Қазақстан Республикасының мемлекеттінің құрылымы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
0.1 Мемлекеттік құрылым түсінігі мен мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
0.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы мен оның ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

ІІ БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫ
2.1 Мемлекеттік органдардың түрлері мен қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.2 Мемлекеттік құрылым нысаны және оның мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.3 Мемлекеттік аппарат түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .26
ҚОСЫМША

КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың тақырыбы: Мемлекет органдары, олардың белгілері, қызметі деп аталады. Мемлекеттік құрылым - кең мағынада мемлекеттің жалпы құрылымын, яғни мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін, оның азаматтарының құқықтық мәртебесінің негіздерін, мемлекеттік аймақтық құрылысын, мемлекеттік органдар жүйесін тұтас қамтитын ұғым; тар мағынада: мемлекеттік биліктің аумақтарға немесе ұлттық аймақтарға бөлінуі, яғни мемлекет аумағының ішкі бөлінісі.
Ішкі бөлініс сипатына қарай мемлекеттер унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып жіктеледі.
Қазіргі таңда, қоғамдық дамудың марксистік концепциясының жалпы дадарысымен байланысты, методологиялық дағдарысты бірте бірте жеңіп жатқан отандық мемлекет және құқық теориясы мемлекет нысандарының негізгі сипаттамаларының бірі ретінде мемлекеттік құрылым нысанын біршама толық және жеткілікті негізді түсінуін ұсына алады, бұл нысандардың бршама салмақты саралануын бере алады, олардың дамуының біршама шынайы болжамын белгілей алады. Бұл елдің аумақтық құрылымын біршама тиімді ұйымдастыру нысанын іздестіру кезінде елдің саяси өмірі үшін өте маңызды.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Қазақстан Республикасы -- президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет.
Қазақстан Республикасының коституциясы - еліміздің ата заңы 1993 жылдың 28 қаңтарында бірінші конституция бекіген болатын. Тәуелсіз жас мемлекеттің қалыптасуында ол белгілі бір тарихи рол атқарды. 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда жаңа конституция қабылданды. 1998 жылы ел президентінің бастамасымен парламент Конституцияға 2 шақты өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Бұл толықтырулар парламенттің өкілдігін, қоғамдық өмірдің демократиялық негіздерін кеңейтті.
Конституция бойынша, Қазақстан Республикасы - президенттік басқару формасындағы біртұтас мемлекет.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы, оның нысандары, басқарушы органдарымен танысып, нақты мағлұматтар алу.
Қайнар көздері: 2013жылы Алматы баспасынан шыққан Д.А. Булгакованың Мемлекет және құқық теориясы оқулығын пайдаландым.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.

І БӨЛІМ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІНІҢ ҚҰРЫЛЫМЫ

2.1 Мемлекеттік құрылым түсінігі мен мәні
Мемлекеттік құрылым - кең мағынада мемлекеттің жалпы құрылымын, яғни мемлекеттің әлеуметтік, экономикалық және саяси негіздерін, оның азаматтарының құқықтық мәртебесінің негіздерін, мемлекеттік аймақтық құрылысын, мемлекеттік органдар жүйесін тұтас қамтитын ұғым; тар мағынада: мемлекеттік биліктің аумақтарға немесе ұлттық аймақтарға бөлінуі, яғни мемлекет аумағының ішкі бөлінісі.
Ішкі бөлініс сипатына қарай мемлекеттер унитарлық, федеративтік және конфедеративтік болып жіктеледі.[1]
Унитарлық мемлекет әкімшілік аймақтарға ғана бөлініп, бүкіл ел бір орталықтан жергілікті органдар арқылы басқарылады. Конституциясы, ел басшысы, үкіметі біреу болады. Бірақ унитарлық мемлекетте де автономиялық мемлекеттік құрылым мәртебесіндегі аймақ болуы мүмкін. Федерация - бірнеше бәлек мемлекеттерден құрылған одақ. Одақтың ортақ конституциясы, басшысы, органдары, әскері болады. Федерация ұлттық, аумақтық не аралас (ұлттық-аумақтық) негізде құрылады. Конфедерация - екі немесе одан да көп мемлекеттердің өз саяси тәуелсіздіктерін сақтай отырып, қандай да бір (мысалы, экономикалық) мақсаттарды көздей отырып, мерзімді шарт бойынша одақтасуы. Конфедерация мүшесінің кез келген уақытта одақтан шығуға құқы бар.
Мемлекет - бұл әр түрлі функциялары, нысандары, құрылу принциптері және тағы басқалары бар күрделі саяси ұйым. Мемлекет типін анықтауда мемлекет нысаны сияқты түсінік көмектеседі. Мемлекет нысаны түсінігі басқару қалай қалыптасатынын, кім басқаратынын, мемлекет бөліктері мен тұтас мемлекет арасында өзара байланысты, билікті жүзеге асыру үшін қандай әдістер қолданылатындығын білуге мүмкіндік береді.
Мемлекет нысаны туралы біршама толық түсінікті оның үш құрамдас бөліктері - басқару нысаны, мемлекеттік құрылым нысаны және мемлекеттік құқықтық режим береді.
Мемлекеттік құрылым мәселесі көп уақыт бойы, және қазіргі уақытта да өзекті болып табылады. Ол өзіне деген қызығышылықты құқықтанушы мен тарихшы зерттеушілер арасында ғана емес, сондай-ақ алғашында КСРО одақтық мемлекеттің егеменді мемлекеттерге ыдырауы мен бұл мемлекеттердегі проблемаларды, кейіннен Югославияның ыдырауы мен ондағы азаматтық соғысты және осы уақытқа дейін мемлекеттің ұлтық немесе қандай да бір өзге белгілері бойынша бөліну мәселелері жөнінде байқап жүрген жай азаматтардың арасында қызығушылық туындатады. [4;92 б]
Мемлекеттік құрылым нысандарының келелі мәселелерін көптеген зерттеушілер айналысқан және айналысып та жатыр. Мемлкеттік құрылым мәселелері Маркстің және Энгельстің көз қырларына түскен кезде, олар унитарлы мемлекеттің федеративтінің алдында басымдықты иеленетіндігін айтатын. Олардың пікірінше, еңбектің жоғары өнімділігі, еңбек етушілер арасындағы біршама тығыз байланыстар революциялық процеске ықпалын тигізуі керек, оған федеративті бастамалар кезінде қол жеткізуге болмайды. Бірақ мұндай алғышарт Германия, Франция сияқты елдерге, ұлтаралық қақтығыстар болмаған және болмайтын, ұлттық қатынаста бір текті болатын елдерде орынды болады. Олар өз назарларын Ұлыбританиға аударғанда, британдық колониялар астында төрт әр түрлі халықтың өмір сүретіндігін байқайды, және онда мемлекет унитарлы болса, онда таптық емес, ұлттық белгілері бойынша бөлінуі мен келіспеушіліктердің болуы сөзсіз. Яғни ағылшын жұмысшысы ағылшын буржуазиясымен, шотландық шотландықпен және т.б. бір бірімен бірігеді. Мұндайды алдын алу үшін, Маркс пен Энгельс, Британияда мемлекеттіліктің федеративті нысаны қажеттігін белгілеген, ол әр түрлі халықтардың тең құқылығын қамтамасыз етеді, ұлттық мәселені көтереді және әртүрлі халықтардың консолидация құралы болады.
Осыған орай, марксистік теория шегінде мемлекет нысаны ретінде мемлекеттің әлеуметтік таптық және ұлттық-аумақтық мазмұнының сыртқы көрінісі түсінілетін, ол мемлекеттің негізгі құрылымдары - жоғарғы мемлекеттік билік органдары арасында, бұл органдар мен мемлекеттің аумақтық бөлімшелерінің билік пен басқару органдары арасында ара қатынастарының сипатымен анықталады. Бірақ мемлекеттік құрылым нысанына ықпал ететін ұлттық және тарихи дәстүрлер, ұлттық психология, діни сана, мәдени орта, қоғамды идеологияландыру және саясаттандыру деңгейі, эколгиялық факторлар және басқалары зерттеу шектерінен тыс қалады.
Қазіргі таңда, қоғамдық дамудың марксистік концепциясының жалпы дадарысымен байланысты, методологиялық дағдарысты бірте бірте жеңіп жатқан отандық мемлекет және құқық теориясы мемлекет нысандарының негізгі сипаттамаларының бірі ретінде мемлекеттік құрылым нысанын біршама толық және жеткілікті негізді түсінуін ұсына алады, бұл нысандардың бршама салмақты саралануын бере алады, олардың дамуының біршама шынайы болжамын белгілей алады. Бұл елдің аумақтық құрылымын біршама тиімді ұйымдастыру нысанын іздестіру кезінде елдің саяси өмірі үшін өте маңызды. [12;124 б]

0.2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылымы мен оның ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы -- президенттік басқару формасы бар демократиялық, құқықтық, унитарлы, зайырлы мемлекет.
Қазақстан Республикасының конституциясы - еліміздің ата заңы 1993 жылдың 28 қаңтарында бірінші конституция бекіген болатын. Тәуелсіз жас мемлекеттің қалыптасуында ол белгілі бір тарихи рол атқарды. 1995 жылдың 30 тамызында республикалық референдумда жаңа конституция қабылданды. 1998 жылы ел президентінің бастамасымен парламент Конституцияға 2 шақты өзгерістер мен толықтырулар енгізді. Бұл толықтырулар парламенттің өкілдігін, қоғамдық өмірдің демократиялық негіздерін кеңейтті.
Конституция бойынша, Қазақстан Республикасы - президенттік басқару формасындағы біртұтас мемлекет.
Президент елбасы болып табылыды. Президентке кең өкілдік берілген. Ол Үкіметті қалыптастырады, Парламенттің келісімімен Премьер-министрді тағайындайды, оны қызметінен босатады. Президент Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің Жоғарғы қолбасшысы болып табылады. 1991 жылы елдің алғаш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Конституция бойынша президент бес жылға сайланады, бірақ 1998 жылы Конституцияға енгізілген түзетулерге сәйкес бұл мерзім жеті жылға дейін ұзартылды. 1999 жылы Президенттің кезектен тыс сайлауы болды, онда Н.Ә. Назарбаев жеңіске жетті. 2000 жылдың 27 маусымында Қазақстан Республикасы Парламентінің бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының алғашқы Президенті туралы Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Бұл заң Республика басшысының өмірлік мәртебесін анықтады. [8;169 б]
Қазақстан Республикасының Парламенті - заң шығару міндетін атқаратын Жоғарғы өкілетті орган болып табылады. Парламент екі құрылымнан тұрады: Жоғарғы палата - Сенат, Төменгі палата - Мәжіліс. Сенатты әр облыстан, республикалық маңыздағы қалалардан және мемлекет астанасынан екі адамнан сайланатын депутаттар құрайды. Парламент өкілеттігінің мерзімі 4 жыл.
Үкімет атқару билігінің жоғарғы органы болып табылады. Үкімет басында Премьер-министр тұрады.Оны республика Парламентінің келісімімен Президент тағайындайды. Үкімет мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарын белгілейді, оның қорғаныс қабілетін, қауіпсіздігін, қоғамдық тәртібін қамтамасыз етеді. Үкімет өз қызметі үшін Президент алдында жауап береді және өз өкілдігін жаңадан сайланған Президент алдында тоқтатады.
Сот жүйесі қызметін Жоғарғы сот және жергілікті сот органдары жүзеге асырады. Қазақстанда әділет органдарын реформалау жөніндегі негізгі жетістіктер Қазақстан Республикасының сот жүйесі және соттардың мәртебесі Конституциялық заңында көрсетілген. Бұл заң 2000 жылдың 25 желтоқсанында қабылданды. Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты азаматтық және қылмыстық істер жөніндегі Жоғарғы сот органы болып табылады.
Конституциялық заңдардың орындалу бақылауын Конституциялық Кеңес жүргізеді. Ол алты жылға сайланатын жеті мүшеден тұрады. Бұның сыртында Республика экс-президенттері Конституциялық Кеңестің өмірлік мүшелері болып табылады.
Жергілікті жерлерде мемлекеттік басқару жергілікті өкілетті және атқаратын органдарының еншісінде.
Жергілікті өкілетті органдар - мәслихаттар - сол әкімшілік-аумақтық бірлік жұртшылығының қалауын білдіреді. Жергілікті атқару билігін облыстық әкімшіліктер - облыс әкімдері басқарған әкімдіктері жүргізеді. Облыс әкімдерін Премьер-министрдің ұсынуы бойынша Президент тағайындайды.
Республика (лат. Respublіka - халық игілігі, қоғамдық іс) - мемлекеттік басқару нысаны. Мұнда жоғары мемлекеттіңбилікті белгілі мерзімге сайланған органдар жүзеге асырады. Мемлекеттің биліктің барлық жоғары органдары не сайланады, не оларды жалпыұлттық өкілдікті мекемелер.
Билік не бүкіл халықтың (демократия) не оның бір бөлігінің (аристократия) қолында болатын мемлекет. Республиканың қозғаушы принципі -- саяси ізтілік, яғни отанға деген сүйіспеншілік. Барлық жоғары ресми билік органдарын белгілі бір мерзімге халық сайлайтын мемлекеттік басқару нысаны. Ол антик. дәуірде ежелгі монархияларға қарама-қарсы, оларға қарағанда озық мемлекеттік құрылыс ретінде пайда болды.
Мысалы, Спартада мемлекет билік ақсүйектерден сайланған ақсақалдар кеңесінде, ал Афинада ел сайлаған "халық жиналысында" болды. 17 -- 18 ғасырларда Батыс Еуропа елдерінде монархияға қарсы шыққан буржуазия идеологтары республиканы басқару нысанын енгізуді демократияның салтанат құруы және адам құқықтарын қамтамасыз етудің кепілі деп білді. Шынында да Республика азаматтардың жеке және саяси құқықтарын кеңітіп, халық билігі қағидаларын жүзеге асыруға мүмкіндіктер ашады. Алайда азаматтардың билік құрылымдарына қатысы әр түрлі болады.
Республикалық билеу түрінің негізгі саяси ин-ттарына парламент, үкімет, президент, сот және сайлаушылар жатады. Республиканың бірнеше түрі бар: президенттік, парламенттік, аралас.
Президенттік Республика тұңғыш рет АҚШ-та іс жүзіне асырылып, 1789 жылы Вашингтон президент болып сайланды. Қазір дүние жүзінің көптеген елдері осы басқару нысанын қабылдаған. Президенттік Республикада президенттің өкілеттігі кең болады және ол мемлекет басшысы ғана емес, атқарушы биліктің де басшысы, сондай-ақ бас қолбасшы болып табылады, заң күші бар актілер шығарады, парламентті таратуға құқылы болады. Президент биліктің үш тармағын үйлестіруші рөлін атқарады. [23;216 б]
Президент билігі өте күшті Республикалар (мысалы, Орталық Азия, Латын Америка мемлекеттері, т.б.) супер президенттік Республика деп аталады. Ал президенттік-монокр. Республикада (кейбір Африка елдері) президент өмір бойына сайланады. Өтпелі кезеңнің қиыншылықтары мен қажеттіліктеріне орай президент қолында күшті билік шоғырланғандықтан, Қазақстан да супер президенттік Республикаға жатады.
Парламенттік Республикада жоғары билік иесі парламент болып табылады. Мұндай Республикада үкіметті парламент құрады, яғни оған атқарушы билік тәуелді болады. Сондай-ақ парламент салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды бекітеді, соғыс пен бітім мәселесін шешеді, әскерді қамтамасыз етеді, халықар. шарттарды бекітеді.
Парламент кез келген мәселеге байланысты үкіметтен есеп беруді талап етуге, үкіметке сенімсіздік білдіруге құқылы.Жартылай президенттік республика - немесе аралас республика деп те атайды. Оның негізгі белгісі үкіметтің - президенттің де, парламенттің де алдында қосарланған жауаптылығы. Жартылай президенттік республикада президент және парламент тікелей халықтың дауыс беруі арқылы сайланады. Бүл жерде мемлекет басы президент болып табылады. Ол парламенттегі саяси күштердің орналасуын есепке ала отырып үкімет басы мен министрлерді тағайындайды. Мемлекет басы министрлер кабинеті мәжілістерін басқарады және оның шешімдерін бекітеді.
Парламенттің де елдің жыл сайынгы бюджетін бекіту барысында үкіметті бақылау мүмкіндігі, сонымен қатар, үкіметке сенімсіздік вотумын білдіру қүзыры бар. Жалпы алғанда, жартылай президенттік республикада әртүрлі билік институттары арасындағы өкілеттік және қатынастар тәртібі эр елде әртүрлі ерекшеліктерін есепке алып, өзгерген.

ІІ БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ НЫСАНЫ

2.1 Мемлекеттік органдардың түрлері мен қызметі
Мемлекеттік органдар атқаратын қызметінің сипатына сәйкес бірнеше түрлерге бөлінеді. Айталық мемлекеттік органдар өкіліттігінің шеңберіне сай үш түрге бөлінеді: атқару органдары, өкілетті органдар және сот, құқық қорғау органдары. Осы органдар ішінде Қазақстан Республикасының Президентінің рөлі мен маңызы өте зор деп айтыға толық негіз бар.Президент билігі жалпы жоғарыда аталған билік көзінің ешбіріне де жатқызылмайды, себебі Президент қызметінің ең басты қызметі -- ол мемлекеттік биліктің бір біріне қайшы келмей үйлесімді қызмет жасауын қадағалау және қажет жағдайда оны реттеп отыру болып табылады.
Президент -- ол мемлекеттің басшысы және мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын айқындауға құзреті бар бірден-бір жоғарғы мемлекеттік ең лауазымды адам болып табылады. Менің өз пікірім бойынша жалпы бізде мемлекетіміздің, яғни Қазақстанның Президентік басқару нысаннында болғанын орынды деп бағалаймын себебі, егеменді ел болып, енді ғана өз мемелекетіміздің іргесін қалап, оны қалыптастырып және нығайту кезінде мемлекеттік басқарудың орны айрықша маңызды әрі біздің жас мемлекет үшін стратегиялық мәні айтып жеткізгендей.
1.Мелекеттік билік органдарға жататындар: Парламент, Президент және жергілікті әкімшілік-құқықтық бөліністердегі мәслихаттар.
2.Мемлекеттік атқару органдары: үкімет және оған қарасты минстірліктер мен ведомостволар, жергілікті басқару органдары, әр түрлі деңгейдегі әкімдер жатады.
З.Сот және құқық қорғау органдары да мемлекеттік аппарат болып табылады. Енді осы алған мемлекеттік апаратқа немесе органдарға толығырақ сипаттама беріп кетелік:
Жоғарғы өкілетті органды ең алдымен халық сайлайды және ол заң шығару қызметін жүзеге асырады. Біздің мемлекетімізде, яғни Қазақстанда Жоғарғы өкілеттік орган болып Қазақстан Республикасының -- Праламенті табылады. Оның өкілеттігінің шегі төрт жыл деп Конституцияда көрсетілген. Парламент тұрақты жұмыс істейтін екі Палатадан тұрады. Олар Сенат.
Мәжіліс. Сенат депутаттары әрбір облыстан немесе Республикалық мәні бар қалалардан тиісінше екі адамнан жергілікті маслихаттардың сайлауы арқылы жүргізіледі.Сонымен қатар Парламент Сенатындағы 7 сенаторды Қазақстан Республикасы Президентінің өзі тағайындайды.
Мәжіліс депуттатарын сандық көлемі бойынша теңдей болып келетін әр түрлі әкімшіліктерден тікелей сайлау арқылы жүзеге асырылады және ондағы депутаттарды жалпы саны 67 адам. Парламент заңдар қабылдайды және заңда белгіленіп берілген өзге де көлемде өзінің өкілеттігін жүзеге асырады.
Атқару билік. Атқару билік жалпы Үкіметтің қолында жинақталады. Үкімет басқаруды жүзеге асқарады және қабылданған заңдардың орындалуына шаралар белгілеп, оны іс жүзіне асырады. Үкіметің басшысы болып Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынуымен және Парламаенттің мақұлдауымен тағайындалған премерь-минстр танылады.
Үкметтің құрамында түрлі минстірліктер мен ведомоствалар болады және оларды минстірлер басқарады. Әрбір миністірлікке өзінене тән қызмет пен қоғам және экономика саласын басқару бекітіліп берілген, сондай-ақ олар Үкмет жетекшісінің басшылығымен оны жүзеге асыруға міндетті және оның тиісті орындалуы үшін жауапты болады. [12;158 б]
Қазақстан Республиксының Үкіметінің құрылымдық сипатына келер болсақ, ол 14 минстірліктен және 10 мемлекеттік комитеттен құралған. Бұл аталған құрылымдар өз өкілеттігіне сай бұйрықтар мен қаулылар, ережелер қабылдайды, оның орындалуын тиісті әкімшіліктерге, яғни төменгі атқару органдарына жүктеуге құқылы. Үкмет өзінің құзретін тек Конституциялық шекте ғана жүзеге асыруға міндетті және басқа билік салаларына заңсыз араласуына жол берілмейді.
Қазақстан Республиксының Президенті қажет жағдайда Үкметті таратуға, яғни отставкаға жіберуге құзретті. Мемлекетте атқару билігі осал болса ол қоғамда, жалпы мемлекетте өте қолайсыз жағдайлардың орын алуына жол беріледі де нәтижесінде кез-келген мемлекеттің болашағына және тәуелсіздігіне қауіп төндіруі мүмкін. Бірақ атқару билігі қатаң тәртіп орнатамын деп қоғамдағы демократиялық құндылықтарға қиянат жасамауға тиіс.
Үкіметтің кез келген мүшесін қазіргі заңда жаңа белгіленген тәртіпке сәйкес Парламент қарауына, тыңдауға, есеп немесе түсініктеме беруді талап еуге құқылы, ал ол минстрлер үшін міндет болып табылады. Қазақстанда Үкметтің құқықтық статусын белгілейтін арнайы қабылданған заң бар.
Сот билігі -- ол биліктің жеке бір тәуелсіз әрі өте маңызды саласы болып табылады. Жалпы сот билігінің шынайы тәуелсіздігіне және әділдігінің өте маңызы бар. Себебі демократиялық қоғам қалыптастырып дамыту үшін ол басты әрі шешуші рөл атқарады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 75 бабына сәйкес Қазақстан Республикасында сот билігін тек сот органдары ғана жүзеге асырады. Сот билігі азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық қатынас жағдайындағы кәсіпорынның маңызы, мәні мен қаржылық сипаты
Моғолстанның құрылуы және ыдырауы
Қр-ның 1993-1995 ж. конституциясы
Билік бөліну принциптері
ҚАЗАҚСТАНДА МЕМЛЕКЕТТІЛІКТІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Конституция – мемлекеттің негізгі Заңы
Қазақстанның банктік жүйесі
Қазақстан территориясындағы қорықтар. Қорықтар - табиғи лаборатория
ҚР мемлекетінің нысаны
Мемлекетті басқару нысаны
Пәндер