Сақтар



Жоспары:
1. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
2. Сақтар . кімдер? Ол жөнінде деректер не айтады? ... ... ... ... ... ... ... ...4
3. Сақ.парсы қатынастарының кейбір мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
4. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
5. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15
Ең әуелі, скифтер тарихының мәліметтеріне шолу жасап көрелік... Б.з.б. VIII – VII ғасырлар шамасында Еуропаға, Қара теңіз жағалауына келген скифтер жергілікті киммериялықтарды қуып алдыңғы Азияға дейін барады. Одан әрі скифтер Ассирияны, Палестинаны, Сирияны шауып тонаған. Египетті тізе бүктірген. Геродоттың айтуы бойынша, скифтер бұл атышулы жорықтардан тек арада 28жыл өткен соң ғана кері оралады. Скифтер одан кейін Қара теңіз жағалауын, Дон, Днепр, Днестр өзендерінің бойын, Қырымды мекендейді. Скиф патшалығының қүрылуы шамамен б.з.д. VI-V ғасырларда деп жорамалдауға болады. Бұл ретте, Парсы патшасы Дарий мен Македонияның билеушісі Филиптің арасындағы соғысты, скиф патшасы Атейдің трибалдармен соғысын және б.з.б. IV ғасырдағы сармат тайпаларының Қырымдағы патшалығы болғаны және б.з. ІІІ ғасырында құлауы да елеулі кезең.
Скифтер батыс және орталық Еуропаға да шабуыл жасап тұрған. Бұл жөнінде «скифтердің сол батыс елдерінде , Венгрия, Польша, Чехославакия, Саксония, Франция жерлерінде қалдырған әр түрлі бұйымдары, обалары және Фтерсфельдтегі атақты қоймасы... ең жақсы дәлел бола алады» деп жазады А.П.Смирнов. Ол өзінің «Скифтер» деген кітабында скифтер жөнінде «Олар біздің тарихымызда грек мәдениетін таратушы ретінде ғана із қалдырған жоқ. Олар сол дәуірге сәйкес жоғары дәрежелі мәдениет құрды. Бұл мәдениеттің ықпалы Шығыс Еуропаға, Батыс жіне Орталық Азияға тарады. Қара теңіздің солтүстігіндегі далалармен Қырымды ғана емес, сонымен қатар орманды-далаларда тұратын тайпаларды өзіне қосып алған Скиф мемлекеті алдыңғы Орта Азия мен Еуропа аралығындағы мәдени және сауда қатынастарының орталығы болған. Скифтер, орта және солтүстік Орал өзені бойында тұратындарды да сол кездегі өмірге тартып, көне дүниенің гүлденген мәдениетіне қосты» деген сөздерді де оқуға болады.
1. Дандамаев М.А. «Иран при первых Ахеменидах» – 1963, 102бет.
2. Сонда – 105бет.
3. Дьяконов М.М. «Очерки истории древнего Ирана» – 1985, 79бет.
4. Дандамаев М.А. «Политическая история Ахемениадского Ирана» – 1985, 52бет.
5. Дьяконов И.М. «История Мидии от древних времен до IVвв до н.э.» – 1956. 205бет.
6. Граков Б.Н. «Скифы» – 1971, 19-20беттер.
7. Латышева В.В. «Известия древних писателей греческих и латинских о Скифиии и Кавказе» – 1947, 273-274беттер.
8. Геродот. «Тарих» - 1972, 46бет.
9. Ковалевская В.Б. «Конь и всадник» – 1977, 109-110беттер.
10. Геродот. «Тарих» - 1972, 64бет
11. Р.Жұматаев «Тарих деректерін сөйлетеміз» - 90-92беттер.
12. «Ақжол» газеті – 2007ж, 7бет.
13. Қажымұратов. «Көне тарихы» - 56-57беттер.
14. К.Р.Аманжолов «Қазақстан тарихы» - 2004, 48бет.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Алматы энергетика және байланыс университеті

Электроэнергетика факультеті

Әлеуметтік пәндер кафедрасы

Қазақстан тарихы

№ 1 семестрлік жұмыс

Тақырып: Сақтар туралы парсы және қытай деректері

Орындаған: Орманова Айдана

Топ: ББЖДк Индекс:11-01

Сынақ кітапшасының №

Тексерген: Жұман Саят Әділбайұлы

Алматы, 2011

Жоспары:

1.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

2. Сақтар – кімдер? Ол жөнінде деректер не
айтады? ... ... ... ... ... ... ... ...4

3. Сақ-парсы қатынастарының кейбір
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .7

4.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4

5. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... .15

І. Кіріспе

Ең әуелі, скифтер тарихының мәліметтеріне шолу жасап көрелік... Б.з.б.
VIII – VII ғасырлар шамасында Еуропаға, Қара теңіз жағалауына келген
скифтер жергілікті киммериялықтарды қуып алдыңғы Азияға дейін барады. Одан
әрі скифтер Ассирияны, Палестинаны, Сирияны шауып тонаған. Египетті тізе
бүктірген. Геродоттың айтуы бойынша, скифтер бұл атышулы жорықтардан тек
арада 28жыл өткен соң ғана кері оралады. Скифтер одан кейін Қара теңіз
жағалауын, Дон, Днепр, Днестр өзендерінің бойын, Қырымды мекендейді. Скиф
патшалығының қүрылуы шамамен б.з.д. VI-V ғасырларда деп жорамалдауға
болады. Бұл ретте, Парсы патшасы Дарий мен Македонияның билеушісі Филиптің
арасындағы соғысты, скиф патшасы Атейдің трибалдармен соғысын және б.з.б.
IV ғасырдағы сармат тайпаларының Қырымдағы патшалығы болғаны және б.з. ІІІ
ғасырында құлауы да елеулі кезең.

Скифтер батыс және орталық Еуропаға да шабуыл жасап тұрған. Бұл
жөнінде скифтердің сол батыс елдерінде , Венгрия, Польша, Чехославакия,
Саксония, Франция жерлерінде қалдырған әр түрлі бұйымдары, обалары және
Фтерсфельдтегі атақты қоймасы... ең жақсы дәлел бола алады деп жазады
А.П.Смирнов. Ол өзінің Скифтер деген кітабында скифтер жөнінде Олар
біздің тарихымызда грек мәдениетін таратушы ретінде ғана із қалдырған жоқ.
Олар сол дәуірге сәйкес жоғары дәрежелі мәдениет құрды. Бұл мәдениеттің
ықпалы Шығыс Еуропаға, Батыс жіне Орталық Азияға тарады. Қара теңіздің
солтүстігіндегі далалармен Қырымды ғана емес, сонымен қатар орманды-
далаларда тұратын тайпаларды өзіне қосып алған Скиф мемлекеті алдыңғы Орта
Азия мен Еуропа аралығындағы мәдени және сауда қатынастарының орталығы
болған. Скифтер, орта және солтүстік Орал өзені бойында тұратындарды да сол
кездегі өмірге тартып, көне дүниенің гүлденген мәдениетіне қосты деген
сөздерді де оқуға болады.

II. Сақтар – кімдер? Ол жөнінде деректер не айтады?

Біздің заманымызға дейінгі Х-V ғасырларда Хуанхэ өзенінен Еділ мен
Дунайға дейінгі аралықта тарихи мәліметтерде парсыларша – сақ, гректерше
скиф деген атпен белгілі болған түркі тілдес тайпалар тұрған.

Дарий Бехустин жартасындағы сақтарға жорық кезінде жазған текстерінде
сақ тайпаларының әш тобы аталады. Олар: хаомаварга сақтары (хаома сусынын
дайындайтын сақтар), парадарая сақтары (теңіздің арғы жағындағы сақтар),
тиграхауда (шошақ бөрікті сақтар) деп аталады.

Геродоттың хабарламаларында тек парсылар емес, сонымен қатар
жергілікті скифтер мекендеген орындар да белгілі болады, онда скиф жеріне
саяхат жасаған жіне шығысқа сапар шегу мәселесі туралы мәлімет жинаған
Қаратеңіз гректерін атайды. Мұны Орта Азиялықтардың сол кездегі мекендеу
әлемін– Хань мемлекеті кезінде жазылған тарихи деректер, ертедегі қытай
жазбалары толықтыра түседі.

Скиф-сақ бірлестігінің өмір сурген кезеңі, көне тарихшылардың
деректері мен археологиялық материалдарға назар аударсақ, рулық қоғамның
ыдырауы кезіне дөп келетін сияқты. Сол тұсты (В.В.Бартольдтің айтуынша)
түркі тілдес тайпалардың қалыптаса бастаған шағы деуге болады.

Қазіргі Алматы қаласы орналасқан жерді сақтар мекендеген. Оларды грек
шежіресінде массагеттер деп атайды. Тарихтың атасы деп танылған Геродот
айбарлы массагеттер туралы былай деп жазды: Бұл халық өзінің көптігімен
және жаугершілігімен көзге түседі. Массагеттер киген киімі, тұрмыс-салты
жағынан скифтерге жақын. Сақ тайпаларының одағына мыналар кіреді:
массагеттер, дайлар, каспилер, исседондар, аримаспылар, аландар,
кейініректе савроматтар мен сарматтар. Олардың арасында көнедегі аңыздарда
айтылатын алтын қорыған құймалар деп аталатын тайпалар мәдени жағынан
жоғары сатыда болды.

Қытай провинциясы Хотаннан табылған ирандықтардың тілінде жазылған
қолжазба тілін сақ тілі деп есептеу сақ қоғамының дамуы, қалыптасуымен және
тарихи өмірімен үйлесе бермейді.

Қазіргі кезде түркі тілінің ескерткіштері (Енисей, Талас жазбалары)
қалған жерлерде Сақ мәдениетінің орталықтары бірінен соң бірі табылуда.Бұл
жағдай әрине сақ жұртының иран тілінде сөйлегеніне күмән келтіреді.

Біздің дәуіріміздің VI ғасырында Азияның орталық бөлігінде құрылған
Батыс Түрік қағанатына келіп кеткен Византия елшілері Земархтың императоры
Юстиан ІІ-ге берген ресми мәлімдемесінде Бұл ел бұрын өздерін Сақ деп
атаушы еді, енді түрік деп атайтын болды деп куәләндыруы да сақ жұртының
шын негізінде түркі жалықтарының үлкен отауы, негізә болғандығын
дәлелдейді. Олай болса сақ тілі – түркі тілінің негізі. Ал сақ жұртына
телініп отырған иран тілін сақ жұрты емес, Орта Азия, Қазақстан
жерлеріндегі қалаларда қоныс теуіп қалған парсы колониялары қолданған болуы
керек.

Көне сақ жұрты қазақ халқының ата-тегі екендігі тарихтан айқын.
Әсіресе, кейінгі зерттеулер мұны мүлтіксіз дәлелдеп отыр. Бұдан біраз жыл
бұрын шыққан совет тарихи энциклопедиясы да қазақ халқының көне ата-тегі
жайындағы осы тұжырымды паш еткен.

Х-ХІ ғасырларда парсы жазбаларында кездескен мәліметтерде скиф тілінің
ізі ирандықтардың тілінде жүздеп, мүмкін мыңдап кездесер. Тек сол іздерді
қоспалардан ажырата білу, тани білу ләзім. Скиф тілін тануда, скиф тілін
ажырата білуде қай тілді қолдану тиімді? Әрине, сақ тілін, сақ-скиф тілінің
бір тіл болғандығы олардың бір этникалық топ екендігінен айқын.

Түркі халықтарының тілдері кезінде, жаулаушы халық тілімен араласып,
кейін бүлініп, толығып отырды. Қазақ, яғни сақ тілі де тарихи оқиғаларға
байланысты біршама парсы, араб, қытай, үнді, моңғол тілі элементтерін
қабылдап, өз тума сөзінің талайын қолданыстан шығарып тастап отырғаны хақ.
Дегенмен де қазақ тілі басқа түркі халықтары тілдеріне қарағанда бастапқы
тазалығын, сақтың түрін біршама сақтап қалған тіл деп айта аламыз. Белгілі
ғалым В.В.Радлов Қазақ тілі исламның бүлдіргіштік әсеріне ұшырамай түпкі
таза түрін, түркі сипатын сақтап қалған тіл, деп бекер айтпаған Сонымен
бірге, В.В.Радлов Қазақтардың басқа бауырластарына қарағанда сөзге
тапқырлығы мен шешендігін...Қазақ тілінің тазалығын... табиғилығын, сондай-
ақ көп таралғандығын... атаған.

Сақ-скиф тілінің элементтерін Кавказ халықтарынан, әсіресе скифтер
заманы тұсында, ғылымда кобандық тайпалар деп аталынған Каякент-Карачай
мәдениетін тұтқан жұрттардың ұрпақтарының тілдерінен көптеп ұшыратуға
болатындығына күмәндануға болмайды. Кезінде бұл тайпалар Скиф ықпалын
күшті сезінген [2].Дағыстандықтар, ингуштер, чечендер мәдениетінің ізі
тереңдеп, біздің дәуірімізден бұрынғы Х ғасырға, тіпті тас дәуіріне
кетендігін солтүстік Кавказда жүргізілген қазба жұммыстары анықтап
отыр[3]. Демек, кезінде бұл халықтардың ата-тектері скиф ықпалын күшті
сезінгені анық.

Геродоттың айтуынша, парсылар мен скифтердің соғысы кезінде (Б.з.д.
513ж.) Скиф патшасы парсылардың билеушісі Дарий патшаға елшілер арқылы бір
құс, тышқан, құрбақа және 5 садақ оғын жіберіпті. Бұл: Егер, сендер –
парсылар, құс құсап аспанға ұшып ктпесеңдер, не тышқан құсап өзенге түсіп
кетпесеңдер... онда мынандай садақ оғының астында қалып қырыласыңдар деп
ескерткен екен.

ІІІ.Сақ – парсы қатынастарының кейбір мәселелері

Сақ-парсы қатынсатары қалыптасуының себептерін анықтамас бұрын,
алдымен Парсы мемлекетінің сыртқы саясатын қысқаша баяндап өтелік. Оның біз
талдап отырған мәселенә нақтылау үшін тигізетін ықпалы айтарлықтай.

Ежелгі парсы тарихы жазба деректерде өте аз ұшырысады.Алғашқы парсылар
б.з.д ІХ ғасырда аталады.Бұл уақытта көшпелі парсы тайпалары Загрос тауынан
Аншан аймағына қарай қоныс аударады.Осы кездің өзінде парсылар тайпалық
одаққа бірігіп,Ахемендік әулетінің басқаруында болған тәрізді.[1]

Б.з.д 558ж шамасында Кир ІІ парсы патшасы болып тағайындалды.550ж Кир
Мидияны жаулап алып,Мидия патшаларының лауазымдарын иеленді.Сонымен бірге
парсылар мидиялықтардың мемлекеттік басқару жүйесі мен мәдениетін
қабылдайды.Сол себепті де көптеген ежелгі халықтар парсыларды Мидиялықтар
деп атаған.[2]

Мидияны жаулап алғаннан кейін Кир Парфияны өзіне бағындырады. Б.з.д
546ж Кир Вавилон мен Египеттің көмегіне қарамастан Лидияны жаулап алады.
Сонымен бірге Кир 545 пен 539 жылдар аралығында Дранжананы,
Маргиянаны, Хорезмді, Согдиянаны, Бактрияны өзінің империясының құрамына
қосады. Осылайша Кир маңайындағы елдерді бағындырғаннан кейін, Вавилонға
қарсы аттанады да, б.з.д 539 ж Вавилон Кирдің алдында тізе бүгеді.

Сол кезеңдегі бүкіл сауда жолдарын қолына шоғырландырған Кир ендігі
жерде өз империясының құрамына Египетті қосқысы келеді.Ол Египетке аттанбас
бұрын, өз империясының оңтүстік-шығыс бөлігін қауіпсіз ету үшін Орталық
Азиядағы сақтарды тыныштандырмақшы болды. Бұдан бөлек Кирдің сақтарға қарсы
соғыс ашуының себептеріне қатысты басқа да пікірлер бар. Ендігі жерде сол
мәселелерге назар аударайық.

Ежелгі шығыс тарихында Кир ІІ көшпелі сақ тайпаларына жасаған жорығы
Парсы империясының солтүстік-шығыс бөлігі көршілес көшпелі тайпалардың жиі
шабуылдарынан зардап шегіп, сондықтан Кир өзінің ең қиыр шекарасын аман сау
сақтап қалғысы келген деп түсіндіріледі. Өйткені массагеттердің бұл
шабуылдары Ахемен империясының тұрғындары, отырықшы иран халқына зиян
келтіріп отырды.[3]

Кирдің сақтармен қақтығысқа баруын бір ауыз сөзбен жеткізу қиын.
Кирдің бұл іс-әрекетін бірнеше нұсқалар арқылы түсіндіруге болады.

Біріншіден, Кирдің жаулап алу саясатына көршілерін бағындырумен қатар
шектелмеді. Ол талантты қолбасшы және ақылды билеуші ретінде өте бай,
ауқатты Мысыр елін өзігің салық төлеушісі ретінде қабылдауды армандады. Ал
ондай алыс жорыққа аттану үшін өз елінің ішінде саяси тұрақтылық болуы
керектігін Кир жақсы түсінді. Өзінің жанында көршілес жауынгер сақтарды
иеленген Кир елін тастап алыс сапарға аттана алмады. Сондықтан Кир Мысырға
аттанбас бұрын көршілес орналасқан жауынгер сақтарды алдымен бағындыруды
дұрыс көрді. [4]

Екіншіден, парсылардың жадында Орта Азиядан қоныс тепкен көшпелі
тайпалардың Алдыңғы Азияда билік құрғаны жақсы сақталған. Геродоттың
мәліметтеріне сүйінсек, б.з.д.VII-VI ғасырлар арасында сақтар Мидияны
жаулап алып, ол жерде 28жыл бойы билік құрған.[5] Скифтер өздерінің батыс
жорығында Египет щекарасына дейін жетеді. Өз еліне қандай дүлей күш төніп
тұрғанын жақсы білген Мысыр перғауыны Псамметих І олардан сый-сияпат беріп
құтылады. Көшпелілер алдыңғы Азияда 28жыл бойы тонаушылық жасап, салық
жинап тұрды.[6] Олардан сол заманғы халықтарының қорыққанын Тауратта
жазылған мына жолдардан көре аламыз. Израиль елі, мен сендерге алыстан
күшті халық жіберемін. Сендер олардың тілдерін, сөздерін түсінбейтін
боласыңдар. Олардың барлығы ержүрек, сендердің малдарың мен егіндеріңді,
қыздарың мен ұлдарыңды құртады. Қылыштарымен бекіністерің мен қалаларыңды
қиратады.[7] Бұл мәлімет скифтердің сол кезде қандай үрей туғызғандығын
көрсетеді. Бірақ көшпенділер отырықшы елдердің тұрмысына үйренісе алмай
28жылдан кейін отандарына оралады. Олардың бір бөлігі Алдыңғы Азияда қалып
қалуы да әбден мүмкін. Міне, Кирдың сақтарға қарсы жорығы 100жыл бұрынғы
еселерінің кетуін жауап ретінде болды.

Жоғарыда аталған екі себеп сол кезде парсы империясының сақтарға
жасаған жорығының әділдігін дәлелдеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жетісу жеріндегі сақтардың отырықшылығы, жер шаруашылығы және қалалық өмірі
Сақтар (сақалар)
Сақ тайпаларының орналасуы
CАҚТАРДЫҢ МӘДЕНИЕТІ ХАҚЫНДА
Сақтар тарихынан қысқаша мағлұмат
Сақтардың әлеуметтік - экономикалық жағдайы мен мәдениеті туралы
Қазақстан территориясындағы тайпалар мен ертедегі мемлекеттер
САҚТАР ЖӘНЕ ҚАЗАҚТАР
САҚТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК - ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ МЕН МӘДЕНИЕТІ
Сақтардың көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы
Пәндер