Мемлекет нысанының соңғы элементі - саяси режим


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

I БӨЛІМ. ҚОҒАМДАҒЫ САЯСИ РЕЖИМНІҢ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ

1. 1 Саяси режим ұғымы мен мәні . . . 5

1. 2 Қоғамның саяси режим түсінігі және оның мазмұны . . . 9

1. 3 Саяси режим түрлері және даму заңдылықтары . . . 15

II БӨЛІМ. ҚОҒАМ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТ

2. 1 Мемлекеттің орны мен рөлі . . . 18

2. 2 Мемлекет нысаны және оның элементтері . . . 22

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 28

ҚОСЫМШАЛАР


КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың тақырыбы: «Саяси режим» деп аталады. Қоғам - экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сүру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.

Саяси режим - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы. Сонымен, қоғамның саяси режим - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы. Саяси режимнің ең күрделі, ең маңызды элементі - мемлекет.

Курстық жұмыстың өзектілігі: Саяси режимнің пайда болуы алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде барлық адам тең өмір сүрді. Басқарушылар мен бағынушылар деген мүлдем жоқ, себебі адамдардың өзі табиғат алдында әлсіз еді. Сондықтан тобырымен жүрді. Бірігіп аң аулады, тек тайпа-тайпа болып жүрудің арқасында ғана өздерінің қауіпсіздігін, күн көрісін қамтамасыз ете алды. Тапқан табыстары бәріне ортақ болды, артық өнім болған жоқ. Мұндай жағдайда еңбек құралдары, еңбек өнімдері ұжымға ғана тиісті еді. Мұндай ру-тайпаларды ақсақалдар басқарды.

Саяси режим мемлекет, бірлестіктер, ұйымдар, ұжымдар кіреді, мемлекет саяси жүйеден кейінгі қоғамдағы ең күрделі, ең көлемді, ең жауапты аппарат. Қоғам көлемінде атқаратын жұмыстың басым көпшілігі мемлекеттің құзырында. Қоғамдық саясаттың тарихи түрлері: алғашқы қоғамның саясаты- қоғамдық меншік, қоғамдық еңбек, қоғамдық, теңдік; кұл иелену қоғамының саясаты - феодалдың жерге меншігі және қоғамдағы үстемдігі; капитализм қоғамының саясаты - капиталдың буржуазиялық үстемдігі; социализм қоғамының саясаты (теориялық түрде, іс жүзінде толық болған жоқ) - жалпы қоғамдық бостандық, теңдік, әділеттілік т. б.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қоғамдағы саяси режимінідегі мемлекеттің орнын анықтау. Қоғам мен мемлекеттің арақатынасы, олардың мәнін түсіну. Саяси режимге толық көлемінде мазмұнын ашу.

Қайнар көздері: 2013жылы Алматы баспасынан шыққан Д. А. Булгакованың «Мемлекет және құқық теориясы» оқулығын пайдаландым.

Курстық жұмыстың құрылымы: кіріспе, негізгі екі бөлім, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.

I БӨЛІМ. ҚОҒАМДАҒЫ САЯСИ РЕЖИМНІҢ МЕМЛЕКЕТТІҢ ОРНЫ

1. 1Саяси режим ұғымы мен мәні

Қоғам - экономикалық және рухани біртұтастықпен, өмір сүру жағдайын ұйымдастырудың тұтастығымен сипатталатын, белгілі бір аумақтағы адамдар бірлігі.

Саяси режим - елдің саяси өміріне қатысатын мемлекет пен мемлекеттік емес қоғамдық құрылымдардың біртұтас кешенде қарастырылуы. Соныен, қоғамның саяси жүйесі - мемлекетік және қоғамдық ұйымдардың, еңбек ұжымдарының бірігіп, елдің саяси өміріне кірісіп, қоғамды дамытуға, нығайтуға үлес қосуы. Саяси режимінің ең күрделі, ең маңызды элементі - мемлекет.

Саяси режимінің қоғамды басқарудағы ең орталық буыны - мемлекет. Біріншіден, ол саяси жүйенің билігін, мүдде-мақсатын іске асыратын ең негізгі аппараты. Екіншіден, мемлекет саяси жүйенің барлық элементтерін біріктіріп, саяси функция арқылы қоғамның игілікті құндылықтарын әділетті болу процесін басқарып отырады. Бұл процесті басқару, бақылап отыру дегеніміз - қоғамдағы қарым-қатынастарды, олардың өзара байланысын реттеп отыру, тұрақты, жақсы дамуын қамтамасыз ету. Жоғарыда көрсетілген саяси жүйенің элементтерінің даму процесінен қоғамда әр түрлі саяси режимдер қалыптасады: әкімшілік, жарыстық, әділетті- бірлік жүйелері. [11; 28б]

оғамның жақсы-жаман дамуын осы жүйелер шешеді, соған сәйкес саяси режим әр түрлері қалыптасып жатады.

1) Формациялық саяси режимдер - құл иелену, феодалдық, буржуазиялық, социалистік формацияларының саяси жүйелері.

2) Авторитарлық саяси режимдер - тоталитарлық, партократтық, деспотиялық, фашистік т. б. саяси жүйелер.

3) Демократиялық саяси режимдер - либерал-демократиялық, социал-демократиялық т. б.

4) Прогрестік, реформаторлық, консервативтік, реакцияшыл т. б. саяси режимдер.

Ең алдымен қоғамның мүддесі мен мақсаты анықталады. Қоғамдық бағдарламаны жасап, саяси биліктің мазмұнын толықтырып, олардың орындалу бағыттарын, жолдарын анықтап, іске асыру механизмін белгілейді. Қазақстан Республикасының Конституциясында елімізде азаматтық қоғамды қалыптастырып, демократиялық зайырлы, құқықтық, әлеуметтік мемлекет құру бағыттары көрсетілген.

Бұл бағыт мемлекетіміздің ең күрделі, ең жауапты мүдде-мақсаты. Қазіргі таңда біздің мемлекетіміз, жалпы қоғамымыз өз дамуының түбегейлі жаңа сатысының алдында тұр. Мемлекеттігіміздің, тәуелсіздігіміздің негізін қалап, қуатты нарықтық экономика құрған соң алдымызға өмір сапасы жоғары, бәсекеге лайықты ең дамыған елдер қатарына қосылу міндетін қойып отырмыз. Бүгінгі күн тәртібіндегі ең басты міндеттердің бірі ретінде саяси саланы реформалау.

Демократия - әлемнің өркениетті елдерінің таңдауы, яғни біздің де таңдауымыз. Тепе-тең әрі демократиялық саяси режим ғана Қазақстанды модернизациялау жөніндегі ұлығаусар міндеттерді еңсере алады.

Саяси режимнің пайда болуы алғашқы қауымдық құрылыс кезеңінде барлық адам тең өмір сүрді. Басқарушылар мен бағынушылар деген мүлдем жоқ, себебі адамдардың өзі табиғат алдында әлсіз еді. Сондықтан тобырымен жүрді. Бірігіп аң аулады, тек тайпа-тайпа болып жүрудің арқасында ғана өздерінің қауіпсіздігін, күн көрісін қамтамасыз ете алды. Тапқан табыстары бәріне ортақ болды, артық өнім болған жоқ. Мұндай жағдайда еңбек құралдары, еңбек өнімдері ұжымға ғана тиісті еді. Мұндай ру-тайпаларды ақсақалдар басқарды. [12; 201б]

Ақсақалдар ұжым мәселелерін ортаға салып, реттеп, шешіп отырды. Адамдар бірте-бірте тек табиғаттың бергенін тұтынып қана қоймай, енді сонымен қатар өздерінің қолдарынан келетін істермен айналыса бастады. Олар қолға түскен аңдарды өздері асырай бастады. Осыдан барып мал шаруашылығы өріс алды. Енді өздеріне қажетінше мал өсірді. Дәннің жерге түсіп, қайта өнім беретінін байқаған адамдар, қажетті өнімді өздері өсіретін болды. Нәтижесінде егін шаруашылығы дамыды. Құнарлы жерде жұмыс істейтіндердің өнімі өздеріне де, өзгелерге де жетті. Құнарсыз жерлердегі адамдар құнарлы жерлер иелеріне жалдануға мәжбүр болды. Қолға түскен адамдарды құлға айналдырды Артық өнім өмірге теңсіздік әкелді. Осылай құл иеленушілік құрылыс келді.

Бұл қоғам құл иеленушілер мен құлдар, басқарушылар мен бағынушыларды тудырды. Үстем тапқа қоғамды бағындыру, таптар, жеке адамдар, тұлғалар мен қоғам, осы мемлекет пен басқа мемлекет арасындағы қатынастарды реттеу үшін құрал, қоғамның мәселелерін шешетін әлеуметтік топ қажет болды.

Бұл топ төменгі топқа бақылау жүргізді. Енді күштеу, зорлау арқылы орындаттыратын анық заң ережелері, нормалары қалыптасты. Олар экономикалық қызметті ұйымдастырды, қоғамдық өнімді өндірді. Билікті иеленушілер мен оған бағынушылардың рөлдері институционалдық қалыпқа түсті. [13; 58б]

Мемлекет, саяси партиялар, басқа да қоғамдық ұйымдар қалыптаса бастады. Олар белгілі бір таптың мүддесін қорғады. Осылардың барлығын бір сөзбен қоғамның саяси режимі деуге болады. «Саяси режим» ұғымын саяси ғылым XX ғасырдың орта шенінен қолдана бастады. Саяси режимдер теориясының негізін қалағандар американ саясаттанушылары Д. Истон мен Г. Алмонд. Д. Истон өзінің «Саяси режим» (1953), «Саяси өмірді жүйелік талдау» атты еңбектерінде саяси режимді сырттан келетін импульске жауап беретін дамып және өзін-өзі реттеп отыратын организм ретінде қарастырады. Бұл көзқарас тұрғысынан алып қарасақ, саяси режим біртұтас, қоғамдық өмірдің ерекше сферасы. Г. Алмондтың «Салыстырмалы саяси жүйелер» (1956) деген мақаласында саяси режим саяси институттар мен саяси мәдениеттің бірлігі деген тұжырымға басты назар аударады. Марксизм позициясынан саяси режим саяси процестср субъектілері әлеумсттік топтардың мүдделерін бейнелейтін қоғамдық қондырманың элементі ретінде талданады. Бұл мүдделер саяси процестср арқылы, саяси шешімдерді қабыддау мен іскс асыру арқылы саяси құрылымдардың көмегімен жүзеге асырылады Мұндай тәсіл бойынша саяси режим ең алдымен саяси институттар жүйесі болады, автор институционалданған жүйені басқа жүйешелермен қатар тұратын жүйеше ретінде қарастырады. Әдебиетте басқа ұғымды байқауға болады, атап айтсақ: саяси режим саяси институттар жүйесінде жүзеге асатын саяси идеялар жүйесі ретінде қарастырылады. [3; 97б]

Саяси режимді түсінудегі мұндай әртүрліліктің болуы кездейсоқ емес, ол кеп бейнелі тараптардың бірлігі ретіндегі феноменнің өзінің күрделілігіне негізделінген. Саяси режимнің лайықты түсінігі өзекті белгілері мен одан шығатын тараптардың қатаң айырмашылығын талап етеді. Жоғарыда көрсетілген анықтамалар көбінесе осы проблемаларды қарастырумен байланысты. «Саяси режим» ұғымы ең алдымен қоғамның саяси сферасының жүйелік сипатын білдіреді.

Антика кезеңінен бастап саяси ойшылдар қоғамның әртүрлі саяси қүрылыстары өмір сүретінін түсіне білді. Мысалы, Платон мемлекеттік басқарудың үш формасын көрсетеді: монархия, анархия, демократия, олардың әрқайсысы өз кезегінде заңды және заңсыз болып болінеді. Бұған ұқсас пікірді Аристотель де айтады, ол басқарудың төрт формасы болатындығын көрсете отырып, оларды дұрыс және дұрыс емес деп беледі. Саяси ғылымдар тарихында бірте-бірте саяси сфера жүйелік біртұтас деген идея қалыптасты. «Саяси режим» ұғымы жалпыланған түрде осы идеяны бейнелейді. [3; 101б]

Саяси режим теориясының негізін салушы Д. Истон, сондай-ақ француз саясаттанушысы Дювержье саяси режим элементтер жүйесі ретінде олардың өзара әрекеттерінің, рольдерінің, қатынастарының, сонымен бірге нормалар мен ережелердің жиынтығы деген ойға басты назар аударады. Осы тұрғыда саяси режимнің институционалды, коммуникативті, функционалды, нормативті тәрізді әртүрлі жүйешелерін айырады.

Бүл жүйешелердің әрқайсысының өз ерекшеліктері бар, өз функцияларын атқарады және жүйенің тұтастығы мен тұрақтылығын қамтамасыз ете отырып басқалармен өзара байланысқа түседі. Батыстық саясаттануда екі идея басым: біріншіден, саяси режим туралы белгілі бір нәрсені оның сыртқы ортамен байланысын сараптау арқылы айтуға болады; екіншіден, саяси режимді нақты түсіну элементтердің өзара әрекетін, ролъдік функцияларын және реттеуші нормаларын талдау нәтижесіндс жолға қойылады.

1. 2 Қоғамның саяси режим түсінігі және оның мазмұны

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің құрылымдық нысаны мемлекет нысаны ретінде
Мемлекет нысаны жайында
Мемлекет нысанының элементтері
Мемлекет басқару нысаны ретінде
Мемлекет нысаны тарихи тәжірибе және қазіргі проблемалар
Мемлекет нысанының түсінігі, мазмұны және мемлекетті басқару нысаны
Мемлекет нысанының түсінігі. Мемлекет нысаны түрлері
Мемлекеттің құрылымдық нысаны
Мемлекет нысаны және құрылым
Мемлекеттік құрылым және саяси режим
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz