Ыдыстарға қойылатын гигиеналық талаптар



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Денсаулық Сақтау Министрлігі.
Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтикалық Академиясы.

Кафедра: Гигиена 2.

Тақырыбы: Ыдыстарға қойылатын гигиеналық талаптар.

Дайындаған:
Тоқмухамедова Б.
Тобы: 415 ҚДС
Қабылдаған: Бейсембаева
З.И.

Шымкент 2013 жыл.
Жоспар

І Кіріспе
Темірден жасалған ыдыстар.
ІІ Негізгі бөлім
а)Керамикалық ыдыстар.
б)Ағаш ыдыстар.
в)Полимерлі материалдан жасалған ыдыстар және оны қолдану ережелері мен
зияны.
ІІІ Қорытынды бөлім
Ыдыстарға сай талаптар.
IV Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.
Темірден жасалған ыдыстар.
Темір ас үй және ас бөлмесі ыдыстарын дайындауда, асхана құрал-
жабдықтарын, тамақ өнеркәсібінде құбырларды, сұйық тағамдарды тасымалдайтын
ыдыстар, ыдыс жуатын астаушалар жасауда кеңінен қолданады.
Таттанбайтын болаттың кейбір тағамдық түрлері коррозияға қарсы жоғары
қасиетімен және тамақ тағамдарының агрессивті орталарының әсеріне төзімді
қасиетімен ерекшеленеді. Таттанбайтын болаттан дайындалған ыдыстар шыдамды,
ұзақ қолдануға болады.
Алюминий ыдыстар – ыдыс жасауға материал ретінде алюминий, дюралюминий
және оның қортпалары қолданылады. Алюминий және оның қоспалары сұйық
агрессивті тағамдық ортада нашар ериді.
Алюминий ыдыстар, әсіресе қортпадан дайындалған, ас тұзының әсеріне,
жеміс-жидектің құрамындағы органикалық қышқылдардың әсеріне реакция береді.
Бұл кезде алюминий ыдыстың бетіндегі жұқа қабық – алюминий тотығынан
тұратын және ыдысты коррозиядан сақтайтын, ыдыстың ішіндегі сұйықтың
әсерінен еріп кетеді. Осыған байланысты алюминий ыдыста қырыққабатты
ашытуға, қияр тұздауға, қышқыл тағамдар (щи) дайындауға тыйым салынады.
Алюминий ыдыстың коррозияға қарсы қасиетін жоғарылату үшін қазіргі кезде
жаңаша өңдеу әдістері қолданылады: ыдыстың ішкі бетін тегістейді,
жылтыратады, лактайды.
Алюминий қортпасынан фольга дайындайды, оны кондитерлік өнеркәсіпте
кеңінен қолданылады, беті лакталған фольга ірімшікті орау үшін қолданылады.

Алюминий қортпасының ішіне кейбір зиянды металдардың қоспасы кіреді, олар
адам ағзасына теріс әсерін тигізуі мүмкін, сондықтан қолданатын металдардың
қоспасы қатаң нормаланады (мырыш, қорғасын, мышьяк, мыс, темір).
Темір қазан, ыдыс, таба, шелек, қондырғылар, эмальденген ыдыс, қаңылтыр
таба дайындауда кең таралған материал болып табылады. Темірде төзімділік
қасиет төмен, оңай тотығып, әр түрлі қоспалар пайда болады, олар сұйық
тамақта ериді де, тамақтың түсінің және дәмінің (темірдің дәмі) өзгеруіне
әкеліп соғады. Сондықтан темірден жасалған ыдыстардың бетін қорғағыш
қабатпен қаптау керек. Қорғайтын жабынсыз қолданылатын ыдыстарға тек жайпақ
қаңылтыр табалар мен табалар ғана жатады. Бұл ыдыстарда тамақ маймен
дайындалатындықтан, май сковородканың бетіне жайылып, оттегінің темірмен
әсерінен болатын тотығу процесіне кедергі жасайды. Темір ыдыстардың беті
эмальмен, қалайымен, мырышпен жабылады.
Эмальденген ыдыстар. Бұл темірден жасалған ыдыс, бірақ іші – сырты
эмальмен қапталған. Эмаль дегеніміз – шыны тәріздес ертінді, құрамына сода,
құм, қалайы тотығы, дала шпаты кіреді.
Эмаль ақ түсті немесе боялған (марганец тотығын, хромды және т.б. қосып)
болуы мүмкін. Эмальді дайындауда, әсіресе заттардың ішкі жағын қаптайтын
эмальге өте қатаң талап қойылады, егер олардың рецептуралары, қолданылатын
компоненттері сапасы жағынан бұзылатын болса, қолданылатын қоспалар адамдар
арасында тағамдық улану тудыруы мүмкін (қорғасын, сурьма және т.б.).
Эмальденген ыдыстар қоғамдық тамақтану орындарында, сауда
кәсіпорындарында қолданылмайды, өйткені соққыға тисе эмалі ұшып, темірі
көрініп немесе шытынап қалады. Эмалі ұшқан ыдыста тамақ дайындауға және
сақтауға тыйым салынады.

Негізгі бөлім.
Керамикалық ыдыстар.
Керамикалық ыдысқа фаянс, фарфор, майолик, жылтыратылған қыштан жасалған
ыдыстар жатады.
Қыштан әйнекейленген ыдыстар – ондай ыдыстар дайындау үшін пеште
күйдірілген қыш қолданылады. Мұндай ыдыстың сыртқы және ішкі жақ беттерін
қаптау үшін кремний тотығы, калий, натрий және басқа да темірдің қорытпасы
қолданылады. Эмальден және қыштан ыдыс шығаратын өндірістерді жергілікті
санитарлық – эпидемиологиялық мекеме қадағалайды, әсіресе эмальдың және
әйнекейдің (жылтыратудың) сапасын қатаң қадағалау керек.
Фаянс және фарфор ыдыстар – қыштан жасалған ыдыстар бір-бірінен химиялық
құрамымен және дайындау технологиясының әр түрлілігімен ерекшеленеді. Ішкі
және сыртқы беті әйнекеймен қапталады. Фаянсты ыдыстардың әйнекейінің
құрамына (жылтырау үшін) қорғасын қосылады,бірақ олар қаттылығымен
ерекшеленбейді. Ондай ыдысты қолданған кезде, ыдыс оңай шытынап, оңай
сынады. Сынған немесе шытынаған ыдысты әрі қарай қолдануға болмайды.
Құрамында қорғасынның ерігіш тұздары бар әйнекейлеген ыдыс дайындауға
қолдануға тыйым салынады.
Фарфор ыдыстардың әйнекейленуі соққыға төзімді, қаттылығымен және
қышқылдардың әсеріне төзімділігімен ерекшеленеді. Фарфор және фаянстан
асхана және шай ыдыстарын дайындайды.
Ағаш ыдыстар.
Ағаш бөлшектейтін тақтайшалар, майда құрал-жабдықтар: араластырғыш,
оқтау, бөшке, ет бөлшектейтін дөңкелер дайындауда кеңнен қолданады. Ағаш
тағамның сапасына теріс әсерін тигізбейді, олардың органолептикалық,
физикалық-химиялық қасиетіне әсер етпейді, таттанбайды, тағамның құрамына
ағаштан зиянды заттар өтпейді, бірақ ағаш кеуекті болады, яғни сұйықты
бойына сіңіріп алады, сондықтан бактериалды әсері болуы мүмкін.
Ағаштан жасалған бұйым сұйықты бойына сіңіріп алмас үшін ішкі жағынан
лакпен лактау керек немесе (тағаммен қатынасқа түсуге рұқсат етілген)
смоланы жағу керек. Осы мақсатты жүзеге асыруда бұйым ішкі жағынан
синтетикалық материалмен қапталу керек. Ағаш ыдыстар тұздалған, ашытылған
көкністерді, томатпаста, май, повидло, қаймақ, ірімшік сақтау үшін
қолданылады.
Полимерлі материалдан жасалған ыдыстар және оны қолдану ережелері мен
зияны.
Тағам өндірісінде, қоғамдық тамақтану орындарында, сауда-қойма
жүйелерінде полимерлі материалдардан жасалған бұйымдар кеңінен қолданылып
жүр.
Полимерлі материалдар машина детальдарны, мұздатқыштың детальдарын,
құбырлар, ыдыстар, буып-орайтын материалдар дайындауда кеңінен қолданылады.

Полимерлі материалдар (шикізат және бұйым) әр түрлі химия өндірістерінде
түрлі технологиямен дайындалады, сондықтан физикалық – химиялық қасиеті әр
түрлі болуы мүмкін. Осыған байланысты санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау
мекемелері полимерлі материалдардан бұйымдар шығаратын, әсіресе тағам
өнеркәсіптерінде қолданылатындарына қатаң қадағалау жүргізеді.

Полимерлі материалдың жақсы қасиеттеріне мыналар жатады: төзімді,
жеңіл,тамақ тағамдардың жақсы сақталуын қамтамасыз етеді.
Полимерлі материалдың жетіспеушілігіне уақыт өткеннен кейін теріс
қасиеттің пайда болуы жатады. Ультракүлгін сәулелердің әсерінен, ауадағы
оттектің әсерінен және басқа да факторлардың әсерінен полимерлерде күрделі
химиялық өзгерістер жүреді, соның салдарынан полимерлердің қасиеті
нашарлайды: төзімділігі, майысқақтығы нашарлайды, олар морт сынғыш болад,
беткі қабаты түсін жоғалтады, оның қабырғаларына майлар мен бояғыш заттар
адсорбцияланады, залалсыздандырылғаннан кейін, хлордың иісі біразға дейін
сақталады, одан басқа полимерлі массада аз молекулалы уытты заттар пайда
болады және олар сұйық тағаммен қатынасқа түскен кезде еріп, адам ағзасына
теріс әсерін тигізеді.
Полимердің ағзаға теріс әсері де бар екенін ескере отырып бұйымдарды
қатаң түрде ыдыстың түбінде жазылған суық су үшін, тағамдар үшін деген
жазуға сай қолдану керек. Ең кең қолданылатын полимерлер тобы:
полиолефиндер, поливинилхлорид, фторопластар, полиэтилентерефталат
(лавсан), поликарбонаттар, эпоксидті қосылыстар, негізгі целлюлозадан
тұратын материалдар, резиналар, аралас қосылыстар.
Полиофиндер.Бұл топқа полипропилен мен төменгі және жоғарғы қысымдағы
полиэтилен жатады. Полиэтиленнің агрессивті химиялық ортаға төзімділігі
жоғары, ылғал өткізбейді, суыққа төзімді: -15 С температурадан 110 С
температураға дейін төзімді. Ультракүлгін сәуленің және ауаның құрамындағы
оттегінің әсерінен өзгеріске ұшырайды.Полиэтилен жұқа қабық түрінде әр
түрлі тағамдарды орауға қолданылады (нан, сүт, балық,кондитерлік
тағамдар,сусымалы тағамдарды және т.б.). Полиэтиленнен жасалған қаптарды
балықты, көкөністерді бөшкеге тұздаған кезде, бөшкенің ішіне салады.
Полиэтиленнен жасалған қаптарды сульфидтелген картоптарды тасымалдау үшін
қолданылады. Көлемі 0,5 литр және 1 литр қапшықтарға сүт және сүт
тағамдарын құяды.
Полипропилен консервілеуде қолданылатын қақпақтар дайындауда, қоғамдық
тамақтану орындарында қолданылатын падностар дайындауда және ыдыс жуатын
машинаның детальдерін дайындауда қолданылады.
Фторопластар. Температураның, суықтың және майдың әсеріне төзімділігімен
ерекшеленеді. Балықты қуырған кезде табаның бетіне жабу үшін қолданылады.
Полистиролдар. Қаттылығымен, ылғалға төзімділігімен және майлардың
әсеріне төзімділігімен ерекшеленеді. Жетіспеушілігі:соққыға және 80 С
температурадан жоғары температураға төзімді емес. Полистиролдар ірімшік,
сүт, ет тағамдарын орауға қолданылады. Ыдыс, паднос, үккіш және т.б.
мұздатқышқа майда бөлшектер дайындауда қолданылады.
Полиакрилаттар. Агрессивті ортаға төзімді. Полиакрилаттың бір түрі –
органикалық шыны. Ол кондитерлік пен нан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АРНАЙЫ ЫДЫСТАРДАҒЫАУЫЗ СУЫНЫҢ ҚАУІПСІЗІДІГІ ЕДЕНДІК ОДАҚТЫҢ ТЕХНИКАЛЫҚ РЕГЛАМЕНТІНІҢ аТЫРАУ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ҚОЛДАНЫСЫ ЖӘНЕ ЖҰМЫСТАҒЫ НӘТИЖЕЛЕРІ
«Қоғамдық тамақтану орындарына қойылатын санитарлық-гигиеналық және эпидемиологиялық талаптар»
Тағам гигиенасы саласында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды реттеуші нормативтік құжаттардын жинағы
Балық уылдырықтарын тұздау мен сақтаудағы гигиеналық нормалар
Қоғамдық тамақтану ісі
Нан-тоқаш өнімдерін өндіруге арналған технологиялық және қосымша құрал-жабдықтардың санитариясы
Өнеркәсіп аймақтарын көгалдандырудағы көшеттердің рөлі
Денелердің физикалық қасиеттері
Балық және балық өнiмдерiнiң қауiпсiздiгiне қойылатын талаптар
Квас өндірісіндегі санитарлық режимдер
Пәндер