Сапаны статистикалық бақылау
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі
С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті
Менеджмент кафедрасы
Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті пәні бойынша
Курстық жұмыс
Тақырыбы: Өнім сапасын бақылауды ұйымдастыру
Орындаған: Қ.Шамансұр
415 тобының студенті
Тексерген: э.ғ.к доцент м.а Д.Женсхан
Астана-2018
Жоспары:
I. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
II. Негізгі бөлім
1. Өнім сапасы және оған әсер етуші факторлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...6
1.1. Өнім сапасын басқару жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2. Сапа көрсеткіштері және оның қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10
2. Өнім сапасын бақылау түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..12
2.1. Өндірістік техникалық бақылау түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.2. Сапаны статистикалық бақылау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
2.3. Өнім сапасын бақылау проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
3. Өнім сапасының бәсекеге жарамдылығы және оны бақылаудың маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
3.1. Өнім сапасын бақылаудың жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
III. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .36
IV. Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
Кіріспе
Өнім сапасын жақсарту үшін сапа жөніндегі мәселені жан-жақты қарастырған жөн. Ол үшін шикізат, материалдар, өндірістің техникалық құралдарына, оны дайындау және ұйымдастыруға байланысты қойылатын талартар өзара келісілуі қажет. Көптеген өндірістік кәсіпорындар өнім сапасын басқару үшін Өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесін дайындауы қажет. Кешенді жүйе өнімді жобалау, өндіру және пайдалану мен тұтынудың барлық кезеңдерінде өнім сапасын арттыруға ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, техникалық, шараларды қамти отырып біркелкі әдістемелік талап қоюды қарастырады.
Өнім сапасын басқару өнімнің өміршендігінің барлық сатыларында (болжау, дайындау, өнім өндіруге өндірісті дайындау, өнімді өндіру жэне т.б.) жүргізіледі. Өнімді болжау және дайындау сатысында модельдердің жаңа үлгілерін жасау, өнімнің техникалық деңгейін бағалау жұмыстары атқарылады. Өнімнің техникалық деңгейін бағалау үшін оның әлемдік деңгейге сай келетіндігін белгілі бір көрсеткіштермен салыстыруды талап етеді. Өнімді өндірісте игеру және өнімді дайындау кезеңіне бай-ланысты әлемдік деңгейге сай келетін көрсеткіштердің екі категориясы аныкталынады: өндірілетін өнімді дайындау немесе оның техникалык деңгейін бағалау үшін қолданылатын қазіргі әлемдік деңгейі, өнім өндіру немесе перспективаға жоспарлаудың техникалық деңгейін бағалау үшін қолданылатын перспективалық әлемдік деңгей. Ал, өнімді өндіру үшін өндірісті дайындау жэне өнімді өндіру сатысында өндірісті технологиялық тұрғыдан дайындау кезінде өнім сапасының жоғары деңгейіне жету үшін бағыггалған шараларды жүзеге асыру, оларды бағалау мен бақылау құралдарын енгізу сияқты көптеген жүмыстар жүргізілуі тиіс. Өнімнің айналымы мен өткізу сатысында дайын өнімнің сапасьн тасымалдау, сақтау, сату кезінде стандарттар мен техникалық шарттарға сай болуын барынша сақтап қалу қамтамасыз етілуі қажет. Өнімді сату мен тұтыну кезінде рекламация мен ақауларды талдап, есепке алып өнімге тұтынушылық сұранысты зерттеу жұмыстары жан-жақты жүргізілуі қажет. Өндірістік кәсіпорындарда сызықтық басқарудың барлық деңгейінде өнім сапасын басқару шаралары жүзеге асырылады. Өнімнің сапасын басқару мен бақылаудың жалпы басшылығын кәсіпорын басшысы өз мойнына алады. Кәсіпорында өнім сапасын басқару, бақылау жүйесін дамыту және оған байланысты жұмыстарды реттеу міндеттерін шешумен техникалық бақылау бөлімі айналысады. Сонымен қатар өнім сапасын бақылау үшін бірыңғай өнім сапасын басқару жүйесі қолданылуы тиіс. Бұл жүйенің негізгі мақсатына халықты тұтынатын тауарлармен қамтамасыз етуде өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорын өндіретін барлық тауарлардың сапасын арттыру үшін ғылыми-техникалық жағдайын дамыту болып табылады.
Өзімнің курстық жұмысымда ҚР-да өнім сапасы, оның бәсекеге қабілеттілігі қаншалықты жоғары, я төмен екенін, өнім сапасын басқару жүйесі, сертификаттау, мемлекеттік деңгейде реттеу, ҚР-ның БСҰ-ға кіруі, отандық өнімнің қаншалықты бәсекеге қабілетті деген сияқты актуалды сұрақтарды қарастырдым.
Негізгі бөлім
1. Өнім сапасы және оған әсер етуші факторлар
Әрбір кәсіпорында өнім сапасына әсер ететін алуан түрлі факторлар бар, олар ішкі және сыртқы факторлар.Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің қызмет етуіне байланысты, яғни, көзделген сападағы өнімді шығара алу мүмкіндігі. Ішкі факторларға- кәсіпорынның сапалы өнім шығару қабілетімен байланысты факторлар жатады. Олар түрлі болып келеді:
1.Техникалық өнім сапасына тікелей әсер етеді. Яғни жаңа техника мен технологияларды енгізу. Жаңа материалдарды пайдалану, неғұрлым сапалы шикізат қолдану. Бәсекеге қабілеттілік өнім шығаруының негізі болып табылады.
2.Ұйымдастырушылық- еңбек және өндірісті ұйымдастырумен өнім сапасына деген тәртіп пен жауапкершіліктің жоғары болуы, қызметкердің біліктілігі, сапаны басқару мен оны сертификаттау және т.б. Ұйымдастырушылық қызметтермен тығыз байланысты болып келеді.
3.Экономикалық- өнім шығару мен оны іске асыру шығындары,баға жасау саясаты және жоғары сапалы өнім өндірісін қамтамасыз ету үшін қызметкерлерді экономикалық ынталандыру жүйесімен шартты түрде таныстыру.
4.Әлеуметтік-психологиялық- ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ортаның болуы, ыңғайлы жұмыс орындары, қызметкерлердің өз өніміне деген мақтанышының болуы ықпал етеді.
Оларды келесідей түрлерге классификациялайды: техникалық, ұйымдық, экономикалық, қоғамдық.Техникалық факторлар ең қарапайым жолмен өнім сапасына әсер етеді. Жаңа технологияны енгізу, жаңа материалдарды пайдалану бәсекеге қабілетті өнім шығаруға тікелей әсер етеді. Ұйымдық факторлар өндірісті және еңбекті жетілдірумен, өнім сапасына жауапкершілікті жіне өндірістік тәртіпті жоғарылатумен, қызметшілердің білімнің сәйкес деңгейде жетілдірілуімен байланысты.Экономиалық факторлар өнімді реализациялауға кеткен шығындарға байланысты.Қоғамдық факторлар жұмыс жағдайын жақсарту үшін қолданылатын фактор. Сыртқы факторларға- өнім сапасын қамтамасыз етуде үлкен әсерін тигізеді. Бұлардың қатары көптеген түрлермен толығып отырады:
1.Нарық және тұтынушылар талаптары
2.Бәсекелестік
3.Өнім сапасы саласындағы нормативтік құжаттар.
4.Кәсіпорын имиджі
Сыртқы факторлар нарықтық байланыстарда өнім сапасының қалыптасуына негізделген. Оларға бірінші кезекте нарық шарттарын, сатып алушыларды, бесекені жатқызуға болады.Өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігі қазіргі таңда әмбебап сипаттамаға ие.
Тұтынушы объектісі сапасы - бұл өнім құрамының сипаттамасы,оның көмегімен адамзат қажеттілігі қанағаттандырылады.
Сапа және бәсекеге қабілеттілік - бұл кез-келген өндіруші мен кез-келген мемлекеттің тауарлар мен қызметтерді көрсетуге және шығаруға мүмкіншілігінің біріктірілген ұғымы. Бәсекеге қабілеттіліктің факторы мәжбүрлік сипаттамаға ие, ол өндірушіні сапа мәселесімен айналысуға мәжбүрлейді.
Бәсекеге қабілеттілік - көп аспектілі түсінік,оған тауардың нарық, баға, қызмет көрсету, жарнама, сапа және т.б.шарттарына сәйкес белгілері жатады. Сапа бәсекеге қабілеттіліктің аса маңызды көрсеткіші.
Сапаға әсер ететін факторлар. Азық - түлік сапасына әртүрлі факторлар әсер етеді. Олардың аса көп маңыздыларына:шикізаттың сыртқы түрі мен сапасы, өндіру әдісі мен шарттары, буып-түю, тасмалдау мен сақтау жатады. Өнім сапасы оның құрамы мен технологиялық қасиеттеріне қарай анықталады. Шикізат сапасының негізгі көрсеткіштері болып ондағы тағамдық заттардың көп болуы жатады. Олардың мөлшері мен сапасы сәйкес стандарттармен көрсетіледі.
Азық - түлік тағамдарының өндірісі шикізатқа түрлі технологиялық әдістермен әсер етуге байланысты. Дайын өнімді сақтау шарттары және режимдері оның сапасына тікелей әсер етеді.Көпшілік жағдайларда сақтау кезінде өнімді сан және сапа жағынан сақтаудың комплексті тапсырмалары шешіледі. Сақтаудың режимдері мен шарттарын дұрыс орындамау өнімнің сапасын және санын жоғалтуға әкеп соқтырады[1].
1.1. Өнім сапасын басқару жүйесі
Өнім- процестің не қызметтің нәтижесі. Өнімнің сапасын басқару- өнімнің пайда болуынан бастап,оның белгілі деңгейдегі сапасын қамтамасыз ету,сақтау, пайдалану мақсатында жүргізілген әрекеттер. Өнімнің сапасын басқару жүйесінде негізгі регламент сертификаттау мен стандарттауды айта аламыз. Стандарттау- нормативтік құжаттармен бекітіледі, өнімнің шығарылуына қойылатын талаптар, әдістемелер, құрылымдағы сияқты қызметтің түрлері жатады. Стандарттаудың басты мақсаты- халық шаруашылығына қажетті өнімдер, жасалымдар, мемлекеттік қауіпсіздік, экспорт қажетіне дайындайтын өнімге тиісті прогресті талаптарын анықтайтын нормативті- техникалық құжаттарды құру,басқару. Әрекет етуші стандарттау жүйесі мынадай өзекті мәселелерден тұрады және оларды қолданады:
-Бірегей техникалық тіл;
-Өнімнің негізгі техникалық сипаттамаларының қатарларын белгілеу;
-Жалпы машина жасау жасалымдарын қолдану конструкцияларының түрлері;
-Технико-экономикалық ақпараттар классификаторының жүйесі;
-Заттар мен материалының қасиеттері туралы анықтамалық мәндерінің дұрыстығы.
Сапаны басқару моделінің құрылымын 3 құжаттық деңгейге бөлуге болады. Олар:
-Сапаны басқару;
-Сапаны басқару процедуралары;
-Сапа бой-ша жұмыс құжаттары;
Бір-бірімен байланысатын сапа жүйесінің компоненттеріне: сапа жөніндегі басқарма, жұмыс ережелері және сапа бойынша есеп беру жатады. Яғни, сапа жөніндегі басқармада жұмыс ережелерінде сілтеме болу керек, ал олар сапа жөніндегі құжаттарға негізделеді. Сапа басқару жүйесін енгізудің ұтымды жақтары:
-Ішкі және сыртқы талаптарды тиімді қанағаттандыру;
-Бизнес үрдістерін оңтайландыру;
-Түзету мен сақтандыру ісінің нәтижесі ретінде өнімнің өмірлік циклі бақыланып, кемшіліктер мен шығындарды болғызбау мүмкіндігі;
-Міндеттерді қызметтік арасында үлестіру мен олардың тиімді әрекет етуі;
-Кәсіпорынның нарықтағы жағдайын жақсарту, сыртқы нарықтарға шығу;
-Компания мен өнімнің беделі мен бейнесін жоғарылату;
-Өндіріс мәдениетін жетілдіру;
-Кәсіпорын шығынын төмендету мен ұтымдылығын көтеру;
-Ақпаратық жүйені жетілдіру;
-Кәсіпорынның сапаға негізделген үрдістерінің бағдары;
-Компания тарапына шығын алып келу қаупін жою;
-Өнім мен қызмет түрлерін жеткізуге байланысты халықаралық тендрлерге қатыстырылу мүмкіндігі;
-Тауарлар мен қызметті халықаралық мойындау;
- Мекеменің несиеге қабілеттілігі;
-Еуропа қауымдастығы талаптарын сақтау;
-Тұтынушы түсініспеушілігі туындаған жағдайда өтемақы төлеу сияқты негізсіз шағым мен талаптардан сақтау.
Нарықтық жағдайда көптеген кәсіпорындар, өз өнімінің бәсеке қабілеттілігін жоғарылату үшін сапа менеджментінің қажеттілігін түсінді.
Сапа аясындағы саясат - бұл сапа аясындағы ұйымның мақсаттары мен негізгі бағыттары, ол сапа жүйесі түрінде жоғарғы жетекшілермен ресми қабылданған және құжатта бекітілген.
Сапаны басқару жүйесіне :
1. Басшылықтың міндеттері (сапа саласындағы саясат, ұйымдастыру).
2. Құжаттама және жоспарлау жүйесі.
3. Талаптар құжаттамасы және олардың орындалуы.
4.Әзірлеу кезіндегі сапа (жоспарлау,құзырлылық, құжаттама, тексеру, нәтиже, өзгертулер).
5. Сатып алу барысындағы сапа (құжаттама, бақылау).
6. Бұйымдарды белгілеу және оларды бақылау мүкіндігі.
7.Өндіру барысындағы сапа(жоспарлау, нұсқаулықтар, біліктілік, бақылау).
8.Сапаны тексеру (бастапқы тексерулер,операцияаралық бақылау, соңғы бақылау,сынақтар құжаттамасы).
9. Сынақ құралдарын бақылау.
10. Ыңғайлау шаралары.
11. Сақтау, қозғау, орау, жөнелту барысындағы сапа.
12. Сапаны құжаттау.
13.Сапаны қолдау жүйесіне фирмаішілік бақылау.
14. Оқыту.
15. Статистикалық әдістерді қолдану.
16. Қолданылатын шаралардың сапасын және жүйелерін талдау.
Сапа аясындағы саясат кәсіпорынның қызмет принципі немесе ұзақ мерзімді мақсат ретінде құрылуы мүмкін. Оған кіретіндер:
1. кәсіпорынның экономикалық жағдайын жақсарту;
2. жаңа өткізу нарықтарын игеру немесе кеңейту;
3. өнімнің техникалық деңгейін жетілдіру;
4. белгілі салалар немесе белгілі аймақатрдың тұтынушыларының талаптарын қанағаттандыруға тырысу;
5. жаңа принциптерде жүзеге асатын функционалды мүмкіндіктерді, өнімдерді игеру;
6. маңызды өнім сапасы көрсеткіштерін жақсарту;
7. дайындалатын өнімнің ақаулық деңгейін төмендету;
8. өнімінің кепілдік мерзімін ұзарту;
9. қызмет көрсетуді дамыту.
Стандарттаудың жəне сертификаттаудың мəні.
Сертификаттау деп өнімнің сапасына қойылатын талаптарға сай екендігін дəлелдейтін қызымет. Сертификаттау мынадай мақсаттарға жүргізіледі : кəсіпкерлердің іс қызыметін ұйымдастыруға жағдай жасайды жəне халыққаралық ғылыми əріптестікпен халыққарлық сауда деңгейін көтерілуне жағдай жасау; тұтынушылардың өнімді таңдаудағы бірде- бір компаненті анықтайды; тұтынушыларды сапасыз өнімдерінің сақтандырады; өнім өнірудегі қоршаған ортаға даам өмірне қауып төндіруді бақылайды; өнім өндірушінің сапа көрсеткіштерін бекітеді жəне мойындайды;
Сертификаттау қызыметі міндетті жəне ерікті жүргізілуі мүмкін Міндетті сертификаттау қызыметі өнімдерінің сапасының қауыпсіз болуын бақылау, ал ерікті сертификатта өндірілетін өнімнің бəсекелестігін жоғарлату болып табылады. Сертификаттау қызыметінің объектілері өндірістік техникалық қызметтер жəне халық тұтынушылығы тауарлар табылады.Сертификат өндірілген өнімнің қойылған талаптарға сай екендігін дəлелдейтін сертификаттау жүйесінің құжаты. Мемлекет өз құзыры шегінде бір тектес өнімді сертификаттарға арнайы жүйелер құүрады. Ол сертификаттау жүйесідеп аталады. Ол мынадай қызметтер атқарады:
1. Өнімдердің сертификаттау ережесін бекітеді.
2. Сертификаттау қызыметінің арнайы бір таңдауды жүзеге асырады.
3. Сертификаттау жүйесінің ортқ оргамын анықтайды.
4. Халық қаралық нарықта мындаған сертификаттау қызыметін қолданады.
5. Кəсіпкерлерге , яғни тұлғаларға өндірілетін өнімдерінің белгілерін бекітуді жəне өз қызыметін ұйымдастыруда арнайы сертификаттар беруді жүзеге асырады.
1.2. Сапа көрсеткіштері, олардың қызметі
Өнім сапасы оның қасиеттерін анықтайтын сандық өлшеуіштері негізде бағаланады. Қазіргі заман ғылымы сапа көрсеткіштерін беретін, өнім қасиеттерінің сандық бағалау жүйесін ойлап тапты. Өнім көрсеткіштері келесідей топтастырылады:
Бағыттылық көрсеткіші тағайындау бойынша өнімді қолданудың пайлалы нәтижесін сипаттайды және өнімді қолдану облысын ерекшелейді. Өндірістік-техникалық тағайындау өнімі үшін өнімділік көрсеткіші негіз болуы мүмкін, ол бағаланатын өнім көмегімен шығарылу мүмкін өнім көлемі қандай немесе белгілі бір уақыт аралығында мүмкін көрсетілетін өндірістік қызмет көлемі қандай екенін көрсетеді.
Сенімділік көрсеткіші - өнімнің тоқтаусыздығы, жөндеуге жарамдылығы, сақталушылығы, және де ұзақ қолданылуы. Бағаланатын өнім ерекшелігіне байланысты сенімділік көрсеткіштері үшін аталған төрт көрсеткішті немесе кейбіреуін қолдануға болады.·
Технологиялық көрсеткіш - өнімді дайындау және жөндеу кезінде жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз ету үшін тиімді конструкторлы-технологиялық шешімдерін сипаттайды. Әрине, тек технология көмегімен өнімді массалық шығару, материалдық шығындарын оңтайлы бөлу, өндірісті технологиялық дайындау кезінде уақыт және еңбек құралдары, өнімді дайындау және қолдану қамтамасыз етіледі.
1. Бөлімшелердің өндірістік құрылымы:
· түзетулер мен ақаулар көлемі;
· жұмыс нарядтарындағы қателіктер;
· ақаулықтары бар өнім пайыздары;
· дайын өнімінің бастапқы өндіру көлемі.
2. Қаржылық бөлім және бухгалтерия:
· мерзімі өтіп кеткен төлемдер;
· қате бухгалтерлік жазбалар;
· ақпаратты алуға берілген тапсырыстарды қанағатандыру уақыты;
· шоттарды дайындау мен есептеудегі қателіктер.
Кәсіпорындардың, кәсіпкерлердің бір-бірімен және мемлекеттік басқару органдарымен өзара әректінің әдістері мен нысандары мемлекеттік стандарттау жүйесінің стандарттарымен бекітіледі.
Қазақстан Республикасының мемлекттік стандарттар жүйесінің (ҚР МСЖ) негізін қалаушы стандарттар кешені кіреді:
1. МЕСТ 1.0-92 ҚР МСЖ. Жалпы ережелер;
2. МЕСТ 1.2-92 ҚР МСЖ. Мемлекеттік стандарттарды дайындау тәртібі;
3. МЕСТ 1.4-94 ҚР МСЖ. Салалар стандарты, кәсіпорын стандарты, ғылыми-техникалық стандарт, инженерлік қоғамдар және басқа да қоғамдық бірлестіктердің стандарты. Жалпы ережелер;
4. МЕСТ 1.5 - 94 ҚР МСЖ. Стандарттарды мазмұнына, безендірілуіне, баяндалуына, құрылуына қойылатын жалпы талаптар;
5. МЕСТ 1.8-95 ҚР МСЖ. Мемлекет аралық стандарттарды дайындау және қолдану тәртібі;
6. МЕСТ 1.9-95 ҚР МСЖ. Мемлекеттік стандарттарға сай белгімен өнім мен қызметтерді таңбалау тәртібі;
7. МЕСТ 1.10-95 ҚР МСЖ. Стандарттау, метрология, сертификациялау және олар туралы ақпарат бойынша ұсыныстар мен ережелерді тіркеу, қабылдау және дайындау тәртібі.
Қазақстан территориясында қолданылатын стандарттар бойынша нормативті құжаттар тізімі мен жалпы талаптар Қазақстан Республикасының Стандарттау туралы Заңында бекітілген. Оларға жататындар:
1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарты - МЕСТ КАЗ;
2. белгіленген тәртіпте қолданылатын халықаралық (аймақтық) стандарттар;
3. жалпы республикалық техника-экономикалық ақпаратты топтастыру;
4. салалар стандарты;
5. кәсіпорындар стандарты;
6. инженерлік қоғамдар және басқа да қоғамдық бірлестіктердің стандарты;
7. стандарттау бойынша нормалар мен ережелер.
Сертификациялау -- бұл, процесс немесе қызметтін берілген талаптарға сай екенін анықтайтын, үшінші жақтың жазбаша берген кепілі.
Өнімді сертификациялау - бұл өнімнің берілген талаптарға сай екенін растау бойынша қызмет.
2.Өнім сапасын бақылау түрлері
Өнім сапасы - бұл шартты немесе болжамған қажеттілікті қанағаттандыра алатын, өнімнің сипаты мен қасиеттер жиынтығы.
Халықаралық стандартқа (ИСО 8402) сәйкес сапа - шартты немесе болжанған қажеттілікті қанағаттандыратын объектінің (қызмет немесе процесс, өнім, қызмет көрсету және т.б.) сипаттар жиынтығы ретінде анықталады. Қазіргі уақытта көптеген дамыған мемлекеттерде, өнім сапасы келесі негізгі факторлардың ықпалымен құрылады:
1. Ғылыми-техникалық прогрестің соңғы жетістіктеріне өнеркәсіптік кәсіпорындардың жедел бейімделе алуы;
2. Халықаралық және ішкі нарықтардың талаптарын, әртүрлі категориядағы тұтынушылардың қажеттіліктерін мұқият зерттеу;
3. Адами факторды қарқынды қолдану, яғни оқыту (жұмысшылар мен жетекшілерді), тәртібиелеу, мамандығын жүйелік жоғарылату, моральды және материалды сипаттағы ынталандыру арқылы оның шығармашылық әлеуетін қолдану.
Бақылаудың түрлерін әр түрлі критерийлерге бөліп қарауға болады:
1. бақыланған өнімді қолдану мүмкіндігіне байланысты бұзушы бақылау және бұзушы емес бақылау болып бөлінеді.
2. бақылау көлеміне байланысты:
-- тегіс бақылау, мұнда өнімнің барлық бірліктері бақыланады;
-- таңдаушы бақылау мұнда өнімнің жиынтықтан, ол жататын көп емес бірліктер бақыланады. Ықтималдық теориясы заңдарына және математикалық статистикаға сүйенген таңдаушы бақылау өнім сапасының статистикалық бақылаушысы деп аталады.
3. Өнімді дайындау процессінде бақылаудың орнына байланысты:
-- қабылдаушы бақылау (дайын өнімге міндетті емес), өнімнің жарамдылығы жайында шешім қабылдауға орындалады;
-- технологиялық процесстің статистикалық реттеуі өнім сапасын бақылауды, технорлогиялық процесстің қалпын қажет болса кейін жөндеумен бірге бақылау үшін туындайды.
4. өнімді дайындау барысында бақылаудың орны бойынша:
-- шикі затты, материалды, өнімді құраушыны кіріс бақылау;
-- операциондық бақылау;
-- дайын өнімді бақылау, кейде мәрелік деп аталады. Бақылаудың бұл түріне инспекционды және ұшушы бақылау қиысыды.
Өнім сапасын қамтамасыз ету мәні, мағынасы және факторлары
Стандартизациялау және бірыңғайлау көрсеткіші - бұл өнімді стандарттармен, біріңғай және түпнұсқаулық құрама бөліктермен қамтамасыз ету. Өнімінің барлық бөлшектері стандартты, бірыңғай және түпнұсқаулық деп бөлінеді.
Эргономикалық көрсеткіштер адам мен өнімнің өзара әрекеттестігін, өнімді қолдану кезіңде пайда болатын адамның гигиеналық, физиологиялық және психологиялық қасиеттерімен сәйкестігін көрсетеді. Мысалы, мұндай көрсеткіштерге келесілерді жатқызуға болады: тракторды басқаруға қажетті күш-жігер; тоңазтқыш есігінің тұтқасының орналасуы; жарықтық, температура, дымқылдық, шаңдығы, шуыл, дірілдеу, сәулелену, иісті газ концентрациясы және т.б.
Эстетикалық көрсеткіштері өнімнің ақпараттық айқындығын, оңтайлы нысаны, компазицияның тұтастылығы, орындау ерекшелігі және тауар түрінің тұрақтылығы.
Транспортталу көрсеткіші тасымалдау үшін өнімнің сәйкестігін көрсетеді.
Патентті-құқықтық көрсеткіштер бәсекеге қабілеттілікті анықтау кезіңде маңызды фактор болып табылатын өнімінің патенттік тазалығын және патенттік қорғануды сипаттайды. Патентті-құқықтық көрсеткіштерді анықтау кезіңде өнімдерде жаңа техникалық шешімдердің болуын ескеру қажет.
Экологиялық көрсеткіштер - бұл өнімді дайындау немесе эксплутациялау кезіңде пайда болатын қоршаған ортаға зиянды ықпал ету деңгейі. Мысалы, зиянды қоспалардың болуы, газдар мен зиянды бөлшектердің шығарылу мүмкіндігі, өнімді сақтау, тасымалдау және қолдану кезінде сәулеленуі.
Қауіпсіздік көрсеткіштері өнімді тұтыну, тасымалдау, сақтау, жөндеу, қызмет ету, монтаждау кезінде қызмет ететін персонал мен тұтынушылар үшін қауіпсіздік көзқарасы жағынан өнімді қолдану көрсеткішін сипаттайды.
Өнімді стандарттау және сертификациялау
Стандарттау - бұл төмендегілерді қамтамасыз ету мақсатында сипаттар, ережелер және нормалар қою бойынша қызмет:
1. қоршаған орта, адам өмір мен денсаулығы және мүлік үшін өнім, жұмыс, қызмет көрсетудің қауіпсіздігі;
2. техникалық және ақпараттық сәйкестігі, және де өнімінің өзара ауыстырылуы;
3. ғылым, техника және технологияның даму деңгейіне байланысты өнім және қызмет сапасы;
4. өлшемдер бірлігі;
5. барлық ресурс түрлерін үнемдеу;
6. табиғи және техногендік апаттардан, басқа да төтенше жағдайлардан пайда болатын тәуекелден шаруашылық субъектілерді қорғау;
7. мемлекеттің қорғану мен мобилизациялануға дайындығы.
Сапа жүйесі - жалпы сапаны басқару үшін қажетті ұйымдастырушылық құрылым, әдістер, ресурстар мен процестер жиынтығы.
Стандартизациялау бойынша халықаралық ұйымның техникалық комитеті, сапа жүйесіне кіруі үшін қажетті сапа жүйесінің талаптары бар және оның элементтерінен тұратын, 9000 сериялы стандарттарды даярлады.
Сапа жүйесінің маңызды элементі өнімнің өмірлік циклы болып табылады. Сапа жүйесі кәсіпорынның нақты қызметіне ескере отырып дайындалады, бірақ сонда да, өнімнің өмірлік циклының барлық кезеңдерін қамтуы тиіс:
1.маркетинг, нарықты зерттеу және іздеу;
2. өнімді дайындау, техникалық талаптарды дайындау және жобалау;
3. материалды-техникалық қамту;
4. өндірістік процестерді дайындау және өңдеу;
5. өндіріс;
6. байқау және тексеру жүргізу, бақылау;
7. орамалаужәне сақтау;
8. өнімді бөлу мен өткізу;
9.жөндеу және қолдану;
10. техникалық қамту және қызмет көрсету;
11. бұйымды қолданғаннан кейін жою.
Өнім сапасының сандық мәніндегі көрсеткіштері келесі әдістермен анықталады:
· экперименталды, өнім сапасын объективті бағалауға мүмкіндік беретін техникалық құралдарды қолдануға бағытталған;
· органолептикалық, баллдық жүйе бойынша сезім органдары көмегімен өнім сапасын анықтауға мүмкіндік береді;
· әлеуметтік, өнім тұтынушысынан алынған мәліметтер есебі мен талдауды қолдануға негізделеді;
· эксперттік бағалау, берілген өнім түрлерін мамандармен сандық бағалауға негізделеді. Сапа деңгейі инновациялық үрдістің барлық кезеңдерінде бағаланады.
Өнім сапасы кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінің, қызметтерінің және бөлімдерінің біріккен қызметі арқасында қамтамасыз етіледі. Осыған орай, олардың жұмысының сапасын бағалау қажеттілігі туындайды. Сондықтан, бөлімшелер, қызметтер және бөлімдердің орындайтын жұмысының сипаты алуан түрлі болғандықтан, олардың әр қайсысы үшін белгілі бір сапа көрсеткіштер жиынтығын қолдануға болады. Мұндай көрсеткіштер тізімін төменде көрсетейік.
Өнім сапасына қойылатын талаптар
Өнім сапасына қойылатын талаптар өнім өндіруші мен тұтынушы үшін қажетті маңызды көрсеткіштермен анықталады:
1. Сапа мен өндіріс тиімділігі арасында тікелей байланыс бар, олар бір-бірін толықтырады.
2. Сапа шығындардың төмендеуінің, ішкі және халықаралық нарықтағы бәсекелестік жағдайында тірі қалуының негізі болып табылады.
3. Тұтынушы көзқарасы бойынша, өнім сапасы - олардың қажеттілігін қанағатандыратын деңгей.
Қазіргі заман тұтынушысы, өнім сапасына деген талаптарды үнемі жоғарылатып отырады, сондықтан ол:
- тауардың сапасына мән беріп, оның бағасы екінші орында қалады;
- әрбір ақау бойынша кемшіліктерді көрсетеді;
- сапаның үнемі жақсаруын талап етеді;
- өндірушіден, бастапқы технологиялық процесте барысында өнім сапасын қадағалауды талап етеді;
- қажетті сапамен қамтамасыз етілген жағдайда өндірушіден тауарды еркін сатып алады;- егер сапасы жоғары болса, онда тұрақты осы өнімді тұтынады.
Тұтынушылардың өнім сапасына қоятын талаптарының үнемі өсуіне байланысты, кәсіпорындар келесідей негізгі жағдайларды орындауы қажет:
-тұтынушыға осы процестің маңызды қатысушысы ретінде қарау;
-фирманың басқару жүйесі аясында, сапаны жақсартудың барлық жұмыстары бойынша ұзақ мерзімді бағдарламалар әзірлеу және әске асыру;
-өз кәсіпорынында келесідей ұранды ұстану: Жетілгендікке шек жоқ;
-мәселелерге назар аудармағаннан гөрі, оларды уақытылы шешкен дұрыс;
-сапаны жақсарту жұмысына жетекшілердің тікелей қатысуы мен қызығушылығын ынталандыру;
-кәсіпорынның барлық бөлімшелерінде жұмыс стандарттарын енгізу;
-сапаны жақсарту процесіне фирманың барлық жұмыскерлерін қатыстыру;
-сапа жұмыстары бойынша жақсы нәтижелер көрсеткен жұмысшыларды марапаттау.
Сапа деңгейін оңтайландыру.
Белгілі арналуы бар өнім әр түрлі нұсқаларда орындалуы мүмкін.Бұл нұсқалардың әр түрлі сапа көрсеткіштері мен әр түрлі тиімділігі болады. Сондықтан одан да тиімді болатын қойылған функцияларды басқалардан жақсы атқара алатын нұсқа жайында сұрақ пайда болады. Басқаша айтқанда, сапа көрсеткішінің оңтайландыруының қажеттілігі пайда болады. Оңтайландырудың мәселесі былай болады: бұйым (материал, өнім) қолданылу кезінде әлдебір нәтиже беруі керек. Бұл нәтиже өнімнің жобалау, дайындалу мен қолдануға кететін шығын арқылы жеткізіледі. Осы бұйымның максималды тиімділігін қамтамасыз ету керек. Тиімділіктің шарты болып нәтиже мен шығынның функциясы болып табылатын арнаулы функция табылады.
2.1. Өндірістік техникалық бақылау түрлері
Өнім сапасын бақылау - өнімнің немесе процестің сандық және сапалық көрсеткіштерінің орнатылған техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру түсіндіріледі. Өнімнің сапасын бақылау мәні мынада: бақылау объектісінің күйі жөніндегі ақпаратты алу және алынған нәтижелерді стандарттарда, техникалық шарттарда және т.б. құжаттарда белгіленген талаптармен салыстыру. Сапа бақылаудың негізгі терминдері мен анықтамалары ГОСТ 16504-81 стандартында бекітілген.
Сапа бақылауды ұйымдастыру - нормативті құжаттар талаптарына толықтай сәйкес келетін өнімді өндіруді қамтамасыз етуге бағытталған техникалық және әкімшілік шаралар жүйесі.
Өнімнің сапасын жақсарту үшін сапа жөніндегі мәселені жан-жақты қарастыру керек. Ол үшін шикізат, материалдар, өндірістің техникалық құралдарына, оны дайындау және ұйымдастыруға байланысты қойылатын талаптар өзара келісілуі қажет. Көптеген өндірістік кәсіпорындар өнім сапасын басқару үшін Өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесін дайындау керек. Кешенді жүйе өнімді жобалау, өндіру және пайдалану мен тұтынудың барлық кезеңдерінде өнім сапасын арттыруға ұйымдастырушылық, экономикалық, әлеуметтік, техникалық шараларды қамти отырырп біркелкі әдістемелік талап қоюды қарастырады.
Өнім сапасын басқару өнімнің өміршеңдігінің барлық сатыларында (болжау, дайындау, өнім өндіруге өндірісті дайындау, өнімді өндіру және т.б.) жүргізіледі.
Өнімді болжау және дайындау кезеңіне байланысты әлемдік деңгейге сай келетін көрсеткіштердің екі категориясы анықталады:
-өндірілетін өнімді дайындау;
-техникалық деңгейді бағалау;
-өнім өндіру;
-перспективаға жоспарлаудың техникалық деңгейін анықтау.
Ал, өнімді өндіру үшін өндірісті дайындау және өнімді өндіру сатысында өндірісті технологиялық тұрғыдан дайындау кезінде өнім сапасының жоғары деңгейіне жеткізу үшін бағытталған шараларды жүзеге асыру, оларды бағалау және бақылау құралдарын енгізу сияқты көптеген жұмыстар жүргізіледі.
Өндірістік кәсіпорындарда сызықтық басқарудың барлық деңгейінде өнім сапасын басқару шаралары жүзеге асырылады. Өнімнің сапасын басқару мен бақылаудың жалпы басшылығын кәсіпорын басшасы өз мойнына алады. Өнімнің сапасын басқару мен бақылаудың жалпы басшылығын кәсіпорын басшысы өз мойнына алады. Кәсіпорында өнім сапасын басқару, бақылау жүйесін дамыту және оған байланысты жұмыстарды реттеу міндеттерін шешумен техникалық бақылау бөлімі айналысады.
Сонымен қатар өнім сапасын бақылау үшін бірыңғай өнім сапасын басқару жүйесі қолданылуы тиіс. Бұл жүйесінің негізгі мақсатына халықты тұтынатын тауарлармен қамтамасыз етуде өндірістің тиімділігін арттыру мақсатында кәсіпорын өндіретін барлық тауарлардың сапасын арттыру үшін ғылыми-техникалық, өндірістік, әлеуметтік-экономикалық мүмкіндіктерді жан-жақты пайдалану қажет. Сонымен қатар аталған мақсатқа жету үшін жаңа өнім түрлерін жасау және оны игеру, жоғары сапалы өнімді өндіруді арттыру, сапасы төмен ескірген өнім түрлерін өндірістен алып тастау, өнімді тұтынушыға жеткізу және қолдану барысында сапасын жоғалтпау жұмыстары жүргізілуі керек.
Өнім сапасын басқару жүйесін тиімді пайдаланудың негізгі шарттарының біріне оны техникалық бақылауды ұтымды ұйымдастыру кіреді.
Техникалық бақылау жүйесі (бақылау объектісі, бақылау операциялары және оның тізбектілігі, техникалық жабдықтау, жұмыс істеу режимдері, әдістер, бақылау операцияларын механикаландыру және автоматтандыру құралдары) өндірістік үрдістің бөлінбейтін құрамдас бөлігі болып саналады, өндірістің технологиясымен бірге техникалық бақылау бөлімінің қатысуымен немесе олардың келісімімен дайындалады. Міндетті түрде бекітілетін технологиялық үрдістер құрамына тіркеледі.
Бақылау операцияларын орындаушыларға жұмысшылар, бригадирлер, өндірістік бөлімдердің шеңберлері (мастерлер) жатады.
Өнім сапасын техникалық бақылау келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:
А) өндірістік үрдіске қатысты бақылау:
-кіруші бақылау- кәсіпорынға келіп түсетін материалдық-техникалық жабдықтау элементтері мен сыртқы серіктестік байланыстарды бақылау жұмыстарын жатқызылатынын айтады;
-операциялық бақылау- өнімді өндіру және құрастырудың барлық сатыларын бақылауды айтады;
-шығушы бақылау- дайын өнімді, жиынтық бірлікті, аяқталмаған дайын бөліктерді бақылауды айтады.
Б) атқаратын міндетіне қарай бақылау:
-ағындық (ескерту) бақылау- өндірістегі ақауды болдырмау мақсатында болатын бақылау түрін айтады;
- қабылдауды бақылау- іске жарайтын еңбек заттарын қабылдау және олардың ақауларын анықтау үшінжүргізілетін бақылауды айтады;
-инспекциялық бақылау- өнім сапасын бақылаушылардың жұмыс сапасын бағалаумен айналысатын қызметкерлердің жұмысын айтады.
В) объектіні қамту дәрежесіне байланысты бақылау:
-жалпы- дайындалатын өнім немесе объектілердің бәрін тексеруді айтады;
-таңдамалы- дайындалатын өнімнің немесе объектінің бір бөлігін тексеруді айтады.
Техникалық бақылау -- өндірістік процесс барысында іске асырылатын, нормативті-техникалық құжаттардың талабына сай бұйымдардың, материалдардың немесе процестердің техникалық сипаттамаларының сәйкестігін тексеру. Өндірістік процестің қай сатысында іске асырылғанына байланысты "кірістік", "операциялық" және "шығыстық бақылау" деп бөлінеді. Кірістік бақылауға "әрі қарай" өңдеу немесе ЭТБ өндірісінде пайдалану үшін кәсіпорынға келіп түскен материалдар мен жинақтаушы бұйымдар жіберіледі. Операциялық бақылау кез келген технологиялық операцияның орындалу барысында немесе оның аяқталуынан кейін іске асырылады. Дайын ЭТБ мен материалдарды, шығыстық бақылауға келмейтін немесе потенциалы жарамсыз өнімді анықтау үшін технологиялық процестің соңғы операциясынан кейін жүргізіледі.
Техникалық бақылау - бақылау объектісінің белгіленген техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру. Өнеркәсіпте техникалық бақылау өндірістің барлық кезеңдерінде орындалатын бақылау операцияларының жиынтығын көрсетеді. Ол, бақылау объектісіне байланысты, кәсіпорынның әр түрлі қызметтерімен іске асады. Дайын өнім мен жартылай фабрикаттар сапасын бақылауды техникалық бақылау бөлімі жүзеге асырады, бірақ өндірістік бөлімшелердің атқарушылары мен басқарушылары да сапаға жауапты болады. Кәсіпорындағы техникалық бақылаудың басты міндеті - стандарттар мен техникалық шарттар талаптарының бұзылуына әкелетін олқылықтар мен ақауларды алдын алу мақсатында, өнімнің сапасы, жабдықтарды, техникалық процестердің күйі жөнінде толық әрі сенімді ақпаратты уақытында алу.Кәсіпорындағы техникалық бақылау объектілері: келіп түсетін материалдар, дайындаудың әр түрлі кезеңдеріндегі жартылай фабрикаттар, дайын өнім, өндіріс құралдары, техникалық процестер мен өңдеу режимдері, өндірістің жалпы мәдениеті болып табылады. Техникалық бақылау функциялары өндірістің міндеттері мен объектілерімен анықталады. Оған: шығарылатын өнімнің сапасы мен жиынтықтылығын бақылау, өнімнің қайтарылымын, ақауларын, т.б. есептеу мен талдау жатады. Өнімнің сапасын бақылаудың негізін қабылдау кезіндегі бақылау, іріктеме бақылау мен өлшеулер сапасы құрайды. Бақылау орындары мен жұмыс кезеңіне байланысты: жобалауды бақылау, бұйымдардың материалдары мен жиынтықтаушыларын кірер бақылау, технологиялық жабдықтау күйін бақылау, дайындау кездегі операциялық бақылау, дайындауды авторлық қадағалау, технологиялық жабдықтауға енгізілген құралдарды активті бақылау, дайын өнімді қабылдауға дейінгі бақылау, құрастыруды бақылау және объектілердегі эксплуатацияны қадағалау ажыратылады.
Бақыланатын өнімнің қамтылуына қарай: іріктеме бақылау мен жаппай бақылау деп ажыратылады.
2.2. Сапаны статистикалық бақылау
Ықтималдықтар теориясы мен математикалық статистиканың теориясын өнімнің сапасын басқару үшін қолдану идеясын алғашқы рет 1884 жылы академик М.В. Остроградский ұсынған болатын. Ұсынылған әдістің мәні - өнімнің партиясынан алынған кішігірім таңдаманы бақылау нәтижесінде жаппай бақылау өткізусіз осы партиядағы өнімдердің барлығының сапасы жөнінде негізделген шешім шығару болып табылады. Бара-бара бақылаудың бұл түрі статистикалық бақылап қабылдау деп аталып кетті.Алғашқы кезде статистикалық бақылау альтернативалық сипаты бойынша (тексеруден өткен өнімнің әр бірлігін жарамды немесе жарамсыз өнімдер тобына жатқызумен байланысты бақылау түрі) жүргізілген болатын.
Жаппай және үлкен сериялық өндіріс жағдайында өнімнің әр данасын бақылау (жаппай бақылау) қиынға түседі, өйткені көп мөлшерде экономикалық шығындарды талап етеді. Кейбір жағдайларда жаппай бақылау мүмкіндігі болмайды, өйткені тексеру барысында өнімнің кейбір даналары бұзылады немесе өз параметрлерін өзгертеді. Бұдан басқа, өнімнің сапасын жаппай бақылау да ақауы бар (жарамсыз) өнімнің қабылдануына апарып соғуы мүмкін. Мысалы, тексерілетін партияда ақаулы өнімдердің саны аз болған жағдайда қайталанатын операциялардың бірдейлігінен және тексеруші оператордың шаршауы немесе байқамауынан өнімнің ақаулы даналары тексеруден өтіп кетуі мүмкін. Осыған байланысты сапаны басқарудың статистикалық әдістері енгізіле бастады.
Өнімнің сапасын бақылаудың статистикалық әдістерінің жаппай бақылауға қарағандағы артықшылығы - технологиялық процесте болып жатқан ауытқуларды бөлшектердің партиясы түгелінен шығып қойғаннан кейін емес, керісінше, шығару кезінде, яғни процеске өзгертулер енгізуге болатын кезде анықтауға болатындығында.
Өнімнің сапасын статистикалық басқару әдістерін қолдану облыстары болып:
- өнімнің сапасын статистикалық бағалау;
- өнімнің сапасын статистикалық бақылап қабылдау;
- технологиялық процестің дәлдігі мен тұрақтылығын статистикалық талдау;
- технологиялық процесті статистикалық реттеу облыстары табылады.
Өнімнің сапасын статистикалық бағалау - өнімнің сапалық көрсеткіштерінің мәндерін математикалық статистика ережелерін қолдану арқылы анықтау әдісі.
Өнімнің сапасын статистикалық бақылап қабылдау - өнім сапасының бекітілген талаптарға сәйкестігін тексеру және нәтижесі бойынша шешім қабылдау үшін математикалық статистика әдістерін қолдануда негізделген бақылау түрі.
Статистикалық бақылап қабылдау терминін міндетті түрде дайын өнімді тексерумен байланыстырмау керек. Статистикалық бақылап қабылдау кіргізер алдында тексеру операцияларында, сатып алуды бақылау операцияларында, операцияларды бақылауда, дайын өнімді бақылау кезінде және т.б., яғни өнім партиясын қабылдау немесе қайтару мәселесін шешу үшін қолданылуы мүмкін.
Технологиялық процестің дәлдігі мен тұрақтылығын статистикалық талдау - статистикалық әдістерді қолдану арқылы технологиялық процестің дәлдігі және тұрақтылығы көрсеткіштерінің мәндерін анықтау және процестің уақыт ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz