Оңтүстік кореяның Қазақстандағы мүдделері


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 44 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны 2

Кіріспе 3

1 Негізгі бөлім

1. 1 Әлемдік дискурстағы Кореяға жалпы сипаттама. 4

2 Қазақстандағы заманауи дискурстағы Кореяның рөлі.

2. 1 Қазақ елі мен Корей елінің коммуникациялық даму ерекшіліктері. 5

2. 2 Кореядағы ЕХРО-2012дегі Қазақстанның ұлттық күні 6

2. 3 Екі елдің арасындағы ұқсастықтың бірі. 7

2. 4 Корея мен Қазақстанның байланысу негіздері 8

2. 5 Оңтүстік Кореяның Қазақстан Республикасындағы мүдделері 9

3 Екі ел арасындағы дағдарысты жоюдың жаңа технологиялары 10

3. 1 Корея және ЕКСПО 2017 12

3. 2 Корея мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастық 13

4 Қазақстандағы төртінші жүз 13

4. 1 Қазақстан мен Корея арасындағы мәдениетаралық қарым қатынас 17

4. 1. 1Мәдени ынтымақтастықтың бастапқы кезеңі 18

4. 2 Халлю-корей мәдениет толқыны 21

4. 3 Мәдени ынтымақтастықтың жаңа кезеңдері 26

4. 3. 1 Корея Республикасындағы Қазақстан жылы 28 4. 3. 2 2011 ж. - Қазақстан Республикасындағы Корея жылы 32

4. 4 Астанадағы Корей мәдени орталығы 35

4. 4. 1Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени ынтымақтастықта мемлекеттік корей театры 37

5 Білім беру саласындағы ынтымақтастық 39

5. 1 Жоғарғы оқу орындары арасынндағы қарым-қатынастар 43

6 Корея Республикасының халқының мәдениетінің Казақстан 46 Республикасының азаматтарының өміріне енуі

7 Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ынтымақтастықтың негізгі 49 кезеңдері

7. 1 Корея Республикасының президенті мен Қазақстан республикасының 53 президентінің өзара мемлекеттің сапарлары

7. 2 Қазақстан мен Оңтүстік Кореядағы дипломатиялық миссиялардың 61 қызметі

Кіріспе

Қазақстан Республикасы мен Оңтүстік Корея республикасы арасындағы дипломатиялық қарым - қатынасқа 26 жылдың көлемінде болды. Осы (26 жылдың ішінде екі ел арасында барлық дерлік салада қарым - қатынас нығайып, байланыстар беки түсті деуге болады. Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы байланыстың негізі 1992 жылы қаланды. Ал 1993 жылы Алматы қаласында Корей елшілігі ашылып, араға екі жыл сала Сеулде қазақ елінің елшілігінің іргетасы қаланды.

Екі ел арасындағы достық қарым-қатынастың бастамасы болған елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 1995 жылдың 15 - 18 мамыр аралығындағы Кореяға сапары еді. Осы сапарда «Қазақстан Республикасы мен Корея Республикасының арасындағы Ынтымақтастық пен әріптестіктің негізгі ұстанымдары туралы декларация» қабылданды. Бұл екі ел басшыларының қол қоюы мен маңызды құжатқа айналды. Міне, 1990 жылдарының басынан басталған екі ел арасындағы көп салалалы достық қарым - қатынастың одан әрі нығая түсіп, жылдар сайын барынша артып жатқанына куәгерміз. Осы жылдар аралығында екі ел басшылығының өзара көптеген сапар алмасуы екі жақты байланыстың тереңдеуіне себепкер. Сөзге тиек ете отырып, екі ел арасында жыл сайын кем дегенде екі іс сапар болады. Бұл кездесулер ел басшыларының өзара байланысты тереңдетуге деген ниеттестіктернің жоғарғы деңгейде екендігін көрсетеді. 2009 жылы Корея Республикасының экс президенті Ли Мен Бактың елімізге сапарында көлік, энергетика, құрылыс, коммуникациялық технология және өзгеде салалардағы стратегиялық әріптестікті орнату жайлы мәлімдемеге қол қойғанын атап өту керек. Араға бір жыл салып елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Кореяға жасаған сапарында атом өндірісі, машина жасау және энергетика саласы бойынша 23 келісімге қол қойып келді. Міне, осылайша екі жақты сауда айналымы 50, 3 пайызға артты. Нақтылап айта кетер болсақ экспорт - 125, 3млн, импорт - 271млн доллар болды. Еліміздегі экспорттың басым бөлігін құрыш пен темір прокаттары, алтын мен мыс, күміс құрап отса, Корей елінен электроника және машина жасау өнімдері алынды.

1. 1 Әлемдік дискурстағы Кореяға жалпы сипаттама.

Бүгінгі таңда Оңтүстік Корея еліміздің негізгі серіктестерінің бірі. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың Оңтүстік Кореяны еліміздің №1 инвесторлар санатына қосып отқанын айта кету керек. Екі ел арасындағы сауда - инвестициялық байланыстар жоғарғы деңгейде қарқынды дамуда. Еліміздің ұлттық банкінің деректеріне сүйенетін болсақ осы 25 жыл ішінде Оңтүстік Кореяның елімізге салған инвестициясы 4, 5 млрд долларды құраған. Ал, еліміздің Оңтүстік Кореяға салған инвестициясының көлемі 65 млн АҚШ доллар шамасында.

Екі елдің энергетика саласында жедел түрде дамып келеді. Бұған 2002 жылы энергетика және минералды ресурстар саласындағы ынтымақатастық жөніндегі Қазақстан - Корея комитетінің құрылыуы себеп болды. Еліміз Оңтүстік Кореяны уранмен ірі көлемде қамтамасыз етуші елдердің санатында. Және де елімізде бірнеше үлгідегі кореялық автокөліктерді құрастыру ісі ерекеше оқиғалардың қатарында. Қостанай қаласында «Ssang Yong» маркалы көліктер құрастылып жатса, Алматыда «Hyundai» автобустары мен жүк көлікері шығарылуда. Елімізде шамамен 700 шақты Қазақ - Корей кәсіпорындары жұмыс істеуде. Олардың арасында «Самсунг», «ЭлДжи Электроникс», «ЭлДжи Интернэшил», «Эс - Кей Корперейшн», «Хёндэ» сияқты әлемге кеңінен танымал брендтер бар.

Қазіргі күні еліміз бен Оңтүстік Корея арасындағы қатынастар білім беру, мәдениет, ғылым, денсаулық сақтау салаларында да тиімді дамуда. Осы орайда 2003 жылы 11 баптан тұратын «Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі мен Оңтүстік Корея Республикасының Білім және Адам ресурстарын дамыту министрлігінң арасында білім саласындағы ынтымақтастық туралы бағдарламаға қол қоюлуы маңызды келісімдердің бірі болып табылады. Білім беру саласындағы екі ел арасындағы ынтымақтастықтың айқын көрінісі - 2006 жылы Кангнам университетінің қазақтану бөлімі ашылып, Әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Қорқыт ата мемлекеттік университетімен байланыс орнату болып табылады. Кореядағы әлем тілдер университетінде қазақ тілі факультетінің ашылуы айрықша оқиға болып табылады. Қазақстан мен Корея арасындағы сәтті серіктестік екі ел тұрғындары бір - бірінің тілін, тарихы мен мәдениетін білуге деген қызығушылығына байланысты өрлеу үстінде. Бұған дәлел жыл сайын Кореяға тілдік машықтанудан өту үшін кететін еліміздің студенттерінің санының өсуі және де корей халқының қазақ тіліне деген қызығушылығының артуы. Соңғы жылдары екі елдің ЖОО - ы арасында көптеген келісімге қол қойылды. Нақтырақ айтқанда ЖОО - аралық серіктестікті оқытушы құрамымен студенттерді алмастыру жағдайлары қарастырылған.

2. 1 Қазақ елі мен Корей елінің коммуникациялық даму ерекшіліктері

Негізінен екі мемлекет арасында екі жақты гуманитарлық байланыстардың алатын орны ерекше. Қазіргі кезде елімізбен Оңтүстік Корея мемлекеттерінің ғылыми орталықтары, емханалары мен медициналық жоо - ы арасындағы бірқатар меморандумға қол қойылғаны белгілі. Бұл құжаттар диагностика және ауруларды емдеуде жоғары технологияларды пайдалану, еліміздің азаматтарын Корея ауруханаларына диагностика өтуге, емдеуге жіберу, медицина мамандарының біліктілігін арттыру, ағза органдарына трансплантация жасау, әртүрлі ғылыми зерттеулер жүргізу үшін таптырмас мүмкіндіктер тудырады.

Сонымен қатар, екі ел арасындағы мәдени байланыстар да ерекше даму үстінде. Екі ел үшінде еліміздің үкіметі мен Оңтүстік Корея республикасының арасындағы мәдени ынтымақтастық жөніндегі 1995жылы қол қойылған келісімнің маңыздылығы үлкен рөл атқарады. Осы келісім негізінде әлеуметтік сипаттағы әртүрлі мәдени іс - шаралар атқарылып, екі елдің арасында тығыз мәдени байланыс орнатылды. 2008 жылы Алматы облысы мен Кенги аймағының бауырлас атануы, 2010 жылы астанамызда жоғарғы технологиялық Корей мәдениет орталығының ашылуы корей халқының елімізді танып білуіне үлкен себепкер болса, соңғы жылдары телеарналарымызда көрсетіле басталған тарихқа, үлгі өнегеге бай корей фильмдері екі ел жұртын жақындастыруға өз көмегін тигізуде. 2010 жылы Кореяда Қазақстан жылы болып аталынып өтсе, келесі жылы яғни 2011 жыл елімізде Корея жылы болып аталынды. Осыған орай астанамызда Оңтүстік Корея апталығы болып, әртүрлі салатанатты іс - шаралар өткізілген болатын. Қазақстандағы Корея жылы Алматыда өткен гала - концертпен аяқталған болатын. Осыдан бірнеше жыл бұрын екі ел арасындағы достық қарым - қатынастардың орнағанының 20 жылдығына орай Сеулде Қазақстанның мәдени күндері аталып өтті. Бір қызығы, елеіміздің таңдаулы өнер шеберлерінің концерті ең таңдаулы «УриАрт Холл» мәдени сарайында өтті.

Қазіргі таңда еліміз бен Оңтүстік Корея арасында өзара ынтымақтастық тереңдеу мен кеңеюдің тенденциясына ие. Екі ел өзара қарым - қатынастық орнаған 25 жыл ішінде барлық салада тиімді әріптестік қатынастарға қол жеткізді. Болашақта екі мемлекеттің алдында бірлескен кәсіпорындар санын көбейту, қосымща жұмыс орындарын көбейту, екі елдің экономикалық жағдайын нығайта түсу сияқты бірлесе атқаратын жұмыстар тұр.

2. 2 Кореядағы ЕХРО-2012дегі Қазақстанның ұлттық күні

2012 жылы Оңтүстік Кореяның Ёсу қаласында халықаралық мамандандырылған ЕХРО көрмесі өтті. Ол ЕХРО - ның тақырыбы Кореяның географиядағы нақты орнын білдіретіндей «Жанды мұхит және жағалау аймағы» деген тақырыпта өтті. Бұл кең көлемді көрменің бір күні Қазақстанның ұлттық күні болып аталып өтті. Ол көрмеге еліміздің делегациясын сол кездегі экономикалық даму және сауда министрі Бақытжан Сағынтаев басқарып барды. Сол бір күні еліміздің ресми өкілдері үлкен құрметке бөленіп, көк аспанда туымыз желбіреп, әнұранымыз шырқалды. Бұл Қазақстанның Оңтүстік Кореяға деген қарым - қатынасының маңыздылығын ескеріп, әріптестіктің одан әрі нығая түсуіне үміттерін білдірген еді. Елімізде өткен ЕХРО 2017 көрмесі сол кезден бастап - ақ жарнамалана бастады. Еліміздің экспозициясында мәдениет пен ғылым, бизнес пен туризм саласындағы дәстүрлер мен инновациялар көрініс тапты. Экспозиция еліміздің тарихы мен салт - дәстүрлері туралы айтып қана қоймай, еліміздің болшағы жайлы әңгімелейді. Еліміздің повильонында өткен 2017 ЕХРО көрмесін өткізуге астанамыздың үміткерлегін баса айқындай өтті. «Мен Қазақстандық повильонға келіп, сіздердің мәдени бағдарламаларыңызды көрдім, бейнероликтер мен интероактивті карта арқылы мен Қазақстан сияқты соншалықты әдемі ел туралы көп нәрсені білмегенмін, әсіресе көркем таулары, далалары мен өзендерін көргенім ерекше ұнады» деді көрменің бас комиссары Ли Джун Хи. Қазақстанның ұлттық күні аталып өткен кезде повильонымыз ЕХРО - ға келушілердің назарын өзіне қаратты. Ұлттық күнге арналған бағдарламаларымызда қонақтардың көңілінен шықты. Сахна төрінде «Тұран» фольклорлық - этнографиялық ансамблі өнер көрсетті. Бұл ерекше ансамбль ескі аспаптармен орындалған этнографиялық композицияларының әуендерімен тындармандарының жүрегін еріксіз жаулап алды. Қонақтар әуеннің ырғағына тербетіле отырып, Қазақстанның ұлан - байтақ даласын сезініп, Алтай мен Атыраудың арасына барып келгендей сезімде қалды.

Бүгінде елімізде 150 - ден астам Корея компаниялары еркін жұмыс жасап жатыр. Олардың басым бөлігі электроника бұйымдары компьютер секілді тұрмысқа қажетті заттармен қамтамасыз етеді. Оңтүстік Корея металлға бай ел болғанымен, мұнай мен газ қорлары аздау. Бірақ, мұнай өнімдерін тұтыну жағынан әлем бойынша алтыншы орында тұр. Ал, бізідің еліміз әлемге мұнай қорымен танымал болғандықтан Оңтүстік Корея экономикалық әріптестік орнатуға мүдделі. Ықылас танытып қана қоймай, оның алғы шарттарын іске асыруға кірісіп те кетті. Екі ел арасында болған ресми кездесуде геология саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту жайлы талқыланып, ресми құжат келісімі бекітілді. Бірнеше қатар меморандумдар қабылданды.

2. 3 Екі елдің арасындағы ұқсастықтың бірі.

Сеул сөзі - астана деген мағынаны білдіреді. Ал, ондай атаумен аталатын бас қалалар саусақпен санарлықтай. Мұны екі ел арасындағы ұқсастық деп айтса болады. Бір қызығы Сеул қаласы біздің астанамыз секілді оң жақ жағалау және сол жақ жағалау болып екіге бөлінеді. Корея астанасын Есілге ұқсас Ханьган өзені жарып жатыр.

Жалпылай алғанда корей халқының болмысы, менталитеті қазаққа ұқсас. Ол күнделікті тұрмыс тіршілігінде, баяғы салт - дәстүрлерінен - ақ аңғаруға болады. Мәселен, корей отбасында ер адамның маңызы зор. Ал, әрбір корей әйелі үй тірлігімен бала тәрбиесінен басқаға алаңдамағаны жөн. Отбасын асыраудан бастап, басы артық тірлік ер адамның мойнында. Әсіресе, бойжеткен қыз баланың тәрбиесіне аса мән беріледі. Көшеде жанына ер - азаматын ертпей жүрген бейсауат қыз - келіншекті көрмейсіз. Ал, тамағын қос ағашпен шұқып жейді демесеңіз жерге жайғасып, көрпеше үстінде көсіліп отырып, бір табақтан дәм тату бабаларынан қалған ғұрыптарының бірі. Корей халқы жанына жақын тартқан адамынан осындай ірілі - ұсақты ұқсастықтар іздеп отырады.

2. 4 Корея мен Қазақстанның байланысу негіздері

Корея мен Қазақстанды байланыстыратын негіздерге келетін болсақ
Орталық Азиядағы оның ішінде Қазақстан көшпенділіктің көп тараған жері болып табылады. Бұдан басқа, ең қызықтысы, отырықшы тұрмыс кешкен корей халқының қанында ат үстінде жүретін халықтың өзін­дік ерекшелігі сақталған. Бұл, ат үстіне жайғасқан халыққа тән ерекшелік болып табылатын корей халқының тұтастығы мен жігерлілігінің сақталғанының кепілі болып табылады. Сондықтан да, ат үстінде күн кешкен корейлер белсенді және әлемдік нарықта бастамашылдығымен сақталған деп айтуға болады. Бұлар қола дәуіріндегі тасқа жазылған суреттерде анық сипатталған. Есте қаларлығы, Корея аралдарында болған «Силла» атты ежелгі мемлекеттен қалған жәдігерлердің ішінен көшпенділер өмірін сипаттайтын қола қазан табылған. Сөйтіп, біздің эрамызға дейінгі алтайлық мол жәдігерлердің Корей мен Қазақстаннан табылуы, корей халқының бабалары Орталық Азияның көшпенді халықтарымен ежелден жақын байланыс жасағанын дәлелдейді.

Алтайлық бір тілдік топ бойынша жақындық Корей және қазақ тілдерінің тамыры бір, яғни, екеуі де алтайлық тілдік топтан деген болжам бар. Лингвистердің пікірінше, корей мен қазақ тілдерінде 300-ге жуық сөз өте ұқсас болып келеді екен, мысалы: «чагын-шағын (маленький) », «бурак-булак(село) », «катал-қа­тал(требовательный) » және т. б. Қазақ­стандағы ең биік шың «Хан Тәңірі» деп ата­лады. «Тәңірі» сөзі ежелгі шаманизмнен шыққан Құдай деген мағынаны береді. Ал, корей тілінде бұл сөз «Таңғұн» деп айтылады, «корей халқының ру басы» деген мағынаны береді. Біздің бабаларымыз сөздерін иероглифтарда жазған, сондықтан, иероглифтен оқығанда айтылуға оңай «астала» сөзі «асадал» болып айтылу жағынан өзгеріске ұшыраған. Алтайлық тіл - түрік, монғол, тұңғыс-мәнжүр тілдерінің тармақтарының басын қосатын тілдік топ. Зерттеушілер жоғарыда айтылған тілдер өзара байланысты болып табылады деп санайды. Шынында, бұл тілдерде дауыстылар үндестігі, жалғамалылығы және т. б ұқсастықтары кездеседі. Сонымен бірге, қазақ тілі түркі тілінен, корей тілі тұңғұс тілінен туған деген топшылау бар. Әрине, корей тілі мен оның теориясының тууы туралы түрлі пікір бар, оған қоса алтайлық тілдер тобына корей тілін енгізу.

Корейліктерге бәрінен де Қазақстанның орталық-шығысы өңірінде тұратын Орта жүз қазақтары ұқсайды екен. Олар Шыңғыс ханның негізгі ұрпақтары деген болжам бар.

Корей халқының алтайлық өңірмен тарихи жақындығы бар. Көптеген тарихшылар 3-4 мың жыл бұрын корейліктердің бір бөлігі Алтай өңірінде өмір сүрген деп санайды. Қазіргі кезде көп адам Корей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас осыдан 70 жыл бұрын корейліктерді Орталық Азияға күштеп жер аударғаннан кейін орнады деп есептейді, бірақ, шынына келгенде екі елдің қарым-қатынасы одан ертеректе басталған болатын.
Қазақстан - мәдениеттер тоғысқан көпұлтты ел. Сондықтан, қазақтар басқа халықтардың тәжірибелері мен мәдениетін зерттейді және жақсы түсініп, қабылдайды. Қазақстанда бейбіт әрі үйлесімді өмір сүріп жатқан 140 ұлттың ішінде өздерін 4-ші Жүзбіз деп есептейтін (қазақтардың дәстүрлі бірлестігі) корей диаспорасы, қазақтардың туған бауырларымыз деп санайды және жергілікті тұрғындармен жақсы әрі тығыз байланыста өмір сүруде. Сонымен қатар, Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 21 жыл ғана болса да, көп қазақтар корей кинофильмдері мен телехикаяларын жақсы көреді әрі музыкасын сүйіп тыңдап, Кореяны Азиядағы ең басты әріптесі ретінде санайды. Әрине, қырғи қабақ соғыс жылдарында бірін-бірі туралы аз білсе де қысқа уақыттың ішінде саяси кедергілердің жоқтығы мен өзара экономикалық толықтырушы құрылымдарының арқасында екі елдің әріптестік қарым-қатынасы дәуірлеп дамып келеді. Осы айтылғанмен ғана екі елдің қарым-қатынасын толық жеткізу мүмкін емес. Корей халқының қанына сіңген солтүстік халықтарының ұрпағы сияқты ат үстінде жүруге бейімділігімен қа­заққа ұқсас қасиеттері, жаңа сұраныстарды игерудегі ұтымды іскерлігі мен табандылығы одан ары жақындастыра түсті. Одан басқа, корей және қазақ тілдеріндегі көп ұқсастық та ынтымақтастықтың артуына дәнекер болды. Екі тілдің бір-біріне ұқсастығы кездейсоқтық емес. Бұнымен қоса, корей ғалымдарының зерттеулерімен дәлелденген екі халықтың антропологиялық жақындығы да бізді таңдандырады. Мұндай ұқсастықты тек қана екі халықтың шығу тегінің бір еке­німен және өз уақытында белсенді араласып тұрғанымен түсіндіруге болады. Ұқсас мақалдар, аңыздар мен ертегі­лердің ұқсас атаулары, бірқатар тарихи материалдардың бір уақытта пайда бол­ғаны Корея мен Қазақстанның о баста жақындығы барын тағы да дәлелдей түседі. Мұндай жағдайда, халықаралық аренада өзіне көп көңіл аудартып отырған Қазақстанмен ынтымақтастықты арттыру және екі елдің сыбайластығы мен ортақ тарихы, екі елдің жақындығы, қандай бағытта болмасын дамудың шапшаңдығын арттырады. Әр дәуірдің өз қажеттілігіне сәйкес жаңа экономикалық және саяси байланыстар орнатуға болады, бірақ, тарихи әрі мәдени туыстықты қолдан жасау мүмкін емес. Тарихи әрі мәдени ортақ негізде қаланған Қазақстан мен Кореяның қарым-қатынасы өзара ынтымақтастықты арттыруға, соның ішінде мәдени салада әріптестікті дамытуға мүмкіндік береді. Қазіргі екі жақты құрылымдық байланысты жаңа деңгейге көтеру үшін айтарлықтай негіз қаланды деп айтуға болады. Тек қана ынтымақтастықтың дәнін сеуіп, арамшөптерді тұрақты тазалап, сумен және тыңайтқышпен қамтамасыз етіп тұру керек. Дәл осындай жағдайда біздің жақындығымыз, рухани және мәдени құндылықтармен байланысымыз, оңтүстік кореялық және американдық қарым-қатынастағыдай біздің экономикалық мүдделерімізді қарқынды дамытудың өрісін кеңейтеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан мен Оңтүстік Корея қарттарын қамтамасыз ету бағдарламалары
Қазақстан Азия-тынық мұхиты аймағындағы мемлекеттермен қарым-қатынастары
Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі бағыттары мен халықаралық қатынастары
Жапонияның ҚХР-мен қарым-қатынастары
Корей саясатының ерекшеліктері
Оңтүстік Корея мен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстардың тиімділігін арттыру мәселесін қарастыру
1950-1953 жылдардағы Корей соғысы: себептері, барысы, нәтижелері
Қазақстанның арнайы экономикалық аймақтарды дамытудағы Оңтүстік Кореяның рөлі
XIX ғасырдың аяғы - XX ғасырдың басындағы халықаралық қатынастар
Оған сәйкес, еркін экономикалық аймақ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz