Ампулалардағы, флакондардағы, шприц-тюбиктердегі шаншуға арналған ерітінділерді стерильдеу тәсілдері. Стерильдеу тәртібін бақылау. Герметикалығын тексеру
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКА АКДЕМИЯСЫ
Дәрілер технологиясы кафедрасы
Тақырыбы: Ампулалардағы, флакондардағы, шприц-тюбиктердегі шаншуға
арналған ерітінділерді стерильдеу тәсілдері.Стерильдеу тәртібін
бақылау.Герметикалығын тексеру.
Орындаған: Карбекова А.
Тобы: 502 Б-ФК
Қабылдаған: Сейітова Ж.Д.
Жоспар:
I. Кіріспе
Стерильділік.
II. Негізгі бөлім
1. Стерильдеу тәсілдері.
2. Стерильдеу кезінде қолданылатын қондырғылар.
3. Герметикалығын тексеру.
III. Қорытынды
Стерильдеу(лат.sterilis) – бұл стерильденетін заттардың қасиеттері
обьекттегі тіршілікке икемді барлық микроорганизмдер мен олардың спораларын
толық жою немесе олардан тазарту болып табылады.
Стерилизация дегеніміз – бұл аспаптарда, таңу материалдарында
микроағзалар мен олардың спораларын толық жою болып табылады. Науқасты күту
және емдеу кезінде қолданылатын кез-келген заттар толық стерилизацияланбаса
басқа адамдарға ауру жұқтыра алады. Жеткіліксіз стерилизацияланған
аспаптарды қолдану сарысу, гепатит, ЖИТС, стафилококк және басқа
инфекцияларды дамыта алады.
Біздің елімізде Медицинаға белгіленген өнімдерін дезинфекциялау және
стерилизациялау тараулық стандарты енгізілді. Осы стандартпен
дезинфекциялау мен стерилизациялаудың әдістері, дәрілері мен тәртіптері
белгіленді. Қазіргі емдеу мекемелерінде орталықтандырылған залалсыздандыру
бөлімшелері ( ОЗБ ) ұйымдастырылды. Олардың негізгі мақсаты медициналық
құралдарды залалсыздандырып, алдын –ала тазарту. ОЗБ-ның құрылымы 2
блоктан тұрады. Біріншісі залалсызданған, екіншісі залалсызданбаған блок.
Залалсызданбаған блокта залалсыздандыру алдындағы тазартуды,
залалсыздандыруға арналған материалдарды қораптау және бу
стерилизаторларын, құрғақ ауа-шкафтарын дайындау жүргізіледі. Ал
залалсызданған блокқа стерильденген материалды түсіреді. ОЗБ-да ашық түрде
медициналық өнімдерді залалсыздандыруға болмайды. Ашық түрде құрғақ ауа
шкафында залалсыздандыруға болады.
Мысалы вирусты гепатитпен ауырған науқастарға процедуралық кабинетте
барлық шприцтер мен инелерден бөлек алдын-ала залалсыздандырылған шприцтер
мен инелер беріледі. Процедуралық кабинетте бөлімшедегі вирусты гепатитпен
ауырған науқастардың тізімі болуы керек.
Майлы шприцтер мен инелерге крафт-пакеттер немесе екі қабатты бөз
орағыштар арналады. Майлы ерітінділерді енгізуге арналған шприцтерді басқа
шприцтермен араластырмайды.ОЗБ-ға залалсыздандыруға тапсырғанда
процедуралық мейірбике майлы шприцтері бар орағыштарды белгілейді, себебі
олар бөлек салынады.
Медициналық құралдарды стерильдеу алдында тазарту жұмыстары
жүргізіледі.Яғни тазарту арқылы стерильдейтін заттарды ақуыздан, май
қалдықтарынан, тағы басқа ластардан қолмен немесе механикалық әдістермен
тазартады.Қолмен тазарту келесі ретпен жасалады:
1. Қанмен ластанған аспаптарды 0.14% натрий олеатының ерітіндісіне 22С
температурада 60 минутқа салу керек.
2. Су ағымымен 0,5 минут жақсылап шайады.
3. Биолот жуғыш затына 15 минутқа батырады.
4. 0,5 минут сумен жуады.
5. Ағымды және дистильденген сумен 3 минут шайады.
6. Ыстық ауалы стерилизаторда 80-85С-та кептіреді.
Тазартып болғаннан кейін стерильдеу алдында тазарту сапасын бақылау
жүргізіледі. Медициналық аспаптарды, шприцтерді,инелерді және басқа
заттарды стерильдеудің алдындағы тазарту сапасын бақылау сынамалар қою
арқылы жасалады. Қан қалдықтарын анықтау үшін амидопириндік және
азопириндік сынама қойылады. Жуғыш заттардың қалдықтарын фенолфталеиндік
сынамамен анықтайды.
Амидопириндік сынама — 5% амидопиринннің спирттік ерітіндісін 30% сірке
қышқылының 3% сутектің асқын тотығымен бірдей мөлшерде
араластырады.Реактивті шприцтің поршенімен цилиндріне тиген қанның
көмегімен тамызады, осылайша инеге алады.Егер залалсыздандыру алдында
өңдеудің барлық кезеңдерінен кейін қан ғана қалса, тез арада реактив көкшіл-
жасыл түске боялады. 2 минуттан кейін пайда болған боялу есептелмейді.
Азопириндік сынама – азопирам реактиві мен 3%-тік сутегі тотығының біркелкі
мөлшерін араластыра отырып дайындалады. Одан кейін тексеру үшін қанды даққа
2-3 тамшы тамызамыз.Егер 1 минуттан аспай күлгін түс пайда болса, кейін
қызғылт түске ауысса ректив қолдануға жарайды.Егер 1 минуттың ішінде боялу
байқалмаса реактивті пайдалануға болмайды.
Фенолфталейндік сынаманы жүргізу әдістемесі.
Бұл тексерістің көмегімен шприцтердің жуып-шайылғанын анықтауға болады.
Жуылған шприцтердің бөлшектерін 1% спиртті фенолфталейн ерітіндісінде
суланған мақтамен сүртеді.Жуу ерітіндісінің қалдығында 30 секунд ішінде
көкшіл-күлгін түс пайда болады.
Стерильдеудің физикалық және химиялық тәсілдері болады.
Физикалық тәсілдерге қыздырып стерильдеу, жоғары жиілікті токтармен
стерильдеу,ультракүлгін және радиациялық сәулелермен стерильдеу,
ультрадыбысты стерильдеу және стерильді фильтрлеу жатады.
Медицинада ең кең қолданылатын тәсіл – бумен немесе құрғақ ыстықпен
қыздырып стерильдеу. Қыздырып стрильдеу микробтық клеткаларды
пирогенетикалық ыдырату , ақуыздардың қайтымсыз каогуляциясы немесе
микроорганизмдердің ферменттік системаларын бұзуға негізделген.
Ауамен стерильдеу.
Бұл тәсілмен стерильдеу құрғақ ыстық ауамен ауа стерилизаторында
(кептіргіштерде) 180-200 С температурада жүзеге асырылады. Стерильдеудің
нәтижелілігі температура мен мерзімге байланысты. Ауамен стерильдеу
термиялық төзімді ұнтақ дәрілерді, минеральды және өсімдік майларын ,
ланолин, вазелин, балауыз, металдан, шыныдан, фарфордан жасалған бұйымдар
үшін қолданылады.
Дәрілік заттардың ерітінділерін кептіргіш шкафтарда стерильдеуге болмайды,
себебі, температурасы 100-120 С ауа нашар жылу өткізгіштігіне байланысты
ерітінділердің стерильдеу температурасына дейін тез қызуын қамтамасыз
етпейді.Мысалы, көлемі 200 мл натрий хлориді ерітіндісін температурасы 120
С кептіргіш шкафқа салғанда , бір сағаттан кейін осы ерітінді 60 С-қа дейін
ғана қызады. Температурасы жоғары ыстық ауа дәрілік заттардың ыдырауын және
құтылардың (флакондардың) ішіндегі және сыртындағы қысым айырмашылығы
нәтижесінде құтылардың жарылып кетуін тудыруы мүмкін.
Бумен стерильдеу.
Бұл тәсіл жоғары температура мен ылғалды үйлестіріп қолдануға негізделген.
Осы жағдайда белоктардың коагуляциясы 56 С температурада басталады.
Фармацевтік өндірісте сенімді, тез және экономикалық тиімді 120 С
температурада қаныққан су буымен қысым көмегімен стерильдеу тәсілі
қолданылады. Бұл жағдайда тек вегетативті емес, споралық микроорганизмдер
де өледі. Стерильдеу мерзімі препараттың физико-химиялық қасиеттеріне және
ерітіндінің көлеміне байланысты 30 миунттан аспайды.
Қысым әсері бойынша бумен стерильдеу бумен жұмыс істейтін стерилизатор-
автоклавтарда жүргізіледі. Бұл үшін АП-7, АП-18 типті стерилизатор кеңінен
қолданылады. Стерилизатордың екі есігі бар , біреуінен стерильденетін
өнімді салады да, , екіншісінен өнімді шығарып алады. Стерилизатордың
корпусы қатаң бумен қыздырылады. Стерильдеуші камераға ауаны ығыстыру үшін
өткір бу жіберіледі. Стерильдеу уақыты манометр бойынша тиісті қысым
көрсетілген мерзімнен бастап саналады. Стерилизаторлар автоматты бақылау
қондырғысымен жабдықталған, олардың көмегімен бақылау таспасында қысым мен
уақыт үздіксіз жазылып отырады. Сонымен бірге, камераның 4 бұрышына
(жеріне) стерильдеу алдында максимальды термометрлер қойылады және олардың
көрсеткіштері жазылып алынады. МФ ХІ басылымы стерильдеу режимін бақылау
үшін балқу температуралары белгілі заттар қолдануды ұсынады, мысалы,
бензой қышқылы 122-124 С, сахароза – 180 С.
Тұрақсыз(аққыш) бумен стерильдеу.
Бұл тәсіл бойынша стерильдеу 100 С температурада қаныққан су буымен
жүргізіледі. Тұрақсыз бу тек вегетативті микроорганизмдерді жою үшін ғана
қолданылады, споралық микроорганизмдер үшін бұл тәсіл жарамсыз болады. Бұл
тәсіл қазіргі кезде қолданылмайды.
Тиндализация(бөлшектеп стерильдеу).
Тұрақтылығы төмен заттардың ерітінділерін суда 60-65 С температурада 1
сағат бойына 5 рет немесе 70-80 С температурада 3 рет әр 24 сағат сайын
қайталай отырып, қыздырады.Қыздыру аралығы 25-37С температураны қалыпты
ұстап отырады, бұл споралардың өсіп шығуына қолайлы жағдай болады.
Ерітіндідегі споралардың өсіп шығуы және келесі рет қыздырғанда жойылуына 3-
5 рет қыздыру жеткілікті.Бірақ бұл тәсіл өте ұзақ.
Ультракүлгін сәулемен стерильдеу.
УФ- сәуле вегетативті және споралық микроорганизмдерді жоятын күшті
стерильдеуші фактор. Ультракүлгін радиация көзге көрінбейтін , қысқа
толқынды толқынның ұзындығы 300нм-ден кем күн сәулесінің бөлшегі. УФ-
радиация микробты клеткалардың ферментті системалардың фотохимиялық
ыдырауын тудырады, клетканың протоплазмасына улы органикалық асқын тотықтар
түзе әсер етеді деп жорамалданады. Толқын ұзындығы 254-257 нм сәулелердің
стерильдеу қабілеті өте жоғары болады. Мұнда сәлеленудің дозасы мен
уақытының үлкен маңызы бар. Вегетативті клеткалар УФ-сәулеге , спораларға
қарағанда , өте сезімтал келеді.Споралық микроорганизмдерді жою үшін ,
вегетативті микроорганизмдерді жоюға қажетті дозадан 10 есе артық сәуле
дозасы керек.
Фармацевтік өндірісте УФ- сәулесі ретінде арнайы БУВ лампалары
қолданылады.Олар ауаны , дистилденген суды құбыр арқылы жібергенде, косымша
материалдарды стерильдеу үшін қолданылады.
Радиациялық стерильдеу.
Радиациялық сәулемен стерильдеу өте жоғары тиімді тәсіл, ол соңғы кезде
медициналық өнімдерді стерильдеу үшін кеңінен қолданылып жүр.Дәрілік
заттарды – тұзды инфузиялық ертінділерді , көз пленкаларын және т.б.
–радиациялық стерильдеу мүмкіндігі зерттеліп отыр.
Радиациялық стерильдеу үшін СО60 СО137 изотоптарының гамма сәулелері және
линиялық жылдамдатқыштардың жылдам электрондары қолданылады.Зерттеулер
нәтижесінде стерильдеу үшін 2.5 микрорадий дозасы жеткілікті екені
анықталып отыр.
Қазіргі кезде радиациялық тәсілмен бір рет қолданылатын заттар –
гигроскоптық мақта, байлау материалдары , пластмассалық бұйымдар ,
биологиялық және бактериалдық преапарттар, антибиотиктер стерильденіп жүр.
Фильтрлеп ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz