Бұқар Жыраудың Абылай хан саясаты жөніндегі байламды пікірлері
Тақырыбы: Бұқар жырау
Орындаған:
Тексерген:
Арқалық 2017 жыл
Өмірбаяны
Бұқар Жырау қазақ халқының Жоңғар басқыншылығы тұсында, елдің болашағы қыл үстінде тұрған кезде өмір сүріп, сол алмағайып замандағы күрделі мәселелерге өз жырларымен жауап бере білді. Осындай ауыр сәттерде Абылай ханға дұрыс кеңес беріп, ел-жұртты басқыншы жауға қарсы күресте біріктіруге, бір тудың астына топтастыруға күш салды. Өзінің саяси-әлеум. мәнді жыр-толғауларымен сол жалынды күрестің жыршысына айналды. Осы мақсатта ол Абылай ханды бірден-бір қажетті басшы санап, оған халық бірлігін сақтап қалатын көсем тұрғысында үлкен сенім артты. Абылай хан да сол биік талаптан табылып, елдің бірлігі мен жарқын болашағы үшін жан аямай қызмет етті. Жырау сол азаттық жолында өлімге бас байлап, ерліктің небір ғажайып үлгілерін көрсеткен хан мен оның батырларын жырға қосып, олардың өшпес әдеби бейнелерін жасады. Әсіресе, Абылай ханның көрегендігі мен даналығын, ауыр кезең, қиын сәттерде ел ұйытқысы бола білгенін асқақ жырлады:
"Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан, ханым-ай, Қайырусыз жылқы бақтырған, ханым-ай, Қалыңсыз қатын құштырған, ханым-ай. Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам, Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!".
Осы бір шумақ жырда халық пен ханның байланыс-бірлігін қиыннан қиыстыра білген. Жыраудың "Абылай ханның қасында", "Ал, тілімді алмасаң", "Ай, Абылай, Абылай", "Қазақтың ханы Абылай", "Ханға жауап айтпасам", "Басыңа біткен күніңіз", "Ай, Абылай, сен он бір жасыңда", "Ал, айтамын, айтамын" атты толғауларында ханның сол кездегі ұстанған саясаты мен көрегендігі, алғырлығы мен білгірлігі сипатталады. Ал, "Садыр, қайда барасың?", "Бұқарекең біз келдік, Ақан, Төбет байларға" деген жырларында ол ел болашағы, татулық мәселелерін сөз етеді. Бұқар Жыраудың Абылай хан саясаты жөніндегі байламды пікірлері де орнықты, әділ. Ол қасындағы Қытай мен Ресей туралы да ұстамды бағыт ұстанады. Соның арқасында ата жауы Жоңғарлардың іштей іріп, азып-тозуы үшін ұтымды саясат қолдана отырып тарих сахнасынан кетуіне қолайлы жағдай жасағанын мақтанышпен жырлайды. Бұл орайда жырау Абылай ханды "әділдігі Наушаруандай, жомарттығы Хатымдайдай" деп бейнелейді. Тіпті, ханның әділдігі мен адамгершілік қасиеттерін де жоғары бағалай келіп, оның байлық-салтанатын "қырық мың атан тарта алмас" деп сипаттайды. Мұның бәрін жырау ханның жас кезеңдерімен тығыз байланыста алып қарастырады:
"Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің. Қырық беске келгенде, Жақсы-жаман демедің. Елу жасқа келгенде, Үш жүздің баласының, атының басын бір кезеңге тіредің!".
Жырау жас мөлшерін сипаттағанда, бұрыннан келе жатқан дәстүрді ұстанып, оның күш-қайратқа байланысты екенін, әсіресе, жастықтың шыңы жиырма бесті шалқыта жырлайтыны бар. Алайда ол адамның жас кезеңдерін үнемі сол қалыпта сипаттай бермей, оның ақыл-парасат, толысу, кемелдену тұрғысынан да алып суреттейтінін де көреміз. Бұл орайда жырау жас сипаттамаларын Қожа Ахметше жырлайтынын аңғартады:
"Отыз жасқа келгенде, Дүниедей кең едің. Отыз бес жасқа келгенде, Қара судың бетінде, Сығылып аққан сең едің. Қырық жасқа келгенде, Алтынды тонның жеңі едің... Елу бес жасқа келіпсің, Елу бес жасқа келгенде, Жақсы болсаң толарсың, Жаман болсаң, маужырап барып соларсың"...
Бұқар Жырау Абылай ханның "бәйгелі жерде бақ болған" әйгілі батырларын "өзіңе тұғыр болған төрт тірек" деп лайықты бағалай отырып, олардың тарихи ерлік істерін қазақтың абырой-арына біткен ерлер деп асқақ жырлайды.
Толғаулары
Жыраудың "Он екі айда жаз келер", "Абылай ханның қасында", "Ханға жауап айтпасам" атты толғаулары халық болашағы мен бейбітшілікті сақтау, отарлауды көздеген елден жыраққа, Жиделі байсынға көшу мәселесін қозғайды. Бұл жырлардың үгіт-насихаттық, дидактикалық сипаты басым. Жыраудың табиғат пен адам өмірін астастыра суреттейтін жырлары да мол: "Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек", "Әлемді түгел көрсе де", т.б. Осының бәрі жыраудың кәнігі шеберлігі мен талғампаздығын танытады. Бұқар Жыраудың толғаулары, шын мәнінде, Абылай дәуірінің айнасы. Ұлтының тамаша рухани адамгершілік қасиеттерін бойына дарытқан көкірегі даңғыл, алмас тілді, дуалы ауыз кемеңгерді Абылай хан да қасынан бір елі қалдырмаған. Ақыл-ойға кемел "Көмекей әулие" Абылай ханның дұрыс шешім, парасатты пайым қабылдауына, қос бүйірдегі екі алып мемлекеттің арасында оңтайлы саясат ұстауына, әскери дипломатиялық қарым-қатынастарды реттеуге барынша ықпал жасайды. Заман келбеті, Отан тағдыры, болмыс шындығы, ел тұтқасын ұстаған асқан қолбасшы, біртуар баїадүр, үздік мәмілегер, зерделі мемлекет басшысы Абылай ханның жортуыл-жорық күндеріндегі іс-қимылдары, ұлтының ұлы мұраттар жолындағы ізгі, жалынды күресі -- жырау мұраларында шынайы шыншылдықпен суреттеледі. Әсіресе, Бұқар Жырау толғауларында Ресей империясының отарлаушылық, басқыншылық саясаты, зұлымдық әрекеттері әшкереленеді. Мысалы, "Қилы заман" толғауындағы мына бір жайлар табандап жылжып келе жатқан қайшылығы мол заманды елестетеді:
"Күнбатыстан бір дұшпан,
Ақырында шығар сол тұстан.
Өзі сары, көзі көк,
Діндарының аты боп,
Күншығысқа қарайды.
Шашын алмай, тарайды,
Құдайды білмес, діні жоқ,
Жамандықта міні жоқ, Затсыз,
тексіз бір кәпір,
Аузы-басы жүн кәпір,
Жемқорларға жем беріп,
Азды көпке теңгеріп,
Ел қамын айтқан жақсыны,
Сөйлетпей ұрар ұртына.
Бауыздамай ішер қаныңды,
Өлтірмей алар жаныңды,
Қағазға жазар малыңды.
Есен алар пұлыңмен,
Солдат алар ұлыңнан,
Күндердің күні, Абылай,
Жаяулап келер жұртыңа,
Жағалы шекпен кигізіп,
Балды май жағар мұртыңа,
Есе тимес өзіңе, Есіктегі құлыңнан."
Қазақ қоғамының сәнінен, мәнінен айрылатынын, дінінің, тілінің, жерінің тозатынын, қабілетсіздер сұңғылаларды илеп билейтінін, дәрменсіздік жалайтынын, марқасқалар төбесінде бұлт үйірілетінін баяндаған. Бұл "Қилы заман" толғауының қалай туындағанын Мәшїүр Жүсіп Көпеев былайша түсіндіреді. Абылай хан бір салтанатты күнде ат үстінде Бұқардан сұраған: "Асан қайғының қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар дегені не тантық, суда жүрген шортан тауға біткен қарағайдың басына қайдан шығады. Миға қонбайтұғын сөз ғой" -- деп. Сонда Бұқарекең қырын қарап тұрып, атының басын бұрып, қамшысын ерінің үстіне арта салып, көзіне жас алып; "Әй, хан! Бұл сөзді сен сұрамасаң керек еді, мен айтпасам керек!" деп, осы толғауды айтыпты. Отарлаудың небір қанқұйлы амал-айлаларын қапысыз ойластырған Ресей империясы сахарада қара шекпенділер мен келімсектерді түпкілікті қоныстандыру үшін, алдымен, тұс-тұстан қалалар мен бекіністер салды. Нулы, сулы, шүйгінді, орман-тоғайлы жерлерден қазақтарды қырға ығыстырды. Атамекенінен, ата кәсібінен ажырап, абдырай бастаған тағдыр тәлкегіне ұшыраған халқының күйін Бұқар Жырау былайша жоқтап зарлайды: "Өзің қонған Көкшетау,
Кәпір қала салды, ойла!
Жарқайың деген жерлерге,
Шашылып шеті барды, ойла!
Атбасар мен Қалқұтан,
Балығы тәтті су ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz