Қазақстан Республикасының құқықтық нормалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I БӨЛІМ. ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАРЫ
1.1 Әлеуметтік норма түсінігі мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.2 Әлеуметтік норманың белгі нышандары мен түрлері ... ... ... ... ... ... ...7
1.3 Әлеуметтік нормалардың ерекшелігі ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...18

II БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚТЫҚ НОРМА МЕН ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАНЫҢ АРАҚАТЫНАСЫ
2.1 Құқықтық норманың мазмұны мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.2 Қазақстан Республикасының құқықтық нормалары ... ... ... ... ... ... .. ..27

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...32
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 34
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың тақырыбы: Құқық және әлеуметтік техникалық нормалар деп аталады. Әлеуметтік норма - адамдардың жеке мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын реттеудің тарихи бекітілген формасы.
Қоғам өмірін құндылық тұрғыдан реттеу үшін оларды құқықтық жөне моральдық нормаларға бөлудін маңызы зор.
Курстық жұмыстың міндеті: Моральдық нормаларды сақтау ісі қоғамдық пікірдін, индивидтің имандылық парызының күшімен камтамасыз етіледі.
Әлеуметтік норма тек заңи және адамгершілік нормалар ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрып жосындары мен дәстүрге де арқа сүйейді, әлеуметтік нормаларды туыңдатып, негіздеме қалайды.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Әлеуметтік нормалардың негізгі түрлері:
- құқық нормасы;
- моральдық нормалар - жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік әділетсіздік, достық, инабаттылық, парасаттылық, адамгершілік т.б. қасиеттер;
- саяси нормалар;
- эстетикалық нормалар;
- қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже-қағидалары;
- әдет-ғұрып нормалары - адамдардың көне дәуірден қалыптасқан жақсы қасиеттері мен жақсы іс-әрекеттері;
- салт-дәстүр нормалары - әр ұлттың, әр халықтың өздерінің ерекшеліктерінен қалыптасатын дәстүрлері болады. Мысалы: той өткізу, үйлену, ат шаптыру, көкпар тарту, қыз қуу т.б. дәстүрлері;
- діни, имандылық, инабаттылық нормалар.
Осы әлеуметтік нормалар біріге келе - адамдардың қоғамдық өмір сүруінің ережесі деп аталады әлеуметтік норма - қоғамдағы адамдардың, ұйымдардың, ұжымдардың ара қатынасының, іс-әрекетінің, мінез тәртібінің ережесі.
Әлеуметтік нормалар өздерінің дербестігімен бірге өзара тығыз байланыста дамиды. Себебі, олар бір экономикалық базисты, бір қоғамдық саясатты, бір әлеуметтік тұрмысты, бір мәдениетті, бір мүдде мақсатты қорғап, дамытады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қоғамның әлеуметтік нормаларының мазмұны, түсінігі мен түрлерімен танысу. Әлеуметтік норманың қоғаммен байланысын анықтау, құқықтық норма мен әлеуметтік норманың ерекшеліктерін айқындау.
Қайнар көздері: 2013 жылы Алматы баспасынан шыққан Д.А. Булгакованың Мемлекет және құқық теориясы оқулығын пайдаландым.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.

I БӨЛІМ. ҚОҒАМНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК НОРМАЛАРЫ

1.1 Әлеуметтік норма түсінігі мен мәні
Әлеуметтік норма - адамдардың жеке мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын реттеудің тарихи бекітілген формасы.
Қоғам өмірін құндылық тұрғыдан реттеу үшін оларды құқықтық жөне моральдық нормаларға бөлудін маңызы зор.
Моральдық нормаларды сақтау ісі қоғамдық пікірдін, индивидтің имандылық парызының күшімен камтамасыз етіледі.
Әлеуметтік норма тек заңи және адамгершілік нормалар ғана емес, сондай-ақ әдет-ғұрып жосындары мен дәстүрге де арка сүйейді, әлеуметтік нормаларды туыңдатып, негіздеме калайды.
Әлеуметтік нормалар тарихи дамудың белгілі бір кезеңінде қоғамдық қатынастар негізінде қалыптасқан әлеуметтік топтар мен жеке адамдар іс-әрекеттерін реттейтін талаптар. Әлеуметтік нормалардың үш ерекшеліктері бар:
1) қоғамдық маңызы бар іс-әрекеттерге ынталанудан шығады (мақсат, ой-арман, рухани құндылық т.б.);
2) белгілі бір жүйеге сәйкес келетін, міндетті түрде орындалатын тәртіптің түрі мен шегін көрсетеді;
3) қоғамдық ұйғарымның (санкцияның) негізі болуы керек. [1]
Әлеуметтік нормалардың мәнін ғылыми жолмен түсіну үшін, ең алдымен, оларды қоғамның тарихи дамуының жемісі деп ұғыну керек.
Марксизм ілімі адамдардың іс-әрекеті мен әлеуметтік нормалардың арасындағы байланыстың өте күрделі диалектикалық сырын ашып, қоғам дамуының негізі экономикалық өмірге тәуелді екендігін ғылыми дәйектілікпен дәлелдеп берді. Әр түрлі қоғамдық экономикалық формациялардың өздеріне тән әлеуметтік нормалары қалыптасады да, олардың құрамы мен элементтерінің арақатынастарында ерекшеліктер болады.
Бір қоғамдық-экономикалық формацияның қалыптасуына сәйкес әлеуметтік нормалардың кейбір компоненттерінің өзгеріп отыруына қарамастан, тарих сахнасына шыққан жаңа ұрпақтар оны дайын күйінде қабылдап, болашақ іс-әрекеттің қажетті құралы ретінде пайдаланады. Әрбір қоғамдағы әлеуметтік әртүрлі саланы қамтып, олардың жиынтығы сол қоғамдағы әлеуметтік нормалардың тұтас жүйесін құрайды.
Әлеуметтік нормалар қоғам алдындағы тарихи міндеттерін атқару үшін, олардың негізгі компоненттері қоғамның белгілі бір даму кезеңіне сәйкес келуі қажет.
Қоғамның дамуының белгілі бір кезеңінде кейбір әлеуметтік норма мен қоғамдық практика туғызған нормалардың араларында сәйкессіздік болады. Мұндай сәйкессіздік әсіресе діни нормалар мен адамдардың күнделікті іс-әрекеттерінен айқын көрінеді. Кең түрде алғанда әлеуметтік нормаларға дәстүр, әдет-ғұрып, моральдық және құқықтық нормалар, саяси, діни, эстетикалық қағидалар және ұйымдастыру-техникалық ережелері жатады.[11;123б]
Әлеуметтік нормалардың компоненттері бір-бірімен тығыз байланысты. Жеке адамдардың әлеуметтік нормаларды қабылдап, ішкі сенім-ниетіне айналдыруы - қоғамдық тәрбиенің ең бір маңызды саласы.
Әлеуметтік нормаларды қабылдауға бейімдеу жолдарының бірі - нормаларды саналы түрде меңгеру, бұл процестің екінші практикалық жағы - сол нормаларды сыртқы талаптан адамның ішкі қажеттілігіне, нормасына, дағдысына айналдыру.
Тарихи қалыптасқан әлеуметтік және қоғамдық ұйымдар туғызған нормалар жаңа қоғамдық қатынастарды жетілдіруге, болашақ адамдардың санасының қалыптасуына ықпалын тигізеді.
Қоғамдағы әлеуметтік тәртіптің дамып нығаюына сан қырлы құбылыстар мен толып жатқан факторлар өздерінің әсерін тигізіп жатады.
Оларды үш топқа бөлуге болады:
- табиғи құбылыс, факторлардың, уақиғалардың тигізетін әсерлері: демографиялық процестер, халықтың миграциясы, адамдардың өмір сүруінің ұзаққа созылуы, егіннің жақсы өнім беруі т.б.;
- нормативтік актілердің ерікті түрде жақсы орындалуы;
- адамдардың өзара қатынастарын сапалы орындауы. Қоғамдағы қатынастарды реттеп-басқаратын нормаларды төрт топқа бөледі:
- табиғи нормалар - ғылыми тұрғыдан зерттеліп, тәжірибеден өткен ұсыныстар. Мұндай ұсыныстарды ғылыми нормалар деп те атайды;
- ғылыми-зерттеуден өткен, тексерілген техникалық және табиғи ережелер, инструкциялар;
- әлеуметтік нормалардың көпшілігі осы топқа жатады;
- құқықтық нормалар.
Қоғамдағы көптеген қарым-қатынастарды реттеп басқарып отыратын негізгі құрал - әлеуметтік нормалар. Олар қоғамның дағдарысқа ұшырамай, біркелкі дұрыс дамуын қамтамасыз етіп отырады. Бұл объективтік процесс. Әлеуметтік нормалар көне заманнан адам қоғамымен бірге өмір сүріп, диалектикалық процесс арқылы дамып, нығайып келеді. Әлеуметтік нормалар арқылы қоғамдағы қатынастардың өзара байланысы өзгеріп, жаңарып, дамып жатады. Сол арқылы қоғамның өзгеруі, жаңаруы прогрестік жолмен дамып жатады[13;101б]

1.2 Әлеуметтік норманың белгі нышандары мен түрлері
Әлеуметтік нормалардың белгі нышандарына мыналар жатады:
1. Әлеуметтік нормалар адамдардың іс-әрекетінің мінезінің, тәртібінің қоғамдық ережесі. Жеке адамдар ұжымдар, бірлестіктер, одақтар, ұйымдар осы ережеге сәйкес өмір сүруге, жұмыс жасауға тырысады.
2. Әлеуметтік нормалар - қоғамдық дәрежедегі ереже, бұл нормаларды дұрыс, жақсы орындау бар азаматтардың, барлық ұйымдардың негізгі міндеті, орындамаса халықтың сөгісіне, сынына душар болады, жауапкершілікке тартылады.
3. Әлеуметтік нормалар - жай ғана ереже емес, ол қоғамдық міндетті түрдегі ереже. Ерікті түрде орындалмаса еріксіз орындалуға тиіс ереже.
Бұл қасиет қоғамның миллиондаған жылдар даму тәжірибесімен тексеріліп, сарапталып, қалыптасқан нормалар. Міне, осы көрсетілген белгі нышандары, ерекшеліктері арқылы әлеуметтік нормалар қоғамды басқарудың, қатынастарды реттеудің негізгі құралына айналды. [2]
Әлеуметтік нормалардың негізгі түрлері:
- құқық нормасы;
- моральдық нормалар - жақсы-жаман, дұрыс-бұрыс, әділеттік әділетсіздік, достық, инабаттылық, парасаттылық, адамгершілік т.б. қасиеттер;
- саяси нормалар;
- эстетикалық нормалар;
- қоғамдық ұйым, ұжымдардың ереже-қағидалары;
- әдет-ғұрып нормалары - адамдардың көне дәуірден қалыптасқан жақсы қасиеттері мен жақсы іс-әрекеттері;
- салт-дәстүр нормалары - әр ұлттың, әр халықтың өздерінің ерекшеліктерінен қалыптасатын дәстүрлері болады. Мысалы: той өткізу, үйлену, ат шаптыру, көкпар тарту, қыз қуу т.б. дәстүрлері;
- діни, имандылық, инабаттылық нормалар.
Осы әлеуметтік нормалар біріге келе - адамдардың қоғамдық өмір сүруінің ережесі деп аталады әлеуметтік норма - қоғамдағы адамдардың, ұйымдардың, ұжымдардың ара қатынасының, іс-әрекетінің, мінез тәртібінің ережесі.
Әлеуметтік нормалар өздерінің дербестігімен бірге өзара тығыз байланыста дамиды. Себебі, олар бір экономикалық базисты, бір қоғамдық саясатты, бір әлеуметтік тұрмысты, бір мәдениетті, бір мүдде мақсатты қорғап, дамытады.
Әлеуметтік нормалардың мазмұнын екі тұрғыдан түсіну керек: біріншісі - коғамдық мүдде мақсатты орындау, іске асыру бағыты; екіншісі - жеке адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, дамыту бағыты.
Бұл объективтік бірлестік.
Өмірде біржақты әлеуметтік норма болмайды. Әлеуметтік нормалардың өмірге келу себептері қоғамның объективтік даму процесінде жаңа қарым-қатынастар қалыптасады. Бұл объективтік процесс. Сол арқылы жаңа құқықтық норма қабылданады. Бұл субъективтік процесс.
Сонымен, әлеуметтік норма - қоғам қабылдаған адамдардың мінез құлқының, іс-әрекетінің, тәртібінің ережелері мен оларды реттеп басқару нормалардың жиынтығы.
Құқықтық нормалар әлеуметтік нормалардың ең күрделісі, ең көлемдісі, ең маңыздысы. Құқық адамзаттың әділдік және азаттық идеяларына негізделіп, көбінесе заңдарда баянды етілетін, қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар жүйесі.
Көне заманнан ғалымдар құқықтың мәні мен мазмұнын түсінбекші болып, оған сан қилы анықтамалар берген. Оның түсінігі мен мәнін анықтаудың үш пікірін айтуға болады:
1) нормативті тұрғыдан қарау бойынша - құқықты заң нормаларының жүйесі деп санау;
2) социологиялық тұрғыдан қарау бойынша - құқықты реттелетін қоғамдық қатынастармен ұқсас деп санау;
3) философиялық тұрғыдан қарау бойынша - құқықты бостандық пен әділдік деңгейімен байланыстыру.
Құқыққа социологиялық және философиялық тұрғыдан қарағанда ол өте кең түсінік болып, оған құқық нормаларымен қатар құқықтық сана, құқықтық қатынастар да жатады. Құқықтың үш тірегі бар: қоғамның материалдық деңгейі, мемлекет және имандылық.
Адамзаттың өмір сүруі өндіріске, қоғамның экономикалық жағдайына байланысты. Өндіріс - экономика тиімді, нәтижелі болу үшін оны ұйымдастыру, оның дамуына қажетті жағдай жасау керек. Бұл мүдде мақсатты шешуде құқық өте зор жұмыс атқарады. Соның нәтижесінде құқықтың өзі де өзгереді, дамиды, өндірістік қатынастарды реттеуге бейімделеді.
Құқық нормаларының талаптары өздігінен жүзеге аспайды. Оларды іске асыру үшін, талаптарын орындау үшін мемлекет түрлі әдістермен сан алуан қызмет атқарады. Егер құқықтық нормалардың талаптары орындалмаса, бұзылса, мемлекет кінәлі жеке және заңды тұлғаларға тиісті шаралар қолдана алады. Сөйтіп, құқық нормалары мемлекеттің күшіне сүйеніп, жүзеге асырылады. Құқықтың тірегі, оның күш-қуаты, абыройы - мемлекет. [11;126б]
Құқықтың тағы бір тірегі - имандылық. Имандылықтың өзі де адамдар арасындағы қатынастарды реттейтін күш, бірақ оның талаптары заң емес. Имандылықтың ең күшті құралы - жұртшылықтың пікірі. Құқықта теріс қылықтарға тыйым салады, кінәлі адамдарды жауапқа тартады.
Құқық имандылықтан нәр алады, неғұрлым құқықтың нормалары имандылық талаптарға сәйкес келсе, соғұрлым олардың, сапасы да, абыройы да жоғары болады.
Сонымен, құқық нормалары арқылы мемлекет имандылық, талаптарына ресми мағына береді, соның нәтижесінде қоғамдық қатынастарды реттейді. Құқық құзыретінің шеңбері имандылықтың шеңберінен анағұрлым кең. Құқықтың белгі нышандары;
1. Құқық жазылған нормалардан тұрады. Құқықтық норманы мемлекеттік органдар қабылдайды, бекітеді, басқа нормаларды қоғамдық ұйымдар қабылдайды. Нормативтік дегеніміз - адамдардың ой жүйесін, қоғамдық өмірін тәртіптеу, соның нәтижесінде белгілі ережелерге бағындыру.
2. Құқық әділдік және бостандық идеяларын білдіреді. Бостандық - адамнан ажыратылмайтын қасиет. Тек бостандық болса ғана адам лайықты өмір сүре алады. Әділеттік ерте заманнан келе жатқан әлеуметтік, моральдық принцип және норма.
3. Құқықты бейнелейтін объектілері болады. Олар - билік, мемлекет, қоғамдағы тәртіп, әділдік, бостандық, демократия солар арқылы жүзеге асырылады.
4. Құқықтың формалды анықтылығы. Заңдарда бекітілген нормативті нұсқаулар ерекше қасиетке ие болады. Ол формалды анықтылық. Оның белгілері: айқындығы, бір мағыналығы, қысқалығы. Бұл құқық субъектісінің не нәрсені істеуге болады, нені болмайтындығын білуіне ыңғайлы, қолайлы.
5. Құқықтық нормалар қоғамдағы қатынастардың басым көпшілігін реттеп, басқарады. Басқа нормалардың үлесі аз.
6. Құқықтық нормалардың орындалуы ерікті-еріксіз түрде жүргізіледі.
Басқа нормалар тек ерікті түрде орындалады. [9;89б]
Әлеуметтік нормалар құқықтық норманың дамуына, орындалуына, нығаюына өте зор әсер етеді, ықпал жасайды. Жаңа заңның жобасы алдымен көп жылдар әлеуметтік нормалар саласында жан-жақты тексеріліп, содан кейін мемлекеттік заңға айналады. Заңды, жаңа норманың жобасын дұрыс талқылап, бекітуге, қабылдауға да өмірлік тәжірибе көп әсер етеді. Заң қабылданып, оны орындау процесінде де көп жылдық әлеуметтік нормалардың тәжірибесі көмек береді.
Сонымен, әлеуметтік нормалар бір-бірімен тығыз байланыста дамып, өзгеріп, жаңарып нығайып отырады. Әсіресе бұл байланыс құқықтық нормалар арасында тығыз түрде дамиды.
Өмірлік тәжірибеден қалыптасқан норманы моральдық норма дейді.
Бұл нормалар жалпы қоғам көлемінде тексеріліп, қабылданады. Мысалы, не жақсы - не жаман, не дұрыс - не бұрыс деген ұғымды қоғам береді, өмір, тәжірибе қалыптастырады.
Құқық пен моралдың ара қатынасы өте күрделі процесс. Ол процесс төрт компоненттен тұрады: бірлігі, айырмашылығы, бірлесуі, дербестігі.
Енді осы компоненттерге жеке-жеке тоқталық:
Құқық пен моралдың бірлігі:
oo екеуі де әлеуметтік нормаға жатады;
oo екеуі де бір саясатқа бағынады, сол саясатты орындауға үлес қосады;
oo екеуі де бір мүдде мақсатты орындауға қатысады;
oo екеуі де адамгершілікті, әділеттікті, теңдікті, бостандықты жақтайды.
Құқық пен моралдың айырмашылығы:
- құқықтық нормаларды мемлекеттік органдар қабылдайды. Моральдық нормаларды ешқандай орган бекітпейді. Оларды қоғам, ұйым қабылдауы керек. Сонда ғана ол нормалар жақсы нәтиже береді;
- құқықтық норма ерікті орындалмаса, еріксіз орындалады. Моральдық норма тек ерікті түрде орындалады, т.б.;
- құқықтық норма заң немесе заңға тәуелді нормативтік акті болып
бекітіледі. Моральдық норма ешқандай жазылмайды;
- құқықта заңды жауапкершілік болады. Моралда жоқ т.б.
3. Құқық пен моралдың өзара бірлестігі:
- олар бірлесіп заңдылықты, тәртіпті қорғайды;
- бірлесіп тәрбие жұмысын жүргізеді;
- бірлесіп инабаттылықты, парасаттылықты, дамытады т.б.
4. Құқық пен моралдың өзара дербестігі:
- құқық заңдылықты жақтаса, мораль этиканы, эстетиканы қорғайды;
- құқықта тыйым салу болса, моралда болмауы мүмкін;
- құқық құпия жұмыс жүргізуге, іс-әрекет жасауға рұқсат берсе.
Мораль бұл істерге қарсы т.б. [16;203б]
Құқық әлеуметтік нормалардың басқа түрлерімен де қарым-қатынаста, байланыста, олар бір-біріне күнделікті жәрдем көрсетіп отырады.
Құқық пен әдет-ғұрып - әдет-ғұрып көне дәуірден тәжірибеден өткен қоғамға пайдалы нормалар, олардың біразы құқықтың негізіне айналды. Азаматтық, отбасы құқықтарына көптеген нормалар кірді. Азаматтық қоғамның көптеген қарым-қатынастарын әдет-ғұрып нормалармен реттеп басқарады. Мемлекет пен құқық әдет-ғұрып нормаларға жанжақты көмек көрсетіп отырады. Біраз нормаларды қабылдап, мемлекеттік күші бар нормаға айналдырып отырады.
Құқық пен салт-дәстүр - әр халықтың, әр ұлттың өздерінің салт-дәстүрлері болады. Мемлекет пен құқық оларға үнемі көмек көрсетіп, көп мәселені бірлесіп шешіп жатады. Әр ұлттың салт-дәстүрінің дамуына, мемлекет пен құқық әртүрлі барлық жасайды.
Құқық пен корпоративтік нормалар - қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің, одақтардың, партиялардың ұжымдардың мүшелерінің арақатынастарын реттеп басқаратын нормалар. Ол нормалар азаматтық қоғамның, мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, мәдени, рухани дамуына көп үлес қосады. Олар мемлекеттік органдармен көпшілігінде бірлесіп жұмыс жүргізеді.
Құқық пен діни нормалар - Діни нормалардың адамдарды, әсіресе жастарды инабаттылықта, парасаттылықта, адамгершілікте тәрбиелеуде өте зор іс атқарады. Сондықтан, діннің ашық өмір сүруіне толық бостандық беріліп отыр. Діни мекемелер заңды тұлға болуға құқысы бар, діни мейрамдарға да мүмкіншілік берілді.
Осы жоғарыда көрсетілген әлеуметтік нормалардың барлығына Қазақстан Республикасының Конституциясы Заңды түрде мемлекетпен бірге тәуелсіз, демократиялық, егеменді қоғам құруды - негізгі міндетіміз деп жариялап отыр.
Егерде құқықпен басқа әлеуметтік нормалардың арақатынасында келіспеушілік немесе қайшылықтар болса өзара келісімге келіп, бір-біріне зиян келтірмей реттеулері керек. Екі жақты бақылауға алып дұрыс, әділ шешімін табуға міндетті. Қатынастардың барлық түрлерінде бірінші орында жеке адамның бостандығы және қоғамның мүдде мақсаты болуға тиісті.
Техникалық нормалар - адамдардың табиғатпен, техникамен дұрыс қатынас байланыс жүргізу ережелері. Қазіргі заманда ғылыми-техникалық прогресс уақытында техникалық нормалардың маңызы өте зор.
Табиғатпен байланыста, қоғамның барлық саласында техникасыз өмір жоқ. Сондықтан, адамдардың кауіпсіздігін қамтамасыз ету мемлекеттің алдындағы кезек күттірмейтін мәселелерінің ең күрделісі.
Техникалық нормалардың түрлері: құрылыс жұмысында техниканы қолдану нормалары; өндірістегі, ауылшаруашылығындағы техника қолдану нормалары; үй жабдығындағы техника нормалары т.б. саладағы техникаларды қолдану нормалары. Техниканың барлық түрінде жеке-жеке қолдану ережесі болады, соны жақсы оқып білу керек. Табиғатты, адамды қоршаған ортаны жақсы біліп, сақтау керек. Экологияны жақсартуға үлес қосу керек.
Техникалық нормалар "адам - ұжым", "адам - табиғат", "адам - машина", "адам - өндіріс", "адам - техника" т.б. арасындағы қатынастарды реттеп басқарады.
Құқықтану мамандарына бұл қатынастарды жан-жақты зерттеп, техникалық нормалардың қоғамдағы атқаратын рөлін анықтап, гуманизациялық маңызын сапасын үнемі жақсартып отыру заңгерлердің негізгі міндеттерінің бірі. Бұл проблема қазіргі ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде құқықтың ең күрделі, ең маңызды жүйесіне айналып отыр. [13;267б]
"Техникалық норма" деген құқықтың бұл жүйесін шектеу мағынасында көрсеткендей. Құқықтың бұл жүйесінің шеңбері өте кең, қоғамның барлық саласындағы қарым-қатынастармен байланысып жатады.
Техникалық нормалардың түрлері мен бағыттары:
1. Техникалық нормативтік актілер, оның өзі бірнеше түрге бөлінеді: өндірістік, ауылшаруашылық, әскери, т.б. техникалық нормалар.
2. Технологиялық нормативтік актілер, мұның да бірнеше түрлері бар.
3. Экологиялық техникалық нормалар.
4. Табиғат, адамды қоршаған ортаны қорғайтын техникалық нормалар.
5. Отбасында пайдаланатын техникалық нормалар.
6. Халықтың денсаулығын сақтау бағытындағы техникалық нормалар.
7. Мемлекеттік органдарда, қоғамдық ұйымдарда, ұжымдарда пайдаланатын техникалық нормалар.
8. Адамның еңбегін жеңілдететін, қорғайтын нормативтік актілер.
Міне, қоғамның осы негізгі салаларында техниканың, технологияның маңызы, рөлі жылдан-жылға қарқынды түрде өсуде. Осыған сәйкес техникалық нормалар да көбеюде. Ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде бұл процесс осы қарқынды түрде дамып қоғамның барлық саласын, бағытын қамтуға тиіс. Сондықтан, бұл процесті сапалы дамыту үшін құқықтық нормаларды уақытында қабылдап, оның бұл бағыттағы қатынастарды басқару реттеу жұмыстарын жақсартуды талап етеді.
Құқықтың маңызы, рөлі, әсері, нормативтік актілер арқылы ғылыми-техникалық, технологиялық, экологиялық процестің сапасын көтеру еліміздің әлеуметтік, экономикалық жағдайын жақсарту. [6;233б]
Бұл үшін мемлекет техникалық, технологиялық, өндірістік, санитарлы-гигиеналық нормаларды, ережелерді қабылдап, оларды жан-жақты тексерістен өткізіп стандартты сертификат беруі керек. Стандарт - заттың (техниканың) нормативтік сапасы мен сипаттамасы туралы мемлекет бекіткен заңды акт. Осы стандарт арқылы техникалық норманың сапасы тексеріліп отырады.
Техникалық норманың күрделі саласы - табиғатты қорғау нормалары. Адамды, қоршаған ортаны таза ұстау, оның табиғи дамуына зиян келтірмеу, экологияны жақсарту ғаламдық проблема. Сондықтан, дүниежүзіндегі барлық мемлекеттер бұл мәселеге зор көңіл бөліп, осы бағыттағы нормативтік актілерінің сапасын жақсартуда. Біріккен Ұлттар Ұйымы да (БҰҰ) бұл проблеманы қатаң бақылауға алып отыр.
Техникалық норманың екінші маңызды саласы - халықтың денсаулығын сақтау. Осы бағытта мемлекеттер көп жұмыс жасауда: адамдарға арналған азық-түліктің, дәрі-дәрмектің, медицинада қолданылатын техниканың сапасын жақсарту, еңбектің қауіпсіздігін, адамның рухани сана-сезімін, білімін көтеру т.б.
Қазіргі заманда техникалық, технологиялық, экологиялық процестерді жақсарту тек құқықтық норманың ғана міндетті емес, сонымен бірге бұл ғаламдық проблемаға әлеуметтік нормалардың барлық саласы және қоғамдағы барлық ғылымдар үлес қосуы керек. Бәрі бірігіп ғылыми-техникалық норманы, стандартты т.б. жұмыстарды жасап, қатаң бақылауға кірісіп отыр.
Қоғамда тіршіліктегі, өндіріс саласындағы, саясаттағы және т.б. салалардағы адамдардың мінез құлқын реттейтін сан алуан нормалар әрекет етеді. Кез келген жағдайда норма адамдардың жалпы мінез құлық ережелері ретінде көрініс табады, латын тілінен аударғанда бұл сөз ереже, нақты предписание, үлгі дегенді білдіреді.Барлық нормалар техникалық және әлеуметтік болып бөлінеді.
Техникалық нормалар затқа, табиғатқа қатысты адамдардың мінез құлқын реттейді.Бұл адамдардың табиғи заттарды, еңбек құралдарын, түрлі техникалық құралдарын әлде қайда тиімді пайдаланудың ережесі. Техникалық нормаларға мысал ретінде белгілі құрылыс жұмыстарын орындау ережелерін, техниканы эксплуатация бойынша инструкцияны, шикізатты, жанармайды шығындау шектерін, мемлекеттк стандарттарды, техникалық жағдайларды келтіруге болады.
Техникалық нормалардың ерекшелігі олар техниканы пайдаланумен байланысты адамдардың мінез құлқын реттейді. Қоғамға әлде қайда маңызды техникалық нормалар құқық нысанымен қамтылады және олар заңдық маңыздылыққа ие болады. Сәйкесінше бұл нормаларды сақтамау заңдық жауапкершілікті тудырады. Мысалы, ҚР ҚК 295 бабымен қарастырылған, темір жол, әуе немесе су транспортының қозғалыс қаіпсіздік және эксплуатация ережелерін бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік.
Әлеуметтік нормалар - бұл адамдар арасындағы өзара қарым қатынастарды реттейтін мінез құлық ережелері.
Әлеуметтік нормалардың түрлері екі негізгі белгісі бойынша шектеледі:
1) оларды орнату тәсілі бойынша;
2) оларды қамтамасыз ету шарасының сипаты бойынша.
Әлеуметтік нормалардың түрлеріне жататындар:
1) мораль нормалары (адамгершілік) - бүл адамдардың жақсы мен жаман, жақсылық пен зұлымдық, әділіттілік пен әділетсіздік туралы көзқарастарына қатысты қоғамда бекілілетін және қоғамдық пікір күшімен немесе ішкі көндірулермен (мысалы, қарт адамға қоғамдық транспортта орын беру, таңертең көршімен амандаспау) қорғалатын мінез құлық ережелері;
2) қоғамдық бірлестік нормалары (корпоративтік нормалар) - бұл қоғамдық ұйымның өзімен бекітілетін және осы ұйымдардың жарғысында көрсетілген қоғамдық мәжбүрлеу шаралары арқылы қорғалатын мінез құлық ережелері. (мысалы, жазушылар немесе бау-бақшашылар одағының жарлығында көрсетілген белгіленген мінез құлық ережелерін орындамау оларды бұл бірлестіктен шығаруына әкеп соқтырады). Басқаша айтқанда, корпоративтік нормалар тек ішкі қатынастарды реттейді: - қоғамдық бірлестік қатысушыларының (мүшелерінің) еркін білдіреді;
3) салт-дәстүр, әдет-ғұрып нормалары - бұл белгілі бір қоғамдық салада тарихи даму үрдісінде қалыптасқан мінез құлық ережесі; көп рет қайталану нәтижесінде әдетке айналып, соның арқасында олар қоғамдық пікірде қолдау тауып қолданылып келеді(ер адамдарда қол алысу, бірінші төлқұжатты беру);
4) құқық нормасы - мемлекетпен бекітілген, санкцияланған және қорғалатын және қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған және оны бұзған жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы қарастырылған жалпыға міндетті, формалді анықталған мінез құлық ережесі. [14;198б]

1.3 Әлеуметтік нормалардың ерекшелігі
Әлеуметтік нормалардың ерекшеліктері:
1) мұнда реттеу пәні терең әлеуметтік - қоғамдық қатынастар;
2) субъектілік құрамы әлеуметтік сала өкілдері ретіндегі тек адамдармен ғана байланысты.
Әлеуметтік нормалардың түрлерінен құқық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқықтық норма түсінігін игеру
Құқықтық норманың түсінігі, түрлері, құрылымы
Конституциялық құқық. Құқықтық норма
ҚР азаматтық заңнаманы құрайтын заңдар мен нормативтік актілер
Конституциялық құқығының түсінігі, қоғамымызда қалыптасқан құқықтық қатынастардың пайда болу негіздерін, ерекшеліктерін талдау
Құқық туралы түсінік
Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының пәні, әдісі, және бастаулары
Конституциялық құқық
Құқық нормасының түсінігі
Азаматтық құқық бастаулары
Пәндер