, кісі өлтіру, мүгедектікке душар ету, жазылмайтын ауруға соқтыру т. б

5. Құқық бұзушылық әрқашан да құқық нормаларының талаптарына қайшы келеді. Сондықтан да оның құқық нормалары мен реттеліп және қорғалатын қоғамдық қатынастарға қарсы бағытталғандықтан құқыққа қайшы әрекет деуге болады. Құқыққа келісті және ол рұқсат берген әрекет, ешқашан құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды.

Құқық бұзушылық ең алдымен неге қауіп төндіреді? Заңның қорғауына алынған өзге тұлғалардың мүддесіне. Дегенмен адамның барлық мүддесі заңмен қорғала бермейді, сондықтанда оған нұқсан келтіру әр уақытта да құқыққа қайшы болып саналмайды, тиісінше құқық бұзушылық ретінде бағаланбайды. Мәселен, бәсекелестік, біреудің жеке экономикалық мүддесіне залал келтіруі мүмкін, бірақ бұл құқық бұзушылыққа жатпайды. Яғни, құқық бұзушылықтың мәні мемлекет шығарған құқық нормаларына қайшы әрекеттермен байланысты болады.

6. Құқық бұзушылықтың құқық субьектісінің кінәлі әрекеті арқылы ғана жүзеге асады. Кінәлі деп танылуы үшін заңды бұзған адамның ақыл-есі дұрыс болуы керек. Есі дұрыс емес немесе әрекет қабілетілігі жоқ деп танылған адам (әрекет қабілеттілігінің жоқтығы соттың шешімі мен анықталады) құқық нормаларының талаптарын қалай бұзса да жауапқа тартылмайды, себебі, ол өз әрекетінің мәнін түсінбейді, одан басқаға зиян келетінін болжай алмайды. Кінәлі болу үшін адамның есі дұрыс және өрекет қабілеттілігі шектелмеген болуы шартты жағдай. Әрекет қабілеттілік деген өз еркімен саналы түрде іс-әрекет жасап, сол үшін жауап беру мүмкінділігінің болуы. Кінә - құқық бұзушының өзінің құқыққа қайшы әрекетіне қатысты психикалық қарым - қатынасы. Кінәнің екі түрі белгілі:

1. Тікелей немесе жанама ниетпен жасалған қасақаналық. Егер адам өз іс - әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе болмай қоймайтынын алдын - ала білсе және осы зардаптардың болуын тілесе, әрекет тікелей ниетпен жасалған қасақаналық деп танылады.

Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін ұғынып оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін алдын-ала білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналыы түрде жол берсе не бұған немқұрайлы қараса, әрекет жанама түрде жасалған деп саналады.

2. Абайсыздық. Ол менмендікпен және немқұрайлықпен жасалады.

Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы мүмкін екенін алдын-ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негізсіз жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе бұл менменшілдік деп танылады. Мәселен, жүргізуші көлігінің техникалық ақаулықтарын біле отырып жолға шығады, жеңілтектікпен жол апатын болдырмаймын деп ойлайды, ал нәтижесінде жол апатына кезігеді.

Егер адам қажетті ұтымдылықпен саақтық болғанда ол зардаптарды болжап білу тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетін (әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін болжап білмесе, әрекет немқұрайлықпен сипатталады. Мәселен, жүргізуші жолға шығар алдында көлігінің техникалық жағдайын тексермейді. Ал ол көліктің техникалық ақаулығы болған еді. Осының салдарынан жол апаты болды.

Құқық бұзушылық өз жиынтығында қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайын, қоғамдық құрылыстың реттілігі мен тәртібін бұзатындықтан, оған мемлекет атынан шара қолданылып, жауаптылық тағайындалады. Құқықтық жауаптылық үшін белгісімен сипатталады:

Мемлекеттік мәжбүрлеу,

Құқық бұзушыны жауапқа тарту,

Құқық бұзушының өзіне жағымсыз жағдай тудыру.

Мәжбүрлеу шарасын мемлекет белгілейді. Құқық нармаларының қағидаларын бір ауыздан қорғау қажет болған жағдайда олардың сақталуы мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етіледі. Егер құқықтық норманың қағидалары бұзылатын болса, мемлекет тиісті шаралар қолдануға құқылы.

Заң бұзушыны мемлекет жауапқа тартады. Мемлекет оргондары заңсыз әрекетті айқындап, әшкерелеу үшін тиісті шаралар қолданады - тергеу жүргізеді, адамның кінәсі бары-жоғын анықтайтын дәлелдер, құжаттар жинайды. Жиналған деректердің барлығын жан-жақты тексеріп соның нәтижесінде шешім қабылдайды.

Әркез құқық бұзушының өзіне қатысты жағымсыз жағдай жүзеге асырылады.

Ол оның мүлкіне немесе өз басының бостанығына келетін нұқсан. Яғни, кінәлі адам біреудің мүлкіне келетін зиянды төлейді немесе оның орнын толтырады. Көп жағдайда кінәлі адамның жеке басына қолданылады: оны бас бостандығынан айырады, жүріп-тұру еркіндігін шектейді.

Әрекет-әрекетсіздіктің қоғамда зияндылығы және құқыққа қайшылығын анықтау оны құқыққа сай әрекеттен бөліп қарауға негіз болады. Алайда, бұл ерекшеліктер құқық бұзушылықты түсінуге мүмкіндік бергенмен де, оның мазмұнды белгілерін нақтылау қажетілігі туындайды. Осы мақсатта заң ғылымында құқыққа қайшы әрекет-әрекетсіздікті құқық бұзушылық ретінде саралауға негіз болатын элементтердің жиынтығы, яғни құқық бұзушылықтың заңды құрамы болады: объективтік жағы, объект, субъективтік жағы, субъект.

1. Құқық бұзушылықтың объективтік жағының элементіне әрекет - әрекетсіздікпен келтіретін зиянның арасындағы себепті байланыс және келтірілген залал жатады. Заң теориясында себепті байланыс дегеніміз келтірілген зиянның басты және тікелей себебі құқыққа қайшы әрекет - әрекетсіздік болып табылатын, зиянды әрекет - әрекетсіздікпен пайда болған нәтиже арасындағы объективтік байланыс болып табылады. Мұнда зиян құқық бұзушылықтың теріс нәтижелерінің жиынтығы ретінде көрінеді. Қандай да бір игіліктің немесе құндылықтың жойылуы, оларды пайдалануға шек қою, азаматтардың бостандығына қол сұғу, олардың субъективті құқықтарын бұзу т. с. с

Зиян материалдық, физикалық басқа да қасиеттерге ие болады, жеке мүддеге, сондай-ақ жалпы қоғамдық мүддеге де қауіп төндіреді. Іс-әрекеттің сипаты және одан келген зиян қоғамға қауіптіліктің деңгейін анықтап, құқық бұзушылықты басқа құқық тәртібін бұзудан айырудың объективтік негізін қалайды.

2. Объект - құқық нормалары қорғайтын бұзылған мүліктік немесе мүліктік емес игілік. Яғни, құқықпен реттеліп және қорғалатын қоғамдық қатынастар. Құқық бұзушылық өз іс-әрекетінде құқық тәртібіне қарсы бағытталып, қандайда бір зиян келтіреді.

Қоғамдық қатынастың, оның субъектілерінің құқықтары мен мүдделері көптүрлі болуына сәйкес нақтылы құқық бұзушылықтың объектілері де бірнеше болуы мүмкін.

3. Құқық бұзушылықтың субъективтік жағын адамның құқық бұзушылықты жасауға жол берген әлуметтік - психологиялық механизімін сипаттайтын, элементтерді құрайды. Субъективтік жағынан алып қарағанда барлық құқық бұзушылық, ең алдымен кінәнің болуымен байланысты болады. Бұл тұрғыдан қарағанда құқық бұзушылық - құқық бұзушының еркі және санасы арқылы жол берген кінәлі әрекет болып табылады.

Дегенмен мұнда құқық бұзушылыққа жол берілген психологиялық факторлар да ескеріледі. Барлық ерікті әрекет іштей реттелген және белгілі бір мақсатты қөздейді. Осыған байланысты құқық бұзушылықтың субъективтік жағына әрекет-әрекетсіздіктің ниеті мен мақсаты кіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық құқықтағы жаза
Қылмыстық құқықтағы жаза жайлы
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІП, ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК
Құқық бұзушылыққа қолданылатын заңды жауапкершілік
Қылмыстық заң жүйесі, құрылымы туралы ақпарат
Құқық бұзушылық туралы
Қылмыстық жаза тағайындау және жазадан босатудың негіздері
Қылмыстық құқықтағы жаза тағайындау
Қылмыстық заңның мезгілдегі күші
Қылмыстық жазалардың түрлері мен қылмыстық - атқару жүйесіндегі қылмыстық ықпал ету шараларын орындаудың түсінігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz