Түрк мемлекетінің мәдениеті
Түрк мемлекетінің мәдениеті
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Түрк мемлекетінің құрылуы
2. Түрктер туралы деректер.
3. Түрктердің көне өркениеті.
4. Көне түрктердің есткерткіштері
ІІІ. Пайдаланған әдебиеттер
Түрк мемлекетінің құрылуы
Біздің заманымыздың І мыңжылдығында Еуразия далаларындағы этникалық орта өзгере бастады. Дәл осы уақытта қазіргі түркі тілдес тайпалардың этникалық-саяси бірігуі қалыптасқан еді. Осы дәуірде түркілердің рухани мәдениеті де жаңа сатыға көтерілді. Түркі жазба мәдениеті мен сына жазуы, түркі әдебиеті қалыптасты. Түркілерде алғашқы діни наным-сенімдер буддизм, христиан, манихей, ислам діндерінің ықпалымен, өзге де өркениет жетістіктерінің әсерімен пайда болған. Олар көшпелі және жартылай көшпелі өмір кеше отырып, біртіндеп қалалық және отырықшы тұрмысқа көшті. Отырықшылыққа көшкен тайпалар өзіне тән өркениетті түрлерін қалыптастырды, олардың сол кездегі әлемдік мәдениетте өзіндік орны бар. V-VІ ғасырларда түркілер далалы аймақтарды мекендеді және оларды қытайлықтар жужаньдар, еуропалықтар аварлар деп атаған.
Түркі сөзі (қытайша тукюе) алғаш рет көшпелі халықтың атауы ретінде б.з. VІ ғасырында пайда болды. Бізге түркілердің тарихы VІІ-VІІІ ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазбалары арқылы белгілі. Ол ескерткіштер-түркілер мекендеген Енисей өзенінің бойы мен қазіргі Моңғолия жеріндегі Орхон өзенінің жағасынан табылған құлпытастағы жазулар. Сондықтан да оларды Орхон-Енисей жазуы деп атап кеткен. Ескерткіштер VІІ-VІІІ ғасырлардағы Түркі қағандығының тұсында Білге қаған (хан), Күлтегін (әскербасы), Тоныкөк (ақылшы, кеңесші) сияқты атақты адамдарға арнап тұрғызылған құлпытастағы жазулар.
VI ғасырда Қазақстан жері сол кезде аса қуатты болған Түрік қағанатының қоластына қараған. Түрік қағанаты Орталық Азиядағы тайпалық одақтардан біріккен ежелгі мемлекет. Түрік атауы алғаш рет қытайдың 542 жылғы шежіресінде кездеседі.
Ал түріктердің мемлекеттік дәрежеге көтерілуі 552 жылдан басталады. Бұл этно-саяси бірлестіктің негізін салушы Бумын қаған еді. 552 жылы түрік қолбасшысы Бумын аварларға қарсы шықты. Ол 553 жылы дүние салды, ал оның ізбасары Мұқан қағанның билігі кезінде Түрік қағанаты Орталық Азияда саяси үстемдікке жетті. Қағанаттың негізгі құрамы түркі тілдес халықтар болды. Олардың басым көпшілігі теле тайпалары.
Түрік қағанаты туралы деректер.
Қазақстан және көршілес аймақтардың ортағасырлық этникалық тарихы түркілер тарихымен байланысты. Қазақстан жерінде түркітектес, түркітілдес тайпалардың көне заманда да болғанын ескереміз. Бірақ нағыз түркілердің этникалық тарихы V ғасырдан басталады. Егер түрік деген атау V ғасырдан бастап пайда болса, онда: Одан арғы дәуірлердегі тайпаларға қалай түркі тектес, түркітілдес деген сипат береміз? деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Мұны былай түсіну керек. V -- VIII ғасырлардың арасы -- түркі тайпаларының пайда болып, қалыптасу дәуірі. Ал Алтай тіл тобына жататын түркі тілінің пайда болуы түркі атын алған кейінгі тайпалардан кемінде 1 мың жыл бұрын болған. Көне түркі тайпалары -- Орталық Азиядағы, одан тыс жатқан кейінгі түркітілдес халықтардың ататегі. Ежелгі түркі халықтары қоныстанған жерлер бүгінде Қытай Халық Республикасының аумағына қарайды. Ұлы Қытай қорғанының солтүстігіндегі далалық аумақты көк түріктер мекендеген делінеді. Қазір де осы өңірде көк түріктерден қалған жұрнақ ұйғыр, қазақ, қырғыз сияқты халықтар тұрады.
Оның үстіне, ежелгі түркілердің тарихы -- қазақ тарихының да бастау көздерінің бірі саналады. Себебі түріктер құрған Түрік қағанатының батыс бөлігі қазіргі Қазақстан аумағын құрайды. Қазақстан тарихында бұл мерзім Түрік дәуірі (VI -- XIII ғғ.) немесе қазақ мемлекеттілігінің түркілік кезеңі деп аталады. Ендеше Қазақстан тарихының сол айтулы түрік дәуірі қазақ этногенезі мен мемлекеттілігінің, материалдық және рухани мәдениетінің қалыптасып дамуында ерекше басым орын алады. Бұл тайпалар тек қазақ халқының ғана емес, қазіргі бүкіл түрік халықтарының тілінің, әдет-ғұрып, салт-саналарының, дүниетанымының қалыптасуына әсер етті.
Б.з. I -- X гасырлар аралығы Орталық Азияның түркі, моңғол, манчжур тайпалары өз ішінен бір-бірімен соғысып, жеке-дара ел болып, мемлекет орнату жолындағы күрес заманы еді. Осы оқиға қытайдың әулеттік шежірелерінде де, мұсылман әлемінің саяхатшылары мен тарихи түпнұсқаларында да кеңінен орын алып, тарихи оқиғалар жазба дерекке түсті.
Түркі өркениеті
Түркі өркениетінің тамыры терең тарихын зерттеуде қолда бар оның төлтума жазба көне тас ескерткіштері, сонымен қатар М.Қашғари сөздігі, мұсылман авторлары деректері бар. Әсіресе мазмұны мен көлемі жағынан қытай деректерінің орны ерекше. Қытайдың Көне Тақ кітабы, Жаңа Тақ кітабы сияқты тарихи деректер мен Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк ескерткіштеріндегі мәтіндер қазақ мемлекеттілігінің көнетүркілік кезеңін тануға көмектеседі. Бұл тақырыпты зерттеген Дания университетінің профессоры В.Томсон, орыс ғалымдары Н.Я. Ядринцев, В.Радлов, В.П. Васильев, т.б. көне түркілер тарихын зерттеудің дәстүрін қалыптастырды. Кейіннен бұл дәстүрді А.Г. Малявкин, С.Е. Малов, С. Кляшторныйлар жалғастырды. Қытай ғалымдарының да түркітану аясындағы жүргізген еңбектерінен құнды деректер алуға болады. Олардың көне түркі халықтарының тарихы туралы зерттеулерінің ғылыми маңызы зор.
Әлемдік түркітанушылар мен қытайтанушылардың назарына іліккен деректерді атасақ, олар: Рашид ад-Диннің Жылнамалар жинағы, Ибн Хордадбектің Жолдар мен мемлекеттер кітабы, Ибн-Халдунның еңбектері, Ата-Малик Жувейнидің Әлем жаулаушысының тарихы. Қытайдың Юаньши (Моңғол империясының тарихы), М.Қашғаридың Дивани лұғат ат-түрік, Ю.Баласағұнның Құтадғу білік, Әбілғазы Баһадүрдің Түрік шежіресі, Оғузнаме сияқты тарихи деректер де мол мәлімет береді.
Қытайда әр дәуірде жазылған Жиырма төрт тарих деп аталатын ресми жылнамалардағы көне түріктерге қатысты тарихи деректер сұрыпталып, көне қытай тілінен қазіргі қазақ тіліне аударылды,[1] оған ғылыми түсініктемелер жасалған. Бұл түркі тарихына тікелей қатысты қайталанбас түпдеректер қатарына жатады. Қытай иероглифтерінің көмескі сырларын ашуда түркітанушы қытайтанушығалымдармен қатар салыстыра отырып зерттеу тарихшыларға да зор міндет жүктейді.
Көне түріктердің шығуы. Түріктер жөніндегі ең алғашқы дерек Қытайда Батыс Вэй әулетінің заманында ресми жылнамаға енген. Түрік этнонимі алғаш рет қытай жылнамаларында 542 жылдары аталады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz