Экологиялық инновацияларды енгізу


Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты
Тақырыбы: Табиғи орта, экономикалық дамудың негізі ретінде
Орындаған: Смағұлова Әйгерім ЕШТ-11
Тексерген: Байгукин Ғалымбек Тұрсынұлы
Табиғи ортаның қалыпты жағдайы - табиғи ортаның экологиялық тұрғыда теңдестірілген жаратылысқа тән жай-күйі. Ол экологиялық тепе-теңдікпен сипатталады. Экологиялық теңдестірілмеген жүйе адамға зиянды әсер етуі мүмкін немесе оның қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды.
Дағдарыс жағдайы немесе экологиялық дағдарыс - бұл жай-күй бағалау өлшемдерінің шекті рұқсат етілетін жай-күйге жақындауы, одан шығып кету тұрақтылық жүйесінің жоғалуына және оның құруына әкеліп соқтырады. Қоршаған орта сапасын бақылау жүйесі немесе экологиялық бағалау (нормативтер) табиғатқа тигізетін теріс әсерді шектеу құралы болып табылады. Өкінішке қарай, адамдардың өсіп келе жатқан қажеттіліктері мен биосфераның, табиғи ресурстардың оларды қанағаттандыру бойынша шектеулі мүмкіндіктері арасында қарама-қайшылықтар бар. Адамның тіршілік ету ортасының бүлінуі мен табиғаттың қалпына келу күштерінің бұзылуы себептерінің бірі - халық санының қарқынды өсуі. Халық санының тоқтаусыз өсуі көптеген елдердің, әсіресе дамушы елдердің алдында адамдарды азық-түлікпен, сумен қамтамасыз ету, атмосфера ауасын таза қалпында және топырақ құнарлылығын сақтау мәселесін қояды.
Адамзатты өзін-өзі жылу және электр қуатымен қамтамасыз ету толғандырады. Кеңес Одағының ғалымы Н. В. Мельниковтің жорамалды бағалауы бойынша отынның айқын түрлерін (көмір, мұнай, табиғи газ, торф, жанатын тақтатастар) 2000 ж. тұтыну деңгейі бойынша адамзат 140-150 жылға қамтамасыз етілген. Осыған орай, әлемнің отын-энергетика шаруашылығында көрнекті орынға энергия алудың балама әдістері, атап айтқанда, атом, гидроэнергетика, биоэнергетика және басқалары ие болуы керек. Табиғатты қорғау тұрғысынан экономиканың ары қарайғы дамуы табиғи ресурстарды пайдалануды тиімдірек басқару мәселелерін шешуге байланысты. Арзан табиғи ресурстардың, адамның табиғатқа қарсы қойылуы, қоршаған ортаға жауапкершіліксіз көзқараспен қараудың уақыты келмеске кетті. Алайда «табиғаттың тегін игіліктерінің» нақты ақысыздығы туралы қорытынды тұрақты даму тұжырымдамасы шегінде ғана жасалған. Тек экономика тұрғысынан қаралатын көзқарас қана тұрақты даму түжырымдамасының өзегі болып табылады. Өндірілетіннің үлкен бөлігі - шынымен де өндірістік үдерістің қалдықтары және өз өмірін қоқыстар үйіндісінде аяқтайтын тауарлар. Бұдан басқа, адамзат қомақты ресурстарын оларсыз да тіршілік етуге болатын қызметтер мен ойын-сауыққа жүмсайды: мысалы, планета мөлшерінде жыл сайын жарнамаға - 250 млрд долл., 400 млрд долл - темекі шегуге, 40 млрд долл гольф ойнауға шығындалады.
Өндірістің «ресурс - өнім - қалдық» қағидасы желілік экономика үлгісінің негізінде жатыр, қазіргі заманғы көптеген өнеркәсіп кәсіпорындары сол бойынша жұмыс істейді. Мұндай экономика қалдықтардың үдемелі санының пайда болуының алдын алады, олардың көбі адамдар денсаулығы үшін қауіпті. Сондықтан аз қалдықты жэне қалдықсыз технологияларға өту қажет. Аз қалдықты технология - бұл шикізат өндіру мен қайта өңдеудің табиғи ресурстарда бар барлық құрамдас бөлшектерді мейлінше мол, кешенді алуды және пайдалануды қамтамасыз ететін іс-шаралары мен үдерістерінің кешені. Қалдықсыз технология - макроэкономика деңгейінде жұмыс істеу қағидасы: ол кезде «бастапқы шикізаттық ресурстар - өндіріс - тұтыну - екінші рет пайдаланылатын ресурстар» айналымындағы шикізат пен энергияның барлық құрамдас бөлшектері тиімді пайдаланылады және экологиялық тепе-теңдік бұзылмайды. Аталған технологияларды қолдану экономиканың басқа - Кезеңдік үлгі негізінде жатыр. Бұл экономика табиғатқа еліктеу қағидасы бойынша құрылған. Оның екі негізгі жағы бар. Біріншіден, әр кәсіпорынның қалдықтары басқа кәсіпорын үшін ресурс болып табылады. Екіншіден, экономиканың кезеңдік үлгісі, адамға қауіпті қалдықтарды қосқанда, қалдықтардың үлкен көлемінің болмауын тұспалдайды.
Тұрақты даму тұжырымдамасы «экономикалық тиімділік» түсінігінің өзіне жаңаша қарауға мүмкіндік берді. Бүгінгі күні оларды іске асыру кезінде табиғи заңдылықтар ескерілетін ұзақ мерзімді экономикалық жобалардың экономикалық тұрғыдан тиімдірек болатыны, ал ұзақ мерзімді экологиялық зардаптарды ескерусіз іске асырылатындар шығынды болатыны анық. Қаладағы адамдар үшін қолайлы ортаны жасанды түрде қамтамасыз етуге үлкен шығындар шығарғанша, «жасыл аймақтарды» қол тигізбестен сақтау экономикалық және энергетикалық тұрғыдан тиімдірек болатынын есептер көрсетті. Көптеген елдер жақын болашақта экономиканы экологиялықүнемдеуші технологияларға аударуды өздеріне мақсат етіп қойды. Ондай елдерге: Швеция, Нидерланды, Жапония және басқалары жатады. Әлемнің әртүрлі елдерінде тұрақты технологияларды пайдаланудың мысалдары: сәндік өсімдіктер мен жидек дақылдарынан «тірі керегелер»; жол жабындарын құру және жаңа ыдысты жасау үшін сынған керамиканы қайта өңдеу; қоқыстарды бөлек жинауға арналған контейнерлер.
Қазіргі кезде экологиялық мэселе оның экономикалық мағынасында - бұл тек қоршаған ортаның ластануы мәселесі ғана емес, өз зардаптары бойынша апатты, қиратушы табиғатты пайдалануды шынайы нарық пен табиғатты қорғаудың шектеулері мен басымдықтарын ескеретін шаруашылық жүргізудің экономикалық және экологиялық тиімді жүйесіне түрлендіру мәселесі.
Табиғатты пайдалану механизмдерінің экономикалық тұрпаттары:
1) Орнын толтырушы (жұмсақ, «қуып жетуші») - экологиялық тұрғыда ымырашыл. Экологиялық бүлінушіліктердің туу себептеріне емес, теріс экологиялық салдарларды жоюға бағытталған. Экономика дамуының техногенді тұрпатына тән.
2) Ынталандырушы - экологиялық теңдестірілген және табиғатты қорғау өндірістері мен іс-әрекеттер түрлерінің дамуы. Оның негізінде нарықтық құралдар жатыр. Жаңа технологиялар негізіндегі өндірістің ұлғаюына септігін тигізеді, табиғи ресурстарды пайдалануды және қорғауды жақсартуға мүмкіндік береді («әлсіз тұрақтылық») .
3) Қатаң («тұқыртқыш») - әкімшілік және нарықтық құралдарды пайдаланады және қатаң салық, кредит, айыппұл саясатының көмегімен табиғи ресурстарды пайдалануды үнемдеуге септігін тигізе отырып, олардың табиғи қорын кеңейту аймағындағы белгілі бір салалар мен компаниялардың дамуын тұқыртады («қайратты тұрақтылық») .
Материалдық пайдасыз жинақталатын шығындар мен қалдықтарсыз өнеркәсіптік өндіріс бірқатар салаларда бар, алайда оның үлесі әлі де болса аз. Әйтсе де біз аз қалдықты және қалдықсыз өндіріс мәселелерімен айналысуға міндеттіміз, өйткені қалдықтар жиналуының артып келе жатқан қарқынында халықтың өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар үйінділерінің астында қалып, ауызсусыз, жеткілікті таза ауасыз және құнарлы жерлерсіз қалуы қаупі бар.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz