Құқықтың қалыптасуының нормалары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
0.1 Құқықтық қатынастар және құқықты жүзеге асыру нысандары ... ... ... .5
1.2 Құқықтық сананың ұғымы және маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

II БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚТЫҢ ПАЙДА БОЛУЫ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Құқық ұғымы және пайда болу тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 16
2.2 Құқық туралы теориялар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20
2.3 Құқықтың қалыптасуының нормалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...23

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 30
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың тақырыбы: Құқықтың мазмұны мен құрылымы деп аталады.
Құқық - мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің (нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.
Құқық мазмұнының негізгі элементтері:
- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару.
Құқық терминінің көптеген мәні бар. Ол заң ғылымында , күнделікті өмірде , қызмет бабында қолданылады.
Заң ғылымында құқық термині бірнеше мағынада қолданылады. Құқық-ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың ,заңға сүйене отырып әрекет етуі. Мысалы,азаматтардың еңбек ету бостандығы,білім алу , меншік иесі болу,кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде - Құран заңы.
Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.Адам қоғамы мыңдаған жыл өмір сүріп келеді. Жеке адамдар тиісті мемлекеттің азаматы болып, сол мемлекеттің билігіне, құқықтық тәртібіне бағынып, өзінің іс-әрекетін, мінезін, тәртібін қоғамдық мүдде-мақсатты орындауға жұмсап келеді. Адамдар ежелгі заманнан мемлекет пен құқық қашан пайда болды, қалай дамып келеді?-деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жасап келеді.
Курстық жұмыстың мақсаты:
oo Құқықтың жалпы түсінігі мен мәнін анықтау;
oo Құқықтың пайда болу тарихын зерттеу;
oo Құқықтың құрылымы, нормалары, қайнар көздеріне анықтама беру.
Қайнар көздері: 2013жылы Алматы баспасынан шыққан Д.А. Булгакованың Мемлекет және құқық теориясы оқулығын пайдаландым.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.

I БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
1.1 Құқықтық қатынастар және құқықты жүзеге асыру нысандары
Құқықтық қатынас категориясы құқықтың жалпы теориясында негізгі, орталық категориялырдың бірі болып табылады және адамдардың жүріс-тұрысына құқықтың қандай жолмен әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық қатынас - бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.
Құқықтық қатынастың белгілері:
а) бұл әлеуметтік субъектілер арасындағы екіжақты нақты байланысты білдіретін қоғамдық қатынас;
ә) ол құқық нормаларының негізінде қалыптасады, яғни, құқық нормаларының жалпы талаптары субъектілер мен нақты жағдайларға қатысты жеке дараланады;
б) бұл тұлғалар арасында субъективтік құқықтар мен заңды міндеттер арқылы қалыптасатын байланыс;
в) бұл ерікті қатынас, себебі, оның пайда болуы үшін оның қатысушыларының еркі қажет;
г) бұл мемлекетпен қорғалатын және қамтамасыз етілетін қатынастар.
Құқықтық қатынастар - адамдардың өзара әлеуметтік байланысы, қарым-қатынасы. Адамдар өмір сүру үшін, ұрпақты жалғастыру үшін т.б. басқа себептермен бір-бірімен қарым-қатынаста болады. Бұл объективтік процесс. Қоғамның диалектикалық даму процесіне сәйкес қарым-қатынастар да ескіріп, жаңарып жатады. Бұл процесс әртүрлі жолмен дамиды, адамдардың бостандығының, іс-әрекетінің шеңбері кеңиді. Ғылым мен техниканың дамуы қоғамдағы қарым-қатынастардың түрін шексіз көбейтіп, қарқынды деңгейде дамытты. Бірақ бұл қарқынды даму процесі адамды қоршаған ортаның экологиясын нашарлатты, табиғи ресурстарды, байлықтарды азайтты. Сондықтан адамдардың және қоғамның мүдде-мақсаттары тұрғысынан бостандықты дамыта отырып, кейбір қарым-қатынастарға шектеу қойылды.
Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, эко - номикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс - қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.
Қоғамдағы барлық қатынастар құқықтық нормалармен реттелмейді, тек әлеуметтік, қоғамдық мүдде-мақсаттарды қамтитын қатынастарды реттеп, басқарып отырады.
Құкықтық қатынастар -- құқыққа байланысты, кұкық негізіндегі қатынастар. Құқықтық қатынастарға мынадай белгілер тән.
1) Құқықтық қатынас -- бұл қоғамдық қатынас, былайша айтқанда, адамдардың арасындағы қатынас және олардың іс-әрекетімен, мінез-құлқымен тікелей байланысты. Меншік иесінің өз заттарына хақысы бар, бірақ бұл құқықтарды ол басқа адамдармен қатынас жасағанда жүзеге асырады;
-- құқықтық қатынастар тек нормативтік актілер арқы - лы реттеліп отыратын қарым-қатынастарды біріктіреді. Нормативтік актілерде қатынастың мазмұны, субъектілердің құқықтары мен міндеттері, дұрыс орындалмаса жауапкершіліктің түрлері көрсетіледі. Құқықтық қатынастар арқылы нормативтік актілер іске асады, орындалады.
2) Құкықтық қатынас тек қана адамның мінез-құлқына құқықтық норма әсер еткенде пайда болады. Құкықтық норма мен құкықтық қатынас арасында бұлтартпастық байланыс бар, өмірде тек қана құқықтық нормада көрсетілген құқықтық қатынас пайда болады. Кейде заңда көрсетілмеген жағдайда да қатынас құқықтық сипатқа ие болуы мүмкін. Мысалы, құқықгық ұқсастық болған жағдайда құқықтық норма өзінде тікелей көрсетілмеген қатынастарға қолданылады;
-- қатынастың субъектілерінің екі жакты құқықтары мен міндеттерінің толық көрсетілуі. Бір жағының кұқығы екінші жағының міндеттеріне сәйкес, тең келеді. Субъектілердің бостандығы тең болады.
3) Құқықтық қатынас -- бұл субъективтік құқықтар мен міндетгер аркылы пайда болатын адамдар арасындағы байланыс. Субъективтік құқықка ие болушы соны пайдаланатын тұлға, ал құқықтық міндет жүктелген сол міңдетгі орындауға тиіс тұлға. Құқықтық қатынаста хақысы бар түлға және міндеті бар тұлға болады: адам, ұйым, мемлекет органы.
-- субъектілер өз еріктерімен, өз мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін құқықтық қатынас жасайды.
4) Құқықтық қаты - нас -- ерікті қатынас. Құқықтық қатынас пайда болу үшін қатысушылардын еркі қажет. Қейбір құқықтық қатынастар пайда болу үшін тараптардың еркі қажет (мүліктік қатынастар). Ал қейбір құқықтық қатынастар тек бір тараптың еркіне байланысты пайда болады (қылмыстық іс заң қорғаушы орғанның еркі бойынша қозғалады).
-- егер қатынаста нормативтік актінің мазмұны бұзылса немесе субъектілер өз міндеттерін дұрыс, толық орындамаса, мемлекеттің қатынасуымен бұл кемшіліктер түзетіліп, жауапкершіліктің түрін анықтауға тиіс.
5) Құқықтық қатынасты мемлекет қорғайды. Құқықтық нормалардың талаптарын жүзеге асыруды қамтамасыз ете отырып, мемлекет құқықтық қатынастарды да қорғайды. Мемлеқет қорғайтын құқықтық қатынастар қоғамдағы құқык тәртібінің негізі болып саналады.
Құқықтық қатынастардың түрлері. Құқықтық қатынастарды түрлерге бөлу, құқық нормаларын түрлерге бөлудегі сияқты, әр түрлі негіздер бойынша жүзеге асырылуы мүмкін:
1) салалық белгісі бойынша құқықтық қатынастар конституциялық-құқықтық, әкімшілі-құқықтық, азаматтық-құқықтық және т.б. болып бөлінеді;
2) сипаты бойынша - материалдық (қаржылық, еңбек және т.б.) және іс жүргізушілік (қылмыстық іс жүргізушілік, азаматтық іс жүргізушілік т.б.) құқықтық қатынастар;
3) құқықтың функциялары бойынша - реттеуші және қорғаушы құқықтық қатынастар; реттеуші құқықтық қатынастар құқық нормасы немесе шарт негізінде пайда болады, қорғаушы құқықтық қатынастар мемлекеттік мәжбүрлеумен және заңды жауапкершілікті жүзеге асырумен байланысты болады;
4) қатысушылардың құрамына қарай - жай және күрделі құқықтық қатынастар; жай құқықтық қатынастар екі субъектінің арасында туындайды ( сату-сатып алу құқықтық қатынастары), ал күрделі құқықтық қатынастар бірнеше субъектілердің арасында туындайды. (қылмыстық жазаны өтеу құқықтық қатынастары);
5) субъектілерінің анықталу дәрежесіне қарай - абсолюттік және қатысты құқықтық қатынастар; абсолюттік құқықтық қатынастарды тек бір ғана - субъективтік құқықты иеленуші анықталады, ал қатысты құқықтық қатынастарда екі жақ та жеке дара анықталған болып келеді және бір-біріне қатысты құқықтар мен міндеттерді иеленуші болып табылады;
6) жалпы және нақты құқықтық қатынастар; жалпы құқықтық қатынастар заңнан тікелей туындайды, нақты құқықтық қатынастар заңды фактілердің - әрекеттердің, нақты жүріс-тұрыс актілерінің нәтижесінде пайда болады. [12;98б]

1.2 Құқықтық сананың ұғымы және маңыздылығы
Сана - объективтi шындықты идеалды түрде бейнелеудiң адамға ғана тән ең жоғарғы нысаны. Сана адамның өз болмысы мен объективтi дүниенiң мән-жайын, мазмұнын, ұғымын бiлуiнде белсендi қызмет атқаратын психикалық процестердiң заңды нәтижесi болып табылады. Сана - шындықты бейнелеудiң механизмi мен нысандарын тарихи дамудың сатыларына сәйкес айқындайтын философия, социология және психологияның және жалпы танымның ең басты категорияларының бiрi.
Құқықтық сана - қоғамдық сананың бiр түрi. Саяси жане моральдық санамен тығыз байланысты. Мазмұны жағынан тиiстi мемлекетте қолданылып отырған құқық нормалары, заңдық пен құқықтық тәртiбi қылмыс және оны жазалау. қоғам мүшелерiнiң құқықтары мен көзқарастары жатады. Антогонистiк қоғамда таптардың өзiне тән құқықтық санасы болады. оның мазмұны әр таптың қоғамның экономикалық, саяси, мәдени өмiрiнде алатын орнына байланысты.
Қылмыстылықтың өршiп, азаматтардың әлеуметтiк қорғалуының деңгейi төмендеген кезде азаматтарға олардың құқықтарын түсiндiру, олардың мүмкiндiктердiн айқындаудың маңызы өте зор.
Құқықтық нақтылықты, құқықтың және құқық жүйесінің дамуына ықпал ететін факторларды ерекшетүрдетану құқықтық сана болып табылады. Моральмен, дінмен, өнермен, ғылыммен қатар, құықтық сана қоғамдық сананың нысаны болып саналады, оның өмір шындығын көрсететін өзіне тән ерекше объектісі бар.
Құқықтық сана дегеніміз, адамдардың қолданылып жүрген жәен тілек ететін құқыққа көзқарасын білдіретін түсініктер мен сезімдердің, бағалар мен мақсатардың жиынтығы. Мысалы, азаматтардың жаңа заңға мақұлдау немесе жақтырмау, нормативтік құқықтық актінің жобасы жөнінде пайымдау және т.б. түріндегі әсері.
Құқықтық сананың мәні оның бағалаушылық сипатында. Қолданылып жүрген заң нормаларын нақты қоғамдық қатынастармен және әлеуметтік топтардың мүдделерімен арақатынасын белгілей отырып, құқықтық сана құқықтың мүмкіндігінше қандай болуға тиіс екендігін анықтайды. Ол субъектінің қолданылып жүрген құқық нормаларын сақтауға немесе бұзуға деген белгілі бір көзқарасын қалыптастырады. Соның нәтижесінде мұндай баға бұдан әрі мінез-құлық себебіне айналуы мүмкін. [6;36б]
Құқықтық сана әлеуметтік құбылыстарды ерекше бағалай отырып, қоғамдық сананың басқа нысандарымен өзара әрекет етеді. Мәселен, меншіктің экономикалық санамен қатынастары тұрмыс деңгейі мен тұрмыс салтының алғашқы негіздерінің бірі ретінде, адамгершілік санамен қатынастары- ізгілік пен зұлымдық тұрғысынан, құқықытық санамен қатынастары олардың заңдылығын тану тұрғысынан қарастырылады. Құқықтық сана өзінің сабақтастығымен, мәдени-тарихи мазмұнымен күшті. Құқық туралы көзқарастар, түсініктер, идеялар мен теориялар ұрпақтан ұрпаққа сол арқылы беріліп отырады. Өткендегі құқықтық жетістіктердің қазіргімен, бір өркениеттің басқалармен қабылдануы, кеңестерден кейінгі көптеген мемлекеттердің құқықтық жүйелерінің батыс конституционализмі мен дәстүрлі нормаларының идеялары мен конструкцияларын қабылдауы. Әртүрлі мәдени-тарихи қоғамдастықтың құқық туралы, ретеу әдістері мен жауакершілік түрлері туралы түсініктері әртүрлі болдаы. Түрлі елдер мен құрлықтардағы құқықтық сананың ерекшеліктері де осыдан.
Жағымды құқықтағы өзгерістердің табиғи ықпалына ұшырай отырып, құқықтық сана құқық жүйесі мен қоғамдық қатынастарға күшті кері әсер етеді, дамуға себепші болуы не әлеуметтік процестерді тежеуі мүмкін.
Мысалы, АҚШ-тың бабасы болған негізін қалаушылардың озық құқықтық санасының Солтүстік Америкадағы қоғамдық процестерді демократияға, бостандық пен гүлденуге қалай ілгерілеткені мәлім. Адам мен азамат құқықтарының, заң үстемдігінің, билікті бөлісудің, тәуелсіз сот әділдігінің идеялары өмірде орнықты, олар осыдан екі жүз жылдан астам уақыт бұрын Тәуелсіздік декларациясы мен АҚШ Конституциясында тұжырымдалған болатын және олар дүниежүзілік құқықтық санаға ықпалын осы кезге дейін жоғалтқан жоқ.
Және басқа бір, неғұрлым жақындағы мысал: көптеген жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік дейтін құқықтық сана жинақталатын зейнетақы құқығының дүниежүзілік практикасы негізінде ортақ зейнетақылық құқық қатынастарын толғағы жеткен реформалаудағы жанталаса "қарсылық көрсетті".
Құқықтық сана - сан қырлы феномен. Оның жеке адам мен қоғамның рухани даму ерекшеліктеріне байланысты өз құрылымы бар. Құқықтық сананы негізгі екі элемент: құқықтық психология және құқықтық идеология құрайды.
Құқықтық психология болып жатқан оқиғалар мен құбылыстардан қызбалықпен, тіпті есі кете терең әсер алуға қабілетті адамға тән психикамен байланысты. Ол құқықтық санада көбінесе стихиялы түрде, құқыққа және құқықтық шындыққа көзқарас бейнелетін сезім, көңіл-күйі, сүйкімділік пен сүйкімсіздік, реніш түрінде қалыптасады. Мәселен, бұл жасалған қылмыс жөнінде ашынушылық және оның құрбанына жаны ашушылық, әділ сот үкіміне қанағаттану сезімі; қылмыстық жазадан қорқу немесе Конституцияны құрметтеу болуы мүмкін.
Құқықтық сезімдер, көңіл-күй көп жағдайда әлеуметтік ортаның, жеке адамның тікелей араласатын ортасының ықпалының әсерімен қалыптасатынын ескеру керек. Көптеген социологиялық зерттеулерде адамның белгілі бір ортада болғанда, өзі басқа адамдармен байланыс жасамаған кездегіге қарағанда, көбінесе мүлде өзгеше сезініп, ойлап, әрекет жасайтыны атап өтілген. Жеке адамның құқықтық сансының деңгейімен ерекшеліктерін анықтау ұшін оның отбасыыны, ұжымының, бейресми араласатын топтарының және тиісті әлеуметтік жіктерінің әлеуметтік-құнды бағдарын білу қажет болатыны сондықтан.
Құқықтық сананың құбылмалы элементі көңіл-күйі болып табылады, өйткені ол өзгеріп отырады, құқықтық идеяларды таратудың көмегімен иландыру мен көтермелеуге сәйкес келетін саналы әсерге бейім болуы мүмкін.
Адамдардың дағдысына, олардың тұрмыс-салтына енетін нәрсе құқықтық сананың белгілі-бір әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтауға байланысты тұрақты элементтерін айқындайды. Қылмыстық, қылмыстық атқару, әкімшілік, сондай-ақ азаматтық құқықта сол заңдарға қоғамдық құқықтық сана арқылы және оны мақұлдауымен адамдардың әдет-ғұрпымен сенгізілген кінәден арылу туралы, зиянды жуып-шаю туралы, моральдық нұқсанның орнын толтыру туралы ережелер кездесетіні анық.
Құқықтық санадағы дәнекер элемент- жеке адамның өз әрекеттерінің заңдылығын өзінің бағалауы. Өздерінің ниетін, мотивтері мен қылықтарын сын көзбен және дер кезінде бағалай білу оның адам мінез-құлқындағы реттеуіштік, алдын алушылық, немесе, керісінше, белсендіруішілік рөлін айқындайды. Өзін-өзі бағалау өзінің заңды әрекеттеріне қанағаттану немесе істелген істері үшін ұялу, өкіну сезімінен көрінуі мүмкін. Адам ожданының көрінісі ретінде ұялу, опыну оның мінез-құлқындағы құқықтық ауытқуды тежей алады. Жеке адамның құқықтық психологиясында ішкі өзін-өзі бағалау дағдысын қалыптастыру- жеке адамды құқықтық тәрбиелеудің және жалпы әлеуметтендіру процесінің міндеті.
Құқықтық идеология дегеніміз құқықтық сананың құқықты және өмір шындығының құбылыстарын тұғырнамалық түрде бейнелеп, бағалайтын заңдық ұғымдарды, принциптерді, теорияны құрайтын жоғарғы қабаты. Адамның күнделікті тәжірибесіне сыйып кететін құқықтық шындықтарды әдетте, сезімдік қабылдауға ұқсас құқықтық психологиядан айырмашылығы- құқықтық идеология бейне бір құқықтық бағалаудың рационалдық деңгейіне сәйкес келеді, құқық пен мемлекет құбылыстарын ой елегінен неғұрлым терең өткізуді бейнелейді.
Құқықтық идеологияға құқықты қоғам қажеттеріне сай келетін идеологиялық жағынан жетілген мәдени-тарихи доктрина етіп көрсету үшін оның мәнін, әлеуметтік құндылығын ашып беруге ұмтылыс тән. Бұған табиғи құқық концепциясы, норматившілдік теория, құқық пен мемлекеттің марксистік доктринасы мысал бола алады.
XXI ғасырдың табалдырығында Қазақстан принципті түрде жаңа әлеуметтік-тарихи және геосаяси жағдайда отырды. Мемлекеттік құқықтық реформа бағдарламасын(1993 ж.) негізінен орындағаннан кейін оған да Қазақстанның мемлекеті мен азаматтары үшін Республика Президенттің "Қазақстан-2030" стратегиясынан туындайтын және оны мемлекеттік-құқықтық салада нығайтатын жаңа құқықтық идеология керек болмай қоймайды.
Жеке құқықтық сана адам күнделікті қатысатын алуан-түрлі әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың ықпалымен, сондай-ақ өзінің психикалы-физиологиялық ерекшеліктерінің әсерімен қалыптасады. Жеке адамның мәдениеті мен білімі деңгейінің әртүрлі болуы, адамдардың әлеуметтік жағдайы мен қабілетінің бірдей болмауы жеке құқықтық сана деңгейінің әртүрлі болуына себепші болады.
Жағымды құқықтағы өзгерістердің табиғи ықпалына ұшырай отырып, құқықтық сана құқық жүйесі мен қоғамдық қатынастарға күшті кері әсер етеді, дамуға себепші болуы не әлеуметтік процестерді тежеуі мүмкін.
Мысалы, АҚШ-тың бабасы болған негізін қалаушылардың озық құқықтық санасының Солтүстік Америкадағы қоғамдық процестерді демократияға, бостандық пен гүлденуге қалай ілгерілеткені мәлім. Адам мен азамат құқықтарының, заң үстемдігінің, билікті бөлісудің, тәуелсіз сот әділдігінің идеялары өмірде орнықты, олар осыдан екі жүз жылдан астам уақыт бұрын Тәуелсіздік декларациясы мен АҚШ Конституциясында тұжырымдалған болатын және олар дүниежүзілік құқықтық санаға ықпалын осы кезге дейін жоғалтқан жоқ.
Және басқа бір, неғұрлым жақындағы мысал: көптеген жылдар бойы қалыптасқан әлеуметтік дейтін құқықтық сана жинақталатын зейнетақы құқығының дүниежүзілік практикасы негізінде ортақ зейнетақылық құқық қатынастарын толғағы жеткен реформалаудағы жанталаса "қарсылық көрсетті".[15;136б]

0.3 Құқықтың қайнар көздерінің түсінігі мен мәні
Мемлекет билік жүргізу барысында қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормаларынан қабылдайды. Құқықтың қайнар көздеріне құқық жасаушылық барысында қабылданған, бекітілген нормативтік құқықтық кесімдер кіреді. Заң әдебиеттерінде құқықтың қайнар көздерін екі мағынада айқындап, түсінік береді. Біріншісі материалдық, екіншісі формальдық. Материалдық мағынада алып қарағанда құқықтың қайнар көздері қалыптасқан материалдық жағдайлардың жиынтығынан туындайтын мемлекеттің құқық жасау барысындағы қызметі. Бұл жерде материалдық жағдайлар құқықты тікелей қалыптастырмайды, керісінше, құқықтың қайнар көздері материалдық мағынада мемлекеттік билік болып қабылданады. Қазіргі уақытта құқықтың қайнар көздерін материалдық мағынада қабылдау, оны мойындау өте сирек кездеседі.
"Құқықтың қайнар көздерін формальдық мағынада алып қарағанда мемлекеттік биліктің мінез-құлық ережелерін бәріне бірдей екендігін құқық нормалары арқылы бекіту. Бірақ, қазіргі құқықтық мемлекет құру барысында құқықтың қайнар көздерін тек ғана мемлекеттік - биліктік қызметтің нәтижесінде болатын көрініс деп танымай, керісінше, әдет - ғұрыптарды мойындау құқықтың жаңа көздерін қалыптастыруда.
Қазіргі кезде нарықтық қатынастардың заңдары құқықтық қатынастардың субъектілері іскерлік қатынастарды орнату сияқты көріністерді заң талаптары бекітпеген позитивтік әдеттік құқық деп бағалауға құлшыныс таныту көрінісі байқалады ".
Мемлекет және құқық теориясында құқықтың қайнар көздеріне талдау жасап, баға бергенде ең алдымен халықтың мүддесі қалай заңнан шешімін табады ? Құқық нормалары қалай бекітіледі ? - деген сұрақтарға нақтылы жауап беруі тиіс. Халықтың еркі, тілек - талаптары, қажетті мүдделері құқықтық нормаға айналу үшін бұл көріністер объективтітендірулері тиіс. Оған дейінтек идея жүзінде болады, құқықтық норма санатына ие емес. Құқықтық идеяның құқық нормаларына айналуы үшін мемлекеттің ерекше кесімі керек. Тек содан кейін ғана идея құқық нормаларына айналады.
Құқықтың қайнар көздерi деп мемлекеттің қоғамдық қатынастарды реттеу, қорғау үшін қабылдаған және бекіткен нормативтік кесімдердің біртұтастықтағы жиынтығын айтады. Құқықтың қайнар көздерiне ресми сипат көрiнiсi тән, олар мемлекетпен танылады және құрамындағы нормаларға мемлекеттен қолдау көрсетiледi. Құқықтың қайнар көздеріне тек қана мемлекеттік органдардың жоққа шығарылғанға дейін қолданылатын, құқық нормасы бар, бәріне бірдей міндетті мінез - құқық ережелері, бекітілген нормативтік құқықтық кесімдер жатады. Ал, құқық негізінде қабылданатын дара кесімдер бір ғана оқиға, сәттерге пайдаланылады.
"Өз кезінде қазақ мемлекеттілігінің құқығы нормативтік актілер, үлгі істер, құқықтық әдеттер арқылы қалыптасқан. Оған дәлел "Қасым ханның қасқа жолы" (XV ғ.), "Есім ханның ескі жолы" (XV ғ.), Тәуке ханның "Жеті жарғысы" (XVIII ғ.). Сонымен қатар қазақ коғамында билердің үлгі шешімдері де қазақтың ұлттық құқықтық әдеттерін дамытқан. Қиыннан қиыстырып тапқан билердің шешімдері ұқсас істерді карағанда күші бар құқықтық норма ретіңде пайдаланылған. XIX ғасырда билер съезінде қабылданған ережелерде Құқықтық нормалар жазылып, нормативтік актілер ретіңде пайдаланылған. Солармен қатар қазақ коғамында ежелден қалыптасқан құқықтық әдеттер де қоғамдық қатынастардың реттеушісі болып отырған".[10;83б]

I I БӨЛІМ. ҚҰҚЫҚТЫҢ ТҮСІНІГІ МЕН МӘНІ
2.1 Құқық ұғымы және пайда болу тарихы
Құқық - мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің (нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу-ақ.
Құқық мазмұнының негізгі элементтері:
- қоғамның және адамдардың мүдде-мақсатын қорғау, орындау;
- қарым-қатынастарды реттеп, басқару;
- қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т.б. бағытын дамытып, нығайту;
- мемлекеттік органдардың, ұйымдардың құзіретін, ара-қатынасын реттеп басқару. [1]
Құқық терминінің көптеген мәні бар. Ол заң ғылымында , күнделікті өмірде , қызмет бабында қолданылады.
Заң ғылымында құқық термині бірнеше мағынада қолданылады. Құқық-ресми түрде танылған жеке және заңды тұлғалардың ,заңға сүйене отырып әрекет етуі. Мысалы,азаматтардың еңбек ету бостандығы,білім алу , меншік иесі болу,кәсіпкерлікпен шұғылдану құқығы. Заңды тұлғалардың да құқықтық мүмкіндіктері болады.
Субъективтік құқық - тұлғалардың мүддесін қанағаттандыру мақсатымен құқықтық нормалардың құқық тұлғаларына берген құқықтық мүмкіндіктері.
Тұлғаның құқығы құқықтық қатынасқа қатысушы басқа тұлғаның құқығымен байланысты болғандықтан , екі жақта да құқықтық міндеттер пайда болады. Мысалы, әр азаматтың оқып , білім алуға құқы бар. Сол құқықты пайдаланып,азаматоқу орнының ішкі тәртібіне бағынып,оқу бағдарламасын орындауға міндетті.[9;36б] Азаматтық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар азаматтар арасында, ұйымда, мемлекет пен әкімшілік - аумақтық бөліністер арасында қалыптасады. Заңды тұлға терминімен қатар, жеке тұлға термині қолданылады. Азаматтық кодекстің 12 - бабына сәйкес жеке тұлғаға
Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады.
Құқық теориясында жеке тұлға азаматтық құқықтық қатынастың субъектісі болып танылуы үшін онда құқық қабілеттілік пен әрекет қабілеттілік болуы міндетті. Құқықтық субъектілік дегеніміз - құқықтар мен міндеттерге ие болып, оны жүзеге асыру мүмкіндігі. Құқық қабілеттілік азамат туған кезден басталып, қайтыс болғанда тоқтылады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нормативтік-құқықтық актілердің кеңістікте, уақытта және тұлғаларға әрекет етуі
Рим құқығының тарихы
Құқықтың түсінігі мен мәні
Құқықтың негізгі белгілері
Конституциялық құқықтық қатынастардың объектілері мен субъектілері
Конституциялық құқықтық қатынастар түсінігі, түрлері, пайда болу негіздері, ерекшеліктері
Орталық мемлекеттік органдар ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары
Құқық және мораль нормасы
Құқықтық жүйе ұғымы
Орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық қаулылары
Пәндер