Құқық жəне діни нормалар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Дәстүр, әдетке қарағанда кең құрылым. Дәстүр сапасында белгілі идеялар, бағалылықтар, әлеуметтік тұрақтылықтар көрінеді. Дәстүрлердің қоғам үшін тиімділігі, пайдалылығы негізделеді.
Әлеуметтік нормалардың көп және маңызды бөлігін діни нормалар көрсетеді - адамның рухани қажеттілігіне сай қалыптасқан тәртіп жолы, діни сенімдердің және діни сезімдердің ықпалымен орындалады.
Олар Құдайға, шіркеуге, бір- біріне, ұйымдарға сенушілердің қатынасын және діни ұйымдардың қызметін реттейді.
Моральдық - этикалық белгілеу жинағы - діни сенім ілімінің бір бөлігі. Қоғамда адам баласының ерте кездегі даму кезеңдерінен бері әрекет жасаған діни канондар (ұйғарым, тәртіп жолы), олар реттеуші рөлін атқарған. Дүниежүзілік діндерге: иудаизм, буддизм, ислам жатады, олар қоғамның өнегелік өміріне ғана өз ықпалын жасаған жоқ, оған қосымша құқықтың жүйесінің дамуына да әсерін тигізді.
Мораль нормаларына - жалпыға бірдей қабылданған жақсылық пен жамандыққа сай ішкі сенімнің күшімен орындалатын қоғамда қалыптасқан тәртіп жолы жатады. [15; 115-116бб.]
Жоғарыдағы көрсетілгеннен басқа, әлеуметтік нормалар жүйесіне құқық нормалары кіреді, яғни мемлекетпен белгіленген не санкцияланған және оның күшімен қамтамасыз етілетін тәртіп жолдары.
Барлық адамдарға, әлеуметтік топтарға, барлық халықаралық қауымдастыққа қатысты мүдделер мен бағалылықты көрсететін әлеуметтік нормаларды жалпыадамдық нормалар деп атауға болады.
Құқық қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеудің бөлігі ретінде әлеуметтік нормалар жүйесінде ерекше орынды алады, Біріншіден, бұл нормалар әруақытта формальды белгілілікте, яғни нормативті - құқықтық құжаттардағы жазбаша мәтінінде көрсетілгендей. Екіншіден - белгіленетін, санкция берілетін және мемлекетпен оның күшімен қамтамасыз етілетін бір ғана әлеуметтік нормалар, үшіншіден, құқық нормаларын бұзғандығы үшін жеке адамның еркіндігін тежемейді және қоғамнан бөлмейді.
Заң ғылымдарының өкілдері үшін маңыздысы, құқық нормаларының діннен, саясаттан, экономикадан, дәстүрден бөлетін негізгі белгілерін, сипатын білу.
Құқық пен мораль арасындағы байланыс моральдың нормативтік реттеу жүйесіндегі рөлімен қамтамасыз етілген. Басқа әлеуметтік нормалармен салыстырғанда моральдың әрекет аясы кең келеді. Әлеуметтік шындықтың тек аз ғана бөлігі моральдік бағалаудан еркін, сондықтан құқық пен моральдің аясы көп жағдайда тоғысады. Дегенмен, бір ортада әрекет жасаса да, мораль мен құқық бір - бірінен тәуелсіз нормативті - реттеуші ретінде қалады.
Құқық пен моральдің бірлігі былай сипатталады:
-құқық пен моральдің нормативтігімен қорыта келгенде, адам тәртібін бағалаудағы белгі мен эталон болатын, белгілі нормалардың жиынтығы;
-құқық пен моральдің универсальдығы, ол қоғамдық қатынастарға таралуымен көрінеді, яғни әлеуметтік нормалар жүйесіндегі нағыз универсальді реттеуші ретінде;
-құқық пен моральдің жалпылығы, ол экономикалық базисті және идеологияны, сонымен бірге саясатты және адам баласы өмірінің басқа аясын бағалағандығынан көрінеді;
Құқық нормалары мен моральдік нормалардың айырмашылығы бар.
Пайда болуына байланысты - құқық нормалары мемлекетпен белгіленеді және санкция беріледі, мораль нормалары қоғаммен қалыптастырылады, есепке алынатындары жақсылық пен жамандық, адалдық және ар, абырой т.б.
Сонымен қатар, мораль нормалары құқық нормаларынан бұрын пайда болған, өйткені ол мемлекеттің пайда болуымен тікелей байланысты.
Әрекет аясына байланысты - құқық нормалары мемлекетпен заңға айналдырылған қатынастарды реттейді, оның мәжбүрлеу күшімен оны қорғау қамтамасыз етіледі, мораль нормалары құқықтық қатынастарға ғана ықпал жасамай, құқықпен реттелмеген қоғамдық қатынастардың жиынына ықпал етеді.
Бекітілу нысанына байланысты - құқық нормалары арнайы нормативтік актілерде (заңдарда, қарарларда, қаулыларда) бекітіледі, ал моральдік нормалар адамдардың сезімінде болады.
Құрлысына байланысты - құқық нормалары үш бөліктен тұрады - гипотеза, диспозиция, санкция , соның нәтижесінде нақтылы түрде кімнің не істеу керектігі болжанады және қандай жағдайда, қандай нәтижеге байланысты. Мораль нормалары біріктірілген жолдардың және принциптердің түрлері ретінде ғана көріне алады.
Қамтамасыз ету тәсіліне байланысты - құқық нормаларын іс жүзіне асыру мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қолдауға ие болса, мораль жеке адамның ұятына бағытталады. Құқық нормалары бұзылса, кінәлі адамға әртүрлі (заңмен белгіленген) жазалау түрлері қолданылады, моральдық нормалар бұзылса тек қоғамдық наразылық қолданылады.
Құқық пен моральдің әрекеттестігін (келісушілігін) олардың бір - біріне өтімділігі мен біріне - бірінің ықпалынан көруге болады:
бір-біріне ықпал етушілігінен көрінетіні сонда, мораль құқықтық санаға белсенді әсер етеді, соған байланысты құқық нормаларының іске асырылуына көмектеседі. Өз жағынан құқық моральдің талаптарын заңды санкциялармен қолдап қажетті адамгершілік минимумын қорғайды.
Құқық пен әдеттің арақатынасын әртүрлі тұрғыдан қарауға болады: осы әлеуметтік нормалардың ұқсастығынан, олардың өзгешеліктері мен олардың бір - біріне ықпалынан.
Құқық нормалары мен мораль нормаларының ұқсастығы сонда, құқық және әдет белгілі нормалардың жиынтығы, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, яғни қатынастардың бір жағы адамдар (адам - адам) және адамдардың әртүрлі оқиғадағы тәртіп жолын ұстайды.
Құқық нормаларының әдеттен айырмашылығы сонда, құқықтың реттеу аясына қоғамдық қатынастардың көп бөліктері кіреді, ол әдет нормаларының реттеу аясына қарағанда айырмашылыққа жатады. Құқық пен әдеттің бір-біріне ықпалын айта отырып мынандай қорытынды жасауға мүмкіндік бар:
Құқықтың әдетке ықпалының жалпы схемасы мынандай: прогрессивті әдеттер құқықпен қолданылады, ал заңға қарсы келетіндері құқықбұзғандық болып есептеледі. Мысалы қылмыстық заңдарда сондай заңдар көрсетілген және ескінің қалдығы ретінде қаралады. Әдет құқықтың өзіне жасаған ықпалын сынай отырып, өз жағынан, құқыққа да әсер етеді. Белгілі уақытта әдет құқықтың қайнар көзі ретінде мойындалады. Соның ішінде, азаматтық құқық әдетті іс айналымы ретінде мойындайды.
[16; https:kk.wikipedia.orgwikiҚұқық нормаларын талқылау.]

II ТАРАУ. ЗАҢ БОЙЫНША НОРМА ЖҮЙЕСІ
2.1 Әлеуметтік нормалар жүйесіндегі құқық

Әлеуметтік нормалардың жүйесі дегеніміз, адамдардың тәртібін, әлеуметтік топтардың, ұжымдардың, қоғамдық ұйымдардың әрекеттерін реттейтін белгілі нормалардың жиынтығы. Әлеуметтік нормалар - қоғам мүшелерінің әлеуметтік маңызды тәртібінің жолы. Әлеуметтік нормалар динамикалық жүйенің тұтастығы, қоғам өмірінің қажетті жағдайы, қоғамдық басқару, мемлекттің ұйымдастыруымен қызмет жасауын, адамдардың бір - бірімен келісуін және адам құқығын қамтамасыз ететін құрал. Бұл жүйе, экономикалық, әлеуметтік - саяси және қоғамның рухани дамуын, адамдардың өмірлік сапасын, тарихын, ел өмірінің ұлттық ерекшелігін және мемлекеттік биліктің сипатын көрсетеді. Қоғамдық қатынастарды реттейтін нормалар қоғамдық даму тенденциясының объективтік заңдарының әрекетін көрсетеді және нақтылайды.
Бұл заңдардың объективтік сипаты, олардың ғылыми танымы мен мақсатқа бағытталған әлеуметтік қимылды пайдаланудағы органикалық байланыстылық. Әлеуметтік нормалар бір-бірімен белгілі, өзара байланыста әрекет жасайды. Әлеуметтік нормаларды жіктеуе келгенде, нормалар негізгі және қосымша белгілерімен қолданылуы мүмкін. Нормалардың түрлерін бөлгенде нормалардың әрекет аясы есепке алынады, тәртіп жолының сапасы, нормаларды іске асырудағы ынталандыру мен кепілдік, сонымен қатар, сезіну жолы және тәртіпті реттеу, нормаларды сақтамағандығы үшін санкция нысандары. [17; https:kk.wikipedia.orgwikiӘлеум еттік нормалар жүйесіндегі құқық.]
Жоғарыдағы көрсетілгендердің бәрі әлеуметтік нормалар жүйесінен оның мынандай түрлерін шығаруға мүмкіндік береді: экономикалық, саяси, құқықтық, моральдық, діни эстетикалық және басқа нормаларды. Қоғамның шаруашылық аясында базарлық қатынастар қызмет етеді, сонымен қатар, белгілі мөлшерде, өндірісті қамтамасыз ету мақсатымен мемлекеттік басқару іске асырылады, онда маңызды рөл экономикалық нормалар мен нормативтерге жатады. Бұл нормалар өндірістің дамуын, бөлу мен тұтыну қатынастарын, өндіріс салаларының өз арасындағы қатынастарды, ауылшаруашылығын, сауданы реттейді. Экономикалық нормалар және нормативтер ақша-финанс жүйесін, банктердің әрекетін, биржаларды, салық жүйесін реттейді.
Әлеуметтік нормалардың маңызды тобын саяси нормалар құрайды. Олар әлеуметтік топтардың, таптардың, азаматтардың мемлекеттік билікке қатынасын, ұлттар мен халықтар арасындағы қатынастарды, мемлекеттің қоғамдағы саяси жүйесінің басқа ұйымдармен байланысын реттейді. Əлеуметтік жəне техникалық нормалар. Қоғам реттеуші-ліксіз өмір сүре алмайды, ол дегеніміз адамдардың өмір сүрудің əртүрлі салаларындағы жүріс-тұрысын ретке келтіру. Реттеу нормалардың көмегімен жүзеге асырылады, ал нормалар, өз кезегінде, техникалық жəне əлеуметтік болып бөлінеді.
Техникалық нормалар - бұл адамдардың еңбек құралдарын жəне табиғат заттарын дұрыс қолдануының ережелері. Мысалы, техникалық нормаларға мыналар жатады: белгілі бір құрылыс жұмыстарын орындау ережелері, шикізатты қолдану ережелері, мемлекеттік стандарттар, техникалық жағдайлар. Техникалық нормалар төмендегідей ерекшеліктерге ие: а)бұл жердегі реттеу пəні тек əлеуметтік сипатта емес; ə)субъектілік құрамы тек адамдармен ғана емес, сонымен қатар сыртқы əлеммен, табиғатпен, байланысты. [18; 72-73бб.]
Əлеуметтік нормалар - бұл қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын жүріс-тұрыс ережелері. Оларға құқықтық, моральдық, діни, саяси, эстетикалық, əдет, корпоративтік нормалары жатады. Əлеуметтік нормалар келесі ерекшеліктерге ие: а)бұл жердегі реттеу пəні тек əлеуметтік сипатта болады, ол - қоғамдық қатынастар; ə)субъектілік құрамы əлеуметтік саланың өкілдері ретіндегі адамдармен ғана байланысты. Техникалық жəне əлеуметтік нормалар өзара тығыз байланыстылықта болады. Нақты айтқанда, қоғам үшін маңызды техникалық нормаларды мемлекет пен құқық қолдайды, нəтижесінде олар белгілі бір заңды салдарды туындататын, жалпыға міндетті техникалық-заңды жүріс-тұрыс ережелеріне айналады. Мысалы, қылмыстық заңнама құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу əрекеттері үшін жауапкершілікті көздейді.
Құқық пен моральдың арақатынасы. Мораль - бұл адамдардың жүріс-тұрысын жақсылық пен жамандық, əділеттілік пен əділетсіздік тұрғысынан реттейтін нормалар мен қағидалардың жүйесі. Құқық - бұл мемлекетпен орнықтырылған жəне қамтамысыз етілетін, қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі.
Құқық жəне діни нормалар. Діни нормалар деп əртүрлі діндермен орнықтырлған жəне осы дінге сенуші тұлғаларға мін-детті болып табылатын ережелерді атайды. Олар əртүрлі діни кітаптарда көрініс тапқан: Құранда, Інжілде, Тəуратта, буддистердің діни кітаптарында жəне т.б. Бұл нормалар діни бірлестіктердің ұйымдастырылуының жəне қызмет етунің тəртібін анықтайды, діни рəсімдерді орындау, шіркеулік қызмет тəртіптерін реттейді. Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, бірқатар дəуірлерде діни нормалар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық нормаларын талқылау ұғымы
ЗАҢ БОЙЫНША НОРМА ЖҮЙЕСІ
Қоғамдық қатынастарды нормативтік реттеу жүйесі
Қазіргі кездегі құқықтың жалпы сипаттамасы
Мемлекет жəне құқық теориясының жалпы сипаттамасы
Саяси жүйе және мемлекет. Құқықтың әлеуметтік нормалар
Мемлекеттің құрылым нысаны
Құқық қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеуші
Құқықтың әлеуметтік нормалар жүйесіндегі орны
Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік нормалардың ұғымы және түрлері
Пәндер