Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны жұмысшыларының санитарлық сауаттылығы және жеке бас гигиенасы


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Гигиена 2 кафедрасы

Тақырыбы: Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны жұмысшыларының санитарлық сауаттылығы және жеке бас гигиенасы.

Орындаған: Егеш А.

Тобы:415ҚДС

Қабылдаған: Бейсембаева З. И.

Шымкент-2013ж.

Жоспары:

I. Кіріспе.

II. Негізгі бөлім.

  • Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны жұмысшыларының санитарлық сауаттылығы
  • Әкімшілік-тұрмыстық ғимараттары
  • Жұмыскерлердің еңбек жағдайына, тұрмыстық қызметі мен медициналық қамтылуына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар.
  • Қызметкерлердің денсаулығы мен жеке басының гигиенасы.

III. Қорытынды.

IV. Пайдаланылған әдебиеттер.

Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорны жұмысшыларының санитарлық сауаттылығы.

Ауыз суымен қамтамасыз етуге және тамақтануға қойылатын талаптар

Салқындатылған және қыздырылған микроклимат жағдайында жұмыс істейтін жұмысшылардың су балансы бұзылысының алдын-алу үшін, денсаулық сақтау органдары ұсынған ыстық және салқын сусындармен (шәйлармен, кептірілген жемістерден жасалған қайнатпалармен, газдалған сулармен және басқаларымен) қамтамасыз етілуі керек.

Жер асты өндірісінде жұмыс істейтіндер сыйымдылығы 0, 75 л-лік құтылармен немесе сынбайтын термостармен қамтамасыз етілуі керек. Суға және сусындарға арналған ыдыстар халықтың санитарлық-эпидемиологиялық сәттілігі саласындағы өкілетті органдар рұқсат еткен материалдардан дайындалуы және көмір қышқылының (Н 2 СО) әсеріне тұрақты болуы керек. Айналымдағы ауыз суына арналған ыдыстардың (сыйымдылықтардың) саны, олар қамтамасыз ететін жұмыс орнының санынан екі есе көп болуы керек. Құтылардың және термостардың жуылуы мен сақталынуы орталықтандырылған болуы керек.

Әкімшілік-тұрмыстық ғимараттарда суды сыйымдылыққа жинайтын арнайы крандармен жабдықталуы керек. Жер асты тау жұмысшыларының ауыз суымен қамтамасыз етілуі "Питьевой режим шахтеров" әдістемелік нұсқауына сәйкес ұйымдастырылуы керек. Ойылып кесілген жерлерде жұмыс істейтіндер әрекеті фонтан тәрізді крандар бар жабық ыдыстармен жеткізілетін сумен қамтамасыз етілуі керек. Суы бар ыдыстар жылдың қысқы мезгілінде жылытылатын арнайы бөлмелерге орнатылуы керек. Пункттердегі ауыз суының температурасы +20 0 С-тан жоғары және +8 0 С-тан төмен болмауы керек.

Айналымдағы ыдыстардың саны, олар қамтамасыз ететін жұмыс орнының санынан екі есе көп болуы керек. Шахталар мен ойылып кесілген жерде ауыз суы құйылған ыдыстың 30%-тік қоры қарастырылуы керек.

Жер бетіндегі шахталардың асханаларын күтіп ұстау және пайдалану, сонымен бірге азық-түліктердің кулинарлық өңдеуі және сатылуы нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2526 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 25 шілденің Қоғамдық тамақтандыру объектіліріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар санитарлық ережелері мен нормаларын бекіту туралы N 569 бұйрығына сәйкес болуы керек.

Тамақтанудың жер асты пункттері болғанда, түскі ас жер асты асханасында әзірлене салысымен, термосқа салынуы керек. Дайын тағамы бар термостар салынғаннан соң 1-2 сағ. асырмай тамақтану пункттеріне жеткізілуі керек. Тарату кезінде бірінші ыстық тамақтардың температурасы 60 0 С-тан төмен, екіншінікі - 50 0 С-тан төмен, ал суықтыкі - +14 0 С-тан төмен болмауы керек.

Шахтерлерді ыстық тамақпен қамтамасыз ету үшін, тікелей көмір шахтасының өндірісінде таза ағыстар, жұмыс орнының екі жағынан 15-20 минуттық жаяу жүретін жерде іс жүзіндегі "Санитарно-гигиенические требования к подземному пункту общественного питания" Санитарлық Ережелері мен Нормаларына сәйкес шахтерлердің жер асты тамақтану пункттері жасалуы керек.

Шахтадан қайтарылған ыдыстарды және заттарды санитарлық өңдеу жер асты асханасында жүргізіледі.

Калориялығы бойынша жұмысшылардың емдік-профилактикалық тамақтануы тағамдық заттармен, витаминдермен және биологиялық активті микроэлементтермен тең мөлшерде қарастырылуы керек.

Қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттау қызметке қатысты қолданыстағы стандарттарда қызметтерге талаптарды топтау әдісі қолданылмайды. Оның себебі, бір жағынан, қызметтер сапасына жалпы түрдегі стандартталған көрсеткіштер атауларының жоқтығы, екінші жағынан, қызмет түрлерінің мазмұны жағынан біркелкі еместігінде.

Қоғамдық тамақтандыру қызметі мына топтарға бөлінеді:

-тамақтандыру қызметі;

-тамақ өнімдерін және тәтті тағам бұйымдарын жасау;

тұтыну мен қызмет көрсетуді ұйымдастыру;

-тамақ өнімдерін тарату қызметі;

-бос уақытты ұйымдастыру қызметі;

-ақпараттық ақыл-кеңес беру қызметі т. б. қызмет түрлері.

Қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттау адамдардың өмірі мен денсаулығының, азаматтардың мүліктері мен қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында заң актілерінде, мемлекетаралық стандарттарда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарында, санитарлық және құрылыс нормалары мен ережелерінде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау үшін жүргізіледі. Қызметті сертификаттау жұмысының ақысын оның нәтижесіне қарамастан мәлімдеуші РРК50. 3. 01. 2000 сәйкес төлейді. Қоғамдық тамақтандыру қызметін сертификаттау тәртібі, мекемелердің түрлері мен дәрежелері ҚР. СТ 3. 6-96-да белгіленген. Қоғамдық тамақтандыру мекемелері мына түрлерге бөлінеді: мейрамхана, кафе, асхана, дәмхана, аспаздар дүкені.

Мекеме түрлерін растау кезінде мына факторлар ескеріледі:

-шығарылатын өнімнің түрі және дайындау қиындығы;

-техникамен жабдықталғандығы (материалдық базасы, инженерлік-техникалық жабдықталуы, үй-жайының құрамы, архитекторлық-жоспарлау шешімі, т. б. ) ;

-қызмет көрсету түрлері;

-қызмет көрсетушілердің біліктілігі;

-қызмет көрсету сапасы (жайлылығы, қарым-қатынас этикасы, эстетикасы, т. б. ) ;

Тұтынушыларға көрсететін қызмет атаулары.

Ресторандар мен барлар қызмет көрсету деңгейіне және көрсетілетін қызмет атауларына байланысты үш дәрежеге бөлінеді: люкс, жоғары және бірінші. Кафе, асхана, дәмхана және аспаздар дүкендері дәрежеге бөлінбейді.

Өтінім жасау және оны қарастыру.

-сертификаттауды жүргізу үшін өтінуші қызметті сертификаттайтын тіркеуден өткен органға өтінім береді;

-өтінімге қоса өндіріс жұмысының тұрақтылығын және сертификаттауға ұсынылған қызметтің сапасын анықтауға мүмкіндік беретін сауалнама жіберіледі;

-сертификаттау органы өтінімді тіркейді және оны сертификаттау мүмкіндігін анықтау үшін қарастырады;

-өтінімді қарастыру және шешім шығару мерзімі оны тіркеуден өткізген күннен бастап 1 айдан аспауы керек;

Өтінімді қарастырғанда сертификаттау органы мына жұмыстарды атқарады:

-ұсынылған құжаттарды талдау арқылы қызметтің қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін анықтайды;

-өтінушімен қосылып сертификаттау сызбасын таңдап алады;

-сертификаттык; сынақ өткізудің қажеттігін анықтайды және тіркеуден өткен зертхананы таңдайды;

-қызмет көрсетуді сертификаттау мақсатында оны тексеру принципі мен әдістемесін анықтайды;

-қызметті көрсету процесінің тұрақтылығын бағалайды.

Қызметті қарастыру нәтижесі негізінде сертификаттау органдары шешім шығарады. Оң шешім және қызметті сертификаттауды өткізу туралы келісім өтінушіге жіберіледі.

Кері шешім шығарғанда сертификаттау органы өтінушіге бас тартудың дәлелді себептерін жібереді;

Қызметті сертификаттаудан бас тарту себептері ретінде мыналар болады:

-ұсынылған нормативтік құжаттардың сертификаттауды жүргізуге жарамсыздығы;

-қызмет көрсету процесінің тұрақсыздығы;

-қызмет сапасының төмендігі (қызмет көрсетудің кемшіліктеріне берілген шағымдардың көптігі) ;

-қызмет көрсетудің уақытылы орындалмауы, тұтынушыға дұрыс ақпарат беру тәртібінің бұзылуы.

Жұмыскерлердің еңбек жағдайына, тұрмыстық қызметі мен медициналық қамтылуына қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар.

Қоғамдық тамақтандыру нысандарда еңбек жағдайына (микроклимат, өндірістік шу, діріл, табиғи және жасанды жарықтандыру, жұмыс аумағының ауасы) бақылау жүргізілуге тиіс.

Тұрмыстық жайлар санитарлық өткізгіштің үлгісі бойынша құралады, күн сайын жұмыс күнінің соңында жиыстырылуға жатады: қабырғалар мен еден сабынды ерітіндісі бар ыстық сумен жуылады; гардеробтағы шкафтар аптасына бір рет ылғалды әдіспен тазартылып, зарарсыздандырылады. Тұрмыстық жайларды басқа мақсаттарға қолдануға тыйым салынады.

Объектіде 50-ден 300-ге дейін жұмыскерлер санымен медициналық пункт ұйымдастырылады, 300-ден артық-сауықтыру пункті.

Дәретханалар өздігінен жабылатын есіктермен жабдықталады. Шлюздердің санитарлық киімге арналған ілгектері, ыстық және суық суы бар қол жууға арналған раковиналар, сабын, щеткалар, қолды кептіруге арналған электрлі кептіргіштер, бір қолданатын орамалдар болу керек. Шлюзге кіру алдында ерітіндіге малынған зарарсыздандыратын кілемше қарастырылған.

Дәретханаларды жинап, зарарсыздандыруға арналған керек-жарақтар маркерленеді, әр жиыстыру жұмысынан кейін зарарсыздандырушы ерітіндіге малынып, басқа жайлар мен керек-жарақтардан басқа бөлек тұрған жерде сақталады. Дәретханаларды жинауға, басқа жайларды жиыстыруға рұқсат етілмейтін арнайы қызметкерлер жіберіледі.

Объектіде жұмыс істеушілер мен өндірістік тәжірибеге жіберілетін арнайы оқу орындарының оқушылары жұмысқа орналасу алдында, алдын ала санитарлық ережелерге сәйкес медициналық тексерістер мен гигиеналық оқытудан өтеді. Әр қызметкердің орнатылған тәртіпке сәйкес медициналық кітапшасы болу керек.

Нысандар алғашқы медициналық көмек көрсету үшін дәрмектер қобдишасымен қамтамасыз етілуге тиіс.

Объектінің қызметкерлері бір қызметкерге 3 комплектіден аз емес санитарлық киіммен қамтылады. Киімдерді ауыстыру күнде және ластануға байланысты жүргізіледі.

Өндірістік жайларға санитарлық киімсіз кіру, санитарлық киімі үй киімінің үстінен киюге рұқсат берілмейді. Ғимараттан аумаққа шығу кезінде және өндірістік емес (дәретхана, асхана, медициналық пункт және т. б. ) жайларға бару алдында санитарлық киім шешілуі тиіс.

Санитарлық киімдерді жуу арнайы жуатын жерде жүргізіледі, үйде жууға тиым салынады.

Нысанның жұмыскері қолының тазалығына көңіл бөлуі, санитарлық киіммен жұмыс істеуі керек, нысаннан сыртқа шыққанда, дәретханаға барғанда санитарлық киімдерін шешуге тиіс, жұмыс басталар алдында, дәретханаға кіріп шыққаннан кейін, сол сияқты жұмыстағы әрбір үзілістен және кір заттармен жанасқаннан кейін қолын сабынмен жууы керек.

Шикізаттар мен дайын өнімдерге бөгде заттардың түсіп кетуін болдырмау үшін тағам цехына майда шыны және темір заттарды (технологиялық аспаптардан басқа) алып кіруге, сақтауға рұқсат етілмейді; санитарлық киімдерді түйреуішпен, инемен түйреуге және халаттың қалтасына жеке қолданатын заттарды (айна, тарақ, сақина, темекі, сіріңке) салып жүруге тиым салынады. Әр тағам цехында сынатын заттарды есепке алу ұйымдастырылуы керек.

Күнде жұмыс басталар алдында арнайы бөлінген маманмен персоналға тексеру жүргізіледі. Іріңді аурулар, кесілген, күйген адамдар, жұқпалы ауруларға күдіктілер жұмысқа жіберілмейді. Тексеру қорытындысы осы санитарлық ереженің 2 қосымшасына сәйкес, белгіленген үлгідегі журналға жазылады.

Объектіде жұмыс істеушілердің тамақтануларына асхана, буфет, немесе тамақтануға арналған бөлме бөлінеді. Жұмыс орындарында тамақтануға тыйым салынады.

Өндірістік, қоймалық жайларды жөндеу жұмыстарымен айналысатын слесарьлар, электромонтерлер және басқа қызметкерлер жеке басының тазалығы ережесін орындаулары керек, цехтарда санитарлық киіммен жұмыс істеп, аспаптарын арнайы жабық, тұтқасы бар жәшіктерде алып жүруге тиіс және өнімдерге бөгде заттардың түсіп кету мүмкіндігінің алдын алу шараларын қарастыруы керек.

Қызметкерлердің денсаулығы мен жеке басының гигиенасы.

Тағам инфекцияларының, аурулардың тамақтан улануларының алдын алу, ас блогында тиісті санитарлық режим жасау, тағамның тамақтық және биологиялық құндылығының сақталуын қамтамасыз ету көбінде ас блогы қызметкерлерінің денсаулық жағдайына, олардың жеке бас гигиенасының ережелерін сақтауына, санитарлық сауаттылығына және кәсіп түріне қаншалықты маманданғанына байланысты. Ас блогында жұмыс істейтін адамдар әр түрлі жұқпалы, паразиттік аурулар және тамақтан уланулар тудыратын қоздырғыштарының көздері болуы мүмкін. Сондықтан, жұмысқа қабылдау кезінде жұмысқа түсетін әр бір адам терапевтің, генекологтың, дерматолотың қарауын, кеуде торы мүшелерінің рентгенографиясын, мерезге, созға, жүре пайда болған иммундықтапшылық синдромы (СПИД-ке), гельминтоздарға және ішек тобы инфекциясын тасмалдаушылыққа жүргізілетін зертханалық зерттеулерді қамтитын, медициналық тексерулерден өту тиіс. Медициналық тексеру мәліметтері әр бір персоналда болуы тиіс, медициналық кітапшасын енгізеді. Туберкулездің ашық түрімен, сүйек-буын туберкулезімен, туберкулез жегісімен, лепрамен, ішек инфекциялары мен ауыратындар, іш сүзегі, паратиф, дизентерия таяқшаларын тасымалдаушылар, сондай-ақ ағымдағы жылы осы аурулармен ауырғандар, жыныстық аурулармен, жұқпалы тері ауруларымен ауыратындар, гельминт жұмыртқыларын тасымалдаушылар, іріңді аурулармен ауыратындар және басқалар жұмысқа жіберілмейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұтынушылар нарығының жағдайы
Өндірістік цехтың сипаттамасы
Асханадағы кондитер өнімдерін дайындау
Кәсіпорын түрлері
Бас жоспардың жел тармақтары
Тамақтану гигиенасы. Балалардың тамақтану рационын құру
Кәсіпорын бөлмелерінің тізімі
Салқын цехтың жұмысын ұйымдастыру
Фестиваль қатысушыларына 100 адамға қызмет көрсетуді ұйымдастыру
Еңбек гигиенасының түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz