Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАРЫ
КІРІСПЕ 3
1. Азаматтық қоғам және құқықгық мемлекет туралы теориялар 4
2. Азаматтық қоғамның түсінігі және мазмұны 7
3. Құқықтық мемлекеттің түсінігі мен мазмұны 11
ҚОРЫТЫНДЫ 18
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 19

1. Азаматтық қоғам және құқықгық мемлекет туралы теориялар

Азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет туралы толып жат-қан ой-
пікірлер, әр түрлі теориялар бар. Бұл ой- пікірлердің, тео-риялардың көп
болатын себептері тек қана мемлекеттің, қоғам-ның мазмүнының өте күрделі
болуынан немесе олардың ныса-нының сан қырлы өзгеруінен емес, сонымен бірге
азаматтық қоғам мен мемлекеттің саяси билікті жүргізуі және олардың іс
әрекеті барлық таптардың, топтардың мүдде-мақсатына қатысты болуы. Тағы да
бүл мәселе қоғамдағы өр түрлі идеологиямен, саяси парти-ялармен байланысты
болуы.
Бүл жерде ескерте кететін бір мәселе - Кеңес дәуірінде елімізде
марксистік мемлекеттік теория түрғысынан зерттеп, түсініп келдік. Ол кезде
қоғам мен мемлекетті таптық түрғыдан зерттеуге тыры-стық, басқа теорияны,
басқа бағытты сырып тастап отырдық. Қазір ол теорияларға көзқарас түзелді,
дүрысталды. Тарих теориялар-дың бәрінде аздап болса да шындық және тарихи
нақгы дәлелдер болады. Сондықтан ол теорияларды білу, дүрыс жағын алу, пай-
далану өте қажет. Сол деректерді ескере отырып жүргізілген зерттеудің
ғылымға, қоғамға пайдасы мол.
Тағы бір ескертетін мәселе - "азаматтық қоғам" деген алғашқы қауымдық
қоғамда да, қүл иелену формациясында да, феодалдық формация да болған жоқ.
Себебі ол қоғамдарда "азаматтық" деген үғым болған емес. Бүл үғым тек
буржуазиялық қоғамда өмірге келді. Сондықтан біз теорияны тек қүқықтық
мемлекет туралы қарастырамыз.
Қүқықтық мемлекет - тек парасаттылықтың, әділеттіліктің шынайы белгісі
ғана емес, сонымен бірге адамның бостандығын, қадір-қасиетін, ар-намысын,
тендігін қорғайтын, демократияны қалыптастыратын күш. Міне, қоғамның
алдында түрған осы мүдде-мақсатты орындау мемлекеттің міндеті, ал осы
бағытта қалыпта-сқан қүқықтық нормаларды орындау, сол арқылы зандылықты,
қүқықтық тәртіпті қатаң сақтауға үлес қосу адамдардың міндеті. Қүқықгық
мемлекет екі жақты жауапты объективтік процесс.
Қүқықтық мемлекетті қалыптастыру, дамыту адам қоғамыньщ көне заманнан
негізгі мақсаты болды. Көне дәуірдің ойшылдары: Сократ, Демокрит, Платон,
Аристотель, Цицерон қүқық пен мемлекеттің өзара қатынасын инабаттылық,
парасаттылық, әділеттілік жолмен дамуын армандады. Аристотель: "Заң
үстемдігі болмаса демократия жоқ", - деді. Феодалдық дәуірде Н. Макиа-
велли, Ж. Боден т.б. саяси қайраткерлер құқықтық мемлекет ор-нату
төңірегінде көп қиялданып, біраз пікірлер айтып кетті.
Қүқықтық мемлекет орнату концепциясына пікір айтып өте зор үлес қосқан
атақты ғалымдар: Г. Гроцкий, Б. Спиноза, Д. Локк, Ш. Монтескье, Д.Дидро, П.
Гольбах, Т. Джефферсон, Воль-тер, Гельвеций, Кант, т.б.
Гроцкий - қоғам тарихында қалыптасқан құқықты екіге бөлді: табиғи
қрдық - адамды қоршаған ортаның әсерінен және жеке адамның өзінің ақыл,
парасаттылығынан қалыптасатын қүқықтар; екіншісі - мемлекеттің қабылдаған
нормативтік актілер арқылы ешкімге зиян келтірмей орындауға тиіс. Мемлекет
қоғамдық жал-пы халықтық шарт арқылы өмірге келді деп түсіндірді.
Монтескье - мемлекет адамдардың саяси және азаматтық бо-стандығын,
тендігін қатаң орындауы керек. Сонда ғана құқықтық мемлекет болады.
Локк - Маркс күқықтың мазмүнын өте дүрыс, ашық түсіндірді. Мемлекет
адамдардың қүқықтарын қорғау үшін қалыптасты. Қүқықтық мемлекеттің негізгі
мазмүны халықтың табиғи бостан-дығын, теңдігін қорғау.
Кант - құқықтық мемлекеттің философиялық негізін ғылыми түрғыдан
зерттеді. Мемлекеттік жүмыстың өзекті мәселесі жеке адамның қадір-қасиетін,
ар-намысын, бостандығын, теңдігін қорғау, адамның қоғамдағы үстемдігін
калыптастыру деп түсіндірді.
Гегель - қоғамдық ғылымдардың негізгі бағыттарының бірі қүқықтық
философия. Мемлекет дегеніміз жан-жақты дамыған қүқық деп түсіндірді.
Азаматтық қоғам қүқық арқылы адамдар-дың мүдде-мақсатын қорғайды. Мемлекет
қүқық пен моральдың бірлестігін дамытып, халықтың әлеуметтік жағдайын жан-
жақты жақсартуы.
Маркс - құқық пен мемлекетті қоғамның таптық қүрылысына сәйкес
қараған. Таптар жойылса, қүқық пен мемлекет те жойы-лады. Бүл процесс
қоғамда қүқықтық мемлекет қалыптасып, бос-тандық орнаумен аяқталуға тиіс.
Бостандық Маркстің үғымында, -қоғамдағы мемлекеттің үстемдігін жойып, оны
қоғамға бағындырып, халықтың мүдде - мақсатын орындайтын органға айналдыру.
Сонда ғана қүқықтық мемлекет қалыптасады10.
Қазіргі заманда құқықтық мемлекет туралы пікір жан-жақты дамып,
дүниежүзінің ғалымдары бір тұжырымға келіп, ортақ ғылы-ми көзқарас
қалыптасты деуге толық болады.
Сонымен, құқықгық мемлекет туралы теорияны қорыта келіп, оның негізгі
мазмүны — халықтың, адамдардың егемендігі, олар-дың табиғи бостандығы мен
құқықтары. Ол мемлекетті қалыпта-стырудың негізгі күші - адам, қалың
бұқара. Сондықтан мемле-кет пен қүқық демократияны дамытып, халықты
қоғамның бар-лық саласын басқаруға қатыстыру қажет.

2. Азаматтық қоғамның түсінігі және мазмұны

Азаматтық қоғам ғылыми тұрғыдан өте аз зерттелген, ол тура-лы қомакхы
бірде ғылыми еңбек жоқ. Оның себебі ғалымдар аза-маттық қоғам мен
мемлекеттің мазмұны ұқсас деп түсініп келді. Расында үқсастық бар, бірақ
айырмашылық басым. Адам қоғамы-ның қалыптасқанына 1,5 млн. жыл өтті, ал
мемлекеттің өмірге келгеніне 6 мың жыл ғана болды. Мемлекет қоғамның сан
қырлы көрінісінің бір ғана нысаны. Азаматтық қоғам туралы ой-пікірлер көне
дәуірде де болды. Бірақ толық мағынада бүл үғым өмірге тек XVIII ғасырда
келді. Басында азаматтық қоғам деп меншік, отба-сы, рынок, мораль
салаларындағы қатынастарды түсініп келді. Мемлекет бүл қатынастарға толық
бостандық берді. Гегельдің ойынша азаматтық қоғам жеке меншіктің, діннің,
отбасының, моральдық т.б. талаптарын іске асырудың жүйесі (Работы разных
лет. Т. 2. М., 1973. С. 50). "Азаматтық қоғамда ер адам өз мүддесін
көздейді, басқаларды көрмейді... Басқаларсыз ол өз мүддесін іске асыра
алмайды", — деген Гегель (Философия права. М., 1990. С. 228). К. Маркстің
пікірі - бір саяси жүйені алып мазмүнына кара-саң, ол азаматтық қоғамның
сан қырлы көрінісінің бір нысаны болып шығады. (Маркс К., Энгельс Ф. Соч.
Т.З. С. 64)
Біз өткен ғасырдағы ірі ғалымдардың пікірін әдейі келтіріп отырған
себебіміз азаматтық қоғам мәселесі сол кездегі өмірдің объективтік даму
процесінің алдына қойған талабы дегіміз келеді. Сол себепті Гегель мен
Маркс тағы басқа ғалымдар азаматтық қоғамды біраз зерттеп, қүнды теориялық
ғылыми мүра қалдырып кетті. Енді осы қүнды ғылыми мүраға сүйене отырып,
қазіргі за-манның талабына сәйкес азаматтық қоғамды ғылыми түрғыдан
зерттеуді жалғастыру керек. Біздің пікіріміз-азаматтық қоғам маз-мүнының
сан қырлы көрінісі төмендегідей болуға тиіс:
- экономикалық бостандық, әр түрлі меншік, нарықты қаты-нас;
- адамдардың табиғи бостандығы мен қүқықтарын қалыптас-тырып, қорғау;
- заңды, демократиялық билік, ақпаратқа бостандық беру;
- заңның, соттың алдында адамдардың тендігі болу;
- таптық, үлттық бірлік, достық, келісім болу;
- адамдардың әлеуметтік жағдайын, денсаулығын, мәдени, ру-хани
білімін, санасын көтеру, жақсарту.
Азаматтық қоғамның қүрылымы - Қоғамды өзінің табиғи мүдде-мақсаттарына
сәйкес қүрушы, реттеп, басқарушы — адам. Адам қоғам қүрылымының негізгі
элементі — діңгегі. Адамдардың бірлестіктері, үйымдары, одақтары, еңбек
үжымдары, саяси парти-ялары, мемлекет, олардың арақатынастары — азаматтық
қоғам-ның элементтері.
Қазіргі Қазақстанның азаматтық қоғамын бес жүйеге бөлуге болады:
әлеуметтік, саяси, экономикалық, рухани-мәдени және ақпараттық жүйелер:
Әлеуметтік жүйе — объективтік түрғыдан қалыптасқан адам-дардың
бірлестіктері, үйымдары, одақтары т.б., олардың өзара байланысы. Бүл жүйе
азаматтық қоғамның ең негізгі үйымдасты-рушы жүйесі, өзі үш топқа бөлінеді:
бірінші тобы - қоғамның үзіліссіз өмір сүру негізін жасаушы, дамытушы топ:
отбасы, бала тәрбиелеу, табиғи өмірді далғастыру; екінші тобы — адамдардың
өзара, бір-бірімен байланысы, қатынасы; үшінші тобы-қоғамдық үйымдардың,
таптардың, топтардың, үлттардың арақатынастары.
Экономикалық жүйе - қоғамдағы меншіктің түрлері, өндіруші күш пен
өндірістік қатынастар, материалдық кірісті әділ бөлуді қалыптастыру. Бүл
жүйенің қүрылым элементтері: жеке, муници-налдық, акционерлік,
кооперативтік, мемлекеттік, фермерлік меншіктер мен шаруашылықтар және
қоғамдық кірісті, байлық-ты әділ бөлу.
Саяси жүйе — мемлекет, саяси партиялар, қоғамдық үйымдар, бірлестіктер
және жеке адамдар, депутаттар, т.б., олардың ара қатынастары. Оның ішінде
ең күрделісі мемлекеттік билікті іске:
асырудағы қатынастар. Қатынастардың даму процесінде субъектілерге
бостандық берілуге тиіс. Күштеу тек зандылықты, тәртіпті бүзса ғана
қолданылу қажет.
Рухани — мәдени жүнесі - осы бағыттағы мемлекеттік, қоғам-дық,
органдар мен ұйымдар, олардың арақатынастары. Бұл жүйенің негізгі
бағыттары: білім, ғылым, мәдениет, рухани сана-сезім, діы, адамдардың
денсаулығы.
Ақпараттық жүйе - осы ақпараттық бағыттағы барлық ұйым-дар,
бірлестіктер, мемлекеттік органдар, саяси партиялар, олар-дың жүмыстары мен
арақатынастары. Бұл бағытта іс әрекеттерге толық бостандық берілуі қажет.
Осы көрсетілген азаматтық қоғам жүйелерінің жақсы, сапалы дамуына зор
маңызды үлес қосатын мемлекет пен қүқық, қоғам-дық үйымдар мен партиялар
және қоғамдағы демократияның жоғары дәрежеде болуы.
Азаматтық қоғамның белгі — нысандары:
- адамдардың экономикалық, әлеуметтік, саяси бостандығы мен
қүқықтарының қамтамасыз етілуі;
- қоғамда бостандықтың, жариялылықтың болуы, акдараттың жүмысына
азаматтардың қатысуы, ішкі-сыртқы байланыстарға қатысуға, жүріп-түруға
толық қүқықтарының болуы;
- азаматтардың қоғамдық үйымдар, бірлестіктер қүрып, өз мүдде-
мақсаттарын орындауға, іске асыруға және шет елдердің сондай үйымдарымен
байланыс жасауға қүқықтарының болуы;
- жергілікті өзін-өзі басқаруға толық бостандық болуы, оның жүмысына
мемлекеттің араласпауы, қажет болса тиісті көмегін көрсетуі; жергілікті
өзін-өзі басқаратын мекеме жергілікті мемлекеттік органмен тығыз байланыста
жүмыс жасауы;
-азаматтық қоғам - толық бостандық, демократия қалыптас-қан қоғам
болуы қажет, ол болашақ қүқықтық мемлекеттің талап-тарын іске асырып, сол
мемлекеттің объективтік түрғыдан негізі болуға тиісті.
Сонымен, азаматтық қоғам және құқықгық мемлекет екеуі қатар дамып,
өрескел қайшылықтарды бірлесіп реттеп, қоғамның бейбітшілік, прогрестік
жолмен дамуына толық мүмкіншілік жа-саулары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет және құқық теориясының пәні мен әдістері, атқаратын қызметтері
Мемлекет пен құқық теория негізі
Мемлекеттің құрылым нысаны
Мемлекет және құқықтың жалпы теориясының пәнінен дәрістер
Құқық нормаларын талқылау түрлері
Мемлекет және құқық теориясы оқу құралы
Құқықтың түсінігі және мазмұны
ҚҰҚЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ ТҮСІНІГІ
Құқықтың түсінігі және құқық туралы ілімдер
Құқық туралы жалпы түсінік, құқық жүйесі
Пәндер