Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың тақырыбы: Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары деп аталады. Мемлекет функциялары - бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, олардан мемлекеттің мәні мен мақсаты көрініс табады. Мемлекеттің функциялары оның міндеттерімен тығыз байланысты, олар мемлекеттің мәніне тәуелді болып келеді және оның өзгеруіне қарай өздері де өзгереді. Сонымен, мемлекет функциялары - ауыспалы сипаттағы категория. Олар мемлекет түрінің басқа түрге ауысу жағдайында да өзгереді.
Функция - заң ғылымында мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде-мақсаттарды , міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппараттарының функциясы деген ұғым қалыптасады.
Мемлекет механизмі - биліктік басқару функцияларын атқару кезінде өзара тығыз әрекеттесетін мемлекеттік органдардың мекемелер мен ұйымдардың күрделі жүйесі.
Әр мемлекеттiң механизмi оның тарихи, әлеуметтiк, ұлттық, экономикалық, географиялық т.б. ерекшелiктерiне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бiрдей тән органдар болады. Негiзiнен, олар - құқықтық тәртiптi сақтайтын, мемлекеттiң iшкi қауiпсiздiгiн, сыртқы тәуелсiздiгiн қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизмiне тән заңдылық - оның органдары тек мемлекет қызметiн атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Және осы құрылым арқылы мемлекеттiк аппарат өз iсiн жүргiзедi.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Мемлекеттің пайда болуы, оның мазмұны, типологиясы, нысаны, әкімшілік-аймақтар құрылысы, саяси, әкімшілік басқаруы - мемлекеттің статикалық көрінісі. Енді мемлекеттің динамикалық процесінің дамуына, жаңаруына, нығаюына, оның өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік міндеттерін қалай орындауына, қандай кызмет атқаруына назар аударайық. Осыларға толығырақ тоқтап, түсінуіміз керек. Міне осы мәселелердің бәрі бірігіп мемлекеттің функциясын құрады.
Мемлекеттiң сан қилы қызметiн атқаратын - мемлекеттің механизмi (аппараты) болады. Мемлекет механизмi - бұл мемлекеттiк органдар жүйесi, бұлар мемлекеттiк жұмыстар мен қызметтерiн атқарады. Мемлекет механизмi - белгiлi түрде ұйымдастырылған, iшкi тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесi. Мемлекет механизмi бұл құрылымдық және материалдық күш, осының арқасында мемлекет билiк жүргiзедi және саясатын жүргiзедi.
Курстық жұмыстың мазмұнын толық ашу үшін әр сұрақты жеке-жеке қарастырып өтелік.
Курстық жұмыстың мақсаты:
Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары;
Мемлекет механизмінің жалпы түсінігі бөлімдерінің мазмұнын ашып, әр бөлімнің бөлімшелеріне түсінік беріп, курстық жұмыстың негізгі ойын түсіну,зерттеу болып табылады.
Қайнар көздері: 2013жылы Алматы баспасынан шыққан Д.А. Булгакованың Мемлекет және құқық теориясы оқулығын пайдаландым.
Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшадан тұрады.
І БӨЛІМ. МЕМЛЕКЕТ ФУНКЦИЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЫСАНДАРЫ
1.1 Мемлекет функциялары түсінігі, белгілері, әдістері
Мемлекет функциялары - бұл мемлекеттің қызметінің негізгі бағыттары, олардан мемлекеттің мәні мен мақсаты көрініс табады. Мемлекеттің функциялары оның міндеттерімен тығыз байланысты, олар мемлекеттің мәніне тәуелді болып келеді және оның өзгеруіне қарай өздері де өзгереді. Сонымен, мемлекет функциялары - ауыспалы сипаттағы категория. Олар мемлекет түрінің басқа түрге ауысу жағдайында да өзгереді.
Мемлекеттің пайда болуы, оның мазмұны, типологиясы, нысаны, әкімшілік-аймақтар құрылысы, саяси, әкімшілік басқаруы - мемлекеттің статикалық көрінісі. Енді мемлекеттің динамикалық процесінің дамуына, жаңаруына, нығаюына, оның өзінің саяси, экономикалық, әлеуметтік міндеттерін қалай орындауына, қандай кызмет атқаруына назар аударайық. Осыларға толығырақ тоқтап, түсінуіміз керек. Міне осы мәселелердің бәрі бірігіп мемлекеттің функциясын құрады.
Мемлекеттің функциясы Кеңестік дәуірде өте кең түрде пайдаланды. Функция мемлекеттің таптық мазмұнына сәйкес өзгеріп, ескіріп, жаңарып отырады. Қазіргі кезеңде Кеңес Одағы ыдырап республикалар дүниежүзілік қауымдастықка бет бұрып, либерал-демократиялық даму процесіне көшкенде, мемлекеттің функциясын тек қоғамның таптық мазмұнына сәйкес қарастыру дұрыс болмады. Себебі функцияның дамуына таптармен бірге халықтың рухани сана-сезімі, мәдениеті, глобалдық мәселелері зор өсер етеді. Бұл дүниежүзілік саяси көзкарас.
Функция заң ғылымда мемлекет пен құқықтың алдында тұрған мүдде-мақсаттарды, міндеттерді орындау қызметінің негізгі бағыттарын және оның әдіс-тәсілдерін анықтап, іске асыруды біріктіреді. Осы тұрғыдан мемлекеттің, үкіметтің, мемлекет аппаратының функциясы деген занды ұғым калыптасады.
Кеңестік дәуірді де, казіргі кезенде де мемлекетіің функциясын дамытуға көп көңіл бөлінеді. Өйткені функцияның мазмұнын терең түсініп білу мемлекеттің бүгінгі жұмысын, қызметін жақсарту ғана емес, сонымен бірге қоғамның, мемлекеттің тарихи даму процесін зерттеп, дұрыс түсінуге көп үлес косуы. Функция мемлекетпен, қоғаммен бірге дамып, бірге өмір сүріп келеді. Бүл объективтік процесс. Казіргі заманда Казақстан Республикасының функциясы күрт өзгеріп, дамуда. Негізгі бағыты - нарықты экономиканы кэлыптастыру, либерал-демократиялық мемлекетті орнату.
Мемлекеттің функциясы туралы әр түрлі ой-піхірлер бар. Солардың бірі - функция көп өзгеріске ұшырамайды деп, бірнеше түрлерін келтіреді: жалпы коғамдық, әлеуметтік, таптық, ұлттық, ғылыми-техникалық, экологиялық, интернационалдық функциялар. Функцияны жүйелеудің келесі түрі: тұрақты және уақытша функциялар; негізгі және негізсіз функциялар; занды қабылдау, орындау, қорғау функциялары.
Мемлекет функцияларын жүзеге асырудың нысандары - бұл мемлекеттің функцияларын жүзеге асыруға бағытталған оның органдарының біртектес қызметі. Мұндай нысандарды екіге бөліп қарастыруға болады: құқықтық және ұйымдастырушылық нысандар. Құқықтық нысандарға мыналар жатады:
а) құқық шығармашылық - бұл нормативтік актілерді дайындау мен шығаруға қатысты қызмет;
ә) құқық қолданушы - бұл құқық қолдану актілерін шығару арқылы нормативтік актілерді жүзеге асыруға байланысты қызмет, бұл заңдарды орындау мен басқарушылық сипаттағы әртүрлі мәселелерді шешуге байланысты күнделікті жұмыс;
б) құқық қорғаушы - бұл адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және кінәлі тұлғаларды заңды жауапкершілікке тартуға және заңды жауапкершілікке тартуға және тағы басқалармен байланысты қызмет.
Ұйымдастырушылық нысандарға жатады:
а) ұйымдастырушылық - реттеуші - бұл белгілі бір құрылымдардың құжаттар жобаларындайындаумен, сайлаулар жүргізумен тағы да басқа байланысты мемлекеттік органдардың қызмет етуін қамтамасыз етуін қамтамасыз етуге бағытталған ағымдағы жұмысы;
ә) ұйымдастырушылық - шаруашылық - бұл бухгалтерлік есеппен, статистикамен, қамтамасыз етумен тағы басқалармен байланысты жедел-техникалық және шаруашылық жұмыс;
б) ұйымдастырушылық - идеологиялық - бұл жаңадан қабылданған нормативтік актілерді түсіндірумен, қоғамдық көзқарасты қалыптастырумен және тағы басқалармен байланысты мемлекеттің әртүрлі функцияларын орындауды идеологиялық қамтамасыз етудегі күнделікті тәрбие жұмысы.
Құқық шығармашылық - жаңа норманы өмірдің талабына қарай уақытында қабылдау. Онсыз мемлекеттің қызметіне нұқсан келуі мүмкін.
Құқықты іске асыру - бұл істі орындау мемлекеттің, Үкіметінің міндеті. Үкімет тиісті нормативтік акттерді кабылдау керек. Онда жауапты субъектілер, не істеу керегі, оның уақыты, материалдық негіздері толық көрсетілуі кажет. Бұл істі толық бақылауға алу керек.
Құқықты қорғау - бұл қызметті атқаратын органдар: сот, прокуратура, Ішкі істер Департаменті, тағы сол секілді құқық қорғау органдары. Олардың қызметінің бағыттары: заңдылықты, тәртіпті, адамдардың және заңды тұлғалардың бостандығы мен құқықтарын қорғау. Азаматтық, қылмыстық істерді уақытында қарап, кінәлі субъектілерді жауапқа тарту.
Нарықтық экономикада жүйенің шарттық байланыстың маңызы күшеюде. Сондықтан мемлекеттің шарттық қатынасты реттеп-басқару функциясы тиісті дәрежеде атқарылуы қажет.
Мемлекеттің функциясының орындалуын қамтамасыз ететін - мемлекеттік аппатарат пен органдар. Әуелі функцияны орындау үшін тиісті мемлекеттік орган құрылады. Бірнеше органдар функцияның мазмұнына қарай мемлекеттік аппаратты қалыптастырады. Функцияның орындалу кезең-сатылары: функция - орган - аппарат - мемлекет.
Мемлекеттің функциясы арқылы қоғамның алдында тұрған мүдде - мақсаттардың мазмұнын, оның орындалу бағыттарын, толық білуге болады. Мемлекет қызметінің (функциясының) негізгі белгілері:
қызметтің жүйесі, оның атқаратын жұмыстарының мазмұны
және қатынастардың түрлері арқылы анықталады;
функция сарапталып, жіктеліп кешенді түрде жүргізіледі;
мемлекеттің қызметі аппараттарының қызметіне ұқсамайды;
мемлекеттің атқаратын қызметін мемлекеттік жұмыстарының
әдіс-тәсілінен айыра білуге болады.
Мемлекет қызметінің орындалу әдістері: жеке тұлғалар ерікті, ерексіз түрде орындайды; мемлекеттік органдар, бірлестіктер, ұйымдар өздерінің құзыретінің шеңберіне сәйкес орындайды. Егер де дұрыс орындалмаса, еріксіз түрде орындау қамтамасыз етіледі. Мемлекет функциясының орындалуының құқықтық және ұйымдастырушылық тәсілдері болады.
Құқықтық тәсіл өзі үшке бөлінеді: құқық шығармашылық, құқықты қолдану, құқықты қорғау. Ұйымдастырушылық тәсілдің түрлері: экономикалық (дотация, кредит, баға т.б.); саяси симпозиум, семинар, конференция, кеңес, мәжіліс өткізу, халыққа идеологиялық үндеу жасау, үгіт-насихат жүргізу.
Мемлекет билігінің жалпылама нормативтік актілері орындалу нысаны бірнеше түрге бөлінеді: экономикалық, саяси, идеологиялық, ұйымдастырушылық, халықаралық, мемлекетаралық тағы басқалары.
Мемлекеттік билікті орындау құқықтық нысандармен шектелмейді. Бұл іске мемлекеттің ұйымдастыру қызметі көп үлес қосады. Мемлекеттің ұйымдастыру қызметі заңға тәуелді іс-әрекет, әр мемлекеттік аппарат, әр мемлекеттік орган қоғамдағы заңға, нормативтік актілерге сәйкес қызмет атқарады. Бұл қызметке нақты нормативтік актілердің қажеті жоқ.
Мемлекеттің ұйымдастыру қызметінің түрлері:
- жаңа шыққан заңдарды, нормативтік актілерді насихаттау, түсінік беру;
- мемлекеттік органдарға көмек көрсету бақылау, тексеру жүргізу;
- материалдық-техносалық операциялар жүргізу: баяндамалар, іс-қағаздарын дайьндау, заңдарды, нормативтік актілерді басып шығару тағы басқалары құжаттардың өмірге келуін камтамасыз ету;
- әртүрлі жиналыстар, мәжілістер, конференциялар өткізу;
- мемлекеттік органның тәжірибелерін жинақтап қорытынды жасау;
- мемлекеттің қызметі туралы қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының ой-пікірлерін, ұсыныстарын жинақтап қорытынды жасау;
- мемлекеттік органның жұмысына халықты, қоғамдық ұйымдарды, саяси партияларды қатыстыруды ұйымдастыру.
- шет елдермен қарым-қатынасты ұйымдастырып, басқару тағы басқа қызмет істер.
1.2 Мемлекеттің ішкі және сыртқы функциялары
Мемлекеттің функцияларының қалыптасу себептеріне қарай екі түрге бөледі: таптық кайшылықтарды реттеу функциясы және жалпы қоғамды реттеп-басқару функциясы. Қазіргі заманда мемлекеттердің көпшілігінде таптық күрес бәсеңдеп, демократия дамып, монополияның озбырлығы шектелгенде таптық катынасты реттеу функциясы өте сирек қолданылады. Дамушы елдерде бұл функция жиі, күрделі түрде пайдаланылады. Мемлекеттердің көпшілігінде функцияны ішкі және сыртқы деп екі күрделі топқа бөледі.
Мемлекеттің ішкі функциялары:
1. Экономикалық функция - мемлекеттің экономикалық дамуының негізгі стратегялық бағыттарын анықтау, олардың орындалу жолдары, тәсілдерін көрсету. Экономиканың дамуын реттеудің төрт тәсілі болады:
- бірінші - салық саясаты арқылы мемлекет бюджетінің дамуын реттеп-басқару;
- екінші - экономиканың тиісті, қажетті саласына жеңілдік беріп дамыту:
- үшінші - ғылым мен техниканы дамытып экономиканы көтеру (бұл екі жақты процесс);
- төртінші - мемлекеттік өндірісті дамыту.
2. Әлеуметтік функция - мемлекеттің негізгі міндеттерінің бірі - халықтың әлеуметтік жағдайын жан-жақты қамтамасыз етіп, жақсы дәрежеде дамыту. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты екі бағытқа бөлінеді: бірінші бағыты - адамдардың қоғамдағы еңбегіне қарамай мүгедектерге, зейнеткерлерге, науқас адамдарға, көп балалы жанұяларға, студенттерге мемлекеттік көлемде жан-жақты көмек жасап, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту; екінші бағыты - адамдардың денсаулығын қорғауға, жақсартуға, мәдениетті дамытуға, халықтың жақсы тұрып, жақсы демалуына қамқорлық жасап, мемлекеттік бюджеттен тиісті мөлшерде каржы бөліп отыру.
3. Қаржы реттеу функциясы - қоғамдағы барлық азаматтардың, бірлестіктердің, ұйымдардың, мемлекеттік бюджеттің шығысы мен кірісін реттеп-басқарып отыру. Бюджеттің (кірісі мен шығысын) дұрыс пайдалануын қаржы министрлігі мен парламент қатаң тексеріп, бақылап отырады. Жергілікті басқару аппараты өз бюджетінің дұрыс пайдалануын өзі бақылап, тексереді. Шекарадан заттың шығуын, кіруін, одан түсетін кірісті мемлекеттік кеден аппараты тексеріп, бақылап отырады.
4. Мәдениет бағытындағы функция - адамдардың денсаулығы, рухани сана-сезімі, білімі, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, әдебиет, өнер, музыка, ғылым, тәрбие т.б. мемлекеттің тұрақты бақылауында болып, оны тиісті дәрежеде дамытып отырады. Бұл күрделі функцияға жеке адамдар да, бірлестіктер де тиісті деңгейде үлес қосып отырады.
5. Экологиялық функция - бұл дүниежүзілік көлемдегі проблема. Сонымен бірге жеке мемлекеттер, де жеке ұйымдар да, жеке адамдар да өздерінің үлесін қосуға міндетті. Себебі, табиғатты, адамды қоршаған ортаны қадірлеп, қорғау жалпы әлемдік мүдде-мақсат, кезек күттірмейтін міндет. Табиғатты ластау адам қоғамының болашағын жою. Сондықтан бұл мәселе БҰҰ бақылауында, халықаралық құқық шеңберінде біраз нормативтік актілер қабылданып, мемлекетаралық бағдарлама бекітілді. Жеке мемлекеттер де өздерінің бағдарламасын қабылдады.
6. Құкыктық тәртіпті қорғау функциясы - қоғамда мемлекеттің, бірлестіктердің, жеке адамдардың мүдде-мақсаттарын қорғайтын әділетті, инабатты, парасатты, құқықтық тәртіп болу керек. Оны калыптастыратын, реттеп-басқаратын мемлекет, оның органдары. Сонымен бірге бұл іске бірлестіктер мен жеке адамдар да зор үлес қосулары, белсенді түрде қатынасулары керек. Қоғамдық тәртіпті жақсартудың, нығайтудың екі әдіс-тәсілі бар. Біріншісі - зандардың, нормативтік актілердің сапасын, әділеттігін көтеру. Екіншісі - құқықтык, нормалардың орындалуын қамтамасыз ету. Егер норма дұрыс орындалмаса немесе бұзылса қатаң күрес жүргізу, жауапқа тарту.
7. Қоғамдағы тәртіпті қорғау функциясы - бұл мемлекеттің органдарының қызметінің ең күрделі, жауапты түрі. Осы функция арқылы адамдардың бостандығын, құқыкгарын камтамасыз етіп, жақсы өмір жасауға мүмкіншілік қалыптастыру.
8. Ғылыми - техникалык, прогресті дамыту функциясы. Қазіргі заманда қоғамнын жақсы даму бағыты: ғылым мен техниканы қарқынды түрде дамуына толық мүмкіншілік жасау, барлық қаржыны мемлекеттік бюджетке тапсыру. Өйткені, бұл істі бір орталықтың басқаруы қажет.
Мемлекеттің сыртқы функциялары:
1. Екі жақты пайдалы қарым - қатынас қалыптастыру. Қазіргі заманда мемлекетаралық қатынасты қоғамның барлық саласын қамтуға, байланыстыруға болады: біріккен өндірістер, фирмалар, ұжымдар құру, бірігіп ғылыми зерттеулер жүргізу т.б. іс-әрекеттер жасау. Бұдан мемлекеттер ұтылмайды, керісінше, ұтыстары молаяды.
2. Мемлекетаралық саяси ынтымақтастықты дамытып, жақсарту. Барлық мәселені бейбітшілік жолмен шешу. Бұл байланыс үш түрлі деңгейде жүргізіледі: парламентаралық, үкіметаралық және жергілікті басқару аппараттарының байланысы. Бұл тұрғыдан мысалға, Еуропалық одақты және тәуелсіз мемлекеттердің достастығын келтіруге болады.
3. Мәдени және ғылыми - техникалық ынтымақтастықты қалыптастыру. Ғылыми - техникалық мәдени жетістіктерді пайдалану, алмастыру т.б. жолдарын іздестіру. Бұл жұмысқа мемлекеттік емес ұйымдар да кеңінен катысып жүр. Мысалы, дүниежүзілік демократиялық әйелдер, жастар, студенттер, кәсіпшілер, архитекторлар, суретшілер, сазгерлер одағы; халыкдралық ғылым одақтарының кеңесі; БҰҰ-ның ЮНЕСКО Комитеті т.б.
4. Дүниежүзілік ғаламдық мәселелерді реттеп, іске асыру. Бұл мәселені реттеп, шешуге әлемдегі барлық мемлекеттер қатысулары керек, онсыз ешқандай нәтиже болмайды. Қазіргі замандағы глобалдық проблемалар: бейбітшілікті сақтау, экологияны жақсарту, адамдардың сауатсыздығын жою, дүние жүзіндегі халықтардың денсаулығын, әлеуметтік жағдайын жақсарту, цивилизациялық жетістіктерді қорғап, сақтау, дамыту.
5. Мемлекеттің қорғанысын, қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл мәселені жаңаша, қазіргі заманға сәйкес шешу. Бұрынғыдай қару-жарақты көбейту ешқандай жағымды нәтиже бермейді. БҰҰ арқылы, соның шеңберінде реттеп, шешуді қарастыру және әр мемлекеттің өзінің бейбітшілік саясаты дамып, нығаюы керек.
Қазақстан Республикасының функциялары ішкі-сыртқы функциясы екі күрделі топқа бөлініп зерттеледі. Тұрақты және уақытша функциялар адамдардың құқығын қорғау, отан қорғау, заңдылықты қорғау - деген функциялар болады. Бұлардың мазмұны көбінесе жоғарыда көрсетілген функцияларға ұқсас болып, солар арқылы орындалып жатады.
Мемлекеттік функциямен мемлекеттік органдардың функциясы деген заңды екі ұғым бар. Оларды жақсы ажырата білу керек. Мемлекеттік функция мазмұны және көлемі жағынан күрделі, барлық қоғам бойынша атқарылатын қызмет. Мемлекеттік органдардың функциясы өздерінің көлемінде аткарылатын қызмет.
Мемлекеттік қызмет - азаматтардың мемлекеттік мекемелерде қызмет атқаруы, жұмыс істеуі. Бұл қызмет қоғамдағы еңбектің ерекше түрі. Бұл туралы заң, инструкция болады. Мемлекеттік аппарат тиісті мамандармен, іскер, сенімді азаматтармен толықтырылып құрылады. Мемлекеттік қызмет бірнеше категорияға бөлінеді:
А) Мемлекеттік билік органдарының қызметкерлері: (заң шығару, занды орындау, заңды қорғау органдары).
Б) Жұмыстың сипатына қарай қызметкерлер үшке бөлінеді: басшылар, мамандар, техникалық персонал.
В) Мамандығының сипатына қарай қызметкерлер екіге бөлінеді: мемлекеттік - билік өкілеттігі бар қызметкер және өкілеттігі жоқ кызметкерлер.
Мемлекеттік өкілеттігі бар лауазымды тұлғалар 3 топқа бөлінеді: категория А Президент, Премьер-министр, Палаталардың басшылары, Министрлер, тағы басқалары. Жоғарғы мемлекеттік аппараттың басшылары; категория Б бірінші топтағы лауазымды тұлғалардың кеңесшілері, көмекшілері, орынбасарлары; категория В екінші топтағы лауазымды тұлғалардың орынбасарлары, көмекшілері.
Мемлекеттік қызметтегі лауазымды тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Егер де қьізметінде мекемеге шығын келтірсе оны төлейді, қылмыс жасаса қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Мемлекет қызметінің негізгі мүдде-мақсаты: адамның әлеуметтік, моралдық, материалдық, рухани, мәдени, экологиялық тілектерінің толық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке тұлғалардың мүдделерін орындау арқылы мемлекет қоғамды жақсы дамытып нығайтады, қарым-қатынастарды дұрыс реттеп - басқарады. Сонымен мемлекеттің функциясы - қоғамды әлеуметтік басқарудағы мемлекеттің атқаратын жұмыстарының негізгі бағыттары мен әдістері.
Шет мемлекеттердің көбінде функция деген заңды түрде үғым жоқ. Оларда функцияны мемлекеттің міндеттері мен мүдде-мақсаттарына қосып түсінік береді. Ал, функция деген жеке түсінік бар мемлекеттерде бұл мәселені оқып, білуде өзгешілік кездеседі.
Біздің пікіріміз - функцияны өзін жеке оқып, білген дұрыс. Оны мемлекеттің мүдде-мақсаттары мен міндеттеріне қосып, біріктіріп қарау дұрысқа жатпайды. Себебі, бұл үшеуі үш түрлі мәселені қамтиды, олардың мазмұны да, орындалу жолдары да, тәсілдері де түгелімен басқа.
Дамыған елдердің біразы мемлекеттің функциясын ішкі-сыртқы деп бөлмейді. Өйткені олардың шекарасын анықтау қиынға соғады. Олар жалпылама түрде қарастырады. Біздіңше бөлген дұрыс, функцияның басым көпшілігінің шекарасы белгілі.
Мемлекет функцияларын анықтауда, біз ең алдымен мемлекеттің қоғам өміріндегі жалпы рөлін басшылыққа алуымыз керек. Бұл жерде бірінші орынға мемлекеттің адамдарды қауымдастыққа біріктіретін, олардың мүдделерін түйістіретін, жалпы нормаларды сақтауға мәжбүрлейтін және геосаяси тұтастықты қалыптастыратын біріктіруші рөлі қойылады.
Мәжбүрлеу функциясы әр түрлі әдістер мен құралдар арқылы іске асуы мүмкін. Бұл не тікелей күш көрсету болуы мүмкін, не жанама мәжбүрлеу болуы мүмкін. Барлық мемлекеттерде билік құрушы субъект мәжбүрлеуді пайдаланады, бірақ оны әр жағдайда әркалай қолданатындықтан мазмұны мен сипаты, әдістері мен құралдары әрқилы болуы мүмкін.
Осы функцияны жүзеге асыру үшін мемлекеттік биліктің құрылымында мәжбүрлеу күштері қалыптасады, яғни олар: әрекеттерді нормативті тұрғыда бағалайтын және кінәлі немесе кінәлі еместігінің объективті ақиқатын белгілейтін, мәжбүрлеу шаралары туралы мәселелерді шешетін заң органдары; тергеу органдары; полиция; пенитенциарлық мекемелер және басқалары.
Өркениетті мемлекеттерде мәжбүрлеу құқығына тек мемлекеттік билік органдары ғана ие. Мәжбүрлеу функциясы, мемлекеттің басқа да функциялары сияқты, органдар мен билік субъектілерінің биліктік өкілеттіктерінде белгіленеді. Бірақ құқықтық мемлекетте мемлекеттік билік органдары мәжбүрлеу шараларын құқықтық нормалар шеңберінде ғана қолдана алуы мүмкін. Сондықтан мәжбүрлеу әрекеттері заңды деп танылатындықтан азаматтар оларды қабылдауға жөне бағынуға міндетті.
Алайда, билік құру өз мазмұны бойынша агрессивті әрекет болғандықтан билік жүргізуші субъект тікелей тиімділік пен нәтижелілікке қол жеткізу үшін мәжбүрлеу әдістері мен құралдарын қолдануда заңмен белгіленген шектен шығып кетуі де мүмкін. Бұл әрекеттердің заңсыз екеңдігі анық, ал олардың қажеттілігі және іс жүзінде өзін ақтағанына сілтеме жасау жеткілікті негіз болып табылмайды.
Мәжбүрлеу функциясының болуы мемлекетті билік құрушы күштердің қолындағы сойылға, диктатураның, террордың құралына айналдырып жіберуі мүмкін.
Мемлекеттің келесі функциясы - келісімдік функция. Мемлекеттің саяси қатынастардың әр түрлі субъектілерінің арасын келістіруші орган екендігі сөзсіз, ол айтыс-тартыстарда төреші ретінде қатысады, позициялардың жақындасуына жәрдемдеседі. Мәселен, мемлекеттік органдардың еңбек пен капитал арасындағы келісімдік рөлі белгілі. Сондықтан өркениетті мемлекет үшін саяси қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделері туралы қамқорлық басты болып саналады, және бұл қамқорлық тек қағаз жүзінде қалып қоймауы үшін мемлекеттік органдар барлық азаматтардың мүдделерін қамтып, білдіре алатындай және азаматтық қоғам ұйымдарымен кең қарым-қатынасқа түсе алатындай саяси қатынастардың барлық субъектілерінің түпкілікті мүдделерін белсенді қорғай алатын дамыған құқықтық базаға ие бола отырып құрылымдануы тиіс.
Келісімдік функция - мемлекеттің маңызды функциясы, оның іргетасы. Бұл функция қоғамның саяси мәдениетінің қалыптасу мен даму деңгейіне, оның өркениеттенуінің артуына орай жан-жақты және маңызды бола түседі. Келісімдік функция адамгершілік, қайырымдылық, ізгілік, төзімділік секілді ұғымдар басты болатын ділдің дамуымен де байланысты. Мемлекеттің келісімдік функциясының жүзеге асуында азаматтық қоғам институттары маңызды мәнге ие.
Мемлекеттің үшінші функциясы - ұйымдастырушылық. Мемлекет адамдардың әлеуметтік өмірінің негізгіаспектілерінің ұйымдасуына қатысады. Бұл үшін мемлекеттік меншіктің; мемлекеттің қаржылық мүмкіндіктерінің; мемлекеттік органдар қызметінің жалпылық, міндеттілік және басқарушылық сипаттарының; құқықтық базаның; мемлекет шараларының заңдылығының болуы шарт.
Мемлекет өзінің табиғи, функционалдық ерекшеліктеріне орай экономикалық дамудың күшті факторы бола алады. Этатизм (мемлекеттің экономикаға ықпалы) айқын формада барлық мемлекеттерде болады, ал кейбір мемлекеттердің қызметінде басты болып барлығын қамтиды. Этатизм кауымдастықтың тіршілік әрекеті үшін қажетті бағдарламалық мәселелерді, мақсаттарды шешуге кажетті күштерді жұмылдыруға мүмкіндік береді.
Мәселен, экономика саласында - бұл мемлекеттің экономикалық куаты мен экономикалық дербестігінің артуы, ішкі рынокты қорғауы, әлемдік қауымдастықта экономикалық белсенділігін камтамасыз етуі және т.б. Алайда, қазіргі саяси тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттің экономикалық салмағының шектен тыс күшеюі мемлекеттік биліктің ықпалының қалыптан тыс ұлғаюына, азаматтық қоғам институттарының шектелуі мен шеттетілуіне, қоғамның саяси тоқырауына алып келетін демократияға жат тенденциялардың пайда болуына әкеліп соғады.
Мемлекет әлеуметтік өмірдің негізгі аспектілерін реттеуге де қатысады. Ол қоғамдағы әлеуметтік жағдайды қадағалауға, қоғамдық көзқарасты бақылауға, қоғамның кеселді тұстарымен, қайшылықтарын анықтап, алдын алуға міндетті.
Мемлекет белгілі бір деңгейде қоғамның рухани өмірінің ұйымдастырушысы да болып табылады.
Ол адамдардың тіршілік әрекетінде қызмет ететін әлеуметтік қағидаларға, адамгершілік принциптерге, өскелең ұрпақтың болашағына; оның азаматтық кемеліне жетуіне, рухани мәдениетті игеруіне, әлеуметтік өмірге дайындық деңгейіне және басқаларына бей-жай қарай алмайды.
Мемлекеттің рухани өмірді ұйымдастыру мүдделілігі саяси экстремизмнің шектен тыс формасында көрінуі мүмкін, мысалы, қоғамның рухани өмірінің барлық тұстарының мемлекеттің саяси бақылауында болуы және осыған байланысты мемлекеттің идеократтық саяси жүйеге айналуы тоталитарлық режимдерге тән құбылыстар.
Бұл үрдістіавторитаризмнен де байқауға болады, себебі авторитаризм де халықты біріктіретін идеологияға сүйенеді.
Мемлекеттің төртінші функциясы - қорғау функциясы. Мемлекет қоғам тұрақтылығы мен оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып қорғайды. Ол адамдар қауымдастығын сыртқы теріс әсерлерден және ішкі деструктивті, қиратушы күштерден қорғауы қажет. "Милитаристік мемлекеттер", "полициялық мемлекеттер" деп аталатын мемлекеттерде қарастырып отырылған функция шектен тыс артып, үстемдік етеді.
Қарастырылып өткен функциялардың барлығы қандай дәрежеде болмасын барлық мемлекеттерге тән, себебі олар мемлекет мәнінің көрінісі болып табылады, және оның табиғаты мен негізінен туындайды. Бірақ мемлекет түрлерін анықтауда бұл функциялардың арақатынастары әр түрлі екендігі байқалады. Олардың мемлекеттің тіршілік әрекетіндегі орнын басқару формалары мен саяси режим ерекшеліктеріне сай құрылған мемлекеттік органдардың құрылымдық өзіндік ерекшелігі анықтайды.
Авторитарлық типтегі мемлекеттерге мәжбүрлеу функциясының келісімдік функциядан басымдылығы, саяси қатынас субъектілерінің дербестігінің жетімсіздігі, оппозицияның әлсіздігі мен ұйымдаспағандығы тән. Осыған байланысты авторитарлық мемлекеттер жүзеге асырып отырған акцияларының салыстырмалы заңдылығымен, айқын тұрақтылығымен сипатталынады. Осының салдарынан қоғамдық организмде дер кезінде мемлекеттік органдар шешімін табуға мүмкіндік бермеген әлеуметтік проблемалар жинақталынуы және шоғырлануы мүмкін. Билік өте беделді және қажетті кәсібилікке ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz